БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгеріс пен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2026 жылғы 10 маусымдағы № 549 Бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерiс пен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Cот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидаларын, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 303 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14961 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидаларын, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібінде:
қосымшада:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Заттар мен материалдардың сот сараптамасы
7.1. Лакты бояу материалдарын, жабындар мен полимер материалдарын сот-сараптамалық зерттеу
7.2. Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеу
7.3. Металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеу
7.4. Топырақты сот-сараптамалық зерттеу
7.5. Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу
7.6. Спирт құрамды сұйықтықтарды сот-сараптамалық зерттеу
7.7. Арнайы химиялық заттарды сот-сараптамалық зерттеу
7.8. Әйнектен, керамикадан және силикаттық құрылыс материалдарынан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу
7.9 Заттарды газдық, сұйықтық хроматографиясы және масс-спектрометрия әдістерімен сот-сараптамалық зерттеу
7.10 Заттарды молекулалық спектрометрия әдістерімен сот-сараптамалық зерттеу
1) жай:
қатпарларды табу мақсатында тасымалдаушы объектілерді зерттеу;
заттың, қатпарлардың затын лакты-бояу жабындарына (әрі қарай – ЛБЖ), лакты-бояу материалдарына (әрі қарай – ЛБМ), полимерлік материалдарға (әрі қарай – ПМ), металдар мен қорытпаларға, мұнай тектес өнімдерге, топыраққа, спиртқұрамды сұйықтарға (әрі қарай – СҚС) жатқызу мақсатында оның табиғатын анықтау;
жаратылысы талшықты емес тасымалдаушы-объектілердегі (тырнақ астындағылар, дактиласкопиялық үлбір және басқалары) жекелеген талшықтарды олардың табиғаты мен пайда болуы мүмкін көздерін анықтау мақсатында зерттеу;
этил спирттерін, арақтарды айқын күштілігін анықтау мақсатында зерттеу;
люминесценциялайтын заттардың қатпарларын табу және оларды физикалық сипаттамалары негізінде арнайы химиялық заттарға жатқызу мақсатында тасымалдаушы-объектілерді зерттеу;
2) күрделілік дәрежесі орташа:
жаратылысы талшықты объектілерді жіктеушілік және сәйкестендірушілік зерттеу;
аз объектілі, киімнің жекелеген заттарымен шектелген (2 көп емес) не аз талшықты құраммен сипатталатын киім;
талшықты материалдардың қандай мақсатқа қажеттілігін анықтау мақсатында олардың жанып кеткен қалдықтарын зерттеу (үш объектіден көп емес);
салмағы 0,01 грамға дейінгі топырақ тектес объектілердің жалпы тектік, топтық тиістілігін анықтау мақсатында жіктеушілік және сәйкестендірушілік зерттеу;
бұйымның нақты тегіне, түріне жатқызу мақсатында ЛБЖ, ЛБМ, ПМ, металдар мен қорытпаларды, СҚС (арақтың, спирттің түрлерін) қолданыстағы жіктеуіштерге сәйкес жіктеушілік зерттеу (20 объектіге дейінгі аз объектілі);
арнайы химиялық заттарды (әрі қарай – АХЗ) АХЗ бір сыныбына, түріне, маркісіне жатқызу мақсатында сәйкестендірушілік зерттеу;
заттар мен материалдардың сот сараптамасы (әрі қарай – ЗМСС) объектілерінің із жасау және із қабылдау қабілеттерін, іздердің пайда болу механизмдерін анықтау;
орамдағы көрсетілген табиғатын растау мақсатында (талдаудың дәстүрлі әдістерін қолдану арқылы) дәстүрлі емес объектілерді зерттеу (5 объектіден көп емес);
3) күрделі:
бұйымның нақты тегіне, түріне, маркісіне жататынын анықтау мақсатында ЛБЖ, ЛБМ, ПМ, металдар мен қорытпаларды, СҚС (арақтың, спирттің түрлерін) (20 объектіден артық, көп объектілі), СҚС (вино, коньяк, ликер, тұнбалардың түрлерін және басқаларды), мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын қолданыстағы жіктеуіштерге сәйкес жіктеушілік зерттеу;
ЗМСС объектілерін дайындау әдістерін анықтау;
металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдардың талқандалу себебін анықтау;
жалпы тектік, топтық қатыстылығын анықтау мақсатында ЛБЖ, ЛБМ, ПМ, металдар мен қорытпаларды, мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын, СҚС тиістілігін анықтау мақсатында сәйкестендірушілік зерттеу;
жаратылысы талшықты объектілерді (көп объектілі, киімнің көп талшықты құрамын ескере отырып) жіктеушілік және сәйкестендірушілік зерттеу;
салмағы 0,1 грамннан артық топырақ қатпарларын жіктеушілік және сәйкестендірушілік зерттеу;
талдаудың дәстүрлі әдістерін қолдану арқылы белгісіз және дәстүрлі емес объектілерді зерттеу (5 объектіден көп);
ЗМСС кез келген объектілерін зерттеу кезінде ахуалды модельдеу әдісін пайдалану арқылы арнайы химиялық заттардың із жасау механизмін зерттеу;
екі көлік құралының өзара түйіспелі әрекеттесу фактісін анықтау жөніндегі кешенді зерттеулер;
объектілерде ортақ бөліну сызығы болмаған кездегі физикалық-техникалық әдістер кешенін пайдалана отырып тұтасты бөліктері бойынша анықтау;
үш объектіден артық емес бір аспаптық әдісті қолдана отырып, олардың сапалық құрамын (табиғатын) анықтау мақсатында табиғаты белгісіз заттарды диагностикалық зерттеу;
құрамдас бөліктердің объектідегі (объектілердегі) сандық құрамын олардың саны үш объектіге дейін қоса алғанда анықтау не үш құрамдас бөліктен аспайтын қоспадағы құрамдас бөліктердің сандық құрамын анықтау;
4) аса күрделі:
киім жиынтықтарының өзара түйісе әрекеттесу фактісін анықтау;
екеуден артық көлік құралдарының өзара түйісе әрекеттесу фактісін анықтау жөніндегі кешенді зерттеулер;
жердің оқшауланған жер телімін анықтау жөніндегі кешенді зерттеулер (топырақтық-биологиялық-техногендік кешен объектілері);
металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдардың талқандалу себебін анықтау мақсатындағы кешенді зерттеулер;
пайда болуының ортақ көзін анықтау, бір массаға тиістілігін, тұтасты бөліктері бойынша анықтау сұрақтарын шешу мақсатындағы зерттеу;
зерттеу объектілерінің қылмыстың нақты бір оқиғасы жағдайларымен кеңістік-уақыт бойынша байланысын анықтау;
талдаудың дәстүрлі емес әдістерін қолдану арқылы белгісіз және дәстүрлі емес объектілерді зерттеу;
дәстүрлі емес әдістерді, өзге мекемелердің базасын пайдалану, мамандарды сырттан тарту талап ететін сараптамалық міндеттерді шешу;
білімнің әртүрлі салалары пайдаланылатын ЗМСС шеңберіндегі кешенді сараптамалар;
ахуалдық және сәйкестендірушілік міндеттер шешілетін ведомствоаралық деңгейде жүргізілетін кешенді сараптамалар;
саны үш объектіден асатын жағдайда бір аспаптық әдісті қолдана отырып, заттардың табиғатын анықтау мақсатында диагностикалық зерттеу;
объектілер санына қарамастан аспаптық талдаудың екі және одан да көп әртүрлі әдістерін міндетті түрде қолдануды талап ететін заттарды диагностикалық зерттеу;
тасымалдаушы объектілердегі заттардың микромөлшерлі қабаттарын зерттеу;
саны үш объектіден асатын зат құрамдас бөліктерінің сандық құрамын анықтау не бұрын сәйкестендірілген үштен астам құрамдас бөліктерден тұратын қоспадағы құрамдас бөліктерге сандық талдау жүргізу;
газ тәрізді заттарды (азот тотығын), сондай-ақ күшті әсер ететін заттар тобына жататын заттарды (олардың туындыларын) табиғатын анықтау мақсатында диагностикалық зерттеу;";
2. "Сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 306 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14992 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесі:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын
"
7 | Заттар мен материалдардың сот сараптамасы | Лакты бояу материалдарын, жабындар мен полимер материалдарын сот-сараптамалық зерттеу | 7.1 |
Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеу | 7.2 | ||
Металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеу | 7.3 | ||
Топырақты сот-сараптамалық зерттеу | 7.4 | ||
Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу | 7.5 | ||
Спирт құрамды сұйықтықтарды сот-сараптамалық зерттеу | 7.6 | ||
Арнайы химиялық заттарды сот-сараптамалық зерттеу | 7.7 | ||
Әйнектен, керамикадан және силикат құрылыс материалдарынан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу | 7.8 | ||
Заттарды газдық, сұйықтық хроматографиясы және масс-спектрометрия әдістерімен сот-сараптамалық зерттеу | 7.9 | ||
Заттарды молекулалық спектрометрия әдістерімен сот-сараптамалық зерттеу | 7.10 |
";
3. "Сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 28 наурыздағы № 310 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14972 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптар:
7 реттік нөмірінің жолы мынадай редакцияда толықтырылсын:
"
7 | Заттар мен материалдар мен заттардың сот сараптамасы | Лактыбояу материалдарын, жабындар мен полимер материалдарын сот-сараптамалық зерттеу | 1. Рентгендік-флуоресцентті спектрометр, жиынтығымен |
2. Криминалистикалық лупа (7х ден 10х дейін ұлғайту) | |||
3. Оптикалық бинокулярлық стерео микроскоп жиынтығымен немесе фотосаптамасы мен сандық фотоаппараты бар тринокулярлық микроскоп (шағылысып қиғаш түскен жарық; жасанды жарық көзі; 40-80х дейін ұлғайту); Окуляр-микрометр | |||
4. ИҚ спектрометр, диапазоны (400-4000 см-1) жиынтығымен | |||
5. Храматографиялауға арналған камералар | |||
6. Қалыңдық өлшегіш (магнитті немесе ультрадыбысты | |||
7. МЛ-10 микрометр, өлшеу диапазоны 0-10 мм | |||
8. Дербес компьютер, жиынтығымен | |||
9. Сандық фотоаппарат | |||
10. Сейф | |||
11. 220 Вт арналған жабық шиыршықты және реттелетін зертханалық плитка | |||
12. Үй-жайлардағы климаттық жағдайды өлшеуге арналған аспаптар жиынтығы | |||
13. Климат-бақылау жүйесі | |||
14. Зертханалық жиһаз жиынтығы | |||
15. Металл сызғыш 0 ден 30 см дейін | |||
16. Таблеттік қысқыш | |||
17. Муфельді пеш | |||
Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеу | 1. Масселективті детекторы және қатты фазалық микроэкстрация үшін автосамплермен жарақтандырылған газды хроматограф | ||
2. ИК-спектрометр диапозоны (400-4000 см-1), жиынтығымен | |||
3. Мұнайды және МӨ автоматты атмосфералық-вакумдық айыру аппараты | |||
4. Ареометрлер жиынтығы | |||
5. Муфельді пеш | |||
6. Кептіргіш шкаф | |||
7. Ультрадыбысты монша | |||
8. Су моншасы | |||
9. Мұнай өнімдері параметрлерінің автоматты талдағышы (октанды, цетанды санын, фракциондық құрамын, жарықтану қызуын, қатуын, тығыздығын, байлануын және т.б.) – өлшеу құралы есептелетін, бөлек параметрлерін анықтау аспабы | |||
10. Секундомер | |||
11. Жұқақабатты храмтографиялауға арналған шыны камера | |||
12. УК-жарық бергіш, l= 254 нм және l 360 нм | |||
13. Сандық фотоаппарат | |||
14. 220 Вт арналған жабық шиыршықты және реттелетін зертханалық плитка | |||
15. Мұздатқыш камерасы бар зертханалық тоңазытқыш | |||
16. Үй-жайлардағы климаттық жағдайды өлшеуге арналған аспаптар жиынтығы | |||
17. Зертханалық жиһаз жиынтығы | |||
18. Сұйықтың тұтқырлығын өлшеуге арналған аспап | |||
19. Хроматограммаларды кептіруге арналаған фен | |||
20. Стереоскоптық микроскоп 40 есеге дейін үлкейтуімен | |||
21. Өлшеу шегі 0,01 г-нан 1500 г дейінгі электронды таразылар | |||
22. Зертханалық арнайы киім | |||
23. Өзгеруші көлеммен дозаторлар (0 ден 1000 мкл) | |||
24. Психрометр (үй-жайлардағы климаттық жағдайды өлшеуге арналған аспаптар жиынтығы) | |||
25. Октандық және цетандық санын анықтау аспабы | |||
26. Жабық отбақырда жарқыл қызуының талдаушысы | |||
27. Сұйықтықтың байланысуын анықтау аспабы | |||
28. Қату температурасын анықтау үшін аспап | |||
29. Динамикалық байланысуын анықтау үшін вискозиметр | |||
30. Кинематикалық байланысуын анықтау үшін вискозиметр | |||
31. Фракциондық құрамын анықтау талдаушысы | |||
32. Тығыздығын анықтау үшін аппарат | |||
33. Сандық рефрактометр | |||
34. Күкірт қоспасының талдаушысы | |||
35. Ауасутегі құрамының детальдік талдаушысы | |||
36. Мұнай өнімдерін айдап шығару үшін автоматтық аппарат | |||
37. Байытылған бу қысымын өлшеу үшін аппарат | |||
38. МӨ су құрамын анықтау үшін Дина-Старка аспабы | |||
39. Рентгендік - флуоресцентті немесе энергодисперсиондік спектрометр, жиынтығымен | |||
Металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеу | 1. Рентгенді-флуоресценттік немесе энергия-дисперсиялық спектрометр | ||
2. Стереоскоптық микроскоп 40 есеге дейін үлкейтуімен | |||
3. Үй-жайлардағы климаттық жағдайды өлшеуге арналған аспаптар жиынтығы | |||
4. Ультрадыбысты дефектоскоп | |||
5. Жылтыратқыш станок | |||
6. Дозиметр – радиометр | |||
7. Өлшеу шегі 0,001 г-нан 210 г дейінгі электронды таразылар | |||
8. Өлшеу шегі 0,01 г-нан 1500 г дейінгі электронды таразылар | |||
9. Өлшеу шегі 50 кг-нан 30 кг дейінгі электронды таразылар | |||
10. Қаттылық өлшегіш | |||
11. Қалыңдық өлшегіш, штангенциркуль | |||
12. Дербес компьютер, жиынтығымен | |||
13. Сандық фотоаппарат | |||
14. Сейф | |||
15. Климат-бақылау жүйесі | |||
16. Зертханалық арнайы киім | |||
17. Зертханалық жиһаз жиынтығы | |||
Топырақты сот-сараптамалық зерттеу | 1. Рентгенді-флуоресценттік немесе энергия-дисперсиялық спектрометр | ||
2. РН-150 МП типті рН – метр | |||
3. Муфельді пеш | |||
4. Атлас Манселла | |||
5. Стереоскоптық микроскоп 40 есеге дейін үлкейтуімен | |||
6. Кептіргіш шкаф | |||
7. Дистиллятор | |||
8. Ұсақтағыш | |||
9. Су моншасы | |||
10. Өлшеу шегі 0,001 г-нан 210 г дейінгі электронды таразылар | |||
11. Дербес компьютер, жиынтығымен | |||
12. Сандық фотоаппарат | |||
13. Сейф | |||
14. 220 Вт арналған жабық шиыршықты және реттелетін зертханалық плитка | |||
15. Үй-жайлардағы климаттық жағдайды өлшеуге арналған аспаптар жиынтығы | |||
16. Климат-бақылау жүйесі | |||
17. Зертханалық жиһаз жиынтығы | |||
18. Зертханалық арнайы киім | |||
19. Топырақ елеуіш тесіктерініңғ диаметрі 0,01-1,5, қақпағымен және түбімен ГОСТ 6613-86, немесе баламасы | |||
20. Фарфор келі немесе пестик ГОСТы 9147-80, немесе баламасы | |||
Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу | 1. Микроспектрофотометр немесе микроскоп-фотометр | ||
2. Криминалистикалық лупа (7 х-10х-дейін ұлғайту) | |||
3. Стереоскоптық микроскоп 40 есеге дейін үлкейтуімен | |||
4. Бинокулярлық микроскоп (шағылысып қиғаш түскен жарық; жасанды жарық көзі; 300 – 1000х дейін ұлғайту); Окуляр-микрометр (дәлдігі-0,01 мм) | |||
5. Су моншасы | |||
6. Өлшеу шегі 0,01 г-нан 1500 г дейінгі электронды таразылар | |||
7. МЛ-10 микрометрі, өлшеу диапазоны 0-10 мм | |||
8. Дербес компьютер, жиынтығымен | |||
9. Сандық фотоаппарат | |||
10. Сейф | |||
11. 220 Вт арналған жабық шиыршықты және реттелетін зертханалық плитка | |||
12. Зертханалық тоңазытқыш | |||
13. Үй-жайлардағы климаттық жағдайды өлшеуге арналған аспаптар жиынтығы | |||
14. Зертханалық жиһаз жиынтығы | |||
15. Зертханалық арнайы киім | |||
16. Храмтографиялық шыны камера | |||
17. ИҚ-спектрометр немесе ИҚ Фурье-спектрометр | |||
18. "Maxcan" талшығын іздеу үшін автоматтандырылған құрылғы | |||
Спирт кұрамды сұйықтықтарды сот-сараптамалық зерттеу | 1. Сұйықтықтық хроматограф, детекторлар жиынтығымен | ||
2. Жалынды-иондау детекторы және газды генераторы (сутегі, азот, ауа) бар газды хроматограф | |||
3. Масс-селективті детекторы бар газды хроматограф | |||
4. Стереоскоптық микроскоп 40 есеге дейін үлкейтуімен | |||
5. УК және көрінетін аумақтағы спектрофотометр, жиынтығымен | |||
6. Дистиллятор | |||
7. Су моншасы | |||
8. Өлшеу шегі 0,001 г-нан 210 г дейінгі электронды таразылар | |||
9. Күштілігін анықтауға арналған ареометрлер жиынтығы | |||
10. 220 Вт арналған жабық шиыршықты және реттелетін зертханалық плитка | |||
11. Зертханалық тоңазытқыш | |||
12. Үй-жайлардағы климаттық жағдайды өлшеуге арналған аспаптар жиынтығы | |||
13. Климат-бақылау жүйесі | |||
14. Дербес компьютер жиынтығымен | |||
15. Сандық фотоаппарат | |||
16. Қант өлшегіш | |||
17. Спиртті ажыратуға арналған аспап | |||
18. Секундомер | |||
19. Сұйықтықтық хроматограф, екі детекторлар жиынтығымен | |||
20. Психрометр (үй-жайлардағы климаттық жағдайды өлшеуге арналған аспаптар жиынтығы) | |||
21. Ратоциональдық булағыш | |||
22. Бинокулярлық микроскоп (шағылысып қиғаш түскен жарық; жасанды жарық көзі; 300 – 1000х дейін ұлғайту) | |||
Арнайы химиялық заттарды сот-сараптамалық зерттеу | 1. Рентгенді-флуоресценттік немесе энергия-дисперсиялық спектрометр | ||
2. УК-жарық бергіш, l =254 нм және l =360 нм | |||
3. Хроматографиялық шыны камера | |||
4. Дербес компьютер, жиынтығымен | |||
5. Сандық фотоаппарат | |||
6. Сейф | |||
7. 220 Вт арналған жабық шиыршықты және реттелетін зертханалық плитка | |||
8. Зертханалық жиһаз жиынтығы | |||
9. Лупа 8х дейін үлкейтуімен | |||
10. Спирттік горелка | |||
Шыны, керамика және силикаттық құрылыс материалдарынан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу | 1. Рентгенді-флуоресценттік немесе энергия-дисперсиялық спектрометр | ||
2. Криминалистикалық лупа (7 х-10х-дейін ұлғайту) | |||
3. Оптикалық бинекулярлық стереомикроскоп жиынтықта немесе триникулярлық микроскоп фотоқондырмасымен және сандық фотоаппаратымен (көрсету жарығымен, жасанды жарығымен, 40-80х үлкейтуімен) және окуляр-микрометр | |||
4. Поляризациялық бинекулярлық микроскоп жасанды өткізуші жарығымен, үлкейтуі 400 есеге дейін | |||
5. Заттар мен материалдардың тотық құрамын анықтау үшін аспап | |||
6. ИҚ-спектрометр, диапозоны (400 – 4000 см-1) жиынтықта | |||
7. Рентгендік дифрактометр | |||
8. Муфельді пеш | |||
9. Қалыңдық өлшеуіш (магниттік немесе ультрадыбыстық) | |||
10. Микрометр МЛ-10 типтік, өлшеу диапозоны 0-10 мм | |||
11. Өлшеу шегі 0,001 г-нан 1500 г дейінгі электронды таразылар | |||
12. Кептіргіш шкаф | |||
13. УК-жарық бергіш, l =254 нм және l 360 нм | |||
14. Дербес компьютер, жиынтығымен | |||
15. Сандық фотоаппарат | |||
16. Сейф | |||
17. 220 Вт арналған жабық шиыршықты және реттелетін зертханалық плитка | |||
18. Үй-жайлардағы климаттық жағдайды өлшеуге арналған аспаптар жиынтығы | |||
19. Климат-бақылау жүйесі | |||
20. Зертханалық жиһаз жиынтығы | |||
Заттарды газдық, сұйықтық хроматографиясы және масс-спектрометрия әдістерімен сот-сараптамалық зерттеу | 1. Үлгіні автоматты енгізу құрылғысымен жабдықталған масс-селективті детекторы бар газдық хроматограф | ||
2. Үлгіні автоматты енгізу құрылғысымен жабдықталған жылуөткізгіштік бойынша газдық хроматограф | |||
3. Үлгіні автоматты енгізу құрылғысымен жабдықталған жалын-ионизациялық детекторы бар газдық хроматограф | |||
4. Инфрақызыл детекторы бар газдық хроматограф | |||
5. Детекторлар жиынтығы бар (УФ, диодты-матрицалық, флуоресценттік, масс-спектрометриялық) және фракциялар коллекторы бар сұйықтық хроматограф | |||
6. Газдық хроматографқа арналған буфазалық дозатор | |||
7. Кептіру шкафы | |||
8. Ультрадыбыстық монша | |||
9. Роторлы буландырғыш | |||
10. Температура бойынша бағдарламаланатын қыздыру режимдері бар зертханалық плитка | |||
11. Сорғыш шкаф | |||
12. Зертханалық УФ-сәулелендіргіштер (254–365 нм) | |||
13. Су деионизаторы | |||
14. Хроматографияға арналған шыны камералар | |||
15. Эксикатор | |||
16. Өлшеу шегі 0,0001 г-нан 210 г-ға дейінгі электрондық таразы | |||
17. Өлшеу шегі 0,01 г-нан 1500 г-ға дейінгі электрондық таразы | |||
18. Сандық микроскоп (үлкейту диапазоны кемінде 1х–500х) | |||
19. Газтәрізді заттарға арналған сынама алғыштар | |||
20. Зертханалық тоңазытқыш | |||
21. Сандық фотоаппарат | |||
22. Дербес компьютер | |||
23. Заттар мен материалдардың масс-спектрлері кітапханалары | |||
24. Зертханалық жиһаз жиынтығы | |||
25. Зертханалық ыдыс жиынтығы | |||
Заттарды молекулалық спектрометрия әдістерімен сот-сараптамалық зерттеу | 1. ИҚ-Фурье-спектрометр (спектралдық диапазоны 400–4000 см⁻¹) | ||
2. ATR модульдері (қосымшалар) – бұзылған толық ішкі көрінісі | |||
3. Тиісті ИҚ-спектрометр моделіне арналған оптикалық жол ұзындығы 5 немесе 10 см газ кюветасы | |||
4. Тиісті ИҚ-спектрометр моделіне арналған сұйықтық кюветасы | |||
5. Раман спектрометрі | |||
6. УФ-спектрометр | |||
7. Үлгілерді таблеткалау үшін пресс-қалыптар | |||
8. Таблеткалау пресі | |||
9. Үлгіні дайындауға арналған агат келі мен келсап | |||
10. Өлшеу шегі 0,0001 г-нан 210 г-ға дейінгі электрондық таразы | |||
11. Кептіру шкафы | |||
12. Ультрадыбыстық монша | |||
13. Роторлы буландырғыш | |||
14. Температура бойынша бағдарламаланатын қыздыру режимдері бар зертханалық плитка | |||
15. Сорғыш шкаф | |||
16. Сандық микроскоп (үлкейту диапазоны кемінде 1х–500х) | |||
17. Газтәрізді заттарға арналған сынама алғыштар | |||
18. Зертханалық тоңазытқыш | |||
19. Сандық фотоаппарат | |||
20. Дербес компьютер | |||
21. Заттар мен материалдардың ИҚ-спектрлері кітапханалары | |||
22. Зертханалық жиһаз жиынтығы | |||
23. Зертханалық ыдыс жиынтығы |
";
4. "Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15180 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
17-1, 17-2 параграфтар мынадай редакцияда толықтырылсын:
"17-1-параграф. Заттарды газдық, сұйықтық хроматографиясы және масс-спектрометрия әдістерімен сот-сараптамалық зерттеу (7.9)
183-1. Заттарды газдық, сұйықтық хроматографиясы және масс-спектрометрия әдістерімен сот-сараптамалық зерттеудің мәні – заттардың табиғаты туралы объективті деректер алу үшін олардың сапалық және сандық құрамын, құрылымын және қасиеттерін анықтауға бағытталған аспаптық зерттеу әдістеріне (масс-спектрометрияны қоса алғанда, әртүрлі анықтау түрлері бар газ немесе сұйық хроматография) негізделген нақты деректерді анықтау болып табылады.
183-2. Заттарды газдық, сұйықтық хроматографиясы және масс-спектрометрия әдістерімен сот-сараптамалық зерттеу объектілері:
органикалық заттар, оның ішінде еріткіштер (улы, радиоактивті және ядролық материалдарды (және олардың қалдықтарын) қоспағанда);
газдар (азот тотығы және басқалар);
фармацевтикалық қаптамаға сәйкес келмейтін нысандарда, таңбалау белгілері болмаған және шашыраңқы күйде және визуалды сәйкестендіруді қиындататын өзге де түрлерде алынған шектеулі топтағы күшті әсер ететін заттар (бензобарбитал, гексобарбитал, зопиклон, клозапин, прегабалин, сибутрамин, тропикамид, хлороформ);
сараптамалық зерттеуге арналған зат үлгілері (салыстырмалы, бақылау);
заттың шикізат көзі (оның шығу тегі), дайындау технологиялары, сақтау тәсілдері туралы ақпаратты қамтитын қылмыстық іс материалдары, сондай-ақ оқиға болған жерді қарау, алу жүргізу, заттарды (объектілерді) қарау хаттамалары, зерттелетін затқа және талдау әдістеріне нормативтік-техникалық құжаттама.
183-3. Заттарды газдық, сұйықтық хроматографиясы және масс-спектрометрия әдістерімен сот-сараптамалық зерттеу міндеттері:
белгісіз заттың (оның органикалық бөлігінің), газдың химиялық табиғатын анықтау және сәйкестендіру;
зерттелетін қоспадағы заттың немесе компоненттердің сандық құрамын анықтау: жеке қосылыстардың массалық үлесін және органикалық қоспалардағы компоненттердің сандық арақатынасын белгілеу;
тасымалдаушы заттардағы заттардың іздерін анықтау.
183-4. Заттарды газдық, сұйықтық хроматографиясы және масс-спектрометрия әдістерімен сот-сараптамалық зерттеу жүргізу кезінде мынадай сұрақтар шешіледі:
зерттеуге ұсынылған заттың табиғаты қандай;
зерттеуге ұсынылған объектілерде (не екенін көрсету) зат (затты көрсету) бар ма
ұсынылған объектінің (таблетка, капсула, сұйықтық) құрамындағы (нақты зат көрсетіледі) сандық мөлшері қандай;
тасымалдаушы заттардың (объектілер көрсетіледі) бетінде (не екенін көрсету) заттың іздері бар ма;
зерттеуге ұсынылған (әрі қарай газ тәріздес заттың (металл (газ) баллоны, шарлар, пакеттер, полимерлі ыдыстар, газ іріктегіш және басқалар қаптамасы немесе сақтау (алу) түрі көрсетіледі) құрамы газ тәріздес күйдегі азот тотығы болып табыла ма;
зерттеуге ұсынылған (әрі қарай газ тәріздес заттың (металл (газ) баллоны, шарлар, пакеттер, полимерлі ыдыстар, газ іріктегіш және басқалар қаптамасы немесе сақтау (алу) түрі көрсетіледі) құрамында азот тотығы бар ма.
183-5. Объектілерді сараптамалық зерттеуге дайындау кезінде мынадай талаптар сақталады:
зерттеу объектілері (заттардың, сұйықтықтардың белгілі бір көлемдері не олардың тасымалдаушы заттардағы іздері) жеңіл ұшқыш компоненттердің немесе шашылғыш заттардың жоғалуын болдырмау мақсатында герметикалық жабылған шыны ыдыста немесе химиялық инертті ыдыста ұсынылады. Басқа объектілерге (дәрілік нысандар және т.б.) қатысты полимерлік және қағаз пакеттерде орауға жол беріледі.
Газтәрізді заттар (азот тотығы) болған жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында зерттеуге көлемі 12 литрден аспайтын газ баллондары (ГОСТ 949-73 бойынша) 2 бірліктен аспайтын мөлшерде қабылданады (көлемі 10 мл сифон баллондарын қоспағанда).
Газ баллондарының, газ іріктегіштердің және жапқыш және реттеуші арматураның (вентильдердің) техникалық жарамдылығы, газдардың рұқсат етілген қауіпсіз толтыру деңгейі (көлемнің 15–20% "бу жастығын" ескере отырып) міндетті шарт болып табылады. Бұл нақты деректер тиісті маманмен (мысалы, газ шаруашылығы саласында) расталуы және сараптама тағайындау туралы қаулыдағы бастапқы деректерде немесе оған қоса берілетін іс материалдарында көрсетілуі тиіс. Техникалық жарамсыз газ баллондарын зерттеуге қабылдауға тыйым салынады.
Қысым астындағы баллондарды сақтауға арналған мамандандырылған үй-жайлар мен жағдайлар болмаған жағдайда, зерттеуге газдың (азот тотығының) үлгілері, оның газ фазасы көлемі 1 литрге дейін, фитингтермен және кран-клапандармен жабдықталған (оттегі мен көмірқышқыл газы өткізбейтін) мамандандырылған газ сынамаларын іріктеу пакеттерінде не орнатылған крандары мен қысым манометрлері бар металл газ сынамаларын іріктеуіштерде (контейнерлерде) жолданады. Бұл ретте ұсынылатын газ үлгілерінің саны 10 бірліктен аспауы тиіс. Газ үлгілерін алу қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, тиісті мамандарды тарта отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы арқылы жүзеге асырылады.
Зерттеуге келіп түсетін объектілерге өзге де талаптар қойылуы мүмкін.
17-2-параграф. Заттарды молекулалық спектрометрия әдістерімен сот-сараптамалық зерттеу (7.10)
183-6. Заттарды молекулалық спектрометрия әдістерімен сот-сараптамалық зерттеудің мәні – заттардың сапасын, құрылымын және қасиеттерін анықтауға бағытталған, олардың табиғаты туралы объективті деректер алу үшін аспаптық зерттеу әдістеріне (ультракүлгін, инфрақызыл спектрометрия немесе комбинациялық шашырату спектрометриясы) негізделген нақты деректерді анықтау болып табылады.
183-7. Заттарды молекулалық спектрометрия әдістерімен сот-сараптамалық зерттеу объектілері:
органикалық және бейорганикалық заттар (улы, радиоактивті және ядролық материалдарды (және олардың қалдықтарын) қоспағанда);
газдар (азот тотығы және басқалар);
шектеулі топтағы күшті әсер ететін заттар (бензобарбитал, гексобарбитал, зопиклон, клозапин, прегабалин, сибутрамин, тропикамид, хлороформ) – олардың белсенді заты және толтырғыштары;
сараптамалық зерттеуге арналған зат үлгілері (салыстырмалы, бақылау).
Зерттеу объектілеріне, сондай-ақ заттың шикізат көзі (оның шығу тегі), дайындау технологиясы, сақтау тәсілі туралы ақпаратты қамтитын қылмыстық іс материалдары, сондай-ақ оқиға болған жерді қарау, алу жүргізу, заттарды (объектілерді) қарау хаттамалары, зерттелетін затқа және талдау әдістеріне нормативтік-техникалық құжаттама және басқа да құжаттар жатады.
183-8. Заттарды молекулалық спектрометрия әдістерімен сот-сараптамалық зерттеу міндеттері:
заттың (оның органикалық және бейорганикалық бөлігінің) әртүрлі нысандардағы (ұнтақтар, сұйықтықтар, қатты материалдар) сапалық құрамы мен құрылымын анықтау;
заттың жеке тиесілігін анықтау (оны сәйкестендіру), белсенді және қосалқы компоненттердің болуын анықтау, сондай-ақ ұқсас құрылымы бар қосылыстарды (изомерлердің туындылары мен кейбір түрлерін) саралау;
газдардың табиғатын анықтау және сәйкестендіру (азот тотығы).
183-9. Заттарды молекулярлық спектрометрия әдістерімен сот-сараптамалық зерттеу жүргізу кезінде мынадай сұрақтар шешіледі:
зерттеуге ұсынылған заттың табиғаты қандай;
зерттеуге ұсынылған объектілерде (не екенін көрсету) зат (затты көрсету) бар ма;
кешенді сараптаманы тағайындау кезінде мәселелер объектінің жалпы химиялық табиғатын анықтауға тұжырымдалуы және зерттеудің басқа аспаптық әдістерін немесе сараптама түрлерін қолдана отырып, жиынтықта шешілуі мүмкін.
183-10. Объектілерді сараптамалық зерттеуге дайындау кезінде 17-1-параграфта баяндалған талаптар сақталады.";
5. "Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15031 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидаларында:
12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12-1. Сараптамалық мамандықтардың атауы, бірлестігі не бөлінуі өзгерген кезде біліктілік куәлігі көрсетілетін қызметті алушының заңнаманы білуге арналған тестілеуден және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруден өтпей беріледі.";
6. "Сот сарапшыларының біліктілік даярлығы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 342 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15003 болып тіркелген):
бұйрығында 1 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген сот сарапшыларының біліктілік даярлығы қағидаларында:
бұйрықпен мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қағидалар кейіннен сот сарапшысы біліктілігін беру үшін игерілетін сот-сараптама мамандығы бойынша жоғары білімі бар үміткерді даярлауды тиімді ұйымдастыруға бағытталған.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Үміткердің біліктілік даярлығының мерзімін игерілген сот-сараптама мамандығына, базалық даярлық деңгейіне, тиісті сараптама мамандығының болуына, сондай-ақ үміткердің тиісті білім саласында жұмыс тәжірибесіне байланысты Орталықтың келісімі бойынша үш айдан бір жылға дейін құрайды және біліктілік даярлығының басшысы белгілейді.
Үміткердің құжаттарын қарауды және біліктілік даярлығының мерзімін келісуді Орталық олар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.
Біліктілік даярлығының мерзімін айқындау кезінде үміткердің игерілетін мамандық бойынша жұмыс өтілі, кәсіптік даярлық деңгейі, практикалық тәжірибесінің болуы, сондай-ақ сот сараптамасының белгілі бір түрі шеңберінде тиісті сараптама мамандығының болуы ескеріледі.
Бұрын сот сараптамасы органында жүргізілмеген сот сараптамасының жаңа түрін енгізу кезінде үміткерді біліктілік даярлау тиісті объектілерді немесе заттарды зерттеу саласында қажетті материалдық-техникалық базасы мен құзыреті бар сыртқы ұйымдарда (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми-зерттеу институттарында, ғылыми-техникалық орталықтарда және өзге де ұйымдарда) не сараптаманың осы түрін жүргізу тәжірибесі бар сот-сараптама органдарында не осындай ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлерін тарта отырып жүргізіледі.
Сыртқы ұйымдарда біліктілік даярлығының мерзімі бір айдан кем емес мерзімде белгіленеді. Біліктілік даярлығы нәтижелері бойынша зерттеу әдістемелерін игеруді және жұмыстың практикалық дағдыларын игеруді растайтын құжат (сертификат, куәлік) ұсынылады.".
