БҰЙЫРАМЫН:
1. "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу, жобалау, салу және (немесе) пайдалану процесін мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 297 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36606 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу, жобалау, салу және (немесе) пайдалану процесін мониторингтеу қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Өтінімге табиғи монополия субъектісінің бірінші басшысы және астананың, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімі немесе оның коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылым мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары жобалауға арналған тапсырмамен бірге қол қояды;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Табиғи монополия субъектісі ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүргізуге жобалау-сметалық құжаттаманы жібереді және Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 240 бұйрығымен бекітілген жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларымен (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38739 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен жобаны одан әрі бекітуді жүзеге асырады.";
энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу, жобалау, салу және (немесе) пайдалану процесін мониторингтеу қағидаларына 3-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын ұй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланған күннен кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"Жобаларды жүзеге асыру барысы туралы ақпарат" формасы
1. ТМС атауы:
2. Жобаның атауы:
3. Есептік кезең: " " __________ 20__ ж. – " " __________ 20__ ж.
4. Жобаны іске асырудың басталу күні:
5. Жобаны аяқтаудың жоспарланған күні:
6. Құрылыстың сметалық құны, мың теңге:
7. Есептік күнге дейін игерілген сома, мың теңге:
8. Орындаушы (ТАӘ, лауазымы, байланыс ақпараты):
9. Есепті жасау күні:
Жоба компоненттері бойынша жұмыстардың орындалуын мониторингтеу кестесі
№ | Жоба компонен-тінің атауы | Компоненттің сметалық құны, мың теңге | Жұмыстар көлемі (натуралды түрде) | Жұмыстың басталу мерзімі | Жұмыстың аяқталу мерзімі | Қолданылған материалдар, жабдықтар мен технологиялардың қысқаша сипаттамасы | Орындалған жұмыстардың сипаттамасы, ауытқулардың себептері (бар болса) | ||||
ЖСҚ бойынша жоспар | Нақты (жиынтық) | ҚМЖ кестесі бойынша | Факт | ҚМЖ кестесі бойынша | Нақты | ҚР өндірісі | Импорттық | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Осы өтінім формасында келесі қысқартулар пайдаланылады:
ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты;
ЖСҚ – жобалық-сметалық құжаттама;
ТМС – табиғи монополия субъектісі;
ҚМЖ – құрылыс-монтаж жұмыстары.
"Жобаларды жүзеге асыру барысы туралы ақпарат" формасын толтыру бойынша түсіндірме
1. Осы нысан энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында енгізілген жобалар бойынша ақпаратты жүйелі түрде жинау мен ұсынуға арналған
2. Кестені толтыру тәртібі:
1- бағанда "№" - реттік нөмірмен көрсетіледі. Келесі ақпарат реттік нөмірлеуді бұзбауы тиіс;
2-бағанда "Жоба компонентінің атауы" – нақты компоненттің атауы, ЖСҚ-да көрсетілген атауға сәйкес;
3-бағанда "Компоненттің сметалық құны, мың теңге" – ЖСҚ бойынша жабдықтар мен материалдарды қоса алғанда, компоненттің сметалық құны;
4-бағанда "Жұмыстар көлемі (натуралды түрде). ЖСҚ бойынша жоспар" – ЖСҚ бойынша жұмыстың көлемі (км, м³, дана, м² және т.б.);
5-бағанда "Жұмыстар көлемі (натуралды түрде). Нақты (жиынтық)" – есептік күнге орындалған нақты жұмыс көлемі, орындалған жұмыстар актілеріне сәйкес;
6-бағанда "Жұмыстың басталу мерзімі. ҚМЖ кестесі бойынша" – осы компонент бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары кестесіне сәйкес жұмыс басталатын күн көрсетіледі;
7-бағанда "Жұмыстың басталу мерзімі. Нақты" – жұмыстың нақты басталған күні көрсетіледі.
8-бағанда "Жұмыстың аяқталу мерзімі. ҚМЖ кестесі бойынша" – ҚМЖ кестесінде көзделген жұмыстардың аяқталу күні көрсетіледі;
9-бағанда "Жұмыстың аяқталу мерзімі. Нақты" – жұмыстардың нақты аяқталған күні немесе "жүргізілуде" деген белгі қойылады;
10-бағанда "Қолданылған материалдар, жабдықтар мен технологиялардың қысқаша сипаттамасы. ҚР өндірісі" – отандық өндірістегі пайдаланылған материалдар мен жабдықтардың атауы мен көлемі, олардың техникалық сипаттамалары (мысалы, өнімділік, диаметр, қуат), өндірушінің атауы және бірлік құны көрсетіледі;
11-бағанда "Қолданылған материалдар, жабдықтар мен технологиялардың қысқаша сипаттамасы. Импорттық" – импорттық шығу тегі бар материалдар, жабдықтар мен технологиялар бойынша ұқсас ақпарат беріледі. Мәліметтер жоба компоненттері бойынша нақты бөліністе көрсетілуі тиіс және ЖСҚ спецификацияларына әрі нақты жеткізілімдерге сәйкес келуі қажет;
12-бағанда "Орындалған жұмыстардың сипаттамасы, ауытқулардың себептері (бар болса)" – есепті кезең ішінде орындалған жұмыстардың көлемі мен сипаты сипатталады, барлық маңызды оқиғалар мен проблемалық мәселелер міндетті түрде көрсетіледі. Ауытқулар туындаған жағдайда олардың себептері (сот даулары, жобалық шешімдерді келіспеу, сатып алуларды қайта өткізу, ҚМЖ кестесінен кейін қалу, мердігердің объектіге келмеуі және басқа да мән-жайлар) көрсетіледі. Сондай-ақ осы бағанда тапсырыс беруші қабылдаған түзету шаралары сипатталады.
3. Фото және бейне тіркеу – есептіліктің міндетті элементі болып табылады. Әрбір есептік нысанға объектінің ағымдағы жай-күйін бейнелейтін кемінде үш фотосурет (мысалы, жұмыстардың басталуы, аралық кезең, ағымдағы прогресс) және ұзақтығы екі минуттан аспайтын жұмыс учаскесінің нақты жағдайын көрсететін бейнежазба қоса беріледі. Әрбір фото және бейнематериалда түсірілген күні, орны және қысқаша сипаттамасы көрсетілуі тиіс.
4. Ұсынылған барлық ақпарат құжат түрінде расталуы тиіс: орындалған жұмыстар актілерімен, ҚМЖ кестелерімен, тапсырыс беруші немесе мердігер ұсынған анықтамалармен, жабдықты жеткізу актілерімен, ведомостілермен және басқа да тиісті материалдармен.
5. Нысан электрондық форматта (Excel немесе Word) ұсынылады, оған ілеспе файлдар (фото/бейне — JPG, PNG, MP4 форматтарында) қоса беріледі, қажет болған жағдайда — қолтаңба және мөр қойылған қағаз нұсқада да ұсынылады.
