"Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 21 шiлдедегi № 290 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 22 шiлдеде № 39369 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37295 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 14) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабының 23) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық нысанда көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін цифрлық жүйе.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) ) арқылы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын балық және басқада су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат алуға арналған өтінішті көрсетілетін қызметті берушіге береді.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДҚ) Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне орындауға береді.";

      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының операторына жібереді.";

      15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:";

      16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Көрсетілетін қызметті берушінің, балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

"Саны реттеуге жататын балық және басқа да су жануарларын алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 15 сәуірдегі № 138 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38471 болып тіркелген) бекітілген "Саны реттеуге жататын балық және басқа да су жануарларын алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес саны реттеуге жататын балық және басқа да су жануарларын алып қоюға рұқсат берудің нөмірі мен күні


      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жариялануға тиіс және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының екінші, бесінші, он бесінші және он жетінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2026 жылғы 21 шілдедегі
№ 290 бұйрығына 1-қосымша
  Құрып кету қаупі төнген
жабайы фауна мен флора
  түрлерімен халықаралық
сауда туралы конвенцияның
қолданылу аясына кіретін
балықтар мен басқа да су
жануарларының түрлерін
Қазақстан Республикасының
аумағына импорттауға,
Қазақстан Республикасының
аумағынан экспорттауға және
(немесе) кері экспорттауға
әкімшілік органның рұқсаттар
беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан

      ________________________________________________________________________

      _________________________________________________ғылыми ұйымына

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      ________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің аты, әкесінің аты (бар

      болса), тегі мекенжайы ________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі, пәтер нөмірі (бар болса),

      телефоны) деректемелері _______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға ғылыми қорытынды алуға арналған өтініш

      Мынадай үлгілерді импорттауға, экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға

      ғылыми қорытынды беруіңізді сұраймын:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда

      туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су

      жануарларының түрлері үлгілерінің атауы)

1

Мақсаты - импорт, экспорт және (немесе) кері экспорт


2

Мемлекеттік, орыс және латын тілдерінде атауы көрсетілген үлгі


3

Үлгінің сипаттамасы (тірі жануарлар (жынысы мен жасы) не олардың дериваттары (сәйкестендіру белгілерінің болуы)


4

Үлгілердің саны және (немесе) салмағы


5

Үлгілердің қайдан алынғаны (табиғаттан алынды, жасанды жолмен шығарылды немесе өсірілді немесе басқа елден қандай құжаттардың негізінде импортталды, тәркіленді, сатып алынды, сый немесе мұра ретінде алынды)


6

Түрлері Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы куәліктің нөмірі және күні (бар болса)


7

"Саны реттеуге жататын балық және басқа да су жануарларын алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 15 сәуірдегі № 138 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38471 болып тіркелген) бекітілген "Саны реттеуге жататын балық және басқа да су жануарларын алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес саны реттеуге жататын балық және басқа да су жануарларын алып қоюға рұқсат берудің нөмірі мен күні


8

Деректемелер:
заңды тұлғалар үшін – толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), бірінші басшының орыс және ағылшын тілдерінде аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), олардың телефондары немесе факстары;
жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің деректемелері (жеке тұлғалар үшін - ЖСН, дара кәсіпкер үшін – БСН, паспорттағы деректері (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, мекенжайы (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үйдің нөмірі, пәтер нөмірі (бар болса), орыс және ағылшын тілдерінде телефоны, олардың телефондары немесе факстары.


      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініш берілген күн 20____жылғы "___" _______________ .

      ____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы, мөрдің (бар болса) орны

      (дара кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2026 жылғы 21 шілдедегі
№ 290 бұйрығына 2-қосымша
Құрып кету қаупі төнген
жабайы фауна мен флора
түрлерімен халықаралық сауда
туралы конвенцияның
қолданылылу аясына кіретін
балықтар мен басқа да су
жануарларының түрлерін
Қазақстан Республикасының
аумағына импорттауға,
Қазақстан Республикасының
аумағынан экспорттауға және
(немесе) кері экспорттауға
әкімшілік органның рұқсаттар
беру қағидаларына
2-қосымша

"Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтармен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беруі" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті

2

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.
Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін.
Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы сағат 17.00-ден кейін немесе Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің - www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
2) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат алуға арналған өтініш;
2) экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы импортты, экспортты және (немесе) кері экспортты жасау туралы ниетті растайтын келісімшарттың немесе шарттың электрондық көшірмесі;
3) үлгілерді Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде, егер үлгі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгізілген жағдайда, экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттың немесе сертификаттың электрондық көшірмесі;
4) ғылыми ұйым қорытындысының электрондық көшірмесі.
Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті орындау сатысы туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 701 998, Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.


О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 октября 2025 года № 405 "Об утверждении Правил выдачи административным органом разрешений на импорт на территорию Республики Казахстан, экспорт и (или) реэкспорт с территории Республики Казахстан видов рыб и других водных животных, подпадающих под действие Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения"

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 21 июля 2026 года № 290. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 июля 2026 года № 39369

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 октября 2025 года № 405 "Об утверждении Правил выдачи административным органом разрешений на импорт на территорию Республики Казахстан, экспорт и (или) реэкспорт с территории Республики Казахстан видов рыб и других водных животных, подпадающих под действие Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 37295) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 23) статьи 9-1 Закона Республики Казахстан "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира", подпунктом 4) пункта 1 статьи 12 Закона Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях" и подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных и социально ответственных услугах" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах выдачи административным органом разрешений на импорт на территорию Республики Казахстан, экспорт и (или) реэкспорт с территории Республики Казахстан видов рыб и других водных животных, подпадающих под действие Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила выдачи административным органом разрешений на импорт на территорию Республики Казахстан, экспорт и (или) реэкспорт с территории Республики Казахстан видов рыб и других водных животных, подпадающих под действие Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения (далее − Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 23) статьи 9-1 Закона Республики Казахстан "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира" (далее – Закон), подпунктом 4) пункта 1 статьи 12 Закона Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях" и подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных и социально ответственных услугах" (далее – Закон о государственных и социально ответственных услугах) и определяют порядок выдачи административным органом разрешений на импорт на территорию Республики Казахстан, экспорт и (или) реэкспорт с территории Республики Казахстан видов рыб и других водных животных, подпадающих под действие Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения.";

      подпункт 5) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "5) веб-портал "цифрового правительства" – цифровой объект, представляющий собой "единое окно" доступа к консолидированной информации, размещаемой государственными органами и иными субъектами, участвующими в предоставлении государственных услуг, включая нормативную правовую базу, а также к государственным и иным услугам, оказываемым в электронной форме.";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Для получения государственной услуги физические и юридические лица (далее – услугополучатель) подают услугодателю через веб-портал "цифрового правительства" (далее – портал) заявление на получение разрешения на импорт на территорию Республики Казахстан, экспорт и (или) реэкспорт с территории Республики Казахстан видов рыб и других водных животных, подпадающих под действие Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения по форме согласно приложению 3 к Правилам в форме электронного документа, удостоверенного электронной цифровой подписью (далее – ЭЦП) услугополучателя, с приложением документов, указанных в пункте 8 Перечня.";

      часть первую пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Услугодатель в день поступления заявления осуществляет прием и регистрацию заявления в цифровой системе "Государственная база данных "Е-лицензирование" (далее – ГБД "Е-лицензирование"), указанных в пункте 8 Перечня, и передает их на исполнение в ответственное структурное подразделение услугодателя.";

      часть первую пункта 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Уполномоченный орган в области рыбного хозяйства направляет информацию о порядке оказания государственных услуг и внесенных изменениях и (или) дополнениях в Правила оператору цифровой инфраструктуры "цифрового правительства".";

      абзац первый пункта 15 изложить в следующей редакции:

      "15. Жалоба услугополучателя в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона о государственных и социально ответственных услугах подлежит рассмотрению:";

      абзац первый пункта 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Срок рассмотрения жалобы услугодателем, уполномоченным органом в области рыбного хозяйства, уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг в соответствии с пунктом 4 статьи 25 Закона о государственных и социально ответственных услугах продлевается не более чем на 10 (десять) рабочих дней в случаях необходимости:";

      приложения 1 и 2 к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложениям 1 и 2 к настоящему приказу;

      в приложении 3 к указанным Правилам:

      строку, порядковый номер 7 изложить в следующей редакции:

      "

7

Номер и дата разрешения на изъятие рыб и других водных животных, численность которых подлежит регулированию согласно Правилам оказания государственной услуги "Выдача разрешения на изъятие рыб и других водных животных, численность которых подлежит регулированию", утвержденных приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 15 апреля 2026 года № 138 "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Выдача разрешения на изъятие рыб и других водных животных, численность которых подлежит регулированию" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 38471)


      ".

      2. Комитету рыбного хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ подлежит официальному опубликованию и вводится в действие с 12 июля 2026 года, за исключением абзацев второго, пятого, пятнадцатого и семнадцатого пункта 1 настоящего приказа, которые вводятся в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
А. Сапаров

      "СОГЛАСОВАН"
      Министерство искусственного
      интеллекта и цифрового развития
      Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 21 июля 2026 года № 290
  Приложение 1 к Правилам
выдачи административным
органом разрешений на импорт
на территорию
Республики Казахстан,
экспорт и (или) реэкспорт с территории
Республики Казахстан видов рыб
и других животных, подпадающих
под действие Конвенции о международной
торговле видами дикой фауны
и флоры, находящимися
под угрозой исчезновения
  Форма

      В научную организацию ____________________________________________________
      __________________________________________________________________________
                        (полное наименование юридического лица)
      от _______________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      (полное наименование юридического лица, фамилия, имя, отчество (при его наличии) физического лица, индивидуального предпринимателя)
      адрес_____________________________________________________________________
      _________________________________________________________________________
      (индекс, область, город, район, улица, номер дома, номер квартиры (при наличии), телефон)
      реквизиты ________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      (бизнес-идентификационный номер/индивидуальный идентификационный номер)

Заявление на получение научного заключения на импорт на территорию Республики Казахстан, экспорт и (или) реэкспорт с территории Республики Казахстан видов рыб и других водных животных, подпадающих под действие Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения

      Прошу выдать научное заключение на импорт, экспорт и (или) реэкспорт образцов
      _________________________________________________________________________
      _________________________________________________________________________
      (наименование образца вида рыб и других водных животных, подпадающих под действие Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения)

1

Цель - импорт, экспорт и (или) реэкспорт


2

Образец с указанием его названия на государственном, русском и латинском языках


3

Описание образца (живые животные (пол и возраст) либо их дериваты (наличие идентифицирующих меток)


4

Количество и (или) вес образцов


5

Происхождение образца (изъято из естественной среды обитания, выведено или выращено в искусственных условиях, или на основании каких документов, подтверждающих приобретение: импортировано из другой страны, конфисковано, получено в качестве дара или наследства)


6

Номер и дата свидетельства о регистрации (перерегистрации) юридического лица, регистрации индивидуального предпринимателя, либо о начале деятельности в качестве индивидуального предпринимателя, осуществляющих искусственное разведение животных, виды которых включены в приложения I и II Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения (при наличии)


7

Номер и дата разрешения на изъятие видов рыб и других водных животных, численность которых подлежит регулированию согласно Правилам оказания государственной услуги "Выдача разрешения на изъятие рыб и других водных видов животных, численность которых подлежит регулированию", утвержденных приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 15 апреля 2026 года № 138 "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Выдача разрешения на изъятие рыб и других водных животных, численность которых подлежит регулированию" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 38471)


8

Реквизиты:
для юридических лиц - полное наименование, бизнес-идентификационный номер (далее - БИН), фамилия, имя, отчество (при его наличии) и индивидуальный идентификационный номер (далее - ИИН) первого руководителя на русском и английском языках, их телефоны или факсы;
для физических лиц - реквизиты заявителя (для физических лиц – ИИН, для индивидуального предпринимателя - БИН, паспортные данные (фамилия, имя, отчество (при его наличии), адрес (индекс, область, город, район, улица, номер дома, номер квартиры (при наличии), телефон на русском и английском языках, их телефоны или факсы.


      Подтверждаю достоверность представленной информации и даю согласие на использование сведений, составляющих охраняемую тайну, а также на сбор, обработку, хранение, выгрузку и использование персональных данных в соответствии с Законом Республики Казахстан "О персональных данных и их защите".

      Согласен на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в цифровых системах.
      Дата подачи заявления "___" __________20 ____ года.
      __________________________________________________________________________
      (фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись, место печати

      (за исключением лиц, являющихся субъектами частного предпринимательства)

  Приложение 2 к приказу
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 21 июля 2026 года № 290
  Приложение 2
к Правилам выдачи
административным органом
разрешений на импорт на территорию
Республики Казахстан, экспорт
и (или) реэкспорт с территории
Республики Казахстан видов
рыб и других водных животных,
подпадающих под действие
Конвенции о международной
торговле видами дикой
фауны и флоры, находящимися
под угрозой исчезновения

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги "Выдача административным органом разрешений на импорт на территорию Республики Казахстан, экспорт и (или) реэкспорт с территории Республики Казахстан видов рыб и других водных животных, подпадающих под действие Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения в сфере рыбного хозяйства"

1

Наименование услугодателя

Комитет рыбного хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

2

Способы предоставления государственной услуги

Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются через веб-портал "цифрового правительства" www.egov.kz (далее – портал)

3

Срок оказания государственной услуги

3 (три) рабочих дня

4

Форма оказания государственной услуги

Электронная (частично цифровизированная)

5

Результат оказания государственной услуги

Разрешение на импорт на территорию Республики Казахстан, экспорт и (или) реэкспорт с территории Республики Казахстан видов рыб и других водных животных, подпадающих под действие Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения по форме, согласно приложению 4 к Правилам либо мотивированный отказ в оказании государственной услуги.
Уведомление о месте выдачи результата оказания государственной услуги в форме электронного документа, подписанного ЭЦП уполномоченного лица услугодателя направляется на портал в "личный кабинет" услугополучателя.

6

Размер платы, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Бесплатно

7

График работы услугодателя и цифровые объекты

Услугодатель − с понедельника по пятницу включительно, в соответствии с установленным графиком работы с 8.00 до 17.30 часов с перерывом на обед с 13.00 до 14.30, за исключением выходных и праздничных дней, согласно трудовому законодательству Республики Казахстан и статьи 5 Закона Республики Казахстан "О праздниках в Республике Казахстан".
Портал − круглосуточно, за исключением технических перерывов, связанных с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после 17.00 часов или в выходные и праздничные дни, согласно трудовому законодательству Республики Казахстан и статьи 5 Закона Республики Казахстан "О праздниках в Республике Казахстан", прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем). Адреса мест оказания государственной услуги размещены на:
1) интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан – www.minagri.gov.kz, раздел "Государственные услуги";
2) портале.

8

Перечень документов необходимых для оказания государственной услуги

1) заявление на получение разрешения на импорт на территорию Республики Казахстан, экспорт и (или) реэкспорт с территории Республики Казахстан видов рыб и других водных животных, подпадающих под действие Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения в форме электронного документа, удостоверенное ЭЦП услугополучателя, по форме согласно приложению 3 к Правилам;
2) электронная копия контракта или договора между экспортером и импортером, подтверждающего намерения о совершении импорта, экспорта и (или) реэкспорта;
3) при импорте образцов на территорию Республики Казахстан электронная копия разрешения или сертификата на экспорт и (или) реэкспорт в случае, если образец включен в приложения 1, 2, 3 Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения;
4) электронная копия заключения научной организации.
Справка о регистрации (перерегистрации) юридического лица, сведения о регистрации индивидуального предпринимателя, либо о начале деятельности в качестве индивидуального предпринимателя, о документе, удостоверяющем личность физического лица услугодатель получает из государственных цифровых систем через шлюз "цифрового правительства".

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законами Республики Казахстан

1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям Правил;
3) отсутствие согласия услугополучателя, предоставляемого в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", на доступ к персональным данным ограниченного доступа, которые требуются для оказания государственной услуги.

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме и через Государственную корпорацию

Услугополучатель имеет возможность получения информации о стадии исполнения государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета" портала, а также Единого контакт-центра.
Контактные телефоны справочной службы по вопросам оказания государственной услуги: 8 (7172) 701 998, Единого контакт-центра: 1414, 8 800 080 7777.