ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерлерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 232 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32890 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерлерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларында:
2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) композиттік көрсетілетін қызмет – бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтер жиынтығын көздейтін мемлекеттік қызметті көрсету нысаны;";
4-тармақтың 1) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар өтініш берушінің таңдауы бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақыны және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша композиттік қызмет түрінде өтініш береді;";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең орталықтандырылған дерекқордағы міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы мәліметтермен расталады.
Міндетті зейнетақы жарналары толық және уақтылы аударылмаған жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарын (олардың болуына қарай) жүзеге асыру кезеңдері мынадай құжаттармен расталады:
міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдер өтініш беруші еңбек өтілін растайтын құжаттарда көрсетілген еңбек қызметінің кезеңдеріне сәйкес келсе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы жұмыс берушінің (құқықтық мирасқордың) немесе архивтік мекеменің растау анықтамасы;
міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңдерін растайтын сот шешімі.
2006 жылғы 1 шілдеге дейін міндетті зейнетақы жарналары аударылған жағдайда, жеке практикамен айналысатын адамдардың, сондай-ақ нысанасы жұмысты (қызмет көрсетуді) орындау болып табылатын, Әлеуметтік кодекстің 248-бабының 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың, сондай-ақ өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асырған дара кәсіпкерлердің және шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары және мүшелерінің (қатысушыларының), сондай-ақ Қазақстан Республикасында халықаралық ұйымдардың өкілдерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері мен консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезеңі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті салық кезеңіне төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының кемінде жылдық сомасын аударған жағдайда бір жылға тең болады.
Егер көрсетілген адамдар енгізген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы тиісті салық кезеңіне төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының жылдық сомасынан аз болса, онда міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезең енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасына пропорционалды түрде айқындалады.
Егер аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы бір ай үшін төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасына сәйкес келсе, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңі бір айды құрайды, бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын аудару жүзеге асырылған айдың алдындағы ай есепке алынады.
Егер бір айда жинақтаушы зейнетақы қорларына және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аудару бірнеше рет жүзеге асырылса, жинақтаушы жүйеге қатысу кезеңі бір айды құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне "0" түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдері, сондай-ақ Кодекстің 206-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген қызметкерлер қызметін жүзеге асыру кезеңі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жұмыс берушінің анықтамасымен расталады.
Төтенше жағдайлар, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметті шектеуге байланысты кірістен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем алу кезеңі орталықтандырылған дерекқордағы мәліметтермен расталады.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін есепке алынған артығымен (қате) төленген міндетті зейнетақы жарналарының сомалары қайтаруға жатпайды.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Өтінішті қабылдаған маман өтініш берушіден тиісті төлемді тағайындау үшін қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын, сондай-ақ цифрлық жүйелерден алынған мәліметтерді тексереді, электронды құжаттардың көшірмелерінің өтініш беруші осы Қағидалардың 4, 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарына сәйкес ұсынған тұпнұсқаларына сәйкес келуін қамтамасыз етеді, өзінің ЭЦҚ арқылы куәландырады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Көрсетілген тексеру нәтижелері бойынша өтініш беруші ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның маманы өтініш берушіге осы Қағидалардың 2-1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарламаны табыстай отырып, өтініш цифрлық күту парағы арқылы қабылданады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген негіз бойынша өтініш беруші ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) Мемлекеттік корпорацияның сақтауына қабылданбай, өтініш берушіге қайтарылуға тиіс.
Өтініш беруші анықталған кемшіліктер тоқтата тұру мерзімі шегінде жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.
Бұл ретте анықталған кемшіліктерді жою үшін өтініш берушіге жасқа байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде 10 (он) жұмыс күнінен, ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау кезінде 8 (сегіз) жұмыс күнінен асырмайтын мерзім белгіленеді, бұл мерзім тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, өтініш беруші алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Өтініш қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация маманы өтініш берушіге кідіріссіз осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат келесі жағдайларда беріледі:
1) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) зейнетақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау күніне қолданылу мерзімі өтетін құжаттарды ұсынуы;
2) жеке басын куәландыратын құжат бойынша мәліметтердің (мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынған мәліметтермен расталатын, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыстырудан басқа) оларды тағайындау үшін қажетті құжаттармен сәйкес келмеуі;
3) зейнетақы тағайындау құқығының болмауы;
4) өтініш берушінің зейнетақы тағайындау үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;
5) өтініш берушінің осы Қағидалардың 13-тармағында белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктерді жоймауы.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Өтініш беруші мемлекеттік базалық зейнетақыны тағайындауға портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес мемлекеттік базалық зейнетақыны тағайындауға арналған өтініште көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ЦЖ-ға сұрау салу;
Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұрау салынған мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде сұрау салуды портал арқылы жүзеге асырған өтініш беруші электрондық өтінішті өзінің ЭЦҚ-сымен куәландырады және Е-макет автоматтандырылған ЦЖ-ға жібереді.
Мемлекеттік базалық зейнетақыны тағайындау портал арқылы келіп түскен мемлекеттік базалық зейнетақы тағайындау үшін ұсынылған электрондық өтініш мынадай параметрлер бойынша тексеруден өтеді:
1) өтініш берушінің зейнеткерлік жасқа жетуі;
2) ұсынылған мәліметтердің толықтығы;
3) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау, төлеу, сондай-ақ оны тағайындауға өтініш беру фактісінің болмауы;
4) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау, төлеу, сондай-ақ оны тағайындауға өтініш беру фактісінің болмауы.
Көрсетілген параметрлер бойынша тексеру нәтижесі оң болғанда өтініш өңдеуге арналған Е-макет кіріс хабарламалар журналына ауыстырылады.
Көрсетілген тексеру нәтижелері бойынша өтініш беруші ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, осы Қағидалардың 2-1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберіледі және өтініш цифрлық күту парағы арқылы қабылданады.
Өтініш беруші анықталған кемшіліктер тоқтата тұру мерзімі шегінде жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.
Бұл ретте анықталған кемшіліктерді жою үшін өтініш берушіге жасына байланысты мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау кезінде 8 (сегіз) жұмыс күнінен аспайтын мерзім белгіленеді, бұл мерзім тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, өтініш беруші алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.
Базалық зейнетақы төлемдерді тағайындауға портал арқылы жүгінген өтініш берушіге электрондық өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберіледі.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган келіп түскен ЭІМ-ді қарайды және осы Қағидаларға 12 және 13-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бес жұмыс күні ішінде, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі ЭІМ-ге түскен күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде тағайындау, қайта есептеу, тағайындау туралы шешімді қайта қарау (қайта бастау немесе тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Зейнетақыларды тағайындау, қайта есептеу, тағайындау туралы шешімді қайта қарау (қайта бастау немесе тағайындаудан бас тарту) үшін бас тарту негіздері анықталған жағдайда, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушімен тыңдау жүргізбейді.
Бұл ретте өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш бергенде уәкілетті орган қарау мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей қарау нәтижесін "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы Мемлекеттік корпорацияға жібереді.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Зейнетақыларды тағайындаудан бас тарту туралы шешім мынадай негіздер бойынша қабылданады:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;
2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттар, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
4) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18-2-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша анықталған кемшіліктердің белгіленген мерзімде жойылмауы.";
2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-параграф. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі және қарттар мен мүгедектігі бар адамдар үшін стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тұратын және мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі адамдарға зейнетақы төлеуді жүзеге асыру тәртібі";
3-параграфтың тақырыбы алып тасталсын;
69 және 70-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"69. Қорғаншы (қамқоршы) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне адамды әрекетке қабілетсіз (әрекетке қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін не қорғаншылық және қамқоршылық белгілеу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімін ұсынады.
Қарттар мен мүгедектігі бар адамдар үшін стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының орналасқан жері бойынша немесе қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан және мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі адамдар үшін Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі осы Қағидалардың 61 және 63-тармақтарына сәйкес алынған құжаттар негізінде зейнетақы төлеуді жүзеге асырады.
Бұл ретте, қарттар мен мүгедектігі бар және толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдар үшін стационар жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, немесе қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан тіркелген күнге дейінгі кезең үшін төленбеген зейнетақы сомалары алушының банктік шотына аудару жолымен толық көлемде төленеді.
70. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі орталық атқарушы органның ЦЖ-дан қарттар мен мүгедектігі бар адамдар үшін стационар жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында немесе қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан, толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушының келіп түскені (кеткені) туралы ақпаратты алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 32 және 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша қарттар мен мүгедектігі бар адамдар үшін стационар жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында немесе қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан, толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушының келіп түскені (кеткені) туралы ЦЖ-ға ақпарат енгізілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы шешімнің жобасын дайындайды және оны Мемлекеттік корпорацияның филиалы арқылы уәкілетті органға береді.
Зейнетақылар және жәрдемақылар тағайындау жөніндегі уәкілетті орган келіп түскен ЭІМ үш жұмыс күні ішінде қарайды және жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқығы жоқ адамдарды қоспағанда, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы шешім қабылдайды.
Стационар жағдайында медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын немесе қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан және толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі, жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқығы жоқ адамдарға базалық зейнетақы төлемі зейнетақы және жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымда ашылған олардың банктік шоттарына аудару жолымен толық көлемде төленеді.";
71-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"71. Мемлекеттік корпорация қарттар мен мүгедектігі бар адамдар үшін стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында немесе қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан және толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарға Кодекстің 202-бабының 3-тармағында белгіленген көлемде жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (төлем айына қажеттілік қалыптасқаннан кейін пайда болған сомаларды) стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушының келіп түскені (кеткені) туралы ЦЖ-ға ақпарат енгізілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырады.";
көрсетілген Қағидалар осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшада:
реттік нөмірлері 5 және 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
";
реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
11 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 10-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған және (немесе) зейнетақы тағайындау немесе зейнетақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау күніне қолданылу мерзімі өтетін құжаттарды ұсынуы, жеке басын куәландыратын құжат бойынша мәліметтердің (мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынған мәліметтермен расталатын, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыстырудан басқа) оларды тағайындау үшін қажетті құжаттармен сәйкес келмеуі, зейнетақы тағайындау құқығының болмауы, зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге өтініш берушінің қол жеткізуге келісімінің болмауы, сондай-ақ осы Қағидалардың 13-тармағында белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның маманы өтініш пен құжаттарды қабылдаудан дереу бас тартады және өтініш берушіге осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. |
";
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшада:
реттік нөмірлері 5 және 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
";
реттік нөмірі 10 және 11 жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
"
110 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді, ал бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақыны және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға жүгінген кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір өтініш және мынадай құжаттар ұсынады: |
11 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 10-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған және (немесе) зейнетақы тағайындау немесе зейнетақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау күніне қолданылу мерзімі өтетін құжаттарды ұсынуы, жеке басын куәландыратын құжат бойынша мәліметтердің (мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынған мәліметтермен расталатын, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыстырудан басқа) оларды тағайындау үшін қажетті құжаттармен сәйкес келмеуі, зейнетақы тағайындау құқығының болмауы, зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге өтініш берушінің қол жеткізуге келісімінің болмауы, сондай-ақ осы Қағидалардың 13-тармағында белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның маманы өтініш пен құжаттарды қабылдаудан дереу бас тартады және өтініш берушіге осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. |
";
көрсетілген Қағидалардың 8-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Республикалық бюджет қара жатынан жерлеуге бір жолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 256 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32925 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жасылсын:
"Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге бір жолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық бюджет қаражаты есебінен жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) Отбасының цифрлық картасы – әлеуметтік-еңбек саласы платформасында іске асырылған, "цифрлық үкімет" платформасынан және мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен алынатын деректер негізінде адамдардың (отбасылардың), отбасы мүшелерінің, үй шаруашылығының тізімдерін қалыптастыруды және оларды әлеуметтік саламаттылық деңгейі бойынша бөлуді қамтамасыз ететін талдамалық шешім;";
2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) – республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға өтініш білдірген жеке тұлға;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қайтыс болған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды (бұдан әрі – алушы) алушыны жерлеуге біржолғы төлемді тағайындау үшін жерлеуді жүзеге асырған жеке тұлға өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі болған кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады:
1) Мемлекеттік корпорация арқылы;
2) портал арқылы;
3) проактивті қызмет арқылы жүзеге асырылады (ұялы байланыс абоненттік құрылғысы).
Төлем тағайындау бойынша проактивті қызметтер көрсету тәртібі осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген.
Жерлеуге арналған біржолғы төлем Әлеуметтік кодекстің 6-бабының 3-тармағына сәйкес мұқтаждық қағидаты бойынша және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын мерзімде және тәртіппен банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ мемлекет қатысатын кредиттік бюродан кредиттер бойынша берешек сомасы, кредиттер бойынша мерзімдік (ай сайынғы) төлем, кредиттер бойынша мерзімі өткен және (немесе) қалдық берешек сомасы туралы мәліметтерді қоса алғанда, дербес деректерді жинауға, өңдеуге, тексеруге, жаңартып отыруға және беруге келісім (бұдан әрі – келісім) болған кезде ұсынылады.
Адамның (отбасының), отбасы мүшелерінің, үй шаруашылығының келісім бермеуі әлеуметтік қорғау шараларын ұсынудан бас тартуға негіз болады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы жерлеуді жүзеге асырған жеке тұлғаға жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындауға өтініш берген жағдайда өтінішке жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі болған кезде өтініш берушінің ЭЦҚ-мен, сондай-ақ ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы қол қойылады немесе куәландырылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Құжаттарды қабылдайтын маман "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы цифрлық жүйелерге (бұдан әрі – ЦЖ) сұрау салулар қалыптастырады:
Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша – "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қоры ЦЖ.
Алушының қайтыс болғаны туралы куәлік бойынша – "АХАЖ" ЦЖ.
Әлеуметтік саламаттылық деңгейін айқындау үшін Отбасының цифрлық картасына сұрау салу.
Электрондық құжаттар цифрлық құжаттар сервисі арқылы қалыптастырылады, тексеріледі және пайдаланылады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Жерлеуді жүзеге асырған жеке тұлға ЦЖ мәліметтер болмаған кезде өтінішке қоса беріледі:
1) жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжат;
2) алушының қайтыс болғаны туралы хабарлама немесе басқа мемлекеттердің уәкілетті органы берген және апостильмен куәландырылған қайтыс болу фактісін растайтын құжат.
Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсынған кезде нотариус "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне аудармасының дұрыстығын куәландырады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Өтінішті қабылдаған маман өтініш берушіден жерлеуге біржолғы төлемді тағайындау үшін қабылданатын құжаттар топтамасының, сондай-ақ ЦЖ-дан алынған мәліметтердің толықтығын тексереді, осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес өтініш беруші ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерін жаңғырту сапасын және олардың түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді, өзінің ЭЦҚ арқылы куәландырады, содан кейін құжаттардың түпнұсқаларын өтініш берушіге қайтарады.
Көрсетілген тексеру нәтижелері бойынша өтініш беруші ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, өтініш беруші құжаттар топтамасын осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес толық ұсынбаған жағдайларда Мемлекеттік корпорацияның маманы өтініш берушіге осы Қағидалардың 2-1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарламаны табыстай отырып, өтініш цифрлық күту парағы арқылы қабылданады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген негіз бойынша өтініш беруші ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) Мемлекеттік корпорацияда сақтауына қабылданбай, өтініш берушіге қайтарылуға тиіс.
Өтініш беруші анықталған кемшіліктер тоқтата тұру мерзімі шегінде жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.
Бұл ретте анықталған кемшіліктерді жою үшін өтініш берушіге 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзім белгіленеді, бұл мерзім тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, өтініш беруші алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Өтініш беруші анықталған кемшіліктерді осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда, өтініш берушіге өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат дереу беріледі.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Өтініш беруші бір жолғы жәрдемақыларды тағайындауға портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және өтініште көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ЦЖ-ға сұрау салу үшін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ЦЖ-дан өтініш беруші өзі жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұрау салынған мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде сұрау салуды портал арқылы жүзеге асырған өтініш беруші электрондық өтінішті өзінің ЭЦҚ-сымен куәландырады және оны "Е-макет" автоматтандырылған АЦЖ-ға жібереді.
Біржолғы төлемдерді тағайындауға портал арқылы келіп түскен төлемдерді тағайындау үшін ұсынылған электрондық өтініш мынадай параметрлер бойынша тексеруден өтеді:
1) ұсынылған мәліметтердің толықтығы;
2) көрсетілген қайтыс болған адамға жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау фактісінің болмауы;
3) көрсетілген қайтыс болған адамға жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға өтініш беру фактісінің болмауы;
4) адамның қайтыс болған күніне жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын, мемлекеттік арнаулы жәрдемақыны алушы ретінде оның мәртебесі;
5) жерлеуге арналған біржолғы төлем алуға зейнетақы немесе жәрдемақы алушы қайтыс болған күннен үш жылдан кешіктірілмей жүгіну;
6) көрсетілетін қызметті алушының отбасының (тұлғаның, үй шаруашылығының) әлеуметтік салауаттылық деңгейін бағалау нәтижелері бойынша мұқтаждық қағидатына сәйкестігі.
Көрсетілген параметрлер бойынша тексеру нәтижесі оң болған жағдайда өтініш өңдеуге арналған "Е-макет" АЦЖ кіріс хабарламалар журналына ауыстырылады.
Көрсетілген тексеру нәтижелері бойынша өтініш беруші ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайларда осы Қағидалардың 2-1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберіледі және өтініш цифрлық күту парағы арқылы қабылданады.
Өтініш беруші анықталған кемшіліктер тоқтата тұру мерзімі шегінде жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.
Бұл ретте анықталған кемшіліктерді жою үшін өтініш берушіге 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзім белгіленеді, бұл мерзім тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, өтініш беруші алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.
Портал арқылы біржолғы төлемдерді тағайындауға жүгінген өтініш берушіге электрондық өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберіледі.
Портал арқылы келіп түскен өтініштер осы тармақта көзделген тексеру жүргізілгеннен кейін, осы тармаққа сәйкес цифрлық күту парағы арқылы қабылданған өтініштерді қоспағанда, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтардың тағайындауға өтініштерін тіркеудің электрондық журналына тіркеледі.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Жерлеуге біржолғы төлем тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету кезінде өтініш беру талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушыны айқындау үшін "Е-макет" АЦЖ арқылы қайтыс болу туралы акт жазбасын тіркеуге өтініш білдірген адам туралы мәліметтерді алуға АХАЖ ЦЖ-ға не қайтыс болған адамның денесін алып кеткен адам туралы мәліметтерді алу үшін БХТ ЦЖ – ға сұрау салу бастамашылық етіледі.
Мемлекеттік органдардың ЦЖ-дан қажетті мәліметтерді алған кезде, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін порталда тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын мерзімде және тәртіппен банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ мемлекет қатысатын кредиттік бюродан кредиттер бойынша берешек сомасы, кредиттер бойынша мерзімдік (ай сайынғы) төлем, кредиттер бойынша мерзімі өткен және (немесе) қалдық берешек сомасы туралы мәліметтерді қоса алғанда, дербес деректерді жинауға, өңдеуге, тексеруге, жаңартып отыруға және беруге келісім алуға бастамашылық етіледі.
Өтініш берушінің әлеуметтік саламаттылық деңгейі бойынша төлем алуға мұқтаждар санатына жатқызылған жағдайда "Е-макет" АЦЖ арқылы жерлеуге біржолғы төлем тағайындау мүмкіндігі туралы sms-хабарға бастамашылық жасалады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау жөніндегі уәкілетті орган шешімінің негізінде олар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 9 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджет қаражатына өтінімді, тізім-ведомосін қалыптастырады және Мемлекеттік корпорацияға жібереді.";
19-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19-1. Жерлеуге берілетін біржолғы төлем ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы(проактивті қызмет) немесе порталы арқылы тағайындаған жағдайда, "Е-макет" АЦЖ автоматты түрде:
осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес ЭІМ және жерлеуге берілетін біржолғы төлем тағайындау туралы шешімнің электрондық жобасын қалыптастырады, көрсетілетін қызыметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ арқылы шешімнің электрондық жобасын бекітеді;
ЭМД-да тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін қажетті мәліметтер болмаған немесе дұрыс болмаған жағдайда, сондай-ақ өтініш берушіні "А" (жоғары) немесе "В" (жеткілікті) әлеуметтік саламаттылық деңгейлеріне жатқызған жағдайда, жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешім қалыптастырылады.
"ОДҚ" АЦЖ-да төлем үшін шешімнің электрондық жобасын қоюды автоматты түрде жүзеге асырады.";
көрсетілген Қағидалардың 1-қосымшасы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
реттік нөмірі 8 және 10-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
11. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады: |
";
көрсетілген Қағидалар осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшасы осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшасы осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 7-қосымшасы осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 10-қосымшаны алып тастау;
көрсетілген Қағидаларға 11-қосымшаны алып тастау;
3. Кейбір бұйрықтардың күші осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырықыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы, жетпіс жетінші, жетпіс сегізінші, жетпіс тоғызыншы, сексенінші, сексен бірінші, сексен екінші және сексен үшінші абзацтарын, 2-тармақтың екінші, үшінші, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтынші, елу жетінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші, жетпіс алтынші, жетпіс жетінші және жетпіс сегізінші абзацтарын қоспағанда, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
А. Ертаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-1-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (мекенжайын көрсету) мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұрады (қажетінің асты сызылсын):
1) өтініште және (немесе) ұсынылған құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталғандығына байланысты;
2) олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты;
Осыған байланысты осы хабарламаны алған күннен бастап, жасы бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде 10 (он) жұмыс күнінен, ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау кезінде 8 (сегіз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде анықталған кемшіліктерді жою және (немесе) құжаттарды қайта ұсыну қажет.
Анықталған кемшіліктерді жою мерзімі:
20_ жылғы "__" ____________ дейін.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның маманы өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы)
Хабарламаның берілген күні:
20 ____ жылғы "__" _________
Хабарландыруды алдым:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
№ ____ ҚОЛХАТ өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін көрсету)
20__ жылғы "___" __________
Азамат(ша)
_____________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Туған күні _____ жылғы "___" ____________
Қорғаншы
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Алғашқы жүгінген күні 20__жылғы "___"__________________________________
Өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тарту негізі (негіздері):
_____________________________________________________________________
Көрсетілген негіздің (негіздердің) болуына байланысты өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартылды.
_____________________________________________________________________
(жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы)
Қолы _________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі______________________________________________
_____________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
__________________________________(мекенжайы бойынша тұрады, телефоны)
Өтініш
_____________________________________________________________________
(мекенжайы бойынша тұрған)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні) жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауды сұраймын.
Жерлеуге арналған біржолғы төлемді _банк филиалының № ___, "Қазпошта" акционерлік қоғамының №______ банк шотына аударуды сұраймын.
Шот типі: дербес шот ______________ карта шоты_______________________
Жерлеуге арналған біржолғы төлемді алу үшін қажетті дербес деректерді, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша айқындайтын мерзімдерде және тәртіппен жинауға, өңдеуге, тексеруге, өзектендіруге және беруге, сондай-ақ мемлекеттік қатысуы бар кредиттік бюродан кредиттер бойынша берешек сомасы, кредиттер бойынша мерзімді (ай сайынғы) төлем, кредиттер бойынша мерзімі өткен және (немесе) берешектің қалдық сомасы туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.
Өзін банк шотының иегері және екінші денгейдегі банктердегі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті банк операцияларының түрлеріне лицензиясы бар ұйымдарда, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтың бөлімінде банк шотының нөмірлері туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.
Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк шоты ашылған жағдайда, осы шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жол берілмейді.
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
Р/с № | Құжаттың атауы | Құжаттағы парақтардың саны | Ескертпе |
1 | |||
2 | |||
Өтініш берушінің байланыс деректері:
үй телефоны ____________ ұялы телефон ________________ Е-maіl_______
Өтініш берген күні: 20__ жылғы "_____" _____________________________
Өтініш берушінің қолы / ЭЦҚ / sms-хабарламалар
_____________________________________________
Өтінішке қол қойылған күні мен уақыты:___ жылғы __________._____________._______
сағат _______ минут ________ секунд _______
Азамат___________________________________________________________
өтініші № __ болып тіркелді, құжаттар қабылданған күн 20__жылғы
"__"_________________________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және қолы)
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-1-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсету процесін келесі себептер бойынша тоқтата тұрады (қажетінің асты сызылсын):
1) өтініште және (немесе) ұсынылған құжаттарда қателер мен дәлсіздіктер анықталған;
2) құжаттардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеуі;
3) қызмет алушының осы Қағидалардың 2-қосымшасында көзделген тізілімге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбауы, атап айтқанда:
1)__________________________________________________________________;
2)__________________________________________________________________;
3)__________________________________________________________________;
Осыған байланысты Сізге осы хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде анықталған кемшіліктерді жоюыңыз және құжаттарды қайта ұсынуыңыз қажет.
Анықталған кемшіліктерді жою мерзімі: 20__ жылғы " _ " ____________ дейін.
Белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация маманы өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы)
Хабарландыру берілген күні: 20 _ жылы "_" _________
Хабарландыруды алдым:
____________________________________________________________________
өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
ҚОЛХАТ өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін көрсету)
20 ___жылғы "_" __________
Азамат(ша) ______________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Туған күні ___жылғы "____" ________________ ____
Алғашқы жүгінген күні 20 ___жылғы "_" _________________________
Өтініш беруші осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктерді жоймаған жағдайда, өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартылды.
Орталық атқарушы органның цифрлық жүйесі бойынша тағайындау, төлеу фактісі немесе өтініш беру фактісі расталды (қажетінің астын сызу).
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
(жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы)
"Цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға өтініш
Азамат _________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Туған күні: ______ жылғы "___" ___________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)_________________________________
Жерлеуге біржолғы төлем тағайындауды сұраймын:
______________________________________________________________
(қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) туған күні)
__________________________________________________________________
(мекен жайы бойынша тұрған)
Мемлекеттік органдарды растау:
Қайтыс болған адам туралы мәліметтер:
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | ЖСН | Туған күні | Қайтыс болған күні | Өлім туралы акт жазбасының № | Қайтыс болуды тіркеу күні (акт жазбасы) | АХАТ бөлімінің атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Өтініш берушінің деректері:
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: ______________________________
Құжат сериясы: ___________ Құжат нөмірі: __________ кіммен берілді:______
Берілген күні ___ жылғы "_____"_____________________
Банк деректемелері:
Банктің атауы _________________________________________
Банк шоты № ___________________________________________________
Шот түрі: бет ___ карточкалық шот ____ Екінші деңгейдегі банктің деректемелері:
БИК _________________________________________
ЖСК________________________________________________________________
БСН_________________________________
Байланыс деректері:
Үй телефоны ___________ ұялы ____________ E-mail_____________
Өтініш беруші туралы мәліметтерді
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - ҚР Әділетмині)
растайды_________(ҚР Әділетмині ЭЦҚ)
Өтініш берушінің банктік деректемелері екінші деңгейлі банктерімен (бұдан әрі –
ЕДБ) расталады______(ЕДБ ЭЦҚ)
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
____________________________________________________________________
Берілген деректердің дұрыстығы үшін құқықтық жауаптылықта боламын
Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ мұндай шоттағы ақшаға үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жол берілмейтіні туралы хабардар етілді.
Жерлеуге арналған біржолғы төлемді алу үшін қажетті дербес деректерді, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша айқындайтын мерзімдерде және тәртіппен жинауға, өңдеуге, тексеруге, өзектендіруге және беруге, сондай-ақ мемлекеттік қатысуы бар кредиттік бюродан кредиттер бойынша берешек сомасы, кредиттер бойынша мерзімді (ай сайынғы) төлем, кредиттер бойынша мерзімі өткен және (немесе) берешектің қалдық сомасы туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.
Өтініш берушінің қолы / ЭЦҚ / sms-хабарламалар _____________________
Өтінішке қол қойылған күні мен уақыты:______жылғы
сағат _______ минут ________ секунд _______Өтінішке қол қойылған күні
мен уақыты: ___ жылғы ____.___________сағат ____ минут _______ секунд
Коды _________________
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің ________________
облысы бойынша департаментінің
20__ жылғы "___" __________ № _________ шешімі
Қайтыс болған алушы ісінің № ___________
1. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы)
Азамат ______________________________________________________
(алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Өтініш берген күні 20__ жылғы "_______" ___________ №_______________
Азамат _______________________________________________________________
(қайтыс болған алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
қайтыс болған күні 20__ жылғы "___" _________
Ұлы Отан соғысына қатысушы болған/болған жоқ (қажетінің асты сызылсын)
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің ____-бабының ________-тармағының екінші абзацына сәйкес жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындалсын.
Жерлеуге арналған біржолғы төлемнің мөлшері _________________________________ теңге
__________________________________________________________________________ теңге
(сомасы жазбаша)
2. Жерлеуге арналған біржолғы төлемін тағайындаудан бас тартылсын
________________________________________________________________________________
(негіздеме)
М.О.
Департамент басшысы ______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Басқарма (бөлім) басшысы ___________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Маман _____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Шешімнің жобасын дайындаған:
Мемлекеттік корпорация
филиалының директоры___________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мемлекеттік корпорация
филиалының маманы________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мемлекеттік корпорация
бөлімшесінің бастығы______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мемлекеттік корпорация
бөлімшесінің маманы________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
| Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2026 жылғы 6 қазандағы № 390 бұйрығына 8-қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 213 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32776 болып тіркелген).
2. "Инфляцияның деңгейін ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 қазандағы № 455 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33578 болып тіркелген).
3. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 12 наурыздағы № 72 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізімінің 5-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34152 болып тіркелген).
4. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 299 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрықтарына енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтыру тізімінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37000 болып тіркелген).
5. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 193 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38806 болып тіркелген).
6. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 278 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтары тізілімінің 1 және 4-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 39181 болып тіркелген).