ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37295 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 14) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабының 23) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық нысанда көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін цифрлық жүйе.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) ) арқылы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын балық және басқада су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат алуға арналған өтінішті көрсетілетін қызметті берушіге береді.";
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДҚ) Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне орындауға береді.";
10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының операторына жібереді.";
15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:";
16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Көрсетілетін қызметті берушінің, балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:";
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7 | "Саны реттеуге жататын балық және басқа да су жануарларын алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 15 сәуірдегі № 138 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38471 болып тіркелген) бекітілген "Саны реттеуге жататын балық және басқа да су жануарларын алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес саны реттеуге жататын балық және басқа да су жануарларын алып қоюға рұқсат берудің нөмірі мен күні |
".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялануға тиіс және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының екінші, бесінші, он бесінші және он жетінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
________________________________________________________________________
_________________________________________________ғылыми ұйымына
(заңды тұлғаның толық атауы)
________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің аты, әкесінің аты (бар
болса), тегі мекенжайы ________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі, пәтер нөмірі (бар болса),
телефоны) деректемелері _______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға ғылыми қорытынды алуға арналған өтініш
Мынадай үлгілерді импорттауға, экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға
ғылыми қорытынды беруіңізді сұраймын:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда
туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су
жануарларының түрлері үлгілерінің атауы)
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.
Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш берілген күн 20____жылғы "___" _______________ .
____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы, мөрдің (бар болса) орны
(дара кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)
