"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2), 26) және 31) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Монополияға қарсы органның ұқсас тауарлар жасауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқ екендігі туралы және тиісті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бәсекелестік негізде сатып алудың өзге мүмкіндігінің жоқ екендігі туралы қорытынды беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі — Агенттік) Индустрия, мемлекеттік қолдау және сатып алу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агентігінің Төраға міндетін атқарушы |
Р. Ахметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2025 жылғы 16 маусымдағы № 6 бұйрығына қосымша |
Монополияға қарсы органның ұқсас тауарлар жасауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқ екендігі туралы және тиісті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бәсекелестік негізде сатып алудың өзге мүмкіндігінің жоқ екендігі туралы қорытынды беру қағидалары қарсы органның қорытындысын беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабы 3-тармағының 2), 26) және 31) тармақшаларына сәйкес әзірленді және монополияға қарсы органның ұқсас тауарлар жасауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқ екендігі туралы және тиісті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бәсекелестік негізде сатып алудың өзге мүмкіндігінің жоқ екендігі туралы қорытынды беру туралы өтінішхаттар беру мен қараудың тәртібін, ерекшеліктерін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Агенттік Басқармасы – монополияға қарсы органның бірінші басшысы құратын алқалық басқару органы.
2) әлеуетті алмастырушы – бұл тауар немесе көрсетілетін қызмет, олар қолжетімді ақпараттан шыға келе мәлімделген тауармен немесе көрсетілетін қызметпен бірін-бірі алмастыратындар ретінде қаралуы мүмкін, яғни функционалдық мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, бағасы, сондай-ақ басқа да өлшемдері бойынша салыстырылатын және тұтынушы мәлімделген тауардың (көрсетілетін қызметтің) орнына пайдалана алады;
3) әлеуетті бәсекелес – бәсекелестің тауарына ұқсас не өзара алмастырылатын тауарды өндіруге және (немесе) өткізуге мүмкіндігі бар (жабдыққа, технологияларға ие), бірақ бұл тауарды тиісті тауар нарығында өндірмейтін және өткізбейтін нарық субъектісі ретінде танылады;
4) бәсекелестіктің басымдық қағидаты – монополияға қарсы орган бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды келісу туралы өтініштерді қарау кезінде мемлекеттік сатып алулардың бәсекелестік тәсілдерін қолдануға басымдық береді;
5) тапсырыс берушілер – мүліктік кешендер ретіндегі мемлекеттік кәсіпорындарды, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес, кейіннен сатып алу құқығымен жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға берілген заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;
Өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде, Заңда белгіленген мәндерде қолданылады.
2-тарау. Монополияға қарсы органның ұқсас тауарлар жасауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқ екендігі туралы және тиісті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бәсекелестік негізде сатып алудың өзге мүмкіндігінің жоқ екендігі туралы қорытындысын беру тәртібі
3. Монополияға қарсы органның ұқсас тауарлар жасауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқ екендігі туралы және тиісті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бәсекелестік негізде сатып алудың өзге мүмкіндігінің жоқ екендігі туралы қорытынды беру қағидалары қарсы органның қорытындысын (бұдан әрі – Қорытынды) алу үшін тапсырыс беруші монополияға қарсы органға өтінішхатты және өтінішхатқа мәліметтерді растау туралы тізбені осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларда белгіленген нысандар бойынша Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы ұсынады.
Өтінішхатты берген кезде тапсырыс беруші, өзінің пікірінше, өтінішхатты қарау үшін маңызы бар құжаттарды және (немесе) мәліметтерді қосымша ұсынуға құқылы.
Тапсырыс беруші өтінішхатта қамтылған мәліметтер мен құжаттардың толықтығы, негізділігі және дұрыстығы үшін жауапты болады.
4. Өтінішхат:
Монополияға қарсы органға, егер тапсырыс беруші орталық мемлекеттік орган немесе мүлкі республикалық меншікке жататын ұйым болса;
Тапсырыс берушінің тіркелген орны бойынша монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшесіне, егер тапсырыс беруші жергілікті атқарушы орган немесе мүлкі коммуналдық меншікке жататын ұйым болса ұсынылады.
5. Өтінішхат сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір нысанасы бойынша жеке ұсынылады.
Бір өтінішхатта тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сатып алуының бірнеше нысанасына және (немесе) бірнеше тапсырыс берушіге қатысты мәліметтерді көрсетуге жол берілмейді.
6. Өтінішхат келіп түскен жағдайда монополияға қарсы орган оны ұсынылған құжаттардың толықтығын және белгіленген нысанды тиісінше толтыруды қоса алғанда, осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне қарауды жүзеге асырады.
Сәйкессіздік анықталған жағдайда, өтінішхат қараусыз қалдырылады, бұл туралы монополияға қарсы орган тапсырыс берушіні себептерді көрсете отырып хабардар етеді.
7. Өтінішхатты қарау мерзімі монополияға қарсы орган оны тіркеген күннен бастап отыз жұмыс күнін құрайды.
8. Заңның 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген, тауарлар мен (немесе) көрсетілетін қызметтер зияткерлік меншік объектілері болып табылатын және осы тауарлар мен (немесе) қызметтерге айрықша құқықтарға ие тұлғалардан сатып алу туралы өтінішхаттарды қарау кезінде ұқсас тауарлар мен (немесе) қызметтерді өндіретін (көрсететін) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқ екендігін айқындау мынадай реттілікпен жүзеге асырылады:
1) тауардың немесе қызметтің атауын айқындау;
2) әлеуетті алмастырғыштарды анықтау;
3) мемлекеттік сатып алудың веб-порталындағы ақпаратты мәлімделген тауардың, қызметтің және оларды әлеуетті алмастырғыштарды бәсекелестік сатып алуды жүзеге асыру тұрғысынан талдау.
Тауардың немесе қызметтің атауын айқындау мынадай өлшемшарттардың бірі немесе жиынтығы негізінде жүзеге асырылады:
Тиісті қызмет саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілер;
Өтінішхат материалдарындағы тұтыну мақсаты мен тұтынушылық қасиеттерін қоса алғанда, тауардың немесе қызметтің функционалдық мақсаты және (немесе) қолдану туралы мәліметтерді талдау;
Лицензияларды, сондай-ақ лицензияның (болған жағдайда) болуын растайтын құжаттар ды ұсынуға қатысты шешімдер;
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган айқындаған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің анықтамалығы.
Әлеуетті алмастырғыштар монополияға қарсы орган жүргізген өз зерттеулерінің деректерін (оның ішінде тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау шеңберінде анықталған ұқсас не өзара алмастырылатын тауарлар туралы мәліметтер), ашық көздерден алынған мәліметтерді, маркетингтік және әлеуметтанушылық зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ тиісті тауар не қызметке қатысты ведомстволық және тәуелсіз ақпарат орталықтары мен қызметтері ұсынған ақпаратты қоса алғанда, кез келген қолжетімді ақпарат негізінде айқындалады.
Әлеуетті алмастырғыштарды айқындау сондай-ақ Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) сәйкес сатып алу объектісі кіретін тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің сыныптамалық тобын талдау негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Осы әрекеттердің нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталында мәлімделген тауардың немесе көрсетілетін қызметтің және оларды әлеуетті алмастырғыштарды бәсекелестік сатып алуды жүзеге асыру тұрғысынан талдау жүзеге асырылады.
9. Сатып алу нысаны бағдармалық қамтамасыз ету, лицензиарлар мен техникалық қолдаудың қолданылу мерзімдерін ұзарту, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану немесе оның жұмыс істеуі үшін қажетті жабдық болып табылған жағдайда, монополияға қарсы орган Қорытынды беруден бас тартады.
10. Заңның 16-бабы 3-тармағының 26) тармақшасында көзделген негіз бойынша, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) бір жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардан, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден және өзі оларға қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы өтінішхаттарды қарау кезінде ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқ екендігін айқындау мына тәртіппен жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес мәлімделген акционерлік қоғамға, жауапкершілігі шектеулі серіктестікке немесе мемлекеттік кәсіпорынға қатысты басқаруды жүзеге асыру бөлігінде арыз месінің өкілеттіктерін, сондай-ақ мұндай өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен белгілеу тұрғысынан зерделеу;
2) нормативтік құқықтық базаны, сондай-ақ өтінішхат материалдарындағы мәліметтер мен түсіндірмелерді жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тиісті тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсетуіне қатысты мемлекетке заңнамалық тыйымдардың немесе шектеулердің бар-жоғы бөлігінде талдау;
3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ұсынатын ЭҚЖЖ бойынша тиісті код бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты талдау негізінде әлеуетті бәсекелестерді айқындау;
4) мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған ақпаратты мәлімделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді не оларды әлеуетті алмастырғыштарды бәсекелестік сатып алуды жүзеге асыру тұрғысынан талдау.
11. Заңның 16-бабы 3-тармағының 31) тармақшасында көрсетілген өтінішхаттарды қарау кезінде тиісті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бәсекелестік негізде сатып алудың өзге мүмкіндігінің жоқ екендігін айқындау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Сатып алу нысанасын және оның өтініштің мақсатына сәйкестігін айқындау;
Сатып алуды бәсекелестік негізде жүзеге асыру мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайларды анықтау.
Уәкілетті мемлекеттік органның немесе тапсырыс берушінің өтінішхатын қарау кезінде монополияға қарсы орган өтініш нысанасы ретінде тек мыналарды қарайды:
Көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдарын сатып алу;
Көрсетілген іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу.
Өтінішхат нысанасының осы талаптарға сәйкестігі расталған жағдайда, монополияға қарсы орган мына мән-жайлардың бірінің болуын қосымша белгілейді:
1) іс-шараға қатысу не материалдарды сатып алу Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шартта немесе үкіметаралық келісімде көзделген, және одан Қазақстан Республикасының аталған іс-шараға қатысуы немесе тиісті материалдарды сатып алу міндеті тікелей туындаса;
2) ресми құжатпен расталған Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы немесе келісімі болған жағдайда.
Аталған мән-жайлардың бірі болған жағдайда монополияға қарсы орган Қорытынды беруге құқылы.
12. Монополияға қарсы органның қорытындысы мынадай жағдайларда талап етілмейді:
1) ұлттық қауіпсіздік органдары мен сайлау комиссияларының қызметін қамтамасыз ететін ұйымдардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде – Заңға сәйкес;
2) білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, оның ішінде электрондық нысанда сатып алу кезінде – Қазақстан Республикасының "Білім туралы" және "Педагог мәртебесі туралы" заңдарына сәйкес, педагогтар белгіленген тәртіппен, заңнамада өздеріне берілген құқық негізінде таңдауды жүзеге асырған жағдайда.
13. Өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган не монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшесі мыналарды қамтитын Қорытындыны қалыптастырады:
1) Заңның 16-бабы 3-тармағының 2), 26) немесе 31) тармақшаларына сәйкес қарау негізі;
2) өтінішхат нысанасы;
3) өтінішхатта көрсетілген әлеуетті жеткізуші туралы мәліметтер;
4) алынған нәтижелердің қысқаша сипаттамасымен қарау шеңберінде (осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес) жүргізілген іс-қимылдар тізбесі;
5) әрбір қарау кезеңі бойынша тұжырымдардың негіздемесі;
6) Қорытындының қолданылу мерзімі;
7) Қорытынды беру үшін негіздердің бар немесе жоқ екендігі туралы түпкілікті шешім.
14. Монополияға қарсы орган Қорытындыны қалыптастыру кезінде бәсекелестіктің басымдық қағидатын басшылыққа алады, оған сәйкес сатып алуды бәсекелестік негізде жүзеге асырудың кез келген мүмкіндігі болған кезде, монополияға қарсы орган Қорытынды беруден бас тартады.
15. Шешім қабылдауды:
1) Агенттік Басқармасы – монополияға қарсы органның өтінішхаттарын қарау кезінде;
2) аумақтық бөлімшенің басшысы – тиісті аумақтық орган өтінішхатты қараған кезде жүзеге асырады.
16. Ресімделген Қорытынды не Қорытынды беруден уәжді бас тарту тапсырыс берушіге шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы жіберіледі.
Нысан
Өтінішхат
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
сатып алуға монополияға қарсы органның қорытындысын беруді сұраймын
Бір көзден сатып алу негіздемесі:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Әлеуетті жеткізуші туралы мәліметтер:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Байланыс жасайтын адам: __________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, телефоны)
Қосымшаға сәйкес өтінішхатқа мәліметтерді растау туралы тізбе қоса беріледі.
Қоса беріліп отырған мәліметтердің толықтығын және анықтығын растаймын.
Лауазымы Т.А.Ә.
Өтінішхатқа мәліметтерді растау туралы тізбе
№ | Тапсырыс берушінің атауы | Тапсырыс берушінің БСН | Әлеуетті жеткізуші | Әлеуетті жеткізушінің БСН | Қаржы жылы | Қаржыландыру көзі | Сатып алу нысанасының түрі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
кестенің жалғасы
Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды | Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы | Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттауы) | Қосымша сипаттама | ЭҚЖЖ | СЭҚ ТН | Сатып алу тәсілі | Өлшем бірлігі |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
кестенің жалғасы
Саны, көлемі | Бір бірлігі үшін баға, теңге | Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома, теңге | Бір көзден сатып алуды жүзеге асыруға негіздемелер | Тауардың өзара алмастырылуы | Тауарды жеткізу, жұмысты орындау, қызметтерді көрсету орны (КАТО сәйкес елді мекен коды) |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
Жалпы мәліметтер:
1) "№" деген жолақта – веб-портал айқындайтын мемлекеттік сатып алуды сәйкестендіру коды;
2) "Тапсырыс берушінің атауы" деген жолақта – тапсырыс берушінің толық атауы көрсетіледі;
3) "Тапсырыс берушінің БСН" деген жолақта – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте көрсетілген он екі таңбалы бизнес сәйкестендіру нөмірі;
4) "Әлеуетті жеткізуші" деген жолақта – әлеуетті жеткізушінің толық атауы көрсетіледі;
5) "Әлеуетті жеткізушінің БСН" деген жолақта – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте көрсетілген он екі таңбалы бизнес сәйкестендіру нөмірі;
6) "Қаржы жылы" деген жолақта – сатып алу жоспары жасалатын қаржы жылы көрсетіледі;
7) "Қаржыландыру көзі" деген жолақта – түскен тізімнен мемлекеттік сатып алуды қаржыландыру көзін көрсету қажет:
үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бірлесіп қаржыландыру қаражатын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен;
үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бірлесіп қаржыландыру қаражаты есебінен;
мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен ақша есебінен;
демеушілік және қайырымдылық көмек қаражаты есебінен;
жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер есебінен;
8) "Сатып алу затының түрі" деген жолақта – мемлекеттік сатып алу затының түрі (тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет) көрсетіледі;
9) "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолақта – тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер анықтамалығына сәйкес код көрсетіледі;
10) "Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" жолағына енгізілген мәнге сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы көрсетіледі;
11) "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттауы) деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттауы) көрсетіледі;
12) "Қосымша сипаттама (орыс тілінде)" деген жолақта – сатып алу нысанасының қосымша сипаттамасы көрсетіледі (міндетті емес жолақ);
13) "ЭҚЖЖ" деген жолақта – "Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші" коды көрсетіледі;
14) "СЭҚ ТН" деген жолақта – "Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы" коды көрсетіледі;
15) "Сатып алу тәсілі" деген жолақта – мемлекеттік сатып алуды өткізу тәсілі көрсетіледі;
16) "Өлшем бірлігі" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" жолағына енгізілген мәнге сәйкес мемлекеттік сатып алы нысанасының өлшем бірлігі көрсетіледі;
17) "Саны, көлемі" деген жолақта – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны немесе көлемі көрсетіледі;
18) "Бір бірлігі үшін баға, теңге" деген жолақта – мемлекеттік сатып алу нысанасының бір бірлігінің бағасы теңгемен көрсетіледі;
19) "Сатып алу үшін бекітілген сома, теңге" деген жолақта – "Саны, көлемі" деген жолақты "Бір бірлігі үшін баға" деген жолаққа көбейту арқылы есептеледі және сатып алуды жүргізу жоспарланатын соманы білдіреді;
20) "Бір көзден сатып алуды жүзеге асыруға негіз" деген жолақта – тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді бір көзден сатып алудың нақты себептері және осы сатып алу тәсілін қолданудың заңдылығын растайтын нормативтік құқықтық актілерге сілтеме көрсетіледі;
21) "Тауардың өзара алмастырылуы" деген жолақта – сатып алынатын тауардың өзара алмастырылуы көрсетіледі;
22) "Тауарды жеткізу, жұмысты орындау, қызмет көрсету орны" деген жолақта – КАТО бойынша елді мекеннің коды көрсетіледі.