"Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 213 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 489 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 қыркүйекте № 40028 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 213 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38632 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Елді мекендердің бас жоспарлары, дамыту мен оларда құрылыс салу схемалары, ЕТЖЖ бастапқы материалдары "Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 269 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38834 болып тіркелген) бекітілген Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Жүргізу қағидалары) сәйкес кешенді қала құрылысы сараптамасы жүргізілгенге дейін мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгізілуге тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2, 8-3, 8-4 және 8-5-тармақтармен толықтырылсын:

      "8-1. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес іске асырылатын өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру кезінде елді мекендердің бас жоспарлары, дамыту мен оларда құрылыс салу схемалары және ЕТЖЖ-ні әзірлеу немесе түзету Кодекстің 24-бабы 74-1) тармақшасына сәйкес елді мекендердің бас жоспарлары, дамыту мен оларда құрылыс салу схемалары және ЕТЖЖ-ні кейіннен әзірлеудің немесе түзетудің әлеуетті мүмкіндігі расталған кезде жол беріледі.

      8-2. Елді мекендердің бас жоспарлары, дамыту мен оларда құрылыс салу схемалары және ЕТЖЖ-ні кейіннен әзірлеудің немесе түзетудің әлеуетті мүмкіндігін растауды алу үшін ЖАО осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес өнеркәсіп (өндірістік) объектісін салу жөніндегі инвестициялық жобаның төлқұжатын (бұдан әрі – төлқұжат) қоса бере отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) хат жолдайды.

      8-3. Уәкілетті орган ЖАО хаты келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде азаматтық қорғау және көлік саласындағы, қоршаған ортаны қорғау ауқымындағы уәкілетті органдарға материалдары бар сұрау салуды қарау үшін жібереді.

      8-5. Уәкілетті орган азаматтық қорғау және көлік саласындағы, қоршаған ортаны қорғау ауқымындағы уәкілетті органдардың қарау нәтижесін ескере отырып, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) елді мекендердің бас жоспарлары, дамыту мен оларда құрылыс салу схемаларын және ЕТЖЖ-ні кейіннен әзірлеудің немесе түзетудің әлеуетті мүмкіндігін растау;

      2) жазбаша түрде дәлелді бас тарту.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін елді мекеннің бекітілген бас жоспарларын, дамыту мен оларда құрылыс салу схемаларын және ЕТЖЖ-ны цифрлық түрде ұсыну "Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 257 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38794 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 62-1 және 62-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "62-1. Құрылыс объектісінің эскиздік және жұмыс жобаларын әзірлеу кезінде аумақты функционалдық және қала құрылыстық аймақтарға бөлу, құрылыс салу тығыздығы, қабаттылығы, сондай-ақ елді мекеннің бірыңғай сәулеттік стилі тұжырымдамасы бөлігінде ЕТЖЖ-нің жобалық шешімдері ескеріледі.

      Құрылыс объектісінің нақты орналасқан жері және оның жер учаскесінің шекарасында орналасуы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына және мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес әзірленген эскиздік және жұмыс жобаларымен айқындалады.

      62-2. ЕТЖЖ елді мекеннің бас жоспарында белгіленген жоспарлау құрылымы элементтеріне жəне қала құрылысы регламенттеріне сəйкес 10 гектардан кем емес алаңда əзірленеді.";

      78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "78. Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын ЖАО өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру жағдайын қоспағанда, ЕТЖЖ түзету (өзектендіру) туралы шешімнің жобасын дайындайды, бірақ екі жылда бір реттен артық емес.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптар:

      елді мекеннің аумағын дамытуды өзгерту қажеттілігіне әкеп соққан табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қолданылмайды. Бұл ретте, ЕТЖЖ түзету (өзектендіру) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде қабылданады;

      бюджет қаражаты есебінен жеке тұрған білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және бірегей объектілерін салу мақсатында қолданыстағы ЕТЖЖ түзету қажеттілігіне негізделгенде қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 78-1-тармағымен толықтырылсын:

      "78-1. Елді мекендерден тыс орналасқан аумақтардың ЕТЖЖ-ін әзірлеу және түзету осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, елді мекендерден тыс орналасқан аумақтардың ЕТЖЖ-ін әзірлеу (түзету) тұрғын үй құрылыс салуын іске асыруды қоспағанда, көзделген өндірістік, рекреациялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін ғана жол беріледі.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
Р. Исакулов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 489 бұйрыққа
қосымша
  Қала құрылысы жобаларын
(елді мекендердің бас
жоспарлары, егжей-тегжейлі
жоспарлау жобаларын)
əзірлеу, келісу және бекіту
қағидаларына
2-1-қосымша

Өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жобаның паспорты

р/н №№

Жобаның атауы

Жер учаске сінің алаңы

Жоба лық қуаты

Құры латын жұмыс орыны

Инвес тициялық жобаның құны

Инженерлік инфрақұрылымның қажеттілігі

Электрмен жабдықтау–талап етілетін қуат, КВТ, жүктеме сипаты (фаза), сенімділік бойынша санаты

Сумен жабдықтау – суға деген жалпы қажеттілік

Су бұру –сарқынды судың жалпы саны

Жылумен жабдықтау – жалпы жылу жүктемесі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      Ескерту: объектінің орналасқан жерін көрсете отырып, елді мекендердің бас жоспарлары, дамыту мен оларда құрылыс салу схемаларының, және ЕТЖЖ-нің көшірмесі қоса беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады