Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 275 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 мамырда № 38838 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07. 2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексінің 24-бабының 59) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 113 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекттік тіркеу тізілімінде № 10057 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2026 жылғы 29 мамырдағы
№ 275 Бұйрығына қосымша

Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республика Құрылыс кодексінің 24-бабының 59) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізу тәртібін айқындайды (бұдан әрі - инспекторлар).

      2. Аттестаттауға Қазақстан Республикасының бас мемлекттік құрылыс инспекторы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары мен мемлекеттік құрылыс инспекторларының жатады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - мемлекеттік басқару, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында басшылықты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторы - жергілікті атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметіне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мемлекеттік ведомствосының басшысы (бұдан әрі - ведомство басшысы);

      3) уәкілетті органның мемлекттік құрылыс инспекторлары - уәкілетті органның штаттық қызметкерлері, олардың лауазымдық міндеттеріне жергілікті атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметіне бақылау жасау, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыру кіреді;

      4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары - мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын жергілікті облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) органдардың басшылары;

      5) бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын сақтауын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы.

      6) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік құрылыс инспекторлары - лауазымдық міндеттеріне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыру кіретін жергілікті облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) органдардың штаттағы қызметкерлері.

      4. Аттестаттау мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттарды білу деңгейін, құзыреттілігін айқындау, жүзеге асырылатын жұмыстардың сапасын арттыру, құрылыс саласында болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, жаңа талаптарды зерделеу мақсатында жүргізіледі және үш кезеңнен тұрады:

      1) аттестаттау комиссиясының ұсынылған құжаттарды қарауы;

      2) тестілеу (теориялық білім деңгейін анықтау мақсатында);

      3) әңгімелесу (күнделікті қызметте теориялық білімді практикалық қолдану деңгейін анықтау мақсатында).

      Аттестаттау рәсімінен өткеннен кейін мемлекеттік құрылыс инспекторына төбелгі беріледі.

      5. Инспекторлар инспектор лауазымында әрбір келесі үш жыл қызмет өткеннен кейін, бірақ осы лауазымды атқаруға кіріскен күннен бастап үш айдан ерте емес мерзімде аттестаттаудан өтеді.

      Бұл ретте, аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс.

      6. Аттестаттау аттестатталатын инспектордың қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі.

2-тарау. Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекттік құрылыс инспекторларын аттестаттау тәртібі

1-параграф. Аттестаттау комиссиясы

      7. Аттестаттауды өткізу үшін ведомство басшысының шешімімен аттестаттау комиссиясы құрылады.

      Аттестаттау комиссиясы төрағадан, төрағаның орынбасарынан, комиссия мүшелерінен және комиссия хатшысынан тұрады. Комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамнан тұрады.

      Аттестаттау комиссиясы төрағасы отырысқа қатыспаған жағдайда, оның міндеттерін аттестаттау комиссиясы төрағасының орынбасары атқарады.

      Комиссияның хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және дауыс беру құқығына ие емес.

      8. Аттестаттау комиссиясының жұмыс органы ведомство басшысы айқындайтын уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      9. Ведомство басшысы жұмыс органының ұсынымы бойынша аттестаттауға жататын инспекторлардың тізбесі бекітілетін, аттестаттауды өткізу мерзімдері мен кестелері белгіленетін бұйрық шығарады.

      Жұмыс органы аттестаттаудан өтетін адамдарға қатысты қажетті құжаттарды дайындауды жүзеге асырады.

      10. Аттестаттау комиссиясының құрамына ведомство басшысының орынбасарлары және уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіретіні көзделген.

      11. Аттестаттау комиссиясының отырысы комиссия құрамының кемінде үштен екісі қатысқан кезде кворум болған жағдайда заңды деп есептеледі.

      12. Шешім аттестаттау комиссиясы мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда аттестаттау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      13. Аттестаттау комиссиясының мүшелерінің бірі аттестаттаудан өтетін жағдайда, аталған түлға өзіне қатысты дауыс беруге қатыса алмайды.

2-параграф. Аттестаттауды өткізуге ұйымдастыру

      14. Жұмыс органы осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес аттестаттауға жататын инспекторларды айқындайды және аттестатталуға жататын инспекторлардың тізбесін ведомство басшысының бекітуіне ұсынады.

      15. Жұмыс органы аттестаттауға жататын тұлғаларды аттестаттау өткізілетін мерзімдер туралы жазбаша түрде аттестаттауды өткізу басталған дейін кемінде бір ай бұрын хабардар етеді.

      16. Уәкілетті органның және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының кадр қызметтері аттестаттау өткізілетін күнге дейін екі апта аттестатталуға жататын инспекторлар бойынша мынадай құжаттарды дайындайды және жұмыс органына жолдайды:

      1) қызметтік мінездеме;

      2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған қызметтік тізім;

      3) өмірбаян;

      4) құрылыс саласындағы білімі туралы дипломның көшірмесі;

      5) ғылыми дәреженің, атақтардың, біліктілікті арттырудың, сертификаттар мен куәліктердің бар екенін растайтын куәліктердің көшірмелері (бар болған жағдайда).

      17. Қызметтік мінездеме аттестатталатын тұлғаның кәсіби, жеке қасиеттерін және қызметтік қызметінің нәтижелерін бағалауды қамтуға тиіс және мынадай тұлғалар қол қояды:

      1) Қазақстан Республикасының бас мемлекттік құрылыс инспекторларына;

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторларына - жергілікті атқарушы органның басшысы немесе басшысының орынбасары;

      3) уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторларына - мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын ведомство басшыларының орынбасарлары;

      4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың

      мемлекеттік құрылыс инспекторларына - мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын областардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті органдарының басшылары немесе олардың орынбасарлары.

3-параграф. Аттестаттауды өткізу

      18. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделей отырып, мынадай екі шешімнің бірін қабылдайды:

      1) тестілеуге жіберу;

      2) тестілеуге жібермеу.

      19. Тестілеуге жібермеу туралы шешім осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттардың толық көлемде ұсынылмауы, құрылыс саласындағы кәсіптік білімнің болмауы, теріс мінездеменің ұсынылуы, сондай-ақ аттестатталатын тұлғаның аттестаттауға дәлелсіз себептермен (еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе демалысты көрсетпей) келмеуі жағдайында қабылданады.

      20. Аттестаттауға жататын, бірақ дәлелді себептермен қатыспаған тұлғалар аттестаттау комиссиясы айқындайтын мерзімдерде аттестаттау рәсімінен өтеді.

      21. Тестілік сұрақтарды қалыптастыруды жұмыс органы жүзеге асырады және олар ведомство басшысы тарапынан бекітіледі.

      Тестілік сұрақтар аттестатталатын тұлғалардың білім деңгейін жауап парақтарын толтыру арқылы бағалау кезінде пайдаланылады.

      22. Аттестатталатын тұлғаға аттестаттау комиссиясы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағын ресімдейді.

      23. Аттестаттау аттестатталатын тұлғаның қатысуымен жүргізіледі.

      24. Тестілеу тестілеуге қатысушының таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі.

      25. Тестілеу екі кезеңнен тұрады:

      1) тестілеуге қатысушылардың тест тапсырмаларын орындауы;

      2) нәтижелерді есептеу.

      26. Тест тапсырмаларын орындауға берілетін жалпы уақыт 90 минутты құрайды. Тестілік сұрақнама 100 (жүз) сұрақтан тұрады.

      Тест орындауға бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін материалдар аттестаттау комиссиясына ұсынылады.

      27. Тестілеу барысында қатысушыларға:

      1) тестілеу аяқталғанға дейін үй-жайдан шығуға;

      2) сөйлесуге және тестілеуге қатысушылардың назарын басқа әрекеттермен бөлуге;

      3) жеке электрондық құрылғыларды (оның ішінде компьютерлерді, ұялы телефондарды) пайдалануға жол берілмейді.

      Жоғарыда көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда, тестілеуге қатысушы тестілеу өткізілетін үй-жайдан шығарылады. Бұл тұлға үшін аттестаттау өтпеген болып есептеледі, аттестаттау комиссиясы аталған тұлғаға қатысты мынадай шешім қабылдайды: аттестатталмады, қайта аттестаттауға жатады.

      Аталған тұлға қайта тестілеуден аттестаттау комиссиясы белгілейтін мерзімдерде, бірақ үш айдан ерте емес мерзімде өтеді.

      28. Тестілеу нәтижелерін есептеу дұрыс жауаптардың кодтарын пайдалана отырып, аттестаттау комиссиясы тарапынан 3 (үш) сағат ішінде жүргізіледі.

      29. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары үшін шекті мән тестілеу нәтижесі ретінде 70 және одан да көп дұрыс жауап болып есептеледі, ал аттестаттауға жататын өзге санаттағы тұлғалар үшін – 60 және одан да көп дұрыс жауап.

      30. Тестілеу барысында шекті мәннен төмен нәтиже алған тестілеуге қатысушы әңгімелесуге жіберілмейді.

      Аталған тұлға қайта тестілеуден аттестаттау комиссиясы белгілейтін мерзімдерде, бірақ үш айдан ерте емес мерзімде өте алады.

      31. Қайта тестілеуден өту барысында тестілеуге қатысушы шекті мәннен төмен нәтиже алған жағдайда, аттестаттау комиссиясы тестілеуге қатысушының инспектор лауазымына сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.

      32. Тестілеу қорытындысы бойынша осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген шекті мәнге сәйкес балл жинаған тұлғалар әңгімелесуге жіберіледі.

      33. Аттестаттау комиссиясы аттестатталатын тұлғамен әңгімелесу қорытындылары бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) аттестатталды;

      2) аттестатталмады, қайта аттестаттауға жатады;

      3) аттестатталмады, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асырудан шеттетіледі.

      34. Аттестаттау комиссиясының шешімі отырыс хаттамасымен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, комиссия мүшелері және отырысқа қатысқан хатшысы қол қояды.

      35. Аттестатталатын тұлға аттестаттау комиссиясының шешімімен таныстырылады. Комиссия органның шешімдерімен келіспеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің сәйкес белгіленген тәртіппен оған шағымдана алады.

      36. Аттестаттау комиссиясының шешімі аттестаттау өткізілген күннен бастап бір ай мерзімде ведомство басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      37. Аттестаттау комиссиясының бекітілген шешімі аттестатталатын тұлғаның аттестаттау парағына енгізіледі.

      38. Аттестаттаудан өткен аттестатталатын тұлғаның аттестаттау парағы оның жеке ісінде сақталады.

  Сәулет-құрылыс бақылауы мен
қадағалауын жүзеге асыратын
құрылыс инспекторларын
аттестаттаудан өткізу
қағидаларына қосымша
  Нысан

Аттестаттау парағы Аттестатталатын инспектор туралы ақпарат

      Тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________________

      Туған күні және жері ______________________________________________

      Білімі __________________________________________________________

      Лауазымы және тағайындалған күні _________________________________

      Жалпы еңбек өтілі _____ (мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарында),

      оның ішінде осы лауазымда ____________________________

      Қосымша мәліметтер: Қатысқан комиссия мүшелерінің саны _____________

      Дауыс беру нәтижелері:

      "Жақтағандар" ___________

      "Қарсы" _________________

      Қабылданған шешім: _________________________________________________

      (аттестаттаудан өтті; аттестаттаудан өтпеді және қайта аттестатталуға жатады;

      аттестаттаудан өтпеді)

      Төраға /____________/

      Төрағаның орынбасары /______________/

      Хатшы /______________/

      Мүшелері /______________/

      Қабылданған шешіммен таныстым

      _______________________________________

      (аттестатталатын адамның қолы және күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады