Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 703/НҚ "Астана Хаб" дербес кластерлік қоры қызметінің қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 17 шiлдедегi № 421/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 20 шiлдеде № 39352 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 703/НҚ ""Астана Хаб" дербес кластерлік қоры қызметінің қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37807 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Астана Хаб" дербес кластерлік қоры қызметінің қағидаларында:

      4-тармақтың:

      бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген Қордың функцияларын орындау цифрлық технологияларды дамытуды ынталандыру мақсаты үшін Қор әзірлейтін бағдарламаларды іске асыру арқылы мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:";

      9) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) цифрлық технологиялар саласында талдамалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;

      10) цифрлық технологиялар саласында технологиялық бизнес-инкубациялау;";

      12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) цифрлық технологиялар саласындағы отандық және шетелдік сарапшыларды тарту;";

      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) беру немесе айрықша (мүліктік) құқықтарды ұсыну туралы шарт бойынша цифрлық технологиялар саласындағы отандық әзірлемелердің нәтижелерін коммерциялық іске асыру және (немесе) оларға құқықтарды беру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;";

      7-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 536-бабының 2), 3), 4) және 9) тармақшаларында көрсетілген тауарларды ілгерілетуге, маркетингке және (немесе) өткізу көлемін ұлғайтуға бағытталған жобаларды іске асырмауы тиіс;";

      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) өтінім берушінің жобасы шеңберінде ұсынылатын тауарлар, жұмыстар және (немесе) көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының "Ойын бизнесі туралы" Заңына сәйкес ойын бизнесі саласындағы қызметті құруға, оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, қолдауға, ілгерілетуге немесе қызмет көрсетуге, сондай-ақ қаржылық (инвестициялық) пирамидаға және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған кез келген өзге қызметке бағытталмайды.

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қор қатысуға арналған өтініш, сондай-ақ осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген мәліметтер жіберілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде олардың толықтығы мен дұрыстығын, сондай-ақ осы Қағидаларда көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарайды.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. "Астана Хаб" қатысушысы қызметі шарттарының үлгілік шартына қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде "Астана Хаб" қатысушысын тіркеу туралы куәлік беріледі.";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. "Астана Хаб" қатысушысы ретіндегі қатысу мерзімі және оның аяқталуы";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. "Астана Хаб" қатысушысы ретіндегі қатысу мерзімін Қор айқындайды және ол 1 (бір) жылдан кем болмауға тиіс.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Қатысу мерзімін ұзартуға өтініш Қорға қатысу мерзімі аяқталғанға дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

      Қатысу мерзімі ұзартылған кезде Қор "Астана Хаб" қатысушысын тіркеу туралы куәлікке тиісті өзгерістер енгізеді.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. "Астана Хаб" қатысушысының қатысуы жоспарлы немесе мерзімінен бұрын тәртіппен аяқталады.";

      28-тармақтың:

      бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. "Астана Хаб" қатысушысының қатысуын мерзімінен бұрын тоқтату мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:";

      7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) "Астана Хаб" қатысушысының осы Қағидалардың 31-1-тармағында және "Астана Хаб" қатысушысы қызметі шарттарының үлгілік шартында көзделген міндеттемелерді орындамауы;";

      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) заңды күшіне енген сот актісімен расталған, қатысушының не ол іске асырып отырған жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған қызметті жүзеге асыру фактісін анықтауы.";

      30 және 31 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Осы Қағидалардың 28-тармағының 1), 2), 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда Қор "Астана Хаб" қатысушысының мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені Комиссияның қарауына шығарады.

      Комиссия осы Қағидалардың 28-тармағының 1), 2) және 7) тармақшаларында көзделген негіздемелер болған кезде "Астана Хаб" қатысушысының қатысуды және мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      31. "Астана Хаб" қатысушысы "Астана Хаб" қатысушысы ретінде қатысу кезеңінде осы Қағидаларда, Қордың ішкі нормативтік құжаттарында және "Астана Хаб" қатысушысы қызметі шарттарының үлгілік шартында белгіленген қарсы міндеттемелерді орындауды өзіне қабылдайды.";

      мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:

      "31-1. Цифрлық технологиялар саласын дамыту мақсатында "Астана Хаб" қатысушысы IT-экожүйені дамытуға, білімді, тәжірибені және үздік практикаларды таратуға, кадрлық әлеуетті дамытуға, кәсіби құзыреттерді арттыруға, цифрлық технологиялар саласындағы жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, салалық өзара іс-қимылды ынталандыруға және (немесе) инновациялық белсенділікті қолдауға бағытталған қарсы міндеттемелерді өзіне қабылдайды.

      Қарсы міндеттемелердің көлемі Қордың ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген тәртіппен қатысушы жұмыскерлерінің саны мен оның қаржы-шаруашылық қызметінің көлемі ескеріле отырып, сараланған негізде айқындалады.

      Көрсетілген міндеттемелерді орындау Қордың оларды орындауды есепке алу мен мониторинг жүргізуді көздейтін интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылады.";

      32-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қордың сұрау салуы келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде "Астана Хаб" қатысушысы өзі төлеуші болып табылатын салықтар, алымдар (баждар) бойынша мемлекеттік статистикалық есептіліктің, салық декларацияларының (есептердің) көшірмелерін ұсынады.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Жылдық кірісі айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен асатын "Астана Хаб" қатысушылары жыл сайын 20 шілдеге дейін кірістер құрылымы және қызметтің АКТ саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесі талаптарына сәйкестігі туралы есепті және (немесе) қорытындыны ұсынады.

      Есепте және (немесе) қорытындыда көрсетілген мәліметтер Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы" Заңына сәйкес аудитормен расталады.";

      40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. "Астана Хаб" қатысушыларының қызметін мониторингтеу және бағалау нәтижелері бойынша Қор "Астана Хаб" қатысушысының жобаны одан әрі іске асыруының орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытынды дайындайды.

      41. Қор тоқсан сайын цифрландыру саласындағы уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі күнтізбелік ай ішінде жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша қатысушылардың жобаларын іске асырудың орындылығы туралы талдамалық ақпарат дайындайды.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-қосымша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық даму
министрдің міндетін атқарушы
М. Олжабеков

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп
және құрылыс министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрдің
атқарушы
2026 жылғы 17 шілдедегі
№ 421/НҚ
бұйрығына Қосымша 1
"Астана Хаб" дербес
кластерлік қоры
қызметінің қағидаларына
1-қосымша

Жобаның бизнес-жоспарында сипаттауға қажетті мәліметтер

Р/с №

Жобаның (жобалардың) бизнес-жоспарында сипаттауға қажетті мәліметтер тізбесі

1.

Сипаттамасы, мақсаттары мен міндеттері бар жобаның (жобалардың) атауы

2.

Жобаны (жобаларды) іске асырудың орны

3.

Цифрландыру объектісіне меншік құқығының туындау негізі.
Патенттік-лицензиялық қорғау, авторлық құқықтар, сауда белгілері және басқа да зияткерлік меншік объектілері туралы мәліметтер (бар болса).

4.

Команда туралы мәліметтер. Жобаны нақты жүзеге асыру үшін қажетті біліктілігі және (немесе) еңбек өтілі және (немесе) тәжірибесі, оның ішінде жобаны іске асыру үшін резидент пен бейрезиденттерді тарту жоспарланып отырғаны туралы көрсетілген қызметкерлердің штат саны.

5.

Жобаның (жобалардың) дайындық сатысы

6.

Жоба (жобалардың) тиімділігінің түйінді көрсеткіштері (KPI)

7.

Жобаның техникалық сипаттамасы (архитектура, құрылымы, қолданылатын шешімдер)

8.

"Астана Хаб" қатысушысы ретінде қатысу кезеңіне жобаны (жобаларды) іске асыруға жоспарланған шығыстардың сметасы.

9.

Жоба (жобалар) шеңберінде ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің, мүліктік құқықтардың түрлері.
Сату тәсілі және болжамды сатудың күтілетін жыл сайынғы көлемі, түсім (кіріс) ("Астана Хаб" қатысушысы ретінде қатысу кезеңіне көрсетіледі).

10.

Клиенттер/әлеуетті клиенттер

11.

11. "Астана Хаб" қатысушысы ретінде қатысу кезеңіне жобаны (жобаларды) іске асыру үшін қажетті іс-шаралар жоспары (жобаны іске асыру және дамыту үшін қажетті нақты іс-шараларды (қадамдарды) сипаттау).

      *Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметтің бірнеше басым түрлерін жүзеге асыру жоспарлағанда өтініш беруші бизнес-жоспарда әрбір қызмет түрі шеңберіндегі барлық жобаларды көрсетеді.

  Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму
министрдің атқарушы
2026 жылғы 17 шілдедегі
№ 421/НҚ
"Астана Хаб" дербес
кластерлік қоры
қызметінің қағидаларына
2-қосымша
Нысан

"Астана Хаб" қатысушысын тіркеу туралы КУӘЛІК

      ________________________________________________________берілді атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________________________ мекенжайы

      Берілген күні: _____________

      Қолданылу кезеңі: ____________

      Тіркеу нөмірі _________

      QR-код

      Ескертпе: куәлік электрондық түрде беріледі. QR-кодтың болуы куәліктің қолданылуын растау үшін пайдаланылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады