"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 4 мамырдағы № 116-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 6 мамырда № 38672 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы
М. Мелдебекова

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 4 мамырдағы
№ 116-НҚ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 31 тамыздағы
№ 385 бұйрығына
8-қосымша

Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Балаларға қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Білім туралы" Заң) 5-бабының 68) тармақшасына сәйкес әзірленді және балаларға қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.

      2. Балаларға қосымша білім беру ұйымдары меншік нысанына және ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан, бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді бағып-күтуді және тәрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлға құрмай, қосымша білімнің білім беру және кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлер білім беру ұйымдары болып табылады.

      3. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының түрлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында көзделген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген).

      4. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидаларды, сондай-ақ балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа алады.

      5. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының қызметі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады:

      хабарлама тәртібімен – кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсетпейтін балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары (мемлекеттік балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жеке меншік балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары);

      лицензия негізінде – кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін ұйымдар.

      6. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының білім беру қызметі келесі бағыттар аясында жүзеге асырылады:

      профильді бағыттар (ғылыми-техникалық, туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық, көркем-эстетикалық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-қоғамдық, гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық, спорттық, дене шынықтыру және сауықтыру, әскери-патриоттық, әскери-спорттық, тілдік, құқықтық, дебаттық, ұлттық-мәдени, театрлық, STEM, IT, цифрлық және қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік, жасанды интеллект, волонтерлік бағыттар).

      көп бейінді бағыт (кемінде 2 бейінді бағыт).

      7. Балаларға қосымша білім беру жүйесіндегі білім беру процесінің негізгі қатысушылары білім алушылар, ата-аналар немесе балалардың заңды өкілдері және педагог қызметкерлері болып табылады.

      8. Балаларға қосымша білім беру ұйымдары келесі білім беру бағдарламаларын іске асырады:

      кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламалары – кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынатын балаларға қосымша білім беру ұйымдарында;

      балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламалары – кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынбайтын балаларға қосымша білім беру ұйымдарында.

      9. Каникул кезеңінде қажеттілікке қарай білім беру ұйымдарының базасында күндізгі және тәулік бойы болатын демалыс клубтары, орталықтары (базалары) ашылуы мүмкін.

      10. Балаларға қосымша білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 354 бұйрығымен бекітілген "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29187 болып тіркелген) "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ҰБДҚ) мәліметтердің жүргізілуін және өзектендіріліп отыруын қамтамасыз етеді.

      11. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының жұмыс режимі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы № 227 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптің үлгілік қағидаларына сәйкес балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы әзірлеп, бекітетін ішкі тәртіп қағидаларымен белгіленеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34996 болып тіркелген).

      12. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 28-бабының 3-тармағында тыйым салынған идеяларды таратуға жол берілмейді.

2-тарау. Кәмелетке толмағандарға білім беру–сауықтыру қызметтерін көрсетпейтін балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының қызмет тәртібі

      13. Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсетпейтін балаларға қосымша білім беру ұйымдарының (әрі қарай – Ұйым) негізгі міндеттері болып табылады:

      1) балаларға жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған сапалы қосымша білім алуға жағдай жасау;

      2) тұлғаның интеллектуалдық, шығармашылық, физикалық қабілеттерін дамыту, олардың мүмкіндіктерін іске асыру;

      3) моральдік құндылықтар мен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, тұлғаның даралығын дамытуға жағдай жасау арқылы интеллектін байыту;

      4) азаматтықты және патриотизмді, өз Отанына деген сүйіспеншілікті, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілге, халықтық дәстүрлерге құрметті қалыптастыру;

      5) белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлғаны тәрбиелеу, республиканың әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін қалыптастыру, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы қатынасын дамыту;

      6) балаларға экологиялық мәдениетті үйрету, оларды табиғатты қорғау қызметіне тарту;

      7) қоғамдық өмірге бейімдеу;

      8) бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру.

      14. Ұйымдар оқу-тәрбие үдерісін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу және орналастыруда, ғылыми және қаржы-шаруашылық қызметте Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шектерде тәуелсіз болып табылады.

      15. Балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламалары Ұйымдар тарапынан білім алушылардың жас ерекшеліктерін, ата-аналары немесе заңды өкілдерінің сұраныстарын, сондай-ақ өңірдің ұлттық-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып әзірленеді.

      16. Мемлекеттік ұйымдардың балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламалары білім беру басқару органдарының бекітуімен, жеке ұйымдардың бағдарламалары – ұйым басшысының бекітуімен жүзеге асырылады.

      17. Оқушылардың білім беру қызметі келесі түрде жүзеге асырылуы мүмкін:

      бір жасқа немесе әртүрлі жасқа тән топтарда;

      тұрақты және (немесе) ауыспалы құраммен;

      топтық (шеңберлер, секциялар, клубтар, жасаулар, студиялар, орталықтар, ансамбльдер, хорлар) және (немесе) жеке оқу формаларында;

      күндізгі және (немесе) қашықтықтан оқу формаларында.

      18. Контингентті толықтыру Ұйымның қызмет ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.

      19. Ұйымдар қамтамасыз етеді:

      1) ата-аналар немесе басқа заңды өкілдерді ұйымның жарғысы және балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларымен таныстыру;

      2) ата-аналар немесе басқа заңды өкілдерді іс-шараларға қатысуға тарту;

      3) профильді бағыттағы ұйымдармен өзара әрекеттесу.

      20. Ұйымдарда алқалы басқару органдары құрылады.

      21. Ұйымдар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жекелей жұмыс жүргізеді.

      22. Ұйымдар қылмыстық немесе девиантты мінез-құлыққа ие болып, ішкі істер органдарында есепте тұрған балаларды "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 47-бабына сәйкес басымдықпен қабылдайды.

      23. Балалардың Ұйымда болуы Ұйым мен ата-аналар немесе заңды өкілдер арасында жасалатын келісім-шарт негізінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      24. Сабақ кестесі Ұйымның әкімшілігі тарапынан балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып бекітіледі.

      25. Ұйымдағы педагогикалық қызметке Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес тиісті педагогикалық немесе кәсіби білімге ие тұлғалар жіберіледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген).

      26. Ұйым қызметкерлері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 "Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес медициналық тексеруден өтеді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген).

      27. Ұйымдар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 "Балалар сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29092 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың міндетті түрде сақталуын қамтамасыз етеді.

      28. Ұйымдар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 "Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын бекіту туралы" бұйрықтарына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21857 болып тіркелген) сәйкес тамақтануды қамтамасыз етеді.

      29. Ұйымдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру саласында қызметін жүзеге асыратын, терроризм тұрғысынан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27414 болып тіркелген).

      30. Ұйымдар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 68 бұйрығымен бекітілген Дене шынықтыру және спорт бойынша сабақтарды өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9923 болып тіркелген).

1-параграф. Балалар музыка мектептері, балалар көркемөнер мектептері, балалар өнер мектептері, көркем-эстетикалық бағыттағы мектептер, оқушылар сарайларының музыка мектептері (үй, орталық, кешен, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталықтары) қызметінің тәртібі

      31. Балалар музыка мектептерінде, балалар көркемөнер мектептерінде, балалар өнер мектептерінде, көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерде, оқушылар сарайларының музыка мектептерінде (үй, орталық, кешен, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталықтары) (бұдан әрі – Шығармашылық мектептер) оқу жылы 1 қыркүйекте басталады.

      32. Шығармашылық мектептердегі контингентті қалыптастыру 1 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

      33. Шығармашылық мектептердегі каникул мерзімі мен ұзақтығы орта білім беру ұйымдарындағы каникул мерзімдеріне сәйкес белгіленеді.

      34. Мектеп жасындағы балалар үшін бір сабақтың ұзақтығы 40 минутты (академиялық сағат) құрайды.

      35. Мектеп жасындағы балалардың апталық жүктемесі:

      бірінші оқу жылы – 4 академиялық сағат;

      екінші және келесі оқу жылдары – 6 академиялық сағат;

      эксперименттік және зерттеу топтары – 8 академиялық сағатқа дейін.

      36. Балабақша жасындағы балалар үшін сабақтың ұзақтығы 25–35 минутты құрайды, апталық жүктеме 3 сабақтан аспайды.

      37. Шығармашылық мектептердегі оқу-тәрбие үдерісі, соның ішінде оқушыларды сыныптан сыныпқа көшіру, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығымен бекітілген балалар музыка мектептері, балалар көркемөнер мектептері және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7409 болып тіркелген).

      38. Шығармашылық мектептерде оқу жеке және топтық формаларда жүргізіледі.

      39. Топтардың толымдығы:

      1) дайындық топтары – 8-ден 10 білім алушыға дейін;

      2) музыкалық-теориялық пәндер аясында топтар – 8-ден 10 білім алушыға дейін;

      3) хордағы "Ұжымдық музыка ойнау" пәні аясындағы топтар – 12-ден 20 білім алушыға дейін;

      4) "Ұжымдық музыка ойнау" (оркестр және ұжымдық музыка орындаудың өзге де түрлері) пәні аясындағы топтар – 6-дан 15 білім алушыға дейін;

      5) шағын топтық ұжымдық музыка орындау түрлері аясындағы топтар – 2-ден 5 білім алушыға дейін.

      Білім алушылар саны белгіленген ең төменгі шектен төмендеген жағдайда Шығармашылық мектебі топты басқа топпен біріктіру немесе білім алушыларды олардың білім беру бағдарламалары мен қызығушылықтарын ескере отырып қайта бөлу туралы шешім қабылдайды.

      40. Білім алушылар контингенті 100 адамнан кем немесе екі тілде оқыту жүзеге асырылатын шығармашылық мектептерде музыкалық-теориялық пәндер бойынша топтағы білім алушылар саны 5–10 адамды құрайды.

      41. Шығармашылық мектептерінің хореографиялық бөлімдерінде оқушылар саны 8-20 адамды құрайды.

      42. Шығармашылық мектебіне түсу үшін балалардың әртүрлі өнер түрлері (музыкалық, бейнелеу, хореографиялық, театр) саласындағы қабілеттерінің даму деңгейін анықтау мақсатында әңгімелесу өткізіледі.

      43. Негізгі оқу курсына дайындық мақсатында дайындық топтарына қабылданады:

      1) балалар музыка мектептеріне, балалар өнер мектептерінің музыкалық бөлімдеріне, оқушылар сарайларының музыка мектептеріне (үй, орталық, кешендер, балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталықтары) – 8 жасқа дейінгі балалар;

      2) балалар көркемөнер мектептеріне, өнер мектептерінің көркемөнер бөлімдеріне, оқушылар сарайларына (үй, орталық, кешендер, балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталықтары) – 5-тен 12 жасқа дейінгі балалар;

      3) балалар өнер мектептерінің хореография және цирк өнері бөлімдеріне – 5-тен 8 жасқа дейінгі балалар;

      4) театр өнері, кино өнері, фотоөнер және басқа бөлімдерге – 6-тен 14 жасқа дейінгі балалар.

      44. Шығармашылық мектептерде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын аяқтау қорытынды аттестациямен жүзеге асырылады:

      аралық емтихандар;

      мемлекеттік бітіру емтихандары.

      45. Қорытынды аттестаттау материалдарын шығармашылық мектептер әзірлейді және бекітеді, білім беруді басқару органдарымен келісіледі.

      46. Аралық және мемлекеттік қорытынды емтихандар кемінде бес мүшеден тұратын емтихан комиссияларымен өткізіледі.

      Комиссиялардың құрамын Шығармашылық мектептері қалыптастырады.

      Емтихан комиссиясының құрамына жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және педагогикалық қызмет өтілі кемінде үш жыл болатын тиісті бейін аясында педагогтер енгізіледі.

      Қорытынды аттестаттаудың объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қорытынды емтихандарды өткізу кезінде комиссия құрамына тиісті бейін бойынша кемінде бір тәуелсіз сарапшы енгізіледі.

      47. Емтихан комиссиясының төрағасын Шығармашылық мектебінің бірінші басшысы:

      мемлекеттік бітіру емтихандарын өткізу үшін техникалық және кәсіптік не тиісті бейіндегі жоғары білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамынан;

      аралық емтихандарды өткізу үшін шығармашылық мектебінің педагогтары немесе әкімшілік мүшелері қатарынан.

      48. Емтихан комиссиясының төрағасы емтихан комиссиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттік бітіру емтихандарын немесе аралық емтихандарды өткізудің белгіленген тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді.

      49. Емтихан комиссиясын құру және оның қызметін жүргізу тәртібі шығармашылық мектебінің бірінші басшысы бекітетін қорытынды аттестаттау туралы ережемен анықталады.

      50. Толық оқу курсынан өткен және мемлекеттік бітіру емтихандарын сәтті тапсырған білім алушылар осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес Шығармашылық мектепті бітіру туралы куәлік алады.

2-параграф. Оқушылар сарайларының (үй, орталық, кешен, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталықтары), жас натуралистер станцияларының (балалар экологиялық орталықтары, биологиялық орталықтар, экобиоорталықтар), жас техниктер станцияларының (балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық орталықтары, мектептері), жас туристер станцияларының (балалар мен жасөспірімдердің туризм орталықтары) қызмет тәртібі

      51. Оқушылар сарайларында (үйлер, орталықтар, кешендер, балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталықтары), жас натуралистер станцияларында (балалар экологиялық орталықтары, биологиялық орталықтар, экобиоорталықтар), жас техниктер станцияларында (орталықтар, балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылығы мектептері), жас туристер станцияларында (балалар мен жасөспірімдердің туризм орталықтары) (әрі қарай – Ұйымдар) оқу жылы 1 қыркүйекте басталады.

      52. Ұйымдардың контингентін қалыптастыру 1 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.

      53. Ұйымдардағы каникул мерзімі мен ұзақтығы орта білім беру ұйымдарындағы каникул мерзімдеріне сәйкес белгіленеді.

      54. Топтардың толымдығы:

      бірінші оқу жылы – 10-15 адам;

      екінші және келесі оқу жылдары – 8-12 адам;

      зерттеу топтары – 6-8 адам;

      мектепке дейінгі топтар – 6–10 адам;

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар – 3-6 адам.

      55. Спорт және дене шынықтыру–сауықтыру топтарының толымдығы – 15–25 адам.

      56. Мектеп жасындағы балалар үшін бір сабақтың ұзақтығы 40 минут (академиялық сағат).

      57. Мектеп жасындағы балаларға арналған апталық жүктеме:

      бірінші оқу жылы – 4 академиялық сағат;

      екінші және келесі оқу жылдары – 6 академиялық сағат;

      эксперименттік және зерттеу топтары – 8 академиялық сағатқа дейін.

      58. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін сабақтың ұзақтығы 25–35 минутты құрайды.

      59. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған апталық жүктеме:

      кіші топтар – аптасына 2 сабақтан аспайды;

      орта топтар – аптасына 3 сабаққа дейін;

      ересек және мектепке дейінгі дайындық топтары – аптасына 4 сабаққа дейін.

      60. Балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын меңгергені үшін оқушыларға өз үлгісі бойынша куәлік беріледі.

      61. Туристік-өлкетану бағытындағы ұйымдар оқушылар үшін туристік-өлкетану, спорттық-сауықтыру және экскурсиялық іс-шараларды ұйымдастыру қызметін жүзеге асырады.

      62. Туристік-өлкетану бағытындағы ұйымдардың міндеттері – оқушылар арасында туристік-өлкетану қызметін дамыту, олардың туған өлкесі туралы білімдерін қалыптастыру, қауіпсіз мінез-құлық және салауатты өмір салты дағдыларын үйрету, сондай-ақ туристік, спорттық-сауықтыру және экскурсиялық іс-шараларды ұйымдастыру.

      63. Туристік-өлкетану бағытындағы ұйымдар әртүрлі күрделілік категориясына жататын жорықтар, экскурсиялар, экспедициялар, туристік жиындар, жарыстар, оқу-жаттығу жиындары түрінде қызмет атқарады.

      64. Туристік-өлкетану іс-шараларын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының білім, туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамалық талаптарына, сондай-ақ оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау және қауіпсіздік нормаларына сәйкес жүргізіледі.

      65. Туристік топтардың жетекшілері болып тиісті дайындыққа және туристік-өлкетану қызметін ұйымдастыру тәжірибесіне ие, қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаудан өткен тұлғалар тағайындалады.

      66. Туристік іс-шара өткізуден бұрын маршрут әзірленеді, қажетті құжаттар рәсімделеді, қатысушыларға қауіпсіздік техникасы мен мінез-құлық ережелері бойынша нұсқау жүргізіледі.

      67. Туристік топтың құрамын қатысушылардың жасы, маршруттың күрделілік категориясы және қауіпсіздік талаптары ескеріле отырып анықталады.

      68. Туристік іс-шараларды өткізу кезінде білім алушылардың, тәрбиеленушілердің және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілікті ұйымның басшысы көтереді.

      Туристік топтың жетекшісі маршруттың сақталуын, қатысушылардың тәртібін, қауіпсіздік техникасы талаптарының және іс-шараны өткізу кезіндегі мінез-құлық ережелерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

      Туристік-өлкетану бағытын ұйымдастыру маршрутты әзірлеуді және бекітуді, іс-шараны материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, қауіпсіздік техникасы аясында нұсқама жүргізуді, қажетті құжаттарды рәсімдеуді және іс-шараға дайындықты бақылауды қамтамасыз етеді.

      69. Техникалық және ғылыми-техникалық бағыттағы ұйымдар балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылығы, ғылыми-техникалық модельдеу және инженерлік дайындығы саласында қызмет атқарады.

      70. Техникалық және ғылыми-техникалық бағыттағы ұйымдардың міндеттері – техникалық ойлау қабілетін, конструкторлық дағдыларды, өнертабыстық қызметті дамыту, сондай-ақ оқушылардың цифрлық және инженерлік құзыреттерін қалыптастыру.

      71. Техникалық және ғылыми-техникалық бағыттағы ұйымдардағы практикалық сабақтар құралдар, жабдықтар және техникалық құрылғыларды қолданумен байланысты болған жағдайда еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарының міндетті сақталуымен жүргізіледі.

      72. Экологиялық-биологиялық бағыттағы ұйымдар балалар мен жасөспірімдердің экологиялық тәрбиесі, биологиялық білім беру және табиғатты қорғау қызметін жүзеге асырады.

      73. Экологиялық-биологиялық бағыттағы ұйымдардың міндеттері – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, зерттеу дағдыларын дамыту, табиғатқа және қоршаған ортаға қамқорлық сезімін тәрбиелеу.

      74. Экологиялық-биологиялық бағыттағы ұйымдардың білім беру қызметі кружоктар, лабораториялар, оқу-тәжірибелік учаскелер, экологиялық бірлестіктер, экспедициялар және жобалық топтар түрінде ұйымдастырылады, бағыттары: экология, ботаника, зоология, агробиология, табиғатты тану, қоршаған ортаны қорғау және басқа байланысты бағыттар.

      75. Экологиялық-биологиялық бағыттағы ұйымдардың білім беру қызметі тірі объектілер мен табиғи материалдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік талаптарын ескере отырып жүргізіледі.

      76. Экологиялық-биологиялық бағыттағы ұйым практикалық сабақтарды, экскурсияларды және далалық зерттеулерді қауіпсіздік техникасы талаптарын, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және қоршаған ортаны қорғау қағидаларын міндетті түрде сақтай отырып жүргізеді.

3-параграф. Мектепке дейінгі дамыту кешені (орталық, академия) қызметінің тәртібі

      77. Мектепке дейінгі дамыту кешеніндегі (орталық, академия) оқу жылы (бұдан әрі – Мектепке дейінгі орталық) 1 қыркүйекте басталады.

      78. Мектепке дейінгі орталықтың контингентін қалыптастыру 1 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.

      79. Демалыс кезеңдерінің мерзімі мен ұзақтығы Мектепке дейінгі орталық әкімшілігімен белгіленеді.

      80. Білім алушылар үшін бір сабақтың ұзақтығы 25–35 минутты құрайды.

      81. Апталық жүктеме көлемі:

      кіші топтар – аптасына 2 сабақтан аспайды;

      орта топтар – аптасына 3 сабаққа дейін;

      үлкен және мектепке дейінгі дайындық топтары – аптасына 4 сабаққа дейін.

      82. Топтардың толымдығы:

      кіші топтар – 8–12 адам;

      орта және үлкен топтар – 10–15 адам;

      мектепке дейінгі дайындық топтары – 10–15 адам;

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар – 3–6 адам.

      83. Білім беру қызметі балалардың танымдық, сөйлеу, шығармашылық, әлеуметтік-коммуникативтік және дене дағдыларын дамыту және қалыптастыруда балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламалары аясында жүзеге асырылады.

      84. Балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын игеру қорытындылары жөнінде мектепке дейінгі орталық өз үлгісіндегі сертификат береді.

4-параграф. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің, мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің, олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің қызмет тәртібі

      85. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 "Спорттық резервті және жоғары жетістіктер спортшыларын даярлау бойынша оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдарының түрлерінің тізбесін және олардың қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10012 болып тіркелген) сәйкес қызметін жүзеге асырады.

5-параграф. Балалар аула клубының және балалар әскери-патриоттық клубының қызмет тәртібі (клубтық бос уақыт ұйымдары)

      86. Балалар аула клубтары, балалар әскери-патриоттық клубының (клубтық бос уақыт ұйымдары) (бұдан әрі - Аула клубтары) тұрғылықты жері бойынша күнтізбелік жыл бойы қызмет атқарады.

      87. Аула клубтарының міндеті – балалардың шығармашылық, спорттық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға жағдай жасау.

      88. Сабақтардың ұзақтығы 30–45 минутты құрайды.

      89. Топтардың толымдығы профильді қызметке байланысты анықталады:

      шығармашылық және танымдық топтар – 10–15 адам;

      спорттық және дене шынықтыру–сауықтыру топтары – 15–25 адам;

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар тобы – 3–6 адам.

      90. Аула клубтары білім, мәдениет, спорт ұйымдары және тұрғылықты жердегі әлеуметтік қызметтермен өзара әрекеттеседі.

      91. Балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын меңгергені туралы аула клубы өз үлгісіндегі сертификат береді.

      92. Балалар әскери-патриоттық клубтары өз қызметін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 29 шілдедегі № 398 бұйрығымен бекітілген Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі даярлық қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15646 болып тіркелген), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 1181 бұйрығымен бекітілген Әскерге шақыруға дейінгі даярлық бойынша қосымша білімнің білім беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.

6-параграф. Балалар демалыс орталықтарының қызмет тәртібі (бейінді, көпбейінді балалардың демалыс және бос уақыт орталықтары (кешендері)

      93. Балалар демалыс орталықтары (бейінді, көпбейінді балалардың демалыс және бос уақыт орталықтары (кешендері) (бұдан әрі – Балалар демалыс орталықтары) балаларды демалыс, бос уақытты ұйымдастыру қызметін жүзеге асырады.

      94. Балалар демалыс орталықтары маусымдық және (немесе) қысқа мерзімді тұру сипатына ие және каникул кезеңінде қызмет атқарады.

      95. Балалар демалыс орталықтары келесідей жіктеледі:

      1) болу уақытына қарай – күндізгі және (немесе) тәулік бойғы болу;

      2) орналастыру түрлеріне қарай:

      стационарлық (ғимараттар мен құрылыстар),

      стационарлық емес (модульдік, жылжымалы (мобильді), палаталық және киіз үйлік)).

      96. Балалар демалыс орталығының ауысымының ұзақтығы 5-тен 15 күнтізбелік күнге дейін созылады.

      97. Балалар демалыс орталықтарында балалардың болу ұзақтығына байланысты тамақтану және ауыз су режимі ұйымдастырылады.

      98. Балаларды қабылдау кезінде балалар демалыс орталығының медициналық қызметкері олардың денсаулық жағдайын визуалды тексеруден өткізеді.

      99. Балалар демалыс орталықтарында топтар балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалады:

      6–9 жас аралығындағы балалар үшін – 15-тен аспайды;

      10–13 жас аралығындағы балалар үшін – 20-дан аспайды;

      14–17 жас аралығындағы балалар үшін – 25-тен аспайды.

      Топтарды қалыптастыру кезінде қауіпсіздік талаптары, орналастыру жағдайлары және демалыс бағдарламалары ескеріледі.

      100. Үйірмелер мен секциялардағы сабақтардың ұзақтығы күніне 2 академиялық сағаттан аспайды.

      101. Балалар демалыс орталықтары балалардың аумақта болуын тұрақты түрде бақылауды қамтамасыз етеді. Балаларды қараусыз қалдыруға жол берілмейді.

      102. Балалар демалыс орталығының басшысы балалар демалыс орталығында болған кезеңде олардың өмірі мен денсаулығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      103. Балаларды балалар демалыс орталығына қабылдау медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқтығы негізінде жүзеге асырылады, олар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің уақытша міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есеп құжаттамасының формаларын бекіту және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулар туралы" бұйрығына сәйкес берілген медициналық құжаттармен расталады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      104. Күндізгі болу формасындағы балалар демалыс орталығы күніне 8 сағаттан аспайтын қызмет көрсетеді, балаларды сол күнгі қатысуы аяқталған соң міндетті түрде ата-аналарға немесе заңды өкілдерге тапсырады.

      105. Балалардың 4 сағаттан артық болу кезінде күндізгі болу формасындағы балалар демалыс орталығы балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күндізгі ұйқыға үзіліс ұйымдастырады.

      106. Белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін күндізгі болу формасындағы балалар демалыс орталығының қызметкерлері балаларды ата-аналарға немесе заңды өкілдерге тапсырады.

      107. Балалар демалыс орталығынан баланың өз бетінше кетуіне тек ата-аналар немесе заңды өкілдердің жазбаша рұқсаты болған жағдайда ғана жол беріледі.

      108. Тәулік бойы қызмет көрсететін балалар демалыс орталығы балалардың бүкіл ауысым бойы, түнгі уақытты қоса алғанда, орталық аумағында тұруын қамтамасыз ете отырып қызмет атқарады.

      109. Тәулік бойы тұруға арналған балалар демалыс орталығында жатын бөлмелерді ұйымдастыру, қызметкерлердің тәулік бойғы кезекшілігі, өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қоса алғанда балалардың қауіпсіз тұру жағдайлары қамтамасыз етіледі.

      110. Тәулік бойы қызмет көрсететін балалар демалыс орталығында түнгі уақытта балалардың тәртібі мен қауіпсіздігін бақылау үшін педагогикалық және (немесе) басқа қызметкерлер арасынан жауапты тұлғалар тағайындалады.

      111. Тәулік бойы қызмет көрсететін балалар демалыс орталығында тамақтану белгіленген нормаларға сәйкес ұйымдастырылады және балаларға тәулік бойы ауыз суға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

      112. Тәулік бойы қызмет көрсететін балалар демалыс орталығының күн тәртібі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалады және ұйықтау, демалыс, сауықтыру, тәрбиелік, спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға уақытты қарастырады.

      113. Тәулік бойы қызмет көрсететін балалар демалыс орталығына балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерімен келуі ішкі тәртіп ережелерімен белгіленген уақытта жүзеге асырылады және қауіпсіздік талаптары сақталады.

7-параграф. Балаларға арналған қосымша білім беру бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік орталықтардың қызмет тәртібі

      114. Балаларға арналған қосымша білім беру бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік орталықтар (бұдан әрі – Орталықтар) – қосымша білім беру жүйесін әдістемелік қамтамасыз ететін, үйлестіруші және дамытушы ұйымдар болып табылады.

      115. Орталықтардың негізгі қызмет мақсаты – заманауи білім беру бағдарламаларын, технологиялар мен әдістемелерді әзірлеу, енгізу және тарату арқылы балаларға қосымша білім берудің сапасын арттыру.

      116. Орталықтар қосымша білім берудің жағдайы мен даму перспективаларын талдайды, әдістемелік ұсыныстар, оқу бағдарламалары, оқу құралдары және басқа әдістемелік материалдар әзірлейді.

      117. Орталықтар педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған семинарлар, конференциялар, тренингтер, шеберлік сыныптарын ұйымдастырады.

      118. Орталықтар ғылыми-зерттеу және эксперименттік қызмет атқарады, қосымша білім беру саласындағы инновациялық бағдарламалар мен жобаларды апробациялайды.

      119. Орталықтар білім беру ұйымдары, ғылыми мекемелер, қоғамдық бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттеседі.

      120. Орталықтардың әдістемелік көмегі педагог қызметкерлерге, қосымша білім беру ұйымдарының басшыларына және білім беру жүйесінің мамандарына көрсетіледі.

      Әдістемелік көмек өтініш негізінде көрсетіледі.

      Өтініш орталыққа қағаз немесе электрондық форматта жолданады және өтініш беруші туралы мәліметтерді, мәселенің қысқаша сипаттамасын және жоспарланған әдістемелік қолдау формасын қамтиды.

      Орталық өтінішті тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарастырып, әдістемелік көмекті көрсету формасын анықтайды (кеңес беру, семинар, әдістемелік ұсыныстар, оқыту іс-шаралары).

3-тарау. Кәмелетке толмағандарға білім беру–сауықтыру қызметін көрсететін балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының қызмет тәртібі

      121. Кәмелетке толмағандарға білім беру - сауықтыру қызметтерін көрсететін балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары - жыл бойы немесе маусымдық жұмыс істейтін балалар оқу (оқыту) - сауықтыру орталықтары (кешендері) (бұдан әрі - білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары).

      122. Білім беру - сауықтыру ұйымдары өз қызметін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген кәмелетке толмағандарға білім беру - сауықтыру қызметтерін көрсетуге лицензия негізінде жүзеге асырады.

      123. Білім беру - сауықтыру ұйымдарының түрлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген) бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында көзделген.

      124. Бiлiм беру - сауықтыру ұйымдарының мiндеттерi:

      1) балалардың бiлiм алуы, сауықтыру, бос уақытын өткізу және жан-жақты тұлғалық дамуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;

      2) балаларға рухани-адамгершілік, азаматтық, патриоттық, эстетикалық, дене, еңбек және экологиялық тәрбие беруді қамтамасыз ету;

      3) баланың тиімді әлеуметтенуіне және кәсіби бағдарлануына, коммуникативті және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға жәрдемдесу;

      4) интеллектуалдық, моральдық және физикалық жетілдіруге жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру;

      5) балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, салауатты өмір салты дағдыларын, жалпы мәдениет пен демалыс мәдениетін дамыту.

      125. Білім беру–сауықтыру ұйымдары – стационарлық нысандар болып табылады, соның ішінде балалардың білім алуына, сауықтыруына және демалысына арналған стационарлық киіз үйлер мен шатырлы нысандар, олар білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес бейімделген, жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, сондай-ақ олардың талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Білім беру министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестірінде № 30721 тіркелген).

      126. Білім беру-сауықтыру ұйымдары кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру бағдарламаларын іске асырады, олардың мазмұны екі модульді қамтиды және мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруды көздейді:

      1) білім беру қызметін қамтитын:

      STEM-зертханалар базасында STEM-тәсілді қолдана отырып, іргелі пәндер бойынша (алгебра, геометрия, физика, химия, биология) балаларға арналған қосымша білім берудің тәжірибеге бағдарланған сабақтары, дамытушылық сабақтар, жобалау, зерттеу және шығармашылық қызмет, мастер-кластар, тренингтер, қызығушылықтар бойынша үйірмелер мен секциялар арқылы зертханалық және практикалық жұмыстар, жыл бойы жұмыс істейтін білім беру-сауықтыру ұйымдарына арналған тәрбие іс-шаралары;

      қызығушылықтары бойынша үйірмелер мен секциялар арқылы дамытушылық сабақтар, жобалық, зерттеу және шығармашылық қызмет, шеберлік сыныптары, тренингтер, зертханалық және практикалық жұмыстар, маусымдық жұмыс істейтін білім беру-сауықтыру ұйымдары үшін тәрбие іс-шаралары мен жобалар арқылы тәжірибеге бағдарланған сабақтар;

      2) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 7 қазандағы № 237 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37091 болып тіркелген) бекітілген Білім беру ұйымдарында балаларды сауықтыруды және олардың демалысын ұйымдастыру қағидаларына сәйкес дене шынықтыру-сауықтыру және (немесе) емдеу-сауықтыру іс-шаралары арқылы денсаулығын сақтауға және нығайтуға, аурулардың алдын алуға бағытталған сауықтыру қызметі.

      127. Кәмелетке толмағандарға арналған білім беру–сауықтыру бағдарламалары білім беру–сауықтыру ұйымдары тарапынан кәмелетке толмағандарға арналған білім беру–сауықтыру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту ережелеріне, сондай-ақ олардың құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді, бұл талаптар білім беру саласындағы уәкілетті органмен бекітілген.

      128. Кәмелетке толмағандарға арналған білім беру–сауықтыру бағдарламалары білім беру–сауықтыру ұйымдары тарапынан білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілгеннен кейін бекітіледі.

      129. Әскери-патриоттық және/немесе әскери-спорттық бағыттағы білім беру–сауықтыру ұйымдары бейіндік қызметті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 29 шілдедегі № 398 бұйрығымен бекітілген Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі даярлық қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестірінде № 15646 тіркелген) және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 1181 бұйрығымен бекітілген Әскерге дейінгі дайындық бойынша қосымша білім беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.

      130. Білім беру-сауықтыру ұйымдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 "Балалар сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29092 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы" бұйрықтарына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың міндетті сақталуын қамтамасыз етеді.

      131. Білім беру–сауықтыру ұйымдары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестірінде № 26867 тіркелген).

      132. Білім беру–сауықтыру ұйымдары Қазақстан Республикасының білім беру саласында қызмет көрсететін, терроризмге осал нысандарға арналған антитеррористік қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес антитеррористік қорғаныс қамтамасыз етілуін жүзеге асырады, бұл нұсқаулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестірінде № 27414 тіркелген).

      133. Қызметкерлер мен еріктілер (педагогикалық) жасақтарының мүшелері Білім беру-сауықтыру ұйымдарында қызметке Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі сәйкес жіберіледі. Педагогикалық қызметке Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі талаптарын және Педагогтердің лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) талаптарын сақтай отырып педагогтер жіберіледі.

      134. Білім беру–сауықтыру ұйымдары балалар демалысын ұйымдастырушы ретінде жоғары, техникалық, кәсіптік және ортадан кейінгі білім беру ұйымдары арасындағы келісімшарттарға сәйкес ерікті (педагогикалық) топтарды тартады.

      135. Білім беру–сауықтыру ұйымына балалар медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқтығына негізделіп қабылданады, бұл медициналық құжаттар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес берілген "Денсаулық сақтау саласындағы есеп құжаттарын бекіту және оларды толтыру нұсқаулықтары" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестірінде № 21579 тіркелген).

      136. Балалардың Білім беру-сауықтыру ұйымында болуы Білім беру-сауықтыру ұйымы мен ата-аналар немесе заңды өкілдер арасында жасалған шарт негізінде, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.

      137. Білім беру-сауықтыру ұйымы ауысымның ұзақтығын осы Қағидалардың 147 және 148-тармақтарына сәйкес өз бетінше белгілейді.

      138. Білім алушылар үшін бір сабақтың ұзақтығы 45 минутты (академиялық сағат) құрайды.

      139. Білім алушылар үшін апталық жүктеменің көлемі 40 академиялық сағаттан аспайды.

      140. Білім беру-сауықтыру ұйымының білім беру қызметі қызығушылықтар бойынша топтарда (үйірмелерде, секцияларда, клубтарда, жасақтарда, студияларда, орталықтарда, ансамбльдерде, хорларда) жүзеге асырылады.

      141. Үйірмелер мен секциялардың сандық құрамы, сабақтардың ұзақтығы Білім беру-сауықтыру ұйымының бірінші басшысы айқындайды.

      142. Білім беру-сауықтыру ұйымдары 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсетеді.

      143. Білім беру-сауықтыру ұйымдары қажет болған жағдайда балалардың психологиялық жай-күйін жақсартуға және олардың болу жағдайларына бейімделуіне бағытталған психологиялық-педагогикалық қызметті жүзеге асырады.

      144. Білім беру-сауықтыру ұйымының басшысы балалардың Білім беру-сауықтыру ұйымында болған кезеңінде олардың өмірі мен денсаулығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      145. Білім беру-сауықтыру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады.

      146. Білім беру-сауықтыру ұйымдары:

      1) жыл бойы жұмыс істейтін білім беру-сауықтыру ұйымдары;

      2) маусымдық жұмыс істейтін білім беру-сауықтыру ұйымдары болып бөлінеді.

1-параграф. Жыл бойы қызмет атқаратын білім беру–сауықтыру ұйымдарының қызмет ету тәртібі

      147. Жыл бойғы жұмыс істейтін білім беру-сауықтыру ұйымдары:

      1) балалардың жыл бойы тұруына арналған стационарлық объектілерде (құрылыстар мен ғимараттарда) қызмет көрсетеді және олардың тұруы, тамақтануы, оқуы, қосымша білім алуы және сауықтыруы үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген;

      2) ұзақтығы 15-тен 24 күнтізбелік күнге дейін ауысымдарды ұйымдастырады;

      3) білім беру-сауықтыру бағдарламаларын іске асырады, бағдарламаның мазмұны екі өзара байланысты модульді қамтиды және келесі қызметтерді жүзеге асыруды қарастырады: білім беру (үйірмелер мен секциялар арқылы балаларға арналған қосымша білім беру және негізгі пәндер бойынша қосымша білім алу: алгебра, геометрия, физика, химия, биология) және сауықтыру, осы Қағидалардың 126-тармағына сәйкес.

2-параграф. Маусымдық қызмет атқаратын білім беру–сауықтыру ұйымдарының қызмет ету тәртібі

      148. Маусымдық білім беру-сауықтыру ұйымдары:

      1) балалардың маусымдық тұруына арналған стационарлық объектілерде (ғимараттар мен құрылыстарда), соның ішінде шатырлы және киіз үйлерде, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда және мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында қызмет көрсетеді және олардың тұруы, тамақтануы, қосымша білім алуы және сауықтыруы үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген;

      2) жазғы маусымда ұзақтығы 10-нан 24 күнтізбелік күнге дейін ауысымдарды ұйымдастырады;

      3) білім беру-сауықтыру бағдарламаларын іске асырады, бағдарламаның мазмұны екі өзара байланысты модульді қамтиды және келесі қызметтерді жүзеге асыруды қарастырады: білім беру (үйірмелер мен секциялар арқылы балаларға арналған қосымша білім беру) және сауықтыру, осы Қағидалардың 126-тармағына сәйкес.

  Балаларға арналған қосымша
білім беру ұйымдары қызметінің
үлгілік қағидаларына
қосымша

Балалар музыкалық мектебін аяқтағаны туралы

КУӘЛІК № ________________

      Осы куәлікпен расталады,

      ______________________________________________

      (тегі, аты және (бар болған жағдайда) әкесінің аты)

      осы жерде оқыған:

      ________________________________________________________________

      (балалар қосымша білім беру ұйымының толық атауы) және ______ жылы

      музыкалық өнер саласы бойынша балаларға арналған қосымша білім беру

      бағдарламасын толық аяқтады

      "__________________________________________"

      (мамандығы)

      Бағдарлама толық көлемде игерілді. Қорытынды аттестациядан сәтті өтті.

      Оқу пәндері бойынша қорытынды бағалар:

Оқу пәнінің атауы

Қорытынды баға

1

___________________________________________

_____________

2

___________________________________________

_____________

3

___________________________________________

_____________

4

___________________________________________

_____________

5

___________________________________________

_____________

6

___________________________________________

_____________

7

___________________________________________

_____________

      Педагогикалық кеңестің "_" _________ 20__ ж. шешімімен,

      хаттама № ___ бойынша осы куәлік берілді.

      Директор __________________ /ТАӘ/

      М.О.

      Берілген күні: "_" _________ 20__ ж.

      Тіркеу нөмірі: _______

Балалар көркемөнер мектебін аяқтағаны туралы

КУӘЛІК № ____

      Осы куәлікпен расталады,

      ________________________________________________

      (тегі, аты және (бар болған жағдайда), әкесінің аты)

      осы жерде оқыған:

      ___________________________________________________________

      (балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының толық атауы)

      және ________ жылы бейнелеу өнері саласы бойынша балаларға

      арналған қосымша білім беру бағдарламасын толық аяқтады.

      Оқу пәндері бойынша қорытынды бағалар:

Оқу пәнінің атауы

Қорытынды баға

1

__________________________________________

_____________

2

__________________________________________

_____________

3

__________________________________________

_____________

4

__________________________________________

_____________

5

__________________________________________

_____________

6

__________________________________________

_____________

7

___________________________________________

_____________

      Қорытынды аттестациядан сәтті өтті.

      Педагогикалық кеңестің "_" _________ 20__ ж. шешімімен,

      хаттама № ___ негізінде осы куәлік берілді.

      Директор __________________ /ТАӘ/

      М.О.

      Берілген күні: "_" _________ 20__ ж.

      Тіркеу нөмірі: _______

Өнер мектебін аяқтағаны туралы

КУӘЛІК № ____

      Осы куәлікпен расталады,

      _______________________________________________

      (тегі, аты және (бар болған жағдайда) әкесінің аты)

      осы жерде оқыған:

      __________________________________________________________

      (өнер мектебінің толық атауы) ұйымында білім алып, ____ жылы

      өнер саласы бойынша балаларға арналған қосымша білім беру

      бағдарламасын ___________ бағыты бойынша толық меңгерді.

      "__________________________________________"

      Оқу пәндері бойынша қорытынды бағалар:

Оқу пәнінің атауы

Қорытынды баға

1

___________________________________________

_____________

2

___________________________________________

_____________

3

___________________________________________

_____________

4

___________________________________________

_____________

5

___________________________________________

_____________

6

___________________________________________

_____________

7

___________________________________________

_____________

      Қорытынды аттестациядан сәтті өтті.

      Педагогикалық кеңестің "_" _________ 20__ ж. шешімімен,

      хаттама № ___ негізінде осы куәлік берілді.

      Директор __________________ /ТАӘ/

      М.О.

      Берілген күні: "_" _________ 20__ ж.

      Тіркеу нөмірі: ______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады