ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының қоса беріліп отырған тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Н. Абдиров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
жөніндегі агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпараты министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы 2026 жылғы 30 маусымдағы № 23/37 Қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 870 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Арнайы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 34-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді Президенттікке, Құрылтай депутаттығына, партиялық тізімдер бойынша ұсынылған мәслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылған мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың сайлау қорының қаражатын жұмсау тәртібін реттейді.";
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Ортсайлауком) партиялық тізімдерді ұсынатын саяси партиялардың және кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы шоттары ашылатын және жүргізілетін Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде филиалдары бар екінші деңгейдегі банктерді айқындайды.
5. Ортсайлауком арнайы шотты ашуға және жүргізуге арналған банктік шот шартын жасайды және Қазақстан Республикасының астанасының, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына жазбаша хабарлама жібереді.
Банктік шот шартында Қағидалардың 6, 7, 8, 9, 10, 14 және 22-тармақтарында айқындалған мәліметтер болады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Арнаулы шотты ашу үшін сайлау комиссиялары кандидаттың немесе саяси партияның тіркелгені туралы:
1) Ортсайлауком-Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат (кандидаттар), Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарын сайлау кезінде партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың тізбесі туралы;
2) тиісті аумақтық сайлау комиссиялары-мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың тізбесі туралы;
3) тиісті округтік сайлау комиссиялары - бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылған мәслихаттар депутаттығына кандидат (кандидаттар) туралы екінші деңгейдегі банкке немесе оның филиалына береді.";
8-тармақ алып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Құрылтай депутаттарын сайлау кезiнде партиялық тізімді ұсынған саяси партияның сайлау қоры:
1) саяси партияның жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының мөлшерiнен он бес мың еседен аспайтын жеке қаражатынан;
2) Республиканың азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен отыз мың еседен аспайтын ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері - жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен уш жүз еседен артық және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында мың жарым еседен артық аспауға тиіс.";
9-1-тармақ алып тасталсын;
10-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"10-1. Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың сайлау қоры мыналардан тұрады:";
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Сайлау қорының қаражатына иелік ету құқығы тек Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Құрылтайға, мәслихатқа партиялық тізімді ұсынған саяси партияларға, сондай-ақ мәслихат депутаттығына кандидаттарға ғана тиесілі.
16. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттығына, мәслихат депутаттығына кандидат және партиялық тізімін ұсынған саяси партия өздерінің сайлау қорлары қаражатынан:
1) бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларда шығуға;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды (Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген, және Конституциялық заңмен тыйым салынбаған сайлау алдындағы жиналыстарды және сайлаушылармен кездесулердi, сайлау алдындағы жария пiкiрталастар мен пiкiр алысуларды, митингiлердi, шерулердi, демонстрацияларды және өзге де сайлау алдындағы іс-шараларды), Қазақстан Республикасының Президенттігіне, мәслихаттардың депутаттығына және олардың сенім білдірген адамдарының, партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттардың, Құрылтайға, мәслихатқа партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін ұйымдастыруға және өткiзуге;
3) баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгіт материалдарын шығаруға және (немесе) таратуға;
4) заңды және жеке тұлғалардың үгiт жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты қызметтерiне ақы төлеуге;
5) Қазақстан Республикасының Президенттігіне, депутаттығына, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының, партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттардың, Құрылтайға, мәслихатқа партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының сайлау алдындағы үгiтпен байланысты көлiк және iссапар шығындарын жабуға;
6) сайлау науқаны үшін арнайы әзірленген баспа материалдарын, соның ішінде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi және жалауларды, жалаушаларды және өзге де белгiлер мен нышандарды тегін тарату үшін дайындауға арналған шығындарды төлеуге құқылы.";
20, 21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейiн он жұмыс күнінен кешiктiрмей кандидат, саяси партия тиiстi сайлау комиссиясына өз сайлау қорының қаражатын пайдаланғаны жөнiнде есеп беруі міндетті, онда сайлау қорына ақшалай түсiмдер көздерi және сайлау қоры қаражатының жұмсалғанын растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, жүргізілген барлық шығындар көрсетіледі.
21.Сайлау қорлары қаражатының мақсатты жұмсалуын Қазақстан Республикасының Президенттігіне, мәслихаттар депутаттығына кандидат, партиялық тізімін ұсынған саяси партия қамтамасыз етеді.
22. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, мәслихаттардың депутаттығына кандидат, партиялық тізімін ұсынған саяси партия өзiнің сайлау қорына қаражаттың түсу есебiн, сондай-ақ олардың жұмсалу есебiн жүргiзедi. Есеп түсiмнiң әр түрi бойынша, күнi, теңгедегі сомасы және осы қаражатты аударған нақты жеке және заңды тұлғаның атауы көрсетiле отырып, жүргiзiледi. Шығыстар тiзiлімiнде: ақшаның шотқа келiп түскен күнi, ақшаның екінші деңгейдегі банкте алынған күні, сомасы, әрбір төлем құжаты бойынша төлемнің мақсаты жазылады.
23. Арнаулы шоттарға қаражаттың түскені және оның жұмсалуы туралы есепті айына екі рет бұқаралық ақпарат құралдарында:
Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарын партиялық тiзiмдер бойынша сайлау кезiнде - Орталық сайлау комиссиясы;
мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде - аумақтық сайлау комиссиялары;
бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылған мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде тиісті округтік сайлау комиссиялары жариялайды.";
27 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Кандидаттың, партиялық тізімін ұсынған саяси партияның Конституциялық заңның 34-бабы 1-8-тармақтарында белгіленген тәртіпті, сондай-ақ Қағидаларды бұзуы - кандидатты, партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға, ал сайлау өткізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттығына, мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелгеніне дейін тиісті аумақ немесе округ бойынша сайлауды жарамсыз деп тануға әкеп соғады.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілмейді;
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, мәслихаттар депутаттығына кандидаттың Т.А.Ә. (болған кезде), саяси партиялардың толық атауы, арнаулы шот қай банк мекемесінде ашылған.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілмейді;
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттың Т.А.Ә. (болған кезде), саяси партияның толық атауы, арнаулы шот қай банк мекемесінде ашылған.";
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілмейді;
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттың Т.А.Ә. (болған кезде), саяси партияның толық атауы, арнаулы шот қай банк мекемесінде ашылған.";
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттың, саяси партиялардың сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы есебі";
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілмейді;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескерту: сайлау қорының қаражатының түсуі және жұмсалуы туралы есеп сайлау қорытындылары белгіленгеннен кейін ұсынылады:
Қазақстан Республикасының Президентін, партиялық тізімдер бойынша Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде - Орталық сайлау комиссиясына;
бірмандаттық округтер бойынша мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде округтік сайлау комиссияларына немесе тиісті аумақтық сайлау комиссияларына;
партиялық тізімдер бойынша мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде-аумақтық сайлау комиссиялары.
Есеп қаражаттың жұмсалғанын растайтын құжаттармен бірге ұсынылады.
Кандидаттың қолы: /Т. А. Ә./ (болған кезде)
Партия басшысының немесе партияның ұжымдық органы уәкілеттік берген адамның қолымен: /Т. А. Ә. / (болған кезде) М.О.
Есеп расталады
Екінші деңгейдегі Банк басшысының қолымен: /Т.А.Ә. / (болған кезде) М.О.".
2. "Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 31 тамыздағы № 12/26 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3820 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 43-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 54-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/178 "Қазақстан Республикасы Президентін, Құрылтай депутаттарын, мәслихат депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар арқылы сайлау алдындағы үгіт жүргізу және ақпараттық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4778 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Президенттің, Құрылтай, мәслихаттар депутаттарының, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы кезінде бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн платформалар арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың және оны ақпараттық қамтамасыз етудің қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Президенттің, Құрылтай, мәслихаттар депутаттарының, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімнің (бұдан әрі - әкім), сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы кезінде бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн платформалар арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың және оны ақпараттық қамтамасыз етудің қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентін, Құрылтай депутаттарын, мәслихат депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауы кезінде бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың және ақпараттық қамтамасыз ету қағидалары осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. "Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 161/306 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5653 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы астанасының, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссиялары өңірлердегі сайлаушылардың қажеттілігіне байланысты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерінің (бұдан әрі - есептен шығару куәліктері) әрбір түрінің қажетті санын белгілейді және оларды дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын акт бойынша тиісті әкім ұсынған тізімдердегі сайлаушылар санына сәйкес Қазақстан Республикасының астанасы, облыстары және республикалық маңызы бар қалалары бойынша сайлаушылардың жалпы санының кемінде бір пайызы есебінен дайындауды қамтамасыз етеді, бұл туралы шешім қабылданған кезден бастап бір күн мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына хабарлайды.
Қазақстан Республикасы астанасының, облыстық, республикалық маңызы бар қалаларының сайлау комиссиялары есептен шығару куәліктерін дауыс беру күніне дейін жиырма күннен кешіктірмей, тиісті аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына бөледі және береді.
Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары дауыс беру күніне дейін он алты күннен кешіктірмей есептен шығару куәліктерін учаскелік сайлау комиссияларына бөледі және береді.
Өңірлерде қосымша есептен шығару куәліктерінің қажеттігі туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы астанасының, облыстық, республикалық маңызы бар қалаларының сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясымен келісім бойынша себептерін жазбаша түрде көрсете отырып, дауыс беру күніне дейін үш күннен кешіктірмей, есептен шығару куәліктерін қосымша дайындау туралы шешім қабылдайды.
Бір мезгілде бірнеше сайлау өткізілген жағдайда Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың әрбір түрі бойынша есептен шығару куәлігінің әр түрлі түсін белгілейді.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін (бұдан әрі – әкім) сайлау кезінде есептен шығару куәліктері тиісті сайлау округінің шекарасында бір елді мекен (қала, ауыл, кент) болған жағдайда дайындалмайды.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары тиісті Қазақстан Республика астанасының, облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссияларына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланылмаған есептен шығару куәліктерін жою туралы актілерді қоса тіркей отырып, есептен шығару куәліктерінің пайдаланылғаны туралы есеп береді.".
5. "Саяси партияларды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 166/314 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5825 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілді:
көрсетілген қаулымен бекітілген Саяси партияларды қаржыландыру қағидаларында:
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бюджет қаражаты жыл сайын Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының соңғы сайлауы (бұдан әрі - сайлау) қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Құрылтайында өкілдік ететін саяси партияларға бөлінеді.
3. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Ортсайлауком) сайлау нәтижелерін анықтағаннан кейін бес күндік мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Құрылтайында өкілдік ететін саяси партиялар, және олар алған сайлаушылар дауысы туралы мәліметтерді әкімшіге жібереді.
4. Саяси партиялардың қызметін қаржыландыруға бөлінетін бюджет қаражатының мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда соңғы сайлау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Құрылтайында ұсынылған саяси партияларға дауыс беру кезінде берілген сайлаушының әрбір дауысы үшін 0,65 айлық есептік көрсеткіш есебінен айқындалады.
Республикалық бюджет құрамындағы шығыстарды жоспарлауды тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі - Әкімші) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.";
6 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Саяси партияларды қаржыландыру Ортсайлауком Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарын партиялық тізімдер бойынша сайланған депутаттары ретінде тіркеген айдан басталады және Қазақстан Республикасының Құрылтайының келесі шақырылымының бірінші сессиясы ашылған күннен бастап не Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының кезектен тыс сайлауы тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарын партиялық тізімдер бойынша сайлау өткізілетін жылы саяси партияларға республикалық бюджет қаражатынан төленетін сома осы Ереженің 3 және 4-тармақтарының және 6-тармағы бірінші абзацының талаптарын ескере отырып, нақтылануы тиіс.".
6. "Қол қою парақтары мен азаматтардың қолдарын жинау нәтижелері жөніндегі қорытынды хаттамаларды сақтаудың тәртібі мен мерзімдері туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 13 қаңтардағы № 14/19 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6732 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Жалпыхалықтық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 16-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының жалпыхалықтық референдумға қатысу құқығы бар, жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастамашылық білдірген азаматтары қолдарының растығын тексеру нәтижелері туралы аумақтық сайлау комиссияларының қорытынды хаттамалары мен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қорытынды хаттамасы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында тұрақты сақтаулы болады.
2. Жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастамашылықпен тілек білдіруші, жалпыхалықтық референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының қол қою парақтары Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында құпия ақпарат негізінде референдумның бастамашыл тобынан құжаттар алынған күннен бастап үш ай бойы сақталады, ал кейіннен осы қаулыға қосымшаға сай акт бойынша жойылады.
Жою өртеу, балқыту, 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын мөлшерде майдалап бөлшектеу, ұсақтау, еріту немесе химиялық ыдырату, қалыпсыз массаға немесе ұнтақ күйге айналдыру арқылы жүргізіледі.".
7. "Сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 21 қарашадағы № 62/108 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7307 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі Нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Конституциялық заң) 12-бабының 16-9) тармақшасына, 31-бабына сәйкес әзірленді және Президенттікке, мәслихаттар депутаттығына, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болуға кандидаттардың (бұдан әрі - кандидаттар), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Құрылтайының, мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың (бұдан әрі - саяси партиялар) сенім білдірілген адамдарын тіркеу рәсімін нақтылайды.";
5-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын, саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеуді тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеуді тиісті аумақтық (округтік) сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болуға кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеуді тиісті аудандық, қалалық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
7. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар Орталық сайлау комиссиясы олардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін тиісті сайлау комиссияларына сенім білдірілген адамдарды тіркеу туралы өтінішпен жүгінеді.
Мәслихат депутаттығына, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болуға кандидат тиісті сайлау комиссиясы оның Қазақстан Республикасы Конституциясының, Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы өтінішпен жүгінеді.
Саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде және аумақтық сайлау комиссиясы мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде партиялық тізімдерді тіркегеннен кейін сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы өтінішпен тиісті аумақтық сайлау комиссияларына жүгінеді.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Тиісті сайлау комиссиясы мынадай жағдайларда, егер кандидаттың, саяси партияның сенім білдірген адамы:
1) Қазақстан Республикасының азаматы болмаса;
2) он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасы азаматы болса;
3) Президенттікке, Құрылтай, мәслихаттар депутаттығына, әкім болуға, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мүше болуға кандидат, қандайда бір сайлау комиссиясының мүшесі болса;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес саяси мемлекеттік қызметші лауазымындағы адам болса, оны тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.";
көрсетілген Нұсқаулыққа 2-қосымшаның ескертпесі алынып тасталсын.
8. "Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 23 қазандағы № 21/183 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8089 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Cайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықта:
4-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) кемінде екі компьютер (оперативтік жады кемінде 2 Гб процессор, офистік, антивирустық бағдарламалар мен pdf форматында құжаттарды оқу және басып шығару үшін бағдарламалар орнатылған дербес компьютерлер мен жұмыс станцияларына арналған операциялық жүйе, олардың біреуі мүгедектігі бар адамдарға арналған.";
6-тармақтың алтыншы абзацында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілмейді;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Сайлау комиссияларының мүшелері орналасатын жерлерде "Төраға", "Төрағаның орынбасары", "Хатшы" жазулары, сондай-ақ әліпби әріптері немесе көшелердің атаулары және үйлердің нөмірлері бар көрсеткіштер орналастырылады.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Мүгедектігі бар адамдар үшін дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыру ерекшеліктері";
11, 12, 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Дауыс беруге арналған үй-жайлар (пункттер) мүгедектігі бар адамдар үшін барынша қолжетімділікпен қамтамасыз етіледі, бірінші қабаттарда орналасуы немесе басқа қабаттарға бару үшін көтеру тетіктері болуы тиіс.
12. Дауыс беруге арналған үй-жайларда (пункттерде):
әр түрлі тактильді көрсеткіштер (мүмкіндігінше);
тірек-қозғалыс аппараты функциялары бұзылған, соның ішінде кресло-арбаларды пайдаланатын сайлаушылардың қолжетімділігі ескерілген, жасырын дауыс беруге арналған кабина(лар);
мүгедектігі бар адамдар үшін төмендегілерді қамтитын арнайы жабдықталған орын (бұрыш) көзделуі қажет:
1) мониторлы компьютер (диагоналі кемінде 54 сантиметр), онда мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген форматта осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетілген ақпарат орналасуы тиіс;
2) құлақаспаптар;
3) қосымша жарықтандыру, ұлғайтқыштар.
13. Жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдар үшін осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес дауыс беруге арналған арнайы сайлау учаскелерiн құра алады.".
9. "Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2014 жылғы 17 шілдедегі 11/236 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9686 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағы 37) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларында:
бесінші, алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсыну туралы саяси партиялардың жоғары органдарының хаттамаларынан үзінді көшірмелер;
Қазақстан Республикасы астанасының, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссияларының Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау бойынша дауыстарды санау туралы хаттамалары және оларға қосымшалар;";
жетінші абзац алынып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Аумақтық және округтік сайлау комиссиялары бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары туралы хабар жарияланғаннан кейін астананың, тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, қалалардың және аудандардың мемлекеттік архивтеріне мынадай құжаттарды:
аумақтық жәіне округтік сайлау комиссияларының хаттамаларын және оларға қосымшаларды;
мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсыну туралы саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының хаттамасынан үзінді көшірмелерді;
мәслихаттар депутаттарын сайлау нәтижелері туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларын;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болуға кандидатты (бұдан әрі – әкім болуға кандидат) ұсыну туралы саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының хаттамасынан үзінді көшірмелерді;
Қазақстан Республикасы Құрылтайының, мәслихаттардың депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін (бұдан әрі - әкімдер) сайлау жөніндегі сақтауға жатпайтын сайлау құжаттарын жоюға бөліп шығару туралы актілерді (бұдан әрі - акт) осы Қағидаларға қосымшаға сай нысан бойынша;
жоғары тұрған әкімнің азаматты әкім болуға кандидат етіп ұсыну туралы ұсынысын;
аумақтық сайлау комиссияларының әкімдерді сайлау нәтижелері туралы хаттамаларын;
сайланған әкімді тіркеу туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының шешімдерін;
жеке және заңды тұлғалардың аумақтық сайлау комиссияларына келіп түскен өтініштерін сақтауға тапсырады;
округтік сайлау комиссияларының құжаттарын тиісті аумақтық сайлау комиссияларына береді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау жөніндегі жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерді мөрленген күйінде, оның ішінде жекелеген жойылған бюллетеньдерді, жойылған есептен шығару куәліктері мен оларға қатысты құжаттарды Қазақстан Республикасы астанасының, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына тапсырады, онда құпия ақпарат құқығы негізінде сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейінгі бір ай бойы сақталады, ал кейіннен жойылады.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қол қою парақтары, әкім болуға кандидатты қолдауға арналған қол қою парақтары Қазақстан Республикасының Президенттігіне, әкім болуға кандидат тіркелген күннен кейінгі он жұмыс күні бойы сақталады, ал кейіннен сайлау комиссиясы жояды.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған мәслихат депутатын кері шақырып алу үшін азаматтардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтары бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу бойынша дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылданғаннан кейін он жұмыс күні ішінде сақталады, содан кейін сайлау комиссиясы жояды.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған мәслихат депутатын кері шақырып алу үшін азаматтардың қолдарын жинауға арналған, сайлау комиссиясы жарамсыз деп таныған қол қою парақтары жарамсыз деп тану туралы шешім қабылданғаннан кейін он жұмыс күні бойы сақталады, содан кейін жойылады. Бұл ретте кері шақырып алу бастамашысы бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған мәслихат депутатын кері шақырып алу үшін оған берілген қол қою парақтарын кері қайтармаған жағдайда сайлау комиссиясы тиісті акт жасайды.".
10. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 40/137 "Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына депутаттарға жазалау шараларын қолдану, олардың депутаттық қызметпен байланысты шектеулерді, депутаттық этика ережелерін сақтауы, депутаттардың өкілеттігін тоқтату, өкілеттігінен айыру және депутаттыққа қол сұғылмаушылық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына кандидаттарды қол сұғылмаушылықтан айыру мәселелері туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13954 болып тіркелген) келесі өзгерістерді енгізсін:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға, олардың депутаттық қызметпен байланысты шектеулерді, депутаттық әдеп ережелерін сақтауын, депутаттардың өкілеттігін тоқтатуды, оларды өкілеттігінен және депутатқа қолсұғылмаушылықтан айыруды Қазақстан Республикасы Құрылтайының қарауына дайындау мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенттiгіне, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттығына кандидаттарды қолсұғылмаушылықтан айыру мәселелері жөніндегі ережені бекіту туралы";
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Депутаттарға жазалау шараларын қолдануды, олардың депутаттық қызметпен байланысты шектеулерді, депутаттық әдеп ережелерін сақтауын, депутаттардың өкілеттігін тоқтатуды, оларды өкілеттігінен және депутатқа қолсұғылмаушылықтан айыруды Қазақстан Республикасы Құрылтайының қарауына дайындау мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенттiгіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттарды қолсұғылмаушылықтан айыру мәселелері жөніндегі ереже бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Депутаттарға жазалау шараларын қолдануды, олардың депутаттық қызметпен байланысты шектеулерді, депутаттық әдеп ережелерін сақтауын, депутаттардың өкілеттігін тоқтатуды, оларды өкілеттігінен және депутатқа қолсұғылмаушылықтан айыруды Қазақстан Республикасы Құрылтайының қарауына дайындау мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенттiгіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттарды қолсұғылмаушылықтан айыру мәселелері жөніндегі ереже осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
11. "Қазақстан Республикасының Президентін, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетендерінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 23 тамыздағы № 11/192 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17364 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Президентін, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Құрылтайының және мәслихаттарының депутаттарын, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетендерінің нысанын бекіту туралы";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары;";
3) тармақша алынып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі.";
осы қаулыға 2-қосымшадағы тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған
САЙЛАУ БЮЛЛЕТЕНІ
20________ _ жылғы _________________ ________________
(сайлау күні)
ИЗБИРАТЕЛЬНЫЙ БЮЛЛЕТЕНЬ
для голосования по выборам депутатов Курултая Республики Казахстан
_____ ____________________ 20 _______ года
(дата выборов)";
осы қаулыға 3-қосымша алынып тасталсын;
осы қаулыға 6-қосымшадағы тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"_____________ аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған
САЙЛАУ БЮЛЛЕТЕНІ
20________ _ жылғы ____________ ________________
(сайлау күні)
ИЗБИРАТЕЛЬНЫЙ БЮЛЛЕТЕНЬ
для голосования по выборам акима (город районного значения, село, поселок, сельский округ)
_____ _________________ 20________ __ года
(дата выборов)".
12. "Сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімдерін қалыптастыру, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларына ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 23 тамыздағы № 11/197 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17358 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімдерін қалыптастыру, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларына ұсыну қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) аумақтық сайлау комиссиясы - астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның сайлаушылар туралы мәліметтердің өзектілігі мен анықтығын, дауыс беруге арналған сайлаушылар тізімдерінің уақтылы әрі дұрыс жасалуын және олардың барша жұрттың танысуы үшін ұсынылуын бақылайтын сайлау комиссиясы;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Президенттi, Құрылтай мен мәслихаттардың депутаттарын, әкімді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде сайлаушылар тiзiмi жасалады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Сайлаушылардың тізімдері әліпби немесе өзге тәртіппен жасалады. Тізімде сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылы (он сегіз жастағылар үшін – қосымша күні мен айы), жеке сәйкестендіру нөмірі мен тұрғылықты мекенжайы көрсетіледі.";
3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) демалыс үйлерiнде, санаторийлік-курорттық ұйымдарда, стационарлық жағдайда емделіп жатқан, шалғай жерде және қатынасу қиын аудандарда орналасқан, азаматтар тұратын мекендерде, шалғайдағы мал шаруашылығы учаскелерiнде, үздіксіз жұмыс істейтін өндірісі бар ұйымдарда, жұмысты вахталық әдіспен ұйымдастыру орындарында, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, Қазақстан Республикасына қарайтын және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде құрылған сайлау учаскелерi бойынша дауыс берудi өткiзетiн күнi аталған мекемелер мен ұйымдарда немесе кеме бортында болатын азаматтардың бәрi аталған мекемелердiң басшылары, тиiстi әкiмдер мен кеме капитандары берген деректер негiздерде енгізіледі;";
5) тармақшаның бірінші абзацы:
"5) шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанындағы сайлау учаскелерi бойынша тиiстi шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзiмдi шетелдiк iссапарда жүрген әрi Қазақстан Республиканың жарамды паспорты бар барлық азаматтар енгiзiледi. Шет мемлекетерге жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарларға келген Қазақстан Республикасы азаматтары учаскелiк сайлау комиссиясына өтініш жасаған жағдайда және олардың Қазақстан Республикасының азаматы деген жарамды паспорты болса, сайлаушылар тiзiмiне енгізіледi.".
13. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/198 "Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17434 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттары осы Тізбенің 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
14. "Аумақтық сайлау комиссияларының сайлау науқандарын өткізуге бюджеттік өтінімдерді жасау және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/200 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Аумақтық сайлау комиссияларының сайлау науқандарын өткізуге бюджеттік сұранымдарды жасау және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына ұсыну қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бюджетттік өтінімдер (қажеттіліктер есептері):
Қазақстан Республикасының Президентін;
Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарын;
мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқандарына жасалады.";
11-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қажеттілік есебі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 201 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.";
13-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Шығыстарды есептеу кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 201 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік органдарды телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын басшылыққа алу қажет.";
19, 20, 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Астана, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссиялары кезектi жоспарлы кезеңге бюджеттік өтінімдерін (қажеттілік есептерін) ағымдағы қаржылық жылғы 15 ақпанға дейінгі мерзімде енгізілген төмен тұрған аумақтық сайлау комиссияларының бюджеттік өтінімдері (қажеттілік есептері) негізінде, ағымдағы қаржылық жылғы 15 наурызға дейінгі мерзімде ұсынады.
Бюджеттік өтінімдердің (қажеттілік есептерінің) келесі ұсынылуы немесе түзетілуі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес сайлаудың хабарлануын немесе тағайындалуын ескере отырып, Ортсайлауком белгілейтін мерзімдерде жүзеге асырылады.
Бюджеттік өтінімдерді (қажеттілік есебін) түзету бойынша ұсыныстар енгізу астана, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар сайлау комиссияларының бастамасы бойынша жүргізіледі.
20. Астана, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар сайлау комиссиялары бюджеттік өтінімді (қажеттілік есебін) түсіндірме жазбасымен бірге Ортсайлаукомға электронды құжатайналымы жүйесі арқылы енгізеді.
21. Ортсайлауком астана, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар сайлау комиссияларының ұсынған қажеттілік есептері негізінде, сайлау науқанын өткізуге арналған шығыстардың үлгі сметасын қалыптастырады.";
көрсетілген Қағидаларға 1-1, 2, 3, 4, 5, 6, 6-1, 7, 8-қосымшаларда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілмейді.
15. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/201 "Мерзімді баспасөз басылымдарының сайлау комиссияларының хабарларын республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен орналастыру қағидалары мен көлемін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17463 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мерзімді баспасөз басылымдарының республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен сайлау комиссияларының хабарламаларын орналастыру қағидалары мен көлемі осы Тізбенің 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
16. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/202 "Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарында шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы" қаулысында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17426 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Құрылтайы мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға республикалық бюджеттен, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидаттарға (бұдан әрі - кандидат) жергілікті бюджеттен сайлау алдындағы бағдарламалармен бұқаралық ақпарат құралдарына шығу үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемін айқындайды.";
3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызметтер үшін төлем жүргізу кандидаттың қызметтерді жеткізуші ұсынған шотты берген кезінен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.".
17. "Кандидатура алып тасталған, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күші жойылған, кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайларда сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 16/209 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17404 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кандидатура алып тасталған, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күші жойылған, кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайларда сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сайлау кезінде сайлау бюллетеньдеріне олар әзірленгеннен кейін өзгерістер енгізу туралы шешімді:
1) Президент, Құрылтай депутаттарын – Орталық сайлау комиссиясы;
2) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттарын – округтік сайлау комиссиясы;
3) мәслихат депутаттарын - партиялық тізімді тіркеген аумақтық сайлау комиссиясы;
4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, өзге жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін - аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) сайлау комиссиясы қабылдайды.
Сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу туралы шешім жоғары тұрған сайлау комиссиясына жіберіледі.";
5-тармақ алынып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Егер Конституциялық Заңда белгіленген тәртіппен Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімді тіркеудің күшін жою туралы шешім қабылдаса, Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінен саяси партияның атауы алып тасталады.";
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6-1. Егер Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен тиісті аумақтық сайлау комиссиясы партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жою туралы шешім қабылдаса, партиялық тізім бойынша сайланатын астана, облыстық, республикалық маңызы бар қала мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінен саяси партия атауы алып тасталады.";
7-тармақ алынып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Егер Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әкім болуға кандидат өз кандидатурасын алып тастаса немесе саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы, кандидатты ұсынған жоғары тұрған әкім кандидатты ұсыну туралы өз шешімінің күшін жойса, не аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) сайлау комиссиясы кандидатты тіркеудің күшін жою туралы шешім қабылдаса, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінен кандидаттың тегін, атын және әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) алып тастау жүргізіледі.".
18. "Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарында шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 41/502 қаулысына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 мамырда № 28240 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жалпыхалықтық референдум құжаттарын сақтау қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Жалпыхалықтық референдум туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Жалпыхалықтық референдум құжаттарын сақтау қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық референдумның құжаттарын сақтау қағидалары осы Тізбенің 5-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
19. "Сайлауды, референдумды әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыру және қызметі үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 8/659 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 31677 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сайлауды, референдумды дайындау және өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы сайлауды, референдумды дайындау және өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) Президентті, Құрылтай, мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлауды (бұдан әрі - сайлау) дайындау және өткізу кезіңде, сондай-ақ жалпыхалықтық референдумды өткізу кезеңінде сайлау комиссияларының:
еңбек шарттары бойынша жеке тұлғалардан сатып алынатын қызметтерді;
кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтеулі қызметтер көрсету шарттары бойынша сатып алынатын, көрсетілетін қызметтерді;
іссапар шығыстарын;
өкілдік шығыстарға байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындайды.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Сайлауды, жалпыхалықтық референдумды дайындау мен өткізуге көзделген тиісті бюджеттің негізінде тапсырыс беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алу жоспарын (бұдан әрі - сатып алу жоспары) әзірлейді және бекітеді.";
8-тармақтың 4) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілмейді.
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Сайлау комиссияларының сайлауды, жалпыхалықтық референдумды дайындауы және өткізуі кезеңінде шарт жасасу сайлау комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі үшін қажетті төмендегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қолданылады.";
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"23) Президенттің, Құрылтай депутатының, мәслихат депутатының омырауға тағатын белгісін және оған құжаттарды дайындау;";
30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"30) сайлау науқанында қажетті полиграфиялық және баспа өнімдерін дайындау: сайлау комиссияларының ақпараттық плакаттары; кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар; дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері, журналдар, куверткалар, конверттер, бланкілер, шакыру қағаздары, рұқсаттамалар; Президенттікке және депутаттыққа кандидаттарды қолдау үшін сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының бланкілері; дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің бланкілері; Президенттікке, Құрылтай, мәслихаттар депутаттығына, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болуға (бұдан әрі – әкім болуға) кандидаттардың, Президенттікке, мәслихаттар депутаттығына, әкімдікке кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының, халықаралық байқаушылардың куәліктері; брошюралар; жаднамалар; кітаптар; күнтізбелер; планингтер; күнделіктер; пакеттер; папкалар-беговкалар; бейдждер; блокноттар; сайлаушылар үшін сайлауға шақыру қағаздары; бюллетеньді өз бетінше толтыру үшін көру қабілеті бұзылған сайлаушыларға арналған трафареттер (оның ішінде Брайль қарпі бар бюллетеньдер үшін);";
14-тармақың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутатының, мәслихаты депутатының омырауға тағатын белгісін және оған құжаттарды дайындау жөніндегі қызметтерді, сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтерді, саяси партиялардың өкілдерімен және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру мен өткізу жөнінде семинарлар өткізу жөніндегі қызметтерді, байланыс қызметтерін (пошта) сатып алған жағдайларда коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұрау салу (шақыру) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің белгiлi бiр нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие белгілі бір әлеуетті өнім берушіге не қызметінің негізгі нысанасы бойынша мемлекеттік монополия субъектілеріне (мемлекеттік наградалар, ордендер, медальдар, монеталар түріндегі ұлттық валюта шығаратындарға, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарына және олардың филиалдарына, ұлттық пошта операторына) жіберіледі.";
бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Аумақтық сайлау комиссиялары Президент, Құрылтай, мәслихаттар депутаттарын, әкімдерді сайлауды әзірлеу мен өткізуге бөлінген республикалық бюджет қаражаты есебінен және шегінде, сондай-ақ республикалық референдум өткізу кезеңінде "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген мақсаттарға тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алуды жүзеге асырады.";
30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"30) сайлау науқанында қажетті полиграфиялық және баспа өнімдерін дайындау, оның ішінде: сайлау комиссияларының ақпараттық плакаттары; кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар; дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері, журналдар, куверткалар, конверттер, бланкілер, конверттер, шақыру қағаздары, рұқсаттамалар; Президенттікке және депутаттыққа кандидаттарды қолдау үшін сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының бланкілері; дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің бланкілері; Президенттікке, Құрылтай, мәслихаттар депутаттығына, әкім болуға кандидаттардың, Президенттікке, мәслихаттар депутаттығына, әкім болуға кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының, халықаралық байқаушылардың куәліктері; брошюралар; жаднамалар; кітаптар; күнтізбелер; планингтер; күнделіктер; пакеттер; папкалар-беговкалар; бейдждер; блокноттар; сайлаушылар үшін сайлауға шақыру қағаздары; бюллетеньді өз бетінше толтыру үшін көру қабілеті бұзылған сайлаушыларға арналған трафареттер (оның ішінде Брайль қарпі бар бюллетеньдер үшін);";
үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдер бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы №328 бұйрығының 525-тармағына сәйкес тиісті сайлау комиссияларының төрағалары бекітілген жеке қаржыландыру жоспары шегінде сайлау науқанын, жалпыхалықтық референдумды өткізу үшін бөлінетін бюджет қаражатын бөлушілер болып табылады.";
көрсетілген Қағидаларға 1, 3-қосымшаларда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілмейді.
Президенттің, Құрылтай, мәслихаттар депутаттарының, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы кезінде бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн платформалар арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың және оны ақпараттық қамтамасыз етудің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі – Конституциялық заң), "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Құрылтайының, мәслихаттар депутаттарының, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін (бұдан әрі - әкімдер) және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы бойынша сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың, сайлау науқанын ақпараттық қамтамасыз тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, интернет-басылым;
бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, кинодокументалистика, дыбысбейне жазба және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз бұқаралық таратудың өзге де нысаны;
сайлауды ақпараттық қамтамасыз ету – сайлау алдындағы үгітті қоспағанда, сайлау науқанын әзірлеу мен өткізу барысы туралы сайлаушыларды жедел және кеңінен хабардар етуге бағытталған шаралар кешені;
сайлау алдындағы үгiт - сайлаушылардың белгiлi бiр кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткi болу, бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу мақсатындағы қызмет;
сөз сөйлеу - кандидаттардың, тиісінше партиялық тізімдері мен кандидаттарын ұсынған саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің уәкілетті өкілдерінің, сондай-ақ сенім білдірген адамдардың сайлау алдындағы бағдарламасы баяндалған сайлаушыларға жеке үндеуі;
сайлау алдындағы пікірсайыс - Президенттікке екі және одан көп кандидаттардың, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, әкімдікке кандидаттардың түрлі қоғамдық маңызды мәселелер, оның ішінде олардың сайлау алдындағы бағдарламаларына қатысты мәселелер бойынша жария пікірлер алмасуы.
онлайн-платформа - қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға және электрондық коммерцияға арналған интернет-ресурсты және (немесе) лездік хабарлар алмасу сервисін қоспағанда, белгілерді және (немесе) сигналдарды және (немесе) дауыстық ақпаратты және (немесе) жазбаша мәтінді және (немесе) кескінді және (немесе) дыбыстарды және (немесе) хабарларды орналастыру, қабылдау және (немесе) нақты айқындалған немесе айқындалмаған тұлғалар тобына беру арқылы пайдаланушының өзі жасаған дербес парақшасы арқылы ақпарат таратуына арналған интернет-ресурс және (немесе) лездік хабар алмасу сервисі.
2-тарау. Сайлау алдындағы үгітті БАҚ-пен, онлайн-платформалар арқылы жүзеге асыру тәртібі
3. Мемлекет азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге белгілі бір кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы кедергісіз сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқығына кепілдік береді.
Сайлау алдындағы үгіт Президенттікке, Құрылтай депутаттығына, мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынған саяси партиялардың партиялық тізімдерін, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Қайта дауыс беруді өткізген кезде сайлау алдындағы үгіт қайта дауыс беру күні тағайындалған күннен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Кандидаттарға және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға сайлау алдындағы үгітті жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткізудің тең жағдайларына кепілдік беріледі.
Сенім білдірген адамдар сайлау алдындағы үгітті жүргізе алады.
4. Сайлау алдындағы үгіт басталған сәттен бастап Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияның, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттың мақсаттары мен міндеттерін насихаттайтын барлық ақпарат, жаңалық және талдау бағдарламаларын қоспағанда, кандидаттардың немесе саяси партиялардың сайлау қорынан не жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттардың сайлау қорынан төленуге тиіс.
Сайлау науқаны үшін арнайы әзірленген баспа материалдарынан басқасын тегін таратуға жол берілмейді.
5. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы, онлайн-платформалардағы сайлау алдындағы үгіт:
1) Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияны, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидатты, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне белгілі бір кандидатты жақтап немесе қарсы дауыс беру үндеулерін;
2) сайлаушы дауыс беретін Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияның, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттың, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне қандай да бір кандидатқа қатысты артықшылық жасауды;
3) Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияның, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттың, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидатты сайлаудың немесе сайламаудың мүмкін салдарларын сипаттауды;
4) Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партия, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидат туралы жағымды не жағымсыз аргументтелген көрінеу басым мәліметтерді қамтитын материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарының жарыққа шығару (эфирге шығару), сондай-ақ ақпаратты пайдаланушының тарату жөніндегі қызметі танылады.
5. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы, онлайн-платформалардағы сайлау алдындағы үгіт:
1) Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияны, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидатты, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне белгілі бір кандидатты жақтап немесе қарсы дауыс беру үндеулерін;
2) сайлаушы дауыс беретін Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияның, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттың, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне қандай да бір кандидатқа қатысты артықшылық жасауды;
3) Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияның, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттың, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидатты сайлаудың немесе сайламаудың мүмкін салдарларын сипаттауды;
4) Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партия, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидат туралы жағымды не жағымсыз аргументтелген көрінеу басым мәліметтерді қамтитын материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарының жарыққа шығару (эфирге шығару), сондай-ақ ақпаратты пайдаланушының тарату жөніндегі қызметі танылады.
6. Сайлау күні және оның қарсаңындағы күні кез келген сайлау алдындағы үгітті жүргізуге жол берілмейді.
Интернет желісінде бұрын орналастырылған үгіт материалдары бұрынғы орындарында сақталуы мүмкін. Бұрын орналастырылған материалдарды интернет-ресурстардың басты беттеріне шығаруға жол берілмейді.
7. Сайлау алдындағы үгіт кезеңінде Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияның, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттардың сайлау алдындағы үгітіне байланысты мерзімді баспасөз басылымының таралымы барлық кандидаттар үшін бірдей болып табылады.
8. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы, онлайн-платформаларды пайдаланушы Президенттікке, кандидаттарды, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттардың сайлау алдындағы бағдарламалары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді, аумағының тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, соғысты, қарулы қақтығысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдықты немесе алауыздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды идеяларын насихаттаса, сондай-ақ осындай әрекеттерге шақырса оларды жарыққа шығарудан (эфирге шығарудан) бас тартады.
9. Конституциялық заңның 28-бабының 8-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары редакцияларының лауазымды адамдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген материалдар жарияланған жағдайларды қоспағанда, кандидаттардың сайлау алдындағы науқаны барысында айтқандары үшін жауап бермейді.
10. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы, онлайн-платформаларды пайдаланушы сайлау алдындағы науқан барысында Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттардың материалында кандидаттардың немесе саяси партияның абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда, аталған адамдарға олардың абыройын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау үшін теріске шығаруды тегін жариялау мүмкіндігін бере отырып, олардың үгіт материалдарын және өзге ақпаратын жарыққа шығарудан (эфирге шығарудан) бас тартады.
Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттар бұқаралық ақпарат құралы редакциясының, онлайн-платформаны пайдаланушының талабы бойынша үгіт материалдарында көрсетілген ақпаратты растайтын құжаттарды тапсырады.
Үгіт материалдарын жарыққа шығарудан (эфирге шығарудан), жариялаудан бас тартуға Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
Қандай да бір адамның бейнесін оның жазбаша келісімінсіз, ал ол қайтыс болған жағдайда - мұрагерлерінің жазбаша келісімінсіз пайдалану арқылы сайлау алдындағы үгіт жүргізуге жол берілмейді.
Телерадиотарату субъектілерінің жаңалықтар, талдау бағдарламаларында үгіт материалдарын таратуына жол берілмейді.
Шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың Президенттікке, Құрылтай және мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттарды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге кедергі болатын және (немесе) демеп жіберетін қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
11. Мыналарға:
1) мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ лауазымдық міндеттерін орындау кезінде олардың лауазымды адамдарына;
2) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілеріне, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға;
3) сайлау комиссияларының мүшелеріне;
4) діни бірлестіктерге сайлау алдындағы үгітті жүргізуге, кез келген сайлау алдындағы үгіт материалдарын таратуға жол берілмейді.
3-тарау. Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламаларымен сөз сөйлеуі үшін мемлекет қаржыландыратын эфир уақыты мен баспасөз бетінен орын беру тәртібі
12. Мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен сөз сөйлеуі үшін бірдей қаражат бөлінуіне кепілдік береді.
4-тарау. Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарға, сондай-ақ әкімдікке өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидатқа шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беру тәртібі
13. Бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары тіркелген кандидаттарға және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға үгіт материалдарын жариялау үшін шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетінен орын береді.
Онлайн-платформаларды пайдаланушылар шарттық негізде тіркелген кандидаттарға және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға, өзінің интернет-ресурстарын, онлайн-платформалардағы аккаунттарын пайдаланатын кандидаттар мен саяси партияларды қоспағанда, үгіт материалдарын жариялау үшін ақпарат көлемін ұсынады.
14. Кандидаттарға немесе саяси партияларға бұқаралық ақпарат құралдарында эфир уақытын, баспасөз бетінен орын және ақпарат көлемін беру үшін кандидаттың куәлігі, хабар беруді (эфирге шығаруды) жүзеге асыратын бұқаралық ақпарат құралы басшысының атына, онлайн-платформаны пайдаланушының атына жазылған жеке жазбаша өтініші немесе Орталық не тиісті аумақтық сайлау комиссиясының партиялық тізімді тіркеу туралы шешімінің көшірмесі негіз болып табылады.
15. Үгіт материалдарын жариялау үшін шарттың талаптары белгілі бір кандидатқа немесе саяси партияға артықшылық туғызбауға тиіс.
16. Бұқаралық ақпарат құралы, онлайн-платформаны пайдаланушы кандидаттардың біріне, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға үгіт материалдарын орналастыруға берген келісімі басқа кандидаттарға, партиялық тізімін ұсынған саяси партияларға үгіт материалдарын орналастыруға келісім болып табылады.
17. Кандидаттар мен партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларға шығуының кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не, егер өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда, жеребе бойынша белгіленеді.
Партиялық тізімдерді ұсынған кандидаттар мен саяси партиялар жазбаша өтініштерінде қай кезде сөз сөйлейтінін жорамалдайтын күнін, уақытын көрсетеді.
Осы ұсыныстардың негізінде бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар кандидаттардың немесе саяси партиялардың сөз сөйлеуі үшін эфир уақытын, баспасөз бетінен орын және ақпарат көлемін беру кестесін белгілейді.
18. Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттардың сөз сөйлеуі үшін эфир уақытын, баспасөз бетінен орын және ақпарат көлемін беру кестесін бұқаралық ақпарат құралының, онлайн-платформаның техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралының редакциясы, онлайн-платформаны пайдаланушы әзірлейді. Осы кестеге кандидаттардың немесе саяси партиялардың жарнама және үгіт материалдарын жариялау да енгізіледі.
Кандидаттардың немесе саяси партиялардың үгіт материалдарын жарыққа шығарудың (эфирге шығарудың) күні мен уақыты көрсетілген кестенің көшірмесі Орталық немесе тиісті аумақтық сайлау комиссиясына, кестеге бір тәулік ішінде ұсынылуы тиіс өзгерістердің енгізілуін қоспағанда, үш күн ішінде жіберіледі.
19. Кандидаттардың және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партия өкілінің теледидар мен радиода сөйлеп жатқан сөздерін бөлуге және сөйлеген сөздеріне іле-шала сол күні, сондай-ақ баспасөз басылымдарындағы сөздеріне сол нөмірде түсініктеме жасауға жол берілмейді.
20. Республикалық мерзімді баспасөз басылымдары мәслихат депутаттарын сайлау кезінде партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Құрылтай, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттардың сайлау алдындағы материалдарын тиісті облыста, қалада, ауданда қосымша парақтарды (беттерді) басу арқылы таратады.
21. Төлем мөлшері туралы мәліметтерді, үгіт материалдарын орналастыру шарттарын тиісті бұқаралық ақпарат құралы, онлайн-платформаны пайдаланушы сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей хабарлауға және жариялауға, сондай-ақ Президентті және Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде - Орталық сайлау комиссиясына, мәслихат депутаттарын, әкімдерді және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде - өзге де аумақтық сайлау комиссияларына беруге тиіс.
Орталық және аумақтық сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар ұсынған төлем мөлшері, үгіт материалдарын орналастыру шарттары туралы мәліметтер орналастырылады. Шарттық негізде эфир уақытын, баспа алаңын және ақпарат көлемін ұсынатын бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаны пайдаланушылар төлем мөлшері, үгіт материалдарын орналастыру шарттары туралы мәліметтер жарияланғанға дейін кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың үгіт материалдарын орналастыруды, таратуды жүзеге асыра алмайды.
22. Барлық үгіт материалдарында осы материалдарды шығарған ұйым (баспа материалдары бойынша - олардың басып шығарылған орны және таралымы бойынша), тапсырысты жасаған тұлғалар, қандай қаражаттан төленгені туралы мәліметтер болуға тиіс. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде үгіт материалдарын дайындауға, анонимді үгіт материалдарын таратуға, сондай-ақ ағымдағы науқанға дайындалмаған материалдарды пайдалануға тыйым салынады.
Ақпараттандыру тәсілін бұқаралық ақпарат құралы редакциясы және онлайн-платформаны пайдаланушы айқындайды.
Онлайн-платформаларға қатысты осы тармақтың талаптары, егер онлайн-платформаларды пайдаланушылар үгіт материалдарын шарттық негізде дайындаған жағдайда қолданылады.
23. Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттардың үгіт материалдарының бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат шығару (эфирге шығу), онлайн-платформаларда ақпарат көлемін жариялау құны жергілікті өзін-өзі басқару органдары кандидаттардың сайлау қорынан немесе саяси партиядан төленеді.
Құны кандидаттың не саяси партияның сайлау қорынан өзге қаражат есебінен төленген үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында шығаруға (эфирге шығуға), ақпарат көлемін онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейді.
24. Президенттікке кандидаттар, Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын теледидардағы сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатыса алады.
Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар, әкімдікке кандидаттар тиісті аумақтық сайлау комиссиялары ұйымдастыруға құқылы теледидардағы пікірсайыстарға қатыса алады.
25. Сайлауды ақпараттық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік билік органдары, сайлау комиссиялары, бұқаралық ақпарат құралдары жүзеге асырады.
5-тарау. Сайлауды ақпараттық қамтамасыз ету тәртібі
26. Бұқаралық ақпарат құралдары барлық Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларды, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды, сондай-ақ әкімдікке кандидаттарды, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттарды ұсыну, оларды тиісті сайлау комиссияларының тіркеуі, сондай-ақ кандидаттарды немесе саяси партияларды қолдап өткізілетін сайлау алдындағы үгіт іс-шаралары туралы ақпаратты баспасөз бетінен орынның, эфир уақытының бірдей көлемінде таратады.
Осы жарияланымдар, жаңалықтар мен талдау бағдарламаларының сюжеттері сайлау алдындағы үгіт белгілерін қамтымауға тиіс және кандидаттардың немесе саяси партиялардың сайлау қорлары қаражатынан төлеуді қажет етпейді.
27. Мерзімді баспасөз басылымдары сайлау комиссияларының хабарларын, Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың, сондай-ақ әкімдікке кандидаттардың, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттардың деректерін "Мерзімді баспасөз басылымдарының сайлау комиссияларының хабарларын республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен орналастыру қағидалары мен көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/201 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17426 болып тіркелген) Сайлау комиссияларының хабарларын мерзімді баспасөз басылымдарының республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен орналастыру қағидаларында белгіленген тәртіппен және көлемде жариялайды.
Осы хабарларды мерзімді баспасөз басылымының бір нөмірінде, ал едәуір көлемді болса, басылымға қосымша ретінде жариялау қажет.
28. Бұқаралық ақпарат құралдары тиісті сайлау комиссияларына сайлау науқанының барысы туралы ақпаратты және Конституциялық заңда белгіленген хабарламаларды дереу жариялауға мүмкіндік береді.
Ақпаратты мерзімді баспа басылымдарының редакциясында баспа өнімінің келесі нөмірі шығарылғанға дейінгі күні сағат 15-ке дейін оны кейіннен жариялау үшін жолдау қажет.
29. Бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын объективті жариялауды жүзеге асыруы; кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін үгіт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан бас тартуы; аталған адамдарға ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау үшін теріске шығаруды сол көлемде сол көлемде тегін жариялау мүмкіндігін беруі қажет, сол қаріппен және теріске шығарылатын хабарлама немесе материал орналастырылған жерде. Радио және теледидар арқылы теріске шығару және теріске шығару тәуліктің бір мезгілінде және теріске шығарылатын хабар немесе материал сияқты теле-, радио бағдарламада, ал көрсетілген теле -, радиобағдарлама өзге теле-, радиобағдарламада жабылған жағдайларда және тиісті тақырыптық бағытта берілуі тиіс.
Теріске шығару көлемі теріске шығарылатын хабарламаның немесе материалдың көлемінен екі немесе одан да көп болуы мүмкін емес.
Өтінішке кең таралған материалдарды кандидаттардың, саяси партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіреді деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін қоса беру қажет.
Бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары кандидаттардың сайлау науқанын жариялау кезінде олардың ешқайсысына артықшылық жасамай, кандидаттардың қызметін жариялаудағы теңдік пен тепе-теңдік қағидаттарын басшылыққа алады.
30. Ақпараттық теле- және радиохабарларда, жарияланымдарда, мерзімді баспасөз басылымдарында сайлау алдындағы іс-шараларды өткізу туралы хабарлар қандай болмасын Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарға, сондай-ақ әкімдікке кандидаттарға, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидатқа артықшылық берусіз не алалаусыз берілуі қажет.
Артықшылық беру немесе алалау деп нақты кандидат немесе саяси партия туралы, мерзімді баспасөз басылымының жеке нөміріндегі көлемі бойынша басым, жеке телерадиохабардағы көлемі бойынша басым және арнайы әсерлермен ерекшелендірілген оң да, келеңсіз де сипаттағы хабарларды, жаңалықтар дикторының мәтініне кандидаттың немесе саяси партияның оларға үндеулер мен өтініштерді бағалауын енгізу деп түсінген жөн.
31. Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттар, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттар болып тіркелген журналистердің, бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары лауазымды адамдарының не олардың сенім білдірген адамдарының сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария етуге қатысуына құқығы жоқ.
Егер Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттардың сайлау тізіміне енгізілген адам не Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына, сондай-ақ әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттың сенім білдірген адамы бұқаралық ақпарат құралының бас редакторы (редакторы) болып табылса, оның өкілеттіктері сайлау кезеңіне басқа жауапты адамға беріледі.
32. Сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары сұрау жүргізген заңды тұлғаны, сұрау жүргізуге тапсырыс берген және оның ақысын төлеген адамдарды, сұрау жүргізілген уақытты, ақпарат жинау әдісін, сұрақтың нақты тұжырымын, сұралғандардың саны мен сұрау салу нәтижелерінің қателік коэффициентін көрсетеді.
Қоғамдық пікірге сұрау салуды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізе алады. Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сұрау салуды жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар, қоғамдық пікірге сұрау салу жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерінің болжамдарын дауыс берілетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берілетін күні бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейді.
Сайлау күні дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізуге жол берілмейді.
33. Президенттікке, Құрылтай, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, мәслихаттар депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша ұсынылған кандидаттардың, әкімдікке, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне кандидаттардың, олардың сенім білдірілген адамдарының, бұқаралық ақпарат құралының редакциясы мен олардың қызметкерлерінің, онлайн-платформаларды пайдаланушылардың осы Қағидалардың ережелерін сақтауын орындауды Орталық және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
34. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы, онлайн-платформаларды пайдаланушы сайлау алдындағы үгіт материалдарының жариялануына, эфирге шығуына есеп жүргізеді. Сайлау комиссиясынан сұрау салу түскен жағдайда бұқаралық ақпарат құралының редакциясы, онлайн-платформаларды пайдаланушы сұрау салынған күннен бастап үш күндік мерзімде оған жазбаша ақпарат, ал қажет болған жағдайда сұрау салынған материалдардың көшірмелерін ұсынады.
35. Сайлау алдындағы үгітті қамтитын теле- және радиобағдарламалардың (хабарлардың) жазбалары "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес тиісті бұқаралық ақпарат құралының редакциясында соңғы жазба жүргізілген сәттен бастап кемінде алты ай сақталады.
36. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы, онлайн-платформалардағы ақпараттардағы жарияланымдарға, хабарларға байланысты даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес қаралады.
Депутаттарға жазалау шараларын қолдануды, олардың депутаттық қызметпен байланысты шектеулерді, депутаттық әдеп ережелерін сақтауын, депутаттардың өкілеттігін тоқтатуды, оларды өкілеттігінен және депутатқа қолсұғылмаушылықтан айыруды Қазақстан Республикасы Құрылтайының қарауына дайындау мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенттiгіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттарды қолсұғылмаушылықтан айыру мәселелері жөніндегі ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Депутаттарға жазалау шараларын қолдануды, олардың депутаттық қызметпен байланысты шектеулерді, депутаттық әдеп ережелерін сақтауына байланысты, депутаттардың өкілеттігін тоқтатуды, оларды өкілеттігінен және депутатқа қолсұғылмаушылықтан айыруды Қазақстан Республикасы Құрылтайының қарауына дайындау мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенттiгіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттарды қолсұғылмаушылықтан айыру мәселелері жөніндегі ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі – Конституция) 55-бабы 5-тармағын, "Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Конституциялық заң) 54-бабы 4-тармағын, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 47-бабы 3-тармағын, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағы 23) тармақшасын іске асыру мақсатында бекітілді.
2. Ереже Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі – Орталық сайлау комиссиясы) депутаттарға Конституцияның 55-бабы 1-тармағының талаптарын бұзғаны үшін жазалау шараларын қолдануды, олардың депутаттық қызметпен байланысты шектеулерді, депутаттық әдеп ережелерін сақтауын, депутаттардың өкілеттігін тоқтатуды, оларды өкілеттігінен және депутатқа қолсұғылмаушылықтан айыруды Қазақстан Республикасы Құрылтайының (бұдан әрі – Құрылтай) қарауына дайындауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенттiгіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттарды қолсұғылмаушылықтан айыруын регламенттейді.
2-тарау. Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға байланысты мәселелерді қарау
3. Депутаттардың Құрылтайдың, оның үйлестіру және жұмыс органдарының отырыстарына келуiн, сондай-ақ депутаттың өз даусын басқа бiреуге беруiне жол бермеуiн бақылау Орталық сайлау комиссиясының мүшелерімен жүзеге асырылады:
1) Орталық сайлау комиссиясы мүшесiнің Құрылтай, оның үйлестіру және жұмыс органдары отырыстарына бару барысында Конституциялық заңның 10-бабы 1-тармағының ережелерін ескере отырып, жүзеге асыратынын тексеруі;
2) Құрылтай отырыстарына қатысып отырған депутаттарды тіркеу туралы ақпаратты сұрату;
3) Құрылтай органдары отырыстарының жұмысына депутаттардың қатысуы туралы хаттамалардың көшірмелерін сұрату;
4) персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) депутаттарға уақытша еңбекке қабілетсіздік парақтарын бергені, депутаттардың демалыста немесе іссапарда болғаны туралы мәліметтерді сұрату нысанында жүзеге асырылады.
4. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері депутаттардың Парламент, оның Палаталары мен олардың органдарының отырыстарына келуі туралы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасына ақпарат беріп отырады.
5. Депутаттың Құрылтай, оның үйлестіру және жұмыс органдары отырыстарына бір сессия ішінде дәлелдi себептерсiз үш реттен артық, Парламент Палаталары мен олардың органдарының бірлескен отырыстарына бір айдан аса қатыспауы, дауыс беру құқығын басқаға беруi аталған мәселелерді Орталық сайлау комиссиясының отырысында қарау үшін негіздер болып табылады.
6. Аталған бұзушылықтар расталған жағдайда, қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Құрылтай Бюросына жіберілетін, депутатқа Конституциялық заңның 54-бабында белгіленген жазалау шараларын қолдану туралы ұсыным дайындалады.
3-тарау. Депутаттық қызметпен байланысты шектеулерді сақтау туралы мәселелерді қарау
7. Құрылтай депутатының басқа өкілді органның депутаты болуына шектеулердің сақталуын бақылауды Орталық сайлау комиссиясының мүшесі "Сайлау" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі деректерді тексеру жолымен жүзеге асырады.
8. Құрылтай депутатының оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге де жұмыс атқаратыны, оның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратыны, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамында екені туралы ақпарат келіп түскен кезде Орталық сайлау комиссиясы қаралатын мәселемен тікелей байланысты тұлғаларды шақыра отырып, Орталық сайлау комиссиясының отырысында қаралатын, мәселеге қатысты құжаттар мен өзге ақпаратты талап ете отырып, мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға, лауазымды тұлғаларға жүгінеді.
9. Конституцияның 55-бабы 2-тармағында белгіленген шектеулерді Құрылтай депутатының сақтамау фактілері расталған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы Құрылтайға қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде депутаттың өкілеттігін тоқтату туралы ұсыным енгізеді.
4-тарау. Парламент депутаттарының депутаттық әдеп ережелерін сақтауына байланысты мәселелерді қарау
10. Құрылтайдың жазбаша өтініші Қазақстан Республикасы Құрылтай Регламентімен белгіленген депутаттық әдеп ережелерiн Құрылтай депутаттарының бұзғаны туралы мәселелерді Орталық сайлау комиссиясының қарауына дайындау негіздемесі болып табылады.
11. Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарының депутаттық әдеп ережелерін бұзуына себепші болған нақты жағдаяттарды тексереді.
Тексеру кезінде Құрылтай отырыстарының стенограммалары, оның үйлестіру және жұмыс органдарының хаттамалары, уәкілетті органдардың деректері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар және өзге материалдар пайдаланылуы мүмкін.
12. Тексеру Құрытайдан жазбаша өтінішін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
13. Құрылтай депутаттарының депутаттық әдеп ережелерін сақтауымен байланысты мәселелер Орталық сайлау комиссиясының отырысында қаралады.
14. Құрылтай депутатының депутаттық әдеп ережелерін бұзған фактілері расталған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы ұсыным дайындайды және оған қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оны Құрылтай Төрағасының қарауына енгізеді.
15. Аталған фактілер расталмаған жағдайда, қорытынды дайындалады және оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Құрылтайдың қарауына енгізіледі.
5-тарау. Депутаттардың өкілеттігін тоқтатуға, оларды өкілеттігінен және депутатқа қолсұғылмаушылықтан айыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенттiгіне, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттығына кандидаттарды қолсұғылмаушылықтан айыруға байланысты мәселелерін қарау
16. Құрылтай депутаты отставкаға кеткен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған, депутатты саяси партияның басшы органының шешімімен кері шақырып алануы, ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен, оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Конституциялық заңмен көзделген басқа да жағдайларда, Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутатының өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздердің туындау фактісі көрсетілген қаулы қабылдайды және Құрылтайға, Құрылтай депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным енгізу туралы шешім қабылдайды.
17. Құрылтай депутатының саяси партиядан шыққаны немесе шығарылғаны, ол партиялық тізім негізінде сайланған саяси партия қызметінің тоқтатылғаны туралы мәліметтер Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен кезде Орталық сайлау комиссиясы тиісті адамның Құрылтай депутатының өкілеттігінен айрылу фактісі көрсетілген қаулы қабылдайды.
18. Қаулының көшірмесі ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Құрылтайға жіберіледі.
19. Құрылтайдың жіберген, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының депутатты қылмыстық жауаптылыққа тартуға, ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге немесе сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға келiсiм алу туралы ұсынымы ол келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
20. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынымын қарау нәтижелері бойынша қорытынды шығарылады, ол шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Құрылтайға жіберіледі.
21. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Қазақстан Республикасының Президенттiгіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидатты қылмыстық жауаптылыққа тартуға, ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге немесе сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға келiсiм алу туралы ұсынымы Орталық сайлау комиссиясымен ол келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
22. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынымын қарау нәтижелері бойынша Орталық сайлау комиссиясы қорытынды шығарады, ол шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жіберіледі.
Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Президенттікке, Қазақстан Республикасының Құрылтайының және (немесе) мәслихаттары депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың, әкімдікке кандидаттардың сайлау алдындағы пікірсайыстарды (бұдан әрі - пікірсайыс) өткізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Президенттікке кандидаттар, Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі – Ортсайлауком) ұйымдастыратын сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатысуға құқылы.
3. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар, сондай-ақ бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттар, әкімге кандидаттар Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес тиісті аумақтық сайлау комиссияларын ұйымдастыруға құқылы сайлау алдындағы пікірталастарға қатыса алады.
2-тарау. Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу шарттары
4. Ортсайлауком пікірсайыстарды өткізу туралы шешім қабылданған соң бес күнтізбелік күн ішінде форматын айқындайды және Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға, Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға пікірсайыс өткізілетін күні, уақыты және орны туралы жазбаша хабарлайды.
5. Аумақтық сайлау комиссиясы пікірсайыстарды өткізу туралы шешім қабылданған сәттен кейін бес күнтізбелік күн ішінде пікірсайыстар форматын айқындайды және оларөткізілетін күн, уақыт және олардың өткізілетін күні, уақыты мен орны туралы жазбаша:
1) мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға;
2) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға;
3) әкімдікке кандидаттарға хабарлайды;
6. Телеарнада пікірсайыстар өткізу форматы кезінде телеарналар Қазақстан Республикасының Президенттігіне, әкімдікке тіркелген кандидаттарға, саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша ұсынылған Құрылтай және (немесе) мәслихат депутаттығына кандидаттарға, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға Орталық сайлау комиссиясымен немесе тиісті сайлау комиссиясымен шарттық негізде пікірсайыс өткізілетін күнін, уақытын, орнын және регламентін көрсете отырып, өзінің эфир уақытын береді.
7. Телеарналар шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Президенттігіне, әкімдікке, Құрылтайдың және (немесе) мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың пікірсайыстар өткізуі үшін эфир уақытын резервке қояды. Кандидаттардың сөз сөйлеуі үшін эфир уақытының көлемі бірдей болуы тиіс.
8. Теледидардағы пікірсайыс кезінде қатысатын қатысатын адамдардың тізімін Орталық сайлау комиссиясы немесе тиісті аумақтық сайлау комиссиясы бекітеді.
9. Сайлау комиссиялары жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп пікірсайыстарды өткізуге арналған үй-жайларды айқындайды.
Үй-жайлар теле-, радиобағдарламаларды трансляциялауға арналған дыбыс және бейнеқұрылғылармен жабдықталуы, сондай-ақ пікірсайыстарды онлайн-трансляциялау үшін Интернет желісіне (бар болса) қосылған болуы тиіс.
10. Сайлау комиссиялары жария пікірсайыстарды жүргізу үшін жүргізушіні анықтайды.
11. Сайлау комиссиялары өткізілетін пікірсайыстар туралы жариялауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізеді.
3-тарау. Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу тәртібі
12. Кандидаттардың сөз сөйлеу кезегі жеребе бойынша белгіленеді.
13. Жүргізуші Ортсайлаукоммен немесе тиісті аумақтық сайлау комиссиясымен келісілген пікірсайыс өткізу регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді.
14. Пікірсайысты жүргізуші:
кандидаттардың сайлау алдындағы пікірсайысын өткізу регламентін бұзбайды;
егер оларды өткізу регламентінде басқаша көзделмесе, не бұл уақыттың аяқталуына байланысты болмаса, Президенттікке, кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардан Құрылтай және (немесе) мәслихаттар депутаттығына, әкімдікке кандидаттардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сөз сөйлеу уақытын бақылайды;
кандидаттардың, саяси партиялардың ешқайсысына артықшылық бермейді және олардың сөздеріне түсініктеме бермейді.
15. Президенттікке, саяси партиялар ұсынған Құрылтай және (немесе) мәслихаттар депутаттығына, әкімдікке кандидаттар, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттар:
пікірсайыс өткізу регламентін сақтайды;
этикалық нормалар шеңберінде пікірталас жүргізеді, басқа кандидаттарға, саяси партияларға, олардың мүшелеріне қатысты қорлайтын, көрінеу жалған, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын сөздерден, сондай-ақ басқа саяси партиялардың өкілдеріне қатысты кемсітушіліктен қалыс қалады және оларға жол бермейді;
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді, аумағының тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, соғысты, қарулы қақтығысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдықты немесе алауыздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды уағыздауға, сондай-ақ осындай әрекеттерге шақыруға жол бермейді;
жүргізушінің негізделген талаптарын орындайды.
16. Пікірсайыс уақытында Президенттікке, әкімдікке кандидаттарға, саяси партиялар ұсынған Құрылтай және (немесе) мәслихаттар депутаттығына, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға, сондай-ақ өзге де қатысушы адамдарға кандидаттардың сөйлеп жатқан сөздерін бөлуге, сондай-ақ оларға іле-шала қандай да бір пікір білдіруге жол берілмейді.
17. Президенттікке, әкімдікке кандидаттар, Құрылтай және (немесе) мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттар пікірсайыстарға қатысудан бас тарта алады.
18. Президенттікке кандидаттар, Құрылтай және (немесе) мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар, әкімдікке кандидаттар, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттар қатыспаған жағдайда, пікірсайыстардағы сол кандидат, партия үшін белгіленген эфир уақыты пікірсайыстың басқа қатысушылары арасында теңдей бөлінеді.
19. Пікірсайыс өткізу тілі: қазақ және орыс.
20. Президенттікке кандидаттардың, Құрылтай және (немесе) мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, әкімдікке кандидаттардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың пікірсайыс жазбалары "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес соңғы жазба жүргізілген сәттен бастап кемінде алты ай сақталады.
Мерзімді баспасөз басылымдарының сайлау комиссияларының хабарларын республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен орналастыру қағидалары мен көлемі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мерзімді баспасөз басылымдарының сайлау комиссияларының хабарларын республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен орналастыру қағидалары мен көлемі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және мерзімді баспасөз басылымдарының сайлау комиссияларының хабарларын республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен орналастыру тәртібі мен көлемін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мерзімді баспасөз басылымдарына жариялау үшін:
1) Президенттікке кандидаттар тіркелгеннен кейінгі күнтізбелік жетінші күннен кешіктірмей, әрбір кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылын, атқаратын қызметін (кәсібін), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, сондай-ақ кандидаттың қалауы бойынша оның қоғамдық бірлестікке, қай ұлтқа жататыны туралы мәліметтерді көрсете отырып, тіркелгені туралы;
2) партиялық тізімдер тіркелгеннен кейінгі күнтізбелік оныншы күннен кешіктірмей, саяси партияның атауын және партиялық тізімге енгізілген адамдардың санын, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген әрбір адамның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты күәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылын, атқаратын қызметін (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін көрсете отырып, тіркелгені туралы;
3) сайлау өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы;
4) сайланған Қазақстан Республикасының Президентін және Қазақстан Республикасының Құрылтайының депутаттарын тіркеу туралы;
5) Қазақстан Республикасының Президентін, Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша қайта дауыс беруді өткізу туралы, Президентті, Құрылтай депутаттарын қайта сайлауды өткізу туралы;
6) Президентті, Құрылтай депутаттарын сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде қорға түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері, ерікті қайырмалдықтардың сомасы және сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстар туралы хабарлар ұсынады.
3. Тиісті сайлау комиссиялары мерзімді баспасөз басылымдарына жариялау үшін:
1) сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, сайлау округтерінің шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, сайлау округтерінің тізімін;
2) мәслихат депутаттарының, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің (бұдан әрі - әкімдер), жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің қайта сайлауын өткізу туралы;
3) мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдері тіркелгеннен кейінгі күнтізбелік жетінші күннен кешіктірмей, саяси партияның атауын және партиялық тізімге енгізілген адамдардың санын, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген әрбір адамның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылын, атқаратын қызметін (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін көрсете отырып, тіркелгені туралы;
4) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын мәслихат депутаттығына кандидаттар тіркелгеннен кейін күнтізбелік жетінші күннен кешіктірмей, әрбір кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылын, атқаратын лауазымын (кәсібін), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, сондай-ақ кандидаттардың қалауына қарай қай ұлтқа жататынын көрсете отырып, тіркелгені туралы;
5) әкімдікке кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында әрбір кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылын, атқаратын лауазымын (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, ұсыну тәсілін, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға қатыстылығы мен ұлты туралы мәліметтерді көрсете отырып, тіркеу туралы хабар жариялайды;
6) мәслихаттардың сайланған депутаттарын және әкімдерді тіркеу туралы;
7) сайлау өткізілген күннен бастап жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей, мәслихат депутаттарын сайлау қорытындылары туралы;
8) сайлау өткізілген күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей, әкімді, мәслихаттардан өзге жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау қорытындылары туралы;
9) сайлау комиссияларының жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп жасаған кандидаттардың бөлінген үй-жайда сайлаушылармен кездесу кестесі;
10) мәслихат депутаттарын сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде қорға түскен жалпы ақша сомасы мен ерікті қайырмалдықтардың сомасы, оның көзі және сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстар туралы;
11) дауыс беру өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, Президентті, Құрылтай және мәслихаттар депутаттарын, әкімдерді сайлау бойынша дауыс беру уақыты мен орны туралы хабарларды ұсынады.
2-тарау. Мерзімді баспасөз басылымдарының сайлау комиссияларының хабарларын орналастыру тәртібі мен көлемі
4. Мерзімді баспасөз басылымдары тиісті сайлау комиссияларының осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген хабарларын ең жақын нөмірінде орналастырады.
5. Хабарларды мерзімді баспасөз басылымының бір нөмірінде, ал едәуір көлемді болса, басылымға қосымша ретінде орналастыру қажет.
6. Хабарлар оларды кейіннен жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарының редакцияларына баспа өнімінің келесі нөмірі шығатын күннің алдындағы күнгі сағат он беске дейін жіберілуі қажет.
Жалпыхалықтық референдум құжаттарын сақтау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жалпыхалықтық референдум құжаттарын сақтау қағидалары "Жалпыхалықтық референдум туралы" Конституциялық заңның 21-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және жалпыхалықтық референдум құжаттарын сақтау тәртібін айқындайды.
2-тарау. Жалпыхалықтық референдум құжаттарын сақтау
2. Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясында (бұдан әрі – Орталық референдум комиссиясы) мынадай құжаттар сақталуға және кейіннен Қазақстан Республикасының Ұлттық архивіне тапсырылуға тиіс:
Орталық референдум комиссиясының қаулылары, отырыстарының хаттамалары;
астананың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың референдум комиссияларының референдум нәтижелері туралы хаттамалары;
Орталық референдум комиссиясына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.
3. Астананың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың референдум комиссиялары Орталық референдум комиссиясының бұқаралық ақпарат құралдарында референдум қорытындылары туралы хабары жарияланғаннан кейін астананың, тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, қалалар мен аудандардың мемлекеттік архивтеріне:
аумақтық референдум комиссияларының қаулылары мен хаттамаларын;
аумақтық референдум комиссияларына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сақтауға тапсырады.
4. Учаскелік референдум комиссиялары отырыстарының хаттамалары, азаматтардың хаттары, ұсыныстары, өтініштері және басқа да құжаттары кейіннен мемлекеттік архивтерге тапсыра отырып, тиісті аумақтық референдум комиссиясында сақталуға тиіс.
5. Әскери бөлімдерде құрылған учаскелік референдум комиссияларының құжаттары әскери бөлімдердің істерінде сақталады.
6. Дауыс беруге арналған бюллетеньдерді мөрленген күйінде, оның ішінде жекелеген жойылған бюллетеньдерді, сондай-ақ жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдері мен оларға қатысты құжаттарды астананың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың референдум комиссиялары Орталық референдум комиссиясына тапсырады, онда референдум қорытындылары жарияланғаннан кейін бір ай бойы құпия ақпарат құқығында сақталады, кейіннен жойылады.
7. Сақтауға жатпайтын құжаттар белгіленген мерзім өткеннен кейін жойылады.
8. Жою жағу, балқыту, мөлшері 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын бөлшектерге майдалау, ұсақтау, еріту немесе химиялық ыдырату, пішінсіз массаға немесе ұнтаққа айналдыру жолымен жүргізіледі.
9. Бөгде адамдарды жойылған құжаттармен таныстыруға, олардың мазмұнын қалпына келтіруге мүмкіндік беретіндей толық жоймауға жол берілмейді.
