"Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 377 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 2 қазандағы № 388 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 6 қазанда № 40095 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 377 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33401 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту қағидаларында:

      2-тармақта:

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) формалды емес білім беру – оқыту орны, мерзімдері мен нысаны ескерілмей, білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар жоспарлаған, ұйымдастырған және жүзеге асыратын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат беріле отырып жүргізілетін білім беру түрі;";

      мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) цифрлық дағдылар банкі (бұдан әрі – ЦДБ) – ҰБЖ цифрлық платформасының кәсіптік қызметте пайдаланылатын дағдылар туралы жүйелендірілген мәліметтерді қамтитын бөлімі.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кәсіптік стандарт осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кәсіптік стандарттың құрылымы бойынша ҰБЖ цифрлық платформасында кәсіптік қызмет түріне әзірленеді және кәсіптердің карточкаларынан (карточкасынан) тұрады.

      Кәсіптік стандартты әзірлеу кезінде ҰБЖ цифрлық платформасының функционалын пайдалануға жол беріледі.

      Кәсіптік қызмет түрі Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) бойынша бесінші белгіге (кіші класқа) сәйкес айқындалады.

      Кәсіптік стандарттың карточкаларындағы (карточкасындағы) кәсіптердің атауларына ҰКС-дан алынған қызметтер атауларына сәйкес келеді.

      Кәсіптік стандарттың кәсіптер карточкасында (карточкаларында) дағдыларды айқындау үшін ЦДБ деректерін пайдалануға жол беріледі.

      Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган (бұдан әрі – Ұлттық орган) цифрлық платформадағы кәсіптік стандарттар деректерін және Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер орналастыратын дағдылар туралы ақпаратты синхрондау арқылы цифрлық платформаның функционалын пайдалана отырып, ЦДБ-ны жылына кемінде бір рет жаңартады.

      5. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуді қаржыландыруды салалық мемлекеттік органдар Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің (бұдан әрі – Ұлттық кеңес) ұсынымдары негізінде бюджет қаражаты есебінен және (немесе) жұмыс берушілер бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      Ұлттық кеңестің бюджет қаражаты есебінен кәсіптік стандарттарды әзірлеуді қаржыландыру жөніндегі ұсынымдарын алу үшін мемлекеттік органдар жыл сайын жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейін Ұлттық кеңеске кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен (бұдан әрі – салалық кеңестер) келісілген осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тиісті жылға арналған Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөніндегі жоспарға (бұдан әрі – Жоспар) ұсыныстарды жібереді.

      Ұлттық кеңес Жоспарға ұсыныстарды алған күннен кейін оларды қарайды және мемлекеттік органдарға кәсіптік стандарттарды әзірлеуді қаржыландыру жөніндегі ұсынымдарды жібереді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Уәкілетті орган жоспарланатын тиісті жылдың 1 ақпанына дейін:

      мемлекеттік органдардың ұсыныстарын қарайды және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жоспарды бекітеді;

      бекітілген жоспарды одан әрі іске асыру үшін мемлекеттік органдарға және ҰБЖ цифрлық платформасында орналастыру үшін Ұлттық органға жібереді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Кәсіптік стандарт жобасын әзірлеу аяқталғаннан кейін:

      1) жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) кәсіптік стандарттың жобасын мемлекеттік органға жібереді, ол оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және:

      пысықтау бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар болған кезде оларды жұмыс берушілердің бірлестіктеріне (қауымдастықтарына, одақтарына) жібереді. Кәсіптік стандарттың жобасын бес жұмыс күні ішінде жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) пысықтайды және мемлекеттік органға қайта жібереді;

      пысықтау бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар болмаған кезде түсіндірме жазбаны қоса бере отырып, кәсіптік стандарттың жобасын электрондық нысанда ҰБЖ цифрлық платформасы арқылы салалық кеңестің қарауына жібереді;

      кәсіптік стандарт салааралық сипатта болған немесе өзге бейіндегі кәсіптер карточкасы (карточкалары) болған кезде кәсіптік стандарт жобасы салалық кеңестердің қарауына жіберіледі;

      2) мемлекеттік орган салалық кеңеске осы тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацына сәйкес кәсіптік стандарттың жобасын жібереді.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне олардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
А. Ертаев

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 2 қазандағы
№ 388 бұйрығына
1-қосымша
Кәсіптік стандарттарды
әзірлеу және (немесе)
жаңарту қағидаларына
1-қосымша

Кәсіптік стандарттың құрылымы

      1. Жалпы ережелер

      2. Кәсіптік стандарттың паспорты

      3. Кәсіптер карточкалары

      4. Кәсіптік стандарттың техникалық деректері

      Ескертпе:

      1-тарау. "Жалпы ережелер" кәсіптік стандарттың қолданылу аясын, сондай-ақ терминдерді, анықтамаларды және қолданылатын қысқартуларды сипаттайды.

      2-тарау. "Кәсіптік стандарттың паспорты" мыналарды айқындайды:

      1) кәсіптік стандарт туралы жалпы кіріспе ақпарат (атауы);

      2) кәсіптік стандарт коды (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) секциясы және кіші тобы, ЭҚЖЖ секциясындағы кәсіптік стандарттың реттік нөмірі бойынша белгіленеді, мысалы: "ашық тәсілмен кен өндіру" кәсіптік стандарты, В секциясы – тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді игеру; кіші топ – 07.10.2 темір рудасын ашық тәсілмен өндіру, нөмірі 012, кәсіптік стандарт коды: B07102012);

      3) ЭҚЖЖ секциясын, бөлімін, тобын, сыныбын және кіші сыныбын көрсету;

      4) еңбек қызметі түрінің жалпы сипаттамасын қамтитын кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы;

      5) осы кәсіптік стандартқа кіретін кәсіптер карточкаларының тізбесі, олардың атаулары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышы (бұдан әрі – ҰКС) бойынша және салалық біліктілік шеңберіне (бұдан әрі – СБШ) сәйкес біліктілік деңгейлері көрсетіледі.

      3-тарау. "Кәсіптер карточкалары" кәсіптер карточкаларының (карточкасының) тізбесіне сәйкес әр мамандық бойынша кәсіптер карточкаларының сипаттамаларын жүйелі сипаттауды қамтиды:

      1) ҰКС сәйкес топтың коды және қызметтер атауының коды;

      2) ҰКС сәйкес кәсіптің атауы;

      3) СБШ бойынша біліктілік деңгейі;

      4) жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, егер бар болса, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына (бұдан әрі – анықтамалық) сәйкес кәсіп үшін біліктілік деңгейі болған жағдайда;

      анықтамалықтың атауы;

      параграфтың атауы;

      5) кәсіптік білім деңгейі;

      5-1) жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар;

      6) формалды емес және информалды біліммен байланыс;

      7) кәсіптердің басқа ықтимал атаулары;

      8) қызметтің негізгі мақсаты;

      9) еңбек функцияларының тізімі мен сипаттамасы (еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты әрекеттер жиынтығы), әр мамандық үшін міндетті және қосымша еңбек функциялары ретінде көрсету ұсынылады. Кәсіптік біліктілікті тану кезінде міндетті еңбек функциялары міндетті түрде расталуы керек, ал қосымша, бұл болашақта осы мамандық талап ететін функциялар;

      10) дағдылар (әрбір еңбек функциясы үшін кемінде екі дағдыларды белгілеу ұсынылады). Қосымша (қажет болған жағдайда) бір кәсіп шеңберінде жеке дағдыны (дағдыларды) тану мүмкіндігі айқындалады;

      11) машықтар (біліктілік деңгейі болған кезде машықтар әрбір біліктілік деңгейге қатысты көрсетіледі);

      12) білім (біліктілік деңгейі болған кезде білімдер әрбір біліктілік деңгейге қатысты көрсетіледі);

      13) жеке құзыреттеріне қойылатын талаптар;

      14) техникалық реттеу объектілерін (өнімдерді, ғимараттарды, құрылыстарды, өндіріс, тасымалдау сақтау, пайдалану және кәдеге жарату процестерін) пайдалану және қолдану жөніндегі мамандардың құзыреттері мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар белгіленетін техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімдері;

      15) кәсіптік біліктілік картасына сәйкес өзінің кәсіптік дамуында қызметкерлер алатын кәсіптерден тұратын СБШ шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланыс. Кәсіптік біліктілік картасы: кәсіптің атауын; ұлттық біліктілік шеңберіне (бұдан әрі – ҰБШ) және СБШ сәйкес біліктілік деңгейлерін саралауды (кәсіптік және еңбек қызметінің түрлері мен біліктілік деңгейлері бойынша кәсіптік дамуды көрсететін кәсіптер арасындағы байланыстарды) қамтиды.

      4-тарау. "Кәсіптік стандарттың техникалық деректері" кәсіптік стандартты әзірлеу немесе жаңарту рәсімін реттейтін ақпаратты қамтиды:

      1) мемлекеттік органның атауы (орындаушының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), е-пошта, телефон);

      2) кәсіптік стандартты әзірлеуге немесе жаңартуға қатысқан тиісті қызмет салаларының (ұқсас жұмыс түрлерінің) ұйымдарының (кәсіпорындарының) атауы (ұйымның атауы, орындаушының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), е-пошта, телефон);

      3) 1-салалық кеңес: (атауы, хаттама күні); 2-салалық кеңес (бар болған кезде): (атауы, хаттама күні);

      4) Ұлттық орган (қорытынды күні);

      5) "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ұсынымдар күні);

      6) нұсқа нөмірі және шығарылған жылы;

      7) болжамды жаңарту күні.

      Ескертпе. 4-тарауда көзделген мәліметтер олардың болуына қарай толтырылады.

      Кәсіптік стандарт, егер мұндай толықтыру біліктілік пен құзыреттілік деңгейіне, кәсіптік қызметтің нақты саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптардың ерекшеліктерін ашу үшін орынды болса, басқа тараулармен және (немесе) қосымшалармен толықтырылады.

      Кәсіптік стандартты тараулармен және (немесе) қосымшалармен толықтырған жағдайда, қосымша ұсынылатын әрбір тарау және (немесе) қосымша тараулар мен қосымшалардың атауын көрсете отырып, "тарау", "қосымша" деген сөздермен белгіленеді.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 2 қазандағы
№ 388 бұйрығына
2-қосымша
Кәсіптік стандарттарды
әзірлеу және (немесе)
жаңарту қағидаларына
2-қосымша
Нысан

_______________ жылға арналған кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөніндегі жоспар

р/с

Әзірлеу-шінің атауы

Кәсіптік стандарт саласының (аясының) атауы

Кәсіптік стандарт-тың атауы

Кәсіптер карточкала-рының (карточ-касының) атаулары

Кәсіптік стандартты бекіту мерзімі

Қаржы-ландыру көздері, млн. тг.

Жауапты тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)

1.








2.








3.








…








…








…









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады