Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 47) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.04.2022 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептері қызметінің қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиада резервін даярлау орталықтары қызметінің қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиадалық даярлау орталықтары қызметінің қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын жоғары спорт шеберлігі мектептері қызметінің қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубтары қызметінің қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес спорт резервін және жоғары сыныпты спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын спорт клубтары, мүгедек адамдарға арналған спорт клубтары қызметінің қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын кәсіпқой спорт клубтары қызметінің қағидалары;
9) осы бұйрыққа 8-1-қосымшаға сәйкес спорт резервін және мүгедектігі бар жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығы қызметінің қағидалары;
10) осы бұйрыққа 8-2-қосымшаға сәйкес спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларын даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің қағидалары;
11) осы бұйрыққа 8-3-қосымшаға сәйкес спорт түрлері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың командаларын даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің қағидалары;
12) осы бұйрыққа 8-4-қосымшаға сәйкес спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын жаттығу орталықтары қызметінің қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мұхамедиұлы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен бекітілген 1-қосымша |
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорттық ұйымдар түрлерінің тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі.
2. Олимпиада резервін даярлау орталығы.
3. Олимпиадалық даярлау орталығы.
4. Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі.
5. Балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубы.
6. Спорт клубы, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт клубы.
7. Кәсіпқой спорт клубы.
8. Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы.
9. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларын даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар.
10. Спорт түрлері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың командаларын даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар.
11. Жаттығу орталықтары.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен бекітілген 2-қосымша |
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептері қызметінің қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептері қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептері (бұдан әрі - спорт мектептері) қызметінің тәртібін айқындайды, сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде балаларды, жасөспірімдерді, юниорларды және жастарды, олардың ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарды (бұдан әрі – мүгедектігі бар адамдар) (бұдан әрі – оқушылар), спорт түрлерінен дайындау мақсатында қосымша білім беру оқу бағдарламаларын іске асырылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері жатады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Спорт мектептерінің республикалық, облыстық, қалалық және аудандық мәртебесі болуы мүмкін. Спорт мектептерінің мәртебесі оның құрылтайшысымен анықталады және спорт мектептерінің жарғысында көрсетіледі.
5. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыспалы құрам – оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар кезінде тартылатын спортшылар құрамы;
2) спорттық нормативтері – орындалуы тиісті топқа ауысу үшін негізгі шарт болып табылатын оқушылардың спорт түрлерінен белгілі бір спорттық жаттығуларды орындауын есепке ала отырып, спорт мектептерінің оқушыларына қойылатын бақылау-ауыстыру талаптары;
3) тұрақты құрам – спорт мектебінің контингентіне басшының бұйрығымен қабылданған спортшылар.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мақсаттары мен міндеттері
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Спорт мектептерінің негізгі мақсаттары:
1) оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту;
2) оқушылардың белгілі бір спорт түріне қабілетін анықтау;
3) оқушыларды спорт түрлеріне оқыту және моральдық-ерік қасиеттерін тәрбиелеу.
7. Спорт мектептерінің негізгі міндеттері:
1) оқушылар арасында олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты дене мүмкіндігінің жетілуіне бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбиелік жұмыстарды жүзеге асыру;
2) жалпы білім беру мектептерінде және басқа да білім беру мекемелеріне спорт мектебінде жүргізілетін спорт түрлері бойынша әдістемелік және спорттық-бұқаралық жұмыстарға жан-жақты көмек көрсету;
3) спорт резервін, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық құрама командаларға үміткерлер даярлауды қамтамасыз ету және спорт мектептерінде жоғары дәрежелі спортшыларды тәрбиелеу.
8. Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін спорт мектептері:
1) жыл бойы тұрақты сабақтар өткізу үшін жағдайлар жасайды;
2) қабілетті оқушыларды болашақта спорт түрлері бойынша мамандыру үшін іріктеу жүйесін ұйымдастырады;
3) жүйелі тәрбиелік жұмыстарды, соның ішінде оқушылардың спорттық этиканы сақтау дағдыларын, ұйымшылдығын дамытуды ұйымдастырады;
4) алдыңғы қатарлы спортық технологияларды пайдаланып, соның ішінде оқу-жаттығу процесін ұйымдастырады;
5) спорттық жарыстарды жүйелі өткізеді және оқушылардың спорттық жарыстарға белсенді қатысуын қамтамасыз етеді;
6) оқушылардың қажетті теориялық білімді және тәжірибиелік дағдыларды игеруін қамтамасыз етеді.
3-тарау. Оқушыларды қабылдау, ауыстыру және оқудан шығару тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Оқушыларды қабылдау, ауыстыру, оқудан шығару және оқуды бітіруі жаттықтырушы-оқытушының ұсынымы бойынша спорт мектебі басшысының бұйрығымен ресімделеді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9-1. Спорт мектебіне мына талаптарға сәйкес келетін жалпы білім беретін мектептердің және басқа да оқу орындарының оқушылары қабылданады:
1) таңдаған спорт түрі бойынша спорттық норматив;
2) Спорт түрлері бойынша қабылдау үшін оқушылардың жасы "Спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 42 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9881 тіркелген).
Ескерту. 3-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 08.02.2019 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.10. "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Спорттық-сауықтыру топтарына және спорт түрлері бойынша бірінші оқу жылының бастапқы даярлық топтарына құжаттарды қабылдау оқу жылы бойы жүргізіледі.
Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне түсу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса, еркін нысандағы өтінішті береді.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты олар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға береді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10-1. Портал арқылы жүгінген жағдайда, "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушы өтініштерінің тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 17.02.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.10-2. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды кеңсеге немесе портал арқылы тапсырған сәттен бастап 4 (төрт) сағат ішінде ұсынылған құжаттардың осы Тізбеде және осы Қағидалардың 9-1 және 11-тармақтарында көзделген талаптарға толықтығы мен сәйкестігін тексереді.
Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініштің көшірмесіне күні мен тегін көрсете отырып, қабылданғаны туралы белгі қояды, порталда – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.
Ескерту. 10-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 17.02.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.10-3. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тарту береді, порталда – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды.
Ескерту. 10-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 17.02.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.10-4. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тегі мен күні көрсетілген қабылдау туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі немесемемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
Порталда – көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Ескерту. 10-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 17.02.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.10-5. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 10-5-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Спорт түрлеріне байланысты оқушылардың жасы "Спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 42 бұйрығымен реттеледі, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9881 тіркелген.
12. Оқушыларды келесі оқу жылына және келесі оқу кезеңі топтарына ауыстыру:
1) тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйым берген денсаулығы туралы медициналық анықтамасы бар болғанда;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 19-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мүгедектік туралы анықтама болған кезде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген);
3) осы топтарға арналған және спорт мектебінің басшысы бекіткен спорттық нормативтерді орындаған жағдайда жүзеге асырылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Спорттық нормативтерді тапсырмаған оқушылар келесі топтарға ауыстырылмайды. Осы оқушылар спорт мектебі педагогикалық кеңесі шешімінің негізінде осы даярлау кезеңінде бір реттен артық емес оқу жылында қайтадан оқуды жалғастырады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Тиісті оқу жылының спорттық нормативтерді орындаған, бірақ келесі оқу жылындағы топқа ауысу үшін белгіленген жасқа жетпеген оқушылар, педагогикалық кеңестің шешімімен мерзімінен бұрын ауыстырылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Оқушылар мына жағдайларда оқудан шығарылады:
1) медициналық қарсы айғақтары болған жағдайда;
2) жеке дайындық жоспарларының талаптарын орындамағанда, спорттық дайындық тәртібін бұзғанда;
3) өзінің спорттық нәтижесін төмендеткенде;
4) спорт мектебінің ішкі тәртіп ережелерін бұзғанда;
5) спортта тыйым салған субстанциялар және (немесе) әдістерді қолданғанда;
6) өз еркімен.
16. Оқушылар топтан шыққан жағдайда, жаттықтырушы-оқытушы топты бір ай мерзім ішінде толықтырып жасақтайды.
Оқу жылы аяқталған кезде спорт мектептеріндегі топтардың сандық құрамы алғашқы құрамынан кемінде 50%-ды құрауы тиіс.
4-тарау. Оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
17. Спорт мектебінде оқу барысында оқушылар келесі дайындық кезеңдерінен өтеді:
1) спорттық-сауықтыру даярлығы кезеңінде (оқудың барлық кезеңі) – сабақтар денсаулығын нығайту және қозғалудың табиғи қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданғысы келетін 6 жастан 15 жасқа дейінгі оқушылармен өткізіледі;
2) алғашқы даярлау кезеңі (1-3 жыл) – сабақтар оқу-жаттығу топтарына дарынды оқушыларды іріктеу мақсатында осы спорт түріне белгіленген жасқа сәйкес спортпен шұғылданғысы келетін балалармен өткізіледі;
3) оқу-жаттығу даярлығы кезеңі (4-5 жыл) – топтар спорт түрі бойынша мамандану мақсатында алғашқы спорттық даярлау курсын табысты игерген оқушылардан жасақталады;
4) спорттық жетілдіру кезеңі (3-4 жыл) – топтар жастар құрама командаларын толықтыру мақсатында оқу-жаттығу топтарында даярлану кезеңінен өткен және бақылау нормативтерін орындаған оқушылардан жасақталады;
5) жоғары спорт шеберлігі кезеңі (3 және одан жоғары жыл) – топтар спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командаларын толықтыру мақсатында спорттық жетілдіру кезеңінен өткен оқушылардан жасақталады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Әр оқушыға осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес спортшының жеке карточкасы ашылады.
Спорт мектептерінде толтырылады және өткізіледі:
1) сабақ кестесі;
2) қысқа мерзімді (күнделікті) және орта мерзімді жоспарлар;
3) білім алушылардың сабаққа қатысуын немесе қосымша білім берудің білім беру бағдарламасын меңгеруін есепке алу журналын (word (ворд) немесе pdf (пдф) электрондық форматында);
4) жаттықтырушы-оқытушының жұмысын есепке алу журналы;
5) қауіпсіздік техникасына нұсқау беру журналы;
6) жаттықтырушы-оқытушының жүктемесі туралы мәліметтер.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Спорт мектептері жұмысының негізгі нысандары мыналар:
1) оқу-жаттығу сабақтары (жеке және топтық);
2) көшпелі оқу-жаттығу жиындарындағы және көшпелі емес оқу-жаттығу жиындарындағы оқу-жаттығу сабақтары;
3) спорттық жарыстарға қатысу;
4) спорттық-сауықтыру лагерлеріндегі оқу-жаттығу процесі;
5) медициналық қалпына келтіру іс-шаралары;
6) теориялық сабақтар;
7) оқушылардың нұсқаушылық және төрешілік іс-тәжірибелері;
8) спорттық жарыстарды көру және талдау болып табылады.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Спорт мектептерінде оқу жылы 1 қыркүйектен басталады. Спорт түрлері бойынша бөлімшелердегі оқу-жаттығу сабақтары оқу-жаттығу сабақтарының 52 аптаға есептелген оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары бойынша тікелей спорт мектебінің жағдайында, оқу-жаттығу жиындарына, жарыстарға, спорттық-сауықтыру лагерлерінде қатысуды қоса алғанда және спорт мектептерінің демалысы кезіндегі жеке жоспары бойынша жүргізіледі.
21. Осы Қағиданың негізінде әрбір спорт мектебі өзі таңдаған жұмысты, спорт түрлерінің ерекшелігін, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді есепке алып, спорттық даярлықтың ұлттық стандарттарына сәйкес қызмет бағдарламасын әзірлейді. Қызмет бағдарламасын спорт мектебінің басшысы бекітеді.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Спорт мектебінің спорттық жетістіктері осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес спорт мектебінің картасында көрсетіледі.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Оқушылар және оқу топтартарының спорт мектебінде білім алған кезінде спорттық жарыстарда қол жеткізген нәтижелері жарыстарды өткізу циклінің ішінде (бір, екі, төрт жылда) спорт мектебі қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу бойынша үстемеақыны айқындау кезінде ескеріледі.
24. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуға жіберілген спорт мектептерінің командалары мен оқушыларын дайындау үшін спорт мектептері қаржыландыру шегінде тікелей осы елді мекенде орналасқан оқу-жаттығу жиындарында өтетін ұзақтығы он сегіз күнтізбелік күнге дейін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жарыстарын, ұзақтығы жиырма бір күнтізбелік күнге дейін республикалық және ұзақтығы жиырма төрт күнтізбелік күнге дейін халықаралық спорттық жарыстарға көшпелі оқу-жаттығу жиындары мен жиындар, сондай-ақ жарыс маусымы аяқталған соң қалпына келтіру жиындарын өткізеді, олардың жалпы саны жылына жүз елу күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Спорттық-сауықтыру топтары мен алғашқы даярлау топтарындағы сабақтар жалпы білім беретін мектептердің ғимаратында және басқа да оқу мекемелерінің оқу жылы бойы қолда бар спорт ғимараттарын пайдалану арқылы өткізілуі мүмкін. Топтар үшін белгіленген көлемде оқушылар контингенті болған жағдайда, олармен сабақтар демалыс кезінде де жалғаса береді.
Жыл бойғы оқу жаттығулары мен оқушылардың демалыс кезінде белсенді тынығуын қамтамасыз ету үшін спорттық-сауықтыру лагерлері ұйымдастырылады.
26. Бір сабақтың ұзақтығы:
1) спорттық-сауықтыру топтарында және алғашқы даярлау топтарында - екі-үш академиялық сағаттан аспауы тиіс;
2) оқу-жаттығу топтарында аптасына кемінде төрт рет сабақ өткізу кезінде - үш-төрт академиялық сағаттан аспауы тиіс, аптасына жиырма сағат және одан да көп жүктемесі бар топтарда – төрт академиялық сағаттан аспауы тиіс, күніне екі рет жаттығу сабағы болған кезде – үш академиялық сағаттан аспауы тиіс;
3) спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарында – төрт академиялық сағаттан аспауы тиіс.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Оқу-жаттығу топтарында, спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарында сабақты спорт түрі бойынша негізгі жаттықтырушы-оқытушы жүргізеді.
Оқу-жаттығу процесінде көмек көрсету үшін қосымша жаттықтырушы-оқытушы тартылады. Осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес бірінші топқа енгізілген спорт түрлерінде аралас спорт түрлерi бойынша, жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша жаттықтырушы-оқытушылар, сонымен қатар, техник-кеме жүргізуші, жаттықтырушы-кеңесші, жаттықтырушы-сервисмен, жаттықтырушы-майлаушы, , дәрігер, механик, қару-жарақ шебері, мал дәрігері, зоотехник, ұста, ат бағушы, әбзелші, жылқышы, жаттықтырушы-массажшы, нұсқаушы-берейтор (бессайыс), хореограф, аккомпониатор, психолог, сервисмен-конькиді қайраушы, сервисмен-шаңғы майлаушы тартылады.
Спорт мектебінің басшысы, басшының орынбасары, нұсқаушы және әдіскер тиісті жоғары кәсіптік білімі және біліктілік санаты болған кезде жаттықтырушы-оқытушылық жұмысты жүргізеді. Бұл ретте жаттықтырушы-оқытушылық жұмыс үшін жүктеме 0,5 мөлшерлемеден аспауы тиіс.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Қазіргі бессайыс (биатл, триатл) бойынша сабақтарға оқу жүктемесін есептеу кезінде оқу сағат саны 2,5 есеге көбейтілуі тиіс, спорттық және көркем гимнастика, конькимен мәнерлеп сырғанау, суға секіру, акробатика, үйлесімді жүзу, биатлон, фристайл, су шаңғысы спорты, триатлон бойынша 2 есеге, ал шаңғы қоссайысы, жеңіл атлетика көпсайысы, ат спорты, полиатлон, есу слаломы, байдарка мен каноэде есуде, академиялық есуде оқу бағдарламасына енетін жаттықтырушы-оқытушылардың еңбек ақысын есепке алып, 1,5 есе көбейтілуі тиіс.
Берілген спорт түрлері бойынша оқу сабақтарының сағат есепке алып санын көбейту негізгі жаттықтырушы-оқытушының және ұқсас спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушылардың топтарын бірге бір мезгілде жұмысқа тартқан жағдайда жүзеге асырылады.
5-тарау. Жинақтау тәртібі, топтардың толықтырылуы, оқу-жаттығу жұмысының тәртібі
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
29. Спорт мектептерінің құрылымында тұрақты және ауыспалы құрам болады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.30. Республикалық мәртебесі бар спорт мектебіндегі оқушылар контингентін, оқу топтарының санын, оқу сағаттарының жылдық есебін және штаттық кестені жыл сайын 1 қыркүйектен кешіктірмей дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісім бойынша спорт мектебінің басшысы бекітеді.
Облыстық, қалалық және аудандық мәртебесі бар спорт мектебіндегі оқушылар контингентін, оқу топтарының санын, оқу сағаттарының жылдық есебін және штаттық кестені жыл сайын 1 қыркүйектен кешіктірмей дене шынықтыру және спорт саласындағы тиісті жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) келісім бойынша спорт мектебінің басшысы бекітеді.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.31. Оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуы осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес айқындалған.
Мүгедектігі бар адамдар арасындағы оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуы осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес айқындалған.
Жаттықтырушы-оқытушылар ауыспалы топтарды олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің және спортта дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарының негізгі құрамында тұрған оқушылардан жасақтайды. Ауыспалы топтағы оқушылардың спорт мектебінің командасы үшін спорттық іс-шараларға қатысуы іссапарға жіберуші спорт мектебінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бастапқы даярлық топтарын жаттықтырушы-оқытушылармен жасақтау ағымдағы оқу жылының 1 қазанына дейін жүзеге асырылады.
Спорттық және би жұптары үшін мәнерлеп сырғанаудан спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарында оқушылардың саны төрт адамды құрайды.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.32. Алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
33. Спорт мектептерінің жоғары спорт шеберлігі топтарына ойын спорты түрлерінен, көкпардан, коньки спортынан, шорт-тректен, жеңіл атлетикадан "Спорт шеберіне үміткер" разрядын, ал қалған спорт түрлерінде "Қазақстан Республикасының спорт шебері" дәрежесінен төмен емес атақ алған оқушылар ауыстырылады.
Спорт мектептерінің спорттық жетілдіру топтарына ойын спорты түрлерінен, көкпардан, коньки спортына және жеңіл атлетикадан бірінші спорттық разряд, ал қалған спорт түрлерінде "Спорт шеберіне үміткер" дәрежесін алған оқушылар ауыстырылады.
Спорт мектептерінің оқу-жаттығу топтарына алғашқы даярлық кезеңінде кемінде бір оқу жылында оқыған оқушылары қабылданады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.34. Спорт мектептерінде спорт түрлерінен бөлімшелер алғашқы даярлау топтарынан, оқу-жаттығу топтарынан, спорттық жетілдіру топтарынан және жоғары спорт шеберлігі топтарынан құрылады.
Облыстық, қалалық және аудандық спорт мектептерінде спорттық жетілдіру топтарын ашу тиісті жергілікті атқарушы органның келісуі бойынша спорт мектебі басшысының шешімімен жүзеге асырылады.
Республикалық спорт мектептерінде спорттық жетілдіру топтарын ашу, республикалық, облыстық, қалалық және аудандық спорт мектептерінде жоғары спорт шеберлігі топтарын ашу уәкілетті органның келісу бойынша спорт мектебі басшысының шешімімен жүзеге асырылады.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.35. Спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушылар құрамының жұмысы:
1) алғашқы даярлау топтарында – оқу топтары құрамының тұрақтылығы жалпы дене дайындығы бойынша талаптарды қоса алғанда, оқушылардың спорт мектептері бағдарламаларын игеру деңгейі, оқу-жаттығу топтарына ауыстырылған шұғылданушылардың санын есепке алып;
2) оқу-жаттығу топтарында – топ құрамының тұрақтылығы, жалпы және арнайы дене дайындығының нормативтік көрсеткіштерін орындауын, спорттық жарыстарда қол жеткізген нәтижелерін және кемінде екінші жасөспірімдік спорттық разрядының болуын, түлектер арасынан спорт төрешілерін дайындауды есепке алып;
3) спорттық жетілдіру топтарында – шұғылданушылардың бағдарлама, соның ішінде спорттық даярлау талаптарын орындауларын, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларына (негізгі, жастар және жасөспірімдер құрамы) даярланған үміткерлер саны, олардың республикалық және халықаралық жарыстарда өнер көрсетуінің нәтижелерін ескере отырып;
4) жоғары спорт шеберлігі топтарында – спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларына (негізгі, жастар және жасөспірімдер құрамы) даярланған үміткерлердің санын, олардың республикалық және халықаралық жарыстарда өнер көрсетуінің нәтижелерін ескере отырып бағаланады.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.36. Әр жаттықтырушы-оқытушыға осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес жаттықтырушы-оқытушының жеке карточкасы ашылады.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37. Спорт мектептерінде педагогикалық кеңес құрылады, оның ережесін және құрамын спорт мектебінің басшысымен бекітеді.
Педагогикалық кеңес тоқсан сайын кемінде бір рет өткізіледі. Педагогикалық кеңес отырысында оқу-жаттығу, тәрбие, әдістемелік, спорттық-бұқаралық жұмыстар, дәрігерлік бақылау тыңдалады және талқыланады және солар бойынша шешімдер қабылданады.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.38. Спорт түрлері бойынша бөлімшелерде егер олардың әрқайсысының басшылығымен толық жүктемемен кемінде 3 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейтін болса, онда спорт мектебі басшысының бұйрығымен жетекші жаттықтырушы-оқытушылар арасынан бөлімшенің аға жаттықтырушы-оқытушылары тағайындалады.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.39. Спорт түрлерінен бөлімшелерде жаттықтырушылар кеңесі құрылады, оның ережесін және құрамын спорт мектебінің басшысы бекітеді.
Жаттықтырушылар кеңестерінде бөлімшелердің аға жаттықтырушы-оқытушыларының басшылығымен айына бір реттен кем емес оқу-жаттығу, тәрбие жұмысы, оқушыларды даярлаудың жеке жоспары, жарыстарға қатысу мәселелері қарастырылады, жаттықтырушы-оқытушылардың жаттығу процесі, кейіннен оларды талқылай және жұмыс тәжірибесімен алмаса отырып, ашық жаттығу сабақтарын өткізу әдістемелерін жетілдіру жөніндегі хабарламалар мен баяндамалар тыңдалады.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.40. Спорт мектебі жұмысшыларының штатын, спорт мектебінде жүргізілетін спорт түрлерін және спорт ғимараттарын ескере отырып, уәкілетті органның (спорт мектебінің республикалық мәртебесі болған жағдайда) немесе тиісті жергілікті атқарушы органның (спорт мектебінің облыстық, қалалық және аудандық мәртебесі болған жағдайда) келісуімен спорт мектебінің басшысы бекітеді.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.41. Спорт мектептері спортшыларды және жаттықтырушы-оқытушылар құрамын заңнамада белгіленген тәртіпте спорттық киіммен, аяқ-киіммен, мүкаммалмен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді.
42. Спорт мектептері үшін бірыңғай спорттық форма, таңба, төс белгісі және оқушы билеті белгіленеді.
6-тарау. Медициналық қамтамасыз ету
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
43. Спорт мектебінің медициналық қызметкері оқу-жаттығу үрдісі кезінде және мектеп жарыстарын өткізу кезінде медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, жаттығу жүктемесінің көлемі мен қарқындылығын бақылауды, жыл сайынғы медициналық тексерудің кестесі және үрдісін қадағалайды, спортшыларды даярлаудың жеке жоспарын құруға және бекітуге қатысады.
Спорт мектебінің әр оқушысына дәрігерлік-бақылау картасы толтырылады, ол мектебінің медициналық кабинетінде сақталады.
7-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 7-тараумен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
44. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды көрсетілетін қызметті беруші, жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.45. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.46. Алып тасталды - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
47. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.48. Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.49. Көрсетілетін қызметті алушы алынған мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарайтын басқа органға немесе сотқа шағымдануға құқылы.
Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Спорт түрлері бойынша алғашқы даярлау топтарына қабылдау үшін балалардың жастары
Ескерту. Қағида 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); алып тасталды - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. |
2. | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе портал арқылы құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 4 (төрт) сағат. |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтындырылған) /қағаз түрінде. |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тегі мен күні көрсетілген қабылдау туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі немесемемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Жеке тұлғаларға тегін. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 – ден 18.30 – ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне: |
9. | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы; |
10. | Мемлекеттік қызмет көрсетуді, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Спорттық - сауықтыру топтарына және спорт түрлері бойынша бірінші оқу жылының бастапқы даярлық топтарына құжаттарды қабылдау оқу жылы бойы жүргізіледі. |
Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан ____________________________ |
|
(көрсетілетін қызметті | |
алушының | |
____________________________ | |
тегi, аты, әкесінің аты (ол болған | |
кезде) | |
____________________________ | |
не ұйымның атауы) | |
____________________________ | |
(көрсетілетін қызметті | |
алушының мекенжайы) |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
19-1-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларын басшылыққа ала
отырып, балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектігі бар адамдарға арналған
спорт мектептері:___________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(атауы және заңды мекен-жайы)
Сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің
8-тармағында көзделген құжаттардың топтамасын толық ұсынбағаныңызға
байланысты "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға
арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуден
бас тартады, атап айтқанда жоқ және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен
құжаттардың атауы:
1)_____________________________________________________________________;
2)_____________________________________________________________________;
3)_____________________________________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Орындаушы:________________________________________ ___________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)
Байланыс телефонының нөмірі ____________________________________________
Алдым:_________________________________________ _______________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты) (қолы) (ол болған кезде)
20__ жылғы "___"_________
Ескерту. 4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
Спортшының жеке карточкасы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған кезде) ____ Туған жылы, айы, күні ___
Спорт түрі __________________________________________________________
Спортпен шұғылдану сабақтарының басталған жылы, айы _________________
Спорт мектебі _______________________________________________________
Спорт қоғамы _____________________________ Қала _____________________
1-кесте
Топтар | Оқу жылы | Тексерілген күні | Физикалық дамуы | Медициналық қорытынды | ||||||
бойы | салмағы | табанының ұзындығы | саусақтарды жұму күші | ӨӨК | ОЕП Мл/ мин | ОЕП Мл /мин/кг | ||||
Спорт мектеп қабылданған кездегі бастапқы мәліметтер: | ||||||||||
Алғашқы даярлық | 1 | |||||||||
2 | ||||||||||
Оқу-жаттығу | 1 | |||||||||
2 | ||||||||||
3 | ||||||||||
4 | ||||||||||
5 | ||||||||||
Спорттық жетілдіру | 1 | |||||||||
2 | ||||||||||
3 | ||||||||||
Жоғары спорт шеберлігі | Барлық кезең |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ӨӨК – өкпенің өмірлік көлемі;
ОЕП – оттегін ең көп пайдалану.
Мл – миллилитр;
Мин – минут;
Кг – килограмм.
2-кесте
Топтар | Оқу жылы | ЖДД | АД | Үздік спорттық көрсеткіш | Бәсекелестік жаттығу қызметі | |||||||||
30 м жүгіру | 6 мин. жүгіру | 10 сек. жүгіру | 3*10 м айналма жүгіру | Орнында тұрып ұзындыққа секіру | Тартылу | Допты отырып лақтыру 2 кг | Абалаков бойынша жоғарыға секіру | Жарыстар саны | Сөре саны | Жарыстар күндерінің саны | ||||
Бастапқы мәліметтер: | ||||||||||||||
Алғашқы даярлық | 1 | |||||||||||||
2 | ||||||||||||||
Оқу-жаттығу | 1 | |||||||||||||
2 | ||||||||||||||
3 | ||||||||||||||
4 | ||||||||||||||
5 | ||||||||||||||
Спорттық жетілдіру | 1 | |||||||||||||
2 | ||||||||||||||
3 | ||||||||||||||
Жоғары спорт шеберлігі | Барлық кезең |
Келесі даярлық кезеңіне өту және мектепті бітіру туралы белгілер:
оқу-жаттығу топтарына ______________________________________________;
спорттық жетілдіру топтарына _______________________________________;
жоғары спорт шеберлігі топтарына ___________________________________;
бітіру _____________________________________________________________;
Жаттықтырушы-оқытушы _______________________________________________;
Аға жаттықтырушы-оқытушы ___________________________________________.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖДД – жалпы дене дайындығы.
АД – арнайы даярлық.
Сек – секунд;
М – метр;
Мин – минут;
Кг – килограмм.Спорт мектебінің картасы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Орналасқан жері ________________,
жабдықтар__________________,
Спорт түрі (түрлері) ___________________,
ашылған жылы ____________________
1-кесте
Даярлау кезеңдері | Оқу жылы | Оқушылардың, оқу топтардың саны | |||||||
20___ж. | 20___ж. | 20___ж. | 20___ж. | ||||||
топтар | оқушылар | топтар | оқушылар | топтар | оқушылар | топтар | оқушылар | ||
Алғашқы | 1 | ||||||||
2 | |||||||||
Оқу-жаттығу | 1 | ||||||||
2 | |||||||||
3 | |||||||||
4 | |||||||||
5 | |||||||||
Спорттық жетілдіру | 1 | ||||||||
2 | |||||||||
3 | |||||||||
Жоғары спорт шеберлігі | Барлық кезең | ||||||||
Барлығы |
Оқушылардың сапалық құрамы (біліктілігі)
2-кесте
Оқушылардың жасы | Халықаралық дәрежедегі спорт шебері | Спорт шебері | Спорт шеберіне үміткер | 1 спорттық разряд | ||||||||||||
20 __ ж. | 20 __ ж. | 20 __ ж. | 20 __ ж. | 20 __ ж. | 20 __ ж. | 20 __ ж. | 20 __ ж. | 20 __ ж. | 20 __ ж. | 20 __ ж. | 20 __ ж. | 20 __ ж. | 20 __ ж. | 20 __ ж. | 20 __ ж. | |
Спорт резервін даярлау
3-кесте
Қазақстан Республикасы ұлттық командасының құрамы | Оқушылардың саны | |||
20___ж. | 20___ж. | 20___ж. | 20___ж. | |
Негізгі құрам | ||||
Жастар құрамы | ||||
Юниорлар құрамы | ||||
Жасөспірімдер құрамы |
Қайта даярланған
4-кесте
Біліктілігі | Оқушылардың саны | |||
20___ж. | 20___ж. | 20___ж. | 20___ж. | |
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері | ||||
Спорт шебері |
Жарыстарға қатысқан оқушылардың саны
5-кесте
Құрамы | Иеленген орындары | Халықаралық | Республикалық | Облыстық | |||||||||
20 __ ж. | 20 __ ж. | 20 __ ж. | 20 __ ж. | 20 __ ж. | 20 __ ж. | 20 __ ж. | 20 __ ж. | 20 __ ж. | 20 __ ж. | 20 __ ж. | 20 __ ж. | ||
Оқушылар | 10-ғы 1-3 орын |
Жүлделі жеке және командалық орындар саны
6-кесте
Жарыс деңгейі | 20___ж. | 20___ж. | 20___ж. | 20___ж. |
Халықаралық | ||||
Республикалық | ||||
Облыстық |
Басшы ______________________________
Оқу бөлімінің меңгерушісі _____________
Аға жаттықтырушы ___________________
Ескерту. 6-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуы
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Топтар (оқу кезеңдері бойынша) | Оқу кезеңі | Бір аптадағы оқу сағаттары | Спорт түрлері бойынша топтардағы адам саны (ең төменгі саны) | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Бірінші топ | Екінші топ | Үшінші топ | Төртінші топ | Бесінші топ | |||
Жоғары спорт шеберлігі | Кезең бойы |
32 сағат | 3 адам | 5 адам | 4 адам | 2 адам | 2 адам |
Спорттық жетілдіру | Бірінші оқу жылы | 24 сағат | 5 адам | 6 адам | 6 адам | 2 адам | 3 адам |
Екінші оқу жылы | 26 сағат | 4 адам | 6 адам | 5 адам | 2 адам | 3 адам | |
Екінші оқу жылынан астам | 28 сағат | 4 адам | 6 адам | 5 адам | 2 адам | 3 адам | |
Оқу-жаттығу | Бірінші оқу жылы | 12 сағат | 8 адам | 10 адам | 10 адам | 4 адам | 5 адам |
Екінші оқу жылы | 14 сағат | 8 адам | 10 адам | 10 адам | 4 адам | 4 адам | |
Үшінші оқу жылы | 18 сағат | 6 адам | 10 адам | 8 адам | 3 адам | 4 адам | |
Үш оқу жылынан астам | 20 сағат | 6 адам | 10 адам | 8 адам | 3 адам | 3 адам | |
Алғашқы даярлау | Бірінші оқу жылы | 8 сағат | 10 адам | 12 адам | 14 адам | 5 адам | 8 адам |
Бір оқу жылынан астам | 10 сағат | 8 адам | 12 адам | 12 адам | 5 адам | 6 адам | |
Спорттық-сауықтыру | Кезең бойы | 6 сағат | 16 адам | 16 адам | 18 адам | 8 адам | 12 адам |
Ескертулер:
1. Бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші топтарға жататын спорт түрлері бойынша топтардағы адам саны:
1) бірінші топ: биатлон, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, тау шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, коньки спорты, шорт-трек, ат спорты, жеңіл атлетика, желкенді спорт, суға секіру, батуттық гимнастика, шаңғымен трамплиннен секіру, жүзу, әртістік жүзу, тауға өрмелеу, садақтан ату, нысана көздеу, стендтік ату, қазіргі бессайыс, конькимен мәнерлеп сырғанау, фристайл, семсерлесу, велосипед спорты (велотрек, шоссе, маутинбайк), триатлон, үстел теннисі;
2) екінші топ: жоғары жетістіктер спортына кіретін ойын спорт түрлері, көкпар;
3) үшінші топ: жоғары жетістіктер спортына кіретін қалған барлық спорт түрлері;
4) төртінші топ: ат спортының ұлттық түрлері (бәйге, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату), байдарка мен каноэде есу, академиялық есу, жағажай волейболы;
5) бесінші топ: теннис, құсбегілік.
Ескерту. 7-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мүгедектігі бар адамдар арасындағы оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуы
Ескерту. 7-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Қағида 3-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Топтар (оқу кезеңдері бойынша) | Оқу кезеңі | Бір аптадағы оқу сағаттары | "тірек қимыл аппараты зақымдалған", "көру қабілеті зақымдалған", "есту қабілеті зақымдалған", "интеллектуалды мүмкіндігі шектеулі" мүгедек тұлғалардың топтарында адамдардың саны (ең төменгі саны) | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
тірек-қимыл аппараты зақымдалған | көру органы қабілеті бұзылған | есту қабілеті зақымдалған | интелектуалдық мүмкіндіктері шектеулі | |||
Жоғары спорт шеберлігі | Кезең бойы |
32 сағат | 2 адам | 2 адам | 2 адам | 2 адам |
Спорттық жетілдіру | Бірінші оқу жылы | 24 сағат | 2 адам | 2 адам | 2 адам | 2 адам |
Екінші оқу жылы | 26 сағат | 2 адам | 2 адам | 2 адам | 2 адам | |
Екінші оқу жылынан астам | 28 сағат | 2 адам | 2 адам | 2 адам | 2 адам | |
Оқу-жаттығу | Бірінші оқу жылы | 12 сағат | 3 адам | 4 адам | 4 адам | 4 адам |
Екінші оқу жылы | 14 сағат | 3 адам | 3 адам | 4 адам | 4 адам | |
Үшінші оқу жылы | 18 сағат | 3 адам | 3 адам | 3 адам | 3адам | |
Үш оқу жылынан астам | 20 сағат | 2 адам | 3 адам | 3 адам | 3 адам | |
Алғашқы даярлау | Бірінші оқу жылы | 8 сағат | 5 адам | 5 адам | 5 адам | 5 адам |
Бір оқу жылынан астам | 10 сағат | 4 адам | 5 адам | 5 адам | 5 адам | |
Спорттық-сауықтыру | Кезең бойы | 6 сағат | 5 адам | 6 адам | 6 адам | 6 адам |
Жаттықтырушы-оқытушының жеке карточкасы
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БЖСМ (МБЖСМ, ОРМБЖСМ) ___________________ бөлімдер ____________
керек-жарағы спорт түрі
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Педагогтік жұмыс өтілі _____________ жыл,
Соның ішінде осы мектепте ___________________________________________
қай жылдан бастап
Спорттық атағы _____________ Құрметті атағы _______________________
Біліктілігін арттыру
1-кесте
Жыл | Қайта даярлау курстарының атауы | Қайта даярлаудың ұзақтығы | № ____ құжат берілді |
Жаттықтырушы-оқытушының біліктілігі
2-кесте
Жыл | № ___ бұйрықпен санат беру | Жыл | № ___ бұйрықпен қайта санат беру |
Жаттықтырушы-оқытушылардың тәрбиешілері – ресми халықаралық жарыстарға қатысушылар
3-кесте
Жыл | Спортшының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) | Туған жылы | Жарыстардың атауы | Бағдарламаның түрі | Иеленген орны |
Жұмыс көрсеткіштері
4-кесте
Көрсеткіштері | 202__ж. | 202__ж. | 202__ж. | 202__ж. | 202__ж. | 202__ж. | 202__ж. | 202__ж. |
Тариф бойынша апталық жүктемесі | ||||||||
Оқу топтарының және онда шұғылданушылардың саны: | ||||||||
Алғашқы даярлық | 1 | |||||||
2 | ||||||||
Оқу-жаттығу | 1 | |||||||
2 | ||||||||
3 | ||||||||
4 | ||||||||
5 | ||||||||
Спорттық жетілдіру | 1 | |||||||
2 | ||||||||
3 | ||||||||
Жоғары спорт шеберлігі | Кезең бойы | |||||||
Ұлттық командаларға даярланды: | ||||||||
негізгі құрам | ||||||||
Жастар құрамы | ||||||||
Юниорлар құрамы | ||||||||
жасөспірімдер құрамы | ||||||||
Жарыстардың жүлдегерлері (адам): | ||||||||
республикалық | ||||||||
халықаралық | ||||||||
Спорттық шеберлігін арттыру үшін келесі даярлау кезеңдеріне берілді: | ||||||||
оқу-жаттығу топтарына | ||||||||
спорттық жетілдіру топтарына | ||||||||
жоғары спорт шеберлігі топтарын | ||||||||
шеберлер командаларына | ||||||||
спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарға | ||||||||
олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждеріне | ||||||||
жоғары спорт шеберлігі мектептеріне | ||||||||
Спорт мектебі оқушыларының арасынан оқуға түскендері: | ||||||||
спорттық ЖОО-ға | ||||||||
ЖОО-ның дене шынықтыру факультеттеріне |
Басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары ________________________
Басшы __________________________________________________
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен бекітілген 3-қосымша |
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиада резервін даярлау орталықтары қызметінің қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиада резервін даярлау орталықтарының қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – Жергілікті орган) құратын Олимпиада резервін даярлау орталықтарының (бұдан әрі – Орталық) қызметі тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Орталық заңды тұлға болып табылады және өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, мемлекеттік мүлікі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органдардың бұйрықтарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сонымен қатар осы Қағиданы және Орталық жарғысын басшылыққа алады.
3. Орталық облыстық және қалалық мәртебеге ие болады.
4. Орталық бір немесе бірнеше олимпиадалық спорт түрлерінен құрылады.
5. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) аға жаттықтырушы – спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар құрамына жалпы басшылықты жүзеге асыратын және оқу-жаттықтырушылық қызметпен тікелей айналысатын спорт жаттықтырушысы;
2) ауыспалы құрам – оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар кезінде тартылатын спортшылар құрамы;
3) жеке жаттықтырушы – спортшыны спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командасынан тыс болған кезеңінде оның жеке-дара даярлау жоспарын орындауына бағытталған даярлауды (кемінде үш жыл) жүзеге асыратын жаттықтырушы;
4) оқу-жаттығу жиыны – спортшылардың спорттық шеберлігін және оқу-жаттығу процесінің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған орталықтандырылған іс-шара;
5) спорт түрi – жаттығу ортасы, сайысу әрекетіндегі дене шынықтыру жаттығуларының немесе интеллектуалдық қабілеттердің жиынтығы және бір спорт федерациясының спорт түрлері қағидаларының ұқсастық белгілері бойынша біріктірілген жарыстар қағидалары айырым белгiлерi болып табылатын спорттың құрамдас бөлiгi;
6) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай күнтiзбесi – халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейлердегі жыл сайынғы жарыстардың, сондай-ақ жарыстарға дайындық жөніндегі іс-шаралардың тізбесі;
7) халықаралық спорттық жарыстар – шетелдік спортшылар (командалар) қатысатын спортшылар (командалар) арасындағы спорт түрi бойынша өтетін сайыстар.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мақсаттары, міндеттері, функциялары
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Орталықты құрудың негізгі мақсаты спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру мақсатында жыл бойғы орталықтандырылған даярлығын ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
7. Мыналар Орталықтың негізгі міндеттері:
1) спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру және республикалық, халықаралық спорт аренасында табысты өнер көрсету;
2) Олимпиадалық даярлау орталықтарына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың командаларына және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командаларына қабылдау үшін спортшы-кандидаттарды іріктеу мен дайындау;
3) оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету, оның нәтижелерін, физикалық қасиетіндегі жеке даму көрсеткішінің өсу динамикасын, спортшылардың техникалық-тактикалық дайындық деңгейіне талдауды жүзеге асыру болып табылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Орталық алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін мына функцияларды орындайды:
1) Орталық спортшылары үшін Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде жеке немесе жалға алынған спорттық ғимараттарда оқу-жаттығу жиындарына қатысу және өткізу;
2) патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
3) допингке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
4) Орталық спортшыларының дайындық үдерісін материалдық-техникалық, әдістемелік, медико - биологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
5) Орталықтың жаттықтырушылар құрамы мен басқа да мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
6) кешенді ғылыми топтар, қалпына келтіру және емдеу кабинеттерін құру;
7) семинарлар, кеңестер, конференциялар өткізу;
8) Қазақстан Республикасының және өзге елдердің басқа мамандарын шарт негізінде жұмысқа тарту;
9) бірлескен оқу-жаттығу жиындарына жасөспірімдер, жеткіншектер және жастар жасындағы шетелдік спортшылар мен мамандарды жұмысқа қабылдау;
10) спортшылармен және жаттықтырушылармен, оның ішінде Жергілікті органмен келісім бойынша шетелдік жаттықтырушылармен шарт жасасу;
11) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесіне сәйкес спортшылардың, жаттықтырушылардың және Орталықтың басқа да қызметкерлерінің халықаралық және республикалық спорттық жарыстарға, оқу-жаттығу жиындарына қатысуын қамтамасыз ету.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Контингентті қалыптастыру тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Мыналар Орталыққа спортшылар мен жаттықтырушыларды қабылдау талаптары:
1) Орталықтағы спорт түрлерінен спортшылардың жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар мен ересектер жасындағы және Қазақстан Республикасы чемпионаттарының (біріншіліктерінің) немесе халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылатын спортшылар, сондай-ақ, спорт түрлері бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана командаларының құрамына кіретін спортшылар;
2) спорттық ойын түрлері бойынша спортшылар Қазақстан Республикасының жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар мен ересектер ұлттық командаларының мүшелері болып табылатын спортшылар;
3) жоғары деңгейдегі бірінші біліктілік санатынан төмен емес жаттықтырушылар болып табылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Орталықтың контингенті ауыспалы құрамда болады.
11. Спорт түрлерінен бөлімдер әр жас санаты бойынша спортшылардан қалыптасады және халықаралық жарыстарға қатысуға жіберілетін команда құрамының ең көп санына үш құрамнан артық емес спортшылар құрамын құрайды.
12. Бір спорт түрінен әр жас тобындағы жаттықтырушылар құрамы 3 бірлікті құрайды.
13. Спортшылардың, жаттықтырушылардың (спорт түрлері бойынша бөлімшелер) құрамы, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі Жергілікті органның келісімі бойынша Орталық басшысымен жыл сайын жазғы спорт түрлері бойынша 20 қаңтарға дейін, қысқы спорт түрлері бойынша 20 мамырға дейін бекітіледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.14. Бір спорт түріне барлық жас санаттарынан (жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар және ересектер) жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша Орталық басшысы жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар және ересектер санаты бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрама командаларының аға жаттықтырушысы болып табылатын бір аға жаттықтырушыны тағайындайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Осы Қағиданың 18-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардан басқа, спорт түрінен әр бөлімде спортшылардың және жаттықтырушылардың құрамы ЖАО келісімі бойынша Орталықтың шешімімен, жаттығу және жарыс кезеңі аяқталғаннан кейін жылына кемінде екі рет қайта қаралады және бекітіледі.
16. Орталықтың ауыспалы құрамындағы спортшылар келесі спорттық ұйымдардың тұрақты құрамында қалады:
балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің;
олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің;
облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың;
олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі;
жоғарғы спорт шеберлігі мектебі.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Орталықта орталықтандырылған дайындыққа тартылатын спортшылар келесі құжаттарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе төлқұжаттың көшірмесін;
2) спорттық атақ беру туралы куәліктің көшірмесін;
3) медициналық картаның көшірмесін, дәрігерлік дене шынықтыру диспансерінің спортшының денсаулығы және оның осы спорт түрімен келешекте одан әрі шұғылдануы туралы қорытындысын;
4) осы ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша спортшының жеке картасын;
5) спорттық ұйымның тұрақты құрамына қабылданғаны туралы бұйрықтың көшірмесін;
6) спорттық нәтижелердің растамаларын (жарыс хаттамаларының көшірмесін).
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 01.10.2015 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Орталықта орталықтандырылған дайындыққа тартылатын жаттықтырушылар келесі құжаттарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе төлқұжаттың көшірмесін;
2) біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесін;
3) медициналық картаның көшірмесін, денсаулығы туралы дене шынықтыру диспансерінің қортындысын.
19. Спортшы Орталықтан келесі негіздер бойынша шығарылады:
1) жеке жоспарға сәйкес жарыстарда медальдар және орындар иелену бөлігінде спорттық нәтижелерінің төмендеуіне;
2) медициналық қортынды негізінде денсаулық жағдайына;
3) тыйым салынған допингтік құралдарды қолдануына;
4) Орталықтың ішкі тәртібін бұзуына байланысты.
4-тарау. Оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыру
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20. Спортшыларды даярлауды жыл бойы жүзеге асырады, перспективалық бағдарламаға сәйкес бір спортшыға 250 күннен аспауы керек.
21. Жүйелі түрде жоғары спорттық нәтижелер көрсететін (республикалық, халықаралық жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпаздары мен жүлдегерлері) және өзінің спорттық көрсеткіштерін арттыру мүмкіндігі бар спортшылар Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарына, Қазақстан Республикасының штатағы құрамына жіберіледі.
22. Халықаралық жарыстарда спортшының көрсеткен нәтижелері Орталыққа да, спортшыны Орталыққа берген ұйымға да бірдей есептеледі.
23. Орталықтың аға жаттықтырушысы спортшыларды дайындаудың спорттық даярлықтың ұлттық стандарттарына сәйкес перспективалық жоспар әзірлейді және Орталықтың басшысымен келіседі, сонымен қатар оның орындалуын шақырылған жаттықтырушылармен бірлесіп бақылауға алады, спортшыларды дайындауды және оларды жарыстарға қатыстыруды ұйымдастырады, спортшылардың жарыстарға қатысу нәтижелеріне әрдайым талдау жасайды, спортшылардың дайындық жоспарларын және бағдарламасын іске асырады, оқу-жаттығу процесінің, жеке жоспарларының орындалуын бақылайды, спортшылармен патриоттық және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастырады және өткізеді.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Спортшының жеке жаттықтырушысы іссапарға жіберетін ұйымдардың қаражаты есебінен орталықтандырылған дайындыққа және жарыстарға қатысу үшін шақырылады.
25. Жеке жаттықтырушы спортшының жеке жоспары бойынша жаттығу сабақтарын жүргізеді және Орталықтың аға жаттықтырушысының басшылығымен жұмыс істейді.
26. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командаларына қабылданған жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар және ересектер жасындағы спортшылар Орталықтың ауыспалы құрамында қалады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Спортшыларды медициналық бақылау және олардың функционалдық дайындығы жағдайын диагностикалау үшін, Орталықтың алдын–алу іс-шараларын өткізуге және қалпына келтіру үдерістерін оңтайландыруға бөлінген қаражат шегінде қажетті медициналық үй-жаймен, дәрі-дәрмектермен және медициналық құралдарға арналған жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
28. Спорттық дәрігерлер Орталық жаттықтырушыларымен бірлесіп, спортшылардың оқу-жаттығу жиыны мен жарыстар кезеңінде дәрігерлік бақылауды жүзеге асырады. Дәрігерлік бақылаудың нәтижелерін жаттықтырушылар спортшылардың жеке дайындық жоспарларын түзету үшін пайдаланады.
29. Орталық спортшылары жылына екі рет Республикалық спорттық медицина және оңалту орталығында, сонымен қатар басқа да медициналық мекемелерде тереңдетілген медициналық тексеруден өткізіледі.
30. Орталықтың оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыруы үшін келесі құжаттары болуы тиіс:
1) орталықтың жылдық жұмыс жоспары;
2) бір жылға арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі;
3) жарыс хаттамалары және Орталық спортшыларының жарыстарға қатысуының талдамалары;
4) спортшылардың жеке дайындық жоспары;
5) спортшылардың, жаттықтырушылардың жеке карталары;
6) спортшылар мен жаттықтырушылардың тізімдері;
7) Міндетті статистикалық мәліметтердің нысандары
Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-тарау. Жаттықтырушылар кеңесі
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
31. Орталықтың спорт түрлерінен бөлімдерінде әр спорт түрі бойынша жаттықтырушылардан, Орталықтың қызметкерлерден және басқа ұйымдардың мамандарынан тұратын жаттықтырушылар кеңесі құрылады.
32. Жаттықтырушылар кеңесінің мақсаты спортшыларды, жаттықтырушыларды даярлау және жарыстарға қатыстыру қатысты сұрақтарды қарау болып табылады.
33. Жаттықтырушылар кеңесінің отырысы жаттықтырушылар кеңесі мүшелерінің жалпы санынан кемінде 2/3 болған жағдайда өткізіледі. Шешім хаттамамен ресімделеді.
34. Жаттықтырушылар кеңесінің жұмысына Орталықтың аға жаттықтырушысы басшылық етеді.
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиада резервін даярлау орталықтары қызметінің қағидаларына қосымша |
Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
Сурет |
СПОРТШЫНЫҢ ЖЕКЕ КАРТОЧКАСЫ
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Тегі _______________________________________________________
2. Аты_________________________________________________________
3. Әкесінің аты (болған кезде)_________________________________
4. Туған күні__________________________________________________
(күні, айы, жылы)
5. Туған жері__________________________________________________
(облыс, қала)
6. Білімі______________________________________________________
(білім деңгейі, оқу орнының атауы)
7. | Жеке басын куәландыратын құжаттың № ___________________ | 13. | Спортшының антропометрлік деректері: |
Бойы___сантиметр, салмағы __килограмм. | |||
8. | Жеке сәйкестендіру нөмірі______________ | Костюмінің мөлшері ___________ | |
9. | Спорттық атағы________________ | Бас киімінің мөлшері: ________ | |
10. | Жеке жаттықтырушысы __________ (Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған кезде) | Аяқ киімінің мөлшері: ________ | |
11. | Тілдерді меңгеруі ____________ | Тұрақты тұратын жері: ________ | |
12. | Байланыс телефоны:____________ | 14. | Спорт түрі ___________________ |
Республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуы
Р/С № | Жарыстың атауы | Өткізу мерзімі мен орны (хронолия бойынша) | Жоспарланған нәтиже | Көрсеткен нәтижесі |
1 | ||||
2 |
Спортшының жеке қолы ____________ Жаттықтырушының қолы ______________
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен бекітілген 4-қосымша |
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиадалық даярлау орталықтары қызметінің қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиадалық даярлау орталықтары қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) құратын Олимпиадалық даярлау орталықтарының (бұдан әрі – Орталық) қызметі тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Орталық заңды тұлға болып табылады және өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, мемлекеттік мүлік, дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органдардың бұйрықтарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Қағиданы және Орталық жарғысын басшылыққа алады.
3. Орталық республикалық мәртебеге ие болады және өзінің филиалдарын ашуы мүмкін.
4. Орталық бір немесе бірнеше олимпиадалық спорт түрлерінен құрылады.
5. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) аға жаттықтырушы – спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар құрамына жалпы басшылықты жүзеге асыратын және оқу-жаттықтырушылық қызметпен тікелей айналысатын спорт жаттықтырушысы;
2) ауыспалы құрам – оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар кезінде тартылатын спортшылар құрамы;
3) жеке жаттықтырушы – спортшыны спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командасынан тыс болған кезеңінде оның жеке-дара даярлау жоспарын орындауына бағытталған даярлауды (кемінде үш жыл) жүзеге асыратын жаттықтырушы;
4) оқу-жаттығу жиыны – спортшылардың спорттық шеберлігін және оқу-жаттығу процесінің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған орталықтандырылған іс-шара;
5) спорт түрi – жаттығу ортасы, сайысу әрекетіндегі дене шынықтыру жаттығуларының немесе интеллектуалдық қабілеттердің жиынтығы және бір спорт федерациясының спорт түрлері қағидаларының ұқсастық белгілері бойынша біріктірілген жарыстар қағидалары айырым белгiлерi болып табылатын спорттың құрамдас бөлiгi;
6) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі – Орталықтың күнтізбелік жылға арналған оқу-жаттығу жұмысын жоспарлауды және өткізуді регламенттейтін ресми құжат;
7) халықаралық спорттық жарыстар – шетелдік спортшылар (командалар) қатысатын спортшылар (командалар) арасындағы спорт түрi бойынша өтетін сайыстар.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мақсаттары, міндеттері, функциялары
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Орталықты құрудың негізгі мақсаты спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру мақсатында жыл бойғы орталықтандырылған даярлығын ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
7. Орталықтың негізгі міндеттері:
1) спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру және халықаралық спорт аренасында табысты өнер көрсету;
2) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командаларының негізгі құрамына спортшыларды іріктеу мен дайындау;
3) оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету, оның нәтижесіне, физикалық қасиетінің жеке даму көрсеткіштерінің өсу динамикасына, спортшылардың техника-тактикалық дайындық деңгейін арттыруға талдау жүргізу болып табылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Орталық алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін мына функцияларды орындайды:
1) Орталықтың спортшылары үшін Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде жеке немесе жалға алынған спорттық ғимараттарда оқу-жаттығу жиындарына қатысу және өткізу;
2) патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
3) допингке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
4) Орталық спортшыларының дайындық үдерісін материалдық-техникалық, әдістемелік, медико-биологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
5) Орталықтың жаттықтырушылар құрамы мен басқа да мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
6) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай күнтiзбесіне сәйкес спортшылардың, жаттықтырушылардың және Орталықтың басқа да қызметкерлерінің халықаралық спорттық жарыстарға, Қазақстандағы оқу-жаттығу жиындарына қатысуын қамтамасыз етеді;
7) спортшылармен және жаттықтырушылармен, оның ішінде уәкілетті органмен келісім бойынша шетелдік жаттықтырушылармен спорттық қызмет туралы шарттар жасасады;
8) Қазақстан Республиканың және өзге елдердің басқа мамандарын шарттық негізде жұмысқа тартады;
9) бірлескен оқу-жаттығу жиындарына жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар жасындағы шетелдік спортшылар мен мамандарды қабылдайды;
10) семинарлар, кеңестер, конференциялар өткізеді;
11) кешенді ғылыми топтар, қалпына келтіру емдік кабинеттер құрады;
12) алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Контингентті қалыптастыру тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Мыналар Орталыққа спортшылар мен жаттықтырушыларды қабылдаудың талаптары:
1) Олимпиадалық даярлау орталықтарындағы спорт түрлерінен спортшылардың жасөспірімдер, жеткіншектер мен жастар жасындағы және Қазақстан Республикасы чемпионаттарының (біріншіліктерінің) немесе халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылатын спортшылар, сондай-ақ спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының құрамына кіретін спортшылар;
2) спорт түрлерінің ерекшелігін ескере отырып, уәкілетті органның келісімі бойынша Олимпиадалық даярлау орталықтарындағы спорт түрлерінен спортшылардың жасөспірімдер, жеткіншектер мен жастар жасындағы көрсетілген жастан 3 жыл асқан спортшылар қабылданады;
3) спорттың ойын түрлері бойынша спортшылар Қазақстан Республикасының ұлттық жасөспірімдер, жеткіншектер және жастар командаларының мүшелері болып табылатын спортшылар;
4) жоғары деңгейдегі бірінші біліктілік санатынан төмен емес жаттықтырушылар болып табылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Орталықтың контингенті ауыспалы құрамда болады.
11. Спорт түрлерінен бөлімдер әр жас санаты бойынша спортшылар қатарынан қалыптасады және халықаралық жарыстарға қатысуға жіберілетін команда құрамының ең көп санынан үш құрамнан артық емес спортшылар құрайды.
12. Бір спорт түрінен әр жас топтағы жаттықтырушылар құрамы 3 бірлікті құрайды.
13. Спортшылардың, жаттықтырушылардың (спорт түрлері бойынша бөлімшелер) құрамын, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі Уәкілетті органның келісімі бойынша Орталық басшысымен жыл сайын жазғы спорт түрлері бойынша 20 қаңтарға дейін, қысқы спорт түрлері бойынша 20 мамырға дейін бекітіледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Орталық басшысы уәкілетті органның келісімімен бір спорт түрінен барлық жас санатты бойынша (жасөспірімдер, жеткіншектер және жастар) жасөспірімдер, жеткіншектер және жастар санаты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командасының бір аға жаттықтырушысын тағайындайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Осы Қағиданың 19-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардан басқа, спорт түрінен әр бөлімдегі спортшылардың және жаттықтырушылардың құрамы уәкілетті органның келісімі бойынша, Орталықтың шешімімен жаттығу және жарыс кезеңі аяқталғаннан кейін жылына екі рет қайта қаралады.
16. Орталықтың ауыспалы құрамындағы спортшылар келесі спорттық ұйымдардың тұрақты құрамында қалады:
балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің;
олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің;
облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың;
олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі;
жоғарғы спорт шеберлігі мектебі.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Орталықта орталықтандырылған дайындыққа тартылатын спортшылар келесі құжаттарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен төлқұжатының көшірмесін;
2) спорттық атақ беру туралы куәліктің көшірмесін;
3) медициналық картаның көшірмесін, республикалық Спорттық медицина және оңалту орталығының немесе дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің спортшының денсаулығы және оның осы спорт түрімен келешекте одан әрі шұғылдануы туралы қорытындысын;
4) осы ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша спортшының жеке картасын;
5) спорттық ұйымның тұрақты құрамына қабылданғаны туралы бұйрықтың көшірмесін;
6) спорттық нәтижелердің растамаларын (жарыс хаттамаларының көшірмесін).
18. Орталықта орталықтандырылған дайындыққа тартылатын жаттықтырушылар келесі құжаттарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен төлқұжатының көшірмесін;
2) біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесін;
3) медициналық картаның көшірмесін, денсаулығы туралы республикалық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің қорытындысын.
19. Спортшы Орталықтан келесі негіздер бойынша шығарылады:
1) жеке жоспарына сәйкес жарыстарда медальдар және орындар иелену бөлігінде спорттық нәтижелерінің төмендеуі;
2) медициналық қортынды негізінде денсаулық жағдайына;
3) спортта тыйым салынған субстанциялар және (немесе) әдістер қолдануына;
4) Орталықтың ішкі тәртібін бұзуына байланысты.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыру
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20. Cпортшыларды даярлауды жыл бойы жүзеге асырады, бірақ спортшыларды дайындаудың перспективалық бағдарламасына сәйкес 250 күннен аспауы керек.
21. Жүйелі түрде жоғары спорттық нәтижелер көрсететін (халықаралық жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпаздары мен жүлдегерлері) және келешекте өзінің спорттық көрсеткіштерін арттыратын спортшылар спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларына жіберіледі.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Халықаралық жарыстарда спортшының көрсеткен нәтижелері Орталыққа да, спортшыны Орталыққа берген ұйымға да бірдей есептеледі.
23. Орталықтың аға жаттықтырушысы спортшыларды дайындаудың спорттық даярлықтың ұлттық стандарттарына сәйкес перспективалық жоспар әзірлейді және Орталықтың басшысымен келіседі, сонымен қатар оның орындалуын шақырылған жаттықтырушылармен бірлесіп бақылауға алады, спортшыларды дайындауды және оларды жарыстарға қатыстыруды ұйымдастырады, спортшылардың жарыстарға қатысу нәтижелеріне әрдайым талдау жасайды, спортшылардың дайындық жоспарларын және бағдарламаларын іске асырады, оқу-жаттығу процесінің, жеке жоспарларының орындалуын бақылайды, спортшылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Спортшының жеке жаттықтырушысы іссапарға жіберетін ұйымдардың қаражаты есебінен орталықтандырылған дайындыққа және жарыстарға қатысу үшін шақырылады.
25. Жеке жаттықтырушы спортшының жеке жоспары бойынша жаттығу жүргізеді және Орталықтың аға жаттықтырушысының басшылығымен жұмыс істейді.
26. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларына қабылданған жасөспірімдер, жеткіншектер мен жастар жасындағы спортшылар Орталықтың ауыспалы құрамында қалады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Спортшыларды медициналық бақылау және олардың функционалдық дайындығын диагностикалау үшін Орталықтың алдын-алу іс-шараларын өткізу және қалпына келтіру үдерісін оңтайландыруға бөлінген қаражат шегінде қажетті медициналық үй-жаймен, жабықтармен, қажетті дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы құралдармен қамтамасыз етіледі.
28. Спорт дәрігерлері Орталықтың жаттықтырушыларымен бірлесіп, оқу-жаттығу жиыны мен жарыстар кезінде спортшыларға дәрігерлік бақылауды жүзеге асырады. Дәрігерлік бақылаудың нәтижелерін жаттықтырушылар спортшылардың жеке дайындық жоспарларын түзету үшін пайдаланады.
29. Орталықтың спортшылары жылына екі рет Республикалық спорттық медицина және оңалту орталығында, сондай-ақ басқа да медициналық мекемелерде тереңдетілген медициналық тексеруден өтеді.
30. Орталықтың оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыру үшін келесі құжаттамалар қажет:
1) Орталықтың жылдық жоспары;
2) бір жылға арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі;
3) Жарыс хаттамалары мен Орталық спортшыларының қатысуының талдамалары;
4) спортшыларды даярлаудың жеке жоспарлары;
5) спортшының, жаттықтырушының жеке кәртішкесі;
6) спортшылар мен жаттықтырушылардың тізімі;
7) статистикалық деректердің міндетті нысандары.
Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-тарау. Олимпиадалық даярлау орталығының жаттықтырушылар кеңесі
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
31. Орталықтың спорт түрлерінен бөлімдерінде әр спорт түрі бойынша жаттықтырушылардан, медициналық қызметкерлерден, психологтардан және Орталықтың басқа мамандарынан тұратын жаттықтырушылар кеңесі құрылады.
32. Жаттықтырушылар кеңесінің мақсаты Орталықтың спортшыларын, жаттықтырушылары мен басқа мамандарын спорттық жарыстарға дайындау мен қатысуға қатысты сұрақтарды қарау болып табылады.
33. Жаттықтырушылар кеңесінің отырысы жаттықтырушылар кеңесі мүшелерінің жалпы саны 2/3-ден кем болмаған жағдайда өткізіледі. Шешім хаттамамен ресімделеді.
34. Жаттықтырушылар кеңесінің жұмысына Орталықтың аға жаттықтырушысы басшылық етеді.
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиадалық даярлау орталықтары қызметінің қағидаларына қосымша |
Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
Сурет |
СПОРТШЫНЫҢ ЖЕКЕ КАРТОЧКАСЫ
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Тегі _____________________________________________________________
2. Аты_______________________________________________________________
3. Әкесінің аты (болған кезде)_______________________________________
4. Туған күні________________________________________________________
(күні, айы, жылы)
5. Туған жері________________________________________________________
(облысы, қаласы)
6. Білімі____________________________________________________________
(білім деңгейі, оқу орнының атауы)
7. | Жеке басын куәландыратын құжаттың № ___________________ | 13. | Спортшының антропометрлік деректері: |
Бойы___сантиметр, салмағы __килограмм. | |||
8. | Жеке сәйкестендіру нөмірі____________ | Костюмінің мөлшері ___________ | |
9. | Спорттық атағы _______________ | Бас киімінің мөлшері: ________ | |
10. | Жеке жаттықтырушысы __________ (Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған кезде) | Аяқ киімінің мөлшері: ________ | |
11. | Тілдерді меңгеруі ____________ | Тұрақты тұратын жері: ________ | |
12. | Байланыс телефоны:____________ | 14. | Спорт түрі ___________________ |
Республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуы
№ | Жарыстың атауы | Өткізу мерзімі мен орны (хронолия бойынша) | Жоспарлаған нәтижесі | Көрсеткен нәтижесі |
1 | ||||
2 |
Спортшының қолы _________________ Жаттықтырушының қолы ______________
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен бекітілген 5-қосымша |
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын жоғары спорт шеберлігі мектептері қызметінің қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Спорт резервін жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу жаттығу процесі жүзеге асырылатын жоғары спорт шеберлігі мектептері қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жоғары спорт шеберлігі мектептері (бұдан әрі – ЖСШМ) қызметінің тәртібін анықтайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. ЖСШМ республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың немесе қалалық (аудандық) мәртебесі болады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) ауыспалы құрам - оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар уақытында тартылатын спортшылар;
2) жоғары спорт шеберлiгi топтары – спорттық жетiлдiру топтарында дайындықтан өткен және мынадай спорттық атақтар мен разрядтарды орындаған спортшылар топтары:
спорттың ойналатын түрлерiнен, көкпардан, коньки тебу спортынан, жеңiл атлетикадан – "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үмiткер";
спорттың басқа түрлерiнен – "Қазақстан Республикасының спорт шеберi";
3) спорттық жетiлдiру топтары – оқу-жаттығу топтарында дайындықтан өткен және мынадай атақтар мен разрядтарды орындаған спортшылар топтары:
спорттың ойын түрлерiнен, көкпардан, коньки тебу спортынан, жеңiл атлетикадан – 1-спорттық разряд;
спорттың басқа түрлерiнен – "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үмiткер;
4) спорт түрлері бойынша бөлімшенің аға жаттықтырушы–жаттықтырушылар құрамына жалпы басшылықты (толық жүктемесі бар үштен кем емес жаттықтырушылар-оқытушы) iске асыратын және оқыту қызметiмен тiкелей айналысатын спорттан жаттықтырушы;
5) тұрақты құрам - ЖСШМ контингентіне басшының бұйрығымен қабылданған спортшылар.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. ЖСШМ құру үшін мына міндетті талаптар болуы керек:
1) ғылымның және тәжірибиенің қазіргі заманғы жетістіктеріне сәйкес оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруға және сапалы өткізуге қабілетті білікті жаттықтырушы-оқытушы құрам (бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санаттан төмен емес);
2) спортшыларға оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерді, қалпына келтіру іс-шараларын спортшылардың тиімді демалысын және рационалды тамақтануын, толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін спорттың түрі (түрлері) бойынша материалдық-техникалық база (жеке немесе жалға алынған);
3) спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарындағы спорт мектептерінің спортшыларына қойылатын талапқа сай жасы және дайындық деңгейі бойынша спортшылар;
4) спортшыларды медициналық қамтамасыз ету.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мақсаттары мен міндеттері
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. ЖСШМ негізгі мақсаты спортшылардың жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жоғары жетістіктер спорты бойынша жыл бойы оқу-жаттығу, спорттық-әдістемелік қызметін жүзеге асыру болып табылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командасының негізгі құрамына спортшыларды іріктеу және дайындау;
2) оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету, оның нәтижесін, физикалық сапасының жеке даму көрсеткішінің өсу динамикасын, спортшылардың техника-тактикалық дайындық деңгейін өсіруді талдауды жүзеге асыру;
3) спортшылардың жарыстарға қатысуын және сәтті өнер көрсетуін қамтамасыз ету;
4) ЖСШМ спортшыларының дайындық процесін материалдық-техникалық, әдістемелік, медико-биологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
5) ЖСШМ-ның жаттықтырушы-оқытушы құрамын және басқа қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. ЖСШМ-ның алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін мына қызметтерді орындайды:
1) ЖСШМ-ның спортшылары үшін жеке немесе жалға алған спорттық ғимараттарында жыл бойы оқу-жаттығу процесін өткізу;
2) ЖСШМ спортшыларының кешенді нысаналы бағдарламасын және дайындық жоспарын іске асыру;
3) спортшылардың дайындық процесінің спорттық-әдістемелік (ғылыми) қамтамасыз етуді, медико-биологиялық, профилактикалық және қалпына келтіру іс-шараларын жүзеге асыру;
4) спортшылардың, жаттықтырушылардың және ЖСШМ-ның басқа да қызметкерлерінің халықаралық және республикалық спорттық жарыстарға спорттық-бұқаралық іс-шаралар бірыңғай күнтізбелікке сәйкес оқу-жаттығу процесіне қатысуын қамтамасыз етуді (спорттық жарыстарға орай, жалпы денешынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиындар, спортшыларды тексеру үшін өткізілген іс-шаралар, қалпына келтіру жиындар жылына 250 күнге дейін пайдалануға мүмкіндігі бар);
5) қажетті жаттығу сабағы және спорттық жарыстар үшін спорттық мүкәммалдар мен жабдықтар, спорттық формамен, оқу құралдармен қамтамасыз ету;
6) патриотизмді қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу.
3-тарау. Контингентті қалыптастыру тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Оқуға қабылдау, оқу жылында ауысу, оқуды тәмәмдау, спортшыларды оқудан шығару ЖСШМ басшысының бұйрығымен дайындалады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Республикалық ЖСШМ – республикалық спорттық жарыстардың чемпион және жүлдегер спортшылары қабылданады.
Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және қалалық (аудандық) ЖСШМ-ға спорт түрлері бойынша республикалық спорт жарыстарының, облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлері қабылданады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. ЖСШМ-ның контингенті жоғары жетістіктер спорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командаларының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың командаларының 50%-нан кем емес мүшелерінен жасақталған спортшылардың тұрақты және ауыспалы құрамынан құрылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Спортшылардың контингентін, оқу топтарының санын және оқу сағаттарының жылдық есебін республикалық ЖСШМ дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган), облыстық, қалалық (аудандық) ЖСШМ – дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жыл сайын тиісті жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей бекітеді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Спорт түрлерінен бөлімшелердегі оқу-жаттығу процестері спорттық-сауықтыру лагерьлерін, оқу-жаттығу жиындарын, спорттық жарыстарды, қосқанда 52 аптаға есептелінген спорт түрлері бойынша спорттық даярлықтың ұлттық стандарттарына сәйкес өткізіледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. ЖСШМ-ның контингенті спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі тобына кіретін спортшылардан қалыптасады. Спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарына қабылданған спортшылардың жасы белгіленген спорттық нормативтер және осы топтардың талаптары жыл сайын расталған жағдайда шектелмейді.
Жоғары спорттық шеберлік топтары "Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін және олардың сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 179 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11437 тіркелген) жылдың басты республикалық спорттық жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен, жылдың басты халықаралық спорттық жарыстарының жеңімпаздары, жүлдегерлері мен қатысушыларынан құралады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарында екі рет жаттығу өткізілгенде бір сабақтың ұзақтығы төрт академиялық сағаттан аспауы қажет.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Қазіргі бессайыс (биатл, триатл) сабағына қаражат бөлуді есептеу кезінде, оқу сағаттары 2,5 есеге, спорттық және көркем гимнастика, конькимен мәнерлеп сырғанау, суға секіру, акробатика, үйлесімді жүзу, биатлон, фристайл, су шаңғы спорты, триатлоннан – 2 есеге, артуы тиіс, ал шаңғы қоссайысы, жеңіл атлетика көпсайысы, полиатлоннан, есу слаломнан, байдарка мен каноэде есуден, академиялық есуден сабақтарға қаражат бөлуді есептеу кезінде оқу сағаттары – оқу бағдарламасына енетін спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушылардың еңбек ақысы есепке алына отырып, 1,5 есеге артуы тиіс.
Оқу сабақтарының сағаттар санын көбейту топпен жұмыс істеуге негізгі жаттықтырушы-оқытушы және спорттың ұқсас түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушыларды бір мезгілде алған жағдайда жүргізіледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес, бірінші топқа енгізілген спорт түрлерінде негізгі жаттықтырушы-оқытушыдан басқа, спорттың ұқсас түрлері, жалпы дене тәрбиесіне даярлау бойынша жаттықтырушы-оқытушылар, сонымен қатар хореографтар, аккомпониаторлар шақырылады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. ЖСШМ спортшыларды даярлау үшін өз қаржыландыруы шегінде жалпы дене шынықтыру даярлығы, арнайы даярлық және тактикалық-техникалық даярлық үшін ұзақтығы 18 күнтізбелік күнге дейін оқу-жаттығу жиындарын;
спортшыларға тексеру жүргізу үшін 7 күнтізбелік күнге дейін;
12 күнтізбелік күнге дейін - қалпына келтіруге;
18 күнге дейін республикалық жарыстар мен турнирлерге;
21 күнге дейін Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктарына;
24 күнге дейін халықаралық жарыстарды өткізеді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Облыстық және қалалық (аудандық) ЖСШМ-де спорттық жетілдіру топтарын ашу тиісті жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша ЖСШМ басшысының шешімі бойынша жүргізіледі.
Республикалық ЖСШМ-де спорттық жетілдіру топтарын ЖСШМ жоғары спорттық шеберлік топтарын ашу, уәкілетті органның келісімі бойынша ЖСШМ басшысының шешімімен жүргізіледі.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. ЖСШМ-де спорттық дайындыққа қатысушылар мыналар болып табылады:
1) жоғары жетістіктер спорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командаларының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың командаларының құрамына енгізілген спортшылар;
2) спорт түрлері бойынша бөлімшелердің аға жаттықтырушылары, білікті жаттықтырушы-оқытушылар;
3) спортшыларды даярлауға ЖСШМ шақырған дәрігерлер, әдіскерлер, массажистер, психологтар, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. ЖСШМ спортшыларының және жаттықтырушы-оқытушыларының жеке құрамы, спортшылардың бір жылға арналған жеке дайындық жоспары, бір жылға арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жыл сайын 10 қаңтарға дейін, қысқы спорт түрлері бойынша – 1 мамырға дейін уәкілетті органға (ЖСШМ-ның республикалық мәртебесі бар жағдайда) немесе жергілікті атқарушы органға (ЖСШМ-ның облыстық, қалалық (аудандық) мәртебесі бар жағдайда) келісуге ұсынылады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. ЖСШМ спортшыларының және жаттықтырушыларының жеке құрамы спортшылардың спорттық нәтижелерінің және ЖСШМ басшылығының ұсынысы негізінде, уәкілетті орган (ЖСШМ-ның республикалық мәртебесі бар жағдайда) немесе жергілікті атқарушы орган (ЖСШМ-ның облыстық, қалалық (аудандық) мәртебесі бар жағдайда) қайта қарастырады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. ЖСШМ-ге дайындыққа шақырылған спортшылар мына құжаттарды тапсырады:
1) жеке куәлігінің немесе төлқұжатының көшірмесін;
2) спорттық атақ берілген туралы куәлігінің көшірмесін;
3) тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйыммен ұсынылған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
4) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес толтырылатын спортшының жеке картасын;
5) бір жылға арналған оқу-жаттығу жұмысының жеке жоспары.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Спортшылар мынадай жағдайда оқудан шығарылады:
1) медициналық қарсы айғақтары болған жағдайда;
2) жеке дайындық жоспарларының талаптарын орындамағанда, спорттық дайындық режимін бұзғанда;
3) өзінің спорттық нәтижесін төмендеткенде;
4) спорт мектебінің ішкі тәртіп ережелерін бұзғанда;
5) спортта тыйым салған субстанцияларды және (немесе) әдістерді қолданғанда;
6) өз еркімен.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыру
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
24. ЖСШМ-ның спортшыларымен жүргізілетін оқу-жаттығу процесінің негізгі нысандары мыналар:
1) оқу-жаттығу жиынын ұйымдастыру және өткізу;
2) ЖСШМ оқушыларының жас санаттары бойынша дайындық жоспарына сәйкес оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру және өткізу;
3) топтық және жеке оқу-жаттығу тәжірибелік және теоретикалық сабақтар;
4) базалық және жалпы физикалық дайындау, арнайы физикалық дайындау және технико-тактикалық дайындау бойынша оқу процесінің кезеңде жеке жоспар жөніндегі сабақтар;
5) спорттық жарыстарға қатысу;
6) перспективалы жоспар жасау және бір жыл бойынша жұмысты талдау;
7) қалпына келтіру, сауықтыру және профилактикалық іс-шараларды өткізу;
8) медициналық тексеріс және медициналық-биологиялық қамтамасыз ету;
9) мақсатты тәрбиелік және патриоттық жұмысты қамтамасыз ету;
10) нұсқаушы және төрешілік тәжериебе;
11) мақсатталған тәрбие және патриоттық қамтамасыз ету.
25. Оқу-жаттығу, тәрбиелік және патриоттық жұмыстарды ЖСШМ-ның спорт түрлері бойынша бөлімшілердің аға жаттықтырушысы, оқытушы-жаттықтырушылар оқу-жаттығу сабақтарының жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
26. ЖСШМ өзінің қызметін барлық күнтізбелік жылында (52 апта) жүргізеді. Оқу жылы 1 қаңтарда басталады.
27. Оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуы осы Қағиданың 2-қосымшасында анықталған.
Мәнерлеп сырғанаудан спорттық және би жұптары үшін спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігінің кезеңінде топтарда спортшылардың саны 4 адам болып тағайындалады.
28. Спортшылардың халықаралық жарыстарда көрсеткен нәтижелері ЖСШМ-ге, сондай-ақ спортшыларды дайындаған спорттық ұйымдарға есептеледі.
29. Алып тасталды - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.30. Спорт түрлері бойынша бөлімшінің аға оқытушысы спортшыларды даярлау бағдарламасын әзірлейді және оны оқытушы-жаттықтырушылармен бірлесіп бақылайды, спортшыларды даярлау бойынша жұмысты және спортшылардың спорттық жарыстарда өнер көрсетуді ұйымдастырады, спорттық жарыстарда спортшылардың өнер көрсетуінің нәтижелеріне үнемі талдау жүргізеді, спортшыларының даярлау жоспарларын және бағдарламаларын іске асырады және оқу-жаттығу жұмысының жеке жоспарларды орындауын бақылайды, спорт түрлері бойынша бөлімшесінің жаттықтырушылар кеңестерін ұйымдастырады және өткізеді, спортшылармен тәрбие жұмысын ұйымдастырады.
31. Жаттықтырушы-оқытушы: ЖСШМ-ге қабылдау үшін спортшылардың іріктеуін жүзеге асырады; жеке жоспарларға сәйкес оқу-жаттығу және тәрбие жұмысын жүргізеді; спортшылардың спорттың шеберліктерінің артуын қамтамасыз етеді; спортшыларға спортта тыйым салынған субстанциялар және (немесе) әдістерін қабылдау жағдайларды алып тастауға көмек көрсетеді; жылдық және ағымдағы спортшыларды даярлау жоспарларын әзірлейді; жүйелі есеп және талдауды жүргізеді.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.32. Нұсқаушы және әдіскер ЖСШМ-ге қабылдау үшін спортшылар іріктеу жұмысын үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз етуді, оқу-жаттығу және тәрбие процесін ұйымдастыруды жүзеге асырады; топтарды қалыптастыру, оқу-жаттығу және тәрбие процесінің мазмұнына, нәтижесіне бақылауды жүзеге асырады, оқытушы-жаттықтырушылар біліктігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады, ЖСШМ-ның, бөлімшелердің немесе даярлық кезеңінің жұмыс нәтижелерінің статистикалық есебін жүргізеді, ЖСШМ қызмет нәтижелері туралы статистикалық есепті дайындауға қатысады.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.33. ЖСШМ басшысы, басшының орынбасары, нұсқаушы және әдіскер тиісті жоғары кәсіптік білімі және біліктілік санаты болған кезде жаттықтырушы-оқытушылық жұмысты жүргізеді. Бұл ретте жаттықтырушы-оқытушылық жұмыс үшін жүктеме 0,5 мөлшерлемеден аспауы тиіс.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.34. ЖШСМ-де ЖСШМ басшысы бекіткен педагогикалық кеңес, ереже және құрам құрылады.
Педагогикалық кеңес кемінде тоқсан сайын бір рет өткізіледі. Педагогикалық кеңес ЖСШМ-ның спорт түрлері бойынша бөлімшелердің жаттықтырушы кеңестерінің жұмысы, жоғары дәрежелі спортшыларды дайындау әдістемесі, оқу-жаттығу, тәрбиелік, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарын алдыңғы тәжірибие тарату мәселелерін жүргізеді.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.35. Спорт түрлерінен бөлімдерде ЖСШМ басшысы бекіткен жаттықтырушылар кеңесі, ереже және құрам құрылады.
ЖСШМ-де жаттықтырушылар кеңесі спорт түрлерінен аға жаттықтырушының басшылығымен айына кем дегенде бір рет өткізіледі. Жаттықтырушылар кеңесі отырысында оқу-жаттығу және тәрбие жұмысы, спортшыларды даярлаудың жеке жоспары, жарыстарға қатысу мәселелері қаралады, жаттықтырушы-оқытушылардың жаттығу процесін жетілдірудің әдістемеден хабарламалары мен баяндамалары тыңдалады.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.36. Спортшыларды медициналық бақылау және олардың функционалдық дайындығы жағдайының диагностикасы үшін, профилактикалық іс-шараларды өткізу және қалпына келтіру процестерін оңтайландыру үшін ЖСШМ-нен бөлінген қаражаттар шегінде тиісті аппаратурамен, қажетті дәрі-дәрмектермен және медициналық құралдарға арналған жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
37. Спорттық дәрігерлер ЖСШМ-ның жаттықтырушыларымен бірігіп спортшылардың оқу-жаттығу жиыны, жарыстар, демалыс кезеңінде дәрігерлік-педагогикалық бақылауды жүзеге асырады. Дәрігерлік бақылаудың нәтижелерін жаттықтырушылар ЖСШМ спортшыларының жеке дайындық жоспарларын түзету үшін пайдаланады.
38. ЖСШМ-ның спортшылары жыл сайын жылына екі рет тереңдетілген медициналық тексеруден өтеді.
5-тарау.Тәрбие жұмысы
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
39. ЖСШМ тәрбиелік жұмысты ЖСШМ басшысы бекіткен жоспар бойынша ұйымдастырады және өткізеді.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.40. ЖСШМ-ның тәрбие жұмысы спортшылардың жан-жақты үйлесімді дамуына бағытталған және жасы мен жеке ерекшелігін, спорттық шеберлігінің деңгейін және спорттық салтын ескере отырып жүзеге асырылады. Тәрбие жұмысы оқу-жаттығу сабақтары, жарыстар үдерісінде және күнделікті өткізіледі, және спортшының спортпен айналысуға, өзінің спорттық шеберлігін үнемі арттыруға, патриотизмді, шеберлікті, тәжірибені тәрбиелеуге және оларды практикалық қызметінде шығармашылық қолдауға, спорттық этиканы сақтауға қажеттілігін қалыптастыру тиіс.
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын жоғары спорт шеберлігі мектептері қызметінің қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
СПОРТШЫНЫҢ ЖЕКЕ КАРТОЧКАСЫ
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Тегі _____________________________________________________________
2. Аты_______________________________________________________________
3. Әкесінің аты (болған кезде)_______________________________________
4. Туған күні________________________________________________________
(күні, айы, жылы)
5. Туған жері________________________________________________________
(облысы, қаласы)
6. Білімі____________________________________________________________
(білім деңгейі, оқу орнының атауы)
7. | Жеке басын куәландыратын құжаттың № ___________________ | 13. | Спортшының антропометрлік деректері: |
Бойы___сантиметр, салмағы __килограмм. | |||
8. | Жеке сәйкестендіру нөмірі______________ | Костюмінің мөлшері ___________ | |
9. | Спорттық атағы ________________ | Бас киімінің мөлшері: ________ | |
10. | Жеке жаттықтырушысы __________ (Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған кезде) | Аяқ киімінің мөлшері: ________ | |
11. | Тілдерді меңгеруі ____________ | Тұрақты тұратын жері: ________ | |
12. | Байланыс телефоны:____________ | 14. | Спорт түрі ___________________ |
Республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуы
№ | Жарыстың атауы | Өткізу мерзімі мен орны (хронолия бойынша) | Жоспарлаған нәтижесі | Көрсеткен нәтижесі |
1 | ||||
2 |
Спортшының қолы _______________ Жаттықтырушының қолы ________________
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын жоғары спорт шеберлігі мектептері қызметінің қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Топтар (оқу кезеңдері бойынша) | Оқу кезеңі | Бір аптадағы оқу сағаттары | Спорт түрлері бойынша топтардағы адам саны (ең төменгі саны) | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Бірінші топ | Екінші топ | Үшінші топ | Төртінші топ | Бесінші топ | |||
Жоғары спорт шеберлігі | Кезең бойы | 32 сағат 36 сағат (топ құрамында Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесі болған жағдайда) | 3 адам | 5 адам | 4 адам | 2 адам | 2 адам |
Спорттық жетілдіру | Бірінші оқу жылы | 24 сағат | 5 адам | 6 адам | 6 адам | 2 адам | 3 адам |
Екінші оқу жылы | 26 сағат | 4 адам | 6 адам | 5 адам | 2 адам | 3 адам | |
Екінші оқу жылынан астам | 28 сағат | 4 адам | 6 адам | 5 адам | 2 адам | 3 адам |
Ескертулер:
1. Бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші топтарға жататын спорт түрлері бойынша топтардағы адам саны:
1) бірінші топ: биатлон, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, тау шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, коньки спорты, шорт-трек, ат спорты, жеңіл атлетика, желкенді спорт, суға секіру, батуттық гимнастика, шаңғымен трамплиннен секіру, жүзу, әртістік жүзу, тауға өрмелеу, садақтан ату, нысана көздеу, стендтік ату, қазіргі бессайыс, конькимен мәнерлеп сырғанау, фристайл, семсерлесу, велосипед спорты (велотрек, шоссе, маутинбайк), триатлон, үстел теннисі;
2) екінші топ: жоғары жетістіктер спортына кіретін ойын спорт түрлері, көкпар;
3) үшінші топ: жоғары жетістіктер спортына кіретін қалған барлық спорт түрлері;
4) төртінші топ: ат спортының ұлттық түрлері (бәйге, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату), байдарка мен каноэде есу, академиялық есу, жағажай волейболы;
5) бесінші топ: теннис, құсбегілік.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен бекітілген 6-қосымша |
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі даярлығы клубтары қызметінің қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі даярлығы клубтары қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағида) балалар-жасөспірімдердің дене тәрбиесі даярлығы клубтарының (бұдан әрі – клуб) қызметін реттейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Клубтың басты мақсаттары:
1) дене шынықтыру және спортпен шұғылдану арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру;
2) тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашу арқылы жан-жақты дамуы үшін жағдайлар жасау;
3) балаларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту;
4) олардың денсаулығын және дене тәрбиесін нығайтуға бағытталған балалар мен жасөспірімдер арасында дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады.
2-тарау. Клубтың қызметі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Спорт түрлері бойынша секциялар (бұдан әрі - секциялар) клубтың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Секцияларды ұйымдастыру клубтың педагогикалық кеңесі бекітетін оқу жоспарымен немесе жылдық күнтізбелік жоспармен және оқу кестесімен реттеледі.
4. Клубтың жұмыс уақыты ішкі тәртіп ережелерімен анықталады.
5. Секциялардың жұмысы жұмыс жоспарына қарай толық күнтізбелік жылға ұйымдастырылады.
Жазғы демалыс кезінде секциялар арнайы кесте бойынша жұмыс істей алады.
6. Секциялардың толықтығы келесі талаптардың ескерілуімен жүзеге асырылады:
1) секциялардың сандық құрамы спорт түріне байланысты анықталады;
2) бір топтағы балалардың жас айырмашылығы үш жастан аспауы қажет;
3) топтың саны клубтың жарғысына сәйкес оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асырудың шарттарына байланысты анықталады.
7. Кестені жасаған кезде оқу орындарындағы оқушыларының бос уақыты мен жұмыс бастылық көлемін ескеру қажет.
8. Секциялардың жұмысын ұйымдастыру дене шынықтыру, спорт жаттығулары мен бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу кезіндегі қауіпсіздік пен санитарлық-гигиеналық нормалар ережесінің талаптарына сай болуы қажет.
9. Клубтағы нұсқаушы-әдіскер мен жаттықтырушы-оқытушының штаттық бірлік саны спорт түрлері бойынша секциялардың санына байланысты аңықталады.
10. Секциялардағы балалардың саны спорт түріне қарай 25 адамнан аспауы қажет.
3-тарау. Клубты басқару
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Клубты басқару алқалық қағидаттары бойынша жүзеге асырылады.
Алқалық басқарудың түрі клубтың педагогикалық кеңесі болып табылады.
12. Клубты тікелей басқаруды дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар тағайындайтын басшы жүзеге асырады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Клубтың басшысы дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша клубтың штаттық кестесін, клуб қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтарын, оқу жүктемесінің көлемін бекітеді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Оқу-жаттығу үдерісі олардың даму динамикасы, оқу материалдарын игеру ерекшеліктері мен мүмкіндіктері және оқушыны одан әрі жетілдірудің келешек қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Оқу аптасы ішінде сабақтардың ұзақтығы (3-4 күн) педагогикалық кеңеспен белгіленеді және клубтың басшысымен бекітіледі.
Оқу-жаттығу процесі спорттық даярлықтың ұлттық стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Балаларды клубқа қабылдау ата-аналарының (заңды өкілдерінің, қамқоршыларының, қорғаншыларының) атынан клуб басшысының атына өтініш, оған қоса оқу орнынан анықтама, екі 3x4 сурет, денсаулығы туралы медициналық анықтама ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
Клубқа қабылдауға ұсынылған өтінішті қосымша құжаттармен бірге педагогикалық кеңес 3 күн ішінде қарастырады.
Көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбау және теріс медициналық клубқа қабылдаудан бас тартуға негіздеме болып табылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Клубтан шығару ата-аналарының (заңды өкілдерінің, қамқоршыларының, қорғаншыларының), өтініші негізінде сондай-ақ бала дәлелсіз себептермен сабаққа 1 айдан көп уақыт қатыспаса, педагогикалық кеңестің шешімімен жүзеге асырылады.
17. Оқу-жаттығу үдерісі жеке немесе баланың жасы мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, жинақталатын топта (шағын топ) ұйымдастырылады.
5-тарау. Оқу-жаттығу үдерісінің қатысушылары
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
18. Оқу-жаттығу үдерісінің қатысушылары балалар, жасөспірімдер және олардың ата-аналары (заңды өкілдері, қамқоршылары, қорғаншылары), клубтың педагогикалық, медициналық қызметкерлері болып табылады.
Клубта педагог-психолог, медбике-массажшы, емдік дене шынықтыру мамандары, әлеуметтік педагог қызметтерінің лауазымдары қарастырылады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен бекітілген 7-қосымша |
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын спорт клубтарының, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт клубтары қызметінің қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын спорт клубтарының, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт клубтары қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) спорт клубтарының, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт клубтары (бұдан әрі - клубтар) қызметінің тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Клубтар оқу-жаттығу, жарыстарды, дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбиелеу қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар болып табылады.
2-тарау. Клубтардың мақсаттары мен міндеттері
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Клубтар, оның ішіндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда мына мақсаттарда құрылады:
1) түрлі жіктегі халықты тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен айналысуға кеңінен тарту;
2) салауатты өмір салтын насихаттау, белсенді демалысты ұйымдастыру, дене дайындығының деңгейін көтеру, жігерлік және азаматтық-патриоттық қасиеттерді қалыптастыру;
3) дене шынықтыру және спортпен айналысуға жағдай жасау;
4) бұқаралық спорттық қозғалысты қалыптастыру;
5) мүгедектігі бар адамдар арасында жоғары спорт жетістіктерін дамыту.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.4. Клубтардың негізгі міндеттері:
1) Қазақстан азаматтарының дене, рухани және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге белсеңді жәрдемдесу, олардың күнделікті өміріне дене шынықтыру мен спортты енгізу;
2) спорт секцияларында және сауықтыру бағытындағы топтарда клубтық сабақтарды ұйымдастыру, бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық шараларды өткізу;
3) азаматтардың денсаулығын нығайтуға бағытталған жұмыстарды жүргізу;
4) спартакиадаларды, бұқаралық спорттық жарыстарды, спорттық мерекелерді өткізу;
5) кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерде, оның ішінде білім беру мекемелерге бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жұмысты ұйымдастыруға көмек көрсету;
3-тарау. Клубтардың қызметі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Спорт түрлері бойынша клубтардың қызметі:
1) дене шынықтыру мен спорттың бұдан әрі дамуын жоспарлау;
2) өз қызметі туралы ақпаратты тарату;
3) спорттық-бұқаралық спорттық жарыстардың, спартакиадалардың және басқа да дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын қаржыландыруды жүзеге асыру;
4) клубтар жылына кемінде екі рет отырыстар өткізеді, оларда дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу қорытындыларын шығарумен, комиссиялардың, секциялардың, топтардың есептері мен жұмысы талқыланады, сондай-ақ клубтардың қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қарастырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Клубтарды ұйымдастыру мен қызметіне басшылық ету өздерінің жарғыларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7-1. Оқу-жаттығу процесі спорттық даярлықтың ұлттық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағидалар 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мүгедектігі бар адамдар арасындағы оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуы
Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Қағида қосымшамен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Топтар (оқу кезеңдері бойынша) | Оқу кезеңі | Бір аптадағы оқу сағаттары | "тірек қимыл аппараты зақымдалған", "көру қабілеті зақымдалған", "есту қабілеті зақымдалған", "интеллектуалды мүмкіндігі шектеулі" мүгедек тұлғалардың топтарында адамдардың саны (ең төменгі саны) | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
тірек-қимыл аппараты зақымдалған | көру органы қабілеті бұзылған | есту қабілеті зақымдалған | интелек-туалдық мүмкіндіктері шектеулі | |||
Жоғары спорт шеберлігі | Кезең бойы |
32 сағат | 2 адам | 2 адам | 2 адам | 2 адам |
Спорттық жетілдіру | Бірінші оқу жылы | 24 сағат | 2 адам | 2 адам | 2 адам | 2 адам |
Екінші оқу жылы | 26 сағат | 2 адам | 2 адам | 2 адам | 2 адам | |
Екінші оқу жылынан астам | 28 сағат | 2 адам | 2 адам | 2 адам | 2 адам | |
Оқу-жаттығу | Бірінші оқу жылы | 12 сағат | 3 адам | 4 адам | 4 адам | 4 адам |
Екінші оқу жылы | 14 сағат | 3 адам | 3 адам | 4 адам | 4 адам | |
Үшінші оқу жылы | 18 сағат | 3 адам | 3 адам | 3 адам | 3адам | |
Үш оқу жылынан астам | 20 сағат | 2 адам | 3 адам | 3 адам | 3 адам | |
Алғашқы даярлау | Бірінші оқу жылы | 8 сағат | 5 адам | 5 адам | 5 адам | 5 адам |
Бір оқу жылынан астам | 10 сағат | 4 адам | 5 адам | 5 адам | 5 адам | |
Спорттық-сауықтыру | Кезең бойы | 6 сағат | 5 адам | 6 адам | 6 адам | 6 адам |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен бекітілген 8-қосымша |
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын кәсіпқой спорт клубтары қызметінің қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын кәсіпқой спорт клубтары қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) кәсіпқой спорт клубтары (бұдан әрі - клубтар) қызметінің тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Ұйымдастырушылық құрылым, қызмет бағыты, қызмет түрлері мен нысандары, клубтардың қызметкерлері мен мүшелерінің құқықтары мен міндеттері құрылтай құжаттарымен белгіленеді.
3. Клубтар оқу-жаттығу және жарысу қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады және әр түрлі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарда құрылады.
4. Клубтар мемлекеттік органдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шет елдердің дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктерімен ынтымақтасып, өзара әрекет етеді.
2-тарау. Клубтардың мақсаттары мен міндеттері
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Спорт түрлері бойынша кәсіптік клубтар мына мақсаттарда құрылады:
1) Қазақстан Республикасында жоғары жетістіктер спортын дамыту;
2) спорттық, олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық қозғалыстарды дамыту;
3) халықаралық дәрежедегі спортшыларды дайындау.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Клубтардың қызметін ұйымдастыру
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Спорт түрлері бойынша клубтардың қызметі:
1) жоғары жетістіктер спорты саласындағы қызметті жүргізу;
2) оқу-жаттығу бағдарламаларын және спортшылардың жеке дайындық жоспарларын іске асыру;
3) спортшылардың жеке дайындық жоспарларына және спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес олардың республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
4) жаттықтырушы-оқытушы құрамның біліктілігін және тағылымдамасын арттыру бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
5) дене шынықтыру мен спорт саласындағы жетекші мамандарды, жаттықтырушыларды, ғылыми қызметкерлерді, медицина қызметкерлерін шақыру арқылы семинарлар, курстар ұйымдастырып, өткізу;
6) кеңінен таратылатын спортты одан әрі дамытуды жоспарлау;
7) халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес спорттық бірлестіктерге кіру;
8) спорт жарыстарын, оқу-жаттығу жиындарын, басқа да спорт іс-шараларын қаржыландыруды жүзеге асыру;
9) спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар кеңесі, төрешілер алқасының қоғамдық комиссиясын құру және жұмысын ұйымдастыру;
10) спортшыға, жаттықтырушыға және клубтың өзге де маманына спорттық қызмет туралы жасалған шартқа сәйкес төлемдерді уақтылы төлеу;
11) міндетті алдын ала, мерзімді және кезектен тыс медициналық тексерулерден өту кезеңінде жұмыс орындары (лауазымдары) мен орташа жалақыларын сақтай отырып, өз қаражаты есебінен кәсіпқой спортшылардың, кәсіпқой жаттықтырушылардың және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандардың көрсетілген медициналық тексерулерден өтуін ұйымдастыру;
12) спорт федерациясы белгілеген мерзімде спорт федерациясында спорттық қызмет туралы шарттарға тіркеу жүргізу;
13) жұмыскерлердің жеке қорғану құралдарын қоса алғанда, кәсіпқой спортшының, кәсіпқой жаттықтырушының және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманның спорттық қызмет туралы шартта көзделген міндеттерін орындауы үшін оларды қажетті спорттық киіммен, мүкәммалмен, медициналық қызмет көрсетумен және өзге де құралдармен қамтамасыз ету;
14) спорттық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындары өтетін орындарда күзет пен еңбек гигиенасының талаптарына жауап беретін тиісті техникалық жабдықтарды құру және кәсіпқой спортшы мен дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманның қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
15) спорттық жарақатқа байланысты спортшының, жаттықтырушының және клубтың басқа да қызметкерінің спорттық қызметі уақытша тоқтатылған кезеңде спорттық қызмет туралы шартта көзделген төлемдерді жүзеге асыру;
16) кәсіпқой спортшы, кәсіпқой жаттықтырушы және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маман спорттық жарақаттың салдарынан спорттық қызметін уақытша тоқтата тұрған кезеңде оған өз есебінен мөлшері спорттық қызмет туралы шартта көзделген төлемді толық көлемде төлеу;
17) спорттық жарыстарға дайындалу және оларға тікелей қатысу кезінде спортта допингті және денсаулыққа зиянды басқа да құралдарды және (немесе) әдістерді пайдалануға қарсы күресу;
18) спортты халық арасында насихаттауды және кеңінен таратуды ұйымдастыру;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәсіпқой спортшының, кәсіпқой жаттықтырушының және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманның міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандырылуын жүзеге асыру;
20) кәсіпқой спортшыны, кәсіпқой жаттықтырушыны және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманды еңбекті қорғау және жазатайым оқиғалар болған жағдайда алғашқы көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйрету, еңбекті қорғау жөнінде нұсқаулар беру, жұмыс орнында тағылымдамадан өткізуге және еңбек қорғау талаптарын, жұмысты орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін білетіндіктеріне тексеру жүргізу;
21) жастар арасында спорт резервін даярлауды жүзеге асыру, балаларға арналған спорт мектептерін ашу, бейімдеуші спорт түріне жаттықтырушылар мен төрешілер даярлау;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен спортшылармен, жаттықтырушылармен және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандармен спорттық қызмет туралы шарттарды жасасу, өзгерту және бұзу;
23) кәсіпқой спортшыларды, кәсіпқой жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандарды жоғары спорттық нәтижелерге жеткені үшін көтермелеу;
24) кәсіпқой спортшылардан және жаттықтырушылардан, дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандардан олардың спорттық қызметі туралы жасалған шарттарда қамтылған міндеттерін орындауын талап ету;
25) дене шынықтыру мен спорт саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы іске асырылады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Клубты басқару
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Клубтардың қызметіне жалпы басшылық құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Клубтардың басшылығы:
1) клубтар қызметінің стратегиялық және басым бағыттарын айқындайды;
2) клубтар қызметкерлерінің штаттық санын бекітеді;
3) клубтарға мүшелікке қабылдау мен клубтардан шығаруды жүзеге асырады;
4) оқу-жаттығу жұмыстарының жоспарын бекітеді;
5) кіріс және шығыс сметаларын бекітеді;
6) клубтың штаттық қызметкерлеріне сыйақы беру және еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдайды;
7) спорт қызметі туралы келісім-шарттар негізінде кәсіпқой спортшыларға ақшалай төлемдер мөлшерін бекітеді.
Клубтар басқармасы кемінде жарты жылда бір рет отырыс өткізіп, онда комиссияның, секциялардың, топтардың, командалардың есептерін талқылайды және өткізілген дене шынықтыру-сауықтыру мен бұқаралық-спорттық іс-шаралардың қорытындыларын шығарады, сондай-ақ клубтардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарайды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығына 8-1-қосымша |
Спорт резервін және жоғары дәрежелі мүгедектігі бар спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы қызметінің қағидалары
Ескерту. Бұйрық 8-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі мүгедектігі бар спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) спорт резервін және жоғары дәрежелі мүгедектігі бар спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы (бұдан әрі – Орталық) қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Орталық заңды тұлға болып табылады және өз қызметінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік, дене шынықтыру және спорт жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Қағидаларды және Орталық жарғысын басшылыққа алады.
3. Осы Қағидалар мынадай ұғымдар қолданылады:
1) аға жаттықтырушы – спорт түрлерi бойынша жаттықтырушылар құрамына жалпы басшылықты жүзеге асыратын және оқу-жаттықтырушылық қызметпен тiкелей айналысатын спорт жаттықтырушысы;
2) ауыспалы құрам – оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар кезінде тартылатын мүгедектігі бар спортшылар құрамы;
3) жеке жаттықтырушы – мүгедектігі бар спортшыны спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командасынан тыс болған кезеңінде оның жеке-дара даярлау жоспарын орындауына бағытталған даярлауды (кемінде үш жыл) жүзеге асыратын жаттықтырушы;
4) оқу-жаттығу жиыны – мүгедектігі бар спортшылардың спорттық шеберлігін және оқу-жаттығу процесінің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылатын іс-шара;
5) спорт түрi – жаттығу ортасы, сайысу әрекетіндегі дене шынықтыру жаттығуларының немесе интеллектуалдық қабілеттердің жиынтығы және бір спорт федерациясының спорт түрлері қағидаларының ұқсастық белгілері бойынша біріктірілген жарыстар қағидалары айырым белгiлерi болып табылатын спорттың құрамдас бөлiгi;
6) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі – халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейлердегі жыл сайынғы жарыстардың, сондай-ақ жарыстарға дайындық жөніндегі іс-шаралардың тізбесі;
7) халықаралық жарыстар – шетелдік спортшылар (командалар) қатысатын спортшылар (командалар) арасындағы спорт түрi бойынша өтетін сайыстар.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Орталықтың қызмет тәртібі
4. Мүгедектігі бар спортшыларды даярлау жыл бойы жүзеге асырады, бірақ мүгедектігі бар спортшыларды дайындаудың перспективалық бағдарламасына сәйкес бір мүгедектігі бар адамдар-спортшыға 250 күннен аспауы керек.
5. Жүйелі түрде жоғары спорттық нәтижелер көрсететін (халықаралық жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпаздары мен жүлдегерлері) және келешекте өзінің спорттық көрсеткіштерін арттыратын мүгедектігі бар спортшылар спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық ұлттық немесе ұлттық командасына жіберіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Халықаралық жарыстарда мүгедектігі бар спортшының көрсеткен нәтижелері Орталыққа да, мүгедектігі бар спортшыны Орталыққа ұсынған ұйымға да бірдей есептеледі.
7. Орталықтың аға жаттықтырушысы мүгедектігі бар спортшыларды дайындаудың перспективалық жоспарын әзірлейді және Орталықтың басшысымен келіседі, сондай-ақ шақырылған жаттықтырушылармен бірлесіп, оның орындалуын бақылауға алады, мүгедектігі бар спортшыларды дайындауды және оларды жарыстарға қатыстыруды ұйымдастырады, мүгедектігі бар спортшылардың жарыстарға қатысу нәтижелеріне әрдайым талдау жасайды, мүгедектігі бар спортшылардың дайындық жоспарларын және бағдарламаларын іске асырады, оқу-жаттығу процесінің, жеке жоспарларының орындалуын бақылайды, мүгедектігі бар спортшылармен тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастырады және өткізеді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Жеке жаттықтырушы мүгедектігі бар спортшының жеке жоспары бойынша жаттығу жүргізеді және Орталықтың аға жаттықтырушысының басшылығымен жұмыс істейді.
9. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық ұлттық немесе ұлттық командаларына өткен жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар мен ересектер жасындағы мүгедектігі бар спортшылар Орталықтың ауыспалы құрамында қалады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Орталыққа мыналар қабылданады:
1) Орталықтарда спорт түрлерінен мүгедектігі бар спортшылардың жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар мен ересектер жасындағы және Қазақстан Республикасы чемпионаттарының (біріншіліктерінің) немесе халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылатын мүгедектігі бар спортшылар, сондай-ақ спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық ұлттық және ұлттық командаларының құрамына кіретін мүгедектігі бар спортшылар;
2) спорттың ойын түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық ұлттық және ұлттық жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар және ересектер командаларының мүшелері болып табылатын мүгедектігі бар спортшылар;
3) жоғары деңгейдегі екінші біліктілік санатынан төмен емес жаттықтырушылар.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Орталықтың контингенті ауыспалы құрамда болады.
12. Спорт түрлерінен бөлімдер әр жас санаты бойынша мүгедектігі бар спортшылар қатарынан қалыптасады және халықаралық жарыстарға қатысуға жіберілетін команда құрамының ең көп санынан үш құрамнан артық емес құрайды.
13. Бір спорт түрінен әр жас топтағы жаттықтырушылар құрамы 4 бірліктен аспауы тиіс.
14. Мүгедектігі бар спортшылардың, жаттықтырушылардың (спорт түрлері бөлімшелер бойынша) құрамы, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісімі бойынша Орталық басшысымен жыл сайын жазғы Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша 20 қаңтарға дейін, қысқы Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша 20 мамырға дейін бекітеледі.
15. Орталық басшысы уәкілетті органның келісімімен бір спорт түрінен барлық жас санаты бойынша (жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар және ересектер) жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар және ересектер санаты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командасының бір аға жаттықтырушысын тағайындайды.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Осы Қағидалардың 19-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардан басқа, спорт түрінен әр бөлімдегі мүгедектігі бар спортшылардың және жаттықтырушылардың құрамы уәкілетті органның келісімі бойынша, Орталықтың шешімімен жаттығу және жарыс кезеңі аяқталғаннан кейін қайта қаралады, бірақ жылына екі реттен аспауы тиіс.
17. Орталықта орталықтандырылған дайындыққа тартылатын мүгедектігі бар спортшылар келесі құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
2) "Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығымен бекітілген Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидалары, сондай-ақ олардың сипаттамасына 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша спорттық атақ беру туралы куәліктің көшірмесі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9675 болып тіркелген);
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мүгедектік туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген);
4) республикалық Спорттық медицина және оңалту орталығының немесе дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің спортшының денсаулығы және оның осы спорт түрімен келешекте одан әрі шұғылдануы туралы қорытындысының (еркін нысанда) көшірмесін;
5) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі бар спортшының жеке картасын;
6) спорттық нәтижелердің растамаларын (жарыс хаттамаларының көшірмесін).
18. Орталықта мүгедектігі бар спортшыны дайындауға тартылатын жаттықтырушылар келесі құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
2) біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесін;
3) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 075/е нысан бойынша таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберілгені туралы учаскелік дәрігер берген медициналық анықтама.
19. Мүгедектігі бар спортшы Орталықтан келесі негіздер бойынша шығарылады:
1) жеке жоспарына сәйкес жарыстарда медальдар және орындар иелену бөлігінде спорттық нәтижелерінің төмендеуі;
2) медициналық қортынды негізінде денсаулық жағдайына;
3) спортта тыйым салынған субстанциялар және (немесе) әдістер қолдануына;
4) Орталықтың еңбек тәртібін бұзуына байланысты.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Орталықтың спорт түрлерінен бөлімдерінде әр спорт түрі бойынша төрағасынан және мүшелерінен тұратын жаттықтырушылар кеңесі құрылады. Жаттықтырушылар кеңесінің мүшелері жаттықтырушылардан тағайындалады. Орталықтың спорт түрі бойынша аға жаттықтырушысы Жаттықтырушылар кеңесінің төрағасы болып тағайындалады.
Жаттықтырушылар кеңесінің отырысына қатысу үшін Орталықтың мүдделі мамандары және мүдделі ұйымдар тартылады.
21. Жаттықтырушылар кеңесі Орталықтың мүгедектігі бар спортшыларының, жаттықтырушыларының және басқа мамандарының спорттық жарыстарға дайындалуы мен қатысуына қатысты мәселелерді қарастырады.
22. Жаттықтырушылар кеңесінің отырысы жаттықтырушылар кеңесі мүшелерінің жалпы саны 2/3-ден кем болмаған жағдайда өткізіледі.
23. Жаттықтырушылар кеңесінің шешімі оның мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Жаттықтырушылар кеңесінің шешімі хаттамамен ресімделеді және оған жаттықтырушылар кеңесінің төрағасы мен мүшелері қол қояды. Жаттықтырушылар кеңесінің төрағасының даусы шешуші болып табылады.
24. Мүгедектігі бар спортшыларды медициналық бақылау және олардың функционалдық дайындығын диагностикалау үшін Орталықтың алдын-алу іс-шараларын өткізу және қалпына келтіру процесін оңтайландыруға бөлінген қаражат шегінде қажетті медициналық үй-жаймен, жабықтармен, қажетті дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы құралдармен қамтамасыз етіледі.
25. Спорт дәрігерлері Орталықтың жаттықтырушыларымен бірлесіп, оқу-жаттығу жиыны мен жарыстар кезінде мүгедектігі бар спортшыларға дәрігерлік бақылауды жүзеге асырады. Дәрігерлік бақылаудың нәтижелерін жаттықтырушылар мүгедектігі бар адамдар-спортшылардың жеке дайындық жоспарларын түзету үшін пайдаланады.
26. Орталықтың мүгедектігі бар спортшылары жылына екі рет Республикалық спорттық медицина және оңалту орталығында және медициналық ұйымдарда тереңдетілген медициналық тексеруден өтеді.
27. Орталықтың оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыру үшін келесі құжаттамалары болады:
1) Орталықтың жылдық жоспары;
2) жылдық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі;
3) жарыс хаттамалары мен Орталық мүгедектігі бар спортшыларының қатысуының талдамалары;
4) мүгедектігі бар спортшыларды даярлаудың жеке жоспарлары;
5) мүгедектігі бар спортшының, жаттықтырушының жеке карточкалары;
6) мүгедектігі бар спортшылар мен жаттықтырушылардың тізімі;
7) статистикалық деректердің міндетті нысандары.
СПОРТШЫНЫҢ ЖЕКЕ КАРТОЧКАСЫ
Фото
1. Тегі _____________________________________________________
2. Аты_____________________________________________________
3. Әкесінің аты (ол болған кезде) ______________________________
4. Туған күні________________________________________________
(күні, айы, жылы)
5. Туған жері________________________________________________
(облыс, қала)
6. Білімі____________________________________________________
(білім деңгейі, оқу орнының атауы)
7. | Жеке басын куәландыратын құжаттың № ___________________ | 13. | Спортшының антропометрлік деректері: |
Бойы___сантиметр, салмағы __ килограмм | |||
8. | Жеке сәйкестендіру нөмірі_____ | Костюмінің мөлшері ___________ | |
9. | Спорттық атағы _______________ | Бас киімінің мөлшері ________ | |
10. |
Жеке жаттықтырушысы ___________________ | Аяқ киімінің мөлшері ________ | |
11. | Тілдерді меңгеруі ____________ | Тұрақты тұратын жері ________ | |
12. | Байланыс телефоны:____________ | 14. | Спорт түрі ___________________ |
Республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуы
Р/С № | Жарыстың атауы | Өткізу мерзімі мен орны (хронолия бойынша) |
Жоспарланған | Көрсеткен нәтижесі |
1 | ||||
2 |
Спортшының жеке қолы ____________
Жаттықтырушының қолы ______________
Қазақстан Республикасы | |
Мәдениет және спорт министрінің | |
2014 жылғы 22 қарашадағы | |
№ 106 бұйрығына 8-2-қосымша |
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларын даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің қағидалары
Ескерту. Бұйрық 8-2-қосымшамен толықтыырылды - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларын даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларын даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – Ұйымдар) қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Ұйымдар заңды тұлға болып табылады және өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, мемлекеттік мүлік, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органдардың бұйрықтарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Қағидалар мен ұйымның жарғысын басшылыққа алады.
3. Ұйымдар республикалық мәртебеге ие және өз филиалдарын аша алады.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) жоғары жетістіктер спорты – Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық, Азия, Параазиялық ойындардың бағдарламаларына енгізілген ұлттық спорт түрлері мен спорт түрлері;
2) оқу-жаттығу жиыны – спортшылардың спорттық шеберлігін және оқу-жаттығу процесінің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған орталықтандырылған іс-шара;
3) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай күнтiзбесi – халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейлердегі жыл сайынғы жарыстардың, сондай-ақ жарыстарға дайындық жөніндегі іс-шаралардың тізбесі;
4) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командалары – жоғары жетістіктер спорты бойынша халықаралық спорттық жарыстарға даярлықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп қатысатын спортшылар, жаттықтырушылар, отандық және шетелдік мамандар ұжымдары;
5) спорттық даярлықтың ұлттық стандарттары – дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін әзірлеген және бекіткен спорт түрі (түрлері) бойынша спорттық даярлыққа қойылатын ең төмен талаптардың жиынтығы;
6) спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командасының бас жаттықтырушысы – спорт түрi бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командасына басшылық жасауға, оның даярлығына, қалыптастырылуына және әлем чемпионаттарына, Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарға және басқа да халықаралық жарыстарға қатысуына жауап беретiн жаттықтырушы;
7) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық ұлттық командалары – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген қаржылық шарттармен спорттық қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп халықаралық спорттық жарыстарға қатысатын спортшылар, жаттықтырушылар, отандық және шетелдік мамандар ұжымдары;
8) спорт түрi – жаттығу ортасы, сайысу әрекетіндегі дене шынықтыру жаттығуларының немесе интеллектуалдық қабілеттердің жиынтығы және бір спорт федерациясының спорт түрлері қағидаларының ұқсастық белгілері бойынша біріктірілген жарыстар қағидалары айырым белгiлерi болып табылатын спорттың құрамдас бөлiгi;
9) халықаралық спорттық жарыстар – шетелдік спортшылар (командалар) қатысатын спортшылар (командалар) арасындағы спорт түрi бойынша өтетін сайыстар.
2 тарау. Мақсаттары, міндеттері, функциялары
5. Ұйымдарды құрудың мақсаты – спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларын ұстау, Олимпиада және Азия ойындарына, Әлем және Азия чемпионаттарына, Әлем кубоктары мен кубок кезеңдеріне, басқа да халықаралық спорт жарыстарына қатысуға дайындауда медициналық, материалдық-техникалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.
6. Ұйымдардың міндеттері:
1) спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру және халықаралық спорт аренасында табысты өнер көрсету;
2) жоғары жетістіктер спорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командалары спортшыларының жоғары нәтижелерге қол жеткізуі болып табылады.
7. Ұйымдардың функциялары:
1) Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде жоғары деңгейдегі спортшыларды және жоғары жетістіктер спортынан спорттық резервті даярлау;
2) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық ұлттық командасының құрамына кандидат-спортшыларды іріктеу және даярлау;
3) оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету, медициналық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, оның нәтижесіне, физикалық қасиетінің жеке даму көрсеткіштерінің өсу динамикасына, спортшылардың техника-тактикалық дайындық деңгейін арттыруға талдау жүргізу;
4) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында республикалық (Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктарын, республикалық кешенді спорттық-бұқаралық іс-шараларды) және дене шынықтыру-сауықтыру спорттық жарыстарды, сондай-ақ халықаралық спорттық жарыстарды ұйымдастыру және өткізу;
5) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларын спорттық мүкәммалмен және жабдықтармен қамтамасыз ету;
6) спортшыларды даярлау жөніндегі спорт ұйымдарының озық жұмыс тәжірибесін зерделеуге қатысу және енгізу;
7) спортшыларды, жаттықтырушыларды және өзге де мамандарды, оның ішінде белгіленген критерийлерге сәйкес келетін шетелдік азаматтарды халықаралық жарыстарға даярлау және қатысу жөніндегі спорттық қызмет туралы шарттар жасасу жолымен тарту;
8) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеулер төлеуді және оларды қайтаруды, сондай-ақ спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олар жарыстарда жарақат алған және мертіккен кезде өтемақы төлеуді ұйымдастыру;
9) Ұйымдардың бюджеті шеңберінде спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесіне сәйкес өткізілетін Қазақстан Республикасының аумағында республикалық және халықаралық жарыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті шығындарды қамтамасыз ету;
10) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша спорттық ұйымдардың, оның ішінде шетелдік спорт ұйымдарының спортшылары, жаттықтырушылары және басқа да мамандарымен алмасуды жүзеге асыру;
11) жетекші спортшылар мен жаттықтырушылар үшін профилактикалық және қалпына келтіру іс-шараларын ұйымдастыру;
12) жарыстар, жаттығулар мен жиындар кезінде, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларын жазатайым оқиғалардан сақтандыруды ұйымдастыру;
13) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша спорт түрлерін қаржыландыруды бекіту;
14) жоғары жетістіктер спорты мәселелері, оның ішінде Ұйымдардың мамандары мен жұмыскерлерін даярлау, біліктілігін арттыру бойынша семинарларды, кеңестерді, конференцияларды ұйымдастыру және қатысу;
15) спортшылардың спорттық жарыстарда өнер көрсету нәтижелеріне тұрақты талдау жүргізу;
16) халықаралық, оның ішінде кешенді халықаралық спорттық жарыстарға қатысушы спортшыларды қарсы алу мен шығарып салуды ұйымдастыру және өткізу;
17) осы Қағидаларда белгіленген өз қызметіне жатқызылған мәселелер бойынша құзырет шеңберінде дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп іс-қимыл жасау.
3-тарау. Спорт контингентін қалыптастыру тәртібі
8. Ұйымдардың контингенті "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларының құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 289 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9682 болып тіркелген) сәйкес белгіленген тәртіппен айқындалады.
9. Контингентті Ұйымдарға қабылдау (спортшылар, жаттықтырушылар, сервис жөніндегі жаттықтырушылар, кеңесшілер, мамандар, оның ішінде шетелдік, психологтар, дәрігерлер, массажистер) дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, еңбек және азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
10. Ұйымдардың контингенті тұрақты және ауыспалы құрамдардан құрылады.
11. Тұрақты құрам спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының шлтаттық ұлттық командаларының мүшелері болып табылатын тұлғалар қатарынан тұрады. Ауыспалы құрам спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командасының мүшелері болып табылатын, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық ұлттық командаларының құрамына кірмеген тұлғалар қатарынан тұрады.
12. Тұрақты құрамға кіретін спортшылар Ұйымдарға "Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14052 болып тіркелген) сәйкес құжаттарын ұсынады.
13. Спортшылар тұрақты құрамнан келесі жағдайларда шығарылады:
1) медициналық қарсы көрсеткіштер;
2) спорттық көрсеткіштердің төмендеуі;
3) спорттық әдеп ережелерін бұзу;
4) спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) әдістерді қолдану;
5) допингке қарсы ережелерді бұзу;
6) өз еркімен;
7) спорттық қызмет туралы шарттың немесе еңбек шартының талаптарын орындамау, қолданыс мерзімінің аяқталуы, сондай-ақ оны Ұйыммен мерзімінен бұрын бұзу;
8) Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларының құрамынан шығару.
14. Ауыспалы құрамға қабылданған спортшылар басқа дене шынықтыру-спорт ұйымдарының тұрақты құрамында немесе өзге тұлғалармен қандай да бір еңбек немесе азаматтық қатынастарда бола алады.
15. Ұйымдардың спорттық қызметі туралы шарттар жасасу тәртібі "Жоғары дәрежелі спортшылармен, жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 296 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9677 болып тіркелген) айқындалады.
4-тарау. Оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру
16. Спортшыларды даярлау Ұйымдардың спорттық күнтізбесіне және "Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін және олардың сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11437 болып тіркелген) сәйкес жыл бойы жүзеге асырылады.
17. Спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командасының бас жаттықтырушысы өз құзыреті шеңберінде спорт түрі бойынша келісе отырып, Ұйымдардың спорттық күнтізбесін әзірлейді, сондай-ақ тартылатын жаттықтырушылармен және кеңесшілермен бірлесіп оның орындалуын бақылайды және іске асырады, спортшыларды даярлау жөніндегі жұмысты және олардың жарыстарда өнер көрсетуін ұйымдастырады, спортшылармен және жаттықтырушылармен тәрбиелік және өзге де жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді.
18. Спортшыларды орталықтандырылған даярлау және спорттық жарыстарға қатысу кезеңінде, Ұйымдар шығуға байланысты шығындарды өтей отырып, жеке жаттықтырушыларды тарта алады. Жеке жаттықтырушы жеке дайындық жоспары бойынша жаттығу сабақтарын өткізеді және спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командасының бас жаттықтырушысының тікелей басшылығымен жұмыс істейді.
19. Спортшылардың функционалдық даярлығының жай-күйін медициналық бақылау және диагностика жасау, профилактикалық іс-шараларды жүргізу және қалпына келтіру процестерін оңтайландыру үшін Ұйым сондай-ақ бөлінетін қаржыландыру шегінде тиісті медициналық қызмет көрсетуді және тексеруден өтуді қамтамасыз етеді.
20. Ұйымдар қажетті дәрігерлік бақылауды қамтамасыз ету мақсатында тиісті рұқсаттары (лицензиялары) бар болған кезде спортшыларды спорттық жарыстарға дайындауға және қатысуына спорт дәрігерлерін тарта алады. Дәрігерлік бақылаулардың нәтижелерін Ұйымның жаттықтырушылар құрамы пайдаланады.
21. Ұйымдар Ұлттық спорттық медицина және оңалту ұйымымен бірлесіп Ұйымдардың тұрақты құрамына кіретін спортшылардың жылына екі рет медициналық тексеруден өтуін қамтамасыз етеді.
22. Оқу-жаттығу процесі мыналарды қамтиды:
1) оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру және өткізу;
2) спорттық жарыстарға қатысу;
3) дайындық жоспарын құру, оны іске асыру және талдау;
4) қалпына келтіру, сауықтыру және алдын алу іс-шараларын жүргізу;
5) медициналық тексеру;
6) спорт контингентінің біліктілігін арттыру, оның ішінде спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) әдістерді қолдануға тыйым салу;
7) спортшыларға медициналық және психологиялық көмек көрсету.
23. Ұйымдардың спорттық күнтізбесі Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесі бекітілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей бекітіледі.
24. Аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларының ұсынуымен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының бас жаттықтырушыларын және спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушыларды лауазымға тағайындау және босату тәртібін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша айқындайды.
25. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының жаттықтырушылар құрамының лауазымдық міндеттері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14052 болып тіркелген) бекітілген Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларымен айқындалған.
26. Ұйымдар спортшылардың тамақтану нормативін "Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 107 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10005 болып тіркелген) қамтамасыз етеді.
27. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша және одан тысқары жерлерге іссапарға бару және шығу кезінде Ұйымдар контингент шығындарын "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысында белгіленген тізбе бойынша және шығындар сомасының мөлшерін спорттық жарыстарды ұйымдастырушылар болып табылатын халықаралық спорт ұйымдары белгілейтін және жоғарыда көрсетілген Қағидалардың нормаларынан асатын жағдайларды қоспағанда, нормалар шеңберінде қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
28. Оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Ұйымдарға арналған құжаттамалардың тізбесі:
1) Ұйымдардың жылдық жұмыс жоспары;
2) Ұйымдардың штат кестесі;
3) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың спорттық күнтізбесі;
4) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың қаржылық күнтізбесі;
5) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының тізімдері;
6) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық ұлттық командаларының тізімдері;
7) спортшыларды тіркеу туралы куәліктер;
8) тұрақты спорт контингентінің жеке істері;
9) спорттық жарыстардың хаттамалары және спортшылардың өнерін талдау;
10) спорттық қызмет туралы шарттардың тізілімі;
11) Қазақстан Республикасының аумағындағы спорттық жарыстардың, оның ішінде республикалық және халықаралық жарыстардың ережелері (регламенттері);
12) Ұйымдардың ішкі актілерінде айқындалған өзге де қажетті құжаттар.
29. Спорттық контингенттің және Ұйымдардың өзге де жұмыскерлерінің еңбекақы төлеу жүйесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Ұйымның штат кестесі дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органының келісімі бойынша жыл сайын ағымдағы жылдың 10 қаңтарынан кешіктірілмей бекітіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Мәдениет және спорт министрінің | |
2014 жылғы 22 қарашадағы | |
№ 106 бұйрығына қосымша 8-3 |
Спорт түрлері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың командаларын даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің қағидалары
Ескерту. Бұйрық 8-3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.09.2025 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың командаларын даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) құратын спорт түрлері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың командаларын даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - Ұйымдар) қызметінің тәртібін анықтайды.
2. Ұйымдар заңды тұлға болып табылады және өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, мемлекеттік мүлік, дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органдардың бұйрықтарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Қағидалар мен Ұйымдардың жарғысын басшылыққа алады.
3. Ұйымдар ұлттық спорт түрлері бойынша және олимпиадалық спорт түрлерінен басқа, жоғары жетістіктер спорты бойынша құрылады.
4. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аға жаттықтырушы – спорт түрлерi бойынша жаттықтырушылар құрамына жалпы басшылықты жүзеге асыратын және оқу-жаттықтырушылық қызметпен тiкелей айналысатын спорт жаттықтырушысы;
2) ауыспалы құрам – оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар кезінде тартылатын спортшылар құрамы;
3) жеке жаттықтырушы – спортшыны спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командасынан тыс болған кезеңінде оның жеке-дара даярлау жоспарын орындауына бағытталған даярлауды (кемінде үш жыл) жүзеге асыратын жаттықтырушы;
4) оқу-жаттығу жиыны – спортшылардың спорттық шеберлігін және оқу-жаттығу процесінің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылатын орталықтандырылған іс-шара;
5) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың біріңғай өңірлік күнтізбесі - жергілікті атқарушы орган бекітетін халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейлердегі жыл сайынғы жарыстардың, сондай-ақ жарыстарға дайындық жөніндегі іс-шаралардың тізбесі.
2 тарау. Мақсаттары, міндеттері, функциялары
5. Ұйымдарды құрудың мақсаты - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың командалары спортшыларының спорттық шеберлігін арттыру және спорт резервін даярлау үшін орталықтандырылған даярлықты қамтамасыз ету, ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
6. Ұйымдардың міндеттері:
1) Ұйымдардың ауыспалы құрамының спортшыларының республикалық және халықаралық деңгейдегі оқу-жаттығу жиындары мен спорттық жарыстарға қатысуы арқылы олардың спорттық шеберлігін арттыру;
2) Қазақстан Республикасының ұлттық командаларына қабылдау үшін спортшыларды даярлау;
3) спорттық жарыстарды, оның ішінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың іріктеу чемпионаттарын өткізу;
4) оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру және өткізу бойынша үйлестіруді қамтамасыз ету, оның нәтижелерін талдауды жүзеге асыру, спорттық жетістіктердің жеке көрсеткіштерінің өсу серпіні, спортшылардың техникалық және тактикалық дайындығының деңгейін арттыру;
5) Ұйымдардың жаттықтырушылар құрамы мен басқа да мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру;
6) спорттық мүкәммалмен және керек-жарақтармен қамтамасыз етілуге тиіс.
7. Ұйымдардың функциялары:
1) ауыспалы құрамның, жаттықтырушылардың және Ұйымдардың басқа да қызметкерлерінің спорт резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу жиындарына қатысу және оларды өткізу;
2) Ұйымдардың ауыспалы құрамын даярлау үдерісін әдістемелік, материалдық-техникалық, медициналық-биологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
3) спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың іріктеу чемпионаттарын жүйелі түрде өткізу;
4) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана командаларының құрамдарын қалыптастыру және жергілікті атқарушы органға бекітуге ұсыну;
5) жоғары жетістіктер спорты бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың спортшыларына ай сайынғы материалдық қамсыздандырудың төленуін қамтамасыз ету;
6) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың команда мүшелерімен спорттық қызмет туралы шарттар жасасу;
7) Ұйымдардың жаттықтырушылар құрамы мен басқа да мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
8) қажеттілігіне қарай кешенді ғылыми топтарды, қалпына келтіру және емдеу кабинеттерін құру;
9) семинарларды, кеңестерді, конференцияларды ұйымдастыру және өткізу;
10) патриотизмді қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;
11) жергілікті атқарушы орган белгілеген міндеттемелерді орындау.
3 тарау. Контингентті қалыптастыру тәртібі
8. Ұйымдардың контингенті ағымдағы жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей жергілікті атқарушы органмен келісілген жоғары жетістіктер спорты бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың командаларының мүшелері кіретін ауыспалы құрам болып табылады.
9. Ауыспалы құрамды есепке алу, ауыстыру, оқудан шығару жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша Ұйымдардың басшысының бұйрығымен ресімделеді.
10. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың командалары (ересектер, жастар, жасөспірімдер, жасөспірімдер) спорт түрлері бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және республикалық спорттық жарыстардың, спорт түрлері бойынша біріншіліктердің жеңімпаз және жүлдегер спортшылардан құралады.
11. Ұйымдардың ауыспалы құрамына қабылданған кезде спортшылар келесі құжаттарды тапсырады:
1) туу туралы куәліктің көшірмесі немесе спортшының жеке басын куәландыратын құжат;
2) спорттық атақ немесе разряд беру туралы куәліктің немесе бұйрықтың көшірмесі;
3) тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйым және (немесе) спорттық медицина ұйымы ұсынған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
4) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес спортшының жеке картасын ұсынады;
5) жарыстардың хаттамалары.
12. Спортшылар келесі жағдайларда оқудан шығарылады:
1) медициналық қарсы көрсетілімдерде;
2) жеке (перспективалық) дайындық жоспарларын орындамау, спорттық дайындық режимін сақтамау немесе бұзу;
3) спорттық нәтижелердің төмендеуіне;
4) спорттық әдеп қағидаларын бұзу;
5) спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) әдістерді қолдану;
6) допингке қарсы ережелерді бұзу;
7) өз қалауы бойынша;
8) спортшы мен Ұйымдардың арасындағы спорттық қызмет туралы шарттың орындалмауы, қолданылу мерзімінің аяқталуы және (немесе) оның мерзімінен бұрын бұзылуы.
13. Ұйымдардың ауыспалы құрамына қабылданған спортшылар оларды Ұйымдарға берген келесі спорттық ұйымдардың тұрақты құрамында қалады:
1) балалар-жасөспірімдер спорт мектебі;
2) жоғары спорт шеберлігі мектебі;
3) спорт клубы.
4 тарау. Оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру
14. Оқу-жаттығу процесі мыналарды қамтиды:
1) оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру және өткізу;
2) спорттық жарыстарға қатысу;
3) жеке (перспективалық) жоспарды жасау, оны жүзеге асыру және талдау;
4) қалпына келтіру, сауықтыру және профилактикалық іс-шараларды жүргізу;
5) медициналық тексеруден өту;
6) нұсқаушылық және төрешілік практиканы қамтиды;
7) мақсатты тәрбие жұмысын қамтамасыз ету.
15. Оқу-жаттығу және тәрбие жұмысын жеке жаттықтырушылар жеке (перспективалық) жоспарға сәйкес жүзеге асырады.
16. Ұйымдар өз қызметін күнтізбелік жыл бойы жүзеге асырады.
17. Спортшыларды даярлау жыл бойы жүзеге асырылады, спорттық жарыстарға орай, жалпы денешынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиындары, спортшыларды тексеру үшін өткізілген іс-шаралар, қалпына келтіру жиындар жылына 250 күнге дейін пайдалануға мүмкіндігі бар.
18. Ұйым басшысының шешімімен жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша спорттың әрбір түрі бойынша аға жаттықтырушы немесе спорт түрінен облыс, республикалық маңызы бар қала командасының аға жаттықтырушылары болып табылатын спорттың әр жас санаты бойынша аға жаттықтырушы тағайындалады.
Ұйымдардағы аға жаттықтырушылармен еңбек шарттарының қолданылу мерзімі күнтізбелік жылмен анықталады.
Аға жаттықтырушының лауазымдық міндеттері "Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191 бұйрығымен айқындалады. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14052 болып тіркелген).
19. Спортшылардың функционалдық дайындығының жай-күйін медициналық бақылау және диагностикалау, профилактикалық іс-шараларды жүргізу және қалпына келтіру процестерін оңтайландыру үшін жергілікті атқарушы орган Ұйымдарды тиісті медициналық мақсаттағы бұйымдармен және бөлінген қаражат шегінде дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етеді.
20. Спорт дәрігерлері Ұйымдардың жаттықтырушыларымен бірлесе отырып, оқу-жаттығу жиындары, спорттық жарыстар және демалыс кезінде спортшыларға медициналық бақылауды жүзеге асырады. Дәрігерлік бақылаулардың нәтижелерін жаттықтырушылар Ұйымдардың спортшыларын даярлаудың жеке (перспективалық) жоспарларын түзету үшін пайдаланады.
21. Ұйымдардың спортшылары жылына екі рет тереңдетілген медициналық тексеруден өтеді.
22. Оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру үшін Ұйымдардың мынадай құжаттамасы болады:
1) Ұйымдардың жылдық жұмыс жоспары;
2) штаттық кесте;
3) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесі;
4) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың қаржылық күнтізбесі;
5) спорт түрлері бойынша облыс командаларының тізімдері;
6) спортшылардың жеке карточкалары;
7) спортшыларды даярлаудың жеке (перспективалық) жоспарлары;
8) жарыс хаттамалары және Ұйымдардың спортшыларының өнерін талдау;
9) жаттықтырушылар кеңестері мен Ұйымдар кеңестерінің ережесі, құрамы және материалдары;
10) міндетті статистикалық деректердің нысандары;
11) өзге де қажетті құжаттар.
23. Штаттық кестені Ұйымдардың басшысы бекітеді және жыл сайын ағымдағы жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей жергілікті атқарушы органмен келісіледі.
5 тарау. Ұйымдардың Кеңесі
24. Ұйымдарда кеңес құрылады, оның ережесі мен құрамын Ұйымдардың басшысы бекітеді.
25. Ұйымдар кеңесінің құрамына басшы, басшының орынбасары, бөлім басшылары, әдіскерлер, Ұйымдардың аға жаттықтырушылары және жергілікті атқарушы органның өкілдері (келісім бойынша), дене шынықтыру-спорт ұйымдарының өзге де мамандары.
26. Кеңестің отырысы тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
27. Кеңес Ұйымдар қызметінің мәселелерін, спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар кеңестерінің қызметін, жоғары дәрежелі спортшыларды және спорт резервін даярлау әдістемесін, оқу-жаттығу, тәрбие, ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстардың озық тәжірибелерін тарату және Ұйымдар қызметін жоспарлауды қарастырады, спорттық жарыстардың нәтижелеріне анализ жасайды.
28. Кеңестің шешімдері хаттамамен ресімделеді.
Қосымша спорт түрлері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың командаларын даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің қағидаларына |
Нысан
СПОРТШЫНЫҢ ЖЕКЕ КАРТОЧКАСЫ
1. Тегі _________________________________________________
2.Аты-жөні _____________________________________________
3. Әкесінің аты (ол болған жағдайда)________________________
4. Туған күні ____________________________________________
(күні, айы, күні)
5. Туған жері ____________________________________________
(облыс, аудан, қала, ауыл)
6. Білім беру _____________________________________________
(білім деңгейі, оқу орнының атауы)
Республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысу:
Жарыстардың атауы | Өткізілетін орны, мерзімі және күні (хронология бойынша) | Жоспарланған нәтиже | Көрсетілген нәтиже | |
Спортшының қолы ______________
Жаттықтырушының қолы ________
Қазақстан Республикасы | |
Мәдениет және спорт министрінің | |
2014 жылғы 22 қарашадағы | |
№ 106 бұйрығына 8-4-қосымша |
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын жаттығу орталықтары қызметінің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын жаттығу орталықтары қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі – Уәкілетті орган) немесе облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдармен құрылатын жаттығу Орталықтары (бұдан әрі – Орталық) қызметінің тәртібін анықтайды.
2. Орталық заңды тұлға болып табылады және өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, мемлекеттік мүлік, дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органдардың бұйрықтарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережелер мен Орталықтың жарғысын басшылыққа алады.
3. Орталықтың республикалық, облыстық мәртебесі болуы мүмкін және филиалдар аша алады.
4. Орталық жоғары жетістіктер спорты бойынша құрылады.
2. Мақсаттары, міндеттері, функциялары
5. Орталықты құрудың мақсаты спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларын, спорт түрлері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың командаларын олардың спорттық шеберлігін арттыру үшін жыл бойына орталықтандырылған дайындықты ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
6. Орталықтың міндеттері:
1) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық және штаттық ұлттық командаларының, спорт түрлері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың командаларының спортшыларын толыққанды даярлау үшін қажетті инфрақұрылымды құру;
2) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық және штаттық ұлттық командалары спортшыларының, спорт түрлері бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар командаларының спортшыларының оқу-жаттығу жиындарын, сондай-ақ республикалық және халықаралық маңызы бар жарыстарды ұйымдастыру және өткізу;
3) Орталықтың әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылады.
7. Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Орталық келесі функцияларды орындайды:
1) инфрақұрылым бағыты бойынша:
Орталықты заманауи жабдықтармен және технологиялармен жабдықтау;
спортшылардың жыл бойы дайындығы үшін жағдайларды қамтамасыз ету (жабық ареналар, бассейндер, залдар);
мамандандырылған аймақтарды ұйымдастыру (тамақтану, тұру, қалпына келтіру, медицина);
2) оқу-жаттығу жиындары мен жарыстардың бағыты бойынша:
оқу-жаттығу жиындары мен жарыстардың күнтізбесін әзірлеу және бекіту;
жаттығу үдерісін үйлестіру;
жарыстарды техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
жаттықтырушыларға, спортшыларға және басқа мамандарға шеберлік сыныптарын, дәрістер мен семинарлар өткізу;
3) орталықтың бәсекеге қабілеттілігі бағыты бойынша:
оқыту үдерісіне озық технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді енгізу;
халықаралық сарапшыларды, жаттықтырушыларды және спорт ғалымдарын тарту;
халықаралық спорт ұйымдарымен және федерациялармен ынтымақтастық;
республикалық және халықаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру;
спорт саласында білім беру және ғылыми бағдарламаларды құру;
спортшыларды әлемдік стандарттар бойынша даярлаудың тиімділігін мониторингілеу және талдау.
3. Орталықтың жұмысын ұйымдастыру
8. Орталықтың жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) материалдық-техникалық қамтамасыз ету, белгіленген әлемдік стандарттар мен озық технологияларға (құрылыстар, құрал-саймандар, жабдықтар) сәйкес оқу-жаттығу үдерісі мен жарыстарды сапалы қамтамасыз ету.
Спорттық жарыстар мен оқу-жаттығу процесін өткізуге арналған құрылымдық бөлімшелердің, спорт түрлері бойынша мамандандырылған залдардың болуы;
2) медициналық-биологиялық қамтамасыз ету, спортшылардың денсаулық жағдайын сақтау және функционалдық мүмкіндіктерін арттыру, диагностикалық, профилактикалық, емдік және сауықтыру іс-шараларының кешенін жүргізу, оның ішінде спортшылар ағзасының резервтік мүмкіндіктерін арттыру, допингке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
3) ғылыми қамтамасыз ету, білім мен технологияларды әзірлеу және енгізу, іргелі және қолданбалы зерттеулердің, ғылыми әзірлемелердің тәртібі; спорттық дайындықты ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, келісім-шарт негізінде Қазақстан Республикасының және басқа елдердің мамандарын тарту;
4) Орталықтың жаттықтырушылар құрамының және басқа да мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру, семинарлар, мәжілістер мен конференциялар өткізу;
5) Қазақстан Республикасының ұлттық командаларының, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының командаларының, олардың спорттық шеберліктерін арттыру бойынша, спорт түрлері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың командаларымен ұйымдастырушылық мәселелер бойынша басқару органдарымен өзара әрекеттесу.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен бекітілген 9-қосымша |
Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның күші
жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Дене шынықтыру және спорт саласындағы балалар мен жасөспірімдер клубтарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 02-02-18/74 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 20 мамырда № 6970 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 маусымдағы № 260-263(26661) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).
2. "Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының (спорт клубтары) қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 3 тамыздағы № 02-02-18/153 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 25 тамызда № 7145 болып тіркелген, 2011 жылғы 11 қазандағы № 488-490 (26882) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).
3. "Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларын даярлау бойынша кешенді ғылыми топтың қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № 02-02-18/183 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 17 қазанда № 7258 болып тіркелген, 2011 жылғы 5 қарашадағы № 529-530 (26922) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).
4. "Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын және олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 287 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8282 болып тіркелген, 2013 жылғы 17 шілдедегі № 172 (28111) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).
5. "Жоғары спорт шеберлігі мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 тамыздағы № 298 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 18 қыркүйекте № 8718 болып тіркелген, 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 220 (28159) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).
6. "Жоғары спорт шеберлігі мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 298 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 7/ӘМ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 13 ақпанда № 9146 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 сәуірдегі № 81 (28305) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).
7. "Олимпиада резервін даярлау орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 60 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 27 наурызда № 9277 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 маусымдағы № 121 (28345) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).
8. "Олимпиадалық даярлау орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 59 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 27 наурызда № 9276 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 маусымдағы № 121 (28345) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).