ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28994 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы.";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін қазақстандық ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер тізбесі бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Отандық өңделген тауарларды және көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша қабылданған халықаралық міндеттемелер аясында өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары.";
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде Қазақстанда шығарылған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері – өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын не өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарларын, жұмыстарын және көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, жай серіктестіктер;";
3 тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Шығындардың бір бөлігін өтеу қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісіне (не оның еншілес компаниясына, өндірілген өнімді өткізетін ресми өкілге (дистрибьюторға/трейдерге) немесе ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсететіндерге (бұдан әрі – өтініш беруші) осы мақсаттарға республикалық бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.";
4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, қазақстандық шығарылған әскери және аэроғарыштық мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), тауарларды (өнімдерді)өндірушілерді қоспағанда) тікелей немесе жанама тиесілі өтініш берушілер өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын пайдаланбайды QazVac препаратын өндірушілердің, кәсіпкерлердің, қазақстандық тектес қос мақсаттағы (қолданылатын), мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған), өздеріне қатысты соттың оларды банкрот деп тану, банкроттық рәсімін қозғамай тарату және оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген өтініш берушілер, сондай-ақ соңғы екі жыл ішінде еңбекақы төлеу қорының кемінде 10% - ы мөлшерінде өсуіне қол жеткізбеген өтініш берушілер мемлекеттік қолдау шарасын алуға өтінім берген жылы.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) келісім жасасады (екіжақты не/немесе үшжақты), сондай-ақ өтініш берушіге тараптар жасасқан келісімнің талаптарын бұзған жағдайда, қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу шеңберінде берілген ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз етеді;";
3-1) және 3-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1) қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде, осы Қағидаларға сәйкес өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша уәкілетті органға қызметтер көрсетеді;
3-2) қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде, осы Қағидаларға сәйкес өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері қабылдайтын қарсы міндеттемелердің мониторингін жүзеге асырады.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде Қазақстанда шығарылған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі.".
9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Өтініш берушінің өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарларын ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу мынадай түрлер бойынша жүргізіледі:".
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Өтініш берушінің Қазақстанда шығарылған ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді (бұдан әрі – АКҚ) ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу мынадай түрлер бойынша жүргізіледі:";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) әлеуетті сатып алушылар үшін шетелде Қазақстанда шығарылған ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді көрсетуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы әзірлемелерді ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шығындар.";
16-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) өтелетін кезеңге қолданалатын қазақстандық тауар өндірушінің тізілімінен үзінді көшірме;";
бірінші бөлікте:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) өтелетін кезеңге қолданалатын қазақстандық тауар өндірушінің тізілімінен үзінді көшірме;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) өтінім беруші мен өндіруші арасында жасалған Қазақстанда шығарылған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді іске асыру жөніндегі шарттардың көшірмелері (тек ресми өкілдер (дистрибьюторлар)/трейдерлер/ еншілес компаниялар үшін);";
бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ақпараттық-консультациялық қызмет көрсету құқығын растайтын құжаттың көшірмесі (қазақстандық тауар өндірушінің тізілімінен үзінді көшірме);";
төртінші бөлікте:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) әлеуетті сатып алушылар үшін шетелде Қазақстанда шығарылған ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді көрсетуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы әзірлемелерді ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шығындар:
әлеуетті сатып алушылар үшін шетелде Қазақстанда шығарылған ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсетуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы әзірлемелерді ұйымдастыруды және өткізуді растайтын құжаттардың көшірмелері.";
20-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) кемінде 6 белгісі деңгейіндегі тауар позицияларына осы бұйрықтың 2-қосымшасына сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне сәйкес келетін өнімді, сондай-ақ осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген АКҚ отандық ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарыққа ілгерілету бойынша шығындар осы бұйрыққа 3-қосымшаға Қазақстанда шығарылған ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарыққа ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін тізбесіне сәйкес экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі - ЭҚЖЖ) бойынша кемінде 4 белгісі деңгейінде ұсынылатын;";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу кезінде өтініш берушілер тараптар жасасқан келісім шеңберінде қарсы міндеттемелерді Заңның 27-бабына сәйкес қабылдайды.
Өтініш берушілер қарсы міндеттемелерді орындамаған жағдайда, олар қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу шеңберінде алған ақша қаражаты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы №298 бұйрығымен бекітілген Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларда көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарсы міндеттемелерінің орындалуы мен базалық мөлшерлемесінің қол жеткізілген деңгейі ескеріле отырып қайтарылуға жатады.";
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесі";
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін қазақстандық ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер тізбесі".
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық, 2026 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының отыз үшінші – отыз сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы |
А. Бижанова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министірлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Нысан
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуді алуға өтінім
Кімге: ______________________________________________________ (Оператордың атауы)
Кімнен:_____________________________________________________ (ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып, өтініш берушінің толық атауы)
Мемлекеттік тіркеу / қайта тіркеу
________________________________________________________________________________
(дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы куәліктің /анықтаманың/хабарламаның
№, кім және қашан берді)
Нақты мекенжайы: ______________________________________________________________
БСН / ЖСН: ____________________________________________________________________
Сала атауы: ____________________________________________________________________
Қызмет түрі:___________________________________________________________________
Қызметкерлер саны:____________________________________________________________
Кәсіпкерлік субъектісінің санаты: _________________________ (шағын/орта/ірі кәсіпорын)
Өндірістік қуаты, ұлғайту мүмкіндігі:______________________ (өлшем бірлігін міндетті түрде көрсету керек)
*Өндіруші: ______ Тауар:_______ Тауар көлемі: ____________________________________
* (Трейдер толтырады)
Өтінім берілген күннің алдындағы жарты жылдағы нақты валюталық түсімнің көлемі
(ЕДБ анықтамасына сәйкес) ___________________ теңге/шетел валютасы.
Өндірістің нақты жүктелуі:____________________________________ (пайызбен)
Басшы: ________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, телефон нөмірі)
Өтеуге өтінімді толтырған байланыс жасаушы тұлға:
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы, электрондық мекенжайы, телефон, факс нөмірлері)
Өткізілетін Қазақстанда шығарылған өңдеу өнеркәсібі тауарлары және/немесе ұсынылатын
Қазақстанда шығарылған АКҚ туралы мәліметтер:____________________________________
ЕАЭО СЭҚ БТН 6 және одан да көп белгілері деңгейінде тауар позициясын және/немесе ЭҚТЖЖ 4 белгісінен кем емес деңгейде АКҚ көрсете
отырып, тауарлардың атауы:
________________________________________________________________________________
Р/с | Тауардың шығарылған елін куәландыратын құжат |
Р/с | Акционерлер/Өтініш берушінің қатысушылары | |||||||
Құжаттың атауы | № | Берілген күні | Қолданылу мерзімі | Тауардың атауы | СЭҚ ТН және/ немесе ЭҚТЖ коды | СЭҚ ТН коды көрсетілген тауардың атауы/ ЭҚТЖЖ кодымен АКҚ | Акционердің/қатысушының атауы | Қатысу үлесі (пайыздық арақатынасты көрсету) | ||
1 |
Кестенің жалғасы
№ р/с | Шарт | Орындалған жұмыстардың /көрсетілген қызметтердің актілері | Шот-фактура | Төлем тапсырмасы | Төлеуге арналған шот | Валюталау күнгі ҚР ҰБ бағамы | Өтініш беруші мәлімдеген шығындар (құжаттар бойынша өтінімдер) | ||||||||||||||||||||||||||||
№ | Күні | Сомасы | № | Күні | Сомасы | № | Күні | Сомасы | № | Күні | Сомасы | № | Күні | Сомасы | ҚҚС-сыз және ҚР акциздері | ||||||||||||||||||||
Шетелде тауарларды /АКҚ жарнамалауға байланысты шығындар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Көрмелерді, форумдарды, жәрмеңкелерді, конкурстарды, конгресстерді, саммиттерді және конференцияларды қоса алғанда (оның ішінде онлайн форматта), тауарды ілгерілетуге байланысты шетелдік іс-шараларға тікелей қатысу шығындары: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Шетелде филиалдарды, өкілдіктерді, сауда алаңдарын, қоймалар мен сауда сөрелерін ұстауға арналған шығындар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Шетелде электрондық сауда алаңдарында тауар белгілерін (брендін) тіркеуге байланысты рәсімдерді жүргізу шығындары: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Шетелдік сертификаттаудан, аккредиттеуден, инспекциядан өтуге не өтініш берушінің Сатып алушы елдің заңнамасында белгіленген талаптарға, шарттардың талаптарына сәйкестігіне байланысты шығындар (сертификаттау, аккредиттеу, инспекция рәсімінен оң өту не өтініш берушінің Сатып алушы елдің заңнамасында белгіленген талаптарға, шарттардың талаптарына сәйкестігін растау және сертификаттың не растайтын құжаттың болуы кезінде) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұйымның стандарттарын қоса алғанда, техникалық регламенттерде, стандарттарда белгіленген талаптарға тауарлардың сәйкестігін бағалау рәсімдеріне немесе шарттардың талаптарына немесе тауарларды шетелде өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығын растауға байланысты іс-шараларды жүргізу шығындары (сәйкестікті бағалау туралы құжаттар), сондай-ақ сәйкестікті бағалау рәсімінен өту үшін сынақ пунктіне дейін және өнімнің сынама үлгілерін кері жеткізу кезінде жұмсалған шығындар (рәсімдерден оң өткен және сәйкестікті бағалау туралы құжат болған кезде); | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Шетелдік сертификаттаудан, аккредиттеуден, инспекциядан өтуге байланысты шығындар (сертификаттау, аккредиттеу, инспекция рәсімінен оң өткен және сертификат не растайтын құжат болған кезде): | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуетті сатып алушылар үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы Қазақстанда шығарылған ақпараттық-коммуникациялық қызметтер мен әзірлемелерді шетелде көрсетуді ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шығындар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тауарларды жеткізуді ұйымдастыруға және автомобиль, теміржол, әуе, теңіз көлігімен тасымалдау жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге байланысты шығындар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Орындалған жұмыстар / көрсетілген қызметтер актісі | Шот-фактура / Инвойс | Өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісі/Төлем тапсырмасы | Көлік жүк құжаттарының көшірмелері (көлік түріне байланысты) | Өтінім беруші мен сатып алушы арасында жасалған жеткізу шарты | Валюталау күніне ҚР ҰБ бағамы | ҚР ҚҚС-сыз және акциздерсіз мәлімделген шығындар | |||||||||||||||||||||||||||||
№ | күні | сомасы | № | айналым күні | сомасы | № | күні | сомасы | № | күні | вагон нөмірі / мемлекеттік нөмірі және автомобиль маркасы / және басқалар. | экспорттық бағыт (экспорт елі) | ОЖА- ға таратып жазуға сәйкес сома | № | күні | ||||||||||||||||||||
1 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 |
*Жоғарыда келтірілген кестелерді толтыру кезінде ұяшықтарды біріктіруге және жоюға жол берілмейді
1. Шығындардың бір бөлігін өтеуге мәлімделген жалпы сома: __________________________________________________ теңге (сомасы сандармен және жазумен)
2. Осы өтініммен Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, ақпараттың, бастапқы деректердің, есеп айырысулардың, негіздемелердің анықтығы үшін, сондай-ақ өтеуге мәлімделген шығындардың бұрын Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасында көзделген ағымдағы немесе өзге де мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен өтелмегені, қаржыландырылмайтыны және қаржыландырылмағаны үшін жауапкершілікті өзіне алады, сондай-ақ "Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығымен бекітілген Отандық өңделген тауарларды және көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша қабылданған халықаралық міндеттемелер аясында өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларының 4-тармағына сәйкес келеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28994 болып тіркелген).
Басшы: ______________________________________________
Өтінім берілген күні _____________________________________
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ҚР ҚҚС – Қазақстан Республикасының қосылған құн салығы;
ЕАЭО СЭҚ БТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;
ОЖА – Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер актісі);
ЭҚТЖЖ – Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші;
ҚР ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
PDF (Portable Document Format) – PFD (портативті құжат форматы);
СЭҚ ТН – сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы;
АКҚ – ақпараттық-коммуникациялық қызметтер;