Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 278 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 1 шiлдеде № 39181 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
А. Ертаев

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 30 маусымдағы
№ 278 Бұйрығымен
бекітілген/

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидалары" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 213 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32776 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларында:

      көрсетілген Қағидалардың 1-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Қағидалардың 2-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Қағидалардың 7-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Қағидалардың 8-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      көрсетілген Қағидалардың 10-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      2. "Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 232 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32890 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларында:

      6-тармақтың 3) тармақшасының үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:

      "Жұмыс істемейтін әкенің жас балаларға нақты күтім жасауын жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын сот шешімі (егер көрсетілген кезең баланың анасының зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есептелмеген жағдайда).";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде табыс орталықтандырылған дерекқордың міндетті зейнетақы жарналарының, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың және/немесе жарналардың аударылуы туралы мәліметтерімен расталады.";

      21-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Егер зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, қалпына келтіру) туралы шешім қабылдау үшін ЭІМ-ге осы Қағидалардың 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген қосымша құжаттарды қоса тіркеу қажет екені анықталса және (немесе) табыс орталықтандырылған дерекқордың міндетті зейнетақы жарналарының, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың, міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдардың және/немесе жарналардың және жеке табыс салығының аударылуы туралы мәліметтерімен расталмаса, уәкілетті орган ЭІМ-ні қайтарады және осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі арқылы хабарлама жібереді.

      Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі хабарлама түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабарлама немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы ар sms-хабарландыру алған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде қосымша құжаттарды ұсыну туралы, оның ішінде ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына sms-хабарландыру жіберу арқылы хабардар етеді. Sms-хабарландырулар осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілетін sms-хабарландырулардың электрондық журналында тіркеледі.

      Егер зейнетақы тағайындау үшін қажетті құжаттар отыз жұмыс күні ішінде ұсынылса, Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға бекіту үшін электрондық шешім жобасын жібереді, зейнетақыны тағайындау (қайта есептеу, бұрынғы шешімді қайта қарау немесе тағайындаудан бас тарту) құқығы туындаған күннен бастап төлем жасау туралы.

      Егер талап етілген құжаттар отыз жұмыс күні өткен соң ұсынылса, осы Қағидалардың 35 және 36-тармақтарына сәйкес қайта өтініш берген күн жүгінген күн болып есептеледі.

      ЭІМ-де, оның ішінде портал арқылы қабылданған өтініштер бойынша зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау (төлемді өзгерту, қалпына келтіру, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін жетіспейтін құжат болмаған жағдайда, уәкілетті орган тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.

      Ұсынылған құжаттарды тексеру үшін негіздер болған кезде уәкілетті орган жаңадан ұсынылған құжаттарды қоса алғанда, оларды тексеруді он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.

      Зейнетақы тағайындау үшін ұсынылған құжаттарға (мәліметтерге) тексеру жүргізу үшін негіздер мыналар болып табылады:

      1) міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық түспеуі;

      2) ұсынылған құжаттардағы мәліметтердегі сәйкессіздіктерді және (немесе) қайшылықтарды анықтау;

      3) түзетулерді қоса алғанда, құжаттардың дұрыс емес белгілерінің болуы және қажетті растайтын мәліметтердің болмауы.

      Ұсынылған мәліметтерді растау не теріске шығару мақсатында уәкілетті орган сұрау салуларды мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және өзге де көздерге жібереді.

      Ұсынылған құжаттарға тексеру жүргізілген жағдайда хабарлама осы Қағидаларға 15-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі, ал SMS-хабарламалар осы Қағидаларға 15-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша SMS-хабарламалардың электрондық журналында тіркеледі.

      Өтініш берушіге хабарлама жіберілгеннен кейін, Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі ЭІМ-де бар деректер негізінде шешімнің электрондық жобасын қалыптастырады және зейнетақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      Тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті орган алынған құжаттар мен мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне ЭІМ-ге қосу және қажет болған жағдайда оны пысықтау үшін жібереді.

      Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі пысықталған ЭІМ-н уәкілетті органға жібереді, ол оны қарайды және зейнетақы тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.";

      38-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) адам үшін төлем алатын қорғаншы (қамқоршы) ауысқан жағдайларда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі осы Қағидаларға 12 және 13-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша зейнетақыларды тағайындау, қайта есептеу, тағайындау туралы шешімді қайта қарау (қайта бастау немесе тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасын дайындайды.";

      көрсетілген Қағидалардың 3-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Қағидалардың 12-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Қағидалардың 13-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес 15-1 қосымшамен толықтырылсын;

      осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес 15-2 қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген Қағидалардың 16-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Қағидалардың 19-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Қағидалардың 20-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Қағидалардың 24-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Қағидалардың 25-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Қағидалардың 28-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Қағидалардың 32-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      3. "Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге бір жолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 256 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32925 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:

      көрсетілген Қағидалардың 7-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      4. "Инфляцияның деңгейін ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 қазандағы № 455 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33578 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген Бұйрықтың 1-қосымшасы осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Бұйрықтың 2-қосымшасы осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Бұйрықтың 3-қосымшасы осы Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      5. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 193 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38806 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының Тізбесінде:

      көрсетілген Тізбеге 1-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Тізбеге 2-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Тізбеге 3-қосымша осы Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Тізбеге 4-қосымша осы Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Тізбеге 8-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Тізбеге 9-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      ___________________________________________________

  Тізбеге 1-қосымша
  Мемлекеттік базалық зейнетақы
төлемінің, жасына байланысты
зейнетақы төлемдерінің
мөлшерін есептеу (айқындау),
оларды тағайындау, жүзеге
асыру, тоқтата тұру, қайта
есептеу, қайта бастау, тоқтату
және тағайындау
(тағайындаудан бас тарту)
туралы шешімді қайта
қарау қағидаларына
15-1-қосымша
  Нысан

Құжаттарды тексеру жүргізілгені туралы хабарлама

      20__ жылғы "___" _______________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
_______________________________________________________________
Өтініш берушінің туған күні ______ жылғы "___"
_______________________________________________________________
Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды тексеруді жүзеге асыру қажеттілігі туралы
20__ жылғы "___" _______________________
____________________________________________________________________
(жауапты адамның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

  Тізбеге 2-қосымша
  Мемлекеттік базалық зейнетақы
төлемінің, жасына байланысты
зейнетақы төлемдерінің
мөлшерін есептеу (айқындау),
оларды тағайындау, жүзеге
асыру, тоқтата тұру, қайта
есептеу, қайта бастау, тоқтату
және тағайындау
(тағайындаудан бас тарту)
туралы шешімді қайта
қарау қағидаларына
15-2-қосымша
  Нысан

Ұсынылған құжаттарды тексеруді жүзеге асыру туралы sms-хабарламалар журналы

      ______________________________________ (төлемнің түрі)
Мемлекеттік корпорацияның ____________ бөлімшесі бойынша
Р/с № Жеке сәйкестендіру нөмірі Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Туған күні
Істің № Төлемнің түрі sms-хабар жіберу күні Телефон нөмірі Маман sms- хабарлама жіберу себебі
      (тексеру)

Р/с №

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған күні

Істің №

Төлемнің түрі

sms-хабар жіберу күні

Телефон нөмірі

Маман

sms- хабарлама жіберу себебі

  Тізбеге 3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2023 жылғы 23 қазаңдағы
№ 455 бұйрығына
1-қосымша
  Нысан

Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеуді тағайындауға өтініш

      Қаланың / ауданның коды _____________________________________________________
Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің _________________
департаменті Өтініш
Туған күні __ жылғы "___" ______________, ____________________
мекенжайы бойынша тұратын
азамат (ша) ___________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) толық)
Менің жеке сәйкестендіру нөмерім__________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: № _____________________________
Кім берді _________________ берілген күні ____________________________________
Инфляция деңгейін ескере отырып, маған
__________________________________________________________________________
міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының
(жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы
арасындағы айырма төлемін тағайындауды сұраймын.
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығы үшін жауапты боламын.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шотының болуы және
________________________________________ міндетті зейнетақы жарналарының,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (жарналар түрін көрсету қажет)
есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді сұратуды өтінемін.
Инфляция деңгейін ескере отырып,
________________________________________________________________________
міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының
(жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы
арасындағы айырма төлемін тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға
және өңдеуге келісім беремін.
Инфляция деңгейін ескере отырып,
________________________________________________________________________
(міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының
(жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы
арасындағы айырма төлемін тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы)
шешім қабылдау жөнінде ұялы телефонға sms-хабар жіберу арқылы хабарлауға келісім
      беремін.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
үй телефоны _______ ұялы телефоны ____________ E-mail _________
Өтініш берген күні___________________
Өтініш берушінің қолы _______________
Азамат (ша) ___________________________________________ өтініші
20___ жылғы "___" № ____________ қабылданды,
құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда),
      лауазымы және қолы:
_________________________________________________________________

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с №

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

















            ---------------------------------------------
            (қию сызығы)
      Азамат (ша) ___________ өтініші № ___________ болып тіркелді.
      Құжаттарды қабылдаған күн _________________________
      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда),
      лауазымы және қолы: ______________________________

  Тізбеге 4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2023 жылғы 23 қазаңдағы
№ 455 бұйрығына
2-қосымша
  Нысан

Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемінің сомасын тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы) шешімнің жобасы

      Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің ______________________________
бойынша департаментінің 20 ___ жылғы "__" ______________ №___________
шешімі
      Іс №____________
Инфляция деңгейін ескере отырып,
______________________________________________________________________
міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының
(жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы
арасындағы айырма төлемінің сомасын тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту
      туралы)
Азамат (ша) _____________________________________________________
Жынысы ____________ туған күні ___ жылғы "__" ___________________
Өтініш берген күні 20 ___ жылғы "__" ___________ № ________________
Зейнетақы төлемдеріне құқық басталған күні:
міндетті зейнетақы жарналары бойынша ____________________________
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша___________________
1. Инфляция деңгейі ескерілген сома:
міндетті зейнетақы жарналары бойынша
________________________________________________________ теңге;
(сомасы жазбаша)
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша сомасы
________________________________________________________ теңге
(сомасы жазбаша)
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының
сомасы (керегін толтыру қажет):
міндетті зейнетақы жарналары бойынша
______________________________________________________ теңгені;
(сомасы жазбаша)
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша
_______________________________________________________ теңгені
(сомасы жазбаша)
      құрайды.
3. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 217-бабының 1-тармағына
      сәйкес инфляция деңгейін ескере отырып,
______________________________________________________________
(міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарының (жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы
жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемінің сомасы.
_____________________________ теңге мөлшерінде тағайындалсын.
(сомасы жазбаша)
4. Айырма төлемінің сомасын тағайындаудан бас тартылсын
_____________________________________________________________________
(негіздеме)
Департамент директорының мөр орны _______________________________ ____
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)
Басқарма (бөлім) басшысы _________________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)
Тағайындау жөніндегі маман _______________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)
Шешім жобасы дайындалды:
Мемлекеттік корпорация бөлімшесі басшысының мөр
орны____________________________________________ ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)
Мемлекеттік корпорация бөлімшесі маманы____________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

  Тізбеге 5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2023 жылғы 23 қазаңдағы
№ 455 бұйрығына
3-қосымша
  Нысан

Sms-хабарлар журналы _________________________ (төлемнің түрі)

      Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне_________________ бойынша

р/с №

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда )

Туған күні

Істің №

Төлем түрі

Sms-хабар жіберілген күн

Телефон №

Маман




























  Тізбеге 6-қосымша
  Тізбеге 3-қосымша
  Мемлекеттік базалық зейнетақы
төлемінің, жасына байланысты
зейнетақы төлемдерінің
мөлшерін есептеу (айқындау),
оларды тағайындау, жүзеге
асыру, тоқтата тұру, қайта
есептеу, қайта бастау, тоқтату
және тағайындау
(тағайындаудан бас тарту)
туралы шешімді қайта
қарау қағидаларына
5-қосымша

"Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік қызметтің атауы

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
2) жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпарат алу кезінде https://​www.​gov4c.​kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

1) 10 (он) жұмыс күні
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Мемлекеттік корпорацияның өтініш берушіні қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабардар ету немесе ұсынылған құжаттарға тексеру жүргізуіне байланысты 5 (бес) жұмыс күніне ұзартылады.
2) порталда – цифрлық жүйеге электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
4) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

электрондық (ішінара цифрландырылған) және (немесе) қағаз түрінде және (немесе) "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Порталда жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде беріледі.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының мобильді телефонына sms-хабар жіберу арқылы қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

9

Көрсетілген қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілерінің жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, көрсетілген қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілерінің жұмыс графигіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорацияда – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады;
Қабылдау "электрондық кезек" тәртібінде, өтініш берушінің жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады.
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – https://www. enbek.gov.​kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) Мемлекеттік корпорация – https://​www.​gov4c.​kz.

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді, ал бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақыны және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға жүгінген кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір өтініш және мынадай құжаттар ұсынады:
Мемлекеттік корпорацияда:
1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетел азаматының ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі қандас куәлігі) (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет);
2) "Байқоңыр" кешенінің ресейлік ұйымдарында жұмыс істеген адамдар Ресей Федерациясының валютасымен төленген табысы туралы жұмыс берушінің анықтамасы (бар болса);
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға жүгінген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсынан алады;
3) міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне 0 түзету коэффиценті қолданылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, қызмет түрлері бойынша жеке практикамен айналысу кезеңдерінде алынған табыс, сондай-ақ табыстары Кодекстің 211-бабының 3-тармағына сәйкес жеке тұлғаның салық салынуға жататын табыстарынан алып тасталған қызметтен түскен табыс осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жұмыс берушінің табыстар туралы анықтамасы;
4) өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжат:
еңбек кітапшасы;
болмаған немесе жарамсыз болған, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар болмаған, түзетулер, дәлсіздіктер болған және әртүрлі оқылған кезде архив мекемелерінен анықтамалар, мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтамалар.
Болуына қарай мынадай құжаттар ұсынылады:
білімі туралы құжат; әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;
балалардың туу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
"Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес прокуратура органдары берген ақталуы туралы анықтама;
ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы;
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға, екінші топтағы жалғызілікті мүгедектігі бар адамға және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі;
бұрынғы кеңестік мекемелер, Қазақстан Республикасы мекемелері, халықаралық ұйым қызметкері жұбайының (зайыбының) шетелде тұрғанын растайтын құжат;
әскери қызметші, арнаулы мемлекеттік орган қызметкері жұбайының (зайыбының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде тұрғанын растайтын құжат;
Қазақстан Республикасына тарихи елінде тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтардың шығу мемлекетіндегі еңбек қызметін растайтын құжат ұсынылады.
Жұмыс істемейтін ананың жас балаларға күтім көрсеткенін растау үшін мына құжаттардың біреуі (болуына қарай) ұсынылады:
балалардың жеке басын куәландыратын құжат;
балалардың неке туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлігі немесе неке қию туралы актілік жазбасынан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде);
орта кәсіптік оқу орнын бітіргені туралы аттестат; балалардың арнаулы орта немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не оқитынын растайтын оқу орнының анықтамасы;
балалардың қайтыс болуы туралы куәлік немесе хабарлама (немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген қайтыс болуы туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтама);
балалардың әскери қызметті өткергенін растайтын құжат;
жұмыс істемейтін әкенің жас балаларға нақты күтім жасауын жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын сот шешімі (көрсетілген кезең баланың анасының зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есептелмейді).
5) неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (ата-анасы/қамқоршы тегін өзгерткен кезде).
5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалғанда, қосымша балалардың туу туралы куәліктері (немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) және балаларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеу фактісін растайтын құжаттар ұсынылады.
Балаларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеу фактісін растау үшін (олардың болуына қарай):
1) балалардың жеке басын куәландыратын құжат;
2) неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде);
3) балалардың оқу орнында оқығаны туралы құжат;
4) қайтыс болуы туралы куәлік немесе хабарлама (немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген қайтыс болғаны туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтама);
5) әскери билет;
6) баланы (балаларды) асырап алу, тәрбиелеу фактісін белгілеу туралы соттың шешімі.
Төтенше және аса жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұрған адамға жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалғанда 1949 жылғы 29 тамыз бен 1963 жылғы 5 шілде аралығында 5 жыл бойы төтенше және аса жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісін растайтын құжат қосымша ұсынылады.
Қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенде қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.
Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсыну барысында нотариус "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне дұрыс аударылғанын куәландырады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 16116 болып тіркелген) бекітілген Құжаттарды заңдастыру қағидаларында көзделген тәртіппен, егер заңдармен және халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттің құзыретті мекемесі берген немесе куәландырған не осы тұлғаға арнайы уәкілеттік берілген, оның құзыреті шегінде және ол белгілеген нысан бойынша шет мемлекеттің ресми мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәландыру рәсімінен (заңдастыру немесе апостильдеу) өткеннен кейін ғана қабылданады.
Құжаттарды мемлекеттік цифрлық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмені (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін тіркелгендер бойынша), некеге тұру туралы куәлікті (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін тіркелгендер бойынша), қайтыс болғаны туралы куәлікті немесе хабарламаны (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 мамырдан кейін тіркелгендер бойынша) қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжатты, баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімін "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ЦЖ-дан, оның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
порталда тағайындау туралы ақпаратты алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйеден алады.
Портал арқылы жүгінгенде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрінеді.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпия сөзді беру жолымен немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы алады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар жиынтығын толық бермеген және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған, жасы бойынша зейнетақы төлемін тағайындауға құқығы болмағанда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға өтініш беру немесе төлеу фактісін растайтын мәліметтерді цифрлық жүйелерден алғанда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты өтініш берушіге тапсырады.
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойғанда, осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы қайта жүгінеді.

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар "1414" бірыңғай байланыс орталығы, 8 800 080 77 77 арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ "1414" бірыңғай байланыс орталығы, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар. Цифрлық құжаттардың сервисі ЭЦҚ немесе бір реттік құпиясөзді пайдаланумен "eGov mobіle" мобильді қосымшасында тіркелген пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжаттардың сервисі мобильдік қосымшалар мен пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін мобильдік қосымшаларда және пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту қажет, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде кейін пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.

  Тізбеге 7-қосымша
  Тізбеге 4-қосымша
  Мемлекеттік базалық
зейнетақы төлемінің, жасына
байланысты зейнетақы
төлемдерінің мөлшерін есептеу
(айқындау), оларды тағайындау,
жүзеге асыру, тоқтата тұру,
қайта есептеу, қайта бастау,
тоқтату және тағайындау
(тағайындаудан бас тарту)
туралы шешімді қайта
қарау қағидаларына
6-қосымша

"Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Жоқ

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
2) "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал)
https://​www.​gov4c.​kz.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

8 (сегіз) жұмыс күні;
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Мемлекеттік корпорацияның өтініш берушіні қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабардар ету немесе ұсынылған құжаттарға тексеру жүргізуіне байланысты 5 (бес) жұмыс күніне ұзартылады;
1) порталда – ақпарат алу үшін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін – цифрлық жүелерге электрондық сұрау түскен сәттен бастанп 30 минут;
2) Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған) және (немесе) қағаз түрінде, және (немесе) "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысанда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Порталда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы хабарлама, сондай-ақ мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде беріледі.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының мобильді телефонына sms-хабарландыру жіберу арқылы қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

9

Көрсетілген қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілерінің жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, көрсетілген қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілерінің жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, көрсетілген қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілерінің жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "электрондық кезек" тәртібінде жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – https://​www.​gov.​kz/​mem​leke​t/​ent​itie​s/​enbek, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) Мемлекеттік корпорация – https://​www.​gov4c.​kz.

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді, ал бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақыны және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға жүгінген кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір өтініш және мынадай құжаттар ұсынады:
Мемлекеттік корпорацияда:
1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетел азаматының ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі қандас куәлігі) (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет);
2) неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) немесе некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (бар болса);
3) өтініш берушінің зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін растайтын құжаттар:
өтініш берушінің 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақталған еңбек өтілін растайтын құжаттар:
еңбек кітапшасы;
еңбек кітапшасы болмаса немесе жарамсыз болса, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар болмаса, түзетулер және оқылуында әртүрлілік болса, архив мекемелерінің анықтамалары, мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған архивтік құжаттардың электрондық көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтамалар.
Болуына қарай, сондай-ақ:
білімі туралы құжат;
әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;
балалардың туу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
"Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес прокуратура органдары берген ақталуы туралы анықтама;
әскери ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы;
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға, екінші топтағы жалғызілікті мүгедектігі бар адамға және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, он сегізге дейінгі мүгедектігі бар балаға күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі;
Кеңес Одағы аумағында орналасқан мекемелер, Қазақстан Республикасы мекемелері, халықаралық ұйым қызметкері жұбайының (зайыбының) шетелде тұрғанын растайтын құжат;
әскери қызметшінің, арнаулы мемлекеттік орган қызметкері жұбайының (зайыбының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде тұрғанын растайтын құжат;
Қазақстан Республикасына тарихи елінде тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтардың шығу еліндегі еңбек қызметін растайтын құжат.
Жұмыс істемейтін ананың жас балаларды бағып-күткен уақытын растау үшін мына құжаттардың (олардың болуына қарай) біреуі ұсынылады:
балалардың жеке басын куәландыратын құжат;
балалардың неке туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
не некені бұзу туралы куәлігі немесе неке қию туралы актілік жазбасынан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде);
балалардың орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат;
кәсіптік орта немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не балалардың оқығанын растайтын оқу орнының анықтамасы;
балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік немесе хабарлама (не азаматтық хал актілерін жазу органдары берген қайтыс болғаны туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
балалардың әскери қызметті өткергенін растайтын құжат;
жұмыс істемейтін әкенің жас балаларға нақты күтім жасауын жүзеге асыру және кезеңін растайтын сот шешімі (көрсетілген кезең баланың анасының зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есептелмейді);
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды, екінші топтағы жалғызілікті мүгедектігі бар адамды және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерді, сексен жасқа толған қартты, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы бағып-күтуді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын сот шешімі.
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға), бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын адамға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алу туралы мәліметтер мемлекеттік цифрлық жүйелерде расталған кезде сот шешімін ұсыну талап етілмейді;
әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет кезеңдерін растайтын (олардың болуына қарай) мынадай құжаттар:
еңбек кітапшасы;
әскери билет;
қызмет кезеңі туралы архив мекемесінің анықтамасы;
қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) немесе қызмет орнының анықтамасы;
қызметті өткеру туралы келісімшарт жасау және тоқтату негізінде қызметтік қатынастардың туындауын және тоқтауын растайтын бұйрықтың көшірмелері;
Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметтері және халықаралық ұйымдар қызметкерлері жұбайының (зайыбының) шетелде, әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жұбайларымен мамандықтары бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде тұру фактісін және кезеңін растайтын құжат;
"Байқоңыр" кешенінің ресейлік ұйымдарында 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек өтілін растайтын құжат;
егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың 2004 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі еңбек қызметінің кезеңдерін растайтын құжаттар (олардың болуына қарай):
еңбек кітапшасы;
еңбек кітапшасы болмаса немесе жарамсыз болса, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар болмаса, түзетулер және оқылуында әртүрлілік болса, жұмыс орнынан анықтама;
сот шешімі.
Егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдерді аудару туралы орталықтандырылған дерекқордың мәліметтері негізінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған кезеңдер есепке алынады.
Міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең орталықтандырылған дерекқордағы міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы мәліметтермен расталады.
Міндетті зейнетақы жарналары толық және уақтылы аударылмағанда міндетті зейнетақы жарналарын (олардың болуына қарай) жүзеге асыру кезеңдері мынадай құжаттармен расталады:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы жұмыс берушінің (құқықтық мирасқордың) немесе архивтік мекеменің растау анықтамасы (міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдер өтініш беруші еңбек өтілін растайтын құжаттарда көрсетілген еңбек қызметінің кезеңдеріне сәйкес келсе);
міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңдерін растайтын сот шешімі.
Жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар, сондай-ақ нысанасы жұмысты (қызмет көрсетуді) орындау болып табылатын, Әлеуметтік кодекстің 210-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ фермерлік шаруашылық немесе шаруа қожалықтарының басшысы және мүшелеріне (қатысушыларға), өз пайдаларына міндетті зейнетақы жарналары жүргізген дара кәсіпкерлердің адамдардың міндетті зейнетақы жарналарын жүргізген кезеңдері бірыңғай жинақтаушы қорына тиісті қаржы кезеңіне тиісті төленетін кемінде жылдық міндетті зейнетақы жарналарының сомасын аударған жағдайда бір жылға теңестіріледі.
Егер көрсетілген адамдардың салынған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы тиісті қаржы кезеңіне тиісті төленетін міндетті зейнетақы жарналарының жылдық сомасынан аз болса, міндетті зейнетақы жарналарының кезеңі міндетті зейнетақы жарналарына енгізген сомасына пропорционалды түрде анықталады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңі 2006 жылғы 1 шілдеге дейін міндетті зейнетақы жарналарын аударған жағдайда, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды жүзеге асырған алдыңғы айынын айы ескеріледі.
Егер бір айдың ішінде жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аудару бірнеше рет жүргізілсе, жинақтаушы жүйеде қатысу кезеңі бір айды құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне "0" түзету коэффиценті қолданылған еңбек, кәсіпкерлік қызмет, қызмет түрлері бойынша жеке практикамен айналысу кезеңдері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жұмыс берушінің анықтамасымен расталады.
Төтенше жағдайлар, шектеу іс-шаралары кезеңінде қызметті шектеуге байланысты кірістен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемдерді алу кезеңі орталықтандырылған дерекқордағы мәліметтермен расталады.
Құжаттарды ұсыну, оларды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, оның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алу мүмкін болса, талап етілмейді.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмені (2007 жылғы 13 тамызға дейін туған жағдайда), неке қию (некені бұзу) туралы куәлікті (некені 2008 жылғы 1 маусымға дейін қиған жағдайда), қайтыс болу туралы куәлік немесе хабарлама (2008 жылғы 1 мамырдан соң Қазақстан Республикасы аумағында жүргізілген тіркеулер бойынша), қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжатты, баланы (балаларды) асырап алу туралы соттың шешімін көрсетілетін қызметті алушы "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ЦЖ-н алады.
Қамқоршылықты (қорғаншылықты) белгілеуді, қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеуді растайтын құжат.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 16116 болып тіркелген) бекітілген Құжаттарды заңдастыру қағидаларында көзделген тәртіппен, егер заңдармен және халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттің құзыретті мекемесі берген немесе куәландырған не осы тұлғаға арнайы уәкілеттік берілген, оның құзыреті шегінде және ол белгілеген нысан бойынша шет мемлекеттің ресми мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәландыру рәсімінен (заңдастыру немесе апостильдеу) өткеннен кейін ғана қабылданады.
Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсынғанда нотариус "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес қазақ немесе орыс тілдеріне құжатты аудару дұрыстығын куәландырады.
Порталға:
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін – осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының куәландырылған ЭЦҚ электрондық құжат нысанында портал арқылы мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш беру;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы ақпаратты алу үшін – қызметтерді алушының куәландыратын ЭЦҚ электрондық құжат нысанында өтініш беру.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті берушіге тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпия сөзді беру жолымен немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы алады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауға құқығы болмағанда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Төлемдерді тағайындауға өтініш беру немесе тиісті төлемдерді дәлелдейтін деректерді цифрлық жүйеден алғанда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш берушіге кідіртпей осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысанда өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты ұсынады.
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойғанда, осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы қайта жүгінеді.

12

Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар "1414" бірыңғай байланыс орталығы, 8 800 080 77 77 арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде, мемлекетті қызметтер туралы ақпаратты портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің статусы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414" бірыңғай байланыс орталығы, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттардың сервисі ЭЦҚ немесе бір реттік құпиясөзді пайдаланумен "eGov mobіle" мобильді қосымшасында тіркелген пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжаттардың сервисі мобильдік қосымшалар мен пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін мобильдік қосымшаларда және пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту қажет, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде кейін пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады