Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 шілдедегі № 365 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 шілдеде № 39327 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2026 жылғы 16 шілдедегі
№ 365 бұйрығымен
бекітілсін

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе)

      1. "Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 275 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38838 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Аттестаттауға сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторлары (бұдан әрі – уәкілетті орган), бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары, бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік құрылыс инспекторлары жатады.";

      3-тармақтың 4), 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары – мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті органдарының басшылары;

      5) бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын сақтауын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Қызметтік мінездеме аттестатталатын тұлғаның кәсіби, жеке қасиеттеріне және қызметтік қызметінің нәтижелеріне бағалауды қамтуға тиіс және оған:

      1) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторына – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін уәкілетті органның бірінші басшысының орынбасары;

      2) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік құрылыс инспекторларына – жергілікті атқарушы органның басшысы не басшысының орынбасары;

      3) уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторларына - мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын ведомство басшыларының орынбасарлары;

      4) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік құрылыс инспекторларына – мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті органдарының басшылары не олардың орынбасарлары қол қояды.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Қазақстан Республикасының астанасының, облыстарының, республикалық маңызы бар қалаларының бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары үшін шекті мән тестілеу нәтижесі бойынша 70 және одан да көп дұрыс жауап болып есептеледі, ал аттестаттауға жататын өзге санаттағы тұлғалар үшін – 60 және одан да көп дұрыс жауап.".

      2. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10058 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің 147-бабының 8-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі – негізгі талаптар тізбесі) сәйкес құжаттармен бірге өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) немесе "сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы e-Qurylys.kz цифрлық жүйесі" (www.equrylys.kz) (бұдан әрі – цифрлық жүйе) арқылы жолдайды.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында айқындалған.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы цифрлық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.";

      15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен қарайды, сарапшы аттестатын ресімдейді, қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" 2 (екі) жұмыс күні ішінде жолдайды.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерден ұсынылады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Сарапшының аттестаты көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығына қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталында жарияланады.";

      Аттестаттау қағидарларына 1-қосымша Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялар беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20267 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "Іздестіру қызметіне лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларында:

      6- тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен қарау нәтижелері бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ресімдейді, қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды - 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай:

      1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;

      2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;

      3) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес қайта ұйымдастырылған;

      4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда) жағдайларда қайта ресімделуге жатады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 4) және 6) тармақшаларының күші дара кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетіле отырып, лицензияға қосымшалар үшін объектісінің орналасқан жері мекенжайының өзгеруі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болған жағдайларға қолданылмайды. Лицензиаттар мен лицензия объектісі мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.

      Лицензиат заңды тұлғаның құрылтайшылары құрамының өзгеруіне байланысты лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде лицензиар өтініш берушінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді.";

      "Іздестіру қызметіне лицензия беру" қызмет көресту қағидарларына 1-қосымша Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      "Жобалау қызметіне лицензия беру" қызметін көрсету қағидаларында

      6- тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен қарау нәтижелері бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ресімдейді, қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды - 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Лицензиат заңды тұлғаның құрылтайшылары құрамының өзгеруіне байланысты лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде лицензиар өтініш берушінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді".

      "Жобалау қызметіне лицензия беру" қызметін көрсету қағидарларына 1-қосымша Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      "Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру" қызметін көрсету қағидаларында

      6- тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен қарау нәтижелері бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ресімдейді, қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды - 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Лицензиат заңды тұлғаның құрылтайшылары құрамының өзгеруіне байланысты лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде лицензиар өтініш берушінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді".

      "Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру" қызметін көрсету қағидарларына 1-қосымша Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу бойынша қағидалар мен рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 735 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12752 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 148-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінішті құжаттармен бірге электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) немесе цифрландыру объектісі – "сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы e-Qurylys.kz цифрлық жүйесі" (www.equrylys.kz) (бұдан әрі – цифрлық жүйе) арқылы жолдайды.";

      13-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-1. Уәкілетті орган Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және көрсетілетін қызметті берушіге, "цифрлықық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.".

      Аккредиттеу қағидарларына 1-қосымша Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Тізбеге 1-қосымша
  Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі саласындағы
сараптама жұмыстарын және
инжинирингтік көрсетілетін
қызметтерді жүзеге асыратын
сарапшыларды аттестаттау
қағидаларына
1-қосымша

"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болған жағдайда)

Қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама жүргізу бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау;
Техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау;
Авторлық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау;
Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау;
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) өзгерген кезде аттестатты қайта ресімдеу.

3

Көресетілген қызметті берушінің атауы

Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету тәсілдері (бар болған жағдайда)

"Цифрлық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы цифрлық жүйе.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету мерзімі (бар болған жағдайда)

1)аттестат беру – 15 жұмыс күні;
2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) өзгерген кезде, сондай-ақ қолданылу мерзімі көрсетілмеген қағаз түріндегі аттестатты электрондық аттестатқа ауыстыру кезінде аттестатты қайта ресімдеу – 3 жұмыс күні.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нысаны (бар болған жағдайда)

Электрондық (ішінара цифрландырылған).

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нәтижесі (бар болған жағдайда)

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшының аттестатын беру немесе қайта ресімдеу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

9

Көрсетілген қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілген қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін түскі үзіліспен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Кодекске сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі (бар болған жағдайда)

1) қызметті алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат – өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіру үшін (тестілеуге жіберу кезінде ұсынылады);
техникалық және авторлық қадағалау, ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық тексеру сарапшы ретінде аттестаттау үшін, жоғары кәсіптік білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болған жағдайда, растайтын құжаттың электрондық көшірмесі) немесе шетел азаматтары үшін білім туралы құжаттың және оның қосымшасының заңдастырылған немесе апостильденген электрондық көшірмесі және білім туралы құжаттың және оның қосымшасының, мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);
қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамаларға сараптама бойынша сарапшы ретінде аттестаттау үшін, қала құрылысы, жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімдері бойынша жоғары кәсіптік білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болған жағдайда, растайтын құжаттың электрондық көшірмесі) немесе шетел азаматтары үшін білім туралы құжаттың және оның қосымшасының заңдастырылған немесе апостильденген электрондық көшірмесі және білім туралы құжаттың және оның қосымшасының, мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);
Еңбек кітапшасы негізді себептер бойынша болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы еңбек қызметін растайтын келесі құжаттардың бірін ұсынады:
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек шартының электрондық көшірмесі;
еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзіндінің электрондық көшірмесі;
қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтері бар мұрағаттық анықтаманың электрондық көшірмесі. Шетел азаматтары үшін еңбек қызметін растайтын құжаттың заңдастырылған немесе апостильденген электрондық көшірмесі және құжаттың, мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).
2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгеруіне байланысты қайта ресімдеу кезінде:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
3) қағаз және электрондық аттестатын қолданылу мерзімі көрсетілмей электрондық аттестатқа қайта ресімдеу кезінде:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
аттестаттың электрондық көшірмесі.

11

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1. ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін белгілеу;
2. көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3. келісуді талап ететін уәкілетті органның теріс жауабы немесе сараптама нәтижесінің теріс қорытындысы;
4. қызметті жүзеге асыруға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
5. арнайы құқықтан айыру туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
6. тестілеу нәтижесі бойынша өтініш беруші шекті деңгейден төмен баға алған жағдайда.

12

Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның және көрсетілген қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылады: www.gov.kz.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы – 1414.

  Тізбеге 2-қосымша
  "Іздестіру қызметіне лицензия
беру" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Іздестіру қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын

Іздестіру қызметіне лицензия беру

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауын

Инженерлік-геодезиялық жұмыстар;
Инженерлік-геологиялық және инженерлік-гидрогеологиялық жұмыстар;
Заңды тұлға-лицензиатты бөлу және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде және санат бере отырып, лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензияны қайта ресімдеу;
Лицензиат-дара кәсіпкерді қайта тіркеу, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген кезде лицензияны қайта ресімдеу, лицензиат-заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезде лицензияны қайта ресімдеу, лицензиат-жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген кезде лицензияны қайта ресімдеу

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдерін

"Цифрлық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттық жүйе

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімін

1) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, қайта ресімдеу - 5 жұмыс күні;
2) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген, заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресімдеу кезінде - 3 жұмыс күні.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысанын

Электрондық (ішінара цифрландырылған)

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесін

Іздестіру қызметіне лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру және қайта ресімдеу, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін

1) лицензия беру үшін-10 айлық есептік көрсеткіш;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін-лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Іздестіру қызметіне лицензия алуға, лицензияны қайта ресімдеуге электрондық сұрау салу берілген кезде төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, түскі үзіліспен, демалыс және мереке күндерінен басқа уақытта жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады;
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін

1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезде:
жеке тұлға үшін - осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
заңды тұлға үшін - осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны, штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін инженер-техник жұмыскердің болуын және ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуының болуын растайтын құжаттармен қоса беріледі;
2) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген, заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресімдеген кезде:
жеке тұлға үшін - осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған нысан бойынша өтініш;
заңды тұлға үшін - осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған, нысан бойынша өтініш;
3) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде, лицензияны қайта ресімдеген кезде:
заңды тұлға үшін - осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық нысан бойынша өтініш;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген бөліп шығарған заңды тұлғаның лицензияны бөлініп шыққан заңды тұлғаға қайта ресімдеуге келіскені туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
4)Лицензиат заңды тұлғаның құрылтайшылары құрамының өзгеруіне байланысты лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде лицензиар өтініш берушінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны

1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
6) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды көздейді

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің: www.egov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: ( 1414 ).

  Тізбеге 3-қосымша
  "Жобалау қызметіне лицензия
беру" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Жобалау қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Жобалау қызметіне лицензия беру

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Қала құрлысын жобалау (тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды қоспағанда, тарихи құрылыс аудандарында қала құрылысын қалпына келтіру үшін жобалау құқығымен) және жоспарлау;
Ғимараттар мен құрылыстардың сәулеттік жобасы (тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды қоспағанда, сәулет-реставрация жұмыстарына жобалау құқығымен), оның ішінде объектілердің бас жоспарлары, аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру және рельефті ұйымдастыру;
Құрылысты жобалау (ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеуге және (немесе) реконструкциялауға, сондай-ақ төменде көрсетілген жұмыстардың әрқайсысы үшін нығайту құрылымдарын жобалау құқығымен) және жобалау;
Инженерлік жүйелер мен желілерді жобалау;
Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлігін әзірлеу); Өндірістік объектілерді технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлігін әзірлеу);
Көлік, коммуникация және коммуникация инфрақұрылымы объектілерін технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлігін әзірлеу);
Технологиялық жобалау (көлік құрылысы жобаларының технологиялық бөлігін әзірлеу;
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы объектілерін салуға арналған технологиялық жобалау (жобалардың технологиялық бөлігін әзірлеу);
Лицензиат-заңды тұлғаны бөлу және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезiнде және лицензияны санат бере отырып қайта ресiмдеу кезiнде лицензия беру және қайта ресiмдеу;
Жеке кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеу, оның атауын немесе заңды мекенжайын өзгерту кезінде лицензияны қайта ресімдеу, заңды тұлға-лицензиаттың атауын және (немесе) орналасқан жерін өзгерту кезінде лицензияны қайта ресімдеу, лицензияны қайта ресімдеу жеке лицензиаттың тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) өзгерту;

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдерін

"Цифрлық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттық жүйе

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімін

1) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде және санат бере отырып, лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, қайта ресімдеу - 5 жұмыс күні;
2) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген, заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресімдеу кезінде - 3 жұмыс күні.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысанын

Электрондық (ішінара цифрландырылған)

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесін

Жобалау қызметіне лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру және қайта ресімдеу, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін

1) лицензия беру үшін - 10 айлық есептік көрсеткішті;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Жобалау қызметіне лицензия алуға, қайта ресімдеуге, электрондық сұрау берілген жағдайда, төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, түскі үзіліспен, демалыс және мереке күндерінен басқа уақытта жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады;
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін

1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезде:
- жеке тұлға үшін - осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
- заңды тұлға үшін - осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
-осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны, штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін инженер-техник жұмыскердің болуын және ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуының болуын растайтын құжаттармен қоса беріледі;
лицензиаттың немесе шетелдік тұлғалар өтініш берген жағдайда, І немесе ІІ санаттағы лицензия алу қажет болғанда, біліктілік талаптарына сәйкес іске асырылған объектілер туралы растайтын құжат, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі;
филиал арқылы шетелдік тұлға өтініш берген жағдайда, І немесе ІІ санаттағы лицензия алу қажет болғанда, лицензияның немесе шет мемлекеттің шетелдік тұлғалар үшін жобалау қызметіне тиісті растамасы бар тиісті рұқсат беру құжатының көшірмесі, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі;
2) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген, заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресімдеген кезде:
жеке тұлға үшін - осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған нысан бойынша өтініш;
заңды тұлға үшін - осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған, нысан бойынша өтініш;
3) санат берілуіне байланысты лицензияны қайта ресімдеген кезде порталға:
жеке тұлға үшін - осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
заңды тұлға үшін - осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
лицензияның және лицензияға қосымшаның электрондық көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда);
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі;
4) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде, лицензияны қайта ресімдеген кезде:
заңды тұлға үшін - осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық нысан бойынша өтініш;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген бөліп шығарған заңды тұлғаның лицензияны бөлініп шыққан заңды тұлғаға қайта ресімдеуге келіскені туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтері, лицензия туралы, лицензиялық алым туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзы арқылы беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
5) Лицензиат заңды тұлғаның құрылтайшылары құрамының өзгеруіне байланысты лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде лицензиар өтініш берушінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны

1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
6) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды көздейді

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің: www.egov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: ( 1414 ).

  Тізбеге 4-қосымша
  "Құрылыс-монтаждау
жұмыстарына лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша

"Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын

Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауын

Жер қабатындағы арнаулы жұмыстар;
Объектілерді күрделі жөндеуді және реконструкциялауды қоса алғанда, ғимараттар мен құрылыстардың жүк көтергіш және (немесе) қоршау конструкцияларын (оның ішінде көпірлерді, көліктік эстакадаларды, тоннельдер мен эстакадаларды, басқа да жасанды құрылыстарды) салу;
Сызықтық құрылымдарды төсеу үшін арнайы құрылыс-монтаж жұмыстары, оның ішінде күрделі жөндеу және қайта құру;
Инженерлік желілер мен жүйелерді орнату, оның ішінде күрделі жөндеу және қайта құру;
Автомобиль және темір жолдарды салу, оның ішінде күрделі жөндеу және қайта құру;
Технологиялық жабдықты монтаждау, іске қосу жұмыстары;
Лицензия-лицензиат заңды тұлғаны бөлу және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезiнде және лицензияны санат бере отырып қайта ресiмдеу кезiнде лицензияны қайта ресiмдеу;
Жеке кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеу, оның атауын немесе заңды мекенжайын өзгерту кезінде лицензияны қайта ресімдеу, заңды тұлға-лицензиаттың атауын және (немесе) орналасқан жерін өзгерту кезінде лицензияны қайта ресімдеу, лицензияны қайта ресімдеу жеке лицензиаттың тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) өзгерту;

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдерін

"Цифрлық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттық жүйе

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімін

1) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде және санат бере отырып, лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, қайта ресімдеу - 5 жұмыс күні;
2) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген, заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресімдеу кезінде - 3 жұмыс күні.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысанын

Электрондық (ішінара цифрландырылған)

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесін

Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру және қайта ресімдеу, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін

1) лицензия беру үшін - 10 айлық есептік көрсеткішті;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия алуға, қайта ресімдеуге, электрондық сұрау берілген жағдайда, төлем "цифрлық үкімет" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, түскі үзіліспен, демалыс және мереке күндерінен басқа уақытта жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады;
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін

1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезде:
жеке тұлға үшін - осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
заңды тұлға үшін - осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны, штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін инженер-техник жұмыскердің болуын және ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуының болуын растайтын құжаттармен қоса беріледі;
лицензиаттың немесе шетелдік тұлғалар өтініш берген жағдайда, І немесе ІІ санаттағы лицензия алу қажет болғанда, біліктілік талаптарына сәйкес іске асырылған объектілер туралы растайтын құжат, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі;
филиал арқылы шетелдік тұлға өтініш берген жағдайда, І немесе ІІ санаттағы лицензия алу қажет болғанда, лицензияның немесе шет мемлекеттің шетелдік тұлғалар үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарына тиісті растамасы бар тиісті рұқсат беру құжатының көшірмесі, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі;
2) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген, заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресімдеген кезде:
жеке тұлға үшін - осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған нысан бойынша өтініш;
заңды тұлға үшін - осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған, нысан бойынша өтініш;
3) санат берілуіне байланысты лицензияны қайта ресімдеген кезде порталға:
жеке тұлға үшін - осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
заңды тұлға үшін - осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
лицензияның және лицензияға қосымшаның электрондық көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда);
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі;
4) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде, лицензияны қайта ресімдеген кезде:
заңды тұлға үшін - осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық нысан бойынша өтініш;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген бөліп шығарған заңды тұлғаның лицензияны бөлініп шыққан заңды тұлғаға қайта ресімдеуге келіскені туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтері, лицензия туралы, лицензиялық алым туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзы арқылы беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
5) Лицензиат заңды тұлғаның құрылтайшылары құрамының өзгеруіне байланысты лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде лицензиар өтініш берушінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны

1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
6) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды көздейді

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің: www.egov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: ( 1414 ).

  Тізбеге 5-қосымша
  Жобалау және құрылыс
салу процесіне қатысушы
инженер-техник жұмыскерлерді
аттестаттау жөніндегі
мемлекеттік емес аттестаттау
орталықтарын аккредиттеу
жөніндегі қағидалар мен
рұқсат беру талаптарына
1-қосымша

"Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Мемлекеттік қызметтің атауы

Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу.

2

Мемлекеттік қызметтің кіші түрінің атауы (бар болған жағдайда)

Жоқ

3

Көрсетілген қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету тәсілдері (бар болған жағдайда)

"Цифрлық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы цифрлық жүйе.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету мерзімі (бар болған жағдайда)

1) куәлік беру – 10 (он) жұмыс күні;
2) заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезде куәлікті қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нысаны (бар болған жағдайда)

Электрондық (ішінара цифрландырылған).

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нәтижесі (бар болған жағдайда)

Аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе қайта ресімдеу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

1) куәлікті беру кезінде порталға:
осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 3-қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес рұқсат беру талаптарына және рұқсат беру талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар;
2) куәлікті қайта ресімдеу кезінде порталға:
осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 7-қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес нысан бойынша өтініш;
заңды тұлғаны бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде бөлініп шыққан заңды тұлғаның куәлігін қайта ресімдеуге келісімі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген шешімнің электрондық көшірмесі.

9

Көрсетілген қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі (бар болған жағдайда)

куәлік беру кезінде порталға:
осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес рұқсат беру талаптарына сай мәліметтер мен құжаттар;
куәлікті қайта ресімдеу кезінде порталға:
осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.

11

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер (бар болған жағдайда)

1) мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айыру туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы.

12

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өрсетілген қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның және өрсетілген қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған: www.gov.kz.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады