ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексі 24-бабының 72) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидалары;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық дамыту министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрі
| 2026 жылғы 30 маусымдағы № 341 бұйрығымен бекітілген |
Құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексі (бұдан әрі-Кодекс) 24-бабының 72) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілік қызмет көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және құрылыс объектілерді кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) бөлшектеуге және бұзуға арналған жұмыс жүргізу жобасы (бұдан әрі – ЖЖЖ) – берілген алаңда нақты объектіні бөлшектеу және бұзу жөніндегі жұмыстардың ұтымды технологиялары мен оларды ұйымдастыру мәселелері егжей-тегжейлі пысықталатын құжаттама;
2) құрылыс объектілерін бұзу – бөлшектеу немесе қирату жолымен құрылыстарды немесе құрылыс элементтерін толық немесе ішінара жою;
3) заңсыз құрылыс – бұл өндірістік, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектілерді жерге тиісті құқықсыз заңсыз салу;
4) құрылыс объектіні кейіннен кәдеге жарату –пайдаланылуы (пайдалану, қолдану) тоқтатылғаннан кейін қалпына келтірілетін элементтерін (конструкцияларды, материалдарды, жабдықтарды) бір мезгілде қалпына келтіріп және қайталап пайдаланып, сондай-ақ кәдеге аспайтын элементтер мен қалдықтарды өңдей отырып, бөлшектеп алу және бұзу жөніндегі жұмыстар кешені;
5) құрылыс қызметі (бұдан әрі – құрылыс) – жаңа объектілер салу және (немесе) құрылыс объектілерін (олардың кешендерін, коммуникацияларын) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау (өндіру), сондай-ақ аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын игерген құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру жолымен өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорларды құру жөніндегі қызмет;
6) өз бетінше салынған құрылыс – бұл мемлекетке тиесілі, жер учаскелері болып қалыптаспаған жерде, құрылысты жүзеге асырған тұлғаға тиесілі емес жер учаскесінде салынған, сондай-ақ бұл үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес қажетті рұқсат алынбай салынған тұрғын үй, басқа да құрылыс, ғимарат немесе өзге де жылжымайтын мүлік.
3. Құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (бұзу) әзірленген ЖЖЖ негізінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жаратуға (бұзуға) ЖЖЖ әзірлеу кезінде жауапкершілік деңгейі және ғимараттар мен құрылыстарды техникалық күрделі объектілерге жатқызу Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 161 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38416 болып тіркелген) құрылыс объектілерінің техникалық күрделілігін айқындау қағидаларымен белгіленеді.
4. Объектінің жауапкершілік деңгейіне байланысты жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, сондай-ақ инжинирингтік қызметтер мен сараптама жұмыстарын Кодекске және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті рұқсат беру құжаттары (лицензия, сарапшы аттестаттары, аккредиттеу туралы куәлік) бар субъектілер жүзеге асырады.
5. Құрылыс объектілерінің ЖЖЖ-ын дайындау кезінде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын жүргізілген техникалық зерттеп-қарау нәтижелерін ескереді.
Жаңа объектіні бір мезгілде тұрғыза отырып құрылыс объектілерін бұзу кезінде құрылыс Кодекстің 98-бабына сәйкес жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
Егер құрылыс объектісін кейіннен кәдеге жаратуды (бұзуды) мемлекеттік инвестицияларды тарта отырып не олардың қатысуымен жүзеге асыру жоспарланған жағдайда, мердігер (бас мердігер) немесе тапсырыс беруші құрылыстың сметалық құнын дайындауды қамтамасыз етеді.
"Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-1-бабының 5-тармағында көрсетілген көлік инфрақұрылымы объектілерін кейіннен кәдеге жарату Кодекстің 98-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен келісілген жобалауға арналған тапсырма және жобалау құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады.
6. Кодекстің 98-бабының 4-тармағында көрсетілген объектілерді бұзу үшін ЖЖЖ талап етілмейді. Мұндай объектілердің меншік иелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі – Негізгі талаптардың тізбесі) сәйкес объектілерді кейіннен құрылыс объектілерін кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешімі (бұдан әрі – Бұзу туралы шешім) негізінде өз бетінше құрылыс объектілерін бұзуды жүзеге асырады.
Кодекстің 98-бабының 4-тармағында көрсетілген объектілер үшін техникалық тексеру жүргізілмейді.
Оқшауланған тұрғын үйдің немесе тұрғын емес ғимараттың және құрылыстың бір бөлігін бұзу кезінде Кодекстің 98-бабының 1-тармағына сәйкес жобаның ведомстводан тыс кешенді сараптамасынан өте отырып, тұрғын үйдің немесе тұрғын емес ғимараттың және құрылыстың қалған бөлігін бекіту жөніндегі жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы әзірленеді.
7. Қала құрылысы жобаларына сәйкес жергілікті атқарушы орган бекіткен, реновация бағдарламасына енгізілген құрылыс объектілеріне техникалық тексеру жүргізу талап етілмейді.
8. Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметі саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) ай сайын азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне техникалық жағынан күрделі объектілер бойынша Бұзу туралы берілген шешімдер туралы ақпаратты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне қарай жібереді.
9. Құрылыс объектісін бұзуды жүзеге асыру үшін инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерін пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдар берген ажыратуға арналған техникалық шарттарға сәйкес оны инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінен ажырату, сондай-ақ Кодекстің 139-бабына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен бекітілген, құрылыс объектісін апатты және бұзуға немесе реконструкциялауға жататын деп тану тәртібі мен негіздемесінде көзделген жағдайда, оны пайдаланудан шығару жүргізіледі .
Объектіні инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінен ажыратқаннан кейін құрылыс объектілерін бұзу бойынша жұмыстар ЖАЖ-ға сәйкес жүзеге асырылады.
10. Құрылыс объектілерін бұзу барысында құрылысқа қатысушылар адамдардың өміріне немесе денсаулығына, жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келтірудің алдын алуға арналған шаралар қабылдайды және уақытша қоршауларды, кірме жолдарды орнату және құрылыс қоқыстарын кәдеге жарату жөніндегі іс-шаралар жүргізеді.
11. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін тапсырыс беруші "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 46-бабында белгіленген тәртіппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпке және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтарда № 4 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген) Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы қағидаларға сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарды хабардар етеді.
12. Құрылыс объектілерін бөлшектеу және бұзудан кейін тапсырыс беруші (меншік иесі) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құрылыс объектілерін бұзу актісін жасайды және үш жұмыс күн ішінде Көрсетілетін қызметті берушіге есепке алуға және тіркеуге ұсынады.
13. Құрылыс объектілерін бұзу актісі Көрсетілетін қызметті берушіде есепке алуға және тіркеуге жатады.
14. Жерге тиісті құқығынсыз, сол сияқты өз бетінше салу кезінде, сондай-ақ заңды күшіне енген соттың шығарылған шешімдері мен жер қатынастары және (немесе) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың ұйғарымдары (ұсыныстар) болған жағдайда Бұзу туралы шешім және (немесе) құрылыс объектілерің бұзу актісін алу талап етілмейді.
15. "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабымен реттелетін авариялық құрылыс объектілерін бұзуға байланысты төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде Бұзу туралы шешім алу талап етілмейді.
Меншік иесі мүлік ретінде жылжымайтын мүлік объектісінің мүлікті жұмыс істеуі тоқтатылған кезде үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Көрсетілетін қызметті берушіні жазбаша хабардар етеді.
16. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi орталық мемлекеттік орган Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына, Көрсетілетін қызметті берушіге және "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфоқұрылым объектілерінің операторы жібереді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
17. "Құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидалары" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Көрсетілетін қызметті беруші көрсетеді.
18. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті Негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы береді.
19. Нысанын, көрсету нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын "Құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидалары" мемлекеттік қызмет көрсету Негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.
20. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті және құжаттарды түскен күні тіркейді. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
21. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсетіп, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
22. Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжатты Көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
23. Көрсетілетін қызметті алушы Негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың пакетін толық ұсынбаған кезде көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып, дәлелді жауап жібереді.
24. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері ұсынылған құжаттардың дұрыстығын және көрсетілетін қызмет алушының және (немесе) ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің Негізгі талаптардың тізбесінде бекітілген талаптарға сәйкестігін техникалық жағынан күрделі емес объектілер бойынша 4 (төрт) жұмыс күні ішінде, техникалық жағынан күрделі объектілер бойынша 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде тексереді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес Негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жайында, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша өтініш берушінің ұстаным танытуына мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізілетін уақыт пен орын туралы хабарлама жібереді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.
25. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11)-тармақшасына сәйкес, цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган белгілеген мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне түседі.
26. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын цифрлық жүйе істен шыққан жағдайда, Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфоқұрылым объектілерінің операторы sd@nіtec.kz электрондық поштасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу арқылы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, өтініштің әкімшілік құжатының нөмірі мен коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды бойынша ақпаратты түрде ұсына отырып немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі, авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате туындаған сәтке дейін қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып хабардар етеді.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
27. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым Көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған Көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
28. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
29. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
| Құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидаларына 1-қосымша |
"Құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (болған жағдайда): | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Сәулет, қалақұрылысы және құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері және оның кіші түрлері (бар болса) | www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі және оның кіші түрлері (бар болса) |
1) көрсетілетін қызметті берушіге және портал арқылы өтініш берген кезде техникалық жағынан күрделі емес құрылыс объектілерді кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 7 (жеті) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны және оның кіші түрлері (бар болса) | Электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі және оның кіші түрлері (бар болса) | Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру немесе осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорация және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету және оның кіші түрлері (бар болса) үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініші; объект мердігерлік тәсілмен бұзылған жағдайда мердігерлік жұмыстарға арналған шарттың электрондық көшірмесі ұсынылады; |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден және оның кіші түрлерінен (бар болса) бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. |
| Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыс объектілерін бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидаларына 2-қосымша |
|
| Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Техникалық жағынан күрделі объектілер бойынша бұзу туралы берілген шешімдер туралы ақпарат
Ұсынылады: азаматтық қорғау органдарына.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.egov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: "Техникалық жағынан күрделі объектілер бойынша бұзу туралы берілген шешімдер туралы ақпарат"
Нысан индексі: 1-БҰЗУ
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең 20___ жылғы ____
Өтеусіз негізде жинауға арналған әкімшілік деректер нысанын ұсынатын тұлғалар аясы: сәулет, қалақұрылысы және құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган
Ұсыну мерзімі: айына бір рет, есепті кезеңнен кейінгі 5-күннен кешіктірмей
БСН: |
|
Жинау тәсілі: электронды немесе қағаз түрінде
1 | Нысанның атауы | |
2 | Нысанның мекенжайы | |
3 | Меншік иесінің атауы | |
4 | Мердігердің (бас мердігердің) атауы |
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы____________________________________
Орындаушы ____________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Сәулет, қалақұрылысы және құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның басшысы:
______________________________________ _____________ (Т.А.Ж. немесе оның міндетін атқарушы тұлға) (қолы)
| "Техникалық күрделі объектілер бойынша бұзу туралы берілген шешімдер туралы ақпарат" Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Техникалық жағынан күрделі объектілер бойынша бұзу туралы берілген шешімдер туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық жағынан күрделі объектілер бойынша бұзу туралы берілген шешімдер туралы есеп бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі түсіндірме оны толтыру тәртібін нақтылайды.
2. Нысанды сәулет, қалақұрылысы және құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органының қызметкері толтырады.
3. Нысанға сәулет, қалақұрылысы және құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның басшысы қол қояды.
4. Нысан айына бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей ұсынылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1-бағанда нысанның атауы көсретіледі;
2-бағанда нысанның орналасу мекенжайы көрсетіледі;
3-бағанда нысанның иесі көрсетіледі;
4-бағанда нысанды кәдеге жарату (бұзу) жұмыстарын жүргізетін мердігер (бас мердігер) көрсетіледі.
| Құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Құрылыс объектілердің бұзу АКТІСІ 20__ ж._______"____"________
____________________________________________________________ (объектінің атауы және орналасқан жері)
кадастрлік нөмірі: _______________________________________________ (сәулет, қалақұрылысы және құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның атауы)
құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге 20__ жылғы "__" _______ № ______ берген шешімге және құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғаны туралы берілген 20__ жылғы "__" ______ № __ хабарламаға
(Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда) сәйкес ________________________________________________________________ (хабарлама, қабылдаған орган)
бұзу бойынша жұмыс 20__ жылғы "___" ________ басталды және 20__жылғы "___" ________ аяқталды.
Біз, төмендегі қол қоюшылар, меншік иесі _______________________
________________________________________________________________ (тегі, аты, бар болған жағдайда әкесінің аты ), ЖСН - жеке тұлғаға, ұйымының атауы – заңды тұлғаға, БСН, пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің /ғимараттың нөмірі (стационарлық бөлменің) және мердігер (егер бұзу мердігерлік тәсілмен орындалса)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________ (ұйымының атауы, БСН, тегі, аты, бар болған жағдайда әкесінің аты, бұзу жүргізетін тұлғаның лауазымы, мекенжайы, телефон, лицензия №, алған күні) осалқы мердігер ұйымдар (егер бұзу қосалқы мердігерлік ұйымдары орындаса)
______________________________________________________________ (ұйымының атауы, БСН, тегі, аты, бар болған жағдайда әкесінің аты, бұзу жүргізетін тұлғаның лауазымы, мекенжайы, телефон, лицензия №, алған күні) Техникалық қадағалаушы (Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінде көзделген жағдайларда)
____________________________________________________________________ (ұйымының атауы, мекенжайы, телефон, аккредиттелген куәлігі №, алған күні (аккредиттелген куәлік болған жағдайда), жауапты сарапшының тегі, аты, бар болған жағдайда әкесінің аты, аттестаттың мамандығы және №, алған күні дата)
Авторлық қадағалаушы (Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінде көзделген жағдайларда)
____________________________________________________________________ (ұйымының атауы, мекенжайы, телефон, лицензия №, алған күні (егер жобаны әзірлеуші орындаса/авторлық қадағалау ұйымы орындаса) сарапшының тегі, аты, бар болған жағдайда әкесінің аты, аттестаттың мамандығы және №, алған күні дата, мекенжайы, телефон)
осы актіні жасады және жобаға (Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда) сәйкес объектілерді кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізгені туралы растаймыз.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іс-шаралар орындалды.
Құрылыс объектілерін бұзу актісі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарда есепке алынуға жатады.
Тапсырыс беруші |
___________________________________ |
_________ | Мөрдің орны (болған жағдайда) |
Техникалық қадағалаушы |
___________________________________ |
_________ | Мөрдің орны (болған жағдайда) |
Авторлық қадағалаушы |
___________________________________ |
_________ | Мөрдің орны (болған жағдайда) |
Мердігер (бас мердігер) |
___________________________________ |
_________ | Мөрдің орны (болған жағдайда) |
Өтініш
Құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге жататын:
____________________________________________________________________ (объектінің толық атауы)
Мекен-жайда орналасқан:
____________________________________________________________________ (объектінің, бөлменің (бөлек бөлімшелердің) орналасқан жері)
құрылыс объектілерді кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беруіңізді сұраймын.
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қабылдады (қолы) __________________
Күні: 20__ жылғы "_____" ____________
Тапсырды (қолы) __________
| Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидаларына 5-қосымша Нысан |
Құрылыс объектілерді кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім №
20__ жылғы "__"_______ берілген
Сәулет, қалақұрылысы және құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның басшысы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________ шешім берген органның атауы және басшының тегі, аты, ол бар болған жағдайда әкесінің аты ұсынылған құжаттамалар негізінде
_________________________________________________________________ тапсырыс берушінің (тегі, аты, ол бар болған жағдайда әкесінің аты – жеке тұлғалар үшін/ ұйымның атауы – заңды тұлғалар үшін)
_________________________________________________________________ (объектінің атауы мен орналасқан жері)
_____________________________________________құрылыс объектісі бойынша
кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат береді.
Бас мердігер (егер бұзу мердігерлік тәсілмен орындалса)
_________________________________________________________________ (ұйымның атауы)
Ескертпе:
Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім кәдеге жарату (құрылысты бұзу) нормативтік ұзақтығының бүкіл мерзіміне ішінде қолданылады.
Сәулет, қалақұрылысы және құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның басшысы | (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2026 жылғы 30 маусымдағы № 341 бұйрығына 2 қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 202 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22672 болып тіркелген).
2. "Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 202 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 1 наурыздағы № 115 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №27028 болып тіркелген).
3. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 183 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32157 болып тіркелген).
4. "Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 202 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 16 қаңтардағы № 14 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35649 болып тіркелген).
