"Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 87 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 25 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 9 сәуірде № 38375 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 87 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36761 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарында:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. "Астана" халықаралық қаржы орталығының тәуелсіз директорларын іріктеу "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:

      "2-1-тарау. Бейрезидент болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтің директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директорларды іріктеу

      17-1. Жалғыз акционер (оның өкілі) және (немесе) ұлттық басқарушы холдинг Жалғыз акционердің тапсырмасы бойынша Жалғыз акционер белгілеген біліктілік талаптарына сәйкес келетін бейрезидент болып табылатын тәуелсіз директорларға кандидаттарды іздестіруді және іріктеуді жүргізеді.

      Кандидаттарды іздеу акционердің не ұлттық басқарушы холдингтің ресми платформасында тәуелсіз директорларды іріктеу бойынша ашық конкурс туралы ақпаратты жариялау арқылы жүзеге асырылады.

      17-2. Тәуелсіз директор лауазымына орналасуға кандидаттарды іріктеуге қатысқысы келетін адамдар мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес келісім-өтініш;

      2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке куәлігінің немесе паспортының) көшірмесі;

      3) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес кандидат туралы мәліметтер;

      4) кандидаттың түйіндемесі.

      17-3. Құжаттар ағылшын тілінде ұсынылады (қазақ және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармаларды қоса бере отырып немесе осы құжаттардың аудармасын ұлттық басқарушы холдингтің жұмыскерлері жүзеге асырады).

      17-4. Жалғыз акционердің құрылымдық бөлімшесі немесе ұлттық басқарушы холдингтің Корпоративтік хатшы қызметі кандидаттар ұсынған құжаттардың ресімделуінің толықтығы мен дұрыстығына тексеруді жүзеге асырады.

      17-5. Тәуелсіз директор лауазымына кандидаттар бойынша шешімді Жалғыз акционердің іріктеу комитеті әңгімелесу және құжаттарды қараудан кейін Жалғыз акционер белгіленген тәртіппен және мерзімде қабылдайды.

      Әңгімелесу және кандидаттарды бағалау нәтижелерін қарау қорытындылары бойынша Жалғыз акционер мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жарияланатын хаттамаға қол қояды.

      17-6. Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау туралы ақпарат қаржылық есептілік депозитарийі мен қор биржасының интернет-ресурстарында жарияланады.

      17-7. Директорлар кеңесінің жекелеген мүшелерін немесе оның толық құрамын жаңа мерзімге қайта сайлау кезінде олардың Директорлар кеңесі қызметінің тиімділігіне қосқан үлесі назарға алынады.

      17-8. Ешбір адам өзінің тағайындалуына, өкілеттігін тоқтатуына, сайлануына және (немесе) қайта сайлануына байланысты шешімдер қабылдауға қатыспайды.".

      Осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 4 және 5-қосымшалармен толықтырылсын.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне сыйақы төлеу және шығыстарды өтеу деңгейін айқындаудың үлгілік қағидаларына:

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. "Астана" халықаралық қаржы орталығының директорлар кеңесі мүшелерінің жылдық сыйақы сомасы "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырылады.".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталында мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелігіне мемлекет ұсынатын кандидаттарға қойылатын ең төмен талаптарда:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. "Астана" халықаралық қаржы орталығының директорлар кеңесінің мүшелігіне кандидаттарға қойылатын ең төмен талаптар "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2026 жылғы 9 сәуірдегі
№ 25
Бұйрыққа 1-қосымша
Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы
қорын қоспағанда,
мемлекет жүз пайыз қатысатын
акционерлік қоғамдардың
(жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің) директорлар
кеңесінің (байқау кеңесінің)
құрамына тәуелсіз директорларды
(тәуелсіз мүшелерді) іріктеу қағидалары
мен өлшемшарттарына
  4-қосымша

ӨТІНІШ-КЕЛІСІМ

      Осымен мені Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде сайлауға келісімімді растаймын.

      Директорлар кеңесі мүшесінің міндетін толық көлемде атқаруға қарсы емеспін, мен құрамына сайланған Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің отырысына материалдарды зерделеуге, мен құрамына сайланған Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің жұмысына қатысуға, оның ішінде қажет болған жағдайда, оның көшпелі отырыстарына қатысуға, сондай-ақ тиісті шешімдер қабылдауға жеткілікті уақыт бөлуге дайынмын.

      Бұдан басқа Директорлар кеңесі мүшесінің міндеттерін орындағаны үшін сыйақы алуды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына және корпоративтік басқару саласындағы үздік халықаралық стандарттар мен практикаға сәйкес өзара қарым-қатынастарға қандай да бір жеке материалдық мүдделілікті қоса алғанда, менде тікелей немесе ықтимал мүдделер қақтығысы жоқ екенін растаймын.

      (қолы)                         Т.А.Ә. (бар болса)

      Күні

  Бұйрыққа 2-қосымша
Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорын
қоспағанда, мемлекет жүз пайыз
қатысатын акционерлік қоғамдардың
(жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің) директорлар
кеңесінің (байқау кеңесінің)
құрамына тәуелсіз директорларды
(тәуелсіз мүшелерді) іріктеу қағидалары
мен өлшемшарттарына
5-қосымша
Кандидаттың
  фотосы

Тәуелсіз директор лауазымына кандидат туралы мәліметтер

      1. Жалпы мәліметтер:

Тегі,
аты, әкесінің аты



(жеке куәлікке (паспортқа) толық сәйкестікте)

Туған күні мен орны)


Тұрақты тұрғылықты жері, телефон нөмірлері




Азаматтығы


Паспорттың толық деректемелері


      2. Үлестестігі туралы мәліметтер:

      Жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы, ағасы, әпкесі, балалары), сондай-ақ жекжаттары (ағасы, әпкесі, ата-анасы, жұбайының (зайыбының) балалары) туралы мәліметтер):

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған күні, айы, жылы

Туыстық қатынастар

Жұмыс орны мен лауазымы

1





2





3





      Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысу немесе заңды тұлғаны бақылауды жүзеге асыру:

Атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Қатысу сомасы және үлесі

1




2




3




      3. Кәсіби деректер:

Білімі, оның ішінде жұмыс бейініне сәйкес келетін кәсіптік білім



(оқу орнының, факультеттің немесе бөлімшенің атауы мен орналасқан жерін, оқу кезеңін, берілген біліктілікті, білім туралы дипломның деректемелерін көрсету)

Қосымша білім, оның ішінде жұмыс істейтін салада біліктілікті арттыру курстары, ғылыми дәрежелер



(оқу орнының атауы мен орналасқан жерін, оқу кезеңін, білім туралы дипломның, сертификаттың, куәліктің деректемелерін көрсету)

Қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну және (немесе) реттеу саласындағы жұмыс тәжірибесі)



(қаржы ұйымдарында жұмыс істеген жылдарының санын, қызмет түрлері бойынша аудитор, бухгалтер лауазымына орналасуын көрсету)

Басқарушылық лауазымдағы жұмыс тәжірибесі



(қолда бар жұмыс тәжірибесін сипаттау: компанияның атауы, басшы лауазымдағы жұмыс өтілі, лауазымдық міндеттері, кәсіби дағдылары)

Директорлар кеңесі / байқау кеңестері құрамындағы жұмыс тәжірибесі


Тілдерді білу


Листингтен өткен/өтетін компаниялардағы жұмыс тәжірибесі


Кәсіби ұйымдарға мүшелік



(көрсетілген сұрақ бойынша ақапаратты көрсету, мысалы, Аудиторлар палатасы, актуарийлер)

Осы мәселеге қатысты басқа ақпарат



(кандидаттың кәсіби құзыреттілігін сипаттайтын ақпаратты көрсету)

      4. Еңбек, кәсіптік, консалтингтік қызмет туралы мәліметтер:

Жұмыс кезеңі
(ай, жыл)

Ұйымның атауы, атқаратын лауазымдары және лауазымдық міндеттері, ұйымның координаттары

1



2



3



      5. Заңды тұлғалардың директорлар кеңесіне төрағалық ету және мүшелік туралы мәліметтер:

Жұмыс кезеңі
(ай, жыл)

Ұйымның атауы, атқаратын лауазымдары (директорлар кеңесінің төрағасы немесе мүшесі), ұйымның координаттары

Заңды тұлғаның (құрылтайшының немесе меншік иесінің) жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысуының болуы немесе заңды тұлғаға бақылауды жүзеге асыру құқығының болуы немесе басқа заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларының/ қатысу үлестерінің елу пайызынан астамын иелену, пайдалану немесе билік ету (өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп) құқығының болуы

1




2




3




      6. Басқа мәліметтер:

Қазақстан Республикасының және басқа елдердің заңдарында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы

Иә / жоқ

Қазақстан Республикасының және басқа елдердің заңнамасын бұзғаны үшін лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттету, оның ішінде тиісті уәкілетті органның шешімі бойынша кез келген елде директорлар кеңесінің мүшесі ретінде беделін түсіру және (немесе) шеттету туралы деректердің болуы

Иә / жоқ, егер "Иә" болса, қашан және ықпал ету шарасын кім қолданды

Бұрын банкрот деп танылған не оған қатысты мәжбүрлеп тарату, консервациялау, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған заңды тұлғаның Директорлар кеңесінің төрағасы, бірінші басшысы (басқарма төрағасы), басшысының орынбасары, бас бухгалтері болған.
Көрсетілген талап белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданған күннен кейін 5 (бес) жыл ішінде қолданылады.

Иә / жоқ, егер "Иә" болса, онда ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсетіңіз

Осы мәселеге қатысты басқа ақпарат

(ерікті түрде еркін нысанда көрсетіледі)

      Мен (тәуелсіз директор лауазымына кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты)
_______________________________________________________________________
_________________________________ бұл ақпараттың сенімді әрі толық екендігін растаймын.
__________________________________
      (қолы, күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады