Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 26 наурызда № 8390 тіркелді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 4-тармағына және 5-бабының 94) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.06.2023 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 186 бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасы бекітілсін.

      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева), Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова) және Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Р.П. Шер) осы бұйрықты білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.А. Әбеновке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Жұмағұлов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 22 ақпандағы
№ 50 бұйрығымен бекітілген

Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасы

      Ескерту. Номенклатура жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.12.2016 № 726 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 10.10.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.06.2020 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.04.2021 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 29.06.2023 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 186; 08.08.2023 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.04.2024 № 87 (29.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2024 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.06.2024 № 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрықтарымен.

      Білім беру ұйымдарының түрлері:

      1. Мектепке дейінгі ұйымдар:

      1) бөбекжай;

      2) балабақша;

      3) отбасылық бөбекжай;

      4) санаториялық бөбекжай;

      5) мектепке дейінгі шағын орталық;

      6) арнайы бөбекжай;

      7) арнайы балабақша.

      2. Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), оның ішінде мамандандырылған білім беру ұйымдары:

      1) білім беру деңгейі бойынша:

      бастауыш мектеп;

      негізгі орта мектеп;

      жалпы орта білім беретін мектеп;

      2) оқыту бейіні бойынша:

      гимназия;

      лицей;

      бейіндік мектеп (жоғары мектеп);

      3) оқуды ұйымдастыру жағдайы бойынша:

      шағын жинақты мектеп;

      тірек мектеп (ресурстық орталық);

      түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектеп;

      кешкі мектеп;

      девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымы;

      ерекше режимде ұстайтын балаларға арналған білім беру ұйымы;

      аурухана жанындағы мектеп;

      арнайы мектеп;

      4) халықаралық:

      халықаралық мектеп;

      5) интернаттық ұйымдар:

      мектеп-интернат;

      әскери мектеп-интернат;

      жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат;

      тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат;

      санаториялық мектеп-интернат;

      арнайы мектеп-интернат;

      6) біріктірілген:

      "мектеп-бөбекжай" кешені;

      "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешені;

      "бастауыш мектеп-бөбекжай-балабақша";

      арнайы "мектеп-балабақша";

      арнайы кешен "балабақша-мектеп-интернат";

      мектеп-гимназия;

      мектеп-лицей;

      қосымша білім беретін мектеп-орталығы;

      мектеп-интернат-колледж;

      арнайы кешен "мектеп-интернат-колледж";

      оқу-өндірістік комбинат (мектепаралық, курстық);

      оқу-тәрбие орталығы (кешен);

      оқу орталығы;

      дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы;

      қыздар мектеп-гимназиясы;

      7) мамандандырылған білім беру ұйымдары:

      мамандандырылған мектеп;

      мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей);

      мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп - гимназия);

      мамандандырылған мектеп-интернат;

      мамандандырылған мектеп-лицей-интернат;

      мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат;

      мамандандырылған музыка мектеп-интернаты;

      мамандандырылған спорт мектеп-интернаты (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледж);

      мамандандырылған хореография мектеп-интернаты (мамандандырылған хореография мектеп-интернат-училищесі);

      мамандандырылған әскери мектеп - интернат;

      "Білім-инновация" лицей-интернаты;

      мамандандырылған мектеп-кешен;

      мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі;

      мамандандырылған ақпараттық технологиялар лицейі;

      желілік мектеп.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 21.06.2024 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 28.06.2024 № 165 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары:

      1) колледж – школа-интернат

      2) колледж – мектеп;

      3) колледж;

      4) училище;

      5) кәсіптік даярлау оқу орталығы;

      6) ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған колледж;

      7) түзету мекемелері жанындағы кәсіптік даярлау оқу орталығы;

      8) түзету мекемелері жанындағы колледж;

      9) әскери – техникалық колледж;

      10) жоғары колледж.

      4. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары:

      1) колледж;

      2) жоғары колледж;

      3) училище.

      5. Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 10.10.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Алып тасталды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 08.08.2023 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 26.04.2021 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 26.04.2021 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары:

      1) ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы;

      2) отбасы үлгісіндегі балалар ауылы;

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы;

      4) жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімдеу орталығы);

      5) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.06.2023 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 186 бұйрығымен.

      10. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары:

      1) кәмелетке толмағандарға білім беру және сауықтыру қызметтерін ұсынатын (жыл бойы немесе маусымдық негізде жұмыс істейтін балалардың білім беру-сауықтыру орталықтары (кешендері));

      2) кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынбайтын:

      мектепке дейінгі дамыту кешені (орталық, академия);

      оқушылар сарайы (үйі, орталығы, кешені, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығы);

      жас натуралистер стансасы (балалар экологиялық орталығы, биологиялық орталықтар, экобиоорталықтар);

      жас техниктер стансасы (орталықтар, балалар мен жасөспірімдер техникалық шығармашылық мектептері);

      жас туристер стансасы (балалар мен жасөспірімдер туризм орталықтары);

      балалар аула клубы, балалар әскери-патриоттық клубы (клубтық демалыс ұйымдары);

      балалар өнер мектептері (балалар музыка мектептері, балалар көркемөнер мектептері, балалар өнер мектептері, көркем-эстетикалық бағыттағы мектептер);

      балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі;

      балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі;

      балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі;

      балалардың қызметі мен қызығушылығы бағыттары бойынша ұйымдар;

      балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталықтары;

      балалар демалыс орталықтары (бейінді, көп бейінді балалар демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру орталықтары (кешендері).

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 03.03.2026 № 56-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары:

      1) қосымша білім беру институты;

      2) әдістемелік кабинет (орталық);

      3) қосымша білім беру (өңірлік, өңіраралық, салалық) оқу орталығы;

      4) білім беру қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның қосымша білім беру құрылымдық бөлімшесі.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Оқу-ағарту министрінің 02.04.2026 № 75-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Арнайы білім беру ұйымдары:

      психологиялық - медициналық - педагогикалық консультация;

      оңалту орталығы;

      психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті;

      аутизмі (аутистикалық спектрдегі бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталығы;

      логопедтік пункті.

      Ескерту. Номенклатура 12-тармақпен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 21.06.2024 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      13. Алып тасталды – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 03.03.2026 № 56-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады