ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 23) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 30 қазандағы № 405 бұйрығымен бекітілген |
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабының 23) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай айқындамалар пайдаланылады:
1) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) ғылыми орган – "Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенциядан туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 1994 қаулысымен айқындалған Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция бойынша міндеттемелерді орындауға арналған ғылыми ұйым (бұдан әрі – ғылыми ұйым);
3) Конвенция – "Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы қосылған Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция;
4) үлгі – Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгізілген тірі немесе өлі балық және басқа да су жануарлары немесе оның оңай танылатын кез келген бөлігі немесе оның дериваты;
5) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық нысанда көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе.
2-тарау. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын балық және басқа да су жануарларын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру тәртібі
1-параграф. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. "Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын балық және басқада су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беруі" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) әкімшілік органның атынан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
"Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын балық және басқада су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беруі" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) ) арқылы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын балық және басқада су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат алуға өтінішті Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында береді.
5. Портал арқылы өтініш жіберілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті тіркеу, қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – МБД) Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне орындауға береді.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды қалыптастырады және оны көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау" МБД "жеке кабинетіне" жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды Қағидаларға сәйкестігіне қарайды және Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат беру туралы шешімді (бұдан әрі – рұқсат) не Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды шығарады.
Порталға көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау" МБД "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында рұқсат беру орны туралы хабарлама жіберіледі.
7. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
8. Өтініш берушіге (не сенімхат бойынша өкілге) рұқсатты әкімшілік орган Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат беру журналына тіркеп, береді.
9. Рұқсат Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді. Рұқсаттың әрекет ету мерзімі ол берілген сәттен бастап алты айды құрайды.
10. Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.
Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
2-параграф. Ғылыми қорытынды беру тәртібі
11. Конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат алуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттардың бірі ғылыми ұйымның қорытындысы болып табылады.
Конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға ғылыми қорытынды алу үшін өтініш беруші қағаз нысанда ғылыми ұйымға мыналарды жолдайды:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға ғылыми қорытынды алуға өтініш;
2) үлгілерді Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған кезде, егер үлгі Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгізілген жағдайда: экспорттауға рұқсаттың немесе кері экспорттауға сертификаттың көшірмесін;
3) үлгілерді Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттаған және (немесе) кері экспорттаған кезде: осы іс-әрекетті жасау туралы ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарттың немесе шарттың көшірмесі, сондай-ақ импортталатын, экспортталатын және (немесе) кері экспортталатын өнімнің саны мен көлемі, жынысы, өнім түрі мен оның сипаттамасы (тірі, консервіленген, ұрықтандырылған, криоконсервіленген) туралы мәліметтер ұсынылған құжат;
4) Қазақстан Республикасында қолдан өсірілген үлгілерді Қазақстан Республикасының аумағына экспорттаған және (немесе) кері экспорттаған кезде: түрлері Конвенцияның I және II қосымшаларына енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу туралы куәлік, аралық бонитирлеу актілері, сондай-ақ сатып алынған жағдайда үлгілерді сатып алу туралы құжаттардың (жүкқұжат, шарт, актілер) көшірмелері.
12. Ғылыми ұйым құжаттар келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды қарайды және ғылыми қорытынды береді не мынадай жағдайларда ғылыми қорытынды беруден бас тартады:
1) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға ғылыми қорытынды алуға өтініш белгіленген нысанда ұсынылмауы;
2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес мәліметтердің болуы;
3) егер үлгілердің импорты, экспорты және (немесе) кері экспорты олардың өмір сүруіне қауіп төндірсе.
13. Ғылыми қорытынды ғылыми ұйымның фирмалық бланкісінде ресімделеді, оған уәкілетті лауазымды адам қол қояды және ғылыми ұйымның мөрімен бекітіледі.
3-параграф. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының, балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның атына мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
Бұл ретте, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік актіні қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
15. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші, балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
16. Көрсетілетін қызметті берушінің, балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабарлайды.
17. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Нысан
_____________________________________________________________________
____________________________________________________ғылыми ұйымына
(заңды тұлғаның толық атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі мекенжайы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі, пәтер нөмірі (бар болса),
телефоны)
деректемелері
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға ғылыми қорытынды алуға арналған өтініш
Мынадай үлгілерді импорттауға, экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға ғылыми қорытынды беруіңізді сұраймын:
___________________________________________________________________
(Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлері үлгілерінің атауы)
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш берілген күн 20____жылғы "___" ________________.
___________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы, мөрдің (бар болса) орны (дара кәсіпкерлік
субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)
"Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтармен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беруі" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті. |
2 | Көрсетілетін мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 3 (үш) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат беру не уәжді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат алуға арналған электрондық құжат нысанындағы өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті орындау сатысы туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. |
Нысан
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат алуға арналған өтініш
Үлгілерді импорттауға, экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат беруді сұраймын.
___________________________________________________________________
1 | Мақсаты - импорт, экспортт және (немесе) кері экспорт | |
2 | Мемлекеттік, орыс және латын тілдерінде атауы көрсетілген үлгі | |
3 | Үлгінің сипаттамасы (тірі жануарлар (жынысы мен жасы) немесе олардың дериваттары (сәйкестендіру белгілерінің болуы) | |
4 | Үлгілердің саны және (немесе) салмағы (уылдырықты экспорттау және (немесе) кері экспорттау кезінде түрлері бойынша сыйымдылықтардың саны мен көлемін қосымша көрсету) | |
5 | Үлгінің шығу тегі (табиғаттан алынды, жасанды жағдайларда шығарылған немесе өсірілген, басқа елден қандай құжаттардың негізінде импортталды, тәркіленді, сатып алынды, сый немесе мұра ретінде алынды және тағы басқалар) | |
6 | Егер үлгілер Қазақстан Республикасының аумағында қолдан өсірілген болса, Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның (-лардың) нөмірі және күні (бар болса) | |
7 | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 347 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22000 болып тіркелген) бекітілген "Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға арналған рұқсаттың нөмірі және күні | |
8 |
Деректемелер: |
Нысан
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлері мен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат
| Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу асяна кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе)кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру журналы
Р/с | Кімге берілді | Үлгінің атауы | Саны | Қайда/қайдан | Рұқсат беру күні және нөмірі | Алушының аты, әкесінің аты (бар болса) тегі,сенімхат | Алушының қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
| Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
[Уәкілетті органның атауы] |
| [Наименование уполномоченного органа] |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту
Берілген күні: [берілген күні]
[Көрсетілетін қызметті алушының атауы]
Тіркеу орны: облыс:
[Облыс] Ауданы: [Аудан]
Қала / елді мекен: [қала/елді мекен]
[жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі] [БСН/ЖСН]
Мемлекеттік тіркеу күні [күні]
Бас тарту себебі:
[Бас тарту себебі] [қол қоюшы лауазымы]
[Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]
____________ ___________________________________
______________________________
(лауазымы) ( аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (электрондық цифрлық қолтаңбасы)
20___ жылғы "____" _____



