БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 623 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14276 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шартқа:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
"1-2) вагон айналымының төмендетілмейтін айлық көлемі – вагон айналымының жылдық көлемін пойыздардың немесе тіркеме және тікелей қатынайтын вагондардың жыл ішіндегі қатынау айларының санына бөлу арқылы алынған орташа айлық көрсеткіштің елу пайызын құрайтын вагонның бір айдағы ең төмеңгі жүрісінің есептік шамасы;";
3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тапсырыс беруші Орындаушының әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруына байланысты шығыстарын (бұдан әрі – Субсидиялау) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 167 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11541 болып тіркелген) Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес есептелген және субсидиялаудың негізгі шарттарын қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасы Заңының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астана мәслихаты шешімінің атауы) бойынша (республикалық немесе _бюджеттік бағдарламасында көзделген сома шегінде жүзеге асырады.
4. Тапсырыс беруші:
1) аудио-бейне тіркеу құралдарын пайдалана отырып, сәйкестігіне тасымалдаудың негізгі талаптарында көрсетілген пойыздарды зерттеп-қарауды жүргізу, осы Шартқа және Қазақстан Республикасының "Халыққа қызмет көрсету. Жолаушылар пойыздарында жолаушыларды қызмет көрсету" атты Ұлттық стандартына (бұдан әрі – Ұлттық стандарт) сәйкестігін анықтау және осы Шартқа 8-қосымшаға сәйкес шаралар қабылдауға;
2) Орындаушының тасымалдаудың негізгі шарттары мен Ұлттық стандартты сақтауы тұрғысынан оның мекенжайына, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде орналастырылған шағымдарға мониторинг жүргізуге;
3) Орындаушыдан оның атына келіп түскен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде орналастырылған шағымдар бойынша Орындаушының тасымалдаудың негізгі шарттары мен Ұлттық стандартты сақтауы тұрғысынан шаралар қабылдауды талап етуге;
4) осы Шартты мерзімінен бұрын бұзуға, егер:
Орындаушы күнтізбелік 30 күн өткеннен кейін дамудың негізгі шарттарын, бағаларды (тарифтерді) көтерудің негізгі шарттарын және тасымалдаудың негізгі шарттарын орындамауы;
жыл ішінде жүргізілген зерттеп-қарау қорытындылары бойынша Ұлттық стандартқа 30 және одан да көп сәйкессіздіктер қайта анықталған жағдайда құқылы.
5. Тапсырыс беруші:
Әдістемеге сәйкес жоспарланған кезеңге ұзақ мерзімді субсидиялаудың негізгі шарттарында көрсетілген әлеуметтік маңызы бар хабарламалар бойынша субсидиялау көлемін айқындау;
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11540 болып тіркелген) Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Ұзақ мерзімді субсидиялау қағидалары) және осы Шартқа сәйкес тәртіппен және мерзімде субсидиялауды жүзеге асыруға міндетті.
6. Орындаушы:
1) Тапсырыс берушіден осы Шартпен көзделген субсидияны төлеуді талап етуге;
2) ұзақ мерзімді субсидиялау бойынша Тапсырыс берушінің міндеттерін орындау шеңберінде аударылған субсидия көлемі туралы ақпарат алуға;
3) Тапсырыс берушімен келісу бойынша осы Шарттың баға (тариф) көтерудің негізгі шарттарында белгіленген шектерде әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметтері тарифтерін (бағаларын) көтеруге;
4) тасымалдардың негізгі талаптарында көрсетілген пойыздарға билет кассалары, жолаушылар агенттіктерінің билет кассалары және электрондық терминалдар, интернет-ресурстар арқылы және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 742 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8853 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен басқа да тәсілдермен жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыруға;
5) осы Шартты орындау шеңберінде әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша қатынайтын тасымалдардың негізгі талаптарында көрсетілген жолаушылар ағынына тәуелді пойыздардың құрамдылығын анықтауға;
6) егер сапалық сипаттамалары (ауаны баптау жүйесінің, отырғызуға және түсіруге арналған көтергіш құрылғылардың және мүгедектер арбасында қозғалатын адамдар үшін мамандандырылған орындардың болуы) төмен болмаса және вагондардың шығарылған жылы осы Шарттың 3-қосымшасына сәйкес жолаушылар вагондарына қойылатын қолданыстағы негізгі талаптарында көрсетілген вагондардан бұрын шығарылмаған жағдайда, жолаушылар вагондарына қойылатын негізгі талаптарда көрсетілген вагондарды ауыстыруға құқылы;
7) ағымдағы қаржы жылының субсидия қаражаттарын алдыңғы қаржы жылдарындағы кредиторлық берешекті өтеуге, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты шығыстар бөлігінде аванстық төлемдерді төлеуге және алдағы қаржы жылына кепілдік қамтамасыз етуді ұсынуға жіберуге құқылы.
7. Орындаушы:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелген) және Ұлттық стандартына сәйкес осы Шарттың талаптарын сапалы және уақтылы қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға;
2) Тапсырыс берушімен жолаушылар пойызының қалыптастыру пунктінің және айналымының өзгертуін, қозғалыс кестесі мен кестелерін олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде 10 жұмыс күні бұрын келісуге;
3) Қазақстан Республикасында қабылданған пойыздар қозғалысының кестесіне сәйкес жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға;
4) тапсырыс берушінің сұрау салуы бойынша он күндік мерзімде Орындаушының қаржылық-шаруашылық қызметіне қатысты ақпарат пен есептілікті ұсынуға;
5) осы Шарттың 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Тапсырыс берушінің талаптары бойынша:
шағымда көрсетілген әрбір факті бойынша (шағымның түсу көзіне қарамастан) толық және объективті қызметтік тергеу жүргізу;
жауапты тұлғалардың мән-жайларын, себептерін және кінәсінің дәрежесін анықтау үшін шағымда айтылған анықталған сәйкессіздікті немесе бұзушылықты дереу жою;
іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі негізделген шағымға әкелген Орындаушының қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану;
жолаушымен жағдайды реттеу, егер ол қолданылса және негізделсе, өтемақы ұсынуды қоса алғанда шаралар қабылдау;
өтініш берушіге шағымды белгіленген мерзімде (азаматтардың өтініштері туралы заңнамаға сәйкес) жауап (түсіндірме) дайындау және жолдауды қамтамасыз ету;
Тапсырыс берушіге күнтізбелік 10 күн ішінде жүргізілген зерттеп-қарау нәтижелерін, бұзушылықты жою бойынша нақты қабылданған шараларды (расталған жағдайда), тәртіптік жаза актілерінің көшірмелерін (расталған жағдайда) қамтитын егжей-тегжейлі жазбаша есепті ұсыну;
6) Тапсырыс берушіге Шарт жасалған сәттен бастап күнтізбелік 60 күн ішінде Инфрақұрылымның ұлттық операторымен, локомотив тартуының операторымен жасалған шарттардың, анықтамалық-ақпараттық қызметтер көрсетуге және теміржол возалдарының алаңдарын ұсынуға арналған шарттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсыну;
7) анықталған бұзушылықтарды жою және оларға бұдан әрі Тапсырыс беруші оған зерттеп-қарау актілерін ұсынған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға;
8) тасымалдаудың негізгі жағдайларында көрсетілген пойыздарда Тапсырыс берушінің талабы бойынша жолаушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау мақсатында ақпараттық хабарландырулар орналастыру;
9) Әдістемеге сәйкес айқындалған тарифтер негізінде әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жүретін басқа тасымалдаушылардың субсидияланатын вагондарының тіркемесін жүзеге асыру;
10) деректемелері осы Шартта көрсетілетін Орындаушының нысаналы шотынан (бұдан әрі – Бірыңғай шот) төлемнің мақсаты, төлеу кезеңі мен негізі (шарт болған кезде) көрсетіле отырып, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі шығыстарды төлеу;
11) тапсырыс беруші Орындаушының Бірыңғай шотында әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыруға жатпайтын шығындарды қаржыландыру фактілерін анықтаған жағдайда, Ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларының 15-тармағында көрсетілгендей, бұзушылық анықталған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде субсидияларды бұзушылық сомасына тең мөлшерде қайтаруды қамтамасыз ету;
12) Ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларының 26 және 27-тармақтарында көрсетілген субсидияларды аударудан және шығыстарды төлеуден басқа, Орындаушының басқа міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысу үшін Бірыңғай шотты пайдалануға жол бермеу;
13) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға қатысты барлық төтенше, қалыптан тыс оқиғалар мен инциденттер туралы Тапсырыс берушіні негізгі тасымалдау шарттарында көрсетілгендей, анықталған сәттен бастап 1 (бір) сағат ішінде жазбаша түрде (электрондық байланыс арналары арқылы міндетті түрде көшірмесін жолдау арқылы) дереу хабардар етуге міндетті.
8. Тапсырыс беруші төлемдер бойынша бекітілген қаржыландыру жоспары негізінде осы Шарт күшіне енген сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде және кейіннен есепті кезеңнің бірінші айында субсидиялаудың негізгі шарттарына сәйкс субсидиялаудың жылдық сомасының 25% мөлшерде аванстық төлем жүргізеді.
9. Орындаушы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-і күніне дейінгі мерзімде Тапсырыс берушіге ұйымның басшысы, бас бухгалтері және мөрімен куәландырылған мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынас бойынша жолаушыларды тасымалдау туралы ай сайынғы есеп, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнің басынан бастап жинақталған түрде әлеуметтік маңызы бар қатынас бойынша жолаушыларды тасымалдау туралы есеп;
2) Ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстардың актісі;
3) әлеуметтік маңызы бар қатынас бойынша қатынайтын пойыздар, тіркемелі және тікелей қатынайтын вагондар бойынша вагондардың түрлері және вагон айналымы көлемінің орындалуын растайтын Ұлттық инфрақұрылым операторының құжаты;
4) Ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияланатын маршруттардың тізілімі;
5) жол жүру құжаттарын (билеттерді) жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесінен тыс сатқан жағдайда тасымалдаушыға жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату қызметін көрсететін ұйымның әлеуметтік маңызы бар қатынас бойынша пойыздарда, тіркемелі және тікелей қатынайтын вагондарда орындалған тасымал көлемдерін, тасымалданған жолаушылар саны, жолаушылар айналымы және вагондардың толымдылығы туралы мәліметтерді растайтын құжаты;
6) Ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларына сәйкес субсидия төлеу жүзеге асырылатын Орындаушының Бірыңғай шотынан есепті кезең үшін банктік үзінді көшірме.
Орындаушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларына сәйкес тәртіппен және нысанда ұсынады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттардағы ақпараттың дұрыстығына орындаушы жауапты болады.";
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Желтоқсан айына ақы төлеу әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жоспарланған жолаушылар тасымалы негізінде жасалған Орындаушының есебі негізінде жүзеге асырылады. Орындаушы желтоқсан айындағы нақты есепті кезеңнен кейінгі 25-і күнге дейінгі мерзімде ұсынады.
14. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын Тапсырыс беруші бекітеді және осы Шартқа қол қоюмен бір мезгілде Орындаушымен келісіледі. Талаптардың келісімі бойынша төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізілуі мүмкін.";
15-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын:
6-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-1-тарау. Осы Шартқа және Ұлттық стандартқа сәйкестік мәніне зерттеп-қарау жүргізу";
26-3, 26-8, 30 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"26-3. Зерттеп-қарауды комиссия мүшелері әлеуметтік маңызы бар қатынастар және Ұлттық стандарт бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру үшін жолаушылар вагондарына негізгі талаптардың, жолаушылар тасымалдарын дамытудың негізгі шарттарының, негізгі шарттардың орындалуын айқындау жолымен осы Шартқа сәйкестігіне (бұдан әрі – зерттеп-қарау) жүргізеді.";
"26-8. Жолаушылар пойызын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша комиссия мүшелері осы Шартқа 9-қосымшаға сәйкес оның ажырамас бөлігі болып табылатын және ұлттық стандартқа қосымшада ұсынылған нысандағы зерттеп-қарау актісін жасайды. Қажет болған жағдайда зерттеп-қарау актісіне олар болған кезде зерттеп-қарау нәтижелеріне байланысты растайтын құжаттар қоса беріледі.";
"30. Шартты орындаудан біржақты бас тарту немесе шартты біржақты бұзу осы Шартың 4-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының азаматтық Кодексінің 401-бабына сәйкес жүзеге асырылады.";
"35. Осы Шарт ___________ қаласында 20___ жылғы "___" ________ Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан, бірдей заңды күші бар екі данада жасалған.";
көрсетілген Үлгілік шартқа 8 және 9-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
Орындаушының Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін Тапсырыс берушінің ұстауға жататын тұрақсыздық айыппұлдары
№ | Тұрақсыздық туындауының негіздері | Тұрақсыздық мөлшері |
1. | Орындаушының Шарттың 9-тармағының барлық талаптарын белгіленген мерзімде орындамауы | Әрбір мерзімінен өткен күн үшін келісілген және бекітілген төлем бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың жалпы айлық сомасынан 0,1% мөлшерінде |
2. | Орындаушының төлем бойынша қаржыландыру жоспарын орындамауы | Әрбір мерзімінен өткен ай үшін келісілген және бекітілген төлем бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың жалпы айлық сомасынан 0,1% мөлшерінде |
3. | Орындаушының қатынау жиілігін толық орындаған жағдайда, пойыздар, тіркеме және тікелей қатынайтын вагондар бойынша тасымалдаудың негізгі шарттарында көрсетілген вагондар түрлері бойынша төмендетілмейтін вагондар айналымының айлық көлемі бөлігінде Шарт талаптарын орындамауы | Тасымалдың негізгі шарттарында көрсетілген вагондар түрлері бойынша төмендетілмейтін вагон айналымының айлық көлемінің орындалмаған әрбір 1%-ы үшін, соның ішінде пайыздардың бөлшек мәндерін қоса алғанда Орындаушыға есепті ай үшін тиесілі субсидиялар сомасының 1%-ы мөлшерінде |
Орындаушының Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін орындаушының тапсырыс берушіге төлеген субсидияларын қайтару шарттары
Осы қосымша Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау туралы 20___ж. "__"_______№_____ шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
№ ___ жолаушылар пойызын___________________________________ қатынасымен
____________________________________________________________ тиесілігін
___ ___________ 20___ жылғы № _____ шартқа сәйкестігін зерттеп-қарау туралы акт.
(/___/20 жыл.)
Даму жөніндегі негізгі талаптарды іске асыру:
____________________________________________________________________
Әлеуметтік маңызы бар қатынастарда жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру
үшін жолаушылар вагондарына (электр және дизель пойыздарына) қойылатын негізгі
талаптардың орындалуы:
Р/с№ | Вагон № | Вагон типі | Құрастыру жылы | Ауа кондиционерлеу жүйесінің болуы: жоқ – зауыттық конструкцияда көзделмеген, бар – зауыттық конструкцияда көзделген | Мүгедектер арбасымен жүретін тұлғаларға арналған отырғыштар мен көтергіш құрылғылардың болуы: бар/жоқ | Пойыз құрамында нақты курсирование жүргізілуі: бар/жоқ | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | ||
Шартқа сәйкес, иә/жоқ | Нақты сәйкестік, иә/жоқ | Шартқа сәйкес, иә/жоқ | Нақты сәйкестік, иә/жоқ | |||||
Вагондардың орташа пайдалану мерзімі, жылдармен: | ||||||||
Қосымша:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Комиссия мүшелері:
Осы зерттеп-қарау актісімен келісеміз және таныстық: