БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28994 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
| "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығына қосымша"; |
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде Қазақстанда шығарылған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібін айқындайды.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) бірінші деңгейдегі жүйе – export.gov.kz веб-порталымен біріктірілген тіркеуші жүйе, онда жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардың өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімі қамтылады, бұл ретте соңғы постформаттық-логикалық бақылау арқылы өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 93-1-бабы 4-тармағының екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын және оларды алушыларды пайдалану мониторингін жүргізу қағидалары шеңберінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын базалық талаптарға сәйкестігі айқындалады;
2) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері – өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын не өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, жай серіктестіктер;
3) өнеркәсіптік өнім – өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру нәтижесінде өндірілген тауарлар;
4) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары – Заңға сәйкес жүзеге асырылатын өңдеуші өнеркәсіпті және өнеркәсіптік-инновациялық қызметті дамыту мақсатында мемлекет қолданатын ынталандыру шаралары;
5) өңдеу өнеркәсібі – жаңа өнімге (тауарға, оның ішінде азық-түлік тауарларына) арналған шикізатты, материалдарды, заттарды, компоненттерді өңдеумен байланысты өнеркәсіп салаларының жиынтығы;
6) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі –уәкілетті орган) – шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту және ілгерілету саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде сыртқы сауда қызметін реттеу саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) тіркеуші – Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 93-1-бабының 4-тармағына сәйкес жеке кәсіпкерлікті және оларды алушыларды мемлекеттік қолдау шараларының тізілімі мен мониторингін енгізуді техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;
8) шикізаттық емес экспорт – өңдеуші өнеркәсіп тауарлары мен көрсетілетін қызметтердің экспорты;
9) еxport.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – екінші деңгейдегі мемлекеттік емес цифрлық жүйе, ол арқылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алушылардан өтінімдер қабылдау (бұдан әрі – өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі), оларды форматты-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейдегі жүйеге беру жүзеге асырылады.";
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Шығындардың бір бөлігін өтеу қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісіне (не оның еншілес компаниясына, өндірілген өнімді өткізетін ресми өкілге (дистрибьюторға/трейдерге) немесе цифрлық қызмет көрсететіндерге (бұдан әрі – өтініш беруші) осы мақсаттарға республикалық бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Өтінімдер веб-порталда тіркелу кезектілігі тәртібімен және осы мақсаттарға ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде қаралады.
4. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын жарғылық капиталындағы акциялардың (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі өтініш берушілер (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды, қазақстандық шығу тегі бар әскери және аэроғарыштық мақсаттағы тауарлар (өнімдер) өндірушілерін, қазақстандық шығу тегі бар қосарланған мақсаттағы (қолданылатын) тауарлар (өнімдер) өндірушілерін, QazVac препаратын өндірушілерді, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда), сондай-ақ өздеріне қатысты банкрот деп тану, банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату және оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімдері заңды күшіне енген өтініш берушілер, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шарасын алу туралы өтінім берілген жылға дейінгі соңғы екі жылда еңбекақы төлеу қорының кемінде 10%-ға өсуіне қол жеткізбеген өтініш берушілер пайдалана алмайды.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) келісім жасасады (екіжақты және (немесе) үшжақты), сондай-ақ тараптар жасасқан келісімнің талаптарын бұзған жағдайда, қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде қазақстандық өндірістен шыққан тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу шеңберінде өтініш берушіге берілген ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз етеді;";
3-1) және 3-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1) қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде, осы Қағидаларға сәйкес өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша цифрлық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша уәкілетті органға қызметтер көрсетеді;
3-2) қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде, осы Қағидаларға сәйкес өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері қабылдайтын қарсы міндеттемелердің мониторингін жүзеге асырады.";
8-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
"8. Өтініш беруші осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді және оған құжаттарды, ақпаратты, бастапқы деректерді, есептерді, негіздемелерді қоса береді.
Өтінім операторға "PDF (Portabledocumentformat)" ПДФ (Портейбл Документ Формат)" веб-порталы арқылы электрондық форматында ұсынылады, өтініш берушінің бірінші басшысының немесе уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады (өтінімге қол қоюға растайтын құжат болған кезде).
Веб-портал өтініш берушінің базалық талаптарға сәйкестігін тексеру туралы бірінші деңгейдегі жүйеге сұрау салуды жібереді.
Өтінім веб-порталда одан әрі өңделуге және өтінім берушінің базалық талаптарға сәйкестігі туралы бірінші деңгейдегі жүйенің хабарламасын алған кезде төленуге тиіс.
Өтінімде көрсетілген мәліметтер және өтінімді өңдеу мәртебесі веб-порталмен бірінші деңгейдегі жүйеге берілуге тиіс.
Веб-портал өтініш берушіден заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ тіркеушінің дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісімін алуды қамтамасыз етеді.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде Қазақстанда шығарылған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі.";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Өтініш берушінің Қазақстанда шығарылған цифрлық қызметтерді ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу мынадай түрлер бойынша жүргізіледі:";
1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) шетелде Қазақстанда шығарылған цифрлық қызметтерді жарнамалауға байланысты шығындар:";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) әлеуетті сатып алушылар үшін Қазақстанда шығарылған цифрлық қызметтерді көрсетуді және цифрлық технологиялар саласындағы әзірлемелерді шетелде ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шығындар.";
16-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) өтелетін кезеңге қолданыстағы, бірақ 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекет ететін "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың не индустриялық сертификаттың көшірмесі, не өтелетін кезеңге қолданыстағы қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді көшірмесі;";
17-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) өтелетін кезеңге қолданыстағы, бірақ 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекет ететін "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың не индустриялық сертификаттың көшірмесі, не өтелетін кезеңге қолданыстағы қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді көшірмесі;";
18-тармақтың үшінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) әлеуетті сатып алушылар үшін шетелде Қазақстанда шығарылған цифрлық көрсетілетін қызметтерді көрсетуді және цифрлық технологиялар саласындағы әзірлемелерді ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шығындар:
әлеуетті сатып алушылар үшін шетелде Қазақстанда шығарылған цифрлық қызметтер көрсетуді және цифрлық технологиялар саласындағы әзірлемелерді ұйымдастыруды және өткізуді растайтын құжаттардың көшірмелері.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) кемінде 6 белгісі деңгейіндегі тауар позицияларына сәйкес келетін және өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін тізбесіне енгізілген өнімді өткізуді жүзеге асыратын, сондай-ақ осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген шығындар бойынша Қазақстанда шығарылған цифрлық қызметтер экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) бойынша кемінде 4 белгі деңгейінде "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Қазақстанда шығарылған цифрлық қызметтердің тізбесіне сәйкес көрсетіледі;";
2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) өз тауарларын және Қазақстанда шығарылған цифрлық қызметтерді ілгерілету бойынша шығындар туралы мәліметтерді қамтитын, олар:";
21-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңды тұлғаны, кәсіпкерлік субъектісінің санатын мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу туралы, өтініш берушінің берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді Оператор осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне өтінімді қарау кезеңінде тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Мемлекеттік цифрлық жүйелерде қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, сондай-ақ келтірілген шығындарды растау үшін Оператор өтініш берушіден және тиісті мемлекеттік органдардан растайтын құжаттарды сұратады.";
22-тармақтың үшінші бөлігінде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) осы Қағидалардың 9-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген түрі бойынша бір өтініш берушіден бір қаржы (күнтізбелік) жылы келіп түскен өтінімдер бойынша мәлімделген шығындардың сомасы өтінім берілген жылдың алдындағы жылы төленген салықтардың сомасынан асады;";
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) жүйенің жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының базалық талаптарға сәйкес келмеуін анықтау.";
27-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Осы Қағидаларда көзделген өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының тиімділігін айқындау үшін Оператор келісім жасалған күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынған деректердің және (немесе) өтініш беруші ұсынған ақпараттың негізінде олардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді, ол мыналарды қамтиды:";
мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:
"27-1. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын және оларды алушыларды пайдалану мониторингін тіркеуші жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі шеңберінде жүзеге асырады, оған мыналар кіреді:
1) бірінші деңгей – осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген бірінші деңгейдегі жүйе;
2) екінші деңгей – осы Қағидалардың 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген веб-портал.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі арқылы жүргізілген мониторинг қорытындылары кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Өңдеу өнеркәсібінің қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу кезінде қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өтініш берушілер тараптар жасасқан келісім шеңберінде Заңның 27-бабында көзделген қарсы міндеттемелерді қабылдайды.
Өтініш берушілер қарсы міндеттемелерді орындамаған жағдайда, олар қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ цифрлық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу шеңберінде алған ақша қаражаты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы №298 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28281 болып тіркелген) Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларда көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарсы міндеттемелерінің орындалуы мен базалық мөлшерлемесінің қол жеткізілген деңгейі ескеріле отырып қайтарылуға жатады.";
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаккалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуді алуға өтінім
Кімге:___________________________________________________________________________
(Оператордың атауы)
Кімнен:__________________________________________________________
(ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып, өтініш берушінің толық атауы)
Мемлекеттік тіркеу / қайта тіркеу
________________________________________________________________________
(дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы куәліктің
/анықтаманың/хабарламаның №, кім және қашан берді)
Нақты мекенжайы:______________________________________________________________________
БСН / ЖСН: ____________________________________________________________________________
Сала атауы: ____________________________________________________________________________
Қызмет түрі:_____________________________________________________________________________
Қызметкерлер саны:______________________________________________________________________
Кәсіпкерлік субъектісінің санаты: ______________________________________
(шағын/орта/ірі кәсіпорын)
Өндірістік қуаты, ұлғайту мүмкіндігі:___________________________
(өлшем бірлігін міндетті түрде көрсету керек)
*Өндіруші: ______ Тауар:_______ Тауар көлемі: ________________________________________________________*
(Трейдер толтырады)
Өтінім берілген күннің алдындағы жарты жылдағы нақты валюталық түсімнің көлемі
(ЕДБ анықтамасына сәйкес) ___________________ теңге/шетел валютасы.
Өндірістің нақты жүктелуі:____________________________________
(пайызбен)
Басшы:____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, телефон нөмірі)
Өтеуге өтінімді толтырған байланыс жасаушы тұлға:
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы, электрондық мекенжайы, телефон, факс
нөмірлері)
Өткізілетін Қазақстанда шығарылған өңдеу өнеркәсібі тауарлары және/немесе
ұсынылатын Қазақстанда шығарылған ЦҚ туралы
мәліметтер:________________________________________________________________
ЕАЭО СЭҚ БТН 6 және одан да көп белгілері деңгейінде тауар позициясын
және/немесе ЭҚТЖЖ 4 белгісінен кем емес деңгейде ЦҚ көрсете отырып, тауарлардың
атауы: ____________________________________________________________________
Р/с | Тауардың шығарылған елін куәландыратын құжат |
Р/с | Акционерлер/Өтініш берушінің қатысушылары | |||||||
Құжаттың атауы | № | Берілген күні | Қолданылу мерзімі | Тауардың атауы | СЭҚ ТН және/ немесе ЭҚТЖ коды | СЭҚ ТН коды көрсетілген тауардың атауы/ ЭҚТЖЖ кодымен ЦҚ | Акционердің/қатысушының атауы | Қатысу үлесі (пайыздық арақатынасты көрсету) | ||
1 | ||||||||||
Кестенің жалғасы
№ р/с | Шарт | Орындалған жұмыстардың /көрсетілген қызметтердің актілері | Шот-фактура | Төлем тапсырмасы | Төлеуге арналған шот | Валюталау күнгі ҚР ҰБ бағамы | Өтініш беруші мәлімдеген шығындар (құжаттар бойынша өтінімдер) | |||||||||||||||||||||||||||||
№ | Күні | Сомасы | № | Күні | Сомасы | № | Күні | Сомасы | № | Күні | Сомасы | № | Күні | Сомасы | ҚҚС-сыз және ҚР акциздері | |||||||||||||||||||||
Шетелде тауарларды /ЦҚ жарнамалауға байланысты шығындар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Көрмелерді, форумдарды, жәрмеңкелерді, конкурстарды, конгресстерді, саммиттерді және конференцияларды қоса алғанда (оның ішінде онлайн форматта), тауарды ілгерілетуге байланысты шетелдік іс-шараларға тікелей қатысу шығындары: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Шетелде филиалдарды, өкілдіктерді, сауда алаңдарын, қоймалар мен сауда сөрелерін ұстауға арналған шығындар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Шетелде электрондық сауда алаңдарында тауар белгілерін (брендін) тіркеуге байланысты рәсімдерді жүргізу шығындары: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Шетелдік сертификаттаудан, аккредиттеуден, инспекциядан өтуге не өтініш берушінің Сатып алушы елдің заңнамасында белгіленген талаптарға, шарттардың талаптарына сәйкестігіне байланысты шығындар (сертификаттау, аккредиттеу, инспекция рәсімінен оң өту не өтініш берушінің Сатып алушы елдің заңнамасында белгіленген талаптарға, шарттардың талаптарына сәйкестігін растау және сертификаттың не растайтын құжаттың болуы кезінде) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұйымның стандарттарын қоса алғанда, техникалық регламенттерде, стандарттарда белгіленген талаптарға тауарлардың сәйкестігін бағалау рәсімдеріне немесе шарттардың талаптарына немесе тауарларды шетелде өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығын растауға байланысты іс-шараларды жүргізу шығындары (сәйкестікті бағалау туралы құжаттар), сондай-ақ сәйкестікті бағалау рәсімінен өту үшін сынақ пунктіне дейін және өнімнің сынама үлгілерін кері жеткізу кезінде жұмсалған шығындар (рәсімдерден оң өткен және сәйкестікті бағалау туралы құжат болған кезде); | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Шетелдік сертификаттаудан, аккредиттеуден, инспекциядан өтуге байланысты шығындар (сертификаттау, аккредиттеу, инспекция рәсімінен оң өткен және сертификат не растайтын құжат болған кезде): | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуетті сатып алушылар үшін цифрлық технологиялар саласындағы Қазақстанда шығарылған цифрлық қызметтер мен әзірлемелерді шетелде көрсетуді ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шығындар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тауарларды жеткізуді ұйымдастыруға және автомобиль, теміржол, әуе, теңіз көлігімен тасымалдау жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге байланысты шығындар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Орындалған жұмыстар / көрсетілген қызметтер актісі | Шот-фактура / Инвойс | Өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісі/Төлем тапсырмасы | Көлік жүк құжаттарының көшірмелері (көлік түріне байланысты) | Өтінім беруші мен сатып алушы арасында жасалған жеткізу шарты | Валюталау күніне ҚР ҰБ бағамы | ҚР ҚҚС-сыз және акциздерсіз мәлімделген шығындар | ||||||||||||||||||||||||||||||
№ | күні | сомасы | № | айналым күні | сомасы | № | күні | сомасы | № | күні | вагон нөмірі / мемлекеттік нөмірі және автомобиль маркасы / және басқалар. | экспорттық бағыт (экспорт елі) | ОЖА- ға таратып жазуға сәйкес сома | № | күні | |||||||||||||||||||||
1 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
*Жоғарыда келтірілген кестелерді толтыру кезінде ұяшықтарды біріктіруге және жоюға жол берілмейді
1. Шығындардың бір бөлігін өтеуге мәлімделген жалпы сома:
__________________________________________________
теңге (сомасы
сандармен және жазумен)
2. Осы өтініммен Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, ақпараттың, бастапқы деректердің, есеп айырысулардың, негіздемелердің дұрыстығы үшін, сондай-ақ өтеуге мәлімделген шығындардың бұрын Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасында көзделген ағымдағы немесе өзге де мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен өтелмегені, қаржыландырылмайтыны және қаржыландырылмағаны үшін жауапкершілікті өзіне алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығымен бекітілген қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ Қазақстанда шығарылған цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу Қағидаларының 4-тармағына сәйкес келеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28994 болып тіркелген).
Басшы: ______________________________________________
Өтінім берілген күні _____________________________________
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ҚР ҚҚС – Қазақстан Республикасының қосылған құн салығы;
ЕАЭО СЭҚ БТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;
ОЖА – Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер актісі);
ЭҚТЖЖ – Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші;
ҚР ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
PDF (Portable Document Format) – PFD (портативті құжат форматы);
СЭҚ ТН – сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы;
ЦҚ – цифрлық қызметтер;
