ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бірлескен қаулы және бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 6-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы бірлескен қаулыға және бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бухгалтерлік есеп департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы бірлескен қаулыны және бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен қаулыны және бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бірлескен қаулы және бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен қаулының және бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасарына және Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен қаулы және бұйрық ресми жариялануы тиіс және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
__________М. Такиев |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Төрағасының міндетін атқарушы |
__________Е. Жамаубаев |
Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 6-1-тармағына сәйкес әзірленді және валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібін белгілейді.
2-тарау. Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі
2. Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – биржа) шетел валюталарымен сауда-саттық жүргізетін жұмыс күндері мынадай тәртіппен күнделікті айқындалады:
1) Америка Құрама Штаттары (бұдан әрі – АҚШ) доллары бойынша валюта айырбастаудың нарықтық бағамы теңгенің АҚШ долларына қатысты Астана қаласының уақытымен сағат 15-30-дағы жағдай бойынша қалыптасқан орташа алынған биржалық бағамы ретінде айқындалады;
2) басқа шетел валюталары бойынша валюталарды айырбастаудың теңгеге қатысты нарықтық бағамы АҚШ долларының теңгеге қатысты нарықтық бағамын және осы валюталардың Астана қаласының уақытымен сағат 16-00-дегі жағдай бойынша қалыптасқан АҚШ долларына бағамдарын пайдалана отырып есептелген кросс-бағам ретінде айқындалады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі биржада сауда-саттық жүргізілген күні осы тармақта белгіленген тәртіппен айқындалған, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7977 болып тіркелген, бұдан әрі – Ресми бағамдар жөніндегі қағидалар) қосымшада көрсетілген шетел валюталары үшін шетел валюталарының теңгеге қатысты бағамдарын белгілейді.
Ресми бағамдар жөніндегі қағидаларға қосымшада көрсетілмеген айырбасталатын валюталардың нарықтық бағамдарын ұйымдар осы тармақта белгіленген тәртіппен дербес айқындайды. АҚШ долларының теңгеге қатысты нарықтық бағамы белгіленген күні Файнэншл Таймс (Financial Times) газетінде немесе оның интернет-ресурсында, сондай-ақ Блумберг (Bloomberg) не Рефинитив (Refinitiv) ақпараттық порталдарында жарияланған шетел валютасының АҚШ долларына бағамын пайдалануға болады.
3. Қағидалардың 2-тармағына сәйкес айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы сессияда сауда-саттық жүргізілген күннен кейінгі жұмыс күні қолданылады.
Жұмыс емес күндері жұмыс емес күннің алдындағы жұмыс күні айқындалған бағамдар қолданылады.
4. Қаржы ұйымдары (қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамы, акционерлік инвестициялық қорлар, арнайы қаржы компаниялары, исламдық арнайы қаржы компаниялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және акцияларының елу және одан да көп пайызы (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) немесе акцияларының бақылау пакеті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғалар бухгалтерлік есепті жүргізу, қаржылық есептілікті және бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті қалыптастыру мақсатында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қайта саналуы тиіс активтер мен міндеттемелерді қайта санауды биржада сауда-саттық жүргізілген күннің соңында Қағидалардың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып жүзеге асырады.
Қалған ұйымдар қаржылық есептілікті қалыптастыру мақсатында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қайта санауға жататын активтер мен міндеттемелерді қайта санауды Қағидалардың 2-тармағында белгіленген тәртіппен, сауда-саттық жүргізілген есепті кезеңнің соңғы күніне айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын жабу бағамы ретінде пайдалана отырып есепті күні жүзеге асырады.
5. Қаржы ұйымдары (қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамы, акционерлік инвестициялық қорлары, арнайы қаржы компаниялары, исламдық арнайы қаржы компаниялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және акцияларының елу және одан да көп пайызы (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) немесе акцияларының бақылау пакеті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғалар Қағидалардың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып бухгалтерлік есепті жүргізуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болған жағдайда, бухгалтерлік есепті жүргізу мақсаттары үшін Қағидалардың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын күннің соңында қайта санауды жүзеге асырмастан биржада сауда-саттық жүргізілген күні және келесі жұмыс емес күндері пайдаланады не Қағидалардың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып, биржада сауда-саттық жүргізілген күннің соңында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қайта санауға жататын активтер мен міндеттемелерді қайта санауды жүзеге асырады.
Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген).
2. "Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау және қолдану тәртібін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 193 қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 626 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12885 болып тіркелген).
3. "Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау және қолдану тәртібін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 38 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 наурыздағы № 343 бірлескен бұйрығы және қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16660 болып тіркелген).
4. "Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау және қолдану тәртібін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 маусымдағы № 100 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 640 бірлескен қаулысы мен бұйрығы.
5. "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 22 қарашадағы № 101 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 қарашадағы № 1224 бірлескен қаулысы мен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25547 болып тіркелген).
6. "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 27 наурыздағы № 17 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 326 бірлескен қаулысы мен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32307 болып тіркелген).