Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 56 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 544 бірлескен қаулысы мен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 қыркүйекте № 36983 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен қаулы және бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 6-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бірлескен қаулыға және бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бухгалтерлік есеп департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы бірлескен қаулыны және бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен қаулыны және бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бірлескен қаулы және бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен қаулының және бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасарына және Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен қаулы және бұйрық ресми жариялануы тиіс және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________М. Такиев
      Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банк Төрағасының міндетін атқарушы
__________Е. Жамаубаев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 544 мен
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банк Төрағасының
міндетін атқарушы
2025 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 56
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
және Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің бірлескен
қаулысымен және бұйрығымен
бекітілген

Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 6-1-тармағына сәйкес әзірленді және валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібін белгілейді.

2-тарау. Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі

      2. Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – биржа) шетел валюталарымен сауда-саттық жүргізетін жұмыс күндері мынадай тәртіппен күнделікті айқындалады:

      1) Америка Құрама Штаттары (бұдан әрі – АҚШ) доллары бойынша валюта айырбастаудың нарықтық бағамы теңгенің АҚШ долларына қатысты Астана қаласының уақытымен сағат 15-30-дағы жағдай бойынша қалыптасқан орташа алынған биржалық бағамы ретінде айқындалады;

      2) басқа шетел валюталары бойынша валюталарды айырбастаудың теңгеге қатысты нарықтық бағамы АҚШ долларының теңгеге қатысты нарықтық бағамын және осы валюталардың Астана қаласының уақытымен сағат 16-00-дегі жағдай бойынша қалыптасқан АҚШ долларына бағамдарын пайдалана отырып есептелген кросс-бағам ретінде айқындалады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі биржада сауда-саттық жүргізілген күні осы тармақта белгіленген тәртіппен айқындалған, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7977 болып тіркелген, бұдан әрі – Ресми бағамдар жөніндегі қағидалар) қосымшада көрсетілген шетел валюталары үшін шетел валюталарының теңгеге қатысты бағамдарын белгілейді.

      Ресми бағамдар жөніндегі қағидаларға қосымшада көрсетілмеген айырбасталатын валюталардың нарықтық бағамдарын ұйымдар осы тармақта белгіленген тәртіппен дербес айқындайды. АҚШ долларының теңгеге қатысты нарықтық бағамы белгіленген күні Файнэншл Таймс (Financial Times) газетінде немесе оның интернет-ресурсында, сондай-ақ Блумберг (Bloomberg) не Рефинитив (Refinitiv) ақпараттық порталдарында жарияланған шетел валютасының АҚШ долларына бағамын пайдалануға болады.

      3. Қағидалардың 2-тармағына сәйкес айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы сессияда сауда-саттық жүргізілген күннен кейінгі жұмыс күні қолданылады.

      Жұмыс емес күндері жұмыс емес күннің алдындағы жұмыс күні айқындалған бағамдар қолданылады.

      4. Қаржы ұйымдары (қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамы, акционерлік инвестициялық қорлар, арнайы қаржы компаниялары, исламдық арнайы қаржы компаниялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және акцияларының елу және одан да көп пайызы (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) немесе акцияларының бақылау пакеті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғалар бухгалтерлік есепті жүргізу, қаржылық есептілікті және бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті қалыптастыру мақсатында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қайта саналуы тиіс активтер мен міндеттемелерді қайта санауды биржада сауда-саттық жүргізілген күннің соңында Қағидалардың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып жүзеге асырады.

      Қалған ұйымдар қаржылық есептілікті қалыптастыру мақсатында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қайта санауға жататын активтер мен міндеттемелерді қайта санауды Қағидалардың 2-тармағында белгіленген тәртіппен, сауда-саттық жүргізілген есепті кезеңнің соңғы күніне айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын жабу бағамы ретінде пайдалана отырып есепті күні жүзеге асырады.

      5. Қаржы ұйымдары (қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамы, акционерлік инвестициялық қорлары, арнайы қаржы компаниялары, исламдық арнайы қаржы компаниялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және акцияларының елу және одан да көп пайызы (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) немесе акцияларының бақылау пакеті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғалар Қағидалардың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып бухгалтерлік есепті жүргізуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болған жағдайда, бухгалтерлік есепті жүргізу мақсаттары үшін Қағидалардың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын күннің соңында қайта санауды жүзеге асырмастан биржада сауда-саттық жүргізілген күні және келесі жұмыс емес күндері пайдаланады не Қағидалардың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып, биржада сауда-саттық жүргізілген күннің соңында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қайта санауға жататын активтер мен міндеттемелерді қайта санауды жүзеге асырады.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 544 мен
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банк Төрағасының
міндетін атқарушы
2025 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 56
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
және Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің бірлескен
қаулысына және бұйрығына
қосымша

Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген).

      2. "Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау және қолдану тәртібін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 193 қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 626 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12885 болып тіркелген).

      3. "Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау және қолдану тәртібін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 38 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 наурыздағы № 343 бірлескен бұйрығы және қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16660 болып тіркелген).

      4. "Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау және қолдану тәртібін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 маусымдағы № 100 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 640 бірлескен қаулысы мен бұйрығы.

      5. "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 22 қарашадағы № 101 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 қарашадағы № 1224 бірлескен қаулысы мен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25547 болып тіркелген).

      6. "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 27 наурыздағы № 17 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 326 бірлескен қаулысы мен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32307 болып тіркелген).

Об утверждении Правил определения рыночного курса обмена валюты

Совместные постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 сентября 2025 года № 56 и приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 сентября 2025 года № 544. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 сентября 2025 года № 36983

      Примечание ИЗПИ!
Настоящие совместные постановление и приказ водится в действие с 01.01.2026.

      В соответствии с пунктом 6-1 статьи 20 Закона Республики Казахстан "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ и Министр финансов Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила определения рыночного курса обмена валюты.

      2. Признать утратившими силу некоторые нормативные правовые акты согласно приложению к настоящим совместным постановлению и приказу.

      3. Департаменту бухгалтерского учета Национального Банка Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом Национального Банка Республики Казахстан государственную регистрацию настоящих совместных постановления и приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящих совместных постановления и приказа на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящих совместных постановления и приказа представление в Юридический департамент Национального Банка Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятия, предусмотренного подпунктом 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящих совместных постановления и приказа возложить на курирующего Первого заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан и Вице-министра финансов Республики Казахстан.

      5. Настоящие совместные постановление и приказ подлежат официальному опубликованию и вводятся в действие с 1 января 2026 года.

      Министр финансов
Республики Казахстан
__________М. Такиев

            Исполняющий обязанности            Председателя            Национального Банка            Республики Казахстан            __________Е. Жамаубаев

  Утверждены совместными
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
и приказом Министра финансов
Республики Казахстан
Министр финансов
Республики Казахстан
от 29 сентября 2025 года № 544 и
Исполняющий обязанности
Председателя
Национального Банка
Республики Казахстан
от 26 сентября 2025 года № 56

Правила определения рыночного курса обмена валюты

Глава 1. Общее положение

      1. Настоящие Правила определения рыночного курса обмена валюты (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 6-1 статьи 20 Закона Республики Казахстан "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности" и устанавливают порядок определения рыночного курса обмена валюты.

Глава 2. Порядок определения рыночного курса обмена валюты

      2. Рыночный курс обмена валют определяется ежедневно в рабочие дни, в которые акционерное общество "Казахстанская фондовая биржа" (далее – биржа) проводит торги по иностранным валютам, в следующем порядке:

      1) по доллару Соединенных Штатов Америки (далее – США) рыночный курс обмена валюты определяется как средневзвешенный биржевой курс тенге к доллару США, сложившийся по состоянию на 15-30 часов времени города Астана;

      2) по другим иностранным валютам рыночный курс обмена валют по отношению к тенге определяется как кросс-курс, рассчитанный с использованием рыночного курса доллара США по отношению к тенге и курсов данных валют к доллару США, сложившихся по состоянию на 16-00 часов времени города Астана.

      Национальный Банк Республики Казахстан в день проведения торгов на бирже фиксирует курсы иностранных валют по отношению к тенге, определенные в установленном настоящим пунктом порядке, для иностранных валют, указанных в приложении к Правилам установления официального курса национальной валюты Республики Казахстан к иностранным валютам, утвержденным постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 242 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7977, далее – Правила по официальным курсам).

      Рыночные курсы по обменным валютам, не указанным в приложении к Правилам по официальным курсам, определяются организациями самостоятельно в порядке, установленном настоящим пунктом. Допускается использование курса иностранной валюты к доллару США, опубликованного в газете Файнэншл Таймс (Financial Times) или на его интернет-ресурсе, а также на информационных порталах Блумберг (Bloomberg) либо Рефинитив (Refinitiv), в день установления рыночного курса доллара США по отношению к тенге.

      3. Рыночный курс обмена валют, определенный в соответствии с пунктом 2 Правил, применяется в рабочий день, следующий за днем проведения торгов на сессии.

      В нерабочие дни действуют курсы, определенные в рабочий день, предшествующий нерабочему дню.

      4. Финансовые организации (за исключением юридических лиц, исключительным видом деятельности которых является организация обменных операций с иностранной валютой), филиалы банков – нерезидентов Республики Казахстан, филиалы страховых (перестраховочных) организаций – нерезидентов Республики Казахстан и филиалы страховых брокеров – нерезидентов Республики Казахстан, акционерное общество "Банк Развития Казахстана", акционерные инвестиционные фонды, специальные финансовые компании, исламские специальные финансовые компании, а также Национальный Банк Республики Казахстан и юридические лица, пятьдесят и более процентов акций (долей участия в уставном капитале) или контрольный пакет акций которых принадлежат Национальному Банку Республики Казахстан, в целях ведения бухгалтерского учета, формирования финансовой отчетности и отчетности по данным бухгалтерского учета осуществляют пересчет активов и обязательств, подлежащих пересчету в соответствии с международными стандартами финансовой отчетности, в конце дня, в котором проводились торги на бирже, с использованием рыночного курса обмена валют, определенного в порядке, установленном пунктом 2 Правил.

      Остальные организации в целях формирования финансовой отчетности осуществляют пересчет активов и обязательств, подлежащих пересчету в соответствии с международными стандартами финансовой отчетности и требованиями законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности, на отчетную дату с использованием в качестве курса закрытия рыночного курса обмена валют, определенного на дату последнего дня отчетного периода, в котором проводились торги в порядке, установленном пунктом 2 Правил.

      5. Финансовые организации (за исключением юридических лиц, исключительным видом деятельности которых является организация обменных операций с иностранной валютой), филиалы банков – нерезидентов Республики Казахстан, филиалы страховых (перестраховочных) организаций – нерезидентов Республики Казахстан и филиалы страховых брокеров – нерезидентов Республики Казахстан, акционерное общество "Банк Развития Казахстана", акционерные инвестиционные фонды, специальные финансовые компании, исламские специальные финансовые компании, а также Национальный Банк Республики Казахстан и юридические лица, пятьдесят и более процентов акций (долей участия в уставном капитале) или контрольный пакет акций которых принадлежат Национальному Банку Республики Казахстан, при наличии автоматизированной информационной системы, позволяющей осуществлять ведение бухгалтерского учета с использованием рыночного курса обмена валют, определенного в порядке, установленном пунктом 2 Правил, для целей ведения бухгалтерского учета используют рыночный курс обмена валют, определенный в порядке, установленном пунктом 2 Правил, в день проведения торгов на бирже и последующие нерабочие дни без осуществления пересчета в конце дня, либо осуществляют пересчет активов и обязательств, подлежащих пересчету в соответствии с международными стандартами финансовой отчетности, в конце дня, в котором проводились торги на бирже, с использованием рыночного курса обмена валют, определенного в порядке, установленном пунктом 2 Правил.

  Приложение
к совместным постановлению
Правления Национального Банка
Республики Казахстан
и приказу
Министра финансов
Республики Казахстан
Министр финансов
Республики Казахстан
от 29 сентября 2025 года № 544 и
Исполняющий обязанности
Председателя Национального Банка
Республики Казахстан
от 26 сентября 2025 года № 56

Перечень утративших силу некоторых нормативных правовых актов

      1. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 января 2013 года № 15 и приказ Министра финансов Республики Казахстан от 22 февраля 2013 года № 99 "О порядке определения рыночного курса обмена валюты" (зарегистрированы в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8378).

      2. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 октября 2015 года № 193 и приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 декабря 2015 года № 626 "О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 января 2013 года № 15 и приказ Министра финансов Республики Казахстан от 22 февраля 2013 года № 99 "Об установлении порядка определения и применения рыночного курса обмена валют" (зарегистрированы в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12885).

      3. Совместные постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 февраля 2018 года № 38 и приказ Министра финансов Республики Казахстан от 7 марта 2018 года № 343 "О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 января 2013 года № 15 и приказ Министра финансов Республики Казахстан от 22 февраля 2013 года № 99 "Об установлении порядка определения и применения рыночного курса обмена валют" (зарегистрированы в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16660).

      4. Совместные постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 июня 2019 года № 100 и приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра финансов Республики Казахстан от 27 июня 2019 года № 640 "О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 января 2013 года № 15 и приказ Министра финансов Республики Казахстан от 22 февраля 2013 года № 99 "Об установлении порядка определения и применения рыночного курса обмена валют" (зарегистрированы в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18941).

      5. Совместные постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 22 ноября 2021 года № 101 и приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 ноября 2021 года № 1224 "О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 января 2013 года № 15 и приказ Министра финансов Республики Казахстан от 22 февраля 2013 года № 99 "О порядке определения рыночного курса обмена валюты" (зарегистрированы в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 25547).

      6. Совместные постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 марта 2023 года № 17 и приказ и.о. Заместителя Премьер-Министра - и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 3 апреля 2023 года № 326 "О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 января 2013 года № 15 и приказ Министра финансов Республики Казахстан от 22 февраля 2013 года № 99 "О порядке определения рыночного курса обмена валюты" (зарегистрированы в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32307).