"Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 сәуірде № 20503 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.04.2026 № 404 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.04.2026 № 404 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасы бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.04.2026 № 404 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

      1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 30.04.2026 № 404 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі М. Бекетаев

  Әділет министрінің
2020 жылғы 21 сәуірдегі
№ 5 бұйырығына
1-қосымша

"Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.04.2026 № 404 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес және "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп, "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін цифрлық жүйе;

      2) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процесін автоматтандыратын цифрлықжүйе;

      3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) –электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада баяндалған.

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Портал арқылы осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес Тізбенің 10-тармағында көрсетілген лицензия алу үшін құжаттарды ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жібереді.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 6 (алты) жұмыс күні лицензияға қосымша беру- 6 (алты) жұмыс күні, қайта ресімдеу – жұмыс күні көрсетілетін қызметті берушінің қатысуыныз 20 (жиырма) минут ішінде.

      6. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш бергеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті порталда тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды қабылдау туралы хабарлама алады, Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтініштің орындаушысын анықтайды. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының лицензия беруге арналған құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, ақы төленгені туралы, наркологиялық науқастарды динамикалық бақылау (немесе оның болмауы) туралы мәліметтер, психикалық мінез-құлықтық бұзылулары бар науқастарды динамикалық бақылау (немесе оның болмауы) туралы мәліметтер, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті цифрлық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 5-қосымшаларға сәйкес Тізбенің 10-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензия алу үшін құжаттардың толық топтамасын 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және лицензия беруге бұйрықты не дәлелді бас тартуды (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі) дайындайды және уәкілетті тұлғаға қол қоюға жібереді.

      Осы Тізбенің 11-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес оң нәтиже не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес дәлелді бас тарту жіберіледі.

      8. Лицензияны қайта ресімдеуге арналған қызметті алушы тұлғаның өтініші Портал арқылы ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат ауыстырылған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстыру туралы мәліметтерді "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасынан алады.

      Тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстыру туралы мәліметтер болмаған жағдайда электрондық өтінішті қалыптастыру процесі аяқталады.

      Портал көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Порталдың көліктік қолтаңбасы арқылы көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз жұмыс күнінде 20 (жиырма) минут ішінде толық автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Порталдың көліктік қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының лицензияға қосымша беруге арналған құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, ақы төленгені туралы, наркологиялық науқастарды динамикалық бақылау (немесе оның болмауы) туралы мәліметтер, психикалық мінез-құлықтық бұзылулары бар науқастарды динамикалық бақылау (немесе оның болмауы) туралы мәліметтер, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

      Тізбенің 10-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензия алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, 4 (төрт) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және лицензия беру туралы бұйрықты не дәлелді бас тартуды дайындайды және уәкілетті тұлғаға қол қоюға жібереді.

      Осы Тізбенің 11-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.

      10. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында сақталады және жіберіледі.

      11. Ақпараттық жүйеде іркіліс болған жағдайда, электрондық байланыс болмаған немесе хабарламаларды жіберуге кедергі келтіретін өзге де жағдайлар туындаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлімшесі цифрлық үкіметтің операторын (бұдан әрі - оператор) техникалық іркілістердің пайда болуы анықталған сәттен бастап көрсетілген себептерді анықтау және жою үшін (жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін) шаралар қабылдайды.

      12. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне олардың көрсетілу кезеңдері туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет портал арқылы көрсетілген кезде оның көрсетілу сатысы туралы деректер автоматты режимде түседі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      14. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      16. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  "Сот-сараптама қызметімен,
оның ішінде сот- медициналық,
сот-наркологиялық және
сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға
арналған лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.04.2026 № 404 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса)

Сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензия беру, сот-медициналық қызметпен айналысуға лицензия беру, сот-наркологиялық қызметпен айналысуға лицензия беру, сот-психиатриялық сараптама қызметімен айналысуға лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензияға қосымша беру, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалар.

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) ұсыну тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады: www.egov.kz, www.elicense.kz.

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Көрсету мерзімі: беру – 6 (алты) жұмыс күні; лицензияға қосымша беру – 6 (алты) жұмыс күні; қайта ресімдеу – жұмыс күні ішінде 20 (жиырма) минут.

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Лицензия беру – Электрондық (ішінара цифрландырылған);
лицензияға қосымша беру – Электрондық (ішінара цифрландырылған);
лицензияны қайта ресімдеу – Электрондық (толығымен цифрландырылған)

7

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижелері

Сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензия / қайта ресімдеу және (немесе) лицензияға қосымша беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия бергені, лицензия қайта рәсімдегені үшін жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым алынады, Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабына сәйкес мынадай мөлшерде белгіленеді:
1) лицензия беру – 6 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
2) лицензияны қайта ресімдеу – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ы, бірақ 4 АЕК-тен аспайды.

9

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін, түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін, демалыс және мереке күндері болмаса;
2) Портал – тәулік бойы, техникалық қызмет көрсету жұмыстарына байланысты үзілістерді қоспағанда, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі келесі жұмыс күні беріледі. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған – www.adilet.gov.kz.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан қажетті мәліметтердің тізбесі.

1) Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
1) Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалармен айналысу талаптарына сәйкестігін растайтын мәліметтер формасы. Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленгенін растайтын мәліметтер және лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынады.

11

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар мен деректердің (мәліметтердің) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 48 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10309 болып тіркелген) сот-сараптама қызметін, оның ішінде сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне);
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға уақытша тыйым салған жағдайларда жүзеге асырылады.

12

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
3) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-02-41.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414, 8 800 080 7777).

  "Сот-сараптама қызметімен,
оның ішінде сот-медициналық,
сот-наркологиялық және сот-психиатриялық араптамалармен
айналысуға арналған лицензия
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің қағидаларына
2-қосымша

Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініші

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.04.2026 № 404 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ____________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ___________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      жүргізуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді

      сұраймын__________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) қызметің кіші түрін толық атауын көрсету)

      Жеке тұлғаның тұрғылықты

      мекенжайы:________________________________________________________

      (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта____________________________

      Телефондары____________________________________

      Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

      мекенжайы:___________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат

      нөмірі (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      _____ парақ қоса беріледі.

      Осымен расталады, бұл:

      көрсетілген барлық деректер ресми байланыс болып табылады және оларға лицензияны және (несесе) лицензияға қосымшаны беру немесе бермеуден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болады; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайды; қоса беріліп отырған барлық құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады;

      өтініш беруші лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалған құпияны;

      Жеке тұлға_______________________________

      (Қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Толтырылған күні: 20___ жылғы "____" _____

  "Сот-сараптама қызметімен,
оның ішінде сот-медициналық,
сот-наркологиялық және сот-психиатриялық араптамалармен
айналысуға арналған лицензия
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің қағидаларына
3-қосымша

      Ескерту. Қағида 2-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Әділет министрінің 31.08.2021 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.04.2026 № 404 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      Сот-сараптама қызметін, оның ішінде сот-медициналық, сот- психиатриялық және

      сот-наркологиялық сараптама саласындағы қызметті жүргізуге қойылатын талаптарға

      сәйкестіктігін растайтын мәліметтер нысаны

      _______________________________________________________ жеке тұлғаның тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі:

      ___________________________

      (мен ұсынылған деректердің дұрыстығына дербес жауап беремін) барлық тұлғалар

      үшін толтырылады.

      1. Сот сараптамаларының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігінің

      болуы:

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі берген біліктілік куәлігінің/ біліктілік

      куәлігіне қосымшаның нөмірі_______________________________

      Біліктілік куәлігінің / біліктілік куәлігінің қосымшасының берілген күні

      __________________________________

      Сарапшы мамандығы (біліктілік куәлігі)______________________________

      2. Диплом және қосымша туралы мәліметтер: жоғары оқу орнының атауы

      ________________________ мамандық атауы ___________________________

      мамандығының шифры _____________________________________________

      дипломның және оған қосымшаның нөмірі

      __________________________ диплом және оған қосымшаның берілген күні

      ___________________________________ дипломды тану/нострификация туралы

      куәліктің берілген күні _____________________________________________

      дипломды тану/нострификациялау туралы куәліктің нөмірі

      ____________________________________________

      (6, 7-тармақтар шетелдік білім беру ұйымдары берген дипломдар үшін толтырылады)

      3. Жоғары білімі туралы дипломда көрсетілген мамандық бойынша жұмыс өтілінің

      немесе сараптама қызметінің мәлімделген түрі бойынша сот сараптамасы

      органдарындағы жұмыс өтілінің кемінде үш жыл болуы туралы мәліметтер: жұмыс

      кезеңі ________________________________

      _____________________________________________________________________

      ___________________________________________ лауазымы, ұйымы, бөлімше

      _____________________________________________________________________

      ұйымның орналасқан жері _____________________________ бұйрықтың нөмірі

      _____________________ еңбек өтілі ____________________________________;

  "Сот-сараптама қызметімен,
  оның ішінде сот-медициналық,
  сот-наркологиялық және
  сот-психиатриялық сараптамалармен
  айналысуға арналған лицензия
  беру" мемлекеттік көрсетілетін
  қызметтің қағидаларына
  4-қосымша

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.04.2026 № 404 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

ЛИЦЕНЗИЯ

"___" ___________ 20 ___ жыл

№ _____________

Берілді

_____________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғада бизнес - сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі / жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

қызметіне

_____________________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің атауы)

Ерекше шарттар

_____________________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес)

Ескертпе:

_____________________________________________
(иеліктен айыру , рұқсат сыныбы)

Лицензиар

_____________________________________________
(лицензиардың толық атауы)

      Басшы _________________________ (уәкілетті тұлға)

      Лицензияның қолданылу мерзімі: ____ж. "___" _______________

      Берілген орны______________________________".

ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМША Лицензия нөмірі ___________ Лицензияның берілген күні 20___ жылғы "___" _________ Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі (түрлері): _________________________________________________________________ ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрінің атауы)

Лицензиат

_______________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғада бизнес - сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі / жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

Өндірістік база

_______________________________________________
(иеліктен айыру , рұқсат сыныбы)

лицензия қолданылуының ерекше шарттары

_______________________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес)"

Лицензиар

_______________________________________________
(лицензияға қосымшаны берген органның толық атауы) )

      Басшы__________________________________________ (уәкілетті тұлға)

      Қосымшаның нөмірі____________

      Лицензияның қолданылу мерзімі:______ ж."____" ___________

      Қосымшаның берілген күні: ______ ж. "____" ___________

      Берілген орны___________________________________

  "Сот-сараптама қызметімен,
оның ішінде сот-медициналық,
сот-наркологиялық және сот-психиатриялық араптамалармен
айналысуға арналған лицензия
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің қағидаларына
5-қосымша

Дәлелді бас тарту

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.04.2026 № 404 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сіздің (өтінім күні) жылғы №

      (Өтінімнің нөмірі) өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды:.

      Бас тарту себебі

      Қолы қойған лауазымды тұлға;

  "Сот-сараптама қызметімен,
оның ішінде сот-медициналық,
сот-наркологиялық және сот-психиатриялық араптамалармен
айналысуға арналған лицензия
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің қағидаларына
6-қосымша
Нысан

ЛИЦЕНЗИЯ

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.04.2026 № 404 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Лицензияны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші

      _____________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      _______________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң

      аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Тегімнің, атымның, әкемнің атының (ол болған жағдайда) өзгеруіне байланысты сот-

      сараптама қызметін жүзеге асыруға 20___ жылы №___ _________ , _____________

      (лицензияның нөмірі(лері), лицензияны берген лицензиардың атауы) берілген

      лицензияны қайта рәсімдеуіңізді сұраймын.

      Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті

      көрсету кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Жеке тұлға ___________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" _____.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 21 сәуірдегі
№ 5 бұйрығына
2 қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 546 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16780 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. "Сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 546 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 1538 бұйрығы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17788 болып тіркелген, 2018 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. "Сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 890 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17061 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. "Сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 890 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1616 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18016 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіндежарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады