БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің міндетін уақытша атқарушының 2025 жылғы 27 мамырдағы № 622 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидаларында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іссапар шығысын өтеу нормалары шегінде зерттеуге, тағылымдама, курс өткізуге, жұмыс пен көрсетілетін қызметке, көрмеге, семинарға, ғылыми конференцияға, қашықтан өткізілетін кеңеске қатысуға, ұшуды орындауға, оның ішінде халықаралыққа қатысуға, сондай-ақ Қазақстан мен шет мемлекеттердің бірлескен жұмысына байланысты ел ішіндегі және одан тыс жердегі іссапар шығысына;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) барлық салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын қоса алғанда, кіріс жоспарын орындау кезінде табыстың 30 %-на дейінгі мөлшерде қосымша ақы, үстемеақы, сыйлықақы және ынталандыру сипатындағы төлемді белгілеуге;";
23-тармақтың 6) тармақшасындағы "авиация персоналының біліктілігін арттыруға жұмсалады." деген сөздер "авиация персоналының біліктілігін арттыруға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) әуежайлық және аэронавигациялық көрсетілетін қызметке, метеоқадағалау бойынша көрсетілетін қызметке, борттағы қуаттандыру және интернет желісі бойынша көрсетілетін қызметке жұмсалады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері өткізетін тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) тізбесінде (1-қосымша):
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) әскери-көлік және армиялық авиациямен әуе тасымалы саласында өткізілетін қызмет (мемлекеттік емес ұйымдар үшін);";
мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
"3) халықаралық міндеттемелерді орындау үшін әскери-көлік авиациясымен әуе тасымалы саласында өткізілетін қызмет;
4) іздеу-құтқару жұмысына тартылған кезде әскери-көлік және армиялық авиациямен әуе тасымалы саласында өткізілетін қызмет.";
9-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) бастапқы әскери даярлық, әскерге шақыруға дейінгі және әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық оқытушыларын, азаматтарды запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлау мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру;".
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты |
Д. Қосанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі