БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 17 ақпандағы № 168 "Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алуға арналған үлгілік конкурстық құжаттаманы бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38001 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы төмендегідей редакцияда жазылсын:
"Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға құқық беру жөніндегі қызметті сатып алу бойынша үлгілік конкурстық құжаттаманы бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану құқығын ұсыну жөніндегі қызметті сатып алу бойынша үлгілік конкурстық құжаттама бекітілсін.";
аталған бұйрықпен бекітілген Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану құқығын ұсыну жөніндегі қызметті сатып алу бойынша үлгілік конкурстық құжаттамада:
тақырыбы төмендегідей редакцияда жазылсын:
"Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану құқығын ұсыну жөніндегі қызметті сатып алу бойынша үлгілік конкурстық құжаттама";
2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) үлгілік нысандар:
осы КҚ-ға 4-қосымшаға сәйкес авторлық құқық объектілерін пайдалану құқығын ұсыну жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт;
осы КҚ-ға 5-қосымшаға сәйкес сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану құқығын ұсыну жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт.";
1, 2, 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
"Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану құқығын беру жөніндегі қызметтерді сатып алу үлгілік конкурстық құжаттамаға 4-қосымша";
тақырыбы төмендегідей редакцияда жазылсын:
"Авторлық құқық объектілерін пайдалану құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың үлгілік нысаны";
жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
"Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану құқығын беру жөніндегі қызметтерді сатып алу үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымша";
тақырыбы төмендегідей редакцияда жазылсын:
"Сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану құқығын беру жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың үлгілік нысаны";
3.3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалана отырып, құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформа арқылы жасалған лицензиялық шарт бойынша сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланғаны үшін Тапсырыс беруші Өнім берушіге тоқсан сайын сыйақы төлейді, бұл сыйақы Өнім беруші бекіткен мөлшерлемелер бойынша, бірақ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 400 "Туындыларды пайдаланудың кейбір түрлері үшін авторлық сыйақының ең төменгі мөлшерлемелерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32874 болып тіркелген) және № 401 "Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32834 болып тіркелген) бұйрықтарымен бекітілген авторлық сыйақының, сондай-ақ орындаушылар мен фонограмма өндірушілеріне төленетін сыйақының ең төменгі мөлшерлемелерінен кем емес мөлшерде төленеді;";
3.3-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Шарттың 3.3-тармағының 7) тармақшасында көзделген сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланғаны үшін сыйақыны Тапсырыс беруші төлем шотын қоса бере отырып, екі Тарап қол қойған көрсетілген қызметтер актісінің негізінде жазылған төлем шотын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Өнім берушінің есеп шотына аударады.".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты оның ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. |
Б. Жакселекова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Авторлық құқық объектілерін және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға құқық беру жөніндегі лоттардың тізбесі және көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттары
(бекітілген жылдық жоспар негізінде қалыптастырылады)
Конкурс № _____________________________
Конкурстың атауы: авторлық құқық объектілерін және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану құқығын беру жөніндегі қызметтерді сатып алу
Лот № | Тапсырыс берушінің атауы | Қызмет атауы* | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі | Жеткізу шарттары (ИНКОТЕРМС 2010 талаптарына сәйкес) | Қызмет көрсету мерзімі | Қызмет көрсету орны | Аванстық төлем мөлшері, % | Лот бойынша бөлінген сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1. | |||||||||
2. |
*Қызметтің толық сипаттамасы техникалық ерекшелікте көрсетіледі.
| Бұйрыққа 2-қосымша | |
| Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымша |
Мемлекеттік сатып алу шеңберінде көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары (тапсырыс беруші толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы ________________________________________
Ұйымдастырушының атауы _______________________________________
Конкурс № _____________________________________________________
Конкурстың атауы: авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу
Лот № _________________________________________________________
Лоттың атауы___________________________________________________
Әлеуетті өнім беруші келесі біліктілік талаптарына сай болуы тиіс.
1. Уәкілетті орган берген, құқықтарды ұжымдық басқару салаларында қызметті жүзеге асыруға арналған аккредиттеу туралы куәліктің болуы, оның қолданылу мерзімі авторлық құқық объектілерін және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзіміне сәйкес келуі тиіс.
2. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы (веб-порталда мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде автоматты түрде айқындалады).
3. Банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпайды.
4. Қажетті материалдық және еңбек ресурстарының болуы.
Материалдық ресурстар:
№ | Материалдық ресурстардың атауы | Саны | Растайтын құжаттар |
1 | Құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформаға қолжетімділіктің болуы | 1 | Құқықтарды ұжымдық басқару саласында бірыңғай цифрлық платформаны пайдалану туралы шарт |
Еңбек ресурстары:
№ | Еңбек ресурстарының атауы | Саны |
1 | Талап етілмейді |
| Бұйрыққа 3-қосымша | |
| Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымша |
Сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі (тапсырыс беруші толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы ____________________________________________
Ұйымдастырушының атауы____________________________________________
Конкурс № __________________________________________________________
Конкурстың атауы: авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу
Лот № ______________________________________________________________
Лоттың атауы _______________________________________________________
Көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы кодының атауы* | |
Көрсетілетін қызмет атауы |
Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу (лотқа байланысты таңдалады): |
Өлшем бірлігі* | |
Саны (көлемі)* | |
Қосылған құн салығын есептемегендегі бірлік бағасы* | |
Қосылған құн салығын есептемегенде сатып алуға бөлінген жалпы сома* | |
Қызмет көрсету мерзімі* | |
Қажетті сипаттамалардың, параметрлердің және өзге де бастапқы деректердің сипаттамасы: | |
Әлеуетті өнім берушіні жеңімпаз деп айқындаған және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда әлеуетті өнім берушіге қойылатын талаптар (қажет болған жағдайда көрсетіледі) (көрсетілген мәліметтерді көрсетпегені және ұсынбағаны үшін әлеуетті өнім берушіні қабылдамауға жол берілмейді) |
1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге мынадай байланысты қызметтер кешенін көрсетуге міндеттенеді: |
* мәліметтер мемлекеттік сатып алу жоспарынан алынады (автоматты түрде көрсетіледі).
Ескерту.
1. Әрбір сипаттамалар, параметрлер, бастапқы деректер және орындаушыға қосымша шарттар жеке жолмен көрсетіледі.
2. Техникалық ерекшелікте әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
3. Өзге құжаттарда техникалық ерекшелік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
