Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 17-1-бабы 2-тармағының төртінші бөлігіне және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің акцияларын не реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алу арқылы жүйелік маңызы бар банктерді реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру және мониторингтеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Заң департаментімен бірлесіп осы бірлескен қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бірлескен қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
__________Т. Сулейменов |
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
__________М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің акцияларын не реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алу арқылы жүйелік маңызы бар банктерді реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру және мониторингтеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің акцияларын не реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алу арқылы жүйелік маңызы бар банктерді реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру және мониторингтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 17-1-бабы 2-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес әзірленді және реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің акцияларын не реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алу арқылы жүйелік маңызы бар банктің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, депозиторлардың, өзге де кредиторлардың, банктің клиенттері мен корреспонденттерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жүйелік маңызы бар банкті реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру және мониторингтеу тәртібін (бұдан әрі – мемлекеттік инвестициялық жоба) айқындайды.
2. Қағидаларда Бюджет кодексінде, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" (бұдан әрі – Банктер туралы заң), "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ұғымдар пайдаланылады.
2- тарау. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру тәртібі
3. Мемлекеттік инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңесі жүйелік маңызы бар банкті реттеуге мемлекеттің қатысуы туралы мәселені мақұлдағаннан кейін қабылданатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе ұлттық басқарушы холдингтің реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің акцияларын не реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде іске асырылады.
4. Қазақстан Республикасының Қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес жүйелік маңызы бар банкті реттеуге мемлекеттің қатысуы туралы мәселені мыналарды:
1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның жүйелік маңызы бар банктің қызмет қабілетін бағалау нәтижелерін, оның реттеу жоспарын, сондай-ақ жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімнің жобасында көрсетілген реттеу құралдарының тізбесін, шарттарын және іске асырылуының болжамды мерзімдерін;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жүйелік маңызы бар банктің мәртебесі туралы, сондай-ақ жүйелік маңызы бар банкке не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкіне соңғы сатыдағы қарыз беру мүмкіндігі туралы ақпаратын;
3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның республикалық бюджет қаражатын және (немесе) өзге де мемлекеттік қаражатты пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктерді ұсыну мүмкіндігі туралы ақпаратын қоса алғанда, Банктер туралы заңның 94-бабының 2 және 3-тармақтарының ережелерін ескере отырып қарайды.
5. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес жүйелік маңызы бар банкті реттеу режиміне мемлекеттің қатысуы туралы мәселені мақұлдаған жағдайда, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган тиісті отырыс хаттамасына қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Басқармасының және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының бірлескен қаулыларын және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығын (бұдан әрі – бірлескен қаулылар және бұйрық), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің жүйелік маңызы бар банктің акцияларын не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алу туралы қаулысының жобасын жібереді.
Бірлескен қаулыларда және бұйрықта мына мәліметтер мен құжаттар қамтылады, бірақ олармен шектелмейді:
1) жүйелік маңызы бар банктің атауы және оны реттеу режиміне енгізген күн;
2) жүйелік маңызы бар банкті реттеу жоспары;
3) жүйелік маңызы бар банктің қызмет қабілетін бағалау нәтижелері;
4) жүйелік маңызы бар банкті реттеудің таңдалған құралы (құралдары);
5) жүйелік маңызы бар банктің меншікті капиталының шамасы, сондай-ақ оның орналастырылған акцияларының және жарияланған, бірақ орналастырылмаған немесе сатып алынған акцияларының саны туралы мәліметтер;
6) жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің меншікті капиталының шамасы, сондай-ақ оның орналастырылған акцияларының және жарияланған, бірақ орналастырылмаған немесе сатып алынған акцияларының саны туралы мәліметтер (тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алған жағдайда);
7) жүйелік маңызы бар банкті реттеуге мемлекеттің қатысу тәсілі: жүйелік маңызы бар банктің акцияларын не жүйелік маңызы бар банктің активтері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алу;
8) жүйелік маңызы бар банктің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру және оның пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, сондай-ақ макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтауын қамтамасыз ету үшін қажетті соманың есебі;
9) жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкін капиталдандыру сомасының есебі (тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алған жағдайда);
10) Банктер туралы заңның 94-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес бір акцияны орналастыру бағасының және сатып алынуға тиіс акциялар санының есебі.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыру туралы қаулысының жобасын бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп әзірлейді және одан әрі Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
7. Қағидалардың 5-тармағында көзделген материалдарды қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыру туралы шешім қабылдайды, онда мемлекеттің қатысу нысаны, сатып алынатын акциялардың көлемі мен бағасы, қаржыландыру көздері және аталған жобаны іске асыру мен мониторингтеу үшін жауапты органдар мен ұйымдар айқындалады.
Сатып алынатын акциялардың құны ұлттық басқарушы холдингтің меншікті капиталы мөлшерінің 10 (он) пайызынан аспайтын жағдайда акцияларды сатып алуды ұлттық басқарушы холдинг жүзеге асырады.
Сатып алынатын акциялардың құны ұлттық басқарушы холдингтің меншікті капиталы мөлшерінің 10 (он) пайызынан асатын жағдайда акцияларды сатып алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын мониторингтеу тәртібі
8. Мемлекеттік инвестициялық жобаның іске асырылуын мониторингтеуді ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыру туралы қаулысында айқындалған жауапты ұйымдар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қаражатты игеру барысы туралы есепті, бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде және қаржы жылының қорытындысы бойынша мемлекеттік инвестициялық жобаның іске асырылуы туралы ақпаратты береді.
Мемлекеттік инвестициялық жобаның іске асырылу барысы туралы есепке мыналарды қамтитын талдамалық анықтама қоса беріледі:
1) жүйелік маңызы бар банктің атауы;
2) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті куәлігімен расталатын акциялар (бағалы қағаздар) шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;
3) банктің қаржылық есептілігі.
9. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік рәсімдерді жүзеге асыруды және жүйелік маңызы бар банктің акцияларын не осындай банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алуға республикалық бюджеттен және (немесе) өзге де мемлекеттік қаражаттан қаражат аударуды қоса алғанда, Республикасы Үкіметінің мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыру туралы қаулысының орындалуын қамтамасыз етеді.
10. Қағидалардың 10-тармағында көзделген мемлекеттік инвестициялық жобаның іске асырылуын мониторингтеу шеңберінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 104 және 108-баптарының ережелерін ескере отырып:
1) қазынашылық органдарында бюджеттік міндеттемелерді тіркеу, растайтын құжаттарды тексеру, сондай-ақ оларды орындау кезінде төлемдер сомасының тіркелген бюджеттік міндеттемелерден асып кетуіне жол бермеу арқылы бюджеттік міндеттемелер мен бюджеттік төлемдердің сәйкестігін бақылауды;
2) бюджет қаражатын алушылардың шоттарына кейіннен есепке алу арқылы тіркелген бюджеттік міндеттемелер мен төлем құжаттары негізінде бірыңғай қазынашылық шоттан қаражатты есептен шығару жолымен бюджетті қазынашылық атқару тәртібімен бюджет қаражатын аударуды жүзеге асырады.
11. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде және қаржы жылының қорытындысы бойынша бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік қаражаттың игерілуі туралы ақпарат береді.
12. Уәкілетті орган реттеу режимін тоқтату туралы шешімді қабылданған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне не ұлттық басқарушы холдингке жібереді.
13. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның есебі негізінде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15- күніне дейінгі мерзімде және қаржы жылының қорытындысы бойынша мемлекеттік инвестициялық жобаның іске асырылу барысы туралы жиынтық есепті қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
14. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыру туралы қаулысы Банктер туралы заңның 94-бабының 13-тармағына сәйкес жүйелік маңызы бар банктің не тұрақтандыру банкінің акцияларын кейіннен жаңа инвесторға сату жөніндегі іс-шаралар аяқталғаннан кейін орындалды (іске асырылды) деп есептеледі.
Ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz/memleket/entities/ardfm интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Мемлекеттік қаражаттың игерілу барысы туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1- МҚИБЕ
Кезеңділігі: тоқсан сайын
қаржы жылының қорытындысы бойынша жылдық.
Есепті кезең: 20___ жылғы ___ тоқсан
20___ жыл
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: Акционерлік қоғам
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейін, қаржы жылының қорытындысы бойынша жылдық

Жинау әдісі: электронды түрде
1-бөлім | Мақсаты | Жүйелік маңызы бар банктің қаржылық орнықтылығын, депозиторлардың, өзге де кредиторлардың, клиенттердің және банк корреспонденттерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету | |||
Сомасы, мың теңге | |||||
Акционерлік қоғам | |||||
2-бөлім | Акциялар сатып алу | ||||
Мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыру есебінен орналастырылған акциялар саны, дана | Мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыру есебінен орналастырылған акциялардың құны, мың теңге | ||||
Кезеңде | Есепті кезеңде | Кезеңде | Есепті кезеңде | ||
Жарғылық капиталды ұлғайту, мың теңге | Жарғылық капитал мөлшерінің жиынтығы, мың теңге | ||||
Жоспар | Факт | Жоспар | Факт | ||
Атауы ______________________ Мекенжайы_____________________________
Телефоны ______________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________
Орындаушы ______________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқаратын адам
______________________________________ _______________ _____________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөр орны
| "Мемлекеттік қаражаттың игерілу барысы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымша |
"Мемлекеттік қаражаттың игерілу барысы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: 1- МҚИБЕ, кезеңділігі: тоқсан сайын, қаржы жылының қорытындысы бойынша жылдық)
1. Осы түсіндірме республикалық бюджеттің және (немесе) өзге мемлекеттік қаражаттың есебінен іске асырылатын мемлекеттік қаражаттың іске асырылу барысы туралы есепті құруға және ұсынуға арналған.
2. Құндық мәндегі барлық көрсеткіштер ондық таңбасыз мың теңгемен толтырылады.
3. Есепке ұйымның/акционерлік қоғамның бірінші басшысы қол қояды. Есеп бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға электрондық жеткізгіште ұсынылады.
Бөлімдерде мыналар көрсетіледі:
1-бөлімде мың теңгемен сома, акционерлік қоғамның атауы көрсетіледі.
2-бөлімде акционерлік қоғамдарға ақпарат ұсынылады, мұнда:
акцияларды сатып алу бойынша мыналар:
"Мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыру есебінен орналастырылған акциялар саны, дана" бағанында сатып алу кезеңінде және есепті кезеңде акциялардың саны;
"Мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыру есебінен орналастырылған акциялардың құны, мың теңге" бағанында сатып алу кезеңінде және есепті кезеңде акциялардың құны;
"Жарғылық капиталды ұлғайту, мың теңге" бағанында жарғылық капитал мөлшерінің жоспарлы және нақты көрсеткіштері;
"Жарғылық капитал мөлшерінің жиынтығы, мың теңге" бағанында жарғылық капитал мөлшерінің жоспарлы және нақты көрсеткіштері, мың теңгемен жиынтығы көрсетіледі.
Ұсынылады: бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz/memleket/entities/ardfm интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Мемлекеттік инвестициялық жобаның іске асырылу барысы туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 2-МИЖІБЕ
Кезеңділігі: тоқсан сайын
қаржы жылының қорытындысы бойынша жылдық.
Есепті кезең: 20___ жылғы ___ тоқсан
20___ жыл
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: Акционерлік қоғам
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейін, қаржы жылының қорытындысы бойынша жылдық

Жинау әдісі: электронды түрде
1-бөлім | Мақсаты | Жүйелік маңызы бар банктің қаржылық орнықтылығын, депозиторлардың, өзге де кредиторлардың, клиенттердің және банк корреспонденттерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету | ||
Сомасы, мың теңге | ||||
Акционерлік қоғам | ||||
2-бөлім | 1. Акциялар сатып алу | |||
Мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыру есебінен орналастырылған акциялар саны, дана | Мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыру есебінен орналастырылған акциялардың құны, мың теңге | |||
Кезеңде | Есепті кезеңде | Кезеңде | Есепті кезеңде | |
Жарғылық капиталды ұлғайту, мың теңге | Жарғылық капитал мөлшерінің жиынтығы, мың теңге | |||
Жоспар | Факт | Жоспар | Факт | |
2. Акциялар (бағалы қағаздар) шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер: | ||||
Атауы _____________________ Мекенжайы ___________________________
Телефоны ____________________________
Электрондық пошта мекенжайы _____________________
Орындаушы ______________________________________ ___________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқаратын адам
______________________________________ _______________ _____________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөр орны
| "Мемлекеттік инвестициялық жобаның іске асырылу барысы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымша |
"Мемлекеттік инвестициялық жобаның іске асырылу барысы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: 2- МИЖІБЕ, кезеңділігі: тоқсан сайынғы, қаржы жылының қорытындысы бойынша жылдық)
1. Осы түсіндірме республикалық бюджеттің және (немесе) өзге мемлекеттік қаражаттың есебінен іске асырылатын мемлекеттік инвестициялық жобаның іске асырылу барысы туралы есепті құруға және ұсынуға арналған.
2. Құндық мәндегі барлық көрсеткіштер ондық таңбасыз мың теңгемен толтырылады.
3. Есепке ұйымның/акционерлік қоғамның бірінші басшысы қол қояды. Есеп бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға электрондық жеткізгіште ұсынылады.
Бөлімдерде мыналар көрсетіледі:
1-бөлімде мың теңгемен сома, акционерлік қоғамның атауы көрсетіледі.
2-бөлімде акционерлік қоғамдарға ақпарат ұсынылады, мұнда:
"Акциялар сатып алу" 1-тармағында мыналар:
"Мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыру есебінен орналастырылған акциялар саны, дана" бағанында сатып алу кезеңінде және есепті кезеңде акциялардың саны;
"Мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыру есебінен орналастырылған акциялардың құны, мың теңге" бағанында сатып алу кезеңінде және есепті кезеңде акциялардың құны;
"Жарғылық капиталды ұлғайту, мың теңге" бағанында жарғылық капитал мөлшерінің жоспарлы және нақты көрсеткіштері;
"Жарғылық капитал мөлшерінің жиынтығы, мың теңге" бағанында жарғылық капитал мөлшерінің жоспарлы және нақты көрсеткіштері, мың теңгемен жиынтығы;
"Акциялар (бағалы қағаздар) шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер" 2-тармағында акциялар (бағалы қағаздар) шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер көрсетіледі.
