Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 8 шiлдеде № 39256 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігі Төрағасының міндетін атқарушы
Р. Ахметов

  Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту
агенттігі Төрағасының міндетін
атқарушы 2026 жылғы
8 шілдедегі № 5 бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Нарық субъектілері келісімдерінің жобаларын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі тұрғысынан қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14930 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабы 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нарық субъектілері келісімдерінің жобаларын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі тұрғысынан қарау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Нарық субъектілері келісімдерінің жобаларын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі тұрғысынан қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 90-6-бабының 35) тармақшасына сәйкес әзірленді және монополияға қарсы орган және оның аумақтық бөлімшелерінің жазбаша нысандағы келісімге (бұдан әрі – келісім) қол жеткізуге ниеті бар нарық субъектілері келісімдерінің жобаларын олардың Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі тұрғысынан қарау тәртібін айқындайды.

      2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кодекстің 169-бабына сәйкес жол беріледі деп танылуы мүмкін келісімдерге қол жеткізуге ниеті бар нарық субъектілері (бұдан әрі – нарық субъектілері) құжаттарды электронды нысанда қоса бере отырып, келісім жобасының Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкестігін тексеру туралы өтінішпен (бұдан әрі – өтініш) монополияға қарсы органға және оның аумақтық бөлімшелеріне жүгіне алады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Егер келісім тараптары екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірліктердің (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың) аумағында орналасқан сондай-ақ егер келісім екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірліктердің (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың) аумағында орналасқан үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғайтын жағдайда, нарық субъектілері өтінішті монополияға қарсы органға береді.

      Егер келісім тараптары бір әкімшілік-аумақтық бірліктердің (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың) аумағында орналасқан, сондай-ақ егер келісім бір әкімшілік-аумақтық бірліктердің (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың) аумағында орналасқан үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғайтын жағдайда, нарық субъектілері өтінішті монополияға қарсы органның тиісті аумақтық бөлімшесіне береді.";

      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Келісім жасауға ниеті бар нарық субъектілері монополияға қарсы органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне:";

      7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Нарық субъектілері келісімдерінің жобаларын Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі тұрғысынан қарау кезінде монополияға қарсы орган және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері мынадай іс-әрекеттерді жасайды:";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Осы Қағидалардың 7-тармағында тізбеленген шарттардың бірінің орындалмағаны анықталған жағдайда, өтініш ұсынылмаған деп есептеледі, бұл туралы монополияға қарсы орган және (немесе) оның аумақтық бөлімшесі аталған өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде нарық субъектілеріне (өтініш берушілерге) хабарлайды.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қаралуы үшін өзге нарық субъектілерінен, лауазымды адамдардан ақпарат алу, жұмыс орнына барып тексеру не тауар нарықтарындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізу талап етілмейтін нарық субъектілерінің (өтініш берушілердің) өтініші монополияға қарсы органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімде қаралады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу, өзге нарық субъектілерінен, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу, жұмыс орнына барып тексеру не тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу қажет болған жағдайда, нарық субъектілерінің (өтініш берушілердің) өтінішін қарау мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл туралы нарық субъектілеріне (өтініш берушілерге) ұзарту себептерін көрсете отырып, қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде хабарланады.

      Өтініш бойынша қарау мерзімін монополияға қарсы органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе басшының орынбасары ұзартады.";

      11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Өтінішті және оған қоса берілген қажетті құжаттарды қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:";

      13-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Монополияға қарсы орган және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері нарық субъектілерін (өтініш берушілерді) қабылданған шешім туралы олардың атына тиісті жауап (хат) жіберу арқылы хабардар етеді.

      Келісім жобасының Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкес еместігі туралы шешім қабылданған жағдайда, монополияға қарсы орган және оның аумақтық бөлімшелері жауапта (хатта) сәйкес келмеу себептерін көрсетеді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Монополияға қарсы органның және (немесе) оның аумақтық бөлімшелерінің келісім жобасының Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкестігі туралы шешімі, егер мұндай келісімге аталған шешім қабылданған күннен бастап бір жыл ішінде немесе монополияға қарсы органның немесе оның аумақтық бөлімшелері белгілеген мерзім ішінде қол жеткізілмесе, өзінің қолданысын тоқтатады.";

      15-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Монополияға қарсы орган және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері өз бастамасы бойынша немесе мүдделі адамның өтініші бойынша келісім жобасының Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкестігі туралы өзінің шешімін, егер:";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) келісімдерге қатысушылардың монополияға қарсы орган немесе оның аумақтық бөлімшелері Кодекстің 196-бабының талаптарына сай келеді деп таныған келісімде көзделген шарттарды, талаптарды және міндеттемелерді орындамаған;";

      16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Шешімді қайта қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган немесе оның аумақтық бөлімшелері:";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Монополияға қарсы орган және оның аумақтық бөлімшелері келісім жобасының Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкес еместігі туралы шешім қабылдаған жағдайда, нарық субъектілері (өтініш берушілер) қосымша ақпараттар мен құжаттарды қоса отырып, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен монополияға қарсы органға және оның аумақтық бөлімшелеріне тиісті шешімді қайта қарау үшін жүгіне немесе монополияға қарсы орган немесе оның аумақтық бөлімшесі қабылдаған келісім жобасының Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкес келмейтіні туралы шешімге сотқа дау айта алады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Өтінішті қарау:

      1) нарық субъектілерінен (өтініш берушілерден) өтінішті кері қайтарып алу туралы хабарламалар келіп түскен;

      2) нарық субъектілері (өтініш берушілер) ақпаратты монополияға қарсы орган немесе оның аумақтық бөлімшелері айқындаған мерзімде бермеген, егер мұндай ақпараттың болмауы өтінішті қарауға кедергі келтірген;

      3) нарық субъектілері (өтініш берушілер) өтінішті объективті түрде қарауға ықпал ететін анық емес ақпарат берген жағдайларда, тоқтатылуы тиіс.

      Монополияға қарсы орган немесе оның аумақтық бөлімшелерінің өтінішті қарауды тоқтату туралы шешімі туралы нарық субъектілеріне (өтініш берушілерге) мұндай шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.

      Өтінішті қарау тоқтатылғаннан кейін нарық субъектілері (өтініш берушілер) монополияға қарсы органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне жаңа өтінішпен жүгінуге құқылы.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Монополияға қарсы органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің шешімі негізінде келісім жобасының Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкестігі туралы келісім жасасқан нарық субъектілері монополияға қарсы органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісім жобасының Кодекстің 169-бабының талаптарына сәйкестігі туралы шешімнің күшін жою туралы қабылдаған шешімін (бұдан әрі – күшін жою туралы шешім) алған кезден бастап мұндай келісімдерді тоқтатады.

      Күшін жою туралы шешім орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы орган және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері нарық субъектілерін (өтініш берушілерді) монополияға қарсы органның және (немесе) оның аумақтық бөлімшелерінің аталған шешімін орындауға мәжбүрлеу туралы талап қоюмен сотқа жүгінеді.".

      2. "Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 103 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14948 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 90-6-бабының 15) тармақшасына әзірленді.";

      Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемеге 1-қосымшада:ік

      Мемлекеттік кәсіпорын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлға және олармен үлестес заңды тұлғалар құру туралы өтінішхат нысанына қосымшада:

      реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13

Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнаманың шеңберінде МЖӘ тетігін іске асыру арқылы нарық субъектісі құру мүмкіндігін қарау

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске асыру арқылы нарық субъектісін құру туралы мүддесін білдіруін сұрату: нарық субъектісін құру туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органдардың немесе заңды тұлғалардың; мемлекеттік кәсіпкерлікті құру туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың; Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының (республикалық жобалар бойынша) не сараптама жүргізуге уәкілеттік берілген (республикалық жобалар бойынша) астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғалардың ресми интернет-ресурсында орналастырылады (жергілікті жобалар бойынша); Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы, оның аумақтық бөлімшелері (филиалдары/ өкілдіктері), сондай-ақ өтінішхат беру сәтіне дейін кемінде күнтізбелік 30 күнтізбелік күн жария талқылау үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің бастамашылық етілген жобаларының ерекшеліктеріне байланысты өзге интернет-ресурстарда және мерзімді баспасөз басылымдарында ақпаратты орналастыру. Жария талқылаулар өткізу қорытындылары көрсетіледі: Нарық субъектісін, Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын не жергілікті атқарушы органдар айқындаған сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғаларды, Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасын, оның аумақтық бөлімшелерін (филиалдар/ өкілдіктер) құру туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның немесе заңды тұлғаның ресми сайтынан жария тыңдаулар Хаттамасы ұсынылады

      ";

      реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан, оның аумақтық бөлімшелерінен, МЖӘ дамыту орталықтарынан не МЖӘ жобаларына сараптама жүргізуге уәкілетті жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлғалардан алынған мәліметтер

МЖӘ дамыту орталығының (республикалық жобалар бойынша) не астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың және жергілікті атқарушы органдары айқындаған, сараптама жүргізуге уәкілетті (жергілікті жобалар бойынша) заңды тұлғалардың; "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, оның аумақтық бөлімшелерінің (филиалдарының/өкілдіктерінің) мемлекеттік кәсіпорынды құрудың орындылығы туралы ұстанымы ұсынылады.

      ".

      3. "Монополиялық жоғары (төмен) бағаны анықтау жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16916 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Монополиялық жоғары (төмен) бағаны анықтау жөніндегі әдістемесінде:

      13-тармақтың екінші бөлігінің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл санкцияларынан басқа, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де төлемдерді ескереді.".

      4. "Сенім білдірілген адам мен нарық субъектісі арасындағы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 6 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27425 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Сенім білдірілген адам мен нарық субъектісі арасындағы шарттың үлгілік нысанында:

      2.1.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.1.1. Құпия ақпаратты және (немесе) коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді қоса алғанда, Сенім білдірілген адамның өз қызметтерін көрсетуі үшін қажетті электрондық және қағаз құжаттарға, автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге), Тапсырыс берушінің электрондық және басқа да ақпарат жеткізгіштеріне қолжетімділік алуға;";

      2.4.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.4.1. Сенім білдірілген адамға құпия ақпаратты және (немесе) коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді қоса алғанда, Сенім білдірілген адамның өз функцияларын іске асыруы үшін қажетті электрондық және қағаз құжаттарға, автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге), Тапсырыс берушінің электрондық және басқа да ақпарат жеткізгіштеріне қол жеткізуге;.";

      3.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.1. Осы Шарт бойынша қызметтердің құны____________ теңгені құрайды, оның ішінде ҚҚС.".

      5. "Монополияға қарсы органның ұқсас тауарлар жасауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқ екендігі туралы және тиісті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бәсекелестік негізде сатып алудың өзге мүмкіндігінің жоқ екендігі туралы қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2025 жылғы 16 маусымдағы № 6 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36278 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Монополияға қарсы органның ұқсас тауарлар жасауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқ екендігі туралы және тиісті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бәсекелестік негізде сатып алудың өзге мүмкіндігінің жоқ екендігі туралы қорытынды беру қағидалары қарсы органның қорытындысын беру қағидаларында:

      Монополияға қарсы органның ұқсас тауарлар жасауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқ екендігі туралы және тиісті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бәсекелестік негізде сатып алудың өзге мүмкіндігінің жоқ екендігі туралы қорытынды беру қағидалары қарсы органның қорытындысын беру қағидаларына 2-қосымшада:

      18 және 19-бағандар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Бір бірлігі үшін баға, теңге

Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома, теңге

18

19

      ";

      Жалпы мәліметтерде:

      18) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) "Бір бірлігі үшін баға, теңге" деген жолақта – мемлекеттік сатып алу нысанасының бір бірлігінің бағасы теңгемен көрсетіледі;

      19) "Сатып алу үшін бекітілген сома, теңге" деген жолақта – "Саны, көлемі" деген жолақты "Бір бірлігі үшін баға" деген жолаққа көбейту арқылы есептеледі және сатып алуды жүргізу жоспарланатын соманы білдіреді;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады