ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.09.2025 № 786 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 07.05.2025 бастап туындаған қатынастарға қолданылады) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысымен бекітілген |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Тізбе жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 15.12.2025 № 1086 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2020 № 673 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке мыналар кіреді:
1. Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық қарап-тексерулер мен скринингтік зерттеулерді қоспағанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және кезеңділікпен профилактикалық медициналық қарап-тексерулер;
2) бейінді мамандардың қабылдауы және консультация беруі, сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйде мобильдік бригада көрсететін қызметтер;
3) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және кезеңділікпен бейінді мамандардың созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық байқауда ұстауы;
4) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
5) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша диагностикалық көрсетілетін қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика;
6) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша емшаралар мен манипуляциялар;
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.09.2025 № 786 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 07.05.2025 бастап туындаған қатынастарға қолданылады); 15.12.2025 № 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.2. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда); сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйдегі стационар қызметтері.
3. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда), сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын туындататын аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйде стационар көрсететін қызметтер.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.12.2025 № 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Стационарлық жағдайларда:
1) ЗҚАИ-ның ескертпесі!1) тармақша 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 15.12.2025 № 1086 қаулысымен (мәтін алып тасталды).
2) ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда, шұғыл нысандағы мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек, оның ішінде тәулік бойғы стационар жағдайларында емдеуді қажет етпейтін диагнозды анықтағанға дейін тәулік бойғы стационардың қабылдау бөлімшесінде емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізу.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.12.2025 № 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика.
6. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.12.2025 № 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) алуға дайындау, ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау ұсынылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.12.2025 № 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.8. Мынадай:
1) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек;
2) уәкілетті орган бекітетін белгілі бір аурулары бар (күйдегі) азаматтардың жекелеген санаттары үшін дәрілік заттар, медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету.
Ескерту. Тізбе 8-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 15.12.2025 № 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
