ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. Қараңыз"Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының екінші бөлігінің 6) тармақшасына, 2-тармағының 7) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілік ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы бірлескен қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бірлескен қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 12 шілдеден бастап:
Қағидалардың 2-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"2. Ұйымдар есептілікті электрондық цифрлық қолтаңбамен растау рәсімдерін сақтай отырып, цифрлық жүйелерді пайдалану арқылы электрондық түрде ұсынады.";
Қағидалардың 3-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"3. Ақпаратты цифрлық жүйелерге жүктеу кезінде нысанішілік бақылау жүзеге асырылады. Нысанішілік бақылауды жүзеге асыру кезінде қателер анықталған жағдайда, ақпарат қабылданбайды.";
Қағидалардың 4-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"4. Нысанішілік бақылаудан өткен, көрсетілген есепті кезеңнің ақпаратын цифрлық жүйеге соңғы жүктеудің нақты күні тиісті есепті кезең үшін есептілікті ұсыну күні болып табылады.".
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттік Төрағасының м.а. |
__________О. Кизатов |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
__________Т. Сулейменов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілік ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілік ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Цифрлық активтер туралы заң) 4-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің 6) тармақшасына, 2-тармағының 7) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарын, оны ұсыну кезеңділігі мен мерзімдерін қоса, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) есептілікті ұсыну тәртібі айқындалады.
2. Ұйымдар есептілікті электрондық цифрлық қолтаңбамен растау рәсімдерін сақтай отырып, ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы электрондық түрде ұсынады.
3. Ақпаратты ақпараттық жүйелерге жүктеу кезінде нысанішілік бақылау жүзеге асырылады. Нысанішілік бақылауды жүзеге асыру кезінде қателер анықталған жағдайда, ақпарат қабылданбайды.
4. Нысанішілік бақылаудан өткен, көрсетілген есепті кезеңнің ақпаратын ақпараттық жүйеге соңғы жүктеудің нақты күні тиісті есепті кезең үшін есептілікті ұсыну күні болып табылады.
5. Есептілікті цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым басшысының немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру есептілікті ұсынған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.
6. Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымның басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам есептіліктегі деректердің толықтығы мен дәйектілігін қамтамасыз етеді.
7. Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі.
8. Есептілікті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы базалық активтер "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 56 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 544 бірлескен қаулысы мен бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36983 болып тіркелген) белгіленген тәртіпке сәйкес айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есепті тоқсанның соңындағы жағдай бойынша қайта есептеліп, көрсетіледі.
9. Қағидаларда көзделген есептердің нысандары кестелерінің кез келгені бойынша деректер болмаған кезде ол бойынша мәліметтер ұсынылмайды, бұл туралы цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдар Ұлттық Банкке есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанның 10 (оныншы) жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабарлайды.
2-тарау. Есептілікті ұсыну тәртібі
10. Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдар Ұлттық Банкке есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) жұмыс күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Цифрлық активтер туралы заңның 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерін шығару бойынша базалық және жоғары өтімді активтердің жай-күйі туралы есепті;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Цифрлық активтер туралы заңның 5-бабының 2) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерін шығару бойынша базалық активтердің жай-күйі туралы есепті ұсынады.
| Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілік ұсыну қағидаларына |
|
| 1-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz. ресми интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерін шығару бойынша базалық және жоғары өтімді активтердің жай-күйі туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: CUST_R1
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезеңі: 20___жылғы "___" ____________ жағдай бойынша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (онынан) кешіктірмей, тоқсан сайын
БСН: _______________________
Жинау әдісі: электрондық түрде
Кесте. "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерін шығару бойынша базалық және жоғары өтімді активтердің жай-күйі туралы есеп
№ | Цифрлық қаржы активінің атауы | Цифрлық қаржы активтерін шығару көлемі | Цифрлық қаржы активтері эмитентінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) |
Базалық | Жоғары өтімді активтер (50%) | Цифрлық қаржы активтерін шығару бойынша қамтамасыз етудің ағымдағы жалпы құны (базалық активтер мен жоғары өтімді активтердің құны) | ||
Базалық активтер валютасының түрі | Базалық активтердің көлемі (ақша қалдығы) | Жоғары өтімді активтердің түрі |
| |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Атауы __________________________________________________________________
Мекенжайы ______________________________________________________________
Телефоны________________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _____________________________________________
Орындаушы ________________________________________________ ______ _______
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_____________________________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Күні 20__ жылғы "______" ______________
Ескертпе: нысан "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерін шығару бойынша базалық және жоғары өтімді активтердің жай-күйі туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
"Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерін шығару бойынша базалық және жоғары өтімді активтердің жай-күйі туралы есеп" (индексі – CUST_R1, кезеңділігі – тоқсан сайын) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерін шығару бойынша базалық және жоғары өтімді активтердің жай-күйі туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Нысанды цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым (бұдан әрі – ұйым) тоқсан сайын есепті тоқсанның соңындағы жағдай бойынша жасайды.
3. Нысанда "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерін шығару бойынша базалық және жоғары өтімді активтердің жай-күйі туралы мәліметтер көрсетіледі.
4. Нысанға ұйымның басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. 2-бағанда эмитент шығарған цифрлық қаржы активінің атауы (болған жағдайда) көрсетіледі.
6. 3-бағанда Цифрлық активтер туралы заңның 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерін шығару көлемі көрсетіледі.
7. 4-бағанда Цифрлық активтер туралы заңның 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтері эмитентінің БСН көрсетіледі.
8. 5-бағанда "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар "ҚР ҰЖ 07 ISO 4217 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес валюталардың әріптік кодтарына сәйкес базалық активтер валютасының (ақшаның) түрі көрсетіледі.
9. 6-бағанда базалық активтердің көлемі (ақша қалдығы) көрсетіледі.
10. 7-бағанда мынадай кодтарға сәйкес жоғары өтімді активтердің түрі көрсетіледі:
"1" – Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 139-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіппен эмитенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын, айналыс мерзімі 3 (үш) жылға дейінгі мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;
"2" – Standard & Poors (Стандард энд Пурс) халықаралық рейтингтік агенттігінің жіктеуі бойынша Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінің деңгейінен немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс СҰвис) және Fitch (Фитч) халықаралық рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтерінен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар шет мемлекеттер шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар;
"3" – Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар.
11. 8-бағанда жоғары өтімді активтердің құны көрсетіледі.
Егер 7-бағанда "2" коды көрсетілсе, онда 8-бағанда шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарының шетел валютасындағы құны "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 56 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 544 бірлескен қаулысы мен бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36983 болып тіркелген) белгіленген тәртіпке сәйкес айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есепті тоқсанның соңындағы жағдай бойынша қайта есептеліп, көрсетіледі.
12. 9-бағанда цифрлық қаржы активтерін шығару бойынша қамтамасыз етудің ағымдағы жалпы құны (6-бағанда көрсетілген базалық активтердің көлемі мен 8-бағанда көрсетілген жоғары өтімді активтердің құнын қосу арқылы) көрсетіледі.
| Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілік ұсыну қағидаларына 2-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерін шығару бойынша базалық активтердің жай-күйі туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: CUST_R2
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезеңі: 20___жылғы "___" ____________ жағдай бойынша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) жұмыс күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын
БСН: _______________________
Жинау әдісі: электрондық түрде
Кесте. "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерін шығару бойынша базалық активтердің жай-күйі туралы есеп
№ | Цифрлық қаржы активінің атауы | Цифрлық қаржы активтерін шығару көлемі |
Цифрлық қаржы активтері эмитентінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Базалық активтер | ||
Базалық активтер валютасының түрі | Базалық активтердің түрі |
| ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Атауы____________________________________________________________________
Мекенжайы________________________________________________________________
Телефоны_________________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _____________________________________________
Орындаушы ________________________________________________ ______ ______
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
____________________________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Күні 20__ жылғы "______" ______________
Ескертпе: нысан "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерін шығару бойынша базалық активтердің жай-күйі туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
"Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерін шығару бойынша базалық активтердің жай-күйі туралы есеп" (индексі – CUST_R2, кезеңділігі – тоқсан сайын) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерін шығару бойынша базалық активтердің жай-күйі туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Нысанды цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым (бұдан әрі – ұйым) тоқсан сайын есепті тоқсанның соңындағы жағдай бойынша жасайды.
3. Нысанда "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Цифрлық активтер туралы заң) 5-бабының 2) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерін шығару бойынша базалық активтердің жай-күйі туралы мәліметтер көрсетіледі.
4. Нысанға ұйымның басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. 2-бағанда эмитент шығарған цифрлық қаржы активінің атауы (болған жағдайда) көрсетіледі.
6. 3-бағанда Цифрлық активтер туралы заңның 5-бабының 2) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерін шығару көлемі көрсетіледі.
7. 4-бағанда Цифрлық активтер туралы заңның 5-бабының 2) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтері эмитентінің БСН көрсетіледі.
8. 5-бағанда "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ҚР ҰЖ 07 ISO 4217 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес валюталардың әріптік кодтарына сәйкес базалық активтер валютасының түрі көрсетіледі.
9. 7-бағанда мынадай кодтарға сәйкес базалық активтердің түрі көрсетіледі:
"1" – теңгеге номинирленген бағалы қағаздар;
"2" – шетел валютасына номинирленген бағалы қағаздар;
"3" – туынды бағалы қағаздар;
"4" – туынды қаржы құралдары;
"5" – басқа цифрлық қаржы активі;
"6" – қаржы активі;
"7" – мүліктік құқықтар (талаптар);
"8" – тауарлар;
"9" – өзге мүлік.
10. 7-бағанда базалық активтердің құны көрсетіледі.
