Ескерту. Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 10.07.2021 № 620 Жарлығымен.
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 15-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 23.01.2023 № 109; өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.1. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереже (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 21 желтоқсандағы № 1469 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 48, 579-құжат);
"Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережеге өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 22 ақпандағы № 2856 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 7, 38-құжат).
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
|
Қазақстан Республикасының Президентi |
| Қазақстан Республикасы | |
| Президентiнiң | |
| 1996 жылғы 11 қарашадағы | |
| № 3205 Жарлығымен | |
| бекiтiлген |
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ереже
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 12.02.2013 № 501 Жарлығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 23.01.2023 № 109 Жарлығымен.
1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының тұрақты жұмыс істейтін мемлекеттік органы болып табылады, Қазақстан Республикасы сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық етеді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комиссия мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комиссия азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Комиссия, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Комиссия өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаулылар қабылдайды.
7. Комиссия аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.8. Комиссияның заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 23.01.2023 № 109 Жарлығымен.9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Комиссияның құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комиссияның қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комиссияға кәсіпкерлік субъектілерімен Комиссияның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комиссияға Қазақстан Республикасының заңдарымен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.2-тарау. Комиссияның миссиясы, негізгі міндеті, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 23.01.2023 № 109 Жарлығымен.
13. Комиссияның миссиясы: еркін және әділ сайлау мен жалпыхалықтық референдумдар өткізу жолымен азаматтардың тікелей немесе өз өкілдері арқылы мемлекет істерін басқаруға қатысу құқықтарын қамтамасыз ету.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.14. Комиссияның негізгі міндеті Қазақстан Республикасында әділ, шынайы және еркін сайлаулар мен жалпыхалықтық референдумдар өткізу болып табылады.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.15. Комиссия өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында сайлау және жалпыхалықтық референдум туралы заңнаманың орындалуын бақылауды және оның бірыңғай қолданылуын қамтамасыз етуді;
2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында міндетті, сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша шешімдер, сондай-ақ өзге де құқықтық актілер қабылдайды;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізуді ұйымдастырады;
4) алып тасталды – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен;5) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркегеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының Президенттігіне әрбір кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған жылын, атқаратын лауазымын (кәсібін), жұмыс және тұрғылықты орнын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың қалауы бойынша, оның қоғамдық бірлестікке, ұлтына қатысты мәліметтерді көрсете отырып тіркелгені туралы хабар жариялайды;
6) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейді;
7) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, медициналық қорытындыға қойылатын талаптарды және Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың тізбесін белгілейді;
8) Президенттікке кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін белгілеу рәсімін айқындайды;
9) партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарын және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға саяси партияларды қатыстыруға рұқсат беру туралы мәселені қарайды;
9-1) алып тасталды – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен;10) Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау жөніндегі партиялық тізімдерді тіркейді және оларды тіркегеннен кейін оныншы күннен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында саяси партияның атауы мен партиялық тізімге енгізілген адамдар саны, сондай-ақ, партиялық тізімге енген әрбір адамның тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, атқаратын лауазымын (кәсібін), жұмыс және тұрғылықты орнын көрсете отырып, тіркеу туралы хабар жариялайды;
11) алып тасталды – ҚР Президентінің 23.01.2023 № 109 Жарлығымен;12) тіркеу кезінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидатқа тиісті куәлік береді;
13) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау жөніндегі партиялық тізімді тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды;
14) алып тасталды – ҚР Президентінің 23.01.2023 № 109 Жарлығымен;15) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау жөніндегі партиялық тізімге енгізілген адамды аталған тізімнен алып тастау туралы шешім қабылдайды;
16) Қазақстан Республикасы бойынша тұтас алғанда Президентті және Құрылтай депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарады, сайланған Қазақстан Республикасының Президентін және Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын тіркейді, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
17) Қазақстан Республикасы Құрылтайының партиялық тізімдері бойынша дауыс беру қорытындылары бойынша депутаттық мандаттарды бөлу үшін квота белгілейді;
18) Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаған соң әрбір депутатқа Комиссия белгілеген үлгідегі куәлік пен төсбелгіні тапсырады;
19) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларда қайта дауыс беру мен қайта сайлауды тағайындайды және оның өткізілуін ұйымдастырады;
20) алып тасталды – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен;20-1) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларда жекелеген сайлау учаскелеріндегі немесе әкімшілік-аумақтық бірліктердегі Президенттің, Құрылтай депутаттарының сайлауын өткізуді жарамсыз деп таниды;
21) алып тасталды – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен;22) алып тасталды – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен;
23) депутаттарға жазалау шараларын колдануға, олардың Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабы 2-тармағының талаптарын, депутаттық әдеп ережелерін сақтауына, сондай-ақ депутаттың өкілеттіктерін тоқтатуына және өкілеттіктері мен депутаттық қолсұғылмаушылықтан айыруға байланысты мәселелерді қарауға дайындайды.
Депутаттардың Құрылтайдың және олардың органдарының отырыстарына қатысуын, сондай-ақ депутаттың өз дауысын басқа біреуге бермеуін бақылауды Комиссия мүшелері жүзеге асырады.
Жоғарыда көрсетілген мәселелерді Қазақстан Республикасының Құрылтайында қарау және қарауға енгізу тәртібі Комиссия бекітетін тиісті ережемен регламенттеледі;
24) Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутатының өкілеттіктерін тоқтатуға әкелетін негіздердің туындау фактісін көрсететін қаулы және тиісті адамның Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты өкілеттіктерін жоғалту фактісін көрсететін қаулы қабылдайды;
25) алып тасталды – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен;26) жаңа шақырылымды қалыптастыру кезінде әкімшілік-аумақтық бірліктер халқының санына сәйкес олардан сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындайды;
27) мәслихаттар депутаттарының кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды;
28) мәслихаттар депутаттарын, аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде аумақтық сайлау комиссиялары қызметінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын бұзушылықтар анықталған кезде олардың шешімдерінің күшін жояды;
28-1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің әкімдігіне кандидаттың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру үшін қажетті құжаттардың тізбесін белгілейді;
29) мерзімді баспа басылымдарының республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен сайлау комиссияларының хабарларын орналастыру тәртібі мен көлемін айқындайды;
30) Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау бойынша сайлауалды науқан барысы туралы сайлаушыларды хабардар етеді;
31) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Құрылтайының, мәслихаттарының депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау алдындағы үгітті және сайлауды ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
32) бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар берген сайлау алдындағы үгітті жүргізу үшін эфир уақытын, баспасөз бетінен орын және ақпарат көлемін ұсынудың төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметті өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
33) сайлауалды пікірталастарды өткізу тәртібі мен шарттарын айқындайды;
34) Президенттікке кандидаттардың, Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар үшін теледидарда сайлауалды пікірталастарды ұйымдастырады;
35) сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
36) алып тасталды – ҚР Президентінің 23.01.2023 № 109 Жарлығымен;37) сайлау құжаттарын сақтау тәртібін белгілейді;
38) Қазақстан Республикасының Президентін және Құрылтай депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысаны мен мәтінін, мәслихат депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысанын, оларды дайындау тәртібін, сондай-ақ қорғалу дәрежесін белгілейді;
39) Комиссия белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеніне саяси партиялардың атауларын енгізудің кезектілігін белгілеу бойынша жеребе тартуды өткізеді;
40) Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Құрылтайының депутаттарын сайлау бойынша сайлау бюллетеньдерін дайындауды қамтамасыз етеді;
41) кандидатура алып тасталған, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күші жойылған, кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайларда сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу тәртібін айқындайды;
42) сайлаушылар тізімдерінің, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің әкімі болуға кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парағының, бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кері шақырып алуды қолдайтын азаматтардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының, өзге де сайлау құжаттарының нысанын белгілейді;
43) Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутатының куәлігі мен төсбелгісі туралы ережені, олардың үлгілері мен сипаттамасын бекітеді;
44) Қазақстан Республикасының Президенті, мәслихат депутаттары үшін куәліктің және төсбелгінің үлгісін, сондай-ақ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелері куәлігінің үлгісін белгілейді;
45) электрондық сайлау жүйесін "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында регламенттелмеген бөлігінде пайдалану тәртібін белгілейді;
46) электрондық сайлау жүйесі немесе оның жекелеген элементтері пайдаланылатын сайлау округтері мен сайлау учаскелерін айқындайды;
47) электрондық сайлау жүйесін іске қосу уақытын белгілейді;
48) Қазақстан Республикасының сайлаушы азаматтарының бірыңғай электрондық тізілімін жүргізеді;
49) сайлаушылар және сайлау учаскелерінің шекаралары туралы электрондық түрдегі мәліметтерді салыстыру мен ұсыну тәртібін айқындайды;
50) дауыс беру үшін сайлаушылар тізімдерін түзу, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларына ұсыну тәртібін айқындайды;
51) дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін дайындауды ұйымдастырады, оларды беру және есепке алу тәртібін айқындайды;
52) сайлау жүйелері саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
53) аккредиттелген байқаушылар үшін куәліктің үлгісін белгілейді;
54) шет мемлекеттердегі сайлауды байқау үшін Қазақстан Републикасының азаматтарын жіберу жөніндегі тәртіпті айқындайды және жұмысты ұйымдастырады;
55) Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастырады;
56) Комиссияның ресми интернет-ресурсында Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, сайлауды тағайындау және өткізу, сондай-ақ өткен сайлаудағы дауыстарды санау нәтижелері туралы ақпаратты орналастырады;
57) заң шығаруға бастама жасау құқығы субъектісінің заң жобасын ресми енгізуі үшін Қазақстан Республикасындағы сайлау практикасын зерделеу және сайлау туралы заңнаманы жетілдіру жұмысын жүргізеді;
58) ақпараттық бюллетенді мезгіл-мезгіл жариялайды;
59) сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастырады және жүргізеді;
60) саяси партиялардың өкілдерімен және сайлау процесіне басқа қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнінде семинарлар өткізеді;
61) электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып сайлау өткізу кезінде тиісті сайлау комиссияларының мүшелеріне оны қолдануға оқытуды жүргізеді;
62) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлауда электрондық сайлау жүйесін пайдалануға халықты оқытуды ұйымдастырады;
63) Комиссия айқындайтын тәртіппен аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған бюджеттік сұранымдар негізінде сайлау науқанын өткізуге арналған шығыстардың үлгі сметасын жасайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;
64) сайлау науқанын өткізуге бөлінген республикалық бюджет қаражатын сайлау комиссияларының арасында бөледі;
65) арнаулы уақытша шотты ашу, сайлау қорларының қаражатын жұмсау тәртібін және тиісті банктік мекемені айқындайды;
66) кандидаттарға сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу тәртібі мен көлемін айқындайды;
67) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін бес күн ішінде сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
68) саяси партияларды қаржыландыру тәртібін айқындайды;
69) сайлау комиссияларының қызметі үшін қажетті материалдық-техникалық жағдайлардың жасалуын бақылайды;
70) мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын іске асыру үшін жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
71) сайлау учаскесінде, дауыс беру пунктінде дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
72) мөлдір материалдан дауыс беруге арналған жәшіктердің нысанын және сайлау комиссиялары мөрлерінің үлгілерін белгілейді;
73) "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан цифрлық инфрақұрылым объектілерін, интернет-ресурсты құру, дамыту, енгізу, сүйемелдеп отыру, әкімшілік ету, пайдалану және жүйелік-техникалық қызмет көрсету және сайлау қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алады;
74) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау комиссияларына басшылық етеді;
75) сайлау комиссияларының шешiмдерi мен әрекеттерiне (әрекетсiздігіне) арыздар мен шағымдарды қарайды;
76) сайлау комиссиялары шешiмдерiнiң күшiн жояды және оларды тоқтата тұрады;
77) сайлау комиссиясының қызметін тоқтату туралы сотқа арызбен жүгінеді;
78) жалпыхалықтық референдумның Орталық комиссиясының функцияларын орындайды;
79) жалпыхалықтық референдум туралы заңнаманы бұзушылықтар туралы арыздар мен шағымдарды қарайды;
80) азаматтарды жалпыхалықтық референдумға дайындық барысы туралы хабардар етеді;
81) жалпыхалықтық референдумның бастамашыл тобын тіркеу туралы куәліктің нысанын бекітеді;
82) жалпыхалықтық референдумның бастамашыл тобын және оның жалпыхалықтық референдумға ұсынатын мәселесін (мәселелерін) тіркейді және ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабар жариялайды;
83) бір мезгілде қол қою парақтарын бере отырып, жалпыхалықтық референдумның бастамашыл тобын тіркеу туралы куәлікті береді;
84) "Жалпыхалықтық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларда жалпыхалықтық референдумның бастамашыл тобы мүшелерінің қызметін, бастамашыл топтың қызметiн тоқтату туралы және оны тiркеу туралы куәліктi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды;
85) "Жалпыхалықтық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларда жекелеген учаскелерде (әкiмшілік-аумақтық бірліктерде) жалпыхалықтық референдум өткiзудi жарамсыз деп таниды;
86) Қазақстан Республикасы бойынша тұтас алғанда жалпыхалықтық референдумның қорытындыларын шығарады, ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар берiлуiн қамтамасыз етедi;
87) дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң, сайлаушылар тiзiмдерiнiң, қол қою парақтарының, жалпыхалықтық референдум өткiзу үшiн қажеттi өзге де құжаттардың нысандары мен мәтiндерiн; дауыс беру уақытын, сондай-ақ жалпыхалықтық референдум құжаттарын сақтау тәртiбiн белгiлейдi;
88) қол қою парақтары мен жалпыхалықтық референдумның бастамашыл тобының қол жинау нәтижелерi жөнiндегi қорытынды хаттамаларын сақтаудың тәртiбi мен мерзiмдерiн белгiлейдi;
89) жалпыхалықтық референдум комиссияларына басшылық жасайды, олардың шешімдерінің күшін жояды және тоқтата тұрады, сондай-ақ олардың арасында жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыруға және өткізуге арналған қаражатты бөледі;
90) жалпыхалықтық референдум комиссияларының материалдық-техникалық қамтамасыз етілу жай-күйін бақылайды;
91) консультативтік-кеңесші органдар құрады;
91-1) жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
91-2) жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын республикалық қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асырады;
91-3) сайлауды, жалпыхалықтық референдумды әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлеп, бекітеді;
91-4) аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
92) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 26.09.2018 № 758; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 10.07.2021 № 620; 23.01.2023 № 109; 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.16. Комиссия өз құзыреті шегінде мынадай құқықтарға ие:
1) сайлау мен жалпыхалықтық референдумдарды әзірлеу мен өткізуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есептерін, сондай-ақ сайлау туралы және жалпыхалықтық референдум туралы заңнаманың сақталуы мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктер органдарының ақпаратын тыңдау;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
3) алып тасталды - ҚР Президентінің 26.09.2018 № 758 Жарлығымен;4) қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 26.09.2018 № 758; 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.16-1. Комиссия:
1) Қазақстан Республикасының сайлау туралы және жалпыхалықтық референдум туралы заңнамасын сақтауға және Қазақстан Республикасының сайлау туралы және жалпыхалықтық референдум туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға;
2) сайлау комиссияларының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) өтініштер мен шағымдарды уақтылы қарауға;
3) мемлекеттік аудит барысында анықталған (анықталудағы) бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдауға;
4) әрбір азаматқа оның құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысуға мүмкіндікті қамтамасыз етуге;
5) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті.
Ескерту. Ереже 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 26.09.2018 № 758; өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 23.01.2023 № 109 Жарлығымен.
17. Комиссия Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген тәртіппен Төраға және алты мүшеден тұратын құрамда құрылады.
18. Комиссияның Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Комиссияның мүшелерін Құрылтайдың келісімімен оның депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды, Қазақстан Республикасының Президенті босатады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.20. Комиссия Төрағасының орынбасары мен хатшысы комиссияның бірінші отырысында сайланады.
Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, мүшелері және оның аппаратының қызметкерлері өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асырады.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 26.09.2018 № 758 Жарлығымен.21. Комиссияға басшылықты Төраға жүзеге асырады.
22. Комиссияның Төрағасы:
1) алып тасталды - ҚР Президентінің 26.09.2018 № 758 Жарлығымен;2) Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасының Президентіне Комиссия белгілеген үлгідегі тиісті куәлік пен төсбелгіні, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің байрағын және ерекше үлгідегі "Алтын Қыран" ("Золотой Орел") орденін тапсырады;
3) Комиссия аппаратының құрылымы мен штат кестесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде және еңбекақы төлеу қоры шегінде бекітеді;
4) Құрылтайдың бірінші сессиясында, оның Төрағасын сайлағанға дейін, отырыстарда төрағалық етеді;
5) сотта және басқа мемлекеттік органдарда Комиссияның мүдделерін білдіреді, сондай-ақ Комиссияның мүдделерін білдіру жөніндегі өкілеттіктерді тиісті сенімхатты беру арқылы басқа адамдарға беруге құқылы.
Комиссияның Төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 26.09.2018 № 758; 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.23. Комиссияның отырыстары сайлау науқанын әзірлеу мен өткізу кезеңінде кемінде екі аптада бір рет өткізіледі. Өзге уақытта Комиссияның отырыстары қажеттігіне қарай Комиссия Төрағасының немесе мүшелерінің кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша өткізіледі.
Комиссияның отырыстары, егер оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болады. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" және "Жалпыхалықтық референдум туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарында белгіленген өзге жағдайларды қоспағанда, Комиссияның шешімдері оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Оның шешімімен келіспеген Комиссияның мүшелері айрықша пікір білдіруге құқылы, ол жазбаша түрде Комиссия отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.
Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.24. Комиссия қызметінің ұйымдастырушылық және ақпараттық-құқықтық қамтамасыз етілуін оның аппараты жүзеге асырады.
25. Комиссияның аппаратын Комиссияның Төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Комиссия аппаратының басшысы басқарады.
4-тарау. Комиссияның мүлкі
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 23.01.2023 № 109 Жарлығымен.
26. Комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Комиссияның мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
27. Комиссияға бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
28. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Комиссия өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Комиссияны қайта ұйымдастыру және тарату
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 23.01.2023 № 109 Жарлығымен.
29. Комиссияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Ескерту. Ереже тізбемен толықтырылды - ҚР Президентінің 29.01.2015 № 995 Жарлығымен.
"Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
