Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің м.у.а. 2025 жылғы 27 мамырдағы № 622 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 5-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрінің міндетін
уақытша атқаратын генерал-лейтенант
С. Камалетдинов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2025 жылғы 27 мамырдағы
№ 622 бұйрығымен
бекітілген

Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидалары мемлекеттік мекемелердің (бұдан әрі – ММ) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. ММ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес спорт, мәдениет, білім және ғылым, навигациялық-гидрографиялық, теңіз тасымалы, әуежайлық және авиациялық қызмет, әскери медицина саласында тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) ақылы негізде өткізуді (бұдан әрі – ақылы көрсетілетін қызмет) жүзеге асырады.

      3. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Заң 24-бабының 6-тармағына сәйкес жылу энергиясын өндіру, беру, тарату мен өткізу саласында, сумен жабдықтау мен (немесе) су бұру саласында маманданатын ММ басқа ұйымға қызмет көрсеткенде шарт жобасын қаржы мәселелері жөніндегі департаментке келісу үшін жібереді.

      4. Ақылы қызметті әскери қызмет міндеттерін орындауға және функционалдық міндеттерді атқаруға кедергі келтірмейтін уақыт кезеңінде көрсетуге жол беріледі.

2-тарау. Тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақшаны жоспарлау тәртібі, түсім мен шығыс жоспарын қалыптастыру және бекіту

      5. ММ-ның иелігінде қалатын тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақша түсімі мен шығысының жоспарын әзірлеу, іске асыру, мониторингтеу және түзету жөніндегі тәсілдерді ашу мақсатында бұрын жүргізілген мониторингтеу мен бақылау іс-шаралары нәтижесін ескеріп, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ММ-ның үш жылдық кезеңге ақылы қызмет көрсетуін дамыту және жетілдіру жоспары (бұдан әрі –дамыту жоспары) әзірленеді және қалыптастырылады.

      6. Дамыту жоспары жоспарланатын кезеңге алдынғы жылдың 20 қарашасынан кешіктірмей қаржы мәселелері жөнінде департаментке беріледі.

      Дамыту жоспарын жылына екі рет ағымдағы жылғы 20 шілде мен 20 қарашадан кешіктірмей түзетуге жол беріледі.

      Дамыту жоспарын жыл сайын нақтылау бекітілген дамыту жоспарының екінші жылынан бастап жүзеге асырылады.

      7. Дамыту жоспарына қойылатын талаптар:

      1) ММ-ны дамытудың басым бағытын айқындау;

      2) мақсатқа қол жеткізу және міндеттерді орындау жолын мәлімдеу;

      3) жоспарлы кезеңнің соңына қарай ММ-ны дамытудың түпкілікті мақсатын айқындау;

      4) күшті және әлсіз жақты, мүмкіндік пен қатерді талдауды ескеріп, қойылған мақсатқа қол жеткізудің ықтимал жолы мен тәсілін айқындау;

      5) мақсаттың, міндет пен нәтиже көрсеткішінің логикалық өзара байланысын сақтау;

      6) әл-ауқат алушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға және ММ-ның өзіндік экономикалық әлеуетін дамытуға бағдарлану;

      7) қаржыландыру көзі мен іске асыру кезеңі бойынша бөліністе абсолютті мәнде дамыту жоспарын іске асыруға шығыс көлемі туралы ақпаратты қамту;

      8) тезис форматында қысқаша және нақты баяндау.

      8. Дамыту жоспарының нәтижесі тоқсан сайын осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп беру түрінде ресімделеді.

      9. Дамыту жоспарының есебіне ММ басшысы қол қояды, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірілмей қаржы мәселелері жөніндегі департаментке беріледі.

      10. ММ-да келесі жоспарлы кезеңде иелігінде қалатын тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақша түсімі дамыту жоспары негізінде жүзеге асырылады.

      11. ММ-ның келесі жылы иелігінде қалатын тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақша түсімі мен шығысының жоспары:

      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ММ басшысы және қаржы бөлімшесінің бастығы қол қоған түсіндірме жазбаны;

      2) барлық қызмет түрі бойынша ММ-ның бекітілген жиынтық жоспарын;

      3) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 102-бабының 6-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Бюджетті атқару қағидалары) нысан бойынша ММ басшысы, қаржы бөлімшесінің бастығы қол қойған және елтаңбалы мөрімен расталған ММ жоспарын;

      4) иелігінде өткізуден түскен ақша қалатын республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын ММ тауарының (жұмысының, көрсетілетін қызметінің) тізбесі жіктемесінің әрбір ерекшелігі бойынша шығыс түрі бойынша есепті;

      5) ағымдағы жылғы баға белгілеу құжаттарын (баға ұсынысын, прайс-парақты, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың көшірмесін (ММ басшысының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрімен расталған) қамтиды.

      12. Келесі жылға ММ-ның иелігінде қалатын тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден ақша түсімі мен жұмсалуын жоспарлау процесі мынадай мерзімде жүзеге асырылады:

      1) ағымдағы жылғы 10 қаңтарға дейін ақылы қызметті ілгерілетуге жауапты лауазымды адамдар ММ қаржы бөлімшесіне есепті және негіздемені жоспарлайды және ұсынады;

      2) ағымдағы жылғы 15 қаңтарға дейін ММ қаржы бөлімшесі ұсынылған есептің және негіздеменің толықтығы мен дұрыстығын тексереді;

      3) ағымдағы жылғы 20 қаңтарға дейін ММ қаржы бөлімшесі Бюджетті атқару қағидаларына сәйкес тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) әрбір түрі бойынша жоспар жасайды және Бюджетті атқару қағидаларына сәйкес Жиынтық жоспар жасау үшін әскери басқару органына (бұдан әрі – ӘБО) жібереді;

      4) ағымдағы жылғы 25 қаңтарға дейін ӘБО ұсынылған есептің және негіздеменің толықтығы мен дұрыстығын тексереді және Жиынтық жоспар қаржы мәселелері жөніндегі департаментпен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарының бекітуіне жібереді;

      5) ағымдағы жылғы 1 ақпанға дейін есебі және негіздемесі бар келісілген және бекітілген Жиынтық жоспар келісу үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

3-тарау. Мемлекеттік мекеменің тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу тәртібі

      13. Заңды және жеке тұлғалардың ақылы қызмет түрін көрсетуі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес немесе тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) жүргізілген төлемге сәйкес шарттық негізде жүзеге асырылады.

      Ақылы қызмет көрсету туралы шарт бір жылға дейінгі мерзімге жасалады.

      Заңды және жеке тұлғалар ММ мүддесінде әскери мүлікті жақсартуға және дамытуға салымды жүзеге асырғанда ақылы қызмет көрсету туралы шарт тараптардың келісімі бойынша салынған қаражат көлемін ескеріп, бір жылдан астам мерзімге жасалады.

      14. ММ Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ ММ аумағында (үй-жайында) арнайы бөлінген жерде мынадай ақпаратты орналастырады:

      1) ММ және оның филиалы (болса) өткізетін тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) тізбесі;

      2) "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес ұсынылатын тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) тариф.

      15. Ұсынылатын жұмысқа және көрсетілетін қызметке баға "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген өткізуден түскен ақша иелігінде қалатын кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқық берілген ММ-ның тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) тарифімен (бағасымен) айқындалған.

      16. Осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген ақылы қызмет түрін өткізуден түсетін ақша ақылы қызметтің қолма-қол ақшаны бақылау шотына түседі және осы Қағидаларға сәйкес жұмсалады.

4-тарау. Мемлекеттік мекемелердің тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түскен ақшаны пайдалану тәртібі

      17. ММ-ның тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түсетін қаражат:

      1) материалдық-техникалық (оқу-материалдық) базаны нығайтуға;

      2) жабдықты, мүлікті және мүкәммалды (оның ішінде жиһазды) сатып алуға;

      3) шаруашылық шығысқа (байланыс қызметін, коммуналдық қызметке ақы төлеуге, ағымдағы және шаруашылық мақсат үшін заттар мен материалдарды сатып алуға, тауарды (кеңселік) сатып алуға шығысқа, жабдық пен техниканы пайдалану шығысына);

      4) ғимарат пен құрылысжайды реконструкциялау және күрделі (ағымдағы) жөндеу, сондай-ақ ғимарат пен құрылысжайға қызмет көрсету жөніндегі қызметке ақы төлеуге;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іссапар шығысын өтеу нормалары шегінде зерттеу, тағылымдама, курс өткізуге, көрмеге, семинарға, ғылыми конференцияға, қашықтан өткізілетін кеңеске оның ішінде халықаралыққа қатысуға, сондай-ақ Қазақстан мен шет мемлекеттердің бірлескен жұмысына байланысты ел ішіндегі және одан тыс жердегі іссапар шығысына;

      6) банк көрсететін қызметке;

      7) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін электрондық әмиян арқылы соманы енгізуге;

      8) кіріс жоспарын орындау кезінде табыстың 30 %-на дейінгі мөлшерде қосымша ақы, үстемеақы, сыйлықақы және ынталандыру сипатындағы төлемді белгілеуге;

      9) мемлекеттік сатып алу шеңберінде көрсетілетін қызметті сатып алу шартының талаптарына сәйкес есептелген тұрақсыздық төлемін төлеуге;

      10) көлік қызметіне ақы төлеуге;

      11) өкілдік шығысты төлеуге жұмсалады.

      18. Мәдениет саласындағы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін қаражат:

      1) әскерге шақыру жасына дейінгі жастарды тартып, әскери-патриоттық сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге;

      2) әскери-патриоттық және спорттық іс-шаралардың (әскери-спорттық және спорттық жарыс пен жиынның, шығармашылық және зияткерлік конкурс пен фестивальдің, форумның) жеңімпаздары мен қатысушыларына естелік кәдесый және типографиялық өнімді, грамотаны сатып алуға;

      3) іс-шараларға қатысатын делегацияға және олармен бірге жүретін адамдарға кофе-брейк өткізуге;

      4) жеке құрам және патриоттық іс-шараларға қатысушылар үшін киім нысанын сатып алуға және тігуге (экскурсияны жетекшісүргізушінің костюмі, сахналық костюм);

      5) әскерге шақыру жасына дейінгі жастармен әскери-патриоттық және білім беру іс-шараларын өткізуге және өткізуге үй-жайды жайластыруға;

      6) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырысы (өтінімі) бойынша оқыту үшін үй-жайды, жабдықты жалға алуға, оқу құралын, көрнекі материалды сатып алуға;

      7) жабдықты, мүкәммалды, оның ішінде музыкалық аспапты, дыбыстық жабдықты және шығыс материалын (барабанға пластик, барабанға таяқша, батарея, түтін генераторына сұйықтық) сатып алуға;

      8) музыкалық аспапты, дыбыстық жабдықты жөндеуге және сахналық костюмге;

      9) мәдени ескерткіштерді реставрациялауға және тұрғызуға;

      10) экспонаттар мен мұражай құндылығын сатып алуға;

      11) мұражай құндылығын сақтауға және қалпына келтіруге;

      12) ғылыми еңбектерді, оқу құралын, экскурсиялық мәтіндерді түзетуге және аударуға;

      13) Қазақстан Республикасында және шетелде экспозициялық-көрме қызметін ұйымдастыруға, сондай-ақ шет елдердің көрмелерін қабылдауға және ұйымдастыруға жұмсалады.

      19. Спорт саласындағы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін қаражат:

      1) үй-жайды, көлік құралы мен жабдықты жалға алуға, жеке және заңды тұлғалардың тапсырысы (өтінімі) бойынша оқыту үшін оқу құралын, көрнекі материалды сатып алуға;

      2) оқытып-үйрету семинарын, тренинг, конференция өткізуге, сондай-ақ Қарулы Күштерінің дене дайындығы мамандардың, жаттықтырушының және инструктордың біліктілігін арттыруға;

      3) көрме, семинар, конференция, оның ішінде халықаралық, дөңгелек үстел, конкурс шеңберінде кофе-брейк өткізуге, кәдесый өнімін сатып алуға, ақшалай сыйақыға;

      4) республикалық және халықаралық спорт іс-шараларды өткізуге;

      5) асхананы ұстауға (жалақыға, азық-түлік сатып алуға, жабдық пен мүкәммал сатып алуға, күрделі жөндеуге);

      6) сауықтыру іс-шараларына;

      7) жарысқа қатысушылардың тамақтануы бойынша шығысты жабуға, төрешінің (судьяның) және медицина қызметкерінің еңбегіне ақы төлеуге;

      8) тәуелсіз мемлекеттер елдері және шет елдер қатысушыларының тұруына және тамақтануына өкілдік шығысқа;

      9) спорттық іс-шараларға қатысқаны үшін жарнаға жұмсалады.

      20. Әскери медицина саласындағы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін қаражат:

      1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде клиникалық хаттамаға және дәрілік заттар мен медициналық бұйым тізбесіне сәйкес бірыңғай дистрибьютордан тиісті жылға сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымды, шығыс материалын, сондай-ақ дәріқобдишаны, арнайы емдік өнімді сатып алуға (қамтамасыз етуге);

      2) "Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтандырудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың ең төменгі нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 128 қаулысына сәйкес пациентті тамақтандыру және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтауға;

      3) ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметті сатып алу шартының талаптарына сәйкес есептелген тұрақсыздық төлемін төлеуге;

      4) медициналық ақпарат жүйесі көрсететін қызметке, медициналық техникаға сервистік қызмет көрсетуге ақы төлеуге;

      5) дәрігер мен орта медицина персоналдардың біліктілігін арттыруға жұмсалады.

      21. Білім және ғылым саласындағы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін қаражат:

      1) барлық салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді есептеуді қоса алғанда, ғылыми зерттеуге қатысатын зерттеу тобы жетекшісінің және мүшелерінің, ақылы білім беру қызметін көрсететін жалдамалы қызметкерлердің (профессор-оқытушы құрамының) еңбегі үшін сыйақыға;

      2) зерттеуді орындау үшін қажетті ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертхана, өзге де зертхана, басқа да ұйым көрсететін қызметке, оның ішінде конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасына;

      3) зерттеу үшін шығыс материалын, жабдықты, техника мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға, сондай-ақ оларды күтіп-ұстауға;

      4) ғылыми зерттеу жарияланымын дайындауға және нәтижесін жариялауға;

      5) ғылыми зерттеу шеңберіндегі түзетуге;

      6) ғылыми зерттеу шеңберінде басқа пайдаланушының абонементін, оның ішінде отандық және шетелдік электрондық дерекқорын (ресурсын), технопарк жабдығы мен шығыс материалын пайдалану үшін сатып алуға;

      7) ұжымдық пайдалану зертханасын және басқа ұйымның ғылыми-эксперименттік базасын жалға алуға;

      8) зерттеу үшін үй-жайды, жабдықты және техниканы жалға алуға;

      9) қосымша оқу бағдарламасы бойынша оқу процесін ұйымдастыруға;

      10) кітапхана қорын толықтыру үшін электрондық жинақ пен дерекқорды сатып алуға;

      11) оқу және ғылыми мақсат үшін бейнеролик, бейнефильм, аудиожазба дайындауға;

      12) конференция, семинар, дөңгелек үстел, конкурс, жарыс, олимпиада, оның ішінде халықаралық, шеңберінде кофе-брейк өткізуге, кәдесый өнімін, естелік сыйлық сатып алуға;

      13) баспа және полиграфиялық өнімді дайындау мақсатында шығыс материалы мен жабдығын сатып алуға;

      14) жарысқа, олимпиадаға, оның ішінде халықаралық, қатысушылардың тамақтануы бойынша шығысты жабуға;

      15) оқу процесі үшін оқу құралын, көрнекі материалды сатып алуға;

      16) оқыту тренингін, семинарын өткізуге;

      17) диссертациялық кеңес мүшелерінің және шетелдік ғалымдарды, жас ғалымдарды (постдокторанттарды, докторантура, магистратура және бакалавриат студенттерін) қоса алғанда, ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі зерттеу тобының құрамына еңбек ақы төлеуге жұмсалады.

      22. Әскери-теңіз саласында тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін қаражат:

      1) жұмыс (көрсетілетін қызмет) үшін шығыс материалын, жабдықты, мүлікті, мүкәммалды және бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға;

      2) оқу-жаттығу (жаттығу), конференция, семинар, дөңгелек үстел, оның ішінде халықаралық, шеңберінде кофе-брейк өткізуге, кәдесый өнімін, естелік сыйлықты сатып алуға;

      3) материалдық-техникалық қамтамасыз ету, навигациялық-гидрографиялық, авариялық-құтқару, сүңгуірлік жабдық пен мүлікті, сигналдық құралды сатып алу жөніндегі шығысты жабуға;

      4) гидрографиялық, топогеодезиялық және гидрометеорологиялық жабдықты қолданыс күйінде ұстауға (қызмет көрсету, тексеру, жөндеу, бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту);

      5) оқу процесі және жұмысты (қызметті) қамтамасыз ету үшін оқу құралын, көрнекі материал, журнал және кітап сатып алуға;

      6) оқытып-үйрету тренингін, семинар, конференция өткізуге жұмсалады.

      23. Әуежайлық және авиациялық қызмет бойынша көрсетілетін қызметті өткізуден түсетін қаражат:

      1) әуеайлақты жөндеу үшін құрылыс материалын сатып алуға;

      2) ұшуды жерүсті қамтамасыз ету және радиотехникалық қамтамасыз ету құралының техникасын сатып алуға;

      3) әуеайлақтық, авиациялық техниканы жөндеу және күтіп-ұстау және радиотехникалық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке;

      4) әуеайлақ пен авиациялық техника үшін тауар-материалдық құндылықты сатып алуға;

      5) әуеайлақты күтіп-ұстау бойынша көрсетілетін қызметке;

      6) оқытып-үйрету семинарын, тренинг, конференция өткізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 168қбпү бұйрығымен бекітілген авиация персоналының біліктілігін арттыруға жұмсалады.

5-тарау. Әскери медицина саласындағы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу ерекшелігі

      24. Осы Қағидаларға сәйкес әскери-медициналық мекемелерде әскери медицина саласындағы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлері (бұдан әрі – әскери медицина бойынша көрсетілетін ақылы қызмет):

      1) "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21744 болып тіркелген) (бұдан әрі – Сатып алу қағидалары) "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ (бұдан әрі – Қор) мен әскери-медициналық мекемелер арасында жасалған медициналық көрсетілетін қызметті сатып алу шарты негізінде;

      2) шарттық негізде:

      "Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық қызметтер (көмек) ұсыну жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21559 болып тіркелген);

      халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қызмет көрсету бойынша;

      медицина және фармацевт кадрының қосымша және формальды емес білім алуы бойынша;

      алғашқы көмек көрсету дағдысы бойынша сертификатталған жаттықтырушылар мен нұсқаушыларды даярлау бойынша;

      дәрілік заттар мен медициналық бұйымды қоймада сақтау бойынша;

      медициналық техниканы жөндеу және техникалық (сервистік) қызмет көрсету бойынша жүзеге асырылады.

      25. Әскери-медициналық мекемелерде медициналық көмек көрсету "Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР-ДСМ-27 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27218 болып тіркелген) және "Амбулаториялық жағдайдағы мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27833 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Медицина қызметкері профилактиканың, диагностикалаудың, емдеудің және оңалтудың анағұрлым тиімді әдістерін таңдау кезінде клиникалық хаттаманы, сондай-ақ "Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-41 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22782 болып тіркелген) басшылыққа алады.

      26. Медициналық көмек медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушыларға мынадай жағдайда:

      1) тәулік бойы медициналық байқау мен емдеуді көздемейтін амбулаториялық жағдайда, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың қабылдау бөлімшесінде;

      2) тәулік бойы медициналық байқауды, емдеуді, күтім жасауды, сондай-ақ тамақтанумен төсек-орын беруді көздейтін стационарлық жағдайда, оның ішінде емдеу басталғаннан кейін бірінші тәулік ішінде тәулік бойы байқауды көздейтін "бір күн" терапия және хирургия болған жағдайда;

      3) тәулік бойы медициналық байқауды, емдеуді қажет етпейтін, төсек-орын беріп, күндізгі уақытта медициналық байқауды, сондай-ақ емдеуді көздейтін стационарды алмастыратын жағдайда ұсынылады.

      27. Әскери-медициналық мекеме жасалған медициналық көрсетілетін қызметті сатып алу шарты шеңберінде құжаттаманы толтыруды және беруді денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық ақпараттық ресурсы арқылы жүзеге асырады.

      28. Әскери-медициналық мекеме көрсетілетін қызметті сатып алу шарты бойынша міндеттеменің бір бөлігін орындау үшін дерекқорға енгізілген денсаулық сақтау субъектісімен бірлесіп орындаудың азаматтық-құқықтық шартын жасайды, сондай-ақ Сатып алу қағидаларына сәйкес бірлесіп орындаушы ретінде тартылады.

      29. Қор осы Қағидалардың 24-тармағының 1) тармақшасына сәйкес көрсетілген әскери медицина бойынша ақылы қызметке ақы төлеуді "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-291/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21831 болып тіркелген) (бұдан әрі – Ақы төлеу қағидалары) жүзеге асырады.

      30. Осы Қағидалардың 24-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әскери медицина бойынша ақылы қызмет көрсету кезінде "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21550 болып тіркелген) бекітілген тариф пайдаланылады.

      Осы Қағидалардың 24-тармағының 1) тармақшасына сәйкес көрсетілген әскери медицина бойынша ақылы қызмет үшін төлем құжаттарын, есеп пен нысанды қалыптастыру, сондай-ақ оларды Қорға ұсыну Ақы төлеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      31. Осы Қағидалардың 24-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әскери медицина бойынша ақылы қызмет көрсету кезінде әскери-медициналық мекеменің басшысы бекітетін тариф пайдаланылады.

      32. Бірлесіп орындау шарты бойынша міндеттемені орындайтын әскери-медициналық мекемеге көрсетілген медициналық қызмет үшін ақы төлеуді Қормен жасалған медициналық көрсетілетін қызметті сатып алу шарты шеңберінде бірлесіп орындау шарты жасалған денсаулық сақтау субъектісі жүзеге асырады.

      Бірлесіп орындаушы медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушыларға медициналық көмек көрсеткен кезде әскери медицина бойынша көрсетілетін қызметке ақы төлеуді әскери-медициналық мекеме жүзеге асырады.

  Қарулы Күштер мемлекеттік
  мекемелерінің тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді) өткізу және оларды
өткізуден түскен ақшаны
пайдалану қағидаларына
1-қосымша

Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері өткізетін тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) тізбесі

      1. Мәдениет саласындағы өткізілетін қызметтер:

      1) фото-, бейнетүсірілім бойынша көрсетілетін қызмет;

      2) мәдени, мәдени-бұқаралық, патриоттық, оның ішінде Қарулы Күштерге ведомстволық тиесілі емес жеке және заңды тұлғалармен бірге іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша көрсетілетін қызмет (жиынды, салтанатты іс-шараны, концертті, қабылдауды, форумды, конференция мен кинотүсірілімді ұйымдастыру және өткізу);

      3) жетекші шығармашылық ұжымдар көрсететін қызмет;

      4) концерттік (шығармашылық, эстрадалық-би) ұжымдардың өнер көрсетуі бойынша көрсетілетін қызмет;

      5) залды (ғимаратты, құрылысжайды, үй-жайды) беру бойынша көрсетілетін қызмет;

      6) әскери оркестрдің өнер көрсетуі бойынша көрсетілетін қызмет;

      7) концерттік үй-жай мен алаң үшін мүкәммал (жабдық) беру бойынша көрсетілетін қызмет;

      8) оқытып-үйрету үйірмелері мен квесттер ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызмет;

      9) өткізілетін мәдени-демалыс іс-шаралары шеңберінде қонақүй қызметін ұйымдастыру;

      10) көшпелі көрмені ұйымдастыру және өткізу бойынша көрсетілетін қызмет;

      11) мұражайға экскурсиямен және онсыз бару бойынша көрсетілетін қызмет;

      12) құқық иесiнiң рұқсатымен экспонаттың, қарудың және мұрағаттық құжаттардың макетін, көшiрмесiн реставрациялау жұмысы, жасау, реконструкциялау бойынша көрсетілетін қызмет;

      13) кәдесый және полиграфиялық өнімді жасау және өткізу бойынша көрсетілетін қызмет.

      2. Спорт саласындағы өткізілетін көрсетілетін қызметтер:

      1) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық көрсетілетін қызмет;

      2) Қарулы Күштерге ведомстволық тиесілі емес жеке және заңды тұлғалармен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша көрсетілетін қызмет (жарысты, арнайы кешенді спорттық іс-шараны ұйымдастыру және өткізу);

      3) спорттық керек-жарақты және спорттық құрылысжайды беру бойынша көрсетілетін қызмет;

      4) кейіннен олардың басқа дене шынықтыру-спорттық ұйымға ауысуы жағдайын іске асырып, спортшылар мен жаттықтырушыларды даярлау бойынша көрсетілетін қызмет;

      5) медициналық оңалту бойынша көрсетілетін қызмет;

      6) мекемеде өткізілетін іс-шараларға қатысушыларды тамақтандыруды қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет;

      7) қонақүйлік көрсетілетін қызмет;

      8) Алматы қаласындағы оқу-жаттықтыру базасында арнайы (таудағы (альпинистік) даярлық бойынша сабақ) және Панфилов оқу-жаттықтыру базасында сүңгуірлік даярлық және Алматы қаласындағы оқу-жаттықтыру базасында оқ ату даярлығы бойынша көрсетілетін қызмет;

      9) демалысты (оның ішінде сауықтыру) ұйымдастыру, мекеме өткізетін әртүрлі іс-шараға қатысушыларды тамақтандыруды қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет;

      10) Щучинск қаласындағы оқу-жаттықтыру базасында ойын-сауықты және туристік қызметті ұйымдастыру және жүргізу бойынша көрсетілетін қызмет;

      11) мемлекеттік мекемеде асхана мен буфетті жалға беру;

      12) спорттық іс-шараны фото-, бейне түсіруді ұйымдастыру, бейне-роликті монтаждау бойынша көрсетілетін қызмет;

      13) спорттық киімнің, кәдесый өнімі мүкәммалының бөлшек саудасы (оның ішінде қашықтан сауда жасау тәсілімен) бойынша көрсетілетін қызмет;

      14) автомобиль және арнайы көлік қызметін ұсыну.

      3. Әскери медицина саласындағы өткізілетін қызметтер:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысымен бекітілген ТМККК тізбесі шеңберіндегі медициналық көмек;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 қазандағы № 421 қаулысымен бекітілген МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек тізбесі шеңберіндегі медициналық көмек;

      3) ТМККК тізіміне және (немесе) МӘМС жүйесіне енгізілмеген медициналық көмектің қосымша көлемі;

      4) бактериологиялық, вирусологиялық, иммунологиялық және паразитологиялық зерттеулер;

      5) физикалық факторларды, микроклиматты, шуды, дірілді, жарықтың берілуін өлшеу;

      6) судың химиялық талдауы;

      7) объектілерді радиометриялық зерттеу;

      8) дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық жұмыс;

      9) медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

      10) семинар, шеберлік сыныбын, конференция өткізу;

      11) алғашқы көмек көрсету дағдылары бойынша сертификатталған жаттықтырушылар мен нұсқаушылар курсын өткізу;

      12) дәрілік заттар мен медициналық бұйымды қоймада сақтауды жүзеге асыру;

      13) медициналық техниканы жөндеу мен техникалық (сервистік) қызмет көрсету.

      4. Навигациялық-гидрографиялық саладағы өткізілетін қызметтер:

      1) алаңдық зерттеу тәсілімен түп рельефін егжей-тегжейлі түсіру бойынша көрсетілетін қызмет;

      2) өлшеу әдісімен түп рельефін егжей-тегжейлі түсіру бойынша көрсетілетін қызмет;

      3) теңіз түбіндегі табиғи және техногендік пайда болған объектілерді іздеу және сәйкестендіру;

      4) жүзуші навигациялық жабдық құралдарын қою және алу;

      5) навигациялық жабдық құралдарының жүзуін бақылау;

      6) барлық навигациялық құралдар-жабдықтар түрлеріне қызмет көрсету;

      7) су түбін тереңдету, жөндеу, су түбін қазу, теңіз инженерлік ізденістер жұмысын навигациялық-гидрографиялық сүйемелдеу;

      8) су түбін тереңдету техникасын орналастыру, таңдалған топырақ көлемін есептеп, су түбі рельефінің кіріс, бақылау және орындау түсірілімін орындау;

      9) теңіз және жаға құрылысы жұмысын навигациялық-гидрографиялық сүйемелдеу;

      10) жағаның іргелес бөлігін топографиялық зерттеу;

      11) ауа райы, теңіз деңгейі туралы жедел ақпарат беру;

      12) дәл орнын анқытау сервисіне қол жеткізуді ұсыну (теңіз жергілікті саралау станциясынан сараланған түзету беру);

      13) цифрлық теңіз навигациялық картасын сату;

      14) қағаздағы теңіз навигациялық картасын сату;

      15) навигациялық-гидрографиялық жағдай, Каспий теңізінің қазақстандық секторын және оның жағалауын картографиялық және гидрографиялық зерделеу бойынша ақпараттық-анықтамалық және талдау ақпаратын сату (лоция, ақпараттық анықтамалық);

      16) теңізде жүзу қауіпсіздігі, навигациялық жабдық құралдары, кеменің жүзу жолы бойынша жобалау және жұмыс құжаттамасының кіші бөлімдерін әзірлеу;

      17) аспаптық бағалаумен су түбінің рельефін егжей-тегжейлі түсіру көрсетілетін қызметі (гидролокациялық тексерумен үйлесімділікте);

      18) әртүрлі стационарлық және қалқымалы объектілерді, соның ішінде бұрғылау платформаларын үйлестіру және орнату;

      19) суасты құбырын жүргізудің болжамды дәлізі картасын, оның ішінде 3D форматта жасау;

      20) әртүрлі гидротехникалық құрылысжайды (суасты құбыр жолы, айлақ, жасанды арал) тексеру және бақылау;

      21) жағалау аймағын тахеометриялық түсіру (егжей-тегжейлі жоспарлау үшін, су басу және кептіру орындарын зерттеу);

      22) жоспарлы-биіктік геодезиялық желілерді (түсірілім және тірек) жасау;

      23) Каспий теңізі жағалауындағы литодинамикалық процестерді бағалау мақсатында өзге де арнайы гидрографиялық жұмысты жүргізу (негізгі жармада өлшеу, сырғанауды бағалау үшін жыл сайынғы мерзімді түсірілімдер).

      5. Сүңгуір саласындағы өткізілетін қызметтер:

      1) сүңгуір курсы;

      2) корабль (кеме) корпусының суасты бөлігін қарау, жөндеу, тазалау.

      6. Теңіз көлік тасымалы саласындағы өткізілетін қызметтер:

      1) кемелерді және жүзетін құралдарды тартып жүзу;

      2) жүкті теңізбен жеткізу.

      7. Әуежай қызметі саласындағы өткізілетін қызмет:

      1) ұшу-қону жолағын беру бойынша көрсетілетін қызмет;

      2) авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет;

      3) әуе кемесiне тұрақ орнын беру бойынша көрсетілетін қызмет;

      4) жүкті өңдеу бойынша көрсетілетін қызмет;

      5) әуеайлақта жүкті жеткізу бойынша көрсетілетін қызмет;

      6) әуе кемесіне қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызмет;

      7) әуе кемесін авиациялық жанар-жағармай материалымен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет;

      8) әуе кемесін авиациялық жанар-жағармай материалын және арнайысұйықты сақтау бойынша көрсетілетін қызмет

      8. Авиациялық қызмет саласындағы өткізілетін қызметтер:

      1) бір бағытта әскери-көлік және армиялық авиациямен әуе тасымалы саласында өткізілетін қызмет (үкіметтік емес органдар мен ұйымдар үшін);

      2) өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарды тартып, әскери-көлік және армиялық авиациямен әуе тасымалы саласында өткізілетін қызмет.

      9. Білім және ғылым саласындағы ақылы негізде өткізілетін қызметтер:

      1) оқу-әдістемелік, баспа және полиграфиялық өнімді әзірлеу және (немесе) өткізу;

      2) ғылыми және қорғаныстық зерттеу жүргізу;

      3) функционалдық арналуы бойынша ғылыми-эксперименттік, оқу-материалдық, спорттық базаны, сондай-ақ конференц-залды, брифинг-залды, акт залын және дәрісхана беру;

      4) әскери кафедра студенттері үшін әскери-оқу практикасын ұйымдастыру және өткізу;

      5) әскери кафедраларға ақылы негізде әскери мүлік беру;

      6) бастапқы әскери дайындық, әскерге шақыруға дейінгі және тереңдетілген әскерге шақыруға дейінгі даярлық оқытушыларын, азаматтарды запастағы офицерлер, запастағы сержанттар мен қатардағы жауынгерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру;

      7) әскери міндеттерлердің курстық даярлықтан өтуі;

      8) бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау;

      9) лицензиялық шарт бойынша ғылыми зерттеу нәтижесіне зияткерлік құқық беру;

      10) рецензияланатын ғылыми басылымда ғылыми мақала жариялау және конференция жинағын жасау бойынша қызмет көрсету.

  Қарулы Күштер мемлекеттік
  мекемелерінің тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді) өткізу және оларды
өткізуден түскен ақшаны
пайдалану қағидаларына
2-қосымша
  Бекітемін
  Мемлекеттік мекеменің
  басшысы _______________
  (әскери атағы, қолы,
  инициалдары және тегі)
  20__жылғы "__"___________

Ақылы көрсетілетін қызметтерді дамыту және ілгерілету жоспары

      Мемлекеттік мекеменің атауы_______________________________________

      _____________________________ жылдарға

      (жоспарлы кезең)

      Өлшем бірлігі: мың теңге

Р/с

Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауы

Қызмет нәтижесі бойынша қол жеткізу мақсаты

Қол жеткізу жолы

Қаржылан
дыру көзі
(ақылы көрсетілетін қызмет есебінен)

Қаржыландыру көзі
(бюджет қаражаты есебінен)

Алдың
ғы жылдың жоспары

Алдың
ғы жылдың фактісі

Жоспарлы кезең

Жоспарды нақтылау (түзету)

Негіздеме (көрсету)

20__ жыл

20__ жыл

20__ жыл

20__ жыл

20__ жыл

20__ жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15














































      Мемлекеттік мекеме басшысының жетекшілік ететін орынбасары

      _________________________________

      (әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі)

      Қаржы бөлімшесінің бастығы

      ________________________________________________________________

      (әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі)

  Қарулы Күштер мемлекеттік
  мекемелерінің тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді) өткізу және оларды
өткізуден түскен ақшаны
пайдалану қағидаларына
3-қосымша
  Бекітемін
  Мемлекеттік мекеменің
  Басшысы ________________
  (әскери атағы, қолы,
  инициалдары және тегі)
  20___жылғы "__"_________

Мемлекеттік мекеменің ақылы көрсетілетін қызметті дамыту жоспарының іске асырылуы туралы есебі

      Мемлекеттік мекеменің атауы _______________________________________

      Есепті кезең _____________________________

      Өлшем бірлігі: мың теңге

Р/с

Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауы

Кірістің орындалуы туралы ақпарат

Қол жеткізу %

Ауытқу себебі

Кірістің орындалуы туралы ақпарат

Қол жеткізу %

Ауытқу себебі

жоспар

факт

жоспар

факт

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10































      Мемлекеттік мекеме басшысының жетекшілік ететін орынбасары

      __________________________________

      (әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі)

      Қаржы бөлімшесінің бастығы

      ________________________________________________________________

      (әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі)

  Қарулы Күштер мемлекеттік
  мекемелерінің тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді) өткізу және оларды
өткізуден түскен ақшаны
пайдалану қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің иелігінде қалатын тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден ақшаның түсуі мен жұмсалу жоспарына түсіндірме жазба

      Мемлекеттік мекеменің атауы:__________________

      Ақылы қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтің қысқаша сипаттамасы

      Жылдың басына қаражаттың қалдығы (мың теңгеде) кодтар мен филиалдар (бар болса) бөлігінде.

      Тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен кірістің жоспарланатын сомасы (мың теңгеде) кодтар мен филиалдар (бар болса) бөлігінде. Жоспарланатын кірістің қысқаша сипаттамасы.

      Шығыстың жоспарланатын сомасы (мың теңгеде) кодтар, ерекшелік пен филиалдар (бар болса) бөлігінде. Жоспарланатын шығыстың қысқаша сипаттамасы.

      Мемлекеттік мекеменің бастығы ______________________________

      Қаржы бөлімшесінің бастығы _________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады