Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттардың және құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді және техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 20 мамырдағы № 250 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 21 мамырда № 38767 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексі 24-бабының 28)-тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттардың және құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық қадағалау және техникалық зерттеп-қарау жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтер мен сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған кейбір бұйрықтардың тізбесінің күші жойылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2026 жылғы 20 мамырдағы
№ 250 Бұйрығымен бекітілген

Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттардың және құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық қадағалау және техникалық зерттеп-қарау жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтер мен сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттардың және құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық қадағалау және техникалық зерттеп-қарау жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтер мен сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптары (бұдан әрі - Қағидалар мен рұқсат беру талаптары) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексі 24-бабының 28)-тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес әзірленіп, бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттардың және құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық қадағалау және техникалық зерттеп-қарау жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтер мен сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарын және "Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілер бойынша техникалық қадағалау мен техникалық тексеруді жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетімен көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

      3. Осы Қағидаларда және рұқсат беру талаптарында мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) аккредиттелген ұйым - уәкілетті органда белгіленген тәртіппен аккредиттеу рәсімінен өткен заңды тұлға;

      2) аккредиттеу - бірінші және екінші деңгейдегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру жөніндегі техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтерді немесе сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдардың өкілеттіктерін уәкілетті органның ресми тану рәсімі;

      3) аккредиттеу субъектілерінің тізілімі - аккредиттеу субъектілерін есепке алудың бірыңғай тізімі;

      4) аккредиттеу туралы куәлік - уәкілетті орган беретін, аккредиттеу субъектілерінің бірінші және екінші деңгейдегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру жөніндегі техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтерді немесе сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыру құзыреттілігін куәландыратын құжат;

      5) өтініш беруші - бірінші және екінші деңгейдегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру жөніндегі техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтерді немесе сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйым ретінде аккредиттеу туралы куәлік алуға үміткер заңды тұлға;

      6) уәкілетті орган - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган ведомствосы.

      4. Заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет көрсетушіге "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы "e-Qurylys.kz" (www.equrylys.kz) цифрлық жүйесі (бұдан әрі – цифрлық жүйе) арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, мәліметтер нысаны толтырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті жолдайды:

      1) жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейіндегі объектілерде техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлғаны аккредиттеу туралы куәлікті алу кезінде – осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 1-қосымшаға сәйкес өтініш және 2-қосымшаға сәйкес толтырылған мәліметтер нысаны;

      2) жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейіндегі объектілерде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеру бойынша сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын заңды тұлғаны аккредиттеу туралы куәлікті алу кезінде – осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 3-қосымшаға сәйкес өтініш және 4-қосымшаға сәйкес толтырылған мәліметтер нысаны;

      3) аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде – осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 5-қосымшаға сәйкес өтініш.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 6-қосымшада көрсетілген.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағымен анықталған.

      Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы цифрлық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін іс-әрекеттер, орындалу ұзақтығы:

      1) осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарының 4-тармағында көрсетілген құжаттармен өтінішті автоматты тіркеу;

      2) куәлікті электрондық нысанда беру, қайта ресімдеу көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз жүзеге асырылады - 20-40 (жиырма - қырық) минут ішінде.

      7. Ұйымдастыру-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда аккредиттелген ұйым аккредиттеу рәсімінен өтеді.

      8. Аккредиттеу туралы куәлік заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген жағдайларда қайта ресімделеді.

      9. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (қайтарып алу) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.

2-тарау. Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттардың және құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық қадағалау және техникалық зерттеп-қарау жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтер мен сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу тәртібі мен рұқсат беру талаптары

1-параграф. Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу тәртібі мен рұқсат беру талаптары

      10. Аккредиттеуден өту үшін өтініш берушілер мынадай рұқсат беру талаптарына сәйкес келеді:

      1) бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін:

      өз құрамында тұрақты негізде бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде, оның ішінде мамандандырулар бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыратын кемінде үш аттестатталған сарапшы болу:

      жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша-тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде (кемінде бір сарапшы));

      жауапкершілігі бірінші деңгейдегі жауапкершілік объектілері бойынша-инженерлік желілер бөлігінде (бір сарапшыдан кем емес));

      жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша-технологиялық жабдықтар бөлігінде (кемінде бір сарапшы));

      меншік құқығында немесе тартылған (шарт негізінде) аккредиттелген сынақ зертханасының (орталықтың) болуы;

      материалдық-техникалық жарақтандырылуы, оның ішінде жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті өлшеу және бақылау құралдары болуы;

      жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті нормативтік құжаттамасының болуы;

      2) екінші деңгейдегі объектілерде техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін:

      өз құрамында тұрақты негізде жауапкершіліктің екінші және үшінші деңгейлеріндегі объектілерде, оның ішінде мамандандырулар бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыратын кемінде үш аттестатталған сарапшы болуы:

      жауапкершілігі екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша-тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде (кемінде бір сарапшы));

      жауапкершілігі екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша-инженерлік желілер бөлігінде (кемінде бір сарапшы));

      жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша-технологиялық жабдықтар бөлігінде (кемінде бір сарапшы));

      меншік құқығында немесе тартылған (шарт негізінде) аккредиттелген сынақ зертханасының (орталықтың) болуы;

      материалдық-техникалық жарақтандырылуы, оның ішінде жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті өлшеу және бақылау құралдары болуы;

      жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті нормативтік құжаттамасының болуы.

      11. Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 7-қосымшаға сәйкес электронды түрде беріледі.

      12. Аккредиттелген ұйымдар осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бірінші және екінші деңгейдегі объектілерде техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізіліміне енгізіледі, онда заңды тұлғаның деректемелері туралы ақпарат жиынтығы, аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі, жауапкершілік деңгейі, штатта мамандардың болуы туралы, сондай-ақ осы заңды тұлғаға қатысты қабылданған жауапкершілік шаралары туралы мәліметтерді қамтиды.

      13. Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің жарамдылық мерзімі аккредиттелген күнінен бастап Қазақстан Республикасы "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Заңына сәйкес екі жылды құрайды.

2-параграф. Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу тәртібі мен рұқсат беру талаптары

      14. Аккредиттеуден өту үшін өтініш берушілер мынадай рұқсат беру талаптарына сәйкес келеді:

      өз құрамында тұрақты негізде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеруді жүзеге асыратын кемінде үш аттестатталған сарапшы болу;

      өз құрамында тұрақты негізде "конструктивтік бөлігі" мамандығы бойынша жобалардың сараптамасын жүзеге асыратын кемінде бір аттестатталған сарапшының болуы;

      өз құрамында тұрақты негізде кемінде бір инженер-геодезист (кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар);

      аккредиттелген зертхананың (орталық) болуы (тартылған);

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № ҚР ДСМ-52 бұйрығымен бекітілген "Әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28525 болып тіркелген) талаптарын қанағаттандыратын меншік немесе бір жылдан астам мерзімге (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеумен) жалға алу құқығындағы әкімшілік-өндірістік базасының болуы;

      салыстырып тексеру есеп-қисаптарын орындау үшін лицензиялық бағдарламалық қамтылыммен жарақтандырылған компьютерлері, өлшеу және бақылау құралдары, нормативтік құжаттамасының болуы.

      15. Бірінші және екінші деңгейдегі объектілерде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеру жөніндегі сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлік осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 9-қосымшаға сәйкес электронды түрде беріледі.

      16. Аккредиттелген ұйымдар осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бірінші және екінші деңгейдегі объектілерде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеру жөніндегі сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізіледі, онда заңды тұлғаның деректемелері туралы ақпарат жиынтығы, аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі, жауапкершілік деңгейі, штатта мамандардың болуы туралы, сондай-ақ осы заңды тұлғаға қатысты қабылданған жауапкершілік шаралары туралы мәліметтерді қамтиды.

      17. Бірінші және екінші деңгейдегі объектілерде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеру жөніндегі сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәліктің жарамдылық мерзімі аккредиттелген күнінен бастап Қазақстан Республикасы "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Заңына сәйкес екі жылды құрайды

3-параграф. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      18. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  Бірінші және екінші
жауапкершілік деңгейіндегі
объектілердегі ғимараттар мен
құрылыстардың сенімділігін
және орнықтылығын
техникалық зерттеп-қарау
бойынша техникалық қадағалау
және сараптама жұмыстары
жөніндегі инжинирингтік
қызметтер көрсетуді жүзеге
асыратын ұйымдарды
аккредиттеу жөніндегі қағидалар
мен рұқсат беру талаптарына
1-қосымша
  Нысан

Өтініш

      _______________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      _______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      _________________________________________ жауапкершілік деңгейіндегі

      (тиісті жауапкершілік деңгейі) техникалық және технологиялық күрделі объектілерді

      техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге

      асыратын ұйым ретінде аккредиттеуді сұраймын.

      Мекенжайы_____________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі, телефон,

      факс, е-mail) Филиалдар (өкілеттіктер, объектілер, пунктер, учаскелер)

      ___________________________________________________________________

      (орналасқан орны және деректемелері)

      Банк шоты ______________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны)

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректердің ресми байланыс болып табылатыны және оларға

      куәлік беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез-келген ақпарат

      жіберілетіні;

      өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны;

      барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып

      табылатыны;

      өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде цифрлық жүйелерде

      қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес

      деректерді пайдалануға келісімін бергендігі расталады.

      Басшы _________________________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__"___________

  Бірінші және екінші
жауапкершілік деңгейіндегі
объектілердегі ғимараттар мен
құрылыстардың сенімділігін
және орнықтылығын
техникалық зерттеп-қарау
бойынша техникалық қадағалау
және сараптама жұмыстары
жөніндегі инжинирингтік
қызметтер көрсетуді жүзеге
асыратын ұйымдарды
аккредиттеу жөніндегі қағидалар
мен рұқсат беру талаптарына
2-қосымша
  Нысан

Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерді техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны

      1) Қызметкерлері туралы мәліметтер:

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі

Сарапшы аттестатының №, берілген күні, кім берді

Аттестат бойынша мамандануы

Диплом бойынша мамандығы

Техникалық қадағалауды жүзеге асыру бойынша мәлімет

Техникалық қадағалауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік айыппұлдың болуы

Объектінің атауы (сараптама қорытындысына сәйкес)

Объектінің атауы (сараптама қорытындысына сәйкес)

Объектінің атауы (сараптама қорытындысына сәйкес)










      Ескертпе: Аттестатталған сарапшылар бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілері техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын бір ғана ұйымның құрамына кіреді

      2) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті материалдық-техникалық жарақтандырылуы, оның ішінде өлшеу және бақылау құралдары туралы мәліметтер

Р/с №

Өлшеу және бақылау құралдарының маркасы мен атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Пайдалану мерзімі

Тексеру мерзімдері

Ескертпе








      3) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті нормативтік және әдіснамалық әдебиеттердің болуы туралы мәліметтер:

Р/с №

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Ескертпе






      4) Меншік құқығындағы немесе тартылған аккредиттелген сынақ зертхананың (орталықтың) болуы туралы мәліметтер:

Р/с №

Зертхананың атауы

Зертхананы аккредиттеу туралы куәліктің № және берілген күні

Аккредиттеу саласын сипаттау

Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды негіздеме

Зертхана орналасқан жер

Байланыс телефоны








      Осы нысанда көрсетілген деректер мәліметтерінің барлық өзгерістері туралы уәкілетті органға уақытылы хабарлауға міндеттеме аламын.

      Анық емес ақпарат ұсынғаным үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауаптылықта болатыныма хабардармын.

      Басшы _______________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Бірінші және екінші
жауапкершілік деңгейіндегі
объектілердегі ғимараттар мен
құрылыстардың сенімділігін
және орнықтылығын
техникалық зерттеп-қарау
бойынша техникалық қадағалау
және сараптама жұмыстары
жөніндегі инжинирингтік
қызметтер көрсетуді жүзеге
асыратын ұйымдарды
аккредиттеу жөніндегі қағидалар
мен рұқсат беру талаптарына
3-қосымша
  Нысан

Өтініш

      ______________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      _______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі деректемелері)

      бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттар мен

      құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша

      сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйым ретінде аккредиттеуді сұраймын.

      Мекенжайы_____________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі,

      телефон, факс, е-mail) Филиалдар (өкілдіктері, объектілері, пунктілері, учаскелері)

      _________________________________________________________

      (орналасқан орны және деректемелері)

      Банк шоты ____________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны)

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға

      куәлік беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез-келген ақпарат

      жіберілетіні;

      өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны;

      барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып

      табылатыны;

      өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде цифрлық жүйелерде

      қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес

      деректерді пайдалануға келісімін бергендігі расталады.

      Басшы ______________________________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" ___________

  Бірінші және екінші
жауапкершілік деңгейіндегі
объектілердегі ғимараттар мен
құрылыстардың сенімділігін
және орнықтылығын
техникалық зерттеп-қарау
бойынша техникалық қадағалау
және сараптама жұмыстары
жөніндегі инжинирингтік
қызметтер көрсетуді жүзеге
асыратын ұйымдарды
аккредиттеу жөніндегі қағидалар
мен рұқсат беру талаптарына
4-қосымша
  Нысан

Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны

      1) Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарың жүзеге асыру бойынша, қала құрылысы, конструктивтік бөлім бойынша маманданған жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттама сараптамасы бойынша тиісті аттестаты бар және инженер-геодезист дипломы бар қызметкерлер туралы мәліметтер:

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Жеке сәйкестендіру нөмірі

Сарапшы аттестатының №, берілген күні, кім берді

Аттестат бойынша мамандануы

Диплом бойынша мамандығы

Техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру бойынша мәлімет

Техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік айыппұлдың болуы

Объектінің атауы

Тапсырыс беруші









      Ескертпе: Аттестатталған сарапшылар бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын бір ғана ұйымның құрамына кіреді.

      2) Меншік немесе бір жылдан астам мерзімге жалға алу құқығында әкімшілік-өндірістік үй-жайлардың болуы туралы мәлімет

Р/с №

Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайдың функционалдық құрам бөлігі

Алаңы

Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды негіздеме

Мекенжайы және кадастрлық нөмірі






      3) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті материалдық-техникалық жарақтандырудың, оның ішінде өлшеу және бақылау құралдарының, сондай-ақ есеп айырысуларды орындауға, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті лицензиялық бағдарламалық жасақтамасы бар дербес компьютерлердің болуы туралы мәлімет

Р/с №

Өлшеу және бақылау құралдарының, компьютерлердің, лицензиялық бағдарламалардың маркасы мен атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Пайдалану мерзімі

Тексеру мерзімдері

Ескертпе








      4) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттердің болуы туралы мәлімет

Р/с №

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Ескертпе






      5) Меншік құқығында немесе тартылған аккредиттелген сынақ зертхананың (орталықтың) болуы туралы мәлімет

Р/с №

Зертхананың атауы

Зертхананы аккредиттеу туралы аттестаттың № және берілген күні

Аккредит-теу саласын сипаттау

Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды негіздеме

Зертхана орналасқан жер

Байланыс телефоны








      Осы нысанда көрсетілген деректер мәліметтерінің барлық өзгерістері туралы уәкілетті органға уақытылы хабарлауға міндеттеме аламын.

      Анық емес ақпарат ұсынғаным үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 464-бабына сәйкес жауаптылықта болатыныма хабардармын.

      Басшы ______________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Бірінші және екінші
жауапкершілік деңгейіндегі
объектілердегі ғимараттар мен
құрылыстардың сенімділігін
және орнықтылығын
техникалық зерттеп-қарау
бойынша техникалық қадағалау
және сараптама жұмыстары
жөніндегі инжинирингтік
қызметтер көрсетуді жүзеге
асыратын ұйымдарды
аккредиттеу жөніндегі қағидалар
мен рұқсат беру талаптарына
5-қосымша
  Нысан

Заңды тұлғаның куәлікті қайта ресімдеу үшін өтініші

      ______________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы))

      ______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан

      жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі), заңды тұлғада бизнес- сәйкестендіру нөмірі

      болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі)

      №__________ бастап "___" _________ 20___

      ______________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің толық атауы) жүзеге асыруға берілген

      куәлікті келесі негіздеме бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз) қайта ресімдеуді

      сұраймын:

      1) заңды тұлға атауының өзгеруі ___________

      2) заңды тұлғаның орналасқан жерін өзгерту ________

      Заңды тұлғаның мекен-жайы_________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін - ел, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді

      мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Электрондық пошта ______________________________________

      Телефондар ____________________________________________________

      Факс __________________________________________________________

      Банктік шот ___________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қоса беріледі _ парақ.

      Осымен расталады, бұл:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға

      аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу мәселелері бойынша кез келген ақпарат

      жіберілуі мүмкін;

      өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбаған;

      барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып

      табылады;

      өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде цифрлық

      жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі

      дербес деректерді пайдалануға келіседі.

      Басшы

      ______________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Толтыру күні: "__" __________ 20__ жыл

  Бірінші және екінші
жауапкершілік деңгейіндегі
объектілердегі ғимараттар мен
құрылыстардың сенімділігін
және орнықтылығын
техникалық зерттеп-қарау
бойынша техникалық қадағалау
және сараптама жұмыстары
жөніндегі инжинирингтік
қызметтер көрсетуді жүзеге
асыратын ұйымдарды
аккредиттеу жөніндегі қағидалар
мен рұқсат беру талаптарына
6-қосымша

"Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі:

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу"

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейдегі объектілерінде техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді көрсететін ұйымдарды аккредиттеу;
Жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейдегі объектілерінде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеру бойынша сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу;
Заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезде куәлікті қайта ресімдеу.

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитеті.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

"Цифрлық үкіметтің" веб-порталы: www.​egov.​kz, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы "e-Qurylys.kz" цифрлық жүйесі (www.​equ​ryly​s.​kz).

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезде, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде куәлікті беру - қайта ресімдеу-20-40 минут.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

электрондық (толық цифрландырылған)

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 5, 7 және 9-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі.

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушілер – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру бойынша аккредиттеу туралы куәлікті алған кезде порталға: осы Қағидаларға 1-қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес нысан бойынша өтініш; осы Қағидаларға 2-қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес техникалық және технологиялық жағынан күрделі бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымның аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны;
2) бірінші және екінші деңгейдегі объектілерде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру жөніндегі сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыру бойынша аккредиттеу туралы куәлікті алған кезде порталға: осы Қағидаларға 3-қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес күрделілігі бірінші және екінші деңгейдегі объектілерде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру бойынша сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымның аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны; инженер-геодезист дипломының электрондық көшірмесі;
3) аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде осы Қағидалар мен рұқсат талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетуден бас тартады.

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында www.​gov.​kz орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

  Бірінші және екінші
жауапкершілік деңгейіндегі
объектілердегі ғимараттар мен
құрылыстардың сенімділігін
және орнықтылығын
техникалық зерттеп-қарау
бойынша техникалық қадағалау
және сараптама жұмыстары
жөніндегі инжинирингтік
қызметтер көрсетуді жүзеге
асыратын ұйымдарды
аккредиттеу жөніндегі қағидалар
мен рұқсат беру талаптарына
7-қосымша
  Нысан

АККРЕДИТАЦИЯ ТУРАЛЫ КУӘЛІК № 00000

      Аккредитация туралы осы куәлік

      ___________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы) берілді,

      __________________________________________________________

      (заңды мекенжайы)

      ______________________________________жауапкершілік деңгейіндегі

      (тиісті жауапкершілік деңгейі)

      объектілерді техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді

      жүзеге асыру құқығына

      АККРЕДИТТЕЛДІ

      және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді

      Куәлікті қолдану мерзімі ____________________________________ дейін

      Уәкілетті орган _____________________________________

      ___________ қаласы 20__жылғы "__" ___________

  Бірінші және екінші
жауапкершілік деңгейіндегі
объектілердегі ғимараттар мен
құрылыстардың сенімділігін
және орнықтылығын
техникалық зерттеп-қарау
бойынша техникалық қадағалау
және сараптама жұмыстары
жөніндегі инжинирингтік
қызметтер көрсетуді жүзеге
асыратын ұйымдарды
аккредиттеу жөніндегі қағидалар
мен рұқсат беру талаптарына
8-қосымша
  Нысан

Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізімі

Р/с №

Ұйымның атауы

Аккредиттелген куәліктің берілген күні мен нөмірі, жауапкершілік деңгейі

Аккредиттелген ұйымның штатында тұратын қызметкерлер туралы мәлімет

Қабылданған жауапкершілік шаралары туралы мәлімет

1

2

3

4

5






  Бірінші және екінші
жауапкершілік деңгейіндегі
объектілердегі ғимараттар мен
құрылыстардың сенімділігін
және орнықтылығын
техникалық зерттеп-қарау
бойынша техникалық қадағалау
және сараптама жұмыстары
жөніндегі инжинирингтік
қызметтер көрсетуді жүзеге
асыратын ұйымдарды
аккредиттеу жөніндегі қағидалар
мен рұқсат беру талаптарына
9-қосымша
  Нысан

АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК № 00000

      Осы аккредиттеу туралы куәлік ______________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      _______________________________________________________ берілді,

      (заңды мекенжайы)

      бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттар мен

      құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша

      сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына

      АККРЕДИТТЕЛДІ

      және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді.

      Куәлікті қолдану мерзімі ____________________________________ дейін

      Уәкілетті органн _____________________________________

      ___________ қаласы 20__жылғы " " ___________

  Бірінші және екінші
жауапкершілік деңгейіндегі
объектілердегі ғимараттар мен
құрылыстардың сенімділігін
және орнықтылығын
техникалық зерттеп-қарау
бойынша техникалық қадағалау
және сараптама жұмыстары
жөніндегі инжинирингтік
қызметтер көрсетуді жүзеге
асыратын ұйымдарды
аккредиттеу жөніндегі қағидалар
мен рұқсат беру талаптарына
10-қосымша
  Нысан

Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімі

Р/с №

Ұйымның атауы

Аккредиттелген куәліктің берілген күні мен нөмірі

Аккредиттелген ұйымның штатында тұратын қызметкерлер туралы мәлімет

Қабылданған жауапкершілік шаралары туралы мәлімет

1

2

3

4

5






  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2026 жылғы 20 мамырдағы
№ 250 бұйрығына қосымша

Күші жойылған бұйрықтардың тізбесі

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы "Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" № 709 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12535 болып тіркелген);

      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" № 953 бұйрығына қосымшасының 3-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18138 болып тіркелді);

      3) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" № 499 бұйрығы қосымшасының 2-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19044 болып тіркелді).

      4) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 1 сәуірдегі "Сәулет, қала салу және құрылыс қызметінде лицензия беру саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 175 бұйрығымен бектілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20267 болып тіркелді) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы;

      5) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" № 150 бұйрығына қосымшасының 2-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27225 болып тіркелді);

      6) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі "Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" № 367 бұйрығына қосымшасының 3-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36866 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады