Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алуға арналған үлгілік конкурстық құжаттаманы бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 17 ақпандағы № 168 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 18 ақпанда № 38001 болып тіркелді

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алуға арналған қоса беріліп отырған үлгілік конкурстық құжаттама бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелуді;

      2) осы бұйрықты оның ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
Е. Сарсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 17 ақпандағы
№ 168 Бұйрығымен
бекітілген
Бекітемін:___________________
  ___________________________
  (Тапсырыс берушінің толық
  атауы (бірыңғай
  ұйымдастырушы)
  ___________________________
  ___________________________
  (конкурстық құжаттаманы
  бекіткен тұлғаның Т.А.Ә.
  (бар болса)
  Шешім № ___ күні

Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алуға арналған үлгілік конкурстық құжаттама

1-тарау. Жалпы ережелер

      ______________________________________________________________________

      (сатып алу нысанасының түрі)

      ______________________________________________________________________

      (конкурстың атауы)

      Тапсырыс беруші (тапсырыс берушімен бір тұлға ретінде әрекет ететін

      ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)

      _______________________________________________________________________

      (атауы, орналасқан жері, БСН көрсетіледі)

      Тапсырыс берушінің өкілі (тапсырыс берушімен бір тұлға ретінде әрекет ететін

      ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)

      _______________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)

      Ұйымдастырушы (бірыңғай ұйымдастырушы)

      _____________________________________________________________________

      (атауы, орналасқан жері, БСН көрсетіледі)

      Ұйымдастырушының өкілі (бірыңғай ұйымдастырушының)

      ____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)

      Конкурстық комиссияның хатшысы

      ____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)

      1. Конкурс қоса беріліп отырған лоттар тізбесіне сәйкес өнім берушіні (лерді) таңдау мақсатында өткізіледі.

      2. Осы Үлгілік конкурстық құжаттама (бұдан әрі – КҚ) мыналарды қамтиды:

      1) осы КҚ-ға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына сәйкес лоттардың тізбесі және көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттары;

      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" қағидалардың 4-қосымшасымен бекітілген конкурсқа қатысу туралы келісім (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238 болып тіркелген) (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алу қағидалары);

      3) Мемлекеттік сатып алу қағидаларының 4-қосымшасымен бекітілген әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысының нысаны;

      4) осы КҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарының нысаны;

      5) Мемлекеттік сатып алу қағидаларының 4-қосымшасымен бекітілген қызметтерді көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер нысаны;

      6) осы КҚ-ға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі техникалық ерекшеліктің нысаны;

      7) Мемлекеттік сатып алу қағидаларының 4-қосымшасымен бекітілген көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша қосалқы мердігерлер (көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер нысанын, сондай-ақ әлеуетті өнім берушімен бірлесіп орындаушыларға беретін қызмет түрлері;

      8) үлгілік нысандар:

      осы КҚ-ға 4-қосымшаға сәйкес авторлық құқық объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт;

      осы КҚ-ға 5-қосымшаға сәйкес сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт.

      3. Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша осы конкурсқа бөлінген сома__________________________________ теңге. Осы конкурсқа бөлінген сома лоттар бөлінісінде мынаны құрайды:

лот №

Көрсетілетін қызмет атауы

Лот бойынша бөлінген сома (теңге)

(лот №)

(көрсетілетін қызмет атауы)

(лот бойынша бөлінген сома __)

(лот №)

(көрсетілетін қызмет атауы)

(лот бойынша бөлінген сома __)

      4. Конкурсқа қатысуға өтінімді және Шартты орындауды қамтамасыз ету талап етілмейді.

2-тарау. Конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін ұйымдастырушы немесе тапсырыс беруші тарапынан түсіндіру

      5. Әлеуетті өнім берушілер КҚ жобасына ескертулерді, сондай-ақ КҚ ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды веб-портал арқылы тапсырыс берушіге, ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей жібере алады.

      6. КҚ жобасына ескертулер, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде КҚ ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болмаған кезде КҚ бекітілген болып есептеледі.

      7. КҚ ережелерін түсіндіру туралы ескертулер, сондай-ақ сұрау салулар болған кезде тапсырыс беруші, ұйымдастырушы КҚ алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мынадай шешімдер қабылдайды:

      1) КҚ жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

      2) КҚ жобасына ескертулерді олардың ауытқу себептерінің негіздемелерін көрсете отырып қабылдамайды;

      3) КҚ ережелеріне түсініктеме береді.

      КҚ жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, КҚ-ны бекіту сияқты тәртіппен веб-порталда өзгертілген КҚ-ны бекіту туралы шешім қабылданады.

      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылданған күннен бастап КҚ бекітілген болып есептеледі.

      8. Ұйымдастырушы КҚ бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда КҚ жобасын алдын ала талқылау хаттамасын орналастырады.

      ҚК жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда ұйымдастырушы КҚ-ны алдын ала талқылау хаттамасымен бірге КҚ жобасын алған веб-порталға қатысушы әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, КҚ-ның бекітілген мәтінін орналастырады.

      9. КҚ жобасын алдын ала талқылау хаттамасында КҚ жобасына келіп түскен ескертулер және олар бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпарат болады.

      10. КҚ жобасына ескертулерді қабылдамау туралы шешім қабылданған жағдайда, оларды қабылдамау себептерінің толық негіздемесі КҚ жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.

      11. Веб-портал арқылы КҚ ережелерін түсіндіру туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салулары келіп түскен кезде КҚ ережелерін түсіндіру мәтіні КҚ жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.

      12. Алдын ала талқылау нәтижелері бойынша тапсырыс берушінің қабылдаған шешімі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген тәртіппен шағымдануы мүмкін.

3-тарау. Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуіне және ұсынуына қойылатын талаптар

      13. Конкурсқа қатысуға өтінім веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында беріледі және үміткер әлеуетті өнім берушінің осы КҚ-да көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызмет көрсетуге келісімін, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің Заңның 7-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулеріне сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға келісімі болып табылады.

      14. Әлеуетті өнім беруші өтінімді қалыптастыру алдында Мемлекеттік сатып алу қағидаларының 4-қосымшасымен бекітілген конкурсқа қатысу туралы келісімді қабылдайды.

      15. Конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтиды:

      1) әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсынылатын, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері не электрондық құжаттар, оның ішінде:

      әлеуетті өнім берушінің көрсетілетін қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын куәліктер мен өзге де құжаттар;

      Мемлекеттік сатып алу қағидаларының 4-қосымшасымен бекітілген мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілік туралы мәліметтер;

      конкурс шеңберінде сатып алу нысанасы болып табылатын қызметтерді көрсету бойынша қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер, Мемлекеттік сатып алу қағидаларының 4-қосымшасымен бекітілген, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінің жиынтығында отыз пайызынан астамын бірлесіп орындаушыларға қосымша орындауға беруге тыйым салу шарты.

      Егер әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызметтерді бірлесіп орындаушыларды тартуды көздейтін болса, онда әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға тартылатын бірлесіп орындаушылардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады;

      2) ұлттық стандарттар көрсетілген техникалық ерекшелік, ал олар болмаған жағдайда сатып алынатын қызметтерге арналған мемлекетаралық стандарттар. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде сатып алынатын қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының сипаттамасы, оның ішінде тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, көрсетілетін қызметтің шыққан жерінің атауы мен өндірушінің атауы және Қағидалардың 4-қосымшасында бекітілген нысандар бойынша өзге де сипаттамалар көрсетіледі қызметтер үшін мемлекеттік сатып алу.

      Қажет болған жағдайда техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі;

      3) Мемлекеттік сатып алу қағидаларының 4-қосымшасымен бекітілген электрондық құжат нысанындағы конкурстық баға ұсынысы.

      16. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімдер ашылған күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күнді құрайды.

      17. Конкурсқа қатысуға өтінімдегі құжаттардың электрондық көшірмелері кескіннің түсіне қарамастан анық және түсінікті болуы тиіс.

      18. Конкурсқа қатысуға өтінім, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінімге қатысты барлық хат-хабарлар мен құжаттар әлеуетті өнім берушінің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде жасалады және ұсынылады.

      Әлеуетті өнім беруші оларды басқа тілде жасаған және ұсынған жағдайда, оларға дәл (нотариалды куәландырылған) аударма қоса беріледі.

4-тарау. Конкурсқа қатысуға өтінім беру тәртібі

      19. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші веб-портал арқылы ұйымдастырушыға ұсынады.

      20. Әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдер веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.

      21. Конкурсқа қатысуға өтінім веб-портал конкурсқа қатысуға өтінім берген өнім берушіге тиісті хабарламаны автоматты түрде жіберген уақытта қабылданған болып есептеледі.

      22. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін веб-портал мынадай жағдайларда автоматты түрде қабылдамайды:

      1) әлеуетті өнім беруші бұдан бұрын осы конкурсқа қатысуға өтінім бергенде;

      2) конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін веб-порталға келіп түскенде;

      3) конкурстық баға ұсынысы осы қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асқанда;

      4) Заңның 7-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделсе.

      23. Әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы теңгемен көрсетіледі.

5-тарау. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді өзгерту және оларды кері қайтарып алу

      24. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кешіктірмей енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді өзгерте және (немесе) толықтыра алады, сондай-ақ кері қайтарып ала алады.

      25. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алу сияқты өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

      26. Әлеуетті өнім беруші оның конкурсқа қатысуына байланысты барлық шығындарды көтереді. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы (сарапшы) конкурс қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу бойынша міндеттемелерді көтермейді.

6-тарау. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу

      27. Веб-портал конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған күн мен уақыт басталғаннан кейін бес минут ішінде конкурсқа қатысуға өтінімдерді автоматты түрде ашады.

      Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім ұсынылған жағдайда, онда мұндай өтінім де ашылады және қаралады.

      28. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын веб-портал ашу күні автоматты түрде орналастырады. Бұл ретте веб-портал Мемлекеттік сатып алу қағидаларына 20-қосымшаға сәйкес конкурстық комиссия мүшелеріне, веб-порталда автоматты түрде тіркелген әлеуетті өнім берушілерге автоматты хабарламалар жібереді.

7-тарау. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау

      29. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды біліктілік талаптары мен КҚ талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

      30. Конкурстық комиссия:

      1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірмелерді сұратады;

      2) конкурсқа қатысуға өтінімдердегі мәліметтерді нақтылау мақсатында жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұратады.

      31. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша конкурстық комиссия қорытындылар туралы хаттаманы ресімдейді.

      Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурсқа қатысуға өтінімді КҚ талаптарына жауап беретін ретінде қарайды.

      32. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурс қатысушысы деп танылмайды), егер:

      1) оның және (немесе) оның бірлесіп орындаушысының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда;

      2) Заңның 7-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер болса. Тармақшаларда көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер бойынша 1), 3), 4), 5), 6) және 8) Заңның 7-бабы 1-тармағының 8) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін веб-портал автоматты түрде қабылдамауға тиіс. Заңның 7-бабы 1-тармағының 7), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер бойынша конкурстық комиссия ақпаратты тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарында қарайды;

      3) оның конкурсқа қатысуға өтінімі КҚ талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда.

      33. Конкурстық комиссия конкурс тәсілімен Мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы қалыптастыру кезінде конкурсқа қатысуға бір өтінім ұсынылған жағдайларды қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қатысты Мемлекеттік сатып алу қағидаларда көзделген өлшемшарттарға сәйкес шартты жеңілдіктерді айқындайды.

      34. Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды есептеу тәртібі Мемлекеттік сатып алу қағидалармен айқындалады.

8-тарау. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, конкурс жеңімпазын анықтау

      35. Конкурстық баға ұсынысын веб-портал біліктілік талаптары мен КҚ талаптарына сәйкестігі мәніне конкурсқа қатысуға өтінімді қарау қорытындылары бойынша автоматты түрде ашады.

      36. Веб-портал конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын автоматты түрде бағалауды және салыстыруды жүргізеді:

      Мемлекеттік сатып алу қағидаларына сәйкес анықталған демпингтік баға есептеледі;

      конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары салыстырылады, ең төмен шартты баға негізінде конкурс жеңімпазы, сондай-ақ ең төмен шартты бағадан кейінгі баға негізінде екінші орын алған әлеуетті өнім беруші айқындалады;

      конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде жеңімпаз Мемлекеттік сатып алу қағидаларына сәйкес айқындалады.

      37. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру нәтижелері конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамада орналастырылады.

9-тарау. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт

      38. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт) Заңда және Мемлекеттік сатып алу қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, веб-портал арқылы тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылып жасалады.

      39. Шарт жобасын жіберу, шарт жасасу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ шартқа өзге де талаптар Мемлекеттік сатып алу қағидаларда айқындалады.

  Авторлық құқық объектілерін
және (немесе) сабақтас құқықтар
объектілерін кәбіл арқылы
немесе эфирде жалпыға
бірдей хабарлау құқығын
беру жөніндегі көрсетілетін
қызметтерді сатып алу жөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
1-қосымша

Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алудың лоттар тізбесі мен шарттары

      (бекітілген жылдық жоспар негізінде қалыптастырылады)

      конкурс № _____________________________

      Конкурстың атауы: авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу

лот №

Тапсырыс берушінің атауы

Қызмет атауы*

Өлшем бірлігі

Саны, көлемі

Жеткізу шарттары (ИНКОТЕРМС 2010 талаптарына сәйкес)

Қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету орны

Аванстық төлем мөлшері, %

Лот бойынша бөлінген сома, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1.










2.










      *Қызметтің толық сипаттамасы техникалық ерекшелікте көрсетіледі.

  Авторлық құқық объектілерін
және (немесе) сабақтас құқықтар
объектілерін кәбіл арқылы
немесе эфирде жалпыға бірдей
хабарлау құқығын беру
жөніндегі көрсетілетін
қызметтерді сатып алу жөніндегі
үлгілік конкурстық
құжаттамаға 2-қосымша

Мемлекеттік сатып алу шеңберінде көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары (тапсырыс беруші толтырады)

      Тапсырыс берушінің атауы _______________________________________________

      Ұйымдастырушының атауы ____________________________________________

      конкурс № __________________________________________________________

      Конкурстың атауы: авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу

      лот № ______________________________________________________________

      Лоттың атауы ________________________________________________________

      Әлеуетті өнім беруші келесі біліктілік талаптарына сай болуы тиіс.

      1. Уәкілетті орган берген, құқықтарды ұжымдық басқару салаларында қызметті жүзеге асыруға арналған аккредиттеу туралы куәліктің болуы, оның қолданылу мерзімі авторлық құқық объектілерін және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзіміне сәйкес келуі тиіс.

      2. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы (веб-порталда мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде автоматты түрде айқындалады).

      3. Банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпайды.

      4. Қажетті материалдық және еңбек ресурстарының болуы.

      Материалдық ресурстар:

Материалдық ресурстардың атауы

Саны

Растайтын құжаттар

1

Құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы Бірыңғай цифрлық платформаға қолжетімділіктің болуы

1

Құқықтарды ұжымдық басқару саласында бірыңғай цифрлық платформаны пайдалану туралы шарт

      Еңбек ресурстары:

Еңбек ресурстарының атауы

Саны

1

Талап етілмейді


  Авторлық құқық және (немесе)
сабақтас құқықтар объектілерін
кәбіл арқылы немесе эфирде
жалпыға бірдей хабарлау
құқығын беру жөніндегі
көрсетілетін қызметтерді сатып
алу жөніндегі үлгілік
конкурстық құжаттамаға
3-қосымша

Сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі

      (Тапсырыс беруші толтырады)

      Тапсырыс берушінің атауы____________________________________________

      Ұйымдастырушының атауы ____________________________________________

      конкурс № __________________________________________________________

      Конкурстың атауы: авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу

      лот № ______________________________________________________________

      Лоттың атауы____________________________________________________

Көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы кодының атауы*


Көрсетілетін қызмет атауы

Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу (лотқа байланысты таңдалады):
1) жалпыға бірдей мәлімет үшін кәбіл арқылы хабар беру немесе авторлық құқық объектілерін эфирге беру құқығын беру;
2) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру.

Өлшем бірлігі*


Саны (көлемі)*


Қосылған құн салығын есептемегенде бірлік бағасы*


Қосылған құн салығын есепке алмағанда, сатып алуға бөлінген жалпы сома*


Қызмет көрсету мерзімі*


Қажетті сипаттамалардың, параметрлердің және басқа да бастапқы деректердің сипаттамасы:


Әлеуетті өнім беруші оны жеңімпаз деп айқындаған және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда (қажет болған жағдайда көрсетіледі) (әлеуетті өнім берушінің көрсетілген мәліметтерді көрсетпегені және ұсынбағаны үшін бас тартуына жол берілмейді)

1. Өнім беруші тапсырыс берушіге байланысты келесі көрсетілетін қызметтер кешенін көрсетеді:
авторлық құқық объектілерінің және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарламаға айрықша емес құқығыңызды беру.
2. Шарт құқық иеленушілердің мүліктік емес құқықтарына қолданылмайды.
3. Қызмет көрсету орны: ______________________________.
4. Қызмет көрсетудің жалпы мерзімі: ______________________________
5. Шарт бойынша сома: авторлық құқық объектілерін және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 400 "Туындыларды пайдаланудың кейбір түрлері үшін авторлық сыйақының ең төменгі мөлшерлемелерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32874 болып тіркелген) және № 401 "Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32834 болып тіркелген) фонограммаларды орындаушылар мен өндірушілерге авторлық сыйақы мен сыйақының ең төмен мөлшерлемелеріне сәйкес белгіленетін мөлшерлемеден төмен болмауға тиіс.
6. Өнім беруші авторлық құқық объектілерін және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану туралы есепке сәйкес тапсырыс беруші төлейтін сыйақыны бөлуге және төлеуге кепілдік береді.
7. Өнім беруші міндеттемелерді орындауға байланысты алынған мәліметтердің құпиялылығын сақтайды және мұндай мәліметтердің жария етілмеуін қамтамасыз ету үшін барлық шаралардың болуын қамтамасыз етеді.
8. Қызметтер көрсету кезінде әлеуетті өнім беруші "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңын сақтауға міндетті.
9. Шартпен реттелмеген бөлігінде Тараптар құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформа арқылы жасалған лицензиялық шартты басшылыққа алады.

      * мәліметтер мемлекеттік сатып алу жоспарынан алынады (автоматты түрде көрсетіледі).

      Ескерту.

      1. Әрбір сипаттамалар, параметрлер, бастапқы деректер және орындаушыға қосымша шарттар жеке жолмен көрсетіледі.

      2. Техникалық ерекшелікте әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

      3. Өзге құжаттарда техникалық ерекшелік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

  Авторлық құқық және (немесе)
сабақтас құқықтар объектілерін
кәбіл арқылы немесе эфирде
жалпыға бірдей хабарлау
құқығын беру жөніндегі
көрсетілген қызметтерді сатып
алу үлгілік конкурстық
құжаттамаға
4-қосымша

АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРІН КӘБІЛ БОЙЫНША ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ МӘЛІМЕТ ҮШІН ХАБАРЛАМА АЛУ НЕМЕСЕ ЭФИРГЕ БЕРУ ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ШАРТТЫҢ ҮЛГІЛІК НЫСАНЫ

      Тапсырыс берушінің өңірі Шарттың нөмірі Шартқа қол қойылған күні

      Тапсырыс берушінің толық атауы, бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын, оның атынан тапсырыс берушінің лауазымы, тапсырыс берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (тапсырыс берушінің негізі) негізінде әрекет ететін, бір тараптан, және өнім берушінің толық атауы, бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын, оның атынан Өнім берушінің лауазымы, Өнім берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (Өнім берушінің негізі) негізінде әрекет ететін, екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және мемлекеттік сатып алуды өткізу тәсілі – бойынша жылғы № қорытындыларының негізінде, осы мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:

      1. Шарттың мәні

      1.1. Өнім беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қоса берілген қосымшаларда көрсетілген шарттар, талаптар және бағаларға сәйкес Қызметті (Қызметтерді) көрсетуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда көрсетілген Қызметті (Қызметтерді) қабылдауға және осы Шарттың талаптарына сәйкес оның ақысын төлеуге міндеттенеді.

      1.2. Төменде көрсетілген құжаттар және оларда көзделген шарттар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып есептеледі, атап айтқанда:

      1) Осы Шарт;

      2) лоттар тізбесі және қызмет көрсету шарттары (1-қосымша);

      3) техникалық ерекшелік (2-қосымша).

2. Шарт сомасы және төлем шарттары

      2.1. Осы Шарттың жалпы сомасы Шарттың 1-қосымшада айқындалады және (шарт сомасы) (сома жазбаша) құрайды және барлығын қамтиды қызмет көрсетуге байланысты шығындар (сонымен қатар барлық салықтар мен алымдар, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, оның ішінде ҚҚС (ҚҚС сомасы)теңге)/(ҚҚС есебінсіз) (бұдан әрі – Шарт сомасы).

      2.2. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жасайды.

      Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты пропорционалды ұстап қалуды ескере отырып, көрсетілген қызметтер актісіне тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей өнім берушінің есеп шотына ақша қаражатын аудару жолымен төлейді.

      2.3. Көрсетілген қызметтер үшін төлемді Тапсырыс беруші Тараптар көрсетілген қызметтер актісіне қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей өнім берушінің есеп шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүргізеді.

      2.4. Тапсырыс берушінің табыс мөлшері өзгерген (түзетілген) жағдайда шарттың сомасы сатып алынатын қызметтер нысанасын өзгертпей, шартқа қосымша келісім жасасу жолымен өзгертілуге тиіс.

      2.5. Көрсетілетін қызметтердің көлемі сандық және құндық көрсеткіштерде Шарттың 1-қосымшасында айқындалады.

      2.6. Төлем жасауға дейін ұсынылуы тиіс қажетті құжаттар:

      1) қол қойылған Шарт;

      2) көрсетілген қызметтердің акт(ілер)і;

      3) Мемлекеттік сатып алу қағидаларының 53-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыстар мен қызметтердегі ішкі елдік құндылық туралы есеп;

      4) Өнім беруші Тапсырыс берушіге ұсынған көрсетілген қызметтердің жалпы сомасын сипаттайтын, көрсететін электрондық шот-фактура.

3. Тараптардың міндеттемелері

      3.1. Өнім беруші:

      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерді толық әрі тиісінше орындауды қамтамасыз етуге;

      2) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде көрсетілетін қызметтердің осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;

      3) Тараптар Шартқа қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалана отырып, құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформа арқылы лицензиялық шарт жасасуға;

      4) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз, Тапсырыс беруші немесе оның атынан өзге тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын, Шарт талаптарын орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, жария етпеуге. Аталған ақпарат осы персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындау үшін қажетті көлемде ғана ұсынылуы тиіс;

      5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз, жоғарыда аталған кез келген құжаттар мен ақпаратты Шартты іске асыру мақсаттарынан өзге мақсаттарда пайдаланбауға;

      6) Тапсырыс берушінің алғашқы талап етуі бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат беруге;

      7) Шарт талаптарын Өнім берушінің тиісінше орындамауы және/немесе өзге де заңсыз әрекеттері салдарынан Тапсырыс берушіге келтірілген залалды толық көлемде өтеуге;

      8) электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген көрсетілген қызметтер актісін, сондай-ақ Мемлекеттік сатып алу қағидаларының 53-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қызметтердегі ішкі елдік құндылық туралы есепті веб-портал арқылы ресімдеп, Тапсырыс берушіге жолдауға;

      9) Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтер актісін бекіткеннен кейін, электрондық шот-фактураларды ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураларды жазып беру қағидаларына сәйкес, электрондық шот-фактураларды ақпараттық жүйесі арқылы электрондық шот-фактура жазып беруге міндеттенеді.

      3.2. Өнім беруші:

      1) Шарт бойынша көрсетілген Қызметтер үшін Тапсырыс берушіден төлем жасауды талап етуге;

      2) Шарттың 1-қосымшасында көрсетілген Қызметтерді орындау мерзімдерін Тапсырыс берушімен алдын ала келісе отырып, мерзімінен бұрын көрсетуге құқылы.

      3.3. Тапсырыс беруші:

      1) Тараптар Шартқа қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалана отырып, құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформа арқылы лицензиялық шарт жасасуға;

      2) қызметтерді көрсету үшін Өнім берушінің мамандарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге;

      3) көрсетілген қызметтердің талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, Өнім берушіні бұл туралы дереу жазбаша түрде хабардар етуге;

      4) қызметтерді қабылдау кезінде веб-портал арқылы көрсетілген қызметтер актісін бекітуге не Мемлекеттік сатып алу қағидаларының 587-тармағында белгіленген мерзімдерде, оны қабылдамаудың негізделген себептерін көрсете отырып, қабылдаудан бас тартуға;

      5) көрсетілген қызметтер актісі бекітілгеннен кейін, Өнім беруші электрондық шот-фактураларды ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураларды жазып беру қағидаларына сәйкес, электрондық шот-фактураларды ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жазып берген шот-фактураны қабылдауға;

      6) осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төлем жүргізуге міндеттенеді;

      7) электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалана отырып, құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформа арқылы жасалған лицензиялық шарт бойынша авторлық құқық объектілерін пайдаланғаны үшін Тапсырыс беруші Өнім берушіге тоқсан сайын авторлық сыйақы төлейді, бұл сыйақы Өнім беруші бекіткен мөлшерлемелер бойынша, бірақ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 400 "Туындыларды пайдаланудың кейбір түрлері үшін авторлық сыйақының ең төменгі мөлшерлемелерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32874 болып тіркелген) және № 401 "Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32834 болып тіркелген) бұйрықтарымен бекітілген ең төменгі мөлшерлемелерден кем емес мөлшерде төленеді;

      8) Шарттың 3.3-тармағының 7) тармақшасында көзделген авторлық сыйақыны Тапсырыс беруші төлем шотын қоса бере отырып, екі Тарап қол қойған көрсетілген қызметтер актісінің негізінде жазылған төлем шотын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде өнім берушінің есеп шотына аударады.

      3.4. Тапсырыс беруші:

      1) көрсетілген қызметтердің сапасын тексеруге;

      2) көрсетілген қызметтер мерзімінен бұрын көрсетілген жағдайда, Тапсырыс беруші қызметтерді мерзімінен бұрын қабылдауға және осы Шарттың талаптарына сәйкес олардың ақысын төлеуге құқылы. Қызметтерді мерзімінен бұрын көрсетуден бас тартуға оны қабылдау мүмкіндігі болмаған жағдайларда жол беріледі.

4. Көрсетілген қызметтердің техникалық ерекшелікке сәйкестігін тексеру

      4.1. Осы Шарт шеңберінде көрсетілетін қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

      4.2. Көрсетілетін қызметтердің нәтижелері техникалық ерекшеліктің (Шарттың 2-қосымшасы) талаптарына сәйкес келмейді деп танылған жағдайда, Өнім беруші тексеру жүргізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде, Тапсырыс беруші тарапынан қосымша шығындарсыз, техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келмеушіліктерді жою бойынша шаралар қабылдауға міндетті.

      4.3. Жоғарыда көрсетілген тармақтардың ешқайсысы Өнім берушіні осы Шарт бойынша өзге де міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

5. Көрсетілетін қызметтерді көрсету

      5.1. Көрсетілетін қызметтерді Өнім беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын 1-қосымшада көрсетілген мерзімдерде көрсетеді.

      5.2. Көрсетілетін қызмет Өнім беруші қызметті Тапсырыс берушіге осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға толық, дәл сәйкестікте тапсырған жағдайда көрсетілген болып есептеледі.

6. Кепілдік

      6.1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге қызметтердің үздіксіз, сапалы және уақтылы көрсетілуін қамтамасыз етуге кепілдік береді.

      6.2. Өнім беруші қызметтердің техникалық ерекшелікке (Шарттың 2-қосымшасы) сәйкес келмеуінен туындаған қателіктерді, кемшіліктерді және өзге де сәйкессіздіктерді өтеусіз негізде түзетуге кепілдік береді.

      6.3. Тапсырыс беруші осы кепілдікке байланысты барлық талаптар туралы Өнім берушіні жазбаша түрде жедел хабардар етуге міндетті, содан кейін Өнім беруші хабарламада Тапсырыс беруші айқындаған мерзімде өз қаражаты есебінен, соның ішінде осыған байланысты барлық шығыстарды қоса алғанда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдауы тиіс.

      6.4. Егер Өнім беруші хабарламаны алғаннан кейін кемшіліктерді жою бойынша тиісті шараларды уақтылы қабылдамаса, Тапсырыс беруші Шарт бойынша Өнім берушіге қатысты өзге де құқықтарына нұқсан келтірмей, қажетті санкциялар мен кемшіліктерді жою шараларын Өнім берушінің есебінен қолдануға құқылы.

7. Тараптардың жауапкершілігі

      7.1. Осы Шарт шеңберінде Тараптар өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

      7.2. Қызметтерді көрсету мерзімдері кешіктірілген жағдайда, Тапсырыс беруші: Өнім беруші міндеттемелерді толық орындамаған жағдайда Өнім берушіден Шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде әрбір кешіктірілген күн үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстап қалуға (өндіріп алуға); міндеттемелерді тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде әрбір кешіктірілген күн үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстап қалуға (өндіріп алуға) құқылы. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 15 %-ынан аспауы тиіс.

      7.3. Өнім беруші көрсетілетін қызметтерді көрсетуден бас тартқан жағдайда немесе көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімі Шарт қызмет көрсету мерзімі өткен күннен бастап бір айдан астам мерзімге кешіктірілген жағдайда, бірақ шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кешіктірмей, Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, Өнім берушіден әрбір кешіктірілген күн үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыпапұл, өсімпұлды) өндіріп ала отырып, осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.

      7.4. Тұрақсыздық айыбыны (айыппұлды, өсімпұлды) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

      7.5. Егер қандай да бір өзгерістер Өнім беруші үшін осы Шарт бойынша көрсетілетін қызметтерді көрсетуге қажетті құнның немесе мерзімдердің қысқаруына әкеп соқса, онда Шарттың сомасы немесе көрсетілетін қызметтерді көрсету кестесі, не екеуі де тиісінше түзетіледі, ал Шартқа тиісті өзгерістер енгізіледі. Өнім берушінің түзету жүргізу туралы барлық сұранымдары Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкімді алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.

      7.6. Өнім беруші осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толықтай да, ішінара да үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес.

8. Шарттың қолданылу мерзімі және оны бұзу шарттары

      8.1. Осы Шарт қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 20____жылғы "31" желтоқсанға дейін, ал өзара есеп айырысулар бөлігінде олар толық аяқталғанға дейін қолданылады.

      8.2. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес Өнім беруші банкрот немесе төлем қабілетсіз болған жағдайда, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жолдау арқылы Шарт талаптарын орындаудан кез келген уақытта біржақты тәртіппен бас тарта алады. Бұл жағдайда Шартты орындаудан бас тарту дереу жүзеге асырылады, және егер мұндай бас тарту Тапсырыс берушінің бұрын болған немесе кейіннен туындайтын қандай да бір құқықтарына нұқсан келтірмесе әрі қандай да бір әрекеттерді жасау немесе санкциялар қолдану құқықтарын шектемесе, Тапсырыс беруші Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттеме көтермейді.

      8.3. Осы Шартты одан әрі орындаудың орынсыздығы жағдайында, Шарт Тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.

      8.4. Осы Шарт мынадай негіздер бойынша бұзылуы мүмкін:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Тараптардың келісімі бойынша;

      2) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы жағдайында, Тапсырыс берушінің бастамасы бойынша біржақты тәртіппен;

      3) Өнім берушінің бастамасы бойынша Тапсырыс беруші Шарт талаптарын елеулі түрде бұзған жағдайда, оның ішінде төлем мерзімдерін ______ күнтізбелік күннен астам уақытқа бұзуы;

      4) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша;

      5) Шарттың тоқтатылуына әкеп соғатын, заңды күшіне енген сот актісі негізінде.

9. Хабарлама

      9.1. Осы Шартқа сәйкес бір Тарап екінші Тарапқа жолдайтын кез келген хабарлама алдын ала ақысы төленген Тапсырыс хатпен немесе телеграф, телекс, факс, телефакс арқылы, не веб-портал арқылы жіберіледі.

      9.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енген күні (егер хабарламада көрсетілген болса) осы күндердің қайсысы ертерек келетініне байланысты күшіне енеді.

10. Форс-мажор

      10.1. Тараптар Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық мән-жайлардың салдарынан болған жағдайда жауапкершілік көтермейді.

      10.2. Осы Шарттың мақсаттары үшін "форс-мажор" Тараптардың бақылауынан тыс, алдын ала болжанбайтын сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғаларға, бірақ олармен шектелмей, әскери қимылдар, табиғи немесе дүлей апаттар және өзге де оқиғалар жатады.

      10.3. Форс-мажорлық мәнжайлар туындаған жағдайда, Өнім беруші олардың пайда болуы мен себептері туралы Тапсырыс берушіге дереу жазбаша хабарлама жібереді. Егер Тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін мүмкін болған көлемде орындауды жалғастырады, сондай-ақ форс-мажорлық мән-жайларға тәуелсіз Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздестіреді.

11. Даулы мәселелерді шешу

      11.1. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші осы Шарт бойынша немесе оған байланысты өзара туындайтын барлық келіспеушіліктер мен дауларды тікелей келіссөздер жүргізу арқылы шешуге бар күш-жігерін салуы тиіс.

      11.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

      12.1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Тараптар қандай да бір құқыққа қайшы артықшылықтар немесе өзге де заңсыз мақсаттар алу үшін осы тұлғалардың әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету үшін кез келген тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде қандайда бір ақша қаражатын немесе құндылықтарды төлемейді, төлеуді ұсынбайды және төлеуге рұқсат берілмейді.

      12.2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Тараптар осы Шарттың мақсаттары үшін қолданылатын заңнамаға сәйкес пара беру/алу, коммерциялық сатып алу ретінде сараланатын іс-әрекеттерді, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл туралы қолданылатын заңнама мен халықаралық актілердің талаптарын бұзатын әрекеттерді жасамайды.

      12.3. Осы Шарттың әрбір Тарапы басқа Тараптың өкілдерін қандай да бір жолмен ынталандырудан, оның ішінде ақшалай қаражат беру, сыйлықтар табыстау, тегін жұмыстарды (қызметтерді) орындау немесе қызметкерді белгілі бір тәуелділікке қоятын және оны ынталандыратын Тараптың пайдасына қандай да бір әрекеттерді жасауын қамтамасыз етуге бағытталған өзге де тәсілдерден бас тартады.

      12.4. Егер Тарапта қандай да бір сыбайлас жемқорлыққа қарсы шарттардың бұзылғаны немесе бұзылуы мүмкін екендігі туралы күдік туындаса, тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

      12.5. Жазбаша хабарламада Тарап нақты фактілерге сілтеме жасауға немесе контрагенттің осы шарттардың қандай да бір ережелерін бұзғанын немесе бұзуы мүмкін екенін дәлелдейтін не соған негіз болатын материалдарды ұсынуға міндетті; мұндай бұзушылықтар қолданылатын заңнамаға сәйкес пара беру немесе алу, коммерциялық сатып алу, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы қолданылатын заңнама мен халықаралық актілердің талаптарын бұзатын әрекеттер ретінде саралануы мүмкін.

      12.6. Осы Шарттың Тараптары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу рәсімдерінің жүргізілуін таниды және олардың сақталуын бақылайды. Бұл ретте Тараптар сыбайлас жемқорлық қызметке тартылуы мүмкін контрагенттермен іскерлік қатынастар тәуекелін барынша азайту үшін ақылға қонымды күш-жігер жұмсайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бір-біріне өзара жәрдем көрсетеді. Тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне Тараптарды тарту тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында тексеру рәсімдерін іске асыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді.

13. Басқа шарттар

      13.1. Салықтар және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге жатады.

      13.2. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасу нысанында жасалады.

      13.3. Жасалған Шартқа өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және өзге де шарттардың өзгермейтіндігі шартымен, Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда өзгерістер енгізуге жол беріледі.

      13.4. Тараптардың бірінің міндеттерін шарт бойынша беруге қайта ұйымдастырылған жағдайда құқықтық мирасқорлықты қоспағанда, жол берілмейді.

      13.5. Осы Шарт веб-портал арқылы жасалып, қазақ және орыс тілдерінде рәсімделді, екі тілдегі мәтіндердің бірдей заңды күші бар.

      13.6. Шартпен реттелмеген бөлігінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      ТАРАПТАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:

Тапсырыс беруші:
"_______________________________",
БСН: ___________________________
ЖСК: __________________________
Мекен-жайы: ____________________
Тел.: ___________________________
e-mail: __________________________
сайт:____________________________

Өнім беруші:
"______________________________",
БСН:___________________________
ЖСК:___________________________
Мекен-жайы:_____________________
Тел.:____________________________
e-mail:___________________________
сайт:____________________________

Тараптардың қолдары:

Тапсырыс беруші
______________________
______________________ қолы

Өнім беруші
________________________
________________________ қолы

  Авторлық құқық және (немесе)
сабақтас құқықтар объектілерін
кәбіл арқылы немесе эфирде
жалпыға бірдей хабарлау
құқығын беру жөніндегі
қызметтерді сатып алу жөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
5-қосымша

САБАҚТАС ҚҰҚЫҚТАР ОБЪЕКТІЛЕРІН КӘБІЛ АРҚЫЛЫ НЕМЕСЕ ЭФИРДЕ ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ХАБАРЛАУ ҚҰҚЫҒЫН БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ШАРТТЫҢ ҮЛГІЛІК НЫСАНЫ

      Тапсырыс берушінің өңірі Шарттың нөмірі Шартқа қол қойылған күн

      Тапсырыс берушінің толық атауы, бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын, оның атынан Тапсырыс берушінің лауазымы, аапсырыс берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (Тапсырыс берушінің негізі) негізінде әрекет ететін, бір тараптан, және Өнім берушінің толық атауы, бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын, оның атынан Өнім берушінің лауазымы, Өнім берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Өнім берушінің негізі негізінде әрекет ететін, екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) және сатып алу тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алудың қорытындыларына (қорытындылар күні, қорытындылар нөмірі) сәйкес, Тараптар осы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:

1. Шарттың мәні

      1.1. Өнім беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қоса берілген қосымшаларда көрсетілген шарттар, талаптар және бағаларға сәйкес Қызметті (Қызметтерді) көрсетуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда көрсетілген Қызметті (Қызметтерді) қабылдауға және осы Шарттың талаптарына сәйкес оның ақысын төлеуге міндеттенеді.

      1.2. Төменде көрсетілген құжаттар және оларда көзделген шарттар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып есептеледі, атап айтқанда:

      1) осы Шарт;

      2) лоттар тізбесі және қызмет көрсету шарттары (1-қосымша);

      3) техникалық ерекшелік (2-қосымша).

2. Шарт сомасы және төлем шарттары

      2.1. Осы Шарттың жалпы сомасы Шарттың 1-қосымшасына сәйкес айқындалады және (шарт сомасы) (сомасы жазбаша жазумен) құрайды. Аталған сома Қызметтерді көрсетуге байланысты барлық шығындарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, оның ішінде қосылған құн салығын (ҚҚС) ((ҚҚС сомасы) теңге) қамтиды / ҚҚС-сыз (бұдан әрі – Шарт сомасы).

      2.2. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жасайды.

      Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты пропорционалды ұстап қалуды ескере отырып, көрсетілген қызметтер актісіне тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей өнім берушінің есеп шотына ақша қаражатын аудару жолымен төлейді.

      2.3. Көрсетілген қызметтер үшін төлемді Тапсырыс беруші Тараптар көрсетілген қызметтер актісіне қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей өнім берушінің есеп шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүргізеді.

      2.4. Тапсырыс берушінің табыс мөлшері өзгерген (түзетілген) жағдайда шарттың сомасы сатып алынатын қызметтер нысанасын өзгертпей, шартқа қосымша келісім жасасу жолымен өзгертілуге тиіс.

      2.5. Көрсетілетін қызметтердің көлемі сандық және құндық көрсеткіштерде Шарттың 1-қосымшасында айқындалады.

      2.6. Төлем жасауға дейін ұсынылуы тиіс қажетті құжаттар:

      1) қол қойылған Шарт;

      2) көрсетілген қызметтердің акт(ілер)і;

      3) Мемлекеттік сатып алу қағидаларының 53-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыстар мен қызметтердегі ішкі елдік құндылық туралы есеп;

      4) Өнім беруші Тапсырыс берушіге ұсынған көрсетілген қызметтердің жалпы сомасын сипаттайтын, көрсететін электрондық шот-фактура.

3. Тараптардың міндеттемелері

      3.1. Өнім беруші міндеттенеді:

      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерді толық әрі тиісінше орындауды қамтамасыз етуге;

      2) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде көрсетілетін қызметтердің осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;

      3) Тараптар Шартқа қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалана отырып, құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформа арқылы лицензиялық шарт жасасуға;

      4) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз, Тапсырыс беруші немесе оның атынан өзге тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын, Шарт талаптарын орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, жария етпеуге. Аталған ақпарат осы персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындау үшін қажетті көлемде ғана ұсынылуы тиіс;

      5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз, жоғарыда аталған кез келген құжаттар мен ақпаратты Шартты іске асыру мақсаттарынан өзге мақсаттарда пайдаланбауға;

      6) Тапсырыс берушінің алғашқы талап етуі бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат беруге;

      7) Шарт талаптарын Өнім берушінің тиісінше орындамауы және/немесе өзге де заңсыз әрекеттері салдарынан Тапсырыс берушіге келтірілген залалды толық көлемде өтеуге;

      8) электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген көрсетілген қызметтер актісін, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу қағидаларының 53-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қызметтердегі ішкі елдік құндылық туралы есепті веб-портал арқылы ресімдеп, Тапсырыс берушіге жолдауға;

      9) Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтер актісін бекіткеннен кейін, электрондық шот-фактураларды ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураларды жазып беру қағидаларына сәйкес, электрондық шот-фактураларды ақпараттық жүйесі арқылы электрондық шот-фактура жазып беруге.

      3.2. Өнім беруші:

      1) Шарт бойынша көрсетілген Қызметтер үшін Тапсырыс берушіден төлем жасауды талап етуге;

      2) Шарттың №1 қосымшасында көрсетілген қызметтерді орындау мерзімдерін Тапсырыс берушімен алдын ала келісе отырып, мерзімінен бұрын көрсетуге құқылы.

      3.3. Тапсырыс беруші:

      1) тараптар Шартқа қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалана отырып, құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформа арқылы лицензиялық шарт жасасуға;

      2) қызметтерді көрсету үшін Өнім берушінің мамандарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге;

      3) көрсетілген қызметтердің талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, Өнім берушіні бұл туралы дереу жазбаша түрде хабардар етуге;

      4) қызметтерді қабылдау кезінде веб-портал арқылы көрсетілген қызметтер актісін бекітуге не Мемлекеттік сатып алу қағидаларының 587-тармағында белгіленген мерзімдерде, оны қабылдамаудың негізделген себептерін көрсете отырып, қабылдаудан бас тартуға;

      5) көрсетілген қызметтер актісі бекітілгеннен кейін, Өнім беруші электрондық шот-фактураларды ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураларды жазып беру қағидаларына сәйкес, электрондық шот-фактураларды ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жазып берген шот-фактураны қабылдауға;

      6) осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төлем жүргізуге міндеттенеді;

      7) электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалана отырып, құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформа арқылы жасалған лицензиялық шарт бойынша авторлық құқық объектілерін пайдаланғаны үшін Тапсырыс беруші Өнім берушіге тоқсан сайын сыйақы төлейді, бұл сыйақы Өнім беруші бекіткен мөлшерлемелер бойынша, бірақ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 400 "Туындыларды пайдаланудың кейбір түрлері үшін авторлық сыйақының ең төменгі мөлшерлемелерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32874 болып тіркелген) және № 401 "Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32834 болып тіркелген) бұйрықтарымен бекітілген авторлық сыйақының, сондай-ақ орындаушылар мен фонограмма өндірушілеріне төленетін сыйақының ең төменгі мөлшерлемелерінен кем емес мөлшерде төленеді;

      8) Шарттың 3.3-тармағының 7) тармақшасында көзделген авторлық сыйақыны Тапсырыс беруші төлем шотын қоса бере отырып, екі Тарап қол қойған көрсетілген қызметтер актісінің негізінде жазылған төлем шотын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде өнім берушінің есеп шотына аударады.

      3.4. Тапсырыс беруші:

      1) көрсетілген қызметтердің сапасын тексеруге;

      2) көрсетілген қызметтер мерзімінен бұрын көрсетілген жағдайда, Тапсырыс беруші көрсетілетін қызметтерді мерзімінен бұрын қабылдауға және осы Шарттың талаптарына сәйкес олардың ақысын төлеуге құқылы. Қызметтерді мерзімінен бұрын көрсетуден бас тартуға оны қабылдау мүмкіндігі болмаған жағдайларда жол беріледі.

4. Көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелікке сәйкестігін тексеру

      4.1. Осы Шарт шеңберінде көрсетілетін қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

      4.2. Көрсетілген қызметтердің нәтижелері техникалық ерекшеліктің (Шарттың 2-қосымшасы) талаптарына сәйкес келмейді деп танылған жағдайда, Өнім беруші тексеру жүргізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде, Тапсырыс беруші тарапынан қосымша шығындарсыз, техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келмеушіліктерді жою бойынша шаралар қабылдауға міндетті.

      4.3. Жоғарыда көрсетілген тармақтардың ешқайсысы Өнім берушіні осы Шарт бойынша өзге де міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

5. Көрсетілетін қызметтерді көрсету

      5.1. Көрсетілетін қызметтерді Өнім беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын 1-қосымшада көрсетілген мерзімдерде көрсетеді.

      5.2. Қызмет Өнім беруші тарапынан қызметті осы Шартқа қоса берілген қосымшаларда көрсетілген талаптарға толық және дәл сәйкестікте Тапсырыс берушіге тапсырған жағдайда көрсетілген болып есептеледі.

6. Кепілдік

      6.1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге қызметтердің үздіксіз, сапалы және уақтылы көрсетілуін қамтамасыз етуге кепілдік береді.

      6.2. Өнім беруші қызметтердің техникалық ерекшелікке (Шарттың 2-қосымшасы) сәйкес келмеуінен туындаған қателіктерді, кемшіліктерді және өзге де сәйкессіздіктерді өтеусіз негізде түзетуге кепілдік береді.

      6.3. Тапсырыс беруші осы кепілдікке байланысты барлық талаптар туралы Өнім берушіні жазбаша түрде жедел хабардар етуге міндетті, содан кейін Өнім беруші хабарламада Тапсырыс беруші айқындаған мерзімде өз қаражаты есебінен, соның ішінде осыған байланысты барлық шығыстарды қоса алғанда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдауға тиіс.

      6.4. Егер Өнім беруші хабарламаны алғаннан кейін кемшіліктерді жою бойынша тиісті шараларды уақтылы қабылдамаса, Тапсырыс беруші Шарт бойынша Өнім берушіге қатысты өзге де құқықтарына нұқсан келтірмей, қажетті санкциялар мен кемшіліктерді жою шараларын Өнім берушінің есебінен қолдануға құқылы.

7. Тараптардың жауапкершілігі

      7.1. Осы Шарт шеңберінде Тараптар өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

      7.2. Қызметтерді көрсету мерзімдері кешіктірілген жағдайда, Тапсырыс беруші: Өнім беруші міндеттемелерді толық орындамаған жағдайда Өнім берушіден Шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде әрбір кешіктірілген күн үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстап қалуға (өндіріп алуға), міндеттемелерді тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде әрбір кешіктірілген күн үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстап қалуға (өндіріп алуға) құқылы. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 15 %-ынан аспауы тиіс.

      7.3. Өнім беруші көрсетілетін қызметтерді көрсетуден бас тартқан жағдайда немесе көрсетілетін Қызметтерді көрсету мерзімі Шарт қызмет көрсету мерзімі өткен күннен бастап бір айдан астам мерзімге кешіктірілген жағдайда, бірақ шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кешіктірмей, Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, Өнім берушіден әрбір кешіктірілген күн үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыпапұл, өсімпұлды) өндіріп ала отырып, осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.

      7.4. Турақсыздық айыбым (айыппүлды, өсімпұлды) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

      7.5. Егер қандай да бір өзгерістер Өнім беруші үшін осы Шарт бойынша көрсетілетін қызметтерді көрсетуге қажетті құнның немесе мерзімдердің қысқаруына әкеп соқса, онда Шарттың сомасы немесе көрсетілетін қызметтерді көрсету кестесі, не екеуі де тиісінше түзетіледі, ал Шартқа тиісті өзгерістер енгізіледі. Өнім берушінің түзету жүргізу туралы барлық сұранымдары Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкімді алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.

      7.6. Өнім беруші осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толықтай да, ішінара да үшінші тұлғаларға беруге тиіс емес.

8. Шарттың қолданылу мерзімі және оны бұзу шарттары

      8.1. Осы Шарт қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 20___ жылғы "31" желтоқсанға дейін, ал өзара есеп айырысулар бөлігінде олар толық аяқталғанға дейін қолданылады.

      8.2. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, Өнім беруші банкрот немесе төлем қабілетсіз болған жағдайда, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жолдау арқылы Шарттың талаптарын орындаудан кез келген уақытта біржақты тәртіппен бас тарта алады. Бұл жағдайда Шартты орындаудан бас тарту дереу жүзеге асырылады, және егер мұндай бас тарту Тапсырыс берушінің бұрын болған немесе кейіннен туындайтын қандай да бір құқықтарына нұқсан келтірмесе әрі қандай да бір әрекеттерді жасау немесе санкциялар қолдану құқықтарын шектемесе, Тапсырыс беруші Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттеме көтермейді.

      8.3. Осы Шартты одан әрі орындаудың орынсыздығы жағдайында, Шарт Тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.

      8.4. Осы Шарт мынадай негіздер бойынша бұзылуы мүмкін:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Тараптардың келісімі бойынша;

      2) Тапсырыс берушінің бастамасы бойынша өнім беруші шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайларда, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес біржақты тәртіппен;

      3) Өнім берушінің бастамасы бойынша, Тапсырыс беруші Шарт талаптарын елеулі түрде бұзған жағдайда, оның ішінде төлем мерзімдерін ______ күнтізбелік күннен астам уақытқа бұзуы;

      4) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша;

      5) Шарттың тоқтатылуына әкеп соғатын, заңды күшіне енген сот актісі негізінде.

9. Хабарлама

      9.1. Шартқа сәйкес бір Тарап екінші Тарапқа жолдайтын кез келген хабарлама алдын ала ақысы төленген Тапсырыс хатпен немесе телеграф, телекс, факс, телефакс арқылы не веб-портал арқылы жіберіледі.

      9.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енген күні (егер хабарламада көрсетілген болса) осы күндердің қайсысы ертерек келетініне байланысты күшіне енеді.

10. Форс-мажор

      10.1. Тараптар Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық мән-жайлардың салдарынан болған жағдайда жауапкершілік көтермейді.

      10.2. Осы Шарттың мақсаттары үшін "форс-мажор" Тараптардың бақылауынан тыс, алдын ала болжанбайтын сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғаларға, бірақ олармен шектелмей, әскери қимылдар, табиғи немесе дүлей апаттар және өзге де оқиғалар жатады.

      10.3. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда, Өнім беруші олардың пайда болуы мен себептері туралы Тапсырыс берушіге дереу жазбаша хабарлама жібереді. Егер Тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін мүмкін болған көлемде орындауды жалғастырады, сондай-ақ форс-мажорлық мән-жайларға тәуелсіз Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздестіреді.

11. Даулы мәселелерді шешу

      11.1. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші осы Шарт бойынша немесе оған байланысты өзара туындайтын барлық келіспеушіліктер мен дауларды тікелей келіссөздер жүргізу арқылы шешу үшін бар күш-жігерін салуға міндетті.

      11.2. Егер осындай келіссөздер нәтижесінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап етуге құқылы.

12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

      12.1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Тараптар қандай да бір тұлғалардың әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету, заңсыз артықшылықтар алу немесе өзге де заңсыз мақсаттарға жету үшін тікелей немесе жанама түрде қандай да бір ақшалай қаражатты немесе құндылықтарды төлемейді, төлеуді ұсынбайды және төлеуге жол бермейді.

      12.2. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысында Тараптар осы Шарттың мақсаттары үшін қолданылатын заңнамаға сәйкес пара беру/алу, коммерциялық парақорлық ретінде сараланатын әрекеттерді, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл туралы қолданылатын заңнама мен халықаралық актілердің талаптарын бұзатын әрекеттерді жасамайды.

      12.3. Осы Шарттың әрбір Тарапы екінші Тараптың өкілдерін қандай да бір тәсілмен ынталандырудан, оның ішінде ақшалай қаражат беру, сыйлықтар табыстау, тегін жұмыстарды (қызметтерді) орындау немесе қызметкерді белгілі бір тәуелділікке қоятын және оны ынталандыратын Тараптың пайдасына қандай да бір әрекеттерді жасауын қамтамасыз етуге бағытталған өзге де тәсілдерден бас тартады.

      12.4. Егер Тарапта қандай да бір сыбайлас жемқорлыққа қарсы шарттардың бұзылғаны немесе бұзылуы мүмкін екендігі туралы күдік туындаса, тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

      12.5. Жазбаша хабарламада Тарап нақты фактілерге сілтеме жасауға немесе контрагенттің осы шарттардың қандай да бір ережелерін бұзғанын немесе бұзуы мүмкін екенін дәлелдейтін не соған негіз болатын материалдарды ұсынуға міндетті; мұндай бұзушылықтар қолданылатын заңнамаға сәйкес пара беру немесе алу, коммерциялық парақорлық, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы қолданылатын заңнама мен халықаралық актілердің талаптарын бұзатын әрекеттер ретінде саралануы мүмкін.

      12.6. Осы Шарттың Тараптары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу рәсімдерінің жүргізілетінін мойындайды және олардың сақталуын бақылайды. Бұл ретте Тараптар сыбайлас жемқорлық қызметке тартылуы мүмкін контрагенттермен іскерлік қатынастар тәуекелін барынша азайту үшін ақылға қонымды күш-жігер жұмсайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бір-біріне өзара жәрдем көрсетеді. Тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне тараптарды тарту тәуекелдерін болғызбау мақсатында тексерулер жүргізу жөніндегі рәсімдердің іске асырылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

13. Басқа шарттар

      13.1. Салықтар және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге жатады.

      13.2. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасалған нысанда жүзеге асырылады.

      13.3. Жасалған Шартқа өнім берушіні таңдаудың негізі болған сапа мен өзге де шарттардың өзгермейтіндігі шартымен, Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда өзгерістер енгізуге жол беріледі.

      13.4. Осы Шарт бойынша Тараптардың бірінің міндеттемелерін беруіне, қайта ұйымдастыру кезіндегі құқықтық мирасқорлықты қоспағанда, жол берілмейді.

      13.5. Осы Шарт веб-портал арқылы жасалып, қазақ және орыс тілдерінде рәсімделді, екі тілдегі мәтіндердің бірдей заңды күші бар.

      13.6. Шартпен реттелмеген бөлігінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      ТАРАПТАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:

Тапсырыс беруші:
"_______________________________",
БСН: ___________________________
ЖСК: ___________________________
Мекен-жайы: __________________________
Тел.: ___________________________
e-mail: __________________________
сайт:____________________________

Өнім беруші:
"______________________________",
БСН:___________________________
ЖСК:___________________________
Мекен-жайы:_____________________
Тел.:____________________________
e-mail:___________________________
сайт:____________________________

Тараптардың қолдары:

Тапсырыс беруші
______________________
______________________ қолы

Өнім беруші
________________________
________________________ қолы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады