ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 29.05.2026 № 276 (01.07.2028 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10058 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-1)-тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларында:
10 және 11 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
11. Жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізгі талаптар тізбесіне (бұдан әрі-Негізгі талаптар тізбесі) сәйкес құжаттармен бірге өтінішті электрондық құжат нысанында электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған түрде "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттандыру нысаны "e-Qurylys.kz" ақпараттық (www.equrylys.kz) (бұдан әрі – ақпараттық жүйе).
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізгі талаптар тізбесін қамтитын қосымша, оның ішінде "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау" осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізгі талаптар тізбесі).
2. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.05.2026 № 246 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 20.05.2026 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. "Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 709 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12535 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-21)-тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларда және рұқсат беру талаптарында:
4, 5 және 6 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. "Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілер бойынша техникалық қадағалау мен техникалық тексеруді жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
5. Заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттармен бірге өтінішті электрондық құжат нысанында, электрондық - цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған түрде "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттандыру нысаны "e-Qurylys.kz" ақпараттық (www.equrylys.kz) (бұдан әрі – ақпараттық жүйе).
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізгі талаптар тізбесін қамтитын қосымша, оның ішінде "Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілер бойынша техникалық қадағалау мен техникалық тексеруді жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу" осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізгі талаптар тізбесі).
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағымен анықталған.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтері көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерден ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Аккредиттеуден өту үшін өтініш берушілер мынадай рұқсат беру талаптарына сәйкес келеді:
өз құрамында тұрақты негізде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеруді жүзеге асыратын кемінде үш аттестатталған сарапшы болу;
өз құрамында тұрақты негізде мамандандыру бойынша жобалардың сараптамасын жүзеге асыратын кемінде бір аттестатталған сарапшының конструктивтік бөлігі болуы;
өз құрамында тұрақты негізде кемінде бір инженер-геодезист (кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар);
меншік құқығында немесе тартылған (шарт негізінде) аккредиттелген зертхананың болуы;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № ҚР ДСМ-52 бұйрығымен бекітілген "Әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28525 болып тіркелген) талаптарын қанағаттандыратын меншік немесе жалға алу құқығындағы бір жылдан астам мерзімге (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеумен) әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлары болуы;
материалдық-техникалық жарақтандырылуы, оның ішінде жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті өлшеу және бақылау құралдары, сондай-ақ есептерді орындау, графикалық және өзге де материалдарды жасау және ресімдеу үшін қажетті лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етумен жарақтандырылған компьютерлер болуы;
жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттің болуы.";
1-қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.05.2026 № 245 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 29.05.2026 № 276 (01.07.2028 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. "Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 735 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12752 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-20)-тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарда:
4 және 5 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. "Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
5. Заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттармен бірге өтінішті электрондық құжат нысанында, электрондық - цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған түрде "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттандыру нысаны "e-Qurylys.kz" ақпараттық (www.equrylys.kz) (бұдан әрі – ақпараттық жүйе).
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізгі талаптар тізбесін қамтитын қосымша, оның ішінде "Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізгі талаптар тізбесі).
1-қосымша осы Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4-қосымша осы Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
6. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде лицензиялар беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м. а. 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 175 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20267 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Іздестіру қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
3, 4 және 5 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Іздестіру қызметіне лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттармен бірге өтінішті электрондық құжат нысанында, электрондық - цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған түрде "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттандыру нысаны "e-Qurylys.kz" ақпараттық (www.equrylys.kz) (бұдан әрі – ақпараттық жүйе).
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізгі талаптар тізбесін қамтитын қосымша, оның ішінде "Іздестіру қызметіне лицензия беру" осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізгі талаптар тізбесі).
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағымен анықталған.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтері, лицензия туралы, лицензиялық алым туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзы арқылы беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.";
1-қосымша осы Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жобалау қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
3, 4 және 5 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Жобалау қызметіне лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттармен бірге өтінішті электрондық құжат нысанында, электрондық - цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған түрде "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттандыру нысаны "e-Qurylys.kz" ақпараттық (www.equrylys.kz) (бұдан әрі – ақпараттық жүйе).
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізгі талаптар тізбесін қамтитын қосымша, оның ішінде "Жобалау қызметіне лицензия беру" осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізгі талаптар тізбесі).
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағымен анықталған.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтері, лицензия туралы, лицензиялық алым туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзы арқылы беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.";
1-қосымша осы Тізбеге 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
3, 4 және 5 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттармен бірге өтінішті электрондық құжат нысанында, электрондық - цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған түрде "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттандыру нысаны "e-Qurylys.kz" ақпараттық (www.equrylys.kz) (бұдан әрі – ақпараттық жүйе).
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізгі талаптар тізбесін қамтитын қосымша, оның ішінде "Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру" осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізгі талаптар тізбесі).
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағымен анықталған.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтері, лицензия туралы, лицензиялық алым туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзы арқылы беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.";
1-қосымша осы Тізбеге 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
7. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 21.04.2026 № 191 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.| Тізбеге 1-қосымша Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларына 1-қосымша |
"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі: | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) аттестатты беру – 15 жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларға аттестат беру немесе қайта рәсімдеу, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі |
7 | көрсетілетін қызметті берушінің, ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушілер – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін; |
8 | мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) қызметті алған кезде: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. |
| Тізбеге 2-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.05.2026 № 246 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитеті |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезде, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде куәлікті беру - қайта ресімдеу-20-40 минут |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 4 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушілер – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі осы Қағидаларға |
1) Техникалық және технологиялық жағынан күрделі бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру бойынша аккредиттеу туралы куәлікті алған кезде порталға: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер | Жоқ |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. |
| Тізбеге 4-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.05.2026 № 245 скерту. К(01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитеті |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) куәлікті беру – 10 (он) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық түрде (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Аккредиттеу туралы куәлік беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушілер – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) куәлікті беру кезінде порталға: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. |
Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау бойынша аттестаттау орталықтарына қойылатын рұқсат беру талаптары
Р/с | Рұқсат беру талаптары | Рұқсат беру талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | біліктілікті арттыруға жауапты, кемінде бір оқытушы болуы | осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны, дипломдардың көшірмелері, жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері, өтініш берушімен еңбек қатынастарын растайтын құжаттардың көшірмелері | Дипломдар, еңбек қатынастары және жұмыс өтілі туралы ақпарат, болған жағдайда мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады |
2 | аттестаттау жүргізуге жауапты кемінде бір техникалық қызметкер болуы | осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны, өтініш берушімен еңбек қатынастарын растайтын құжаттардың көшірмелері | Дипломдар, еңбек қатынастары және жұмыс өтілі туралы ақпарат, болған жағдайда мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады |
3 |
оқыту және аттестаттау жүргізу үшін меншік құқығында немесе кемінде бір жыл мерзімге жалға алу (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркей отырып) құқығындағы, санитариялық талаптарды қанағаттандыратын, алаңы кемінде 100 (жүз) шаршы метр әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы, бұл ретте тестілеу және оқыту өткізуге арналған үй-жайлар кемінде 45 (қырық бес) шаршы метр болуы қажет. |
осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны. | Дипломдар, еңбек қатынастары және жұмыс өтілі туралы ақпарат, болған жағдайда мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады |
| Тізбеге 7-қосымша "Іздестіру қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Іздестіру қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, қайта ресімдеу - 5 жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Іздестіру қызметіне лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру және қайта ресімдеу, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
1) лицензия беру үшін-10 айлық есептік көрсеткіш; |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушілер – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезде: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. |
| Тізбеге 8-қосымша "Жобалау қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Жобалау қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде және санат бере отырып, лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, қайта ресімдеу - 5 жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Жобалау қызметіне лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру және қайта ресімдеу, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
1) лицензия беру үшін - 10 айлық есептік көрсеткішті; |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушілер – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезде: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. |
| Тізбеге 9-қосымша "Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде және санат бере отырып, лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, қайта ресімдеу - 5 жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру және қайта ресімдеу, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
1) лицензия беру үшін - 10 айлық есептік көрсеткішті; |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушілер – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезде: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. |
| Тізбеге 10-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 21.04.2026 № 191 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Тізбеге 11-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 21.04.2026 № 191 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
