БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының төртінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы |
Е. Оспан |
Қазақстан Республикасы | |
Оқу-ағарту министрінің | |
міндетін атқарушы | |
2024 жылғы 28 маусымдағы | |
№ 165 бұйрығымен | |
бекітілген |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізімі
1. "Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында:
6) тармақшаның он екінші абзацы алынып тасталсын;
7) тармақша мынадай мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"желілік мектеп.";
8) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) балалардың бейінді лагері (күндіз болатын лагерь, шатырлық, киіз үйлі).";
мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
"13. Білім берудің білім беру-сауықтыру ұйымдары:
1) жыл бойы немесе маусымдық қолданыстағы балалардың білім беру (оқу)-сауықтыру орталықтары (кешендер).".
2. "Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13227 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған білім беру қызметін көрсетудің үлгілік шартында:
2.1-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәрбиеленушілерге психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды көрсету;
ата-аналардың (немесе заңды өкілі) жазбаша түрдегі келісімімен тәрбиеленушілермен психологиялық диагностика, консультация және тренингтер (топтық, жеке) жүргізуге, ата-аналарға консультация беруге және тренингтер жүргізуге (қажет болған жағдайда).";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартында:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілерге психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды көрсетуге.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартында:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды көрсетуге;
ата-аналардың (немесе заңды өкілдердің) жазбаша түрдегі келісімімен білім алушылармен психологиялық диагностика, консультация және тренингтер (топтық, жеке) жүргізуге, ата-аналарға консультация беруге және тренингтер жүргізуге (қажет болған жағдайда).".
3. "Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22857 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарына және олардың аумағына енгізуге тыйым салынған заттар мен заттардың тізбесінде:
1-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"3) оқ-дәрілер, жарылғыш және тез тұтанатын заттар, химиялық және улы заттар, оның ішінде:
жарылғыш заттардың немесе құрылғылардың көшірмелері немесе имитаторлары, аэрозольдық бояулар, скипидар;
фейерверктер, кез келген нысандағы жарық беретін зымырандар және пиротехникалық құралдар;
сіріңкелер, оттықтар (білім беру ұйымының аумағында орналасқан жатақханаларда пайдалану жағдайларын қоспағанда);
құрамында улы және мия тамыры бар газ баллондары (көзден жас ағызатын, бұрыш);
психикаға белсенді әсер ететін заттар;
темекі бұйымдары, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдар, қорқорға арналған темекі, қорқор қоспасы, электрондық тұтыну жүйелері (вейптер), электрондық тұтыну жүйелеріне (вейптерге) арналған хош иістендіргіштер және оларға арналған сұйықтықтар.".
4. "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.";
4-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"3) білім беру ұйымдарын психологиялық-педагогикалық қолдап отыру мамандарының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда (бұдан әрі – ПМПК) ерекше білім беру қажеттіліктерін оқытуда айқын қиындықтары бар балаларды тереңдетіп тексеру нәтижелері бойынша бағалауы;".
5. Күші жойылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.04.2025 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидалары
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.04.2025 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.