Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.08.2016 № 622 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 19.12.2025 № 435 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.08.2016 № 622 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 21 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 29 мамыр
| Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 бұйрығымен бекітілген |
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау ҚАҒИДАЛАРЫ
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 19.12.2025 № 435 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағы 34-19) тармақшасына сәйкес жасалды және Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау (бұдан әрі – шығыстар) тәртібін айқындайды.
2. Ресей Федерациясы аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы темір жол учаскелері мен Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан Ресей Федерациясы темір жол учаскелері бойынша өтетін әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын субсидиялау тәртібі 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңымен ратификацияландырылған 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Темір жол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамасына сәйкес бекітілетін теміржол жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын субсидиялау қағидаларына сәйкес айқындалады.
3. Осы қағидаларда мынадай қысқартулар мен терминдер пайдаланылады:
1) бюджет атқаруды жүзеге асыру бойынша орталық уәкілетті орган – республикалық бюджетті орындау, бухгалтерлік есеп жүргізу, бюджет есептілігін жүргізу саласында басқаруды жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте ішінде салалараралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; өз құзыреті шегінде – жергілікті бюджеттер мен бюджеттік емес қорларға қатысты;
2) мемлекеттік орган – табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
3) тіркеуші – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, бірінші деңгейдегі жүйені пайдалана отырып, Жеке кәсіпкерлікті және оларды алушыларды мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану мониторингін техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;
4) тіркеушінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – бірінші деңгейлі жүйе) – жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын және олардың алушыларын бақылау жүйесі, ақпараттық жүйемен интеграцияланған, өтініш берушілердің өтініштерінің эталондық электрондық реестрін қамтитын жүйе, онда соңғы постформаттық-логикалық бақылау арқылы өтініш берушінің негізгі критерийлерге сәйкестігі және бюджеттен төлем алу құқығы туралы шешім қабылданады;
5) тіркеушінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – екінші деңгейлі жүйе) – екінші деңгейлі салалық ақпараттық жүйе, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қызмет персоналы және техникалық құжаттамалардың ұйымдастырылған жинағы, әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау үшін арналған, оның арқылы тасымалдаушылардан есептілікті қабылдау, оны форматтық-логикалық бақылау қолдана отырып өңдеу және өңделген өтініштерді бірінші деңгейге беру жүзеге асырылады;
6) уәкілетті орган – теміржол көлігі саласында басшылық ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады;
7) Ұлттық инфрақұрылым операторы – акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқару холдингке немесе Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін, сондай-ақ әскери тасымалдарды бірінші кезекте қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
8) шарт – уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар және тасымалдаушы арасында жасалған, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялау туралы шарт;
9) шектеу критерийлері – мемлекеттік қолдау шарасын көрсету туралы шешім қабылдау үшін бірінші деңгейлі жүйеде өтініш берушіге қойылатын талаптар.
2-бөлім. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты асымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау тәртібі
Параграф 1. Субсидия мөлшерін анықтау
4. Ұзақ мерзімді субсидиялар тасымалдаушыларды таңдау бойынша ашық тендермен айқындалатын тасымалдаушының шығындарына беріледі. Тендер өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қазандағы № 113 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9860 болып тіркелген) Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасымен реттеледі. Субсидиялар тиісті деңгейдегі бекітілген бюджет шегінде беріледі.
5. Облысаралық қатынастар уәкілетті органдармен, ал ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және қала маңы қатынастары – жергілікті өкілдер және облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және облыстық атқарушы органдармен айқындалады.
6. Тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарын есепке ала отырып облысаралық қатынастардағы шығыстарды тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген сома мөлшерінде субсидияланады.
7. Тасымалдаушының ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және қала маңы қатынастарындағы шығындар тіркемелі және тікелей қатынайтын вагондарды ескере отырып, тиісті жылға арналған тиісті жергілікті бюджеттерде көзделген сомалар шегінде субсидияланады.
8. Әрбір пойызға, тіркемелі және тікелей қатынайтын вагондарға қатысты шығыстарды жыл сайын субсидиялаудың жалпы сомасы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес есептелген тиісті бюджетпен көзделеді, бұл әдістеме Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 24 ақпандағы № 167 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11541 болып тіркелген) бекітілген.
9. Мемлекеттік орган жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес тасымалдаушылар үшін тиісті жылға субсидиялауға бөлінген көлемдегі мемлекеттік бюджетті есепке ала отырып, магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне тарифтерге (бағаларына, мөлшерлемелерге, алымдарға) уақытша төмендету коэффициенттін белгілейді.
10. Пойыздардың тізбесі, тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондардың саны, олардың әлеуметтік маңызы бар қатынастарда қатынау кезеңділігі, осы пойыздардың, тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондардың субсидияланатын бөлігінің көлеміділігі уәкілетті және атқарушы органдар тарапынан жолаушылар ағынының көрсеткіштері мен қатынастардың әлеуметтік маңыздылығына негізделе отырып, сәйкес деңгейдегі бюджеттен бөлінген қаражат шегінде айқындалады.
11. Жолаушылар пойыздарының құрамында мейрамхана вагондары мен жүк вагондары, сондай-ақ жолаушылар пойыздарының қатынасын (эксплуатацияны) қамтамасыз ету үшін қажетті технологиялық вагондарды қатынайтын тасымалдаушыларға мемлекеттік орган осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес жыл сайын уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдардың өтініштерінде көзделген мөлшерде магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне арналған тарифтерге (бағаларға, мөлшерлемелерге, алымдарға) уақытша төмендету коэффициентін белгілейді.
12. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі субсидиялар мөлшерін тиісті бюджеттің шығыс бөлігіне енгізу үшін есептеуді әр жолаушы поезы бойынша тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып Әдістемеге сәйкес жүргізеді.
13. Ұзақ мерзімді субсидиялауға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелген) тасымалдаушының жалпы, плацкарт, купе, дизель және электр поездарының вагондары санаттарымен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты, сондай-ақ тиісті бекітілген бюджетке сәйкес келетін деңгей шегінде жолаушылар поездарының қатынауын қамтамасыз ету үшін технологиялық қажет вагондармен тасымалдаудың нақты шығындары жатады.
14. Субсидиялау мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі аясында жүзеге асырылады, оған мыналар кіреді:
1) бірінші деңгей – екінші деңгей жүйелерімен интеграцияланған тіркеушінің ақпараттық жүйесі, мемлекеттік қолдау шараларын алушылардың өтініштерінің эталондық электрондық реестрін қамтитын, онда соңғы постформаттық-логикалық бақылау арқылы мемлекеттік қолдау шараларын алушының шектеу критерийлеріне сәйкестігі анықталады;
2) екінші деңгей – салалық мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер, олар арқылы мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан өтініштер қабылданады, форматтық-логикалық бақылау қолдана отырып өнделеді және өнделген өтініштер бірінші деңгейге беріледі.
15. Ұзақ мерзімді субсидиялауға әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыруға байланысты тасымалдаушының тиісті деңгейде бекітілген бюджет шегіндегі барлық түрдегі шығындары, мына төмендегілерді қоспағанда, жатады:
1) ластаушы заттарды нормативтен тыс шығарғаны (төгіндісі) үшін төлемдер;
2) үмітсіз берешек;
3) шарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы және өзге де санкциялар, сондай-ақ сот шығындары;
4) табысты жасыру (төмендету) үшін салынатын айыппұлдар мен өсімпұлдар;
5) мемлекеттік органдар салған әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы және өзге де санкциялар;
6) ұрлық нәтижесінде келтірілген шығындар;
7) маманжандырылған техникалық учищелерді, колледждерді және жоғары колледждерді қоспағанда, денсаулық сақтау нысандарын, балалаардың мектепке дейінгі ұйымдарын, оқу орындарын ұстауға арналған шығындар;
8) сауықтыру лагерьлерін, мәдениет және спорт нысандарын, тұрғын үй қорын ұстауға арналған шығыстар;
9) қызметкерлерге тұрғын үй жағдайларын жақсарту, саяжай үйін сатып алу және жеке шаруашылық жүргізу үшін берілген, оның ішінде пайызсыз, несиелерді өтеуге арналған шығыстар;
10) мәдени-ағартушылық, сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуге арналған шығыстар;
11) бақша серіктестіктерін абаттандыруға арналған шығыстар (жол құрылысы, энергия және сумен қамтамасыз ету, жалпы сипаттағы басқа да шығыстар);
12) демеушілік көмек көрсетуге және басқа да қайырымдылық түрлеріне арналған шығындар;
13) ақаудан болған шығындарға;
14) қызметкерлерді орналастыру үшін тұрғын үйлерді, ғимараттар мен құрылыстарды, жатақханалар мен қонақүйлердегі орындарды сатып алуға, жалға алуға және ұстауға арналған шығыстар (вахталық өндірісті ұйымдастыруды қоспағанда);
15) нормативтен тыс техникалық және коммерциялық шығындарға, тауар-материалдық құндылықтардың бүлінуі мен жетіспеушілігіне, қоймалардағы қорларға және басқа да өндірістік емес шығыстарға арналған шығыстар;
16) оқыту курстарын, семинарларды, тренингтерді, дәрістерді, көрмелерді, ғылыми және өнер қайраткерлерімен кездесулерді, ғылыми-техникалық конференцияларды ұйымдастыру мен өткізуге арналған шығыстар (өндірістік қажеттілікке байланысты іс-шараларды қоспағанда);
17) сақтандыру төлемдері (тасымалдаушы өз қызметкерлерінің пайдасына жасасқан жеке және мүліктік сақтандыру шарттары бойынша төлейтін жарналары) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен көзделген әлеуметтік сақтандыру төлемдерін қоспағанда;
18) заңнамада көзделмеген қосымша демалыстар үшін, оның ішінде баланы тәрбиелеп отырған әйелдерге берілетін демалыстар үшін қызметкерлерге ақы төлеуге, сондай-ақ қызметкердің отбасы мүшелерінің демалыс орнынa барып-қайту жолақысын төлеуге арналған шығыстар;
19) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес көзделген жеңілдіктерден басқа, тасымалдаушы қызметкерлеріне берілетін жеңілдіктер бойынша шығыстар;
20) мектепке дейінгі ұйымдарда, санаторийлерде және сауықтыру лагерьлерінде жүрген балалардың тамақтану құнын өтеуге арналған шығыстар;
21) ұжымдық шартта айқындалған мақсаттарға кәсіптік одақтарға аударылатын қаражат бойынша шығыстар.
16. Төтенше жағдай режимінің қолданылуы кезеңінде және (немесе) форс-мажорлық жағдайлар жолаушылар және қала маңындағы поездардың мәжбүрлі тоқталуы кезінде тасымалдаушының жолаушыларды тасымалдау қызметін тоқтата тұруға байланысты іс жүзінде жұмсаған шығындары, осы Қағидалардың 15-тармағында айқындалған шығындардан басқа, жатады.
17. Шарттың талаптарына сәйкес ағымдағы қаржы жылына арналған тиісті бюджетте көзделген қаражат шегінде шартқа қосымша келісім жасау арқылы субсидиялар көлемін вагондардың субсидияланатын жүріс көлеміне барабар қайта қарауға, оның ішінде қалыптастыру/айналым пунктін, әлеуметтік маңызы бар қатынастар атауларын, арақашықтығын және маршруттың қатынау кезеңділігін өзгертуге жол беріледі.
18. Әлеуметтік маңызы бар қатынас бойынша ағымдағы кезеңге айқындалған субсидия көлемі белгіленген вагондардың, тіркелмелі және тікелей вагондардың жүріс қашықтығы өзгерген жағдайда, түзетілген жүріс қашықтығына сәйкес субсидия көлемі шартқа сәйкес қолданыстағы жүріс қашықтығына пропорционалды түрде айқындалады.
2-параграф. Субсидия төлеу шарттары
19. Субсидияларды сәйкес деңгейдегі бюджеттен төлеу қаржыландыру жоспарына (бұдан әрі – қаржыландыру жоспары) сәйкес жүргізіледі.
20. Қаржыландыру жоспары субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қаржы институтымен және тасымалдаушы немесе оператормен келісу бойыншға уәкілетті органмен бекітіледі.
21. Субсидияның жалпы сомасын төлеу әр поезд бойынша тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып жүзеге асырылады.
22. Субсидияларды төлеу нақты жүзеге асырылған және осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген расталған есептік құжаттамамен жасалған шартқа сәйкес тасымалдау бойынша ай сайын жүргізіледі.
23. Шынайы жүзеге асырылған тасымалдаулардың растамасы ретінде поезддердің қатынау кезеңділігін орындау және вагондардың түрлері бойынша ай сайынғы азайтылмайтын жүру көлемін қамтамасыз ету келісім-шарт талаптарына сәйкес қарастырылады.
24. Шартқа сәйкес жылдық субсидиялау сомасынан 25%-ға дейінгі мөлшерде төлемақы көзделеді.
25. Субсидиялардың кейінгі төлемдері жүзеге асырылған және расталған тасымалдарға сәйкес төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес ай сайын жүргізіледі. Төленген аванстық төлемді ұстап қалу жасалған шартқа сәйкес жыл ішінде жүзеге асырылады.
26. Субсидия төлемі шартта көрсетілген тасымалдаушының мақсатты шоттарына (бұдан әрі – Бірыңғай шот) аударылады.
27. Бірыңғай шоттан шығындарды төлеу төлемнің мақсаты, кезеңі және төлеу негізі (келісімшарт болған жағдайда) көрсетіле отырып жүзеге асырылады. Ағымдағы қаржы жылы субсидияларының қаражатын алдыңғы қаржы жылдарының қарыздарын өтеуге, сондай-ақ алдағы қаржы жылына арналған аванс төлемдер мен кепілдік қамтамасыз етулерді төлеуге бағыттау рұқсат етіледі, бұл әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаумен байланысты шығындарға қатысты.
28. Тасымалдаушы есепті кейінгі айдың 25-күніне дейін уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға ұйымның басшысы, бас бухгалтері қол қойған және мөрімен расталған келесі құжаттарды ай сайын ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынас бойынша жолаушыларды тасымалдау туралы ай сайынғы есеп, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнің басынан бастап жинақталған түрде әлеуметтік маңызы бар қатынас бойынша жолаушыларды тасымалдау туралы есеп;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстардың актісі;
3) әлеуметтік маңызы бар қатынас бойынша қатынайтын пойыздар, тіркемелі және тікелей қатынайтын вагондар бойынша вагондардың түрлері және вагон айналымы көлемінің орындалуын растайтын Ұлттық инфрақұрылым операторының құжаты;
4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияланатын маршруттардың тізілімі;
5) тасымалдаушыға жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату қызметін көрсететін ұйымның әлеуметтік маңызы бар қатынас бойынша пойыздарда, тіркемелі және тікелей қатынайтын вагондарда орындалған тасымал көлемдерін, тасымалданған жолаушылар саны, жолаушылар айналымы және вагондардың толымдылығы туралы мәліметтерді растайтын құжаты;
29. Осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге тасымалдаушы субсидия төленетін бірыңғай шот бойынша есепті кезеңге арналған банктік көшірмені ұсынады.
30. Желтоқсан айына төлем әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша жоспарланған жолаушылар тасымалы негізінде тасымалдаушының дайындаған есебіне сәйкес жүргізіледі. Желтоқсан айына нақты есеп тасымалдаушы тараптар арасындағы Келісімге сәйкес белгіленген мерзімде тапсырылады.
31. Егер уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар тасымалдаушының Біртұтас есепшотындағы бюджет қаражатын осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыруға жатпайтын шығындарды өтеуге пайдаланған фактілерді анықтаса, тасымалдаушы 30 күнтізбелік күн ішінде анықталған бұзушылық сомасына тең субсидияларды қайтаруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Біртұтас есепшотты тасымалдаушының басқа міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысу үшін пайдалану рұқсат етілмейді, тек субсидияларды аудару және осы Ереженің 26 және 27-тармақтарында көрсетілген шығындарды төлеу мақсатында қолдануға болады. Дауларды реттеу тәртібі келісімшартпен реттеледі.
32. Уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органдар осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген құжаттар тасымалдаушылар тарапынан ұсынылған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде орындалған жұмыстар актілеріне қол қояды және есепті кезеңге арналған осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес субсидияланатын маршруттардың тізілімін және төлеуге арналған шоттарды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық аумақтық органына ұсынады.
| Әлеуметтік мағызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімде субсидиялау қағидаларына |
|
| 1-қосымша |
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды орындау туралы ай сайынғы есеп 20 __ жылғы _________ (облысішілік/ауданаралық қатынастар үшін)
Кезаң (ай) | Поезд № | Қатынас | Ара қашықтық, км | Қатынау жиілігі | Вагон типі | Вагондардың азаймайтын жүрген жолы мың.ваг/км | Вагондардың жүріс қашықтығы, мың ваг/км | Вагондардың жүрісі, мың.ваг/км | Тасымалданған жолаушылар, мың. адам | Толымдылық, адам/ваг |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Басшы
Бас бухгалтер
Мөрдің орыны (бар болған жағдайда)
| Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімде субсидиялау қағидаларына 2-қосымша |
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудың орындалуы туралы жыл басынан өсу бойынша есеп 20 __ жылғы ____________ (облысішілік/ауданаралық қатынастар үшін)
Кезаң (ай) | Поезд № | Қатынас | Ара қашықтық, км | Қатынау жиілігі | Вагон типі | Вагондардың азаймайтын жүрген жолы мың.ваг/км | Вагондардың жүрген жолы, мың.ваг/км | Жолаушылар айналымы мың.жол.км | Жолаушылардың тасымалдануы, мың. адам | Шығыстарды ұзақ мерзімді субсидиялау көлемі, мың.теңге | |
жыл басынан төленген субсидия | жыл басынан төленген субсидия | ||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 13 | 14 |
Басшы
Бас бухгалтер
Мөрдің орыны (бар болған жағдайда)
| Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімде субсидиялау қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Орындалған жұмыстар актісі
20___жыл "__"_______
Біз, төменде қол қойып отырғандар ____________________________________________
(қолы, акт қабылдауға жауапты басшының аты-жөні (бар болған жағдайда))
Бір тараптан _______________________________________________________________
(қолы, басшының, бас бухгалтердің аты-жөні(бар болған жағдайда))
________________ 20___жылы екінші тараптан осы орындалған жұмыстар актісін жасап
Поезд № | Қатынау күндерінің саны | Вагон типі | Вагон айналымы, мың.ваг-км | Азаймайтын вагон айналымы, мың.ваг-км | Субсидиялау сомасы (мың.теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 7. | 8 |
Купе | |||||
Плацкарт | |||||
Жалпы | |||||
Қызметтік-техникалық | |||||
электр пойызы | |||||
дизель пойызы | |||||
БАРЛЫҒЫ |
20 ___ жылғы _______________ субсидиялау сомасы
_____________________________________________________________ құрайды
(сомасы санмен және сөзбен теңгеде жазылады)
Тараптардың заңды мекен- жайы: |
Тасымалдаушы: |
________________________________ |
_________________________________ |
_________________________________ |
__________________________________ |
Мөрдің орны (бар болған жағдайда) | Мөрдің орны (бар болған жағдайда) |
| Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылар шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау Қағидасына 4-қосымша нысан |
Субсидиялау маршруттарының тізілімі "___" ______________20___ жыл
№ р/н | Поездың № | Жөнелту станциясы | Жету станциясы | Субсидиялау сомасы (мың.теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Субсидиялау сомасының барлығы:
____________________________________________________________________
(сомасы санмен және сөзбен теңгеде жазылады)
Осы тізілімге қоса беріліп отыр:
1. _______________________________
2. _______________________________
3. _______________________________
Тараптардың заңды мекен- жайы: |
Тасымалдаушы: |
________________________________ |
_________________________________ |
_________________________________ |
__________________________________ |
Мөрдің орны (бар болған жағдайда) | Мөрдің орны (бар болған жағдайда) |
