Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2026 № 166-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 18.07.2025 № 212-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2026 № 166-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2026 № 166-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығына қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2026 № 166-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2026 № 166-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде Қазақстанда шығарылған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2026 № 166-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) бірінші деңгейдегі жүйе – export.gov.kz веб-порталымен біріктірілген тіркеуші жүйе, онда жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардың өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімі қамтылады, бұл ретте соңғы постформаттық-логикалық бақылау арқылы өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 93-1-бабы 4-тармағының екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын және оларды алушыларды пайдалану мониторингін жүргізу қағидалары шеңберінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын базалық талаптарға сәйкестігі айқындалады;
2) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері – өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын не өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, жай серіктестіктер;
3) өнеркәсіптік өнім – өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру нәтижесінде өндірілген тауарлар;
4) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары – Заңға сәйкес жүзеге асырылатын өңдеуші өнеркәсіпті және өнеркәсіптік-инновациялық қызметті дамыту мақсатында мемлекет қолданатын ынталандыру шаралары;
5) өңдеу өнеркәсібі – жаңа өнімге (тауарға, оның ішінде азық-түлік тауарларына) арналған шикізатты, материалдарды, заттарды, компоненттерді өңдеумен байланысты өнеркәсіп салаларының жиынтығы;
6) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі –уәкілетті орган) – шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту және ілгерілету саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде сыртқы сауда қызметін реттеу саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) тіркеуші – Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 93-1-бабының 4-тармағына сәйкес жеке кәсіпкерлікті және оларды алушыларды мемлекеттік қолдау шараларының тізілімі мен мониторингін енгізуді техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;
8) шикізаттық емес экспорт – өңдеуші өнеркәсіп тауарлары мен көрсетілетін қызметтердің экспорты;
9) еxport.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – екінші деңгейдегі мемлекеттік емес цифрлық жүйе, ол арқылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алушылардан өтінімдер қабылдау (бұдан әрі – өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі), оларды форматты-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейдегі жүйеге беру жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2026 № 166-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Шығындардың бір бөлігін өтеу қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісіне (не оның еншілес компаниясына, өндірілген өнімді өткізетін ресми өкілге (дистрибьюторға/трейдерге) немесе цифрлық қызмет көрсететіндерге (бұдан әрі – өтініш беруші) осы мақсаттарға республикалық бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Өтінімдер веб-порталда тіркелу кезектілігі тәртібімен және осы мақсаттарға ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде қаралады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2026 № 166-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын жарғылық капиталындағы акциялардың (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі өтініш берушілер (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды, қазақстандық шығу тегі бар әскери және аэроғарыштық мақсаттағы тауарлар (өнімдер) өндірушілерін, қазақстандық шығу тегі бар қосарланған мақсаттағы (қолданылатын) тауарлар (өнімдер) өндірушілерін, QazVac препаратын өндірушілерді, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда), сондай-ақ өздеріне қатысты банкрот деп тану, банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату және оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімдері заңды күшіне енген өтініш берушілер, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шарасын алу туралы өтінім берілген жылға дейінгі соңғы екі жылда еңбекақы төлеу қорының кемінде 10%-ға өсуіне қол жеткізбеген өтініш берушілер пайдалана алмайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2026 № 166-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Уәкілетті орган төлемдер кестесіне сәйкес шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институтының (бұдан әрі – Оператор) ағымдағы шотына осы Қағидалар шеңберінде өтініш берушілердің шығындарының бір бөлігін кейіннен өтеуге дейін өнеркәсіпті мемлкеттік ынталандыру шараларын ұсынуға көзделген қаражатты аударады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 01.03.2023 № 91-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банк Оператордың ағымдағы шоты бойынша есептейтін барлық сыйақылар ағымдағы шоттағы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну үшін бөлінген қаражат сомасына қосылады және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну үшін пайдаланылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.02.2024 № 102-НҚ (01.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Оператор:
1) жыл сайынғы негізде не уәкілетті органның сұрау салуы бойынша оған бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуы туралы есеп береді;
2) келісім жасасады (екіжақты және (немесе) үшжақты), сондай-ақ тараптар жасасқан келісімнің талаптарын бұзған жағдайда, қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде қазақстандық өндірістен шыққан тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу шеңберінде өтініш берушіге берілген ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз етеді;
3) Республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде осы Қағидалар шеңберінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуды жүзеге асырады;
3-1) қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде, осы Қағидаларға сәйкес өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша цифрлық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша уәкілетті органға қызметтер көрсетеді;
3-2) қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде, осы Қағидаларға сәйкес өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері қабылдайтын қарсы міндеттемелердің мониторингін жүзеге асырады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 01.03.2023 № 91-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.02.2024 № 102-НҚ (01.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.07.2025 № 212-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2026 № 166-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.8. Өтініш беруші осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді және оған құжаттарды, ақпаратты, бастапқы деректерді, есептерді, негіздемелерді қоса береді.
Өтінім операторға "PDF (Portabledocumentformat)" ПДФ (Портейбл Документ Формат)" веб-порталы арқылы электрондық форматында ұсынылады, өтініш берушінің бірінші басшысының немесе уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады (өтінімге қол қоюға растайтын құжат болған кезде).
Веб-портал өтініш берушінің базалық талаптарға сәйкестігін тексеру туралы бірінші деңгейдегі жүйеге сұрау салуды жібереді.
Өтінім веб-порталда одан әрі өңделуге және өтінім берушінің базалық талаптарға сәйкестігі туралы бірінші деңгейдегі жүйенің хабарламасын алған кезде төленуге тиіс.
Өтінімде көрсетілген мәліметтер және өтінімді өңдеу мәртебесі веб-порталмен бірінші деңгейдегі жүйеге берілуге тиіс.
Веб-портал өтініш берушіден заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ тіркеушінің дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісімін алуды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2026 № 166-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде Қазақстанда шығарылған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі.
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2026 № 166-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Өтініш берушінің өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарларын ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу мынадай түрлер бойынша жүргізіледі:
1) шетелде тауарларды жарнамалауға байланысты шығындар:
бұқаралық ақпарат құралдары (баспа, теледидар, радио, интернет-ресурстар), мамандандырылған және жарнамалық журналдар мен каталогтар арқылы шетелдегі жарнамаға;
Шетелдегі қоғамдық орындардағы жарнамаға (баннерлер, кермелер, лайт-бокстар, аудио-бейнероликтерді трансляциялау, көлік құралдарының сыртқы беттеріндегі жарнама), қоғамдық көлік салондарындағы жарнама;
осы мақсаттарға арналған аудио-бейнероликтер мен жарнамалық материалдарды дайындауға, жарнамалық құрылымдар мен беттерді жалға алуға;
2) шетелдік көрмелерге, форумдарға, жәрмеңкелерге, конкурстарға, Конгресстерге, саммит және конференцияларға тікелей қатысуға арналған шығындар (оның ішінде онлайн форматта):
іс-шара шеңберінде жекелеген жабық сессияларға қатысу үшін тіркеу жарнасын және қосымша жарналарды төлеуге;
көрме алаңдарын жалға алуға;
көрме стендтерін, қосымша жабдықтарды дайындауға (жалға алуға), монтаждауға, демонтаждауға;
көрме алаңдарын әзірлеуге, жобалауға және рәсімдеуге;
жарнамалық-үлестірме материалдарды әзірлеуге, жобалауға, аударуға және дайындауға.
3) алып тасталды - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 02.08.2024 № 298-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4) шетелде филиалдарды, өкілдіктерді, сауда алаңдарын, қойманы және сауда сөрелерін ұстауға арналған шығындар:
офистік үй-жайларды жалға алуға, қосалқы жалдауға ақы төлеуге;
сауда алаңдары мен қойманы жалға алуға, қосалқы жалға алуға ақы төлеуге;
сауда сөрелерін жалға алу төлеміне;
5) тіркеуге байланысты рәсімдерді жүргізуге арналған шығындар:
шетелде тауарлық белгілер (бренд);
электрондық сауда алаңдарында;
6) алып тасталды - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 02.08.2024 № 298-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7) шетелдік сертификаттаудан, аккредиттеуден, инспекциядан өтуге не өтініш берушінің Сатып алушы елінің заңнамасында белгіленген талаптарға, шарттардың талаптарына сәйкестігіне байланысты шығындар (сертификаттау, аккредиттеу, инспекциялау рәсімінен оң өткен не өтініш берушінің Сатып алушы елінің заңнамасында белгіленген талаптарға, шарттардың талаптарына сәйкестігін растаған және сертификаттың не растайтын құжаттың болған кезде);
8) тауарлардың ұйым стандарттарын қоса алғанда, техникалық регламенттерде, стандарттарда белгіленген талаптарға немесе шарттардың талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімдеріне немесе тауарларды шетелде өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығын растауға байланысты іс-шараларды жүргізуге арналған шығындар (сәйкестікті бағалау туралы құжаттар), сондай-ақ шығындар, сертификаттау рәсімінен өту үшін өнімнің сынамалық үлгілерін сынау пунктіне дейін жеткізу және кері қайтару кезінде келтірілген (рәсімдерден оң өткен және сәйкестікті бағалау туралы құжат болған кезде);
9) тауарларды жеткізуді ұйымдастыруға және автомобиль, темір жол, әуе, теңіз көлігімен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге байланысты шығындар.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 01.03.2023 № 91-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.08.2024 № 298-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.07.2025 № 212-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.10. Өтініш берушінің Қазақстанда шығарылған цифрлық қызметтерді ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу мынадай түрлер бойынша жүргізіледі:
1) шетелде Қазақстанда шығарылған цифрлық қызметтерді жарнамалауға байланысты шығындар:
әлеуметтік желілер, бұқаралық ақпарат құралдары (баспа, теледидар, радио, интернет-ресурстар), мамандандырылған және жарнамалық журналдар мен каталогтар арқылы шетелдегі жарнамаға;
Шетелдегі қоғамдық орындардағы жарнамаға (баннерлер, кермелер, лайт-бокстар, аудио-бейнероликтерді трансляциялау, көлік құралдарының сыртқы беттеріндегі жарнама), қоғамдық көлік салондарындағы жарнама;
осы мақсаттарға арналған аудио-бейнероликтер мен жарнамалық материалдарды дайындауға, жарнамалық құрылымдар мен беттерді жалға алуға;
2) шетелдік көрмелерге, форумдарға, жәрмеңкелерге, конкурстарға, конгресстерге, саммит және конференцияларға, өнімді ілгерілетуге байланысты іс-шараларға тікелей қатысу шығындары:
іс-шара шеңберінде жекелеген жабық сессияларға қатысу үшін тіркеу жарнасын және қосымша жарналарды төлеуге;
көрме алаңдарын жалға алуға;
көрме стендтерін, қосымша жабдықтарды дайындауға (жалға алуға), монтаждауға, демонтаждауға;
көрме алаңдарын әзірлеуге, жобалауға және ресімдеуге;
жарнамалық-үлестірме материалдарды әзірлеуге, жобалауға, аударуға және дайындауға;
3) көрмелерге, форумдарға, жәрмеңкелерге, конкурстарға, конгресстерге, саммит және конференцияларға, өнімді ілгерілетуге байланысты шетелдік іс-шараларға қатысу шығындары:
іс-шара шеңберінде жекелеген жабық сессияларға қатысу үшін тіркеу жарнасын және қосымша жарналарды төлеуге;
іс-шараның негізгі қатысушыларының байланыс тізіміне қол жеткізуге.
4) алып тасталды - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 02.08.2024 № 298-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5) шетелде филиалдарды, өкілдіктерді, сауда алаңдарын, қойманы және сауда сөрелерін ұстауға арналған шығындар:
офистік үй-жайларды жалға алуға, қосалқы жалдауға ақы төлеуге;
сауда алаңдары мен қойманы жалға алуға, қосалқы жалға алуға ақы төлеуге;
сауда сөрелерін жалға алу төлеміне;
6) шетелдік сертификаттаудан, аккредиттеуден, инспекциядан өтуге байланысты, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етуге авторлық құқықтарды, өтініш берушінің патенттерін алуға байланысты шығындар (сертификаттау, аккредиттеу, инспекциялау рәсімінен оң өткен және сертификат не растайтын құжат болған кезде);
7) әлеуетті сатып алушылар үшін Қазақстанда шығарылған цифрлық қызметтерді көрсетуді және цифрлық технологиялар саласындағы әзірлемелерді шетелде ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шығындар.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 02.08.2024 № 298-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.07.2025 № 212-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2026 № 166-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.11. Өтініш берушіге оператордың шешімі негізінде осы Қағидалардың 9-тармағында 1), 2), 4), 5) және 7) тармақшаларда, сондай-ақ 10-тармағында көрсетілген шығындар мынадай тәртіппен өтеледі:
1) ірі кәсіпкерлік субъектілеріне өтеуге ұсынылған соманың 30% мөлшерінде құжаттамалық расталған шығындар;
2) орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеуге ұсынылған соманың 50% мөлшерінде құжаттамалық расталған шығындар;
3) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өтеуге ұсынылған соманың 60% мөлшерінде құжаттамалық расталған шығындар жүзеге асырылады.
Осы Қағидалардың 9-тармағының 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген өтініш берушінің құжаттамалық расталған шығындары оператордың шешімі негізінде мынадай тәртіппен өтеледі:
1) өтеуге ұсынылған құжаттамалық расталған шығындар соманың 80% мөлшерінде Жоғарғы қайта бөлу тауарлары;
2) өтеуге ұсынылған құжаттамалық расталған шығындар соманың 50% мөлшерінде орташа қайта бөлінген тауарлар;
3) өтеуге ұсынылған құжаттамалық расталған шығындар соманың 30% мөлшерінде төменгі қайта бөлу тауарлары.
Өтініш берушіге өтелетін шығындар сомасы отандық жүк тасымалдаушыларды тартқан кезде осы Қағидалардың 9-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген құжаттамалық расталған шығындар сомасынан 5% - ға ұлғаяды.
Өтініш берушіге өтелетін шығындар сомасы тауарларды Қазақстан Республикасының теңіз порттары арқылы тасымалдау кезінде осы Қағидалардың 9-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген құжатталған расталған шығындар сомасының 5% - на ұлғаяды.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.05.2025 № 162-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген түрлер бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының жанама салықтары (қосылған құн салығы және акциздер) есепке алынбай жүзеге асырылады.
Осы Қағидалардың 9-тармағы 1), 2), 4), 5), 7), 8) тармақшалары мен 10-тармағында 1), 2), 3), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген шығындардың бір бөлігін өтеудің жиынтық мөлшері ағымдағы қаржы (күнтізбе) жылында бір өтініш берушіге 13 000 (он үш мың) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспауы тиіс.
Осы Қағидалардың 9-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген түрдегі шығыстардың бір бөлігін өтеу сомасы бір қаржылық (күнтізбелік) жыл ішінде келіп түскен өтініштер бойынша бір өтініш берушіге 75 000 (жетпіс бес мың) АЕК-тен аспауы керек.
Осы Қағидалардың 9-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген түрлер бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу мөлшері өтінім берілген жылдың алдындағы жылы төленген салықтардың сомасынан аспауға тиіс.
Өтемақы сомасын есептеу кезінде өтініш берілген жылы бекітілген АЕК мәні пайдаланылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 02.08.2024 № 298-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өгеріс енгізілді - ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.05.2025 № 162-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.13. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі. Шетел валюталарында келтірілген шығындарды қайта есептеу өтініш берушінің мәлімделген шығындар бойынша орындалған жұмыстары, қызметтері үшін төлемді аудару күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің валюта бағамдары бойынша жүзеге асырылады.
14. Оператор өтінімдерді қабылдау веб-порталын, өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақытын көрсете отырып, өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыруды республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында және веб-порталда орналастырады.
Өтінімдерді қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында және веб-порталда хабарландыру жарияланғаннан кейін бір айдан кейін аяқталады.
Оларды қабылдау аяқталған күннен кейін келіп түскен өтінімдер өтініш берушіге тиісті хабарлама жіберіле отырып, қабылданбауға жатады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 01.03.2023 № 91-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Өтініш берушілерге қойылатын талаптар, өтінім нысаны және оған қоса берілетін құжаттар мен материалдардың тізбесі оператордың интернет-ресурсында және/немесе веб-порталда орналастырылады.
Өтінім беру мүмкіндігін болдырмайтын веб-порталдағы техникалық ақаулар кезінде Оператор техникалық ақауларды жою кезеңіне өтінімдерді қабылдауды ұзартады және өтінім берушілерге өтінімдерді қайта беру қажеттігі туралы хабарлайды.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 08.12.2022 № 470-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Өтінім беруші осы Қағидалардың 9-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген шығындардың бір бөлігінің өтемін алу үшін өтінім жіберген кезде мынадай растайтын құжаттарды "PDF "(Portable Document Format)" электрондық форматында (Портейбл құжат форматы) қоса береді:
1) өтелетін кезеңге қолданыстағы, бірақ 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекет ететін "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың не индустриялық сертификаттың көшірмесі, не өтелетін кезеңге қолданыстағы қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді көшірмесі;
2) ақы төлеу шығындары оларды өтеу үшін өтінімге енгізілген өтінім беруші мен орындаушы арасында жасалған жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындауға арналған шарттың (шарттардың)көшірмесі (болған кезде);
3) төлем шоттарының (Егер төлем құжаттарында көзделсе), шот-фактуралардың (инвойстың) және/немесе орындалған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер актілерінің көшірмелері, сондай-ақ өтініш берушінің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу фактісін растайтын төлем құжаттары қоса беріледі.
Егер көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының бейрезиденті болса, осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжаттардың орнына қызмет көрсету фактісін растайтын құжаттар ұсынылады.
Өтініш беруші шығындардың түріне байланысты мынадай құжаттарды "PDF "(Portable Document Format)" электрондық форматында (Портейбл құжат форматы) ұсынады:
1) шетелде тауарлар жарнамасына жұмсалған шығындар бойынша:
аудио және/немесе бейнероликтердің көрсетілуін растайтын құжаттардың көшірмелері (жарнаманың шығуын растайтын эфирлік анықтамалар және/немесе кестелер және/немесе қызметті көрсеткен Тараптың мөрімен (бар болса) және қолымен бекітілген өзге де құжаттар);
сканерленген каталогтардың, газеттердің немесе өзге де баспа басылымдарының, мамандандырылған және жарнамалық журналдардың, тауарлар жарнамасы бар каталогтардың (оның ішінде тауар және Өндіруші туралы жарнамалық мақалалардың) түрлі-түсті көшірмелері;
2) көрмелерге, форумдарға, жәрмеңкелерге, конкурстарға, конгресстерге, саммит және конференцияларға, өнімді ілгерілетуге байланысты шетелдік іс-шараларға қатысу шығындары:
осы көрмелерге, форумдарға, жәрмеңкелерге, конкурстарға, Конгресстерге, саммит және конференцияларға (оның ішінде онлайн форматта) іс-шараларға өнімді ілгерілетуге байланысты қатысу үшін қызметкерлерді іссапарға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі.
3) алып тасталды - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 02.08.2024 № 298-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4) шетелде филиал, өкілдік үшін үй-жайды, сауда алаңын, қойманы және сауда сөрелерін жалға алу шығындары бойынша:
филиалды, өкілдікті тіркеу туралы құжаттың көшірмесі (филиалдар мен өкілдіктерді ұстау шығындары бойынша);
5) шетелде және электрондық сауда алаңдарында тауар белгілерін (брендін) тіркеуге байланысты рәсімдерді жүргізуге арналған шығындар бойынша:
тауар белгілерін (брендті) шетелде немесе электрондық сауда алаңдарында тіркеуге байланысты рәсімдерден өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері (тіркеу құжаттары);
6) тауарлардың ұйым стандарттарын қоса алғанда, техникалық регламенттерде, стандарттарда белгіленген талаптарға немесе шарттардың талаптарына сәйкестігін растау рәсімдеріне немесе тауарларды шетелде өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығын растауға байланысты іс-шараларды жүргізуге арналған шығындар, сондай-ақ сертификаттау рәсімінен өту үшін өнімнің сынамалық үлгілерін сынау пунктіне дейін жеткізу кезінде және кері қарай (сертификаттау, аккредиттеу, инспекциялау рәсімінен оң өткен не өтініш берушінің сертификаттау талаптарына сәйкестігін, елдің заңнамасында, шарттардың талаптарында және сертификаттың не растайтын құжаттың болуы):
тауарлардың ұйым стандарттарын қоса алғанда, техникалық регламенттерде, стандарттарда белгіленген талаптарға немесе шетелдегі шарттардың талаптарына сәйкестігі рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері;
үлгілерді сынау бойынша қызметтер көрсетуге арналған Келісімнің немесе шарттың көшірмесі (бар болса);
көлік жүкқұжаттарының көшірмесі (көлік түріне байланысты);
7) алып тасталды - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 02.08.2024 № 298-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8) шетелде өндірістік кәсіпорындарды сертификаттау, аккредиттеу, инспекциялау рәсімдерінен өтуге байланысты шығындар (сертификаттау, аккредиттеу, инспекция рәсімінен оң өткен кезде):
сертификаттау, аккредиттеу, инспекция рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 02.08.2024 № 298-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); 18.07.2025 № 212-НҚ (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2026 № 166-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.17. Өтінім беруші осы Қағидалардың 9-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген шығындардың бір бөлігін өтеуді алу үшін өтінім жіберген кезде мынадай растайтын құжаттарды "PDF (Portable Document Format)" (Портейбл құжат Формат)" электрондық форматында қоса береді:
1) өтелетін кезеңге қолданыстағы, бірақ 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекет ететін "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың не индустриялық сертификаттың көшірмесі, не өтелетін кезеңге қолданыстағы қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді көшірмесі;
2) алып тасталды - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 02.08.2024 № 298-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3) өтініш беруші мен сатып алушы арасында жасалған тауарларды жеткізуге арналған шарттардың көшірмелері;
4) өтінім беруші мен өндіруші арасында жасалған Қазақстанда шығарылған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді іске асыру жөніндегі шарттардың көшірмелері (тек ресми өкілдер (дистрибьюторлар)/трейдерлер/ еншілес компаниялар үшін);
5) орындаушы мен тапсырыс беруші арасында қолымен және мөрімен (бар болса) бекітілген шот-фактуралардың (инвойстардың), орындалған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер актілерінің және өзара есеп айырысуларды салыстыру актілерінің көшірмелері.
Өзара есеп айырысуларды салыстыру актілері болмаған кезде, бірінші басшылардың қолымен және мөрмен бекітілген (қолма-қол ақшамен) төлем құжаттары ұсынылады. өтініш берушінің жұмыстарға, қызметтерге ақы төлеу фактісін растайтын құжаттар, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы есеп және қаржылық есептілік туралы белгіленген заңнамада рәсімделген және шоттардың көшірмелері төлем (егер төлем құжаттарында көзделген болса).
Егер көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан резиденті емес болған жағдайда, көрсетілген құжаттардың орнына осы тармақтың 5) тармақшасында қызмет көрсету фактісін растайтын құжаттар, төлем фактісін растайтын төлем құжаттары өтініш беруші жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және төлем шоттарының көшірмелерін (егер төлем құжаттарында көзделген) ұсынылады.
6) алып тасталды - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 02.08.2024 № 298-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7) орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер актісіне таратып жазу;
8) көлік түріне байланысты келесі құжаттар ұсынылады:
Автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде – халықаралық тауар-көлік жүкқұжаты;
Теміржол көлігімен тасымалдау кезінде – темір жол көлік жүкқұжаты, және де тасымалдау туралы шартқа орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің тізбесі (егер орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер актісінде олар туралы толық ақпарат көрсетілмесе);
әуе көлігімен тасымалдау кезінде – әуе жүк қоймасы;
теңіз көлігімен тасымалдау кезінде – коносамент немесе теңіз жүкқұжаты.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 01.03.2023 № 91-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 02.08.2024 № 298-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); 20.05.2025 № 162-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.07.2025 № 212-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2026 № 166-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.18. Өтінім беруші осы Қағидалардың 10 – тармағында көрсетілген шығындардың бір бөлігін өтеуді алу үшін өтінім жіберген кезде мынадай растайтын құжаттарды "PDF" (Portable Document Format)" (Портейбл құжат форматы)" электрондық форматында қоса береді:
1) ақпараттық-консультациялық қызмет көрсету құқығын растайтын құжаттың көшірмесі (қазақстандық тауар өндірушінің тізілімінен үзінді көшірме);
2) ақы төлеу шығындары оларды өтеу үшін өтінімге енгізілген өтінім беруші мен орындаушы арасында жасалған жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындауға арналған шарттың (шарттардың)көшірмесі (болған кезде);
3) төлем шоттарының (егер төлем құжаттарында көзделсе), шот-фактуралардың (инвойстың) және орындалған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер актілерінің көшірмелері, сондай-ақ өтініш берушінің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу фактісін растайтын төлем құжаттары қоса беріледі.
Егер көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының бейрезиденті болса, осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжаттардың орнына қызмет көрсету фактісін растайтын құжаттар ұсынылады.
Өтініш беруші шығындардың түріне байланысты "PDF "(Portable Document Format)" электрондық форматында (Портейбл құжат форматы) ұсынылады:
1) шетелде АКҚ жарнамасына арналған шығындар бойынша:
аудио және/немесе бейнероликтердің көрсетілуін растайтын құжаттардың көшірмелері (жарнаманың шығуын растайтын эфирлік анықтамалар және/немесе кестелер және/немесе қызметті көрсеткен Тараптың мөрімен (бар болса) және қолымен бекітілген өзге де құжаттар);
сканерленген каталогтардың, газеттердің немесе өзге де баспа басылымдарының, мамандандырылған және жарнамалық журналдардың, АКҚ жарнамасы бар каталогтардың (оның ішінде АКҚ және Өндіруші туралы жарнамалық мақалалардың) түрлі-түсті көшірмелері;
2) көрмелерге, форумдарға, жәрмеңкелерге, конкурстарға, конгресстерге, саммит және конференцияларға, өнімді ілгерілетуге байланысты шетелдік іс-шараларға қатысу шығындары бойынша (оның ішінде онлайн форматта:
көрмелерді, форумдарды, жәрмеңкелерді, конкурстарды, конгресстерді , саммит және конференцияларға, тауарларды ілгерілетуге байланысты шетелдік іс-шараларға қатысу үшін қызметкерлерді іссапарға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі (оның ішінде онлайн форматта).
3) алып тасталды - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 02.08.2024 № 298-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4) шетелде филиал, өкілдік үшін үй-жайды, сауда алаңын, қойманы және сауда сөрелерін жалға алу шығындары бойынша:
филиалды, өкілдікті тіркеу туралы құжаттың көшірмесі (филиалдар мен өкілдіктерді ұстау шығындары бойынша);
5) шетелдік сертификаттаудан, аккредиттеуден, инспекциядан өтуге байланысты, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етуге авторлық құқықтарды, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің патенттерін алуға байланысты шығындар (сертификаттау, аккредиттеу, инспекция рәсімінен немесе авторлық құқықтарды, патенттерді алуға байланысты рәсімдерден оң өткен жағдайда):
шетелдік сертификаттау, аккредиттеу, инспекция рәсімдерінен өткенін, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етуге авторлық құқықтарды, патенттерді алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;
6) әлеуетті сатып алушылар үшін шетелде Қазақстанда шығарылған цифрлық көрсетілетін қызметтерді көрсетуді және цифрлық технологиялар саласындағы әзірлемелерді ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шығындар:
әлеуетті сатып алушылар үшін шетелде Қазақстанда шығарылған цифрлық қызметтер көрсетуді және цифрлық технологиялар саласындағы әзірлемелерді ұйымдастыруды және өткізуді растайтын құжаттардың көшірмелері.
Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 02.08.2024 № 298-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.07.2025 № 212-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2026 № 166-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.19. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар қазақ және/немесе орыс тілдерінде ресімделеді.
Егер ұсынылған құжаттар шет тілінде болса, онда өтініш беруші олардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасын қамтамасыз етеді.
Өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда өшірулердің, қосып жазулардың, сызылған сөздердің және өзге де келісілмеген түзетулердің болуына жол берілмейді.
20. Өтініш берушілердің өтінімдерін қарауға жол беріледі:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) кемінде 6 белгісі деңгейіндегі тауар позицияларына сәйкес келетін және өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін тізбесіне енгізілген өнімді өткізуді жүзеге асыратын, сондай-ақ осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген шығындар бойынша Қазақстанда шығарылған цифрлық қызметтер экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) бойынша кемінде 4 белгі деңгейінде "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Қазақстанда шығарылған цифрлық қызметтердің тізбесіне сәйкес көрсетіледі;
2) өз тауарларын және Қазақстанда шығарылған цифрлық қызметтерді ілгерілету бойынша шығындар туралы мәліметтерді қамтитын, олар:
осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген шығындар түрлеріне жатады;
өтінім беруші осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген шығындар түрлері бойынша өтінім берген жылдың алдындағы жылы шеккен.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 02.08.2024 № 298-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.05.2025 № 162-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.07.2025 № 212-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2026 № 166-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.21. Оператор өтінімдерді қабылдағаннан және тіркегеннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды және өтінімнің түйіндемесін дайындайды. Шығындар бөлігінің өтемін алуға арналған өтінімнің түйіндемесі Оператордың бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Заңды тұлғаны, кәсіпкерлік субъектісінің санатын мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу туралы, өтініш берушінің берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді Оператор осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне өтінімді қарау кезеңінде тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Мемлекеттік цифрлық жүйелерде қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, сондай-ақ келтірілген шығындарды растау үшін Оператор өтініш берушіден және тиісті мемлекеттік органдардан растайтын құжаттарды сұратады.
Оператор тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жіберген кезде өтінімді қарау кезеңі тиісті мемлекеттік органның жауабын алған кезге дейін (өтініш берушіні жазбаша хабардар ете отырып) күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 08.12.2022 № 470-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2026 № 166-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.22. Өтінім мен ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына толық және сәйкес келмеген, сондай-ақ өтініш беруші жасалған келісім/келісімдер бойынша 2 (екі) жыл ішінде өнімді сатудан және қызмет көрсетуден түскен валюталық түсім кірістерінің көлемін кемінде 10% - ға ұлғайту бөлігінде қабылданған қарсы міндеттемелерді бұзған жағдайда Оператор 15 (он бес) жұмыс күннен кешіктірмей веб-портал арқылы өтініш берушіге, сондай-ақ өтініш берушінің электрондық поштасына тиісті ескертулер жібереді.
Жаңадан ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына толық және сәйкес келмеген жағдайда Оператор 30 (отыз) жұмыс күннен кешіктірмей веб-портал арқылы, сондай-ақ өтініш берушінің электрондық поштасына қайта хабарлама жібереді.
Оператор өтінімді қараусыз қалдырады, ол туралы веб-портал арқылы, сондай-ақ өтініш берушінің электрондық поштасына, егер:
1) ағымдағы қаржы (күнтізбелік) жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты толық көлемде игерілген;
2) мәлімделген шығындар сомасы осы Қағидалардың 9-тармақта 1), 2), 4), 5), 7), 8) тармақшаларда және 10-тармағы 1) 2), 3), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген түрлер бойынша бір қаржы (күнтізбелік) жылы келіп түскен өтінімдер бойынша бір өтініш берушіге 13 000 (он үш мың) АЕК сомасынан асады ;
3) мәлімделген шығындар сомасы осы Қағидалардың 9-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген түрі бойынша бір қаржы (күнтізбелік) жылы келіп түскен өтінімдер бойынша бір өтініш берушіге 75 000 (жетпіс бес мың) АЕК сомасынан асады;
4) осы Қағидалардың 9-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген түрі бойынша бір өтініш берушіден бір қаржы (күнтізбелік) жылы келіп түскен өтінімдер бойынша мәлімделген шығындардың сомасы өтінім берілген жылдың алдындағы жылы төленген салықтардың сомасынан асады;
5) жүйенің жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының базалық талаптарға сәйкес келмеуін анықтау.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 02.08.2024 № 298-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.05.2025 № 162-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2026 № 166-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.23. Өтініш беруші ескертулерді алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде оларды жояды.
Егер өтінім беруші жіберілген ескертулерді белгіленген мерзімде жоймаса, өтінім күші жойылды деп есептеледі. Одан әрі қарау үшін жаңа өтінім береді.
24. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР АӨК) 73-бабына сәйкес Оператор өтінімді қарау мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тартады және өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) көрсетілген хабарламаны өтініш берушіге жібереді Оператор өтінімнің және ол бойынша мәлімделген шығындар сомасының осы Қағидалардың талаптарына толық көлемде сәйкес келмеуі туралы. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Бұл ретте Оператор өтінім және ол бойынша мәлімделген шығындар сомасы осы Қағидалардың талаптарына толық көлемде немесе оның бір бөлігінде сәйкес келген жағдайда тыңдауды жүргізбейді және өтініш берушінің шығындарының тиісті бөлігін өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 02.08.2024 № 298-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Оператор шығындардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде өтініш берушімен келісім жасасады.
Өтініш беруші көрсетілген мерзім ішінде келісімге қол қоюдан немесе қол қоймаудан бас тартқан кезде оператор шығындардың бір бөлігін өтеуді өтініш берушіге жүргізбейді.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.05.2025 № 162-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Өтініш беруші мемлекеттік аудит органдарына олар туралы банктік құпия болып табылатын мәліметтерді беруге келісім береді. Бұл ретте ұсынылатын мәліметтер бюджет қаражатының жұмсалуын тексеру бойынша мемлекеттік аудит жүргізу мақсаттары шегінде шектелетін болады.
27. Осы Қағидаларда көзделген өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының тиімділігін айқындау үшін Оператор келісім жасалған күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынған деректердің және (немесе) өтініш беруші ұсынған ақпараттың негізінде олардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді, ол мыналарды қамтиды:
1) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асырудағы проблемаларды анықтау жөнінде талдамалық анықтама дайындау;
2) Осы Қағидалар шеңберінде мемлекеттік қолдау алған өтініш берушінің қарсы міндеттемелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі ақпарат жиынтығы.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 08.12.2022 № 470-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2026 № 166-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.27-1. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын және оларды алушыларды пайдалану мониторингін тіркеуші жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі шеңберінде жүзеге асырады, оған мыналар кіреді:
1) бірінші деңгей – осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген бірінші деңгейдегі жүйе;
2) екінші деңгей – осы Қағидалардың 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген веб-портал.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі арқылы жүргізілген мониторинг қорытындылары кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.
Ескерту. 2-тарау 27-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2026 № 166-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Өңдеу өнеркәсібінің қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу кезінде қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өтініш берушілер тараптар жасасқан келісім шеңберінде Заңның 27-бабында көзделген қарсы міндеттемелерді қабылдайды.
Өтініш берушілер қарсы міндеттемелерді орындамаған жағдайда, олар қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ цифрлық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу шеңберінде алған ақша қаражаты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы №298 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28281 болып тіркелген) Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларда көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарсы міндеттемелерінің орындалуы мен базалық мөлшерлемесінің қол жеткізілген деңгейі ескеріле отырып қайтарылуға жатады.
Ескерту. 28-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 08.12.2022 № 470-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2026 № 166-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуді алуға өтінім
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2026 № 166-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Кімге:___________________________________________________________________________
(Оператордың атауы)
Кімнен:__________________________________________________________
(ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып, өтініш берушінің толық атауы)
Мемлекеттік тіркеу / қайта тіркеу
________________________________________________________________________
(дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы куәліктің
/анықтаманың/хабарламаның №, кім және қашан берді)
Нақты мекенжайы:______________________________________________________________________
БСН / ЖСН: ____________________________________________________________________________
Сала атауы: ____________________________________________________________________________
Қызмет түрі:_____________________________________________________________________________
Қызметкерлер саны:______________________________________________________________________
Кәсіпкерлік субъектісінің санаты: ______________________________________
(шағын/орта/ірі кәсіпорын)
Өндірістік қуаты, ұлғайту мүмкіндігі:___________________________
(өлшем бірлігін міндетті түрде көрсету керек)
*Өндіруші: ______ Тауар:_______ Тауар көлемі: ________________________________________________________*
(Трейдер толтырады)
Өтінім берілген күннің алдындағы жарты жылдағы нақты валюталық түсімнің көлемі
(ЕДБ анықтамасына сәйкес) ___________________ теңге/шетел валютасы.
Өндірістің нақты жүктелуі:____________________________________
(пайызбен)
Басшы:____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, телефон нөмірі)
Өтеуге өтінімді толтырған байланыс жасаушы тұлға:
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы, электрондық мекенжайы, телефон, факс
нөмірлері)
Өткізілетін Қазақстанда шығарылған өңдеу өнеркәсібі тауарлары және/немесе
ұсынылатын Қазақстанда шығарылған ЦҚ туралы
мәліметтер:________________________________________________________________
ЕАЭО СЭҚ БТН 6 және одан да көп белгілері деңгейінде тауар позициясын
және/немесе ЭҚТЖЖ 4 белгісінен кем емес деңгейде ЦҚ көрсете отырып, тауарлардың
атауы: ____________________________________________________________________
Р/с | Тауардың шығарылған елін куәландыратын құжат |
Р/с | Акционерлер/Өтініш берушінің қатысушылары | |||||||
Құжаттың атауы | № | Берілген күні | Қолданылу мерзімі | Тауардың атауы | СЭҚ ТН және/ немесе ЭҚТЖ коды | СЭҚ ТН коды көрсетілген тауардың атауы/ ЭҚТЖЖ кодымен ЦҚ | Акционердің/қатысушының атауы | Қатысу үлесі (пайыздық арақатынасты көрсету) | ||
1 | ||||||||||
Кестенің жалғасы
№ р/с | Шарт | Орындалған жұмыстардың /көрсетілген қызметтердің актілері | Шот-фактура | Төлем тапсырмасы | Төлеуге арналған шот | Валюталау күнгі ҚР ҰБ бағамы | Өтініш беруші мәлімдеген шығындар (құжаттар бойынша өтінімдер) | |||||||||||||||||||||||||||||
№ | Күні | Сомасы | № | Күні | Сомасы | № | Күні | Сомасы | № | Күні | Сомасы | № | Күні | Сомасы | ҚҚС-сыз және ҚР акциздері | |||||||||||||||||||||
Шетелде тауарларды /ЦҚ жарнамалауға байланысты шығындар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Көрмелерді, форумдарды, жәрмеңкелерді, конкурстарды, конгресстерді, саммиттерді және конференцияларды қоса алғанда (оның ішінде онлайн форматта), тауарды ілгерілетуге байланысты шетелдік іс-шараларға тікелей қатысу шығындары: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Шетелде филиалдарды, өкілдіктерді, сауда алаңдарын, қоймалар мен сауда сөрелерін ұстауға арналған шығындар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Шетелде электрондық сауда алаңдарында тауар белгілерін (брендін) тіркеуге байланысты рәсімдерді жүргізу шығындары: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Шетелдік сертификаттаудан, аккредиттеуден, инспекциядан өтуге не өтініш берушінің Сатып алушы елдің заңнамасында белгіленген талаптарға, шарттардың талаптарына сәйкестігіне байланысты шығындар (сертификаттау, аккредиттеу, инспекция рәсімінен оң өту не өтініш берушінің Сатып алушы елдің заңнамасында белгіленген талаптарға, шарттардың талаптарына сәйкестігін растау және сертификаттың не растайтын құжаттың болуы кезінде) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұйымның стандарттарын қоса алғанда, техникалық регламенттерде, стандарттарда белгіленген талаптарға тауарлардың сәйкестігін бағалау рәсімдеріне немесе шарттардың талаптарына немесе тауарларды шетелде өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығын растауға байланысты іс-шараларды жүргізу шығындары (сәйкестікті бағалау туралы құжаттар), сондай-ақ сәйкестікті бағалау рәсімінен өту үшін сынақ пунктіне дейін және өнімнің сынама үлгілерін кері жеткізу кезінде жұмсалған шығындар (рәсімдерден оң өткен және сәйкестікті бағалау туралы құжат болған кезде); | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Шетелдік сертификаттаудан, аккредиттеуден, инспекциядан өтуге байланысты шығындар (сертификаттау, аккредиттеу, инспекция рәсімінен оң өткен және сертификат не растайтын құжат болған кезде): | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуетті сатып алушылар үшін цифрлық технологиялар саласындағы Қазақстанда шығарылған цифрлық қызметтер мен әзірлемелерді шетелде көрсетуді ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шығындар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тауарларды жеткізуді ұйымдастыруға және автомобиль, теміржол, әуе, теңіз көлігімен тасымалдау жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге байланысты шығындар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Орындалған жұмыстар / көрсетілген қызметтер актісі | Шот-фактура / Инвойс | Өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісі/Төлем тапсырмасы | Көлік жүк құжаттарының көшірмелері (көлік түріне байланысты) | Өтінім беруші мен сатып алушы арасында жасалған жеткізу шарты | Валюталау күніне ҚР ҰБ бағамы | ҚР ҚҚС-сыз және акциздерсіз мәлімделген шығындар | ||||||||||||||||||||||||||||||
№ | күні | сомасы | № | айналым күні | сомасы | № | күні | сомасы | № | күні | вагон нөмірі / мемлекеттік нөмірі және автомобиль маркасы / және басқалар. | экспорттық бағыт (экспорт елі) | ОЖА- ға таратып жазуға сәйкес сома | № | күні | |||||||||||||||||||||
1 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
*Жоғарыда келтірілген кестелерді толтыру кезінде ұяшықтарды біріктіруге және жоюға жол берілмейді
1. Шығындардың бір бөлігін өтеуге мәлімделген жалпы сома:
__________________________________________________
теңге (сомасы
сандармен және жазумен)
2. Осы өтініммен Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, ақпараттың, бастапқы деректердің, есеп айырысулардың, негіздемелердің дұрыстығы үшін, сондай-ақ өтеуге мәлімделген шығындардың бұрын Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасында көзделген ағымдағы немесе өзге де мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен өтелмегені, қаржыландырылмайтыны және қаржыландырылмағаны үшін жауапкершілікті өзіне алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығымен бекітілген қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ Қазақстанда шығарылған цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу Қағидаларының 4-тармағына сәйкес келеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28994 болып тіркелген).
Басшы: ______________________________________________
Өтінім берілген күні _____________________________________
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ҚР ҚҚС – Қазақстан Республикасының қосылған құн салығы;
ЕАЭО СЭҚ БТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;
ОЖА – Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер актісі);
ЭҚТЖЖ – Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші;
ҚР ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
PDF (Portable Document Format) – PFD (портативті құжат форматы);
СЭҚ ТН – сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы;
ЦҚ – цифрлық қызметтер;
| Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ Бұйрыққа 4-қосымша |
Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. "Отандық өңделген тауарларды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, отандық өңделген тауарлардың, сондай-ақ оларды ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12730 болып тіркелген).
2. "Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, оларды ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 179 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18455 болып тіркелген).
3. "Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, оларды ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 463 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18973 болып тіркелген).
4. "Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, оларды ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 16 қазандағы № 67 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19481 болып тіркелген).
5. "Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, оларды ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 208-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21244 болып тіркелген).
6. "Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, оларды ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 26 қарашадағы № 611-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25549 болып тіркелген).
