БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары:
1) кәмелетке толмағандарға білім беру және сауықтыру қызметтерін ұсынатын (жыл бойы немесе маусымдық негізде жұмыс істейтін балалардың білім беру-сауықтыру орталықтары (кешендері));
2) кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынбайтын:
мектепке дейінгі дамыту кешені (орталық, академия);
оқушылар сарайы (үйі, орталығы, кешені, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығы);
жас натуралистер стансасы (балалар экологиялық орталығы, биологиялық орталықтар, экобиоорталықтар);
жас техниктер стансасы (орталықтар, балалар мен жасөспірімдер техникалық шығармашылық мектептері);
жас туристер стансасы (балалар мен жасөспірімдер туризм орталықтары);
балалар аула клубы, балалар әскери-патриоттық клубы (клубтық демалыс ұйымдары);
балалар өнер мектептері (балалар музыка мектептері, балалар көркемөнер мектептері, балалар өнер мектептері, көркем-эстетикалық бағыттағы мектептер);
балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі;
балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі;
балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі;
балалардың қызметі мен қызығушылығы бағыттары бойынша ұйымдар;
балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталықтары;
балалар демалыс орталықтары (бейінді, көп бейінді балалар демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру орталықтары (кешендері).";
13-тармақ алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы |
Ш. Ақпарова |
