Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 3 қыркүйектегі № 881 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 4 қыркүйекте № 39822 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының сексен алтыншы, сексен жетінші және тоқсан екінші абзацтарын және 7-тармағын қоспағанда, 2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы Әділет министрі Е. Сарсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 881 Бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережеде:

      1-тармақтың екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңдарында нотариус жасайтын өзге де нотариаттық әрекеттер көзделуі мүмкін.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Нотариаттық әрекеттер тиісті нотариаттық округ шегінде мемлекеттік нотариаттық кеңсесінің немесе жеке нотариустың үй-жайында, сондай-ақ үй-жайдан тыс жерде жасалады. Егер нотариаттық әрекет мемлекеттік нотариаттық кеңсесінің және нотариустың үй-жайынан тыс жерде жасалса, онда құжаттағы куәландыру жазбасында Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйесінің электрондық тізіліміне (бұдан әрі – БНЦЖ электрондық тізілімі) нотариаттық әрекеттің жасалған жері оның мекенжайы мен уақыты көрсетіле отырып жазылады.

      Нотариаттық әрекеттер сапарға шығып жасалынғанда мүдделі тұлғаның өтініші негізінде жасалады және ол тұрақты сипатта болмайды.

      Егер тұлға нотариаттық әрекеттің жасалуына "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш білдірсе, онда нотариустың үй-жайы орналасқан жер осы нотариаттық әрекеттің жасалу орны болып есептеледі.";

      7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Заңның 43-бабына сәйкес нотариус жеке тұлғалардың әрекетке қабiлеттiлiгiн және мәмiлелерге қатысушы заңды тұлғалардың құқықтық қабiлеттiлiгiн анықтайды.";

      17, 18 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Нотариаттық куәландырылған құжатта нотариус азаматтық құқықтар мен міндеттерді өзгертуді, тоқтатуды болдырмайтын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың мүдделерін заңмен қорғайтын құқықтарына қатысты емес орфографиялық, грамматикалық немесе техникалық қателіктерді түзетуі мүмкін, куәландыратын жазбаның соңында нотариустың қолы мен мөрі қойылады.

      Түзетулер нотариаттық куәландырған құжаттың барлық даналарына енгізіледі, бұл ретте әрбір түзету куәландыру жазбасының соңында нотариустың қолы мен мөрі қойылып және түзету енгізілген күні көрсетіле отырып, ескертіледі.

      Түзетулер енгізу нотариаттық әрекет жасау үшін жүгінген тұлғаның өтініші негізінде жүзеге асырылады.";

      "18. Нотариус нотариаттық әрекеттерді жасау үшін келген тұлғаға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, сондай-ақ заңдық хабарланбауы оған зиянын тигізбеуі үшін жасалынатын нотариаттық әрекеттердің салдарларын ескертеді (Заңның 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы).";

      "22. Мұрагерлік құқық, меншік құқығы, азаматтың тірі екендігі және белгілі жерде орналасу фактісін, жеке және заңды тұлғалардың басқа жеке және заңды тұлғаларға өтініштер беруін, құжаттардың сақтауға қабылданғанын, өсиетті орындаушының, өсиет жүктелген өкiлдің өкілеттіктерін куәландырған кезде тиісті куәліктер беріледі.

      Мұраны сенiмгерлiкпен басқарушыны тағайындау, нотариаттық әрекет жасаудан бас тарту, нотариаттық әрекетті кейінге қалдыру немесе тоқтата тұру кезінде нотариус тиісті қаулы шығарады.";

      27-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер, нотариус телнұсқаны сенімді тұлғаға сенімхат негізінде берген жағдайда, куәландырылған жазбада телнұсқаны алушы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) жазылады.";

      32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Егер нотариус жіберілген қатенің салдарынан өзінің жасаған нотариаттық әрекеті қолданыстағы заңнамаға қайшы келгенін анықтаса, онда ол нотариаттық әрекетті жасауға оған жүгінген тараптарға (тұлғаларға) Заңға сәйкес нотариаттық әрекеттің күшін жою (бұзу) бойынша шараларды қабылдау үшін хабарлауға міндетті, ал нотариаттық әрекеттің күшін жою (бұзу) мүмкін болмаған жағдайда, құқық қорғау органына бұл туралы тиісті шараларды қабылдау үшін дереу хабарлауы не нотариаттық әрекеттің күшін жою үшін сотқа өтініш беруі қажет.

      "33. Нотариаттық әрекеттерді жасау кезінде нотариус Заңның 100-104-баптарына сәйкес басқа мемлекеттердің құқық нормаларын қолданады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:

      "2-1-тарау. "Цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы нотариаттық әрекетті қашықтан жасау

      42-1. "Цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы қашықтан мынадай нотариаттық әрекеттердің тізбесі жасалуы мүмкін:

      1) сенімхат, мүлікке иелік ету жөніндегі сенімхатты қоспағанда;

      2) келісім;

      3) некенің жоқтығы туралы өтініш.

      42-2. Өсиеттерді куәландыруды және Заңның 34-бабы 1-тармағының 10) және 11) тармақшаларында көзделген нотариаттық әрекеттерді қоспағанда, "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы нотариаттық әрекетті қашықтан жасау үшін нотариусқа жүгінген тұлға "цифрлық үкімет" веб-порталында авторизациядан өткеннен кейін нотариаттық әрекет жасау туралы өтініш береді.

      "Цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы нотариаттық әрекетті қашықтан жасау мәмілелерді куәландырудың жалпы қағидалары сақтала отырып жүргізіледі.

      Өтініш беру кезінде тұлға дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисін пайдалана отырып, өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою арқылы дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.

      Өтініш берілгеннен кейін нотариус бейнеконференцбайланыс арқылы жүгінген тұлғаның жеке басын анықтайды, оның әрекет қабілеттілігін тексереді, құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, жасалатын нотариаттық әрекеттің құқықтық салдары туралы ескертеді, сондай-ақ нотариаттық әрекет жасау үшін маңызы бар мән-жайларды анықтайды.

      Бейнеконференцбайланыс нәтижелері бойынша нотариус электрондық нотариаттық құжаттың жобасын қалыптастырады және оны келісу үшін өтініш білдірген тұлғаға жібереді.

      Өтініш білдірген тұлға электрондық нотариаттық құжаттың жобасын қарайды және "Жобаны мақұлдау" батырмасын басу арқылы оны растайды не пысықтау үшін нотариусқа ескертулер жібереді. Ескертулер жойылғаннан кейін нотариус электрондық нотариаттық құжаттың жобасын келісуге қайта жібереді.

      Жоба келісілгеннен және нотариаттық әрекетті жасау үшін өтініш білдірген тұлға нотариаттық әрекеттерді төлеуден босатылған тұлғаларды қоспағанда төлем жасағаннан кейін, электрондық нотариаттық құжатқа нотариус пен өтініш білдірген тұлға электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып қол қояды.

      Қол қойылған электрондық нотариаттық құжат "цифрлық үкімет" веб-порталында орналастырылады және өтініш білдірген тұлғаға қолжетімді болады.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Нотариус жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шарттарын куәландыру кезінде осы мүліктің тиесілігін құқықты белгілейтін құжаттың негізінде тексереді.

      Бұл ретте тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікті иеліктен алу және кепілге қою туралы шартты куәландыру осы мүліктің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.";

      54-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мұндай иеліктен алуға Қазақстан Республикасының заңдарымен, кепіл шартымен тыйым салынбаса және кепілдің болуынан туындамаса;";

      57, 59, 60, 73, 76 және 85-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Нотариус рента және өмiр бойы асырауда ұстау шарттарын ҚР АК 517-539-баптарына сәйкес куәландырады.";

      "59. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктi иеліктен айырған несие берушінің талап ету құқығын басқаға берген кезде нотариус мыналарды:

      1) мүлікті меншіктенуге тиесілі екендігін, несие берушінің құқығын (талабын) растайтын құжаттары;

      2) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді;

      3) құрылыс салушының үлестік қатысу шарты бойынша толық есебі туралы, оның ішінде мүлікті меншіктенуге беру туралы құжатқа қол қоймағаны, құрылыс салушының иеліктен айыруға келісімі туралы мәліметтерді талап етеді.

      Талап ету құқығын куәландыратын құжаттар талап етуді басқаға беру шартын куәландырғаны туралы белгісімен жаңа несие берушіге қайтарылады, оның көшірмесі нотариустың сақтауында қалдырылады.

      Объектіні тапсыру актісіне қол қойғанға дейін және олар шарттың бағасын төлеген соң ғана құрылысқа үлестік қатысу шарты шеңберінде кредитордың талаптар құқығын басқаға беруіне жол беріледі.

      Егер міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің тиесілілігі қандай да бір құжаттармен айқындалмаса, нотариус шарт мәтінінде оның тиесілілігін тараптардың айтуы бойынша көрсетеді.";

      "60. Жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерін иеліктен айыру шартын куәландырған кезде нотариус "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Заңның 6-бабына сәйкес ауыртпалықтардың немесе құжаттардың бар/жоқ екендігі туралы уәкілетті органның анықтамасын талап етеді.";

      "73. Нотариус ортақ (бірлескен немесе үлестік) меншіктегі мүлікті бөлу туралы шарттарды куәландырады.

      Ортақ мүліктің бөлек (жеке) меншікке ауыстырылу шарты мүліктің бөлінетін бөлігін құқықтың дербес нысаны ретінде қарау мүмкіндігі болып табылады (ҚР АК 218 және 221-баптары).";

      "76. Тұрғын үй-жайды бөлу туралы шарттың мәтінінде әрбір бұрынғы меншік иесіне ауысқан жиынтық пайдалы алаңның, тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы пайдалы алаңына қатынасы арифметика тілімен көрсетілуі керек, сондай-ақ жалпы үлестік меншікте қалатын объектілер көрсетілуі керек.";

      "85-1. Алимент төлеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және міндетті нотариаттық куәландыруға жатады. Алимент төлеу туралы келісімнің заңда белгіленген нысанын сақтамау ҚР АК 157-бабының 3-тармағында көзделген салдарға әкеп соғады.

      Алимент төлеу туралы келісімді кез келген нотариус куәландыруы мүмкін.";

      88-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өсиет жасалған кезде ҚР АК 1050-бабының 4-тармағында көрсетілген тұлғалар куәгер бола алмайды.";

      90-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құпия өсиетті куәландырған кезде нотариус өсиет берушіге ҚР АК 1050-бабында көзделген өсиет нысанына қойылатын талаптарды түсіндіреді.";

      102, 104 және 110-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "102. Сенімхат мәтінінде куәландыру орны мен күні, сенім білдірушінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) туған жылы мен күні, ЖСН, тұрғылықты жері (заңды тұлғалар үшін - атауы, БСН және заңды тұлғаның орналасқан жері) және сенім білдірілгеннің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және тұрғылықты жері (заңды тұлғалар үшін – атауы және заңды тұлғаның орналасқан жері) көрсетіледі.

      БНЦЖ электрондық тізіліміне сенім білдірушінің ЖСН және жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, сондай-ақ заңды тұлғаның БСН енгізіледі."

      "104. Нотариаттық куәландыру талап етілетін мүлікті басқаруға, мәмілені жасауға арналған сенімхат, сондай-ақ қайта сенім білдіру тәртібімен берілетін сенімхат (ҚР АК 167-бабының 4 және 6-тармақтарында көрсетілген сенімхаттан басқа) нотариаттық куәландыруға жатады.";

      "110. Нотариус БНЦЖ электрондық тізілімінде берілген сенімхаттың жойылғаны туралы белгі жасайды.";

      мынадай мазмұндағы 115-1-тармақпен толықтырылсын:

      "115-1. Өсиет қалдырушы мұрагері емес адамға (өсиетті орындаушыға, өсиет жүктелген өкілге) өсиетті орындауды тапсыра алады.

      Өсиетті орындаушы (өсиет жүктелген өкіл) тағайындалған жағдайда нотариус оның өтініші бойынша өсиетті орындаушының (өсиет жүктелген өкілдің) өкілеттігін куәландыру туралы куәлік береді.

      Куәлікте өсиетті орындаушы, өсиет жүктелген өкіл туралы мәлімет, оның өкілеттігінің туындау негізі, сондай-ақ оған берілген өкілеттіктердің көлемі көрсетіледі.";

      116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "116. Егер мұрагерлердің арасында тұратын жері нотариусқа белгісіз адамдар бар болса, нотариус олардың тұратын жерін анықтауға қисынды шаралар қабылдайды.

      Егер мұрагерлердің тұратын жері немесе жұмыс орны белгісіз болса, нотариус Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдары және БНЦЖ арқылы мұраның ашылғаны туралы хабарлама жасайды.";

      120-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұрын белгіленген мерзімде мұраға құқық туралы куәлікті беру кезінде нотариустың мұраға берілетін мүлікке қатысты басқа да мұрагерлердің жоқтығын растайтын дұрыс мәліметтері, құжаттары болуы тиіс. Ондай мәліметтері болмаған жағдайда нотариус ҚР АК белгіленген мерзімде мұраға құқығы туралы куәлікті береді.";

      122-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нотариус мұрагердің өтінішін ҚР АК 1074-бабының 4-тармағымен көзделген негіздер бойынша мұрадан бас тарту құқығынан айырылған жағдайда, сондай-ақ қамқоршылық пен қорғаншылықта тұрған адамдардың мұрада бас тартуы кезінде қамқоршылық пен қорғаншылық органдары алдын-ала рұқсат бермеген жағдайларда қабылдамайды ("Неке (ерлі-зайыптылық) туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 125-бабы 2-тармағы).

      Мұра қалдырудан айырылған мұрагерлерді қоспағанда, мұрадан бас тарту өсиет бойынша немесе заң бойынша кез келген кезектегі мұрагерлердің арасынан басқа адамдардың пайдасына, сондай-ақ ұсыну құқығы бойынша мұраға шақырылмаған мұрагердің пайдасына жасалуы мүмкін.";

      142, 167, 178, 187 және 189-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "142. Мұрагер нотариусқа жүгінген сәтте жылжымайтын мүлікке құқық ресімделген не мұра қалдырушының атына ресімдеу сатысында болған, алайда бұл құқықты мұра қалдырушы заңнамада белгіленген тәртіппен тіркемеген жағдайда, нотариус ҚР АК 1040-бабына сәйкес, мұрагерге мүліктік емес құқықтардан, соның ішінде мұра қалдырушыға меншік құқығын тіркеу үшін тіркеуші органға өтініш жасау құқығынан, құрылыстарды пайдалануға беру құқығынан, құқық белгілейтін құжаттардың телнұсқасын және басқа да құжаттарды алу үшін уәкілетті органға жүгіну құқығынан тұратын мұраға құқық туралы куәлік береді.";

      "167. Нотариус құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын егер ол Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмеген және заңдық мәні болған жағдайда куәландырады.";

      "178. Нотариус мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін және мәмілелерді баяндамайтын болса, құжаттағы қолдың түпнұсқалығын куәландырады.";

      "187. Нотариус жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Заңның 84-бабына сәйкес басқа жеке және заңды тұлғаларға береді.

      Куәлікте өтінішке алынған жауаптың мазмұны немесе белгіленген мерзімде жауаптың түспегені туралы мәлімет көрсетілуі мүмкін.";

      "189. Заңнамада көзделген жағдайларда нотариус ақшаларды борышкерден депозит жағдайында, ал бағалы қағаздарды нотариустың атына сақтау жағдайында қабылдайды. Ақшаларды депозит жағдайында енгізу немесе бағалы қағаздарды нотариустың атына сақтау міндеттемені орындау болып табылады. Нотариус ақша түскені туралы кредиторға хабарлайды және оның талабы бойынша оған тиесілі ақшаны береді.

      Егер депозитке ақша енгізу ҚР АК 291-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылса, нотариус кредиторға оның тараптары арасындағы шартта белгіленген тәртіппен ақша береді.";

      мынадай мазмұндағы 217-1-тармақпен толықтырылсын:

      "217-1. Заңның 92-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы бойынша атқарушылық жазбаны жасау туралы өтінішті бөлу тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 357 бұйрығымен бекітілген Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйені пайдалану қағидаларына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22702 болып тіркелген) сәйкес БНЦЖ-да автоматтандырылған тәртіппен жүзеге асырылады.";

      218, 220, 221 және 222-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "218. Атқарушылық жазбалар негізінде берешекті өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізілетін талаптар тізбесі Заңның 92-1-бабының 2-тармағында белгіленген.";

      "220. Борышкерден ақша сомаларын өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету үшін өндіріп алушы нотариусқа, олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі мен тіркелген жерін, телефон нөмірі мен электрондық поштасының мекенжайын (бар болса) қамтитын атқарушылық жазба жасау туралы өтінішті (бұдан әрі-өтініш) ұсынады.

      Егер өндіріп алушы және/немесе борышкер заңды тұлға болса, өтініште заңды тұлғаның толық атауы, оның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, тіркелген жерінің мекенжайы, банк деректемелері көрсетіледі, сондай-ақ бірінші басшының немесе оның өкілінің өтінішті беруге және қол қоюға өкілеттігі расталады.

      Бұл ретте жеке тұлға болып табылатын өндірушінің Заңның 92-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасының негізінде атқарушылық жазба жасау туралы өтініші жазбаша түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық нысанда беріледі. Егер өндіруші заңды тұлға болса, өтініш электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық нысанда ғана беріледі.

      Өтініште өндіріп алушы сондай-ақ атқарушылық жазбаны орындауға өтініш берген кезде борышкермен міндеттемелерді орындау және берешекті өтемеу туралы сот дауы бойынша бұдан бұрын өндіріп алушының бұл талабы бойынша атқарушылық жазбасы орындалмағаны туралы мәліметтерді көрсетеді.

      Жеке және заңды тұлғаның өтініші нотариусқа жазбаша түрде қолма-қол беріледі немесе өкілі арқылы жіберіледі.

      Заңды тұлғаның атынан берілген өтінішке бірінші басшы қол қояды, заңды тұлғаның мөрімен (болған жағдайда) бекітіледі.

      Жеке және заңды тұлғалар және олардың басшылары туралы мәліметтерді нотариус БНЦЖ арқылы салыстырып тексереді.

      Өтініш БНЦЖ нотариаттық әрекеттердің электрондық тізілімінде тіркеледі.";

      "221. Атқарушылық жазба Заңның 92-1-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларының негізінде борышкердің тіркелген жері бойынша жасалады.

      Қазақстан Республикасының әр түрлі өңірлерінде тұратын немесе тіркелген ортақтас борышкерлерге қатысты атқарушылық жазба өндіріп алушының таңдауымен борышкерлердің бірінің мекенжайы бойынша жасалады.

      Аталған талаптар бойынша атқарушылық жазбаны нотариус оның үй-жайы орналасқан жеріне сәйкес нотариаттық палатамен айқындалған оның қызмет ету аумағы бойынша жасайды.

      Заңның 92-1-бабы 2-тармағы 9) және 10) тармақшаларының негізінде өндіріп алушы нотариусқа өтінішті борышкердің тіркелген жеріне қарамастан береді.

      Заңның 92-1-бабы 2-тармағы 6) және 7) тармақшаларының негізінде атқарушылық жазба борышкердің (жеке тұлғаның) тіркелген жері не тұрғылықты жері бойынша, не жылжымайтын мүлкінің орналысқан жері бойынша, егер заңды тұлға борышкер болып табылса, онда оның тіркелген жері не оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері бойынша не жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша жасалады.";

      "222. Өтініш берген кезде өндіріп алушы осы Қағидалардың 223-тармағында көрсетілген, атқарушылық жазба жасау үшін негіз болып табылатын құжаттарды, сондай-ақ берешекті өндіріп алу жүргізілетін сома мен мерзімді қамтитын берешекті есептеуді ұсынады. Заңды тұлға атынан ұсынылатын берешек есебіне бірінші басшы мен бас бухгалтер (болған жағдайда) қол қояды.

      Ұсынылған құжаттардың негізінде нотариус борышкердің өндіріп алушы алдындағы берешегінің даусыздығын, берешек мөлшерін, мәлімделген талап бойынша мерзімнің өтіп кетуін тексереді.

      Нотариус "Атқарушылық жазбаны тексеру" БНЦЖ модулін пайдалана отырып, осы міндеттеме бойынша атқарушылық жазбаның жасалуына қатысты ақпаратты тексереді.";

      223-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) орындау мерзімі басталған және міндеттеменің орындалмауын борышкер мойындаған, оның ішінде дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен өндіріп алушыға жіберілген наразылыққа жауап ретінде, жазбаша мәмілеге негізделген міндеттеме бойынша берешекті өндіріп алу үшін мемлекеттік сатып алу шартын және "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алуларды қоспағанда:

      төлнұсқа шарттар (сатып алу-сату, жеткізу, мердігерлік, тасымалдау, қызметтерді өтеулі көрсету, сақтау және басқалары);

      шарттар бойынша (тауарға ілеспе құжаттар, тауар-көліктік жүкқұжат, тауар жүкқұжаты, жүк жүкқұжаты, коносамент немесе өзге де құжат) берешекті төлеу жөніндегі борышкердің міндеті туындағанын растайтын құжаттар, екі тарап та қол қойған мүлікті (тауарды) беру туралы құжатты (қабылдау-тапсыру туралы акт, мүлікті (тауарды) беру туралы акт, мүлікті (тауарды) саны мен сапасы бойынша қабылдау туралы акт), екі тарап қол қойған атқарылған жұмыстарды (көрсетілген қызметтерді) қабылдауды куәландыратын құжат (атқарылған жұмыстарды (көрсетілген қызметтерді) қабылдау, актісі және басқалары), заказ-наряд, шот-фактура және басқалары);

      борышкердің берешек сомасын жазбаша тануын растайтын құжаттар (өндіріп алушы мен борышкер қол қойған және мөрлермен (олар болған жағдайда) онда шарттың нөмірі көрсетіліп бекітілген есеп айырысуларды салыстыру актісі, борышкер ақша қаражатын төлеу жөніндегі міндеттемені, акцептелген төлем талабын немесе заңнама талаптарына сәйкес ресімделген және уәкілетті тұлға қол қойған өзге де құжатты мойындайтын талапқа жауап);";

      223-1-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "тіркелген жері бойынша алушының қолы қойылып, алынған күні көрсетіле отырып қолма-қол немесе тапсырылғаны туралы, соның ішінде отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі немесе көрсетілген мекенжай бойынша тұратын басқа адам алған хабарламасы бар тапсырыс хатпен;";

      226, 227, 228, 229, 232 және 234-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "226. Атқарушылық жазбада:

      1) атқарушылық жазбаны жасаған нотариустың тегі және аты-жөні;

      2) өндіріп алушының атауы, оның туған күні, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефон нөмірі және электрондық пошта мекен жайы (болған жағдайда);

      3) борышкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның туған күні, тіркелген жері, жеке сәйкестендіру нөмірі не атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, тіркелген жері;

      4) өндіріп алу жүргізіліп отырған мерзімнің көрсетілуі;

      5) өндіріп алуға жататын немесе талап етуге жататын сәйкестендіру сипаттамаларын, сондай-ақ тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдың) сомасын, пайыздарды көрсете отырып, талап етуге жататын соманы немесе заттарды белгілеу;

      6) өндіріп алушы төлеген жекеше нотариустың нотариаттық әрекеттер жасағаны үшін мөлшерлемелер мөлшерінің сомасын белгілеу, өндіріп алушының атқарушылық жазба жасалған кезде көтерген пошталық шығыстары;

      7) атқарушылық жазба жасалған күні (жыл, ай, күн);

      8) атқарушылық жазбаның тізілімде тіркелген нөмірі;

      9) атқарушылық жазбаны жасаған нотариустың қолтаңбасы мен мөрінің бедері қамтылады;

      БНЦЖ арқылы электрондық нысанда жасалған атқарушылық жазба электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады;

      10) атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қарсылық беру мерзімі мен тәртібі;

      11) борышкердің нотариустың атқарушылық жазбаны жоюдан бас тартуына сот тәртібімен шағым жасау құқығы қамтылады.";

      "227. Нотариус атқарушылық жазбаны жасағаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, оның көшірмесін борышкерге электрондық пошта мекенжайы бойынша немесе борышкердің тіркелген жері бойынша жеткізуді тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары арқылы, соның ішінде "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы хабарламалар түрінде және (немесе) абоненттік нөмірге қысқа мәтіндік хабарлама түрінде табыстайды немесе жолдайды.

      Атқарушылық жазба борышкерге:

      1) тараптар арасында жасалған шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына;

      2) тіркелген жері бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберілген болса, оның ішінде кәмелетке толған отбасы мүшелерінің бірі, көрсетілген мекенжай бойынша тұрып жатқан басқа адамдар алған болса;

      3) жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып, соның ішінде "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы хабарламалар түрінде және (немесе) абоненттік нөмірге қысқа мәтіндік хабарлама түрінде жіберілген болса, ол алынды деп есептеледі.

      Хабарламаны адресатқа, алушыға табыс ету мүмкін болмағаны туралы белгісімен хабарлама қайтарылған жағдайда, немесе оны қабылдаудан бас тартуға байланысты атқарушылық жазбаның көшірмесі тиісті түрде жіберілді деп есептеледі.

      Ілеспе хат шығыс құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі.

      Жеткізу бойынша шығыстарды өндіріп алушы дербес төлейді.";

      "228. Атқарушылық жазбаны пошталық хабарламаға сәйкес табыс еткен не өзге де байланыс құралдарын пайдалану кезінде жеткізуді тіркеген күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін және борышкер тарапынан қойылған талаптарға жазбаша қарсылық болмаған кезде нотариус өндіріп алушыға "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Заңның талаптарына сәйкес аумақтылығы бойынша жеке сот орындаушыларының тиісті өңірлік палатасына ұсыну үшін береді не оның өтініші бойынша атқарушылық жазбаны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырған оны электрондық түрде БНЦЖ арқылы атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесіне орындау үшін жолдайды.";

      "229. Егер борышкерден он жұмыс күні ішінде өзіне қойылған талапқа жазбаша қарсылық келіп түссе, нотариус мәлімделген талапқа қарсы қарсылық алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы шығарады.

      Қарсылық "мобильді үкімет" (egov mobile) цифрлық жүйесіндегі "жеке кабинет" арқылы берілуі мүмкін.

      Егер борышкердің қарсылығында өндіруші қойған талаппен келіспеу себептері көрсетілмесе немесе ол мерзімді бұзып берілсе, нотариус атқарушылық жазбаны жоюдан бас тартады.

      Егер борышкердің қарсылығы бойынша атқарушылық жазбаны жоюдан бас тартылған жағдайда, нотариус жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде бұл туралы борышкерге атқарушылық жазбаны жоюдан бас тарту себептері негіздерін көрсете отырып, жазбаша түрде хабарлайды.";

      "232. Атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулының не атқарушылық жазбаның күшін жоюдан жазбаша бас тартудың көшірмесі өндіріп алушы мен борышкерге ол шығарылғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      Нотариус БНЦЖ нотариаттық әрекеттерді тіркеу тізілімінде борышкердің қарсылығы не сот тәртібімен жасалған атқарушылық жазбаның жойылғаны туралы белгі қояды.";

      "234. Нотариустың істерінде атқарушылық жазба, сондай-ақ берешекті белгілейтін құжаттың көшірмесі және атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесіне жолдаған атқарушылық жазбасы туралы БНЦЖ-дан алынған хабарлама қалады.

      Егер атқарушылық жазбаны жасау үшін берешекті белгілейтін құжаттан басқа, берешекті өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізілетін басқа да құжаттарды ұсыну қажет болса, онда олар атқарушылық жазбаға тігілмейді, нотариустың істерінде қалады.".

      2. "Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7445 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережеде:

      5, 39, 40 және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік нотариус жұмыстан босатылған немесе ауысқан кезде іс жүргізуді ұйымдастыру және дұрыс жүргізу, нотариаттық архивтік құжаттарды сақтау, есебін жүргізу және пайдалану аумақтық әділет органының бұйрығымен басқа мемлекеттік нотариусқа жүктеледі.

      Жекеше нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, аумақтық әділет органы және аумақтық нотариаттық палата нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде нотариустың қағаз және электрондық нысандағы құжаттарын, соның ішінде нотариаттық цифрлық архивті қоса алғанда басқа жекеше нотариуске беру бойынша шаралар қабылдайды.

      Жекеше нотариустың лицензиясының күші тоқтатылған кезде, аумақтық әділет органы және аумақтық нотариаттық палата нотариустың лицензиясының күшін тоқтату туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде нотариустың қағаз және электрондық нысандағы құжаттарын, соның ішінде нотариаттық цифрлық архивті қоса алғанда, басқа нотариуске немесе жеке нотариаттық архивке беру бойынша шаралар қабылдайды.

      Жекеше нотариус лицензиядан айырылған жағдайда, аумақтық әділет органы және аумақтық нотариаттық палата сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде нотариустың қағаз және электрондық нысандағы құжаттарын, соның ішінде нотариаттық цифрлық архивті қоса алғанда, басқа нотариуске немесе жеке нотариаттық архивке беру бойынша шаралар қабылдайды.

      Аумақтық нотариаттық палата мүшелігінен шыққан кезде нотариустың нотариаттық палата мүшелігінен шығу туралы өтініші келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органы аумақтық нотариаттық палатамен бірлесе отырып, аяқталған және ресімделген істерді жеке нотариаттық архивке қабылдау-тапсыруды жүзеге асырады.

      Аумақтық нотариаттық палата мүшелігінен шығарылған кезде аумақтық нотариаттық палата нотариаттық палатадан шығару туралы тәртіптік комиссияның шешімі күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде аяқталған және ресімделген істерді жеке нотариаттық архивке қабылдау-тапсыруды жүзеге асырады.

      Нотариустың лицензиясы тоқтатыла тұрған, тоқтатылған немесе лицензиядан айырылған жағдайда не нотариус нотариаттық палатаның мүшелігінен шыққан немесе шығарылған жағдайда, Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйедегі (бұдан әрі – БНЦЖ) нотариус кабинеті аумақтық нотариаттық палатаның шешімі бойынша басқа жекеше нотариуске, сондай-ақ жеке нотариаттық архивке беріледі.";

      "39. Жекеше нотариус тұрақты, уақытша (жетпіс бес жыл) сақтау мерзіміндегі аяқталған және ресімделген істерді:

      жер учаскелерін иеліктен шығару туралы шарттарды;

      тұрғын үйлерді, пәтерлерді иеліктен шығару туралы шарттарды (оларды куәландыруға негіз болған құжаттарды);

      аяқталған мұрагерлік істерді;

      ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктерді (егер мұндай куәлік нотариаттық кеңседе жасалған мұрагерлік іске байланысты тірі зайыбына берілген болса, онда ол мұрагерлік іске тігіледі) жекеше нотариаттық архивке береді.

      Нотариаттық куәландырылған өсиеттер, оның ішінде құпия өсиеттер, сондай-ақ аяқталмаған мұрагерлік іс және Заңның 92-7-бабының 1-тармағына сәйкес өндіріп алушының өтініші жоқ атқарушылық жазба жекеше нотариаттық архивке тапсырылмайды.";

      "40. Жекеше нотариустың лицензиясының қолданылуы тоқтатылған, жекеше нотариус аумақтық нотариаттық палатаның мүшелігінен шыққан немесе шығарылған жағдайда, нотариаттық куәландырылған өсиеттер, оның ішінде құпия өсиеттер, сондай-ақ аяқталмаған мұрагерлік істер және атқарушылық жазбалар он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органы мен аумақтық нотариаттық палатаның бірлескен шешімі бойынша басқа жекеше нотариусқа беріледі.

      Жекеше нотариустың лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда нотариустың іс жүргізуіндегі құжаттар он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органы мен аумақтық нотариаттық палатаның бірлескен шешімі бойынша басқа жекеше нотариусқа беріледі.

      Аумақтық әділет органы және аумақтық нотариаттық палата құжаттарды қабылдау-тапсыру актісін жасағанда, нотариаттық цифрлық архивті қоса алғанда, нотариустың қағаздағы және электрондық түрдегі тапсырылуы тиіс құжаттарды БНЦЖ нотариаттық әрекеттер тізілімінде көрсетілген мәліметтермен салыстыруды жүзеге асырады.

      Салыстыру нәтижелері бойынша осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау-тапсыру актісі жасалады.";

      "43. Нотариаттық әрекеттер жасау туралы мәліметтер және Заңда көзделген өзге де мәліметтер нотариаттық цифрлық архивте орналастырылуы тиіс.";

      44-тармақ алып тасталсын;

      45 және 66-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Нотариаттық цифрлық архив – Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйенің электрондық түрдегі нотариаттық құжаттарды жинауға, сатып алуға, жиынтықтауға, ретке келтіруге, сақтауға, есепке алуға және пайдалануға арналған құрауышы.";

      "66. Аумақтық әділет органы мемлекеттік нотариустың мөрі жоғалған немесе жойылған жағдайда ақпаратты уәкілетті органның Интернет-ресурсында жариялайды.

      Жекеше нотариустың мөрі жоғалғаны немесе жойылғаны туралы ақпарат аумақтық нотариаттық палатаның Интернет-ресурсында орналастырылады.";

      мынадай мазмұндағы 13-тараумен толықтырылсын:

      "13-тарау. Атқарушылық жазба бойынша іс жүргізуді қалыптастыру және рәсімдеу.

      91. Осы Қағидалардың 40-тармағына сәйкес жекеше нотариуске келіп түскен, атқарушылық жазбаны оны орындау үшін атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесіне жолдау туралы оған қатысты өтініш жоқ атқарушылық жазба бойынша іс жүргізуді бастаудың негізі - атқарушылық жазбаны атқару үшін атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесіне жолдау туралы өндірушінің өтініші болып табылады.

      92. Атқарушылық жазба бойынша іс жүргізуге қатысты құжаттар жекеше нотариуске БНЦЖ арқылы жеке не пошта байланысы арқылы ұсынылады.

      93. Атқарушылық жазба бойынша іс жүргізуді бастаудың негізі болып табылатын құжат кіріс корреспонденциясының журналына тіркелуі тиіс.

      94. Атқарушылық жазба бойынша іс жүргізуді тиісілігі бойынша қабылдаған жекеше нотариустың істерінде қабылдау-тапсыру актісі және атқарушылық жазбаның көшірмесі сақталады.

      95. Атқарушылық жазба бойынша іс жүргізу оны орындау үшін атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесіне жолдаған күнінен бастап аяқталған деп есептеледі. Атқарушылық жазба орындау үшін жолданғаннан кейін іс ресімделеді және осы Қағидаларға сәйкес сақтауға тапсырылады.";

      4-қосымша осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне аумақтық әділет органдары ұсынатын әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 238 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9646 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:

      "15) осы бұйрықтың 15-қосымшасына сәйкес жекеше практикамен айналысатын нотариустарға және нотариаттық палаталарға қатысты жүргізілген жоспарлы тексерулер туралы есеп;

      16) осы бұйрықтың 16-қосымшасына сәйкес жекеше практикамен айналысатын нотариустарға және нотариаттық палаталарға қатысты жүргізілген жоспардан тыс тексерулер туралы есеп.";

      осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес 15-қосымшамен толықтырылсын;

      осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес 16-қосымшамен толықтырылсын.

      4. "Нотариаттық куәліктердің, қаулылардың, нотариустар куәландырған құжаттардағы және мәмілелердегі куәландыру жазбаларының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 104 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13561 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 96) тармақшамен толықтырылсын:

      "96) өсиетті орындаушының (өсиет жүктелген өкiлдің) өкілеттіктерін куәландыру туралы куәлік.";

      жоғарыда көрсетілген бұйрыққа 80-қосымша осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 5-қосымшаға сәйкес 96-қосымшамен толықтырылсын.

      5. "Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20775 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Нотариатық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің қағидаларында:

      "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 3-қосымша осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      6. "Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйенің тізілімдерін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 356 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22701 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйенің тізілімдерін жүргізу ережесінде:

      4 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Нотариаттық әрекеттерді БНЦЖ электрондық тізілімдерінде тіркеу мүмкіндігін:

      1) жекеше нотариустар үшін:

      - нотариаттық палатаға мүшелігі тоқтатыла тұрған кезде, еңбекке уақытша жарамсыз болған немесе еңбек демалысында не жүктілігі мен босануы бойынша, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыста болған кезде, сондай-ақ нотариаттық палатаның мүшелігінен шыққан не шығарылған кезде-аумақтық нотариаттық палата;

      - бұйрық (бұйрықтың күні мен нөмірі) туралы деректерді енгізу жолымен лицензия тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған кезде не заңды күшіне енген сот актісі туралы мәліметтерді енгізу жолымен лицензиядан айырылған кезде-уәкілетті орган;

      2) мемлекеттік нотариус үшін жұмыстан босатылған немесе демалыста болған кезде– уәкілетті орган бұғаттайды.

      Жекеше нотариустың БНЦЖ электрондық тізілімін Республикалық нотариаттық палата лицензияның қолданылуын қайта бастаған не нотариаттық палатаның мүшелігін қалпына келтіру не демалыс аяқталғаннан кейін жұмысқа шығу туралы өтініш берген кезде бұғаттан шығарады.

      Мемлекеттік нотариустың БНЦЖ электрондық тізілімдерін уәкілетті орган демалыстан жұмысқа шығу туралы өтініш берген кезде бұғаттан шығарады.";

      "8. Нотариустың мемлекеттік цифрлық ресурстардан БНЦЖ арқылы алынған мәліметтерді жеке мақсаттарда пайдалануына, сақтауына, беруіне, таратуына жол берілмейді.".

      7. "Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйені пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйені пайдалану қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) атқарушылық жазбаны жасау туралы өтінішті бөлу – БНЦЖ-ның автоматтандырылған тәртіппен жүзеге асырылатын, атқарушылық жазба жасау туралы өтініштердің нотариустардың арасында біркелкі бөлінуін қамтамасыз ете отырып, кездейсоқ таңдау жолымен нотариусты анықтауы.";

      мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:

      "3-тарау. Атқарушылық жазба жасауға өтінішті бөлу тәртібі

      17. Өндіріп алушы атқарушылық жазбаны жасау туралы өтінішті БНЦЖ-дағы жеке кабинет арқылы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығымен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінің (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 болып тіркелген) 223-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, береді.

      18. Нотариустар арасында мынадай атқарушылық жазбаны жасау туралы:

      1) жеке тұлғаның жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанында берілген өтініштері;

      2) заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанында берілген өтініштері бөлінуге жатады.

      19. Өндіріп алушының өтініші келіп түскеннен кейін БНЦЖ-да мәлімделген талап бойынша бұрын жасалған атқарушылық жазбаның бар-жоғына автоматтандырылған тексеру жүзеге асырылады.

      БНЦЖ-да атқарушылық жазбаның қайталануы анықталған жағдайда өтінішті өңдеу тоқтатылады, бұл туралы БНЦЖ арқылы өндіріп алушыға тиісті хабарлама жіберіледі.

      Бұрын жасалған атқарушылық жазбаның қайталануы болмаған жағдайда өтініш БНЦЖ арқылы нотариустар арасында автоматтандырылған түрде бөлінеді.

      20. Нотариус атқарушылық жазба жасау туралы өтінішті ол бөлінген кезден бастап отыз минут ішінде қабылдамаған жағдайда, БНЦЖ өтінішті нотариустар арасында қайта бөлуді жүзеге асырады.

      21. Атқарушылық жазба жасау туралы өтініш нотариусқа мынадай жағдайларда:

      1) нотариаттық палатадағы мүшелігі тоқтатыла тұрған, уақытша еңбекке жарамсыз болған немесе еңбек демалысында не жүктілікке және босануға байланысты демалыста, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болған, сондай-ақ нотариаттық палата мүшелігінен шыққан не шығарылған кезде;

      2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған, тоқтатылған немесе лицензиясынан айырылған кезде бөлінбейді.

      22. Атқарушылық жазба жасау туралы өтінішті қабылдағаннан кейін нотариус өндіріп алушы қоса берген құжаттардың Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығымен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесіне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 болып тіркелген) сәйкестігін тексереді.

      БНЦЖ өндіріп алушыға нотариустың банктік деректемелерін көрсете отырып, нотариаттық әрекет жасағаны үшін ақы төлеу қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Жекеше нотариустың атқарушылық жазба жасағаны үшін ақы Заңның 30-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 27 қыркүйектегі № 533 бұйрығымен бекітілген Жекеше нотариустардың нотариаттық әрекеттер жасағаны және өзге де көрсетілетін қызметтері үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттардың көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi және жекеше нотариустардың консультация беруді жүзеге асырғаны үшiн мөлшерлемелер мөлшеріне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36957 болып тіркелген) сәйкес алынады.

      23. Атқарушылық жазбаны нотариус барлық қажетті құжаттар ұсынылған және нотариаттық әрекет жасағаны үшін ақы түскен күні жасайды.

      24. Атқарушылық жазба жасау туралы өтініштерді нотариустар арасында бөлу туралы есеп БНЦЖ-да қалыптастырылады және орналастырылады.".

      8. "Жекеше нотариустардың нотариаттық әрекеттер жасағаны және өзге де көрсетілетін қызметтері үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттардың көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi және консультация беруді жүзеге асырғаны үшiн мөлшерлемелер мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 27 қыркүйектегі № 533 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36957 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жекеше нотариустардың нотариаттық әрекеттер жасағаны және өзге де көрсетілетін қызметтері үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттардың көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi және консультация беруді жүзеге асырғаны үшiн мөлшерлемелер мөлшерінде:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қалалық жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғынжайларды, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен шығару туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:

      егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса – 17 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);

      құны 30 АЕК-ке дейiн:

      балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне – 3 АЕК;

      басқа да адамдарға – 8 АЕК;

      құны 30 АЕК-тен жоғары:

      балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне – 7 АЕК;

      басқа да адамдарға – 12 АЕК;

      егер мәмiле ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша алынатын қаражат есебiнен жылжымайтын мүлiктi сатып алу мақсатында жасалатын болса – 4 АЕК;".

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
1-қосымша
  Нотариаттық іс жүргізу
жөніндегі ережеге
4-қосымша
  нысан
  "Бекітемін"
  (облыстың немесе қаланың
атауы)
Әділет департаментінің
басшысы немесе нотариустың
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда),
лицензияны берген күні, нөмірі
___________ тегі, аты-жөні қолы
20__ жылғы "__" ___________
___________ № _____________
(күні) (индексі)

Үлгілік істер номенклатурасы

1. Іс жүргізу, әкімшілік-шаруашылық мәселелер

Істің индексі

Істің (томның, бөліктің) тақырыбы

Істің (томның, бөліктің) саны

Істі (томды, бөлікті) сақтау мерзімі және тізбесі бойынша тармақ нөмірі

Ескертпе

1-1

Статистикалық есептер


үнемі


1-2

Нотариаттық кеңсенің жұмысын тексерудің нәтижелері туралы анықтамалар мен актілер


5 жыл


1-3

Жеке құрамы бойынша бұйрықтар мен басқа да құжаттар


75 жыл СТК


1-4

Әділет органдарымен және нотариаттық палатамен хат алмасу


5 жыл СТК


1-5

Мекемелермен, ұйымдармен және азаматтармен хат алмасу


5 жыл


1-6

Нотариаттық кеңсенің қаржылық және шаруашылық қызметінің құжаттары


5 жыл

Қаржылық шаруашылық қызметті құжаттық тексеру аяқталған жағдайда, даулар, әртүрлі келісулер пайда болған жағдайда, тергеу және сот істері түпкілікті шешім шығарылғанға дейін сақталады.

1-7

Нотариаттық кеңсенің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі өтініштер және ұсыныстар және оларға жауаптар


5 жыл СТК


1-8

Нотариаттық кеңсенің істер номенклатурасы


үнемі


1-9

Архивке тапсырылған құжаттамалық материалдардың тізбесі


үнемі


1-10

Кіріс құжаттарын тіркеу журналы


5 жыл


1-11

Шығыс құжаттарын тіркеу журналы


5 жыл


1-12

Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен хат алмасу


5 жыл


2. Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау

2-1

Жер учаскелерін иеліктен айыру туралы шарттар


50 жыл СТК


2-2

Тұрғын үйлерді, пәтерлерді иеліктен айыру және кепілі туралы шарттар (негізінде олар куәландырылған құжаттар)


50 жыл СТК


2-3

Өзге де шарттар


15 жыл СТК


2-4

Нотариаттық куәландырылған өсиетхаттар


75 жыл


2-5

Құпия өсиетті қабылдау туралы куәлік


75 жыл


2-6

Құпия өсиетті сақтауға беру туралы куәлік


75 жыл


2-7

Құпия өсиетті ашу және жария ету хаттамасы


75 жыл


2-8

Мұрагерлік істер


75 жыл


2-9

Сенімхаттар


олардың ескіру (қолдану) мерзімі өткен күннен бастап 3 жыл


2-10

Келісімдер


25 жыл


2-11

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлігіндегі үлесіне меншік құқығы туралы куәлік (егер ондай куәлік нотариаттық кеңседе ашылған мұрагерлік іске байланысты тірі зайыбына берілген болса, ол мұрагерлік іске тігіледі)


75 жыл


2-12

Адамның тірі екендігін және белгілі бір жерде болу фактісін куәландыру туралы, құжатты сақтауға қабылдау туралы


3 жыл


2-13

Құжаттардың көрсетілген уақытын куәландыру жөніндегі құжаттар


3 жыл


2-14

Азаматтардың, мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың өтініштерін басқа азаматтарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және ұйымдарға табыстау


3 жыл


2-15

Депозиттік операциялар жасау жөніндегі құжаттар


10 жыл


2-16

Теңіз наразылығы туралы акт


3 жыл


2-17

Дәлелдемелерді қамтамасыз етуге байланысты жасалған құжаттар


5 жыл


2-18

Заңды тұлғалардың істері (жарғының, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, хаттамалардың, бұйрықтардың көшірмелері)


10 жыл


2-19

Нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы қаулылар


3 жыл


2-20

Құжаттарды сараптамаға жіберу туралы қаулы


3 жыл


2-21

Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімдер


үнемі

электрондық тасығышта

2-22

Мұралық істерді есепке алу кітабы


75 жыл

электрондық тасығышта

2-23

Өсиеттерді есепке алу кітабы


75 жыл

электрондық тасығышта

2-24

Атқарушылық жазба


3 жыл


2-25





      Ескертпе:

      Парақтардың саны аумақтық әділет органының немесе аумақтық нотариаттық палата қызметкерінің қолтаңбасымен куәландырылады.

      Басшы қызметінің атауы __________________________

      Нотариус қолтаңбасының таратып жазылуы күні

Келісілді

Келісілді

(облыс немесе қала атауы) Әділет департаменті СТК (СК) хаттамасымен (хаттаманың күні мен нөмірі)

Жекеше нотариаттық архивтің СКО хаттамасымен (хаттаманың күні мен нөмірі)

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 15 шілдедегі
№ 238 бұйрығына
15-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Жекеше практикамен айналысатын нотариустарға және нотариаттық палаталарға қатысты жүргізілген жоспарлы тексерулер туралы есеп

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.adіlet.gov.kz

      Әкімшілік нысанның атауы: "Жекеше практикамен айналысатын нотариустарға және нотариаттық палаталарға қатысты жүргізілген жоспарлы тексерулер туралы есеп"

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: РНП 15

      Кезеңділігі: жартыжылдықта бір рет

      Есепті кезең 20 _ _ _ жылғы _ жартыжылдық.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Әділет департаменттері

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын келесі есептік кезеңнен кейінгі 5-і күніне қарай

      БСН:


      Жинау әдісі: электронды түрде

№ р/н

Әділет департаменттері

Жоспарлы тексеруді тағайындау туралы акт туралы ақпарат

Жоспарлы тексерудің нәтижелері туралы акт туралы ақпарат

Күні және № р/н

Мемлекеттік бақылау субъектісі

Тексеруді жүргізу мерзімі

Тексерілетін кезең

Тексеруді тағайындау туралы актімен танысқан күні

Күні және № р/н

Бұзушылықтардың болуы / болмауы

Бұзушылықтарды жою туралы нұсқама

Бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым бойынша бұзушылықтар жойылды / жойылған жоқ

Растайтын материалдар

1

2

3

4



1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

      Орындаушы ______________________________________ телефон нөмірі _______
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
___________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы
Күні "____" ______________ 20__ жылдың
М.О.

  Нотариустарға және
нотариаттық палаталарға
қатысты жүргізілген
жоспарлы тексерулер туралы
есеп нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Жеке практикамен айналысатын нотариустарға және нотариаттық палаталарға қатысты жүргізілген жоспарлы тексерулер туралы есепті" (РНП 15 индексі, кезеңділігі: жартыжылдықта бір рет )

      1. Осы түсіндірме "Нотариустар мен нотариаттық палаталарға жүргізілген жоспарлы тексерулер туралы есеп" нысанын толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды аумақтық әділет органдары жарты жылда бір рет жасайды.

      3. Нысанға Әділет департаментінің басшысы оның тегін, атын және әкесінің атын (бар болса), сондай-ақ толтырылған күнін көрсете отырып қол қояды.

      4. Нысандар туралы ұсынылады жартыжылдықта бір рет ағымдағы күнтізбелік жылдың 5 шілдесінен және есепті жылдан кейінгі жылдың 5 қаңтарынан кешіктірмей.

      5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

      6. Деректер есепті жартыжылдық бөлінісінде көрсетіледі.

      7. Нысандар әкімшілік-аумақтық бірлік бөлінісінде толтырылады (астананы, облыстарды, республикалық маңызы бар қалаларды көрсете отырып).

      8. Нысан былайша толтырылады:

      1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;

      "Әділет департаменттері" деген 2-бағанда - әділет департаментінің атауы көрсетіледі;

      "Тексеруді тағайындау туралы акт туралы ақпарат" деген 3-бағанда 5 бөлімнен тұрады:

      "Күні және р/н №" 1 бөлімінде - жоспарлы тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен реттік нөмірі көрсетіледі;

      "Мемлекеттік бақылау субъектісі" деген 2-бөлімде - Жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы, ЖСН/БСН және мемлекеттік бақылау субъектісінің орналасқан жері көрсетіледі;

      "Тексеру жүргізудің мерзімі" деген 3-бөлімде - мемлекеттік бақылау субъектісінің қызметіне жоспарлы тексеру жүргізудің мерзімі көрсетіледі;

      "Тексерілетін кезең" деген 4-бөлімде - мемлекеттік бақылау субъектісінің қызметін жоспарлы тексерудің тексерілетін кезеңі көрсетіледі;

      "Жоспарлы тексеруді тағайындау туралы актімен танысу күні" деген 5-бөлімде - мемлекеттік бақылау субъектісінің жоспарлы тексеруді тағайындау туралы актімен танысу күні көрсетіледі;

      "Жоспарлы тексеру нәтижелері туралы акт туралы ақпарат" деген 4-бағанда 5 бөлімнен тұрады:

      "Күні және р/н № " 1-бөлімде - жоспарлы тексерудің нәтижелері туралы актінің күні мен реттік нөмірі көрсетіледі;

      "Бұзушылықтардың болуы/болмауы" деген 2-бөлімде - мемлекеттік бақылау субъектісінің қызметінде заңнама талаптарын бұзушылықтардың болуы немесе болмауы фактісі көрсетіледі, бұзушылықтар болған жағдайда заңнама нормаларына сілтеме жасай отырып, оның сипаты көрсетіледі;

      "Бұзушылықтарды жою туралы нұсқама" деген 3-бөлімде - бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың шығарылғаны/шығарылмағаны туралы ақпарат көрсетіледі, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылған кезде күні мен реттік нөмірі көрсетіледі.;

      "Бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бойынша бұзушылықтар жойылды/жойылмады" деген 4-бөлімде бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі көрсетіледі;

      "Растаушы материалдар" деген 5-бөлімде - осы есептің растаушы құжаттарының тізбесі көрсетіледі.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 15 шілдедегі
№ 238 бұйрығына
16-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Жеке практикамен айналысатын нотариустарға және нотариаттық палаталарға қатысты жүргізілген жоспардан тыс тексерулер туралы есеп

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.adilet.gov.kz

      Әкімшілік нысанның атауы: "Жеке практикамен айналысатын нотариустарға және нотариаттық палаталарға қатысты жүргізілген жоспардан тыс тексерулер туралы есеп"

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: РНП 16

      Кезеңділігі: жартыжылдықта бір рет

      Есепті кезең 20 _ _ _ жылғы _ жартыжылдық

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Әділет департаменттері

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын келесі есептік кезеңнен кейінгі 5-і күніне қарай

      БСН:


      Жинау әдісі: электронды түрде

№ р/н

Әділет департаменттері

Жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы акт туралы ақпарат

Жоспардан тыс тексерудің нәтижелері туралы акт туралы ақпарат

Күні және № р/н

Мемлекеттік бақылау субъектісі

Жоспардан тыс тексеруді тағайындау негіздері

Тексеруді жүргізу мерзімі

Тексерілетін кезең

Күні және № р/н

Бұзушылықтардың болуы / болмауы

Бұзушылықтарды жою туралы нұсқама

Бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым бойынша бұзушылықтар жойылды / жойылған жоқ

Растайтын материалдар

1

2

3

4



1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

      Орындаушы ______________________________________ телефон нөмірі _______
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
___________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы
Күні "____" ______________ 20__ жылдың
М.О.

  Нотариустарға және
нотариаттық палаталарға
қатысты жүргізілген
жоспардан тыс тексерулер
туралы есеп нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Жеке практикамен айналысатын нотариустарға және нотариаттық палаталарға қатысты жүргізілген жоспардан тыс тексерулер туралы есепті" (РНП 16 индексі, кезеңділігі: жартыжылдықта бір рет)

      1. Осы түсіндірме "Нотариустар мен нотариаттық палаталарға жүргізілген жоспардан тыс тексерулер туралы есеп" нысанын толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды аумақтық әділет органдары жарты жылда бір рет жасайды.

      3. Нысанға Әділет департаментінің басшысы оның тегін, атын және әкесінің атын (бар болса), сондай-ақ толтырылған күнін көрсете отырып қол қояды.

      4. Нысандар жартыжылдықта бір рет ағымдағы күнтізбелік жылдың 5 шілдесінен және есепті жылдан кейінгі жылдың 5 қаңтарынан кешіктірілмей тапсырылады.

      5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

      6. Деректер есепті жартыжылдық бөлінісінде көрсетіледі.

      7. Нысандар әкімшілік-аумақтық бірлік бөлінісінде толтырылады (астананы, облыстарды, республикалық маңызы бар қалаларды көрсете отырып).

      8. Нысан былайша толтырылады:

      1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;

      "Әділет департаменттері" деген 2-бағанда - әділет департаментінің атауы көрсетіледі;

      "Тексеруді тағайындау туралы акт туралы ақпарат" деген 3-бағанда 5 бөлімнен тұрады:

      "Күні және р/н №" 1 бөлімінде - жоспарлы тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен реттік нөмірі көрсетіледі;

      "Мемлекеттік бақылау субъектісі" деген 2-бөлімде - Жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы, ЖСН/БСН және мемлекеттік бақылау субъектісінің орналасқан жері көрсетіледі;

      "Жоспардан тыс тексеруді тағайындау негіздері" деген 3-бөлімде - нотариат туралы заңнаманың талаптарына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындау негіздері көрсетілген;

      "Жоспардан тыс тексеру жүргізудің мерзімі" деген 4-бөлімде - мемлекеттік бақылау субъектісінің қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізудің мерзімі көрсетіледі;

      "Тексерілетін кезең" деген 5-бөлімде - мемлекеттік бақылау субъектісінің қызметін жоспардан тыс тексерудің тексерілетін кезеңі көрсетіледі;

      "Жоспарлы тексеру нәтижелері туралы акт туралы ақпарат" деген 4-бағанда 5 бөлімнен тұрады:

      "Күні және р/н №" 1 бөлімінде - жоспардан тыс тексерудің нәтижелері туралы актінің күні мен реттік нөмірі көрсетіледі;

      "Бұзушылықтардың болуы/болмауы" деген 2-бөлімде - мемлекеттік бақылау субъектісінің қызметінде заңнама талаптарын бұзушылықтардың болуы немесе болмауы фактісі көрсетіледі, бұзушылықтар болған жағдайда заңнама нормаларына сілтеме жасай отырып, оның сипаты көрсетіледі;

      "Бұзушылықтарды жою туралы нұсқама" деген 3-бөлімде - бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың шығарылғаны/шығарылмағаны туралы ақпарат көрсетіледі, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылған кезде күні мен реттік нөмірі көрсетіледі.;

      "Бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бойынша бұзушылықтар жойылды/жойылмады" деген 4-бөлімде бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі көрсетіледі;

      "Растаушы материалдар" деген 5-бөлімде - осы есептің растаушы құжаттарының тізбесі көрсетіледі.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 29 ақпандағы
№ 104 бұйрығына
80-қосымша

      Нысан
      Атқарушылық жазба
Мен _____________________________________________________________
(нотариустың аты, тегі, және әкесінің аты (бар болса)
________________________________________________________________________________
(нотариаттық округтің атауы, лицензияның нөмірі, берілген күні, лицензия берген орган)
"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ______-бабының негізінде осы құжат бойынша
________________________________________________________________________________
(борышкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), туған күні, тіркелген орны, жеке
сәйкестендіру нөмірі не атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның тіркелген орны,
банктік деректемелері, заңды тұлғаның деректемелері (басшысының не оның өкілінің тегі,
аты және әкесінің аты (бар болса)
пайдасына ____________________________________________________________________
(өндіріп алушының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), туған күні, тұрғылықты жері,
жеке сәйкестендіру нөмірі не атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның тіркелген
орны, банктік деректемелері, заңды тұлғаның деректемелері (басшысының не оның өкілінің
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)
аралығында қарыз сомасы ______________________________________
(қарыз өндіру мерзімі) (сомасы санмен және жазумен)
өндіріп алуға өкім етемін.
Сонымен бірге, көрсетілген ______________________________________________
(жеке/заңды тұлға, басқа ұйым)
атқарушылық жазба жасау кезінде өндіріп алушыға келтірілген шығын (жекеше
нотариустың нотариаттық әрекеттеріне ақы төлеу және пошта шығыстары)
____________________________ теңге (сомасы цифрмен және жазумен)
өндіріп алуға жатады. Өндіріп алуға жататын жалпы сома___________________ теңгені құрайды. (сомасы цифрмен және жазумен)
_______________________________________________________________ Атқарушылық жазба жасалған күні, айы, жылы (жазумен) Борышкер атқарушылық жазбаның көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған нотариусқа хабарлай отырып, жазбаша түрде мәлімделген талапқа қарсы қарсылық білдіруге құқылы. Егер борышкердің қарсылығы бойынша нотариус жасаған атқарушылық жазбаның күші жойылмаған және (немесе) мәжбүрлеп орындау үшін сот орындаушысына берілген жағдайда, борышкер оған, сондай-ақ нотариустың оның күшін жоюдан бас тартуына сот тәртібімен дау айтуға құқылы. Жеке тұлғаның өтінішіндегі қолдың түпнұсқалылығы нотариатты куәландырылады. Заңды тұлғаның атынан берілетін өтінішке бірінші басшы қол қояды, заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі. Егер заңды тұлға (шағын кәсіпкерлік субъектілері) мөрсіз жұмыс істесе, өтініш берушінің қолының түпнұсқалылығы нотариатты куәландырылады. Тізілімде №_____________________________________________ тіркелді
Өндірілді:_________________________________________________ теңге
Мөр Нотариус:________________________________________________ (қолы)

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
  2016 жылғы 29 ақпандағы
№ 104 бұйрығына
96-қосымша

      Нысан

      ӨСИЕТТІ ОРЫНДАУШЫНЫҢ (ӨСИЕТ ЖҮКТЕЛГЕН ӨКIЛДІҢ) ӨКІЛЕТТІКТЕРІН КУӘЛАНДЫРУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК

      (ауыл, кент, қала, аудан, облыс, республика) _______________________________
күні, айы, жылы жазумен ________________________________________________
Мен,___________________ нотариус ______________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)) (
мемлекеттік нотариаттық кеңсенің немесе
________________________________________________________________________
жекеше нотариустың нотариаттық округінің атауы, жекеше нотариустың лицензиясының нөмірі, берілген күні және лицензия берген орган)
      Өсиетті орындаушы (өсиет жүктелген өкiл)
________________________________________________ екенін куәландырамын
қайтыс болған ________________________________________________________
(мұра қалдырушының тегі, аты, әкесінің аты) (қайтыс болған күні-күні, айы, жылы цифрмен)
______________________________________________________ болып табылады
Өсиет жүктелген өкiлдің тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен орны, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері)
Өсиет бойынша орындаушының өкілеттіктеріне ______________________________
(мұра қалдырушының тегі, аты-жөні),
бастап "___" _____ жыл куәландырылған
_______________________________________________________________________________
(мемлекеттік нотариаттық кеңсенің немесе жеке нотариустың деректемелері немесе
      өсиетті куәландырған лауазымды тұлға)
және №______________ тізілімде тіркелген және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1059-бабында мыналар жатқызылған:
(Өсиет жүктелген өкiлдің өсиетінде және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1059-бабында көзделген барлық өкілеттіктері көрсетіледі).
Мұрагерлік іс № _____________
№___ Тізілімде тіркелген
Өндірілді: _________________________
Мөр
Нотариус __________________________
(қолы)

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
6-қосымша
  "Нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына лицензия
беру" мемлекеттік қызмет
көрсетуге қойылатын негізгі
талаптардың тізбесіне
3-қосымша
  Нысан

      Лицензияны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші
_________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру
      нөмірі) _________________________________________________________________
Тегімнің, атымның, әкемнің атының (ол болған жағдайда) өзгеруіне байланысты
      нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған
20___ жылғы "____" № _______________________,
_____________________________________________________________________
(лицензияның нөмірі(лері), лицензияны берген лицензиардың атауы) берілген
      лицензияны қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті
көрсету кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
Жеке тұлға ________ ______________________________________________ (қолы)
(тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" ____

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады