ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 12613 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларында:
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) борышкердің іздестірілуіне байланысты үш және одан көп ай берешек болған кезде алиментті өндіріп алу туралы атқарушылық құжат бойынша:
атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;
атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы әр тараптарға, хабарламаның жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттар қоса беріліп хабарлау;
зейнетақы аударымдарының жоқтығы туралы мәліметтер, есеп уәкілетті органға жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей;
жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары) есеп уәкілетті органға жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей;
борышкер болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою, Атқарушылық іс жүргізу туралы Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес шағымдану мерзімі өткеннен кейін (жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып);
борышкерге іздеу салуды жариялау туралы жеке сот орындаушысының прокурор санкциялаған қаулысы;
борышкерге қатысты үш және одан көп ай берешегін айқындау туралы қаулы;
борышкердің тұрғылықты мекенжайы бойынша шығу актісі бойынша нысан осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес. Бұл ретте жеке сот орындаушысының көмекшілері мен тағылымдамашылары атқарушылық әрекеттерге куәгер ретінде қатыса алмайды;";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Жеке сот орындаушысының алиментті және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындаумен байланысты қызметіне ақы төлеу бір атқару құжаты бойынша, осы атқару құжаты бойынша соңғы төлем жүргізілген күннен бастап он екі ай өткеннен кейін, жылына бір рет жүргізіледі. Аталған төлем ағымдағы жылдың бірінші не екінші жартыжылдығында төленеді.
Төлемді жүзеге асыру кезінде атқарушылық іс жүргізу жеке сот орындаушысының іс жүргізуінде болуы тиіс және "орындалуда" не борышкерді іздестіруге байланысты "тоқтатылған" мәртебесіне ие болуы тиіс.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Іс қағаздарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 12 мамырдағы № 386 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 22749 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Іс қағаздарды жүргізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жеке сот орындаушысының кеңсесінде іс жүргізу қағаз тасығыштарда, сондай-ақ мемлекеттік атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған цифрлық жүйесін (бұдан әрі - цифрлық жүйе) пайдалана отырып жүргізіледі.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жеке сот орындаушысының цифрлық жүйе арқылы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан мәліметтерді жеке мақсатта қолдануына жол берілмейді.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жеке сот орындаушысының лицензиясының қолданылуы тоқтатылған немесе лицензиясынан айырылған, оның Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы (бұдан әрі – Республикалық палата) мүшелігінен шығарылған жағдайда жеке сот орындаушысының цифрлық жүйеге қолжетімділігі бұғатталады. Бұл ретте цифрлық жүйе уәкілетті орган басшысының тиісті бұйрығының реквизиттері мен деректері (бұйрық күні, нөмірі, мерзімі және тоқтата тұру немесе тоқтату негіздері) көрсетіледі. Жеке сот орындаушысының цифрлық жүйе электрондық базасындағы электрондық мұрағаттық атқарушылық құжаттарына қолжетімділік Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 652 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12848 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттарды бөлу қағидаларына сәйкес өзге жеке сот орындаушысына беріледі.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Жасалатын құжаттар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) сәйкес рәсімделеді.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Хат-хабарлар адресаттарға пошта арқылы, қолма-қол не цифрлық жүйе арқылы немесе техникалық байланыс құралдарын пайдалана отырып беріледі.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Жеке сот орындаушысына өңірлік палатадан қағаз тасығышта келіп түскен атқарушылық құжаттар кіріс құжаттарды тіркеу журналында кіріс құжаты ретінде тіркеледі. Ілеспе хатта осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша тіркеу штампы, сондай-ақ күні мен нөмірі қойылады.";
27-тармақ алып тасталсын;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Жеке сот орындаушысы қабылданған әрбір атқарушылық құжат бойынша атқарушылық іс жүргізу (атқарушылық іс) рәсімдейді, оған орындау кезінде жасақталған барлық құжаттар енгізіледі. Атқарушылық іс жүргізудің нөмірі автоматты түрде цифрлық жүйеде беріледі.".
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың екінші тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, он бірінші, он екінші, он алтыншы, он жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |
Жеке сот орындаушысының шараларды қабылдау бойынша жасаған атқарушылық әрекеттері туралы есеп
№ | Жеке сот орындаушылары жүргізген атқарушылық әрекеттер туралы мәліметтер | Атқарушылық іс жүргізулердің санаты | ||
алиментті өндіріп алу туралы | жалақыны өндіріп алу туралы | |||
борышкердің іздестірілуіне байланысты үш және одан көп ай берешек болғанда | борышкердің тұрақты кірісі, жұмыс орны және өндіріп алуға болатын мүлкі болмағанда | өндіріп алуға болатын ақшалай қаражат және мүлік болмағанда | ||
1 | атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы | + | + | + |
2 | атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы тараптардың әрқойсысына, хабарламаның жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттар қоса бере отырып, хабарлау | + | + | + |
3 | зейнетақы аударымдарының жоқтығы туралы мәліметтер, уәкілетті органға есеп жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей | + | + | |
4 | жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (жылжымайтын мүлік, жер учаскесі, көлік құралы, ауыл шаруашылығы техникасы, зейнетақы және жәрдемақылардың жоқтығы туралы тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары) уәкілетті органға есеп жіберілген күнге дейін үш айдан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс. | + | + | + |
5 | борышкер болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою, Атқарушылық іс жүргізу туралы Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес шағымдану мерзімі өткеннен кейін (жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып) | + | + | |
6 | жеке сот орындаушысының борышкерге іздеу салуды жариялау туралы прокурор санкциялаған қаулысы | + | ||
7 | борышкерге қатысты үш және одан көп ай берешегін айқындау туралы қаулы | + | + | |
8 | осы Қағиданың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша борышкердің тұрғылықты мекенжайы бойынша шығу актісі | + | ||
9 | борышкерді жұмысқа орналастыру туралы хабарлама | + | ||
10 | әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін аумақтық әділет органына бағытталған материалдарды жіберуге | + | ||
11 | өндіріп алушының борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызы | + | ||
12 | қылмыстық қудалау органына сот актiсiн орындаудан жалтарған борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы енгізілген ұсыныс | + | ||
13 | борышкер болып табылатын заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою Атқарушылық іс жүргізу туралы Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес шағымдану мерзімі өткеннен кейін (жіберілгенін немесе тапсырылғаның растайтын құжаттарды қоса бере отырып) | + | ||
14 | лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданысын тексеру туралы мәліметтер және сотқа борышкерге лицензияларды, рұқсаттар мен арнайы құқықтарды беруге уақытша тыйым салу туралы ұсынысты, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданысын тоқтата тұру туралы ұсынысты сотқа жолданғандығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жолдау | + | ||
15 | сот орындаушысына атқарушылық іс жүргізу тараптарын шақырту | + | ||
16 | дебиторлық берешегінің жоқтығы туралы мәліметтер (мемлекеттік кірістер және бухгалтерия органдарынан алынған ақпарат) | + | ||
17 | борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы не бас тарту туралы сот актісі | + | ||
18 | уәкілетті органның қылмыстық жауаптылыққа тарту не құрамының жоқ болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу ісін жүргізуді тоқтату туралы қаулы | + | ||
19 | Барлығы | |||
Борышкердің тұрғылықты мекенжайы (орналасқан жері, тұрғылықты жері) бойынша шығу актісі
Ескерту. Қағида ҚР Әділет министрінің 30.12.2021 № 1136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылды.