ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 404 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15031 болып тіркелген):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 15) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес" БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 15) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді, "Сот сарапшысы біліктілігін беру" және "Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер)";
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Бiрыңғай байланыс орталығы (бұдан әрі – байланыс орталығы) – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға цифрлық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) тестілеу операторы (бұдан әрі – Оператор) – мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай цифрлық деректер базасының (цифрлық жүйенің) тестілеу рәсімдерін және үздіксіз жұмыс істеуін техникалық қамтамасыз ету жөніндегі оператор";
2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нұсқада көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополия субъектілерінің желілеріне қосудың техникалық шарттарын беру қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметтеріне қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін цифрлық жүйе";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгіленген тәртіпте мемлекеттік көрсетілетін көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерін көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібіне өзгерістер енгізу туралы ақпаратты байланыс орталығына және "цифрлық үкіметтің" операторына жібереді".";
7-тармақтың тоғызыншы және оныншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді ССО "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы 1, 2-Тізбенің 10-тармағына сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, ССО өтінішті қабылдаудан бас тартады.";
7-тармақтың он екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде 1, 2-Тізбенің 11-тармағына сәйкес ССО Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жібереді.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. "Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15033 болып тіркелген):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 18) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларында:
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Сот сарапшыларын аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сот-сараптама қызметі туралы Заң) 12-бабының 18) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) сәйкес әзірленді және "Сот сарапшыларын аттестаттау" және "Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшылардын аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер)";
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Бiрыңғай байланыс орталығы (бұдан әрі – байланыс орталығы) – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға цифрлық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға.";
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) сот сарапшысын кезектен тыс аттестаттау – сот сарапшысының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі және (немесе) сот-сараптама қызметімен айналысу кезінде Сот-сараптама қызметі туралы Заңның талаптарын бұзу фактілері анықталған, сот сарапшысының біліктілігінің жеткіліксіздігін айғақтайтын жағдайларда жүргізілетін рәсім";
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) сот сарапшысы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) – іске мүдделі емес, арнаулы ғылыми білімі бар және Сот-сараптама қызметі туралы Заңда белгіленген өзге де талаптарға сәйкес келетін, сот сараптамасын жүргізу тапсырылған тұлға";
2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) тестілеу операторы (бұдан әрі – Оператор) – мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай цифрлық деректер базасының (цифрлық жүйенің) тестілеу рәсімдерін және үздіксіз жұмыс істеуін техникалық қамтамасыз ету жөніндегі оператор";
2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) цифрлық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нұсқада көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополия субъектілерінің желілеріне қосудың техникалық шарттарын беру қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметтеріне қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін цифрлық жүйе.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгіленген тәртіпте мемлекеттік көрсетілетін көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерін көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібіне өзгерістер енгізу туралы ақпаратты байланыс орталығына және "цифрлық үкіметтің" операторына жібереді".";
9-тармақтың сегізінші және тоғызыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді ССО "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы 1, 2-Тізбенің 10-тармағына сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, ССО өтінішті қабылдаудан бас тартады.";
9-тармақтың он бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде 1, 2-Тізбенің 11-тармағына сәйкес ССО Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жібереді.
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. ССО-ға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3. "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 5 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20503 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбына мемлекеттік тілде өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасы бекітілсін.";
3-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
қағидаларға 1-қосымша осы Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
қағидаларға 2-қосымша осы Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
қағидаларға 2-1-қосымша осы Тізбеге 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
қағидаларға 3-қосымша осы Тізбеге 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
қағидаларға 4-қосымша осы Тізбеге 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
қағидаларға 5-қосымша осы Тізбеге 11-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
| Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымша Сот сарапшысының біліктілігін беру қағидаларына 1-қосымша |
"Сот сарапшысының біліктілігін беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Сот сарапшысының біліктілігін беру |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса) | жоқ |
4 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) ұсыну тәсілдері | www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкімет" веб - порталы |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | 7 (жеті) жұмыс күні. |
6 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | электрондық (ішінара цифрландырылған) |
7 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижелері |
сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі не негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден дәлелді бас тарту. |
8 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұма аралығында жұмыс уақыты сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін, сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін түскі үзіліспен. |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан қажетті мәліметтер тізбесі |
1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш. |
11 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін көрсетілілетін қызметті алушы ұсынған мәліметтердің дұрыс еместігі анықталғанда; |
12 |
|
1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. |
| Қазақстан Республикасы | |
| Әділет министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымша Сот сарапшысының біліктілігін беру қағидаларына 2-қосымша |
"Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілікті беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілікті беру |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса) | жоқ |
4 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің және оның кіші түрлерін (бар болса) ұсыну тәсілдері | www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкімет" веб - порталы |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | 7 (жеті) жұмыс күні. |
6 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | электрондық (ішінара цифрландырылған) |
7 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижелері |
сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі не негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден дәлелді бас тарту |
8 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұма аралығында жұмыс уақыты сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін, сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін түскі үзіліспен. |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан қажетті мәліметтер тізбесі |
1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш. |
11 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мәліметтердің дұрыс еместігі анықталғанда; |
12 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді портал арқылы цифрлықнысанда алу мүмкіндігі бар. |
| Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 3-қосымша Сот сарапшысын аттестаттау қағидаларына 1-қосымша |
"Сот сарапшысын аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Сот сарапшысын аттестаттау |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса) | жоқ |
4 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) ұсыну тәсілдері | www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкімет" веб - порталы |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | 7 (жеті) жұмыс күні. |
6 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | электрондық (ішінара цифрландырылған) |
7 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижелері |
Аттестаттау куәлігі – сот сарапшысы аттестаттаудан өткені/қайта аттестаттаудан өткені/ аттестаттаудан өтпегені туралы немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден дәлелді бас тарту. |
8 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұма аралығында жұмыс уақыты сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін, сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін түскі үзіліспен. |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан қажетті мәліметтер тізбесі |
1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш. |
11 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мәліметтердің дұрыс еместігі анықталғанда; |
12 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. |
| Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 4-қосымша Сот сарапшысын аттестаттау қағидаларына 2-қосымша |
"Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларын аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларын аттестаттау |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса) | жоқ |
4 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) ұсыну тәсілдері | www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкімет" веб - порталы |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | 7 (жеті) жұмыс күні. |
6 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | электрондық (ішінара цифрландырылған) |
7 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижелері |
Аттестаттау куәлігі – сот сарапшысы аттестаттаудан өткені/қайта аттестаттаудан өткені/ аттестаттаудан өтпегені туралы немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден дәлелді бас тарту. |
8 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұма аралығында жұмыс уақыты сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін, сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін түскі үзіліспен. |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан қажетті мәліметтер тізбесі |
1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш. |
11 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мәліметтердің дұрыс еместігі анықталғанда; |
12 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. |
| Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 5-қосымша Әділет министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 5 бұйырығына 1-қосымша |
"Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес және "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп, "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін цифрлық жүйе;
2) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процесін автоматтандыратын цифрлықжүйе;
3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) –электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада баяндалған.
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Портал арқылы осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес Тізбенің 10-тармағында көрсетілген лицензия алу үшін құжаттарды ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жібереді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 6 (алты) жұмыс күні лицензияға қосымша беру- 6 (алты) жұмыс күні, қайта ресімдеу – жұмыс күні көрсетілетін қызметті берушінің қатысуыныз 20 (жиырма) минут ішінде.
6. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш бергеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті порталда тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды қабылдау туралы хабарлама алады, Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтініштің орындаушысын анықтайды. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
7. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының лицензия беруге арналған құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, ақы төленгені туралы, наркологиялық науқастарды динамикалық бақылау (немесе оның болмауы) туралы мәліметтер, психикалық мінез-құлықтық бұзылулары бар науқастарды динамикалық бақылау (немесе оның болмауы) туралы мәліметтер, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті цифрлық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 5-қосымшаларға сәйкес Тізбенің 10-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензия алу үшін құжаттардың толық топтамасын 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және лицензия беруге бұйрықты не дәлелді бас тартуды (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі) дайындайды және уәкілетті тұлғаға қол қоюға жібереді.
Осы Тізбенің 11-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес оң нәтиже не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес дәлелді бас тарту жіберіледі.
8. Лицензияны қайта ресімдеуге арналған қызметті алушы тұлғаның өтініші Портал арқылы ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат ауыстырылған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстыру туралы мәліметтерді "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасынан алады.
Тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстыру туралы мәліметтер болмаған жағдайда электрондық өтінішті қалыптастыру процесі аяқталады.
Портал көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Порталдың көліктік қолтаңбасы арқылы көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз жұмыс күнінде 20 (жиырма) минут ішінде толық автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Порталдың көліктік қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
9. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының лицензияға қосымша беруге арналған құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, ақы төленгені туралы, наркологиялық науқастарды динамикалық бақылау (немесе оның болмауы) туралы мәліметтер, психикалық мінез-құлықтық бұзылулары бар науқастарды динамикалық бақылау (немесе оның болмауы) туралы мәліметтер, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.
Тізбенің 10-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензия алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, 4 (төрт) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және лицензия беру туралы бұйрықты не дәлелді бас тартуды дайындайды және уәкілетті тұлғаға қол қоюға жібереді.
Осы Тізбенің 11-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
10. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында сақталады және жіберіледі.
11. Ақпараттық жүйеде іркіліс болған жағдайда, электрондық байланыс болмаған немесе хабарламаларды жіберуге кедергі келтіретін өзге де жағдайлар туындаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлімшесі цифрлық үкіметтің операторын (бұдан әрі - оператор) техникалық іркілістердің пайда болуы анықталған сәттен бастап көрсетілген себептерді анықтау және жою үшін (жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін) шаралар қабылдайды.
12. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне олардың көрсетілу кезеңдері туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет портал арқылы көрсетілген кезде оның көрсетілу сатысы туралы деректер автоматты режимде түседі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
14. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
16. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
"Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса) | Сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензия беру, сот-медициналық қызметпен айналысуға лицензия беру, сот-наркологиялық қызметпен айналысуға лицензия беру, сот-психиатриялық сараптама қызметімен айналысуға лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензияға қосымша беру, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалар. |
4 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) ұсыну тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады: www.egov.kz, www.elicense.kz. |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | Көрсету мерзімі: беру – 6 (алты) жұмыс күні; лицензияға қосымша беру – 6 (алты) жұмыс күні; қайта ресімдеу – жұмыс күні ішінде 20 (жиырма) минут. |
6 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны |
Лицензия беру – Электрондық (ішінара цифрландырылған); |
7 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижелері |
Сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензия / қайта ресімдеу және (немесе) лицензияға қосымша беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
8 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия бергені, лицензия қайта рәсімдегені үшін жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым алынады, Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабына сәйкес мынадай мөлшерде белгіленеді: |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) Көрсетілетін қызметті беруші – дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін, түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін, демалыс және мереке күндері болмаса; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан қажетті мәліметтердің тізбесі. |
1) Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін: |
11 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы; |
12 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар |
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініші
____________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
___________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
жүргізуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді
сұраймын__________________________________________________________
(қызмет түрінің және (немесе) қызметің кіші түрін толық атауын көрсету)
Жеке тұлғаның тұрғылықты
мекенжайы:________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта____________________________
Телефондары____________________________________
Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы:___________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
нөмірі (стационарлық үй-жай) нөмірі)
_____ парақ қоса беріледі.
Осымен расталады, бұл:
көрсетілген барлық деректер ресми байланыс болып табылады және оларға лицензияны және (несесе) лицензияға қосымшаны беру немесе бермеуден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болады; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайды; қоса беріліп отырған барлық құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады;
өтініш беруші лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалған құпияны;
Жеке тұлға_______________________________
(Қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Толтырылған күні: 20___ жылғы "____" _____
Сот-сараптама қызметін, оның ішінде сот-медициналық, сот- психиатриялық және
сот-наркологиялық сараптама саласындағы қызметті жүргізуге қойылатын талаптарға
сәйкестіктігін растайтын мәліметтер нысаны
_______________________________________________________ жеке тұлғаның тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі:
___________________________
(мен ұсынылған деректердің дұрыстығына дербес жауап беремін) барлық тұлғалар
үшін толтырылады.
1. Сот сараптамаларының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігінің
болуы:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі берген біліктілік куәлігінің/ біліктілік
куәлігіне қосымшаның нөмірі_______________________________
Біліктілік куәлігінің / біліктілік куәлігінің қосымшасының берілген күні
__________________________________
Сарапшы мамандығы (біліктілік куәлігі)______________________________
2. Диплом және қосымша туралы мәліметтер: жоғары оқу орнының атауы
________________________ мамандық атауы ___________________________
мамандығының шифры _____________________________________________
дипломның және оған қосымшаның нөмірі
__________________________ диплом және оған қосымшаның берілген күні
___________________________________ дипломды тану/нострификация туралы
куәліктің берілген күні _____________________________________________
дипломды тану/нострификациялау туралы куәліктің нөмірі
____________________________________________
(6, 7-тармақтар шетелдік білім беру ұйымдары берген дипломдар үшін толтырылады)
3. Жоғары білімі туралы дипломда көрсетілген мамандық бойынша жұмыс өтілінің
немесе сараптама қызметінің мәлімделген түрі бойынша сот сараптамасы
органдарындағы жұмыс өтілінің кемінде үш жыл болуы туралы мәліметтер: жұмыс
кезеңі ________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________ лауазымы, ұйымы, бөлімше
_____________________________________________________________________
ұйымның орналасқан жері _____________________________ бұйрықтың нөмірі
_____________________ еңбек өтілі ____________________________________;
ЛИЦЕНЗИЯ
"___" ___________ 20 ___ жыл | № _____________ |
Берілді |
_____________________________________________ |
қызметіне |
_____________________________________________ |
Ерекше шарттар |
_____________________________________________ |
Ескертпе: |
_____________________________________________ |
Лицензиар |
_____________________________________________ |
Басшы _________________________ (уәкілетті тұлға)
Лицензияның қолданылу мерзімі: ____ж. "___" _______________
Берілген орны______________________________".
ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМША
Лицензия нөмірі ___________ Лицензияның берілген күні 20___ жылғы "___" _________ Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі (түрлері): _________________________________________________________________ ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрінің атауы)
Лицензиат |
_______________________________________________ |
Өндірістік база |
_______________________________________________ |
лицензия қолданылуының ерекше шарттары |
_______________________________________________ |
Лицензиар |
_______________________________________________ |
Басшы__________________________________________ (уәкілетті тұлға)
Қосымшаның нөмірі____________
Лицензияның қолданылу мерзімі:______ ж."____" ___________
Қосымшаның берілген күні: ______ ж. "____" ___________
Берілген орны___________________________________
Дәлелді бас тарту
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сіздің (өтінім күні) жылғы №
(Өтінімнің нөмірі) өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды:.
Бас тарту себебі
Қолы қойған лауазымды тұлға;
Лицензияны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші
_____________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_______________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң
аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Тегімнің, атымның, әкемнің атының (ол болған жағдайда) өзгеруіне байланысты сот-
сараптама қызметін жүзеге асыруға 20___ жылы №___ _________ , _____________
(лицензияның нөмірі(лері), лицензияны берген лицензиардың атауы) берілген
лицензияны қайта рәсімдеуіңізді сұраймын.
Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті
көрсету кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
Жеке тұлға ___________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" _____.