Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын және құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүзеге асыратын сараптама ұйымдарының басшыларына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қатені түзеу

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 мамырдағы № 246 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 20 мамырда № 38756 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексі 24-бабының 36) және 50) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары);

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүзеге асыратын сараптама ұйымдарының басшыларына қойылатын талаптары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      5. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап мыналар белгіленсін:

      Қағидалардың 9-тармағы мынадай редакцияда қолданылады:

      "9. Заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін www.egov.kz "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі –портал) немесе осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы "e-Qurylys.kz" цифрлық жүйесі (www.equrylys.kz) (бұдан әрі – цифрлық жүйе) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған толтырылған мәліметтер нысаны бар электрондық құжат нысанында жібереді.".

      Қағидалардың 10-тармағының eкінші және үшінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылады:

      "Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы цифрлық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.".

      Қағидалардың 11-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады:

      "2) куәлікті электрондық нысанда беруді, қайта ресімдеуді өтініш қабылданғаннан кейін 20-40 (жиырма-қырық) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз цифрлық жүйе жүзеге асырады.".

      Қағидалардың 12-тармағы мынадай редакцияда қолданылады:

      "12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді"."

      Қағидалардың 4-қосымшасы мынадай редакцияда қолданылады:

  "Сараптама ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
4-қосымша
Нысан

      Өтініш

      ___________________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      ___________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірінің деректемелері)

      Мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған

      жобаларға (жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді

      сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптама ұйымы ретінде аккредиттеуді сұраймын

      мекен-жайы ____________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың)

      нөмірі, телефон, факс, е-mail)

      Банктік шот _____________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Филиалдар (өкілдіктер, объектілер, пункттер, учаскелер) _______________

      (орналасқан жері және деректемелері)

      Осымен расталады: барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін; өтініш берушіге және оның мамандарына қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым салмайды; барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады; өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі.

      Басшысы ____________ _________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" __________".

      Қағидалардың 5-қосымшасы мынадай редакцияда қолданылсын:

  "Сараптама ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
5-қосымша
Нысан

Аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші

      __________________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      __________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан

      жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі), заңды тұлғада бизнес- сәйкестендіру нөмірі

      болмаған жағдайда - филиалдың немесе шетелдік заңды тұлға өкілдігінің бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі)

      __________________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің толық атауы) жүзеге асыруға берілген

      "__" _______ 20___ №_______ аккредиттеу туралы куәлікті келесі негіздеме (лер)

      бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын:

      1) заңды тұлға атауының өзгеруі ____________________________________

      2) заңды тұлғаның орналасқан жерін өзгерту _________________________

      Заңды тұлғаның мекен-жайы_______________________________________

      (ел - шетелдік заңды тұлға үшін, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді-

      мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі (стационарлық үй-жай)

      Электрондық пошта ______________________________________________

      Телефондар ____________________________________________________

      Факс ___________________________________________________________

      Банктік шот _____________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері) _ парақ қоса беріледі.

      Осымен расталады, бұл: барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін; өтініш берушіге және оның мамандарына қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбаған; барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады; өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі.

      Басшы __________ _______________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Толтыру күні: "__" __________ 20__ жыл".

      Қағидаларға 6-қосымшасы мынадай редакцияда қолданылылады:

  "Сараптама ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
6-қосымша

"Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

1) Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу;
2) Заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезде куәлікті қайта ресімдеу.

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитеті

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттандыру нысаны "e-Qurylys.kz" ақпараттық (www.equrylys.kz)

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезде, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде куәлікті беру - қайта ресімдеу-20-40 минут

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша куәлік.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушілер – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін аккредиттеу туралы куәлікті алған кезде порталға:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу ұйымының аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны;
2) куәлікті қайта ресімдеу кезінде:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетуден бас тартады.

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында www.gov.kz орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

      ".

      6. 2028 жылғы 1 шілдеден бастап мыналар белгіленсін:

      Қағидалардың 6-тармағы мынадай редакцияда қолданылады:

      "6. Аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізіліміне сараптама ұйымының штатында тұрған сертификатталған сарапшылар туралы мәліметтер бөлігінде өзгерістер мен толықтыруларды көрсетілетін қызметті алушы дербес енгізеді.".

      Қағидаларға 2-қосымшасы мынадай редакцияда қолданылады:

  "Сараптама ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан

      Құрылысқа арналған жобаларды сараптау жөніндегі аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізілімі

Р/с №

Сараптама ұйымының атауы, заңды тұлғаның деректемелері

Аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні және нөмірі

Сараптама ұйымының штатында тұратын сертификатталған сарапшылар туралы мәлімет

Қабылданған жауапкершілік шаралары туралы мәлімет

      ";

      Қағидаларға 3-қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады:

      "1. Сараптамалық ұйымның қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау жөніндегі сарапшының тиісті сертификаты бар қызметкерлер туралы мәліметтер:

Р/с №

Лауазымы

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Жұмыс өтілі

Оқу орны, бітірген жылы, диплом бойынша біліктілігі көрсетілген білімі

Сертификаттың нөмірі мен берілген күні

мамандығы бойынша

атқаратын лауазымы бойынша

      Ескертпе: Кодексінің 111-бабының 3-тармағына сәйкес сарапшыға сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне байланысты кәсіпкерлік қызметтің өзге түрлерімен айналысуға және осы қызметтің өзге субъектілерімен еңбек, қаржы және (немесе) өзге де тәуелді қатынастарда болуға тыйым салынады.";

      Осы бұйрыққа 2-қосымшасы 1-тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады:

      "қала құрылысы және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау бойынша сарапшының сертификаты.".

      7. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2026 жылғы 19 мамырдағы
№ 246 Бұйрыққа 1-қосымша

Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сараптамалық ұйымдарды аккредиттеу қағидалары және құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүзеге асыратын сараптама ұйымдарының басшыларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 24-бабының 36) және 50) тармақшаларына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушыны аккредиттеу уәкілетті органмен жүргізіледі және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес аккредиттеу туралы куәлікпен (бұдан әрі – куәлік) расталады.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) аккредиттеу – Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік монополияға жатқызылмаған құрылыс жобаларына (жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу жөніндегі сараптама ұйымдарының құзыреттілігін аккредиттеу бойынша ресми тану рәсімі;

      2) аккредиттелген ұйымдар тізілімі – аккредиттеу субъектілерін есепке алудың бірыңғай тізімі;

      3) жобалау саласындағы сарапшы –сараптама жұмыстарын жүзеге асыру үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен сертификатталған және мемлекеттік сараптама ұйымының немесе сараптама ұйымдарының бірінің штатында тұрған жеке тұлға;

      4) сараптама ұйымы – осы Кодексте белгіленген тәртіппен аккредиттелген, Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік монополияға жатқызылмаған құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүзеге асыратын заңды тұлға.

2-тарау. Сараптама ұйымдарын аккредиттеуді жүргізу тәртібі

      3. Мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға ведомстводан тыс міндетті кешенді сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптама ұйымдарын аккредиттеуден өткізу үшін өтініш берушілердің тұрақты негізде өз құрамында жобаның негізгі бөлімдеріне сәйкес келетін маманданулар бойынша аттестатталған (сертификатталған) құрылыс жобасының сәулет, конструкциялық бөлік, инженерлік желілер мен жүйелер (инженерлік желілер мен жүйелердің түрлері бойынша), технологиялық бөлік (құрылыс объектісінің мақсатына қарай), сметалық бөлік сияқты негізгі бөлімдеріне (бөліктеріне) сәйкес келетін мамандандырулар бойынша жобалау саласындағы кемінде бес сарапшы болуға тиіс.

      4. Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік монополияға жатқызылмаған объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге сараптама ұйымдарын аккредиттеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі аккредиттелген күннен бастап 2 (екі) жыл.

      5. Аккредиттелген сараптама ұйымдары осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Құрылысқа арналған жобаларға сараптама жасау жөніндегі аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізіліміне (бұдан әрі – Аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізілімі) енгізіледі.

      6. Аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізіліміне сараптама ұйымының штатында тұрған аттестатталған (сертификатталған) сарапшылар туралы мәліметтер бөлігінде өзгерістер мен толықтыруларды көрсетілетін қызметті алушы дербес енгізеді.

      7. Аккредиттелген ұйым куәлік беру кезінде де, оның жарамдылық уақытының барлық кезеңінде де осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келуі қажет.

3-тарау. "Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      8. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      9. Заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі-портал) немесе осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы "e-Qurylys.kz" ақпараттық жүйесі (www.equrylys.kz) (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған толтырылған мәліметтер нысаны бар электрондық құжат нысанында жібереді:

      1) мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс міндетті кешенді сараптаманы жүзеге асыру үшін аккредиттеу туралы куәлік алу кезде – осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді;

      2) куәлікті қайта ресімдеу кезінде – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді.

      Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесімен (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) қосымша.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында айқындалған.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін іс-әрекеттер орындалу ұзақтығы:

      1) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге өтінішті автоматты түрде тіркеу;

      2) куәлікті электрондық нысанда беруді, қайта ресімдеуді өтініш қабылданғаннан кейін 20-40 (жиырма-қырық) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз ақпараттық жүйе жүзеге асырады.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      13. Куәліктер 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беру арқылы заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген қайта ресімделуге жатады.

      14. Куәліктер қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, олардан айыру (кері қайтарып алу) Қазақстан Республикасының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңының 45-бабында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      15. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу туралы куәлік осы Қағидаларға 1-қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес электрондық (цифрлық) түрде беріледі.

4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушыға әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей беріледі:

      шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік орган және (немесе) лауазымды адам);

      мемлекеттік қызметтер көрсет сапасы бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға жатады:

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-бөлігіне сәйкес шағым келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын жағдайда шағымды қарайтын органға жібермейді.

      Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым тіркелген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

      ҚР ӘРПК-нің 92-бабының 2-бөлігіне сәйкес ҚР ӘРПК-нің 92-бабының бірінші және 1-1-бөліктерінде белгіленген мерзім дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген жағдайда, бұл мерзімді әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша шағымды қарайтын орган қалпына келтіруі мүмкін.

      Шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру мақсатында шағымды қарайтын орган ауруды, еңсерілмейтін күштің мән-жайларын және адамды шағым беру мүмкіндігінен айыратын өзге де себептерді дәлелді себептер ретінде таниды.

      17. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы ҚР ӘРПК-нің 100-бабының 6-бөлігіне сәйкес шағымды қарайтын басқа органға немесе сотқа жүгінеді.

  Сараптама ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК №________ Осы аккредиттеу туралы куәлік _________________________________________________________________

(заңды тұлғаның атауы) ___________________________________________________________, (мекенжайы)

      мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу құқығына

АККРЕДИТТЕЛДІ

      және Құрылысқа арналған жобаларды сараптау жөніндегі аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізіліміне енгізілді.

      Жарамдылық мерзімі ________ дейін

      Уәкілетті орган ___________________________

      ___________ қаласы 20__жылғы "__" ___________

  Сараптама ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Құрылысқа арналған жобаларды сараптау жөніндегі аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізілімі

Р/с №

Сараптама ұйымының атауы, заңды тұлғаның деректемелері

Аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні және нөмірі

Сараптама ұйымының штатында тұратын аттестатталған (сертификатталған) сарапшылар туралы мәлімет

Қабылданған жауапкершілік шаралары туралы мәлімет











  Сараптама ұйымдарын
  аккредиттеу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу ұйымының аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны

      1. Сараптамалық ұйымның қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау жөніндегі сарапшының тиісті аттестаты (сертификаты) бар қызметкерлер туралы мәліметтер:

Р/с №

Лауазымы

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Жұмыс өтілі

Оқу орны, бітірген жылы, диплом бойынша біліктілігі көрсетілген білімі

Аттестаттың (сертификаттың) нөмірі мен берілген күні

мамандығы бойынша

атқаратын лауазымы бойынша















      Ескертпе: Кодексінің 111-бабының 3-тармағына сәйкес сарапшыға сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне байланысты кәсіпкерлік қызметтің өзге түрлерімен айналысуға және осы қызметтің өзге субъектілерімен еңбек, қаржы және (немесе) өзге де тәуелді қатынастарда болуға тыйым салынады.

      2. меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы туралы мәліметтер:

Р/с №

Өндірістік базаның функционалдық құрамдас бөліктері

Ауданы

Меншік құқығын немесе өзге де заңды негізді куәландыратын құжат

Мекенжайы және кадастрлық нөмірі











      3. Жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыру үшін қажетті материалдық-техникалық жарақтандыру, оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету туралы мәліметтер:

Р/с №

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Пайдалану мерзімі

Сипаттамасы (маркасы, қуаттылығы) сапалық құрамы

Ескертпе















      4. Жобаларға сараптама жүргізу сапасын бақылау жүйесі туралы мәліметтер:

Сапа қызметіне жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы. Бұйрық № және уақытын көрсету.


Есептеулерді және жобалардың графикалық бөлігін тексеру үшін ұйымдастыру техникасының және дербес компьютердің болуы


Нормативтік-техникалық әдебиеттің болуы. Жобалау-сметалық құжаттаманы тексеруді ақпараттық қамтамасыз ету (толық атап көрсету)


Сараптамалық жұмыстың сапасы бойынша жарнамалаудың болуы. Қолданылған шаралардың тиімділігі.


      5. Нормативтік-анықтамалық және әдіснамалық әдебиет туралы мәліметтер:

Р/с №

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Ескертпе











      Осы мәліметтер нысанында көрсетілген барлық өзгерістер туралы уәкілетті органға уақтылы хабарлауға міндеттенемін.

      Дұрыс емес ақпарат ұсынғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 464 – бабына сәйкес жауапкершілікке тартылатыным туралы хабардармын.

      Басшысы _______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Сараптама ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Өтініш

      ___________________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      ___________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірінің деректемелері)

      мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған

      жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау- сметалық

      құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін сараптама

      ұйымы ретінде аккредиттеуді сұраймын

      Мекенжайы _____________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй- жайдың)

      нөмірі, телефон, факс, е-mail)

      Банктік шот ______________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Филиалдар (өкілдіктер, объектілер, пункттер, учаскелер) ________________

      (орналасқан жері және деректемелері) Осымен расталады: барлық көрсетілген

      деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға аккредиттеу туралы

      куәлікті беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат

      жіберілуі мүмкін; өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым

      салмайды; барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды

      болып табылады; өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде ақпараттық

      жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі

      дербес деректерді пайдалануға келіседі.

      Басшысы ____________ ____________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Толтырылған күні: 20 жылғы "__" __________

  Сараптама ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Өтініш аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның

      ____________________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      ___________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан

      жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі), заңды тұлғада бизнес- сәйкестендіру нөмірі

      болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі) №__________ бастап "___" _________ 20___

      ___________________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің толық атауы) жүзеге асыруға берілген

      аккредиттеу туралы куәлікті келесі негіздеме бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз)

      қайта ресімдеуді сұраймын:

      1) заңды тұлға атауының өзгеруі ___________

      2) заңды тұлғаның орналасқан жерін өзгерту ________

      Заңды тұлғаның мекен-жайы________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін - ел, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді

      мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Электрондық пошта ________________________________________________

      Телефондар _______________________________________________________

      Факс _____________________________________________________________

      Банктік шот ______________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қоса беріледі _ парақ. Осымен расталады, бұл: барлық көрсетілген деректер ресми

      байланыстар болып табылады және оларға аккредиттеу туралы куәлікті қайта

      ресімдеу мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін; өтініш берушіге

      қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбаған; барлық қоса берілген

      құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады; өтініш беруші

      аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде ақпараттық жүйелерде

      қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес

      деректерді пайдалануға келіседі.

      Басшы __________ __________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Толтыру күні: "__" __________ 20__ жыл

  Сараптама ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
6-қосымша

"Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы

1) Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу;
2) Заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезде куәлікті қайта ресімдеу.

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитеті

4

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттандыру нысаны "e-Qurylys.kz" ақпараттық (www.equrylys.kz)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезде, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде куәлікті беру - қайта ресімдеу-20-40 минут

6

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

7

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша куәлік.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі

9

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушілер – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).

10

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың және мәліметтердің тізбесі

1) мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін аккредиттеу туралы куәлікті алған кезде порталға:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу ұйымының аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны;
2) куәлікті қайта ресімдеу кезінде:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.

11

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетуден бас тартады.

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында www.gov.kz орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

  Бұйрыққа 2-қосымша

Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүзеге асыратын сараптама ұйымдарының басшыларына қойылатын талаптар.

      1. Сараптама ұйымдары басшыларына қойылатын талаптар:

      құрылыс бейіні бойынша жоғары кәсіптік білім;

      жобалау және (немесе) сараптама ұйымдарындағы кәсіби жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл;

      сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сарапшының аттестаты (сертификаты).

  Бұйрыққа 3-қосымша

Кейбір бұйрықтардың күшін жою туралы тізбесі

      1. "Сараптамалық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 151 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10640 болып тіркелген);

      2. "Сараптамалық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 151 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 431 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23971 болып тіркелген);

      3. "Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары Тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36866 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады