Мінсіз іскерлік беделі болмауының өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын, халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілігі бар кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы бойынша ерекшеліктерді және осындай сертификаттардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 42 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 7 сәуірде № 38345 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 63-бабына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабына, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 9-4-бабының 3 және 11-тармақтарына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) қоса беріліп отырған Мінсіз іскерлік беделі болмауының өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар);

      2) қоса беріліп отырған Халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілігі бар кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы бойынша ерекшеліктер және осындай сертификаттардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мына:

      Қағидалардың 2-тармағы бірінші бөлігінің және екінші бөлігі 11) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар, егер Қағидаларда өзгеше көзделмесе, Әлеуметтік кодексте, Сақтандыру қызметі туралы заңда, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, Кепілдік беру қоры туралы заңда, Банктер туралы заңда, Мемлекеттік реттеу туралы заңда, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда көрсетілген мағыналарда қолданылады.";

      "10) портал – "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы;";

      Қағидаларға 4-қосымшаның реттік нөмірі 2-жолының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

"

      белгілей отырып, олардың қолданылуы 2026 жылғы 12 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2026 жылғы 3 сәуірдегі
№ 42 қаулысымен
бекітілген

Мінсіз іскерлік беделі болмауының өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мінсіз іскерлік беделі болмауының өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 63-бабына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) 34-бабына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 54-бабына, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Кепілдік беру қоры туралы заң) 4-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 45-бабына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң) 9-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 9-4-бабының 3 және 11-тармақтарына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Қағидалар қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) мінсіз іскерлік беделі болмауының өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор), бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібін айқындайды.

      Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 45-бабының 11-тармағына және 79-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қағидалар бірыңғай оператордың және орталық депозитарийдің басшы қызметкерлеріне қолданылады.

      2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар, егер Қағидаларда өзгеше көзделмесе, Әлеуметтік кодексте, Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінде, Сақтандыру қызметі туралы заңда, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, Кепілдік беру қоры туралы заңда, Банктер туралы заңда, Мемлекеттік реттеу туралы заңда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда көрсетілген мағыналарда қолданылады.

      Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      1) жауапты бөлімше – уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшесі;

      2) кандидат – нарық субъектісінің басшы қызметкері лауазымын атқаруға ниеті бар жеке тұлға немесе нарық субъектісі басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына сайланған адам;

      3) келісім – уәкілетті органның нарық субъектісінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімі;

      4) көрсетілетін қызметті алушы – нарық субъектісі, кандидат;

      5) қаржы ұйымы – банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры, Қор, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, орталық депозитарий, бірыңғай оператор; микроқаржы ұйымы;

      6) қолданыстағы келісімдер тізілімі – нарық субъектісінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) қолданыстағы келісімдер тізілімі;

      7) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – "Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі;

      8) нарық субъектісі – банк, банк холдингі, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры, Қор, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, орталық депозитарий, бірыңғай оператор;

      9) өтінішхат – уәкілетті органның нарық субъектісінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін беру туралы өтінішхат;

      10) портал – "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы;

      11) филиал – Қазақстан Республикасының бейрезиденті банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы;

      12) ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.

      3. Нарық субъектісінің уәкілетті органмен келісуге жататын басшы қызметкерлерінің тізбесі Әлеуметтік кодекстің 63-бабының 1-тармағында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 45-бабының 11-тармағында, 54-бабының 1 және 4-тармақтарында, 79-бабының 1-1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарында, Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабының 1-тармағында, Банктер туралы заңның 45-бабының 1, 2, 3, және 4-тармақтарында айқындалған.

      4. Мына басшы қызметкерлер Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда:

      1) орталық депозитарийдің, сауда-саттықты ұйымдастырушының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және Қордың басқару органының құрамына кіретін уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің өкілдері;

      2) уәкілетті органмен келісілген лауазымнан нарық субъектісінің бір органы шеңберінде төмен тұрған лауазымға ауыстырылған басшы қызметкерлер;

      3) уәкілетті органмен келісілген атқарушы орган басшысының, оның орынбасарының немесе мүшесінің не басқару органы басшысының немесе мүшесінің лауазымынан Әлеуметтік кодекстің 63-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының, 3-тармағы 2) тармақшасының, 4-тармағы 4) тармақшасының, Банктер туралы заңның 45-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының, 2-тармағы 4) тармақшасының, 4-тармағы 2) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін өзге де басшы лауазымына немесе уәкілетті органның уәжді пайымдауын пайдалана отырып басшы қызметкер лауазымы деп танылған лауазымға ауыстырылған басшы қызметкерлер;

      4) уәкілетті органмен келісілген банк холдингінің, сақтандыру холдингінің атқарушы органы мүшесінің немесе басқару органы мүшесінің лауазымынан банк холдингінің, сақтандыру холдингінің еншілес ұйымның (ұйымдардың) және (немесе) банк холдингі, сақтандыру холдингі капиталына қомақты қатысатын ұйымның (ұйымдардың) қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын өзге де басшысы лауазымына ауыстырылған;

      5) уәкілетті органмен келісілген филиал басшысының лауазымынан филиал басшысы орынбасарының немесе филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және олардың негізінде банк қызметі, сақтандыру қызметі жүзеге асырылатын құжаттарға қол қою құқығы бар филиалдың өзге басшысының лауазымына ауыстырылған;

      6) уәкілетті органмен келісілген бас бухгалтер лауазымынан бас бухгалтердің орынбасары лауазымына ауыстырылған жағдайда, келісуге жатпайды.

      5. Уәкілетті орган кандидат Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-4-бабында, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң) 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, Банктер туралы заңның 46-бабында, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп туралы заң) 9-бабында және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде келісім береді.

      6. Келісім басшы қызметкер тиісті лауазымға тағайындалғанға (сайланғанға) дейін беріледі.

      Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-4-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда келісім басшы қызметкер лауазымға тағайындалғаннан (сайланғаннан) кейін берілуі мүмкін.

      Уәкілетті органның микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға қолданыстағы рұқсаты бар, микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылатын банктің басшы қызметкерлеріне және (немесе) көрсетілген тұлғада басшы қызметкер лауазымын атқаруға ниеті бар жеке тұлғаларға келісім микроқаржы ұйымы уәкілетті органға микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру туралы тиісті есепті ұсынғанға дейін "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-3-бабы 2-тармағы 8) тармақшасының талаптарына сәйкес беріледі.

      7. Қолданыстағы келісімі бар тұлға Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда қайта келісусіз, қаржы нарығының тиісті секторы шеңберінде осындай тұлға келісілген нарық субъектісінің басшы қызметкерінің лауазымына (бірнеше лауазымына) тағайындалады (сайланады).

      Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-5-бабына сәйкес қаржы ұйымдары болып табылатын және Банктер туралы заңның 45-бабына, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабына, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабына және Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-4-бабына сәйкес аталған қаржы ұйымында осы лауазымды атқаруға келісімі бар банк, сақтандыру холдингтерінің, банк, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін тұлғалардың басшы қызметкерлерінің лауазымдарына кандидаттар қаржы нарығының басқа секторында аталған лауазымға қайта келісілуге жатпайды.

      8. Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-4-бабы 2-тармағының 1) тармақшасының мақсаттары үшін мыналар мінсіз іскерлік беделдің болмауының өлшемшарттары болып табылады:

      1) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) құқығынан өмір бойы айыру түрінде қылмыстық жазаны қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;

      2) мыналарға:

      қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне;

      банкке реттеу режимін қолдануға әкеп соққан құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) жасағаны туралы мәліметтердің болуы;

      3) қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен (үшінші тұлғалардың бақылауы және ықпалы) қатынастардың болуы;

      4) кандидаттың қабылданған міндеттемелерін не уәкілетті органның қаржы ұйымын, банк конгломератын, сақтандыру тобын қосымша капиталдандыру бойынша талаптарын орындамаған қаржы ұйымының тікелей немесе жанама ірі қатысушысы, қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының ірі қатысушысының (банк, сақтандыру холдингі) басшы қызметкері болғаны (болып табылатыны) туралы мәліметтердің болуы;

      5) кандидат қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының басшы қызметкері, актуарийі не тікелей немесе жанама ірі қатысушысы, қаржы ұйымының ірі қатысушысының (банк, сақтандыру холдингінің) басшы қызметкері бола отырып, бірнеше рет (қатарынан соңғы он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) уәкілетті орган қаржы ұйымына қатысты қадағалап ден қою шараларының талаптарын орындамағаны туралы мәліметтердің болуы;

      6) кандидат Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы төлем қабілетсіздігіне жеткенге дейін кемінде 1 (бір) жыл бұрын кезеңде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымында акционер (қатысушы), лауазымды тұлға, басқару функцияларын орындайтын тұлға болып табылғаны туралы мәліметтердің болуы.

      Көрсетілген өлшемшарт, егер Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында қаржылық жағдайы тұрақсыз қаржы ұйымдарына қатысты қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөнінде мәні бойынша ұқсас (бірдей, салыстырмалы) шаралар көзделген жағдайда да қолданылады;

      7) Мемлекеттік реттеу туралы заңның 13-5-бабына сәйкес қалыптастырылған және қабылданған уәжді пайымдау негізінде анықталған мінсіз іскерлік беделдің болмауы;

      8) шет мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан не "Астана" халықаралық қаржы орталығында қаржылық көрсетілетін қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеуді жүзеге асыратын заңды тұлғадан кандидаттың мінсіз іскерлік беделінің болмауы туралы ақпараттың болуы;

      9) кандидаттың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті соттың, органның, лауазымды адамның заңды күшіне енген шешімімен белгіленген қаржы, кәсіпкерлік қызмет, салық салу салаларында күнтізбелік он екі ай ішінде үш реттен артық әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактілерінің болуы.

      Көрсетілген өлшемшарт әкімшілік жазаның орындалуы аяқталған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;

      10) кандидаттың аудитор ретінде көрінеу анық емес аудиторлық есепті жасау фактісінің не аудиторлық ұйымның кандидат қол қойған көрінеу анық емес аудиторлық есепті жасау фактісінің болуы.

      Көрсетілген өлшемшарт кандидатты не аудиторлық ұйымды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;

      11) кандидаттың, қаржы ұйымының басшы қызметкерінің қаржы ұйымының міндеттемелері бойынша заңды күшіне енген сот шешіміне сәйкес субсидиарлық жауапкершілікке не қаржы ұйымының пайдасына шығындарды өндіріп алу түрінде жауапкершілікке тартылуы.

      Көрсетілген өлшемшарт сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;

      12) кандидаттың "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 және 12-1-баптарына сәйкес жасалатын террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізімінде, терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде болуы;

      13) кандидаттың не кандидат бірінші басшы не ірі қатысушы (ірі акционер) болып табылатын заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін борышкерлердің бірыңғай тізілімінде болуы (егер берешек республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асқан жағдайда);

      14) кандидатты банкрот деп тану.

      Көрсетілген өлшемшарт кандидатқа қатысты осындай рәсім барысында мүлікті өткізу немесе банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату рәсімі аяқталған күннен бастап бес жыл бойы қолданылады;

      15) кандидатта не осы тұлғалар бірінші басшы не ірі қатысушы (ірі акционер) болып табылатын заңды тұлғада республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын мерзімі өткен салық берешегінің болуы;

      16) кандидаттың не кандидат бірінші басшы не ірі қатысушы (ірі акционер) болып табылатын заңды тұлғаның соттың заңды күшіне енген шешімімен не мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу жолымен расталатын, жасалған азаматтық-құқықтық шарттар бойынша міндеттемелерді орындамауы;

      17) кандидаттың, нарық субъектісінің басшы қызметкерінің жеке адамға, меншікке қарсы, экономикалық қызмет саласында, сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарға байланысты қылмыстық процесте айыпталушы не сотталушы (күдікті) ретінде қатысуы;

      18) кандидаттың әрекеттері (әрекетсіздігі):

      уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының банкті (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын) төлемге қабілетсіз банктер (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары) санатына жатқызу туралы шешім қабылдауы үшін негіз болған (әкелген) заңнама талаптарын бұзуға (бұзушылықтарға);

      оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға, не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуіне, не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімінің заңды күшіне енуіне әкеп соққан қаржы ұйымын лицензиядан айыруға әкеп соққан (әкелген) қаржы ұйымының басшы қызметкері болғандығы туралы мәліметтердің болуы;

      19) кандидаттың уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шарасы негізінде қаржы ұйымының басшы қызметкерінің қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілгені туралы мәліметтердің болуы;

      20) кандидаттың олардың іс-әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) қаржы ұйымы уәкілетті орган айқындаған мынадай бұзушылықтарға:

      қаржы ұйымының уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді қатарынан соңғы он екі ай ішінде жүйелі (екі және одан да көп рет) бұзуы;

      қаржы ұйымының уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді сақтауы туралы мәліметтердің бұрмалануына әкеп соққан есептілік жасауы;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының "Қайта сақтандыру жөніндегі қызметті, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін жүзеге асыру қағидалары мен ерекшеліктерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 203 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17460 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 203 қаулы) белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін шарттарда қайта сақтандыру шарттарын жасасуы;

      міндетті сақтандыру түрлерін жүргізу шарттары мен тәртібінен туындайтын сақтандыру сыйлықақысының негізсіз мөлшерін қолдану, міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау;

      қатарынан соңғы он екі ай ішінде жүйелі түрде (екі және одан да көп рет) сақтандыру төлемін жүзеге асырмау, уақтылы жүзеге асырмау не сақтандыру төлемін толық көлемде жүзеге асырмау;

      № 203 қаулыда көзделген, оның ішінде "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген) көзделген сақтандыру сыйлықақыларын қайта сақтандыруға беру рәсімін бұзу, оның ішінде қайта сақтандырушыдан растаудың болмауы бөлігінде сақтандыру сыйлықақыларын қайта сақтандыруға беру рәсімін бұзуға жол берген қаржы ұйымы бөлімшелерін бақылауды (жетекшілік етуді) жүзеге асырғаны туралы мәліметтердің болуы;

      21) кандидаттың біліктілік талаптарына және (немесе) іскерлік беделге қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы уәкілетті органның шешіміне әсер ететін көрінеу дәйексіз мәліметтер ұсыну фактісінің болуы;

      22) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 52-бабы 1-тармағының 9), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21) және 25) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасы бойынша кандидатпен еңбек шартын бұзу фактісінің болуы;

      23) кандидат актуарий бола отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерін қалыптастыру бойынша талаптарды сақтамау фактілері туралы уәкілетті органға жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі айда екі немесе одан да көп рет) хабарламағаны туралы мәліметтердің болуы;

      24) кандидаттың банк құпиясын, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, актуарлық есеп айырысуларды жүргізу және (немесе) тәуелсіз актуарий ретінде қызметті жүзеге асыру барысында алынған мәліметтерді заңсыз жариялауы немесе үшінші адамдарға беруі туралы мәліметтердің болуы.

      Осы тармақтың ережелері нарық субъектілерінің басшыларына қолданылады.

      9. Уәкілетті орган Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы нарығының жекелеген секторлары (банк секторы, сақтандыру секторы, бағалы қағаздар нарығы және зейнетақы қызметтері секторы) бойынша қолданыстағы келісімдердің тізілімдерін жүргізеді.

      Қолданыстағы келісімдердің тізілімдері уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады және ондағы мәліметтер өзгерген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жаңартылады.

      10. Нарық субъектісі басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау) кезінде олардың Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-4-бабының және Қағидалардың талаптарына, оның ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын ақпаратты ескере отырып сәйкестігін тексереді.

      11. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты, өлімге әкеп соққан құқық бұзушылықты жасағаны үшін басшы қызметкерді қылмыстық жауаптылыққа, әкімшілік жауаптылыққа тартқан кезде нарық субъектісі осы ақпарат нарық субъектісіне белгілі болған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлайды.

      Нарық субъектісі уәкілетті органды басшы қызметкерлер құрамында болған, оларды тағайындауды (сайлауды), басқа лауазымға ауыстыруды, еңбек шартын бұзуды және (немесе) өкілеттіктерін тоқтатуды қоса алғанда, барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, басшы қызметкердің тегіндегі, атындағы, әкесінің атындағы (ол болған кезде) өзгерістер туралы нарық субъектісінің тиісті органы шешім қабылдаған немесе басшы қызметкердің тегіндегі, атындағы, әкесінің атындағы (ол болған кезде) өзгерістер туралы ақпарат алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      Басшы қызметкерлер құрамында болған, оларды тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру, еңбек шартын бұзу және (немесе) өкілеттіктерін тоқтатуды қоса алғанда, өзгерістер туралы ақпарат растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.

      Уәкілетті органның қолданыстағы келісімі бар басшы қызметкерлер тағайындалған (сайланған) жағдайларда нарық субъектісі ілеспе хатта осы адамдардың Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-4-бабында және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін көрсетеді және Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтерді қоса береді.

      Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтер тағайындалған (сайланған) лауазымға келісілген, бұрын келісілген басшы қызметкер бойынша басшы қызметкерлердің құрамында болған өзгерістер туралы хабарлама ұсынылған жағдайда және егер басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтер тағайындалған лауазымға келісуге берілген құжаттар топтамасы өзгермеген жағдайда, қоса берілмейді.

      12. Қағидалардың 11-тармағына сәйкес ұсынылатын растайтын құжаттардың көшірмелерінде басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан босату (өкілеттіктерін тоқтату) күні болмаса, онда басшы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан босату (өкілеттіктерін тоқтату) күні нарық субъектісінің уәкілетті органының шешім (бұйрық) қабылдау немесе шешімде (бұйрықта) көрсетілген оқиға басталған күн болып саналады.

      Нарық субъектісінің уәкілетті органының шешімінен үзінді-көшірме мынадай мәліметтерді қамтиды:

      нарық субъектісінің толық атауы және нарық субъектісінің атқарушы органының орналасқан жері;

      акционерлердің жалпы жиналысын (басқару органының отырысын) өткізу күні, уақыты және орны;

      отырысқа қатысқан адамдар туралы мәліметтер (басқару органының отырысы үшін);

      акционерлердің жалпы жиналысының кворумы (басқару органының отырысы);

      басқарушы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан шығару (өкілеттіктерін тоқтату) туралы мәселе бөлігінде акционерлердің жалпы жиналысы отырысының (басқару органы отырысының) күн тәртібі;

      дауыс беруге қойылған мәселелер, басшы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан шығару (өкілеттіктерін тоқтату) бөлігінде олар бойынша дауыс беру қорытындылары;

      басшы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) бөлігінде қабылданған шешімдер.

      Нарық субъектісінің уәкілетті органының шешімінен үзінді-көшірме осы құжатқа қол қоюға уәкілетті қызметкердің (қызметкерлердің) қолымен расталады және үзінді-көшірменің дұрыстығы көрсетіледі.

      13. Басшы қызметкер лауазымына сайлау (тағайындау) үшін еңбек өтілін есептеу кезінде жұмыс өтілі ескерілетін халықаралық қаржы ұйымдарының мынадай тізбесі белгіленсін:

      Дүниежүзілік Банк (The World Bank);

      Дүниежүзілік сауда ұйымы (The World Trade Organization);

      Еуропалық бағалы қағаздар және нарықтар ұйымы (The European Securities and Markets Authority);

      Еуропалық банк ұйымы (The European Banking Authority);

      Еуропалық сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру ұйымы (The European Insurance and Occupational Pensions Authority);

      Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі (The Multilateral Investment Guarantee Agency);

      Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталық (The International Centre for Settlement of Investment Disputes);

      Исламдық қаржылық қызметтер кеңесі (The Islamic Financial Services Board);

      Сақтандыруды қадағалаудың халықаралық қауымдастығы (The International Association of Insurance Supervisors);

      Солтүстік инвестициялық банк (The Nordic Investment Bank);

      Халықаралық бағалы қағаздар комиссиялары ұйымы (The International Organization of Securities Commissions);

      Халықаралық Даму Қауымдастығы (The International Development Association);

      Халықаралық депозиттерді сақтандыру жүйелері қауымдастығы (The International Association of Deposit Insurers);

      Халықаралық есеп айырысу банкі (The Bank for International Settlements);

      Халықаралық зейнетақы қадағалау органдары ұйымы (The International Organisation of Pension Supervisors);

      Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (The Organisation for Economic Co-operation and Development).

2-тарау. Нарық субъектілерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруге арналған құжаттарды қарау тәртібі

      14. "Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген.

      Көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға Негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, портал арқылы электрондық түрде өтінішхат ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішхатты портал арқылы жіберген кезде "жеке кабинетте" нәтижені алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.

      15. Өтінішхат көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылады, онда:

      1) жеке және заңды тұлғалар үшін ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім;

      2) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес беретін мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі (жеке тұлғалар үшін);

      3) кандидаттың басшы қызметкерлерге қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы растау;

      4) кандидат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушының құжатпен тексергені туралы растау (заңды тұлғалар үшін);

      5) кандидат келісілетін басшы қызметкердің лауазымы (лауазымдары);

      6) қаржы нарығы секторының атаулары – банк секторы, сақтандыру секторы, бағалы қағаздар нарығы немесе зейнетақы қызметтері секторы (жеке тұлғалар үшін);

      7) өтінішхатқа қоса берілген ақпараттың дұрыс және толық болып табылатындығы туралы растау көрсетіле отырып, еркін нысанда жасалады.

      16. Өтінішхат:

      1) құжаттарды атқарушы орган басшысының (атқарушы органның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның), атқарушы органның басшысы болып табылатын басқару органы мүшесінің келісуіне жіберген кезде – көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның басқару органы басшысының, ал ол болмаған жағдайда басқару органының шешімі бойынша басқару органы мүшелерінің бірінің (басқару органының осы шешімінің көшірмесін ұсына отырып), басқару органының басшысы мен мүшелері болмаған жағдайда заңды тұлға көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің бірінің, осы құжатқа қол қоюға уәкілетті заңды тұлға қатысушыларының бірінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға үшін);

      2) құжаттарды филиал басшысына келісуге жіберген кезде – Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері өтінішхатқа қол қоюға уәкілеттік берген тұлғаның (растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып);

      3) құжаттарды басқа басшы қызметкерлерге келісуге жіберген кезде – заңды тұлғаның (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның), көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органы басшысының, филиал басшысының не олардың міндеттерін атқаратын адамдардың (міндеттерді орындауды жүктеу туралы шешімнің көшірмесін ұсына отырып);

      4) көрсетілетін қызметті алушының – басшы қызметкер лауазымына кандидат болып табылатын жеке тұлғаның ЭЦҚ-ымен расталады.

      17. Басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтер Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      18. Шет мемлекеттердің құзыретті органдары немесе лауазымды адамдары берген құжаттар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес заңдастырылуға не апостиль қоюға жатады (Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарды қоспағанда).

      Шет тілінде ұсынылған құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аударылады және "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариалды куәландырылуға жатады және электрондық көшірмелер нысанында ұсынылады.

      19. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын (байланысушы адамдардың байланыс телефондарын және электрондық пошта мекенжайларын көрсете отырып) ұсынады.

      Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-5-тармағына сәйкес банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін тұлғаның басқару органының басшысын немесе мүшесін не басшы қызметкерлерін келісу үшін лауазымға тағайындалғаннан (сайланғаннан) кейін көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органның банк, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісімі болған кезде тұлғаның басқару органының басшысы немесе мүшесі тағайындалған (сайланған) не банк, сақтандыру холдингі белгілерін иеленген күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірілмейтін мерзімде құжаттардың толық топтамасын ұсынады.

      20. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және орындауға жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, Кодекске және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері өтінішхатты тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және құжаттардың қолданылу мерзімін тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) қолданылу мерзімінің аяқталу фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      Уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      21. Ұсынылған құжаттардың толықтығы және (немесе) қолданылу мерзімінің өтпеу фактісі белгіленген кезде жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі ішінде оларды Қағидаларда және Негізгі талаптар тізбесінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды және:

      көрсетілетін қызметті берушінің мүдделі бөлімшелеріне,

      Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына;

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Арнайы есепке алу ақпараттық жүйесіне;

      "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорына;

      шет мемлекеттердің уәкілетті қадағалау органдарына (қажет болған кезде) тиісті сұрау салулар жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі ішінде ұсынылған құжаттарда Қағидалардың және Негізгі талаптар тізбесінің талаптарына сәйкес келмеу анықталған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға оларды жою және көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсынуы үшін ескертулермен хат жібереді. Бұл ретте уәкілетті органның кандидатты келісу үшін құжаттарды қарау мерзімі үзілмейді.

      Кандидаттың Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын қаржы ұйымдарында еңбек өтілі болған жағдайда, уәкілетті орган кандидаттың мінсіз іскерлік беделінің болуын растау мақсатында Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын шет мемлекеттің уәкілетті қаржылық қадағалау органынан кандидаттың мінсіз іскерлік беделін сипаттайтын мәліметтердің болуы (болмауы) туралы ақпаратты сұратады не шет мемлекеттің уәкілетті қаржылық қадағалау органының ресми интернет-ресурсынан (бар болса) осы мәліметтерді алады.

      22. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Негізгі талаптар тізбесінде көзделген негіздер анықталған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде өтінішхатты қарау мерзімі өтінішхатты дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттілігіне байланысты көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының уәжді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға ӘРПК-нің 76-бабының үшінші бөлігіне сәйкес мерзім ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарланады.

      Тыңдау қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуге келісімді не одан уәжді бас тартуды жібереді, ал кандидаттарды тестілеуге шақыра отырып келіскен кезде тестілеуден өту үшін шақыру – хат жіберіледі.

      Уәкілетті орган Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-4-бабы 11-тармағына сәйкес келісім алу үшін ұсынылған құжаттарды қарау мерзімін тоқтата тұрады.

      23. Көрсетілетін қызметті алушының келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган кандидатты келісу туралы шешім қабылдағанға дейін кері қайтарып алады, ал тестілеуге шақырумен келісілген кезде - көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы кері қайтарып алу себебін көрсете отырып, еркін нысанда жазбаша өтініш беруі арқылы кандидат тестілеуден өткен күнге дейін жол беріледі.

3-тарау. Тестілеуден өту үшін шақырумен немесе шақырусыз келісу және нарық субъектілерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібі

      24. Кандидатты келісу үшін уәкілетті органда дербес құрамы уәкілетті орган Төрағасының немесе оның орынбасарының бұйрығымен бекітілетін, нарық субъектілерінің басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттардың сәйкестігін айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      25. Келісуді уәкілетті орган Қағидалардың 28 және 29-тармақтарында көзделген шарттарды ескере отырып, кандидаттарды тестілеуден өту үшін шақырумен не оларды шақырусыз Комиссияның шешімі бойынша жүргізеді.

      26. Комиссияның шешімі пікіртерім арқылы жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болғанда Комиссия төрағасының немесе оның орнындағы адамның даусы шешуші болып табылады.

      27. Комиссияның мүшелері құжаттарды қарайды және Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген хаттамада қаралатын мәселе жөнінде өз пікірін білдіреді.

      28. Кандидатты ұсынылған құжаттардың негізінде тестілеуден өту үшін шақырусыз келісу туралы мәселені қарау кезінде мыналар ескеріледі:

      1) оған қатысты өтінішхат берілген кандидаттың тиісті сектордағы (банк секторы, сақтандыру секторы, бағалы қағаздар нарығы немесе зейнетақы қызметтері секторы) тиісті лауазымдарға уәкілетті органның бұрын келіскені-келіспегені;

      2) кандидаттың басқару органының мүшесі лауазымына келісілгені-келісілмегені;

      3) кандидаттың тәуекелдерді басқару саласында халықаралық сертификатының (FRM (Financial Risk Manager) (ФРМ Файненшил тәуекел-менеджері) – Қаржылық тәуекел-менеджері, (Professional Risk Manager) (ПРМ Профешинал тәуекел-менеджері) – Кәсіби тәуекел-менеджер, CFA (Chartered Financial Analyst) (СФА Чартеред файненшил аналист) – Сертификатталған қаржылық талдаушы) және (немесе) сериясы ISO 31000 стандарты бойынша сертификатының болуы;

      4) кандидат бұрын басқарма мүшесі, бірінші басшы немесе бірінші басшының орынбасары, экономика, қаржы немесе мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органның жауапты хатшысы, мемлекеттік саяси қызметші болған ба;

      5) кандидатта ұлттық басқарушы холдингтің, Қазақстанның Даму Банкінің, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорының, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің басқару органының басшысы, атқарушы органның басшысы, оның еншілес қаржы ұйымдарының қаржылық мәселелеріне және (немесе) қызметіне жетекшілік ететін орынбасары болған 5 (бес) жылдан астам үздіксіз жұмыс өтілінің болуы;

      6) кандидатта тізбесі Қағидалардың 13-тармағында айқындалатын халықаралық қаржы ұйымдарында бірінші басшы және оның орынбасары, дербес құрылымдық бөлімшенің басшысы немесе басшысының орынбасары не қаржы ұйымдарының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор болған 5 (бес) жылдан астам еңбек өтілінің болуы;

      7) кандидаттың өтінішхат берген күннің алдындағы 10 (он) жыл бойы қызметі қаржылық қызметтер көрсетумен байланысты болған басшы қызметкер, дербес құрылымдық бөлімше (департамент, басқарма, филиал және өзге де дербес құрылымдық бөлімше) басшысы, қаржы ұйымының қаржылық қызмет көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік еткен қаржы және (немесе) басқарушы директоры, атқарушы директоры, бас бухгалтердің орынбасары қызметінде 5 (бес) жылдан астам үздіксіз еңбек өтілінің болуы.

      Сақтандыру секторында, бағалы қағаздар нарығы және зейнетақы қызметтері секторында басшы лауазымға кандидаттар үшін осы тармақшаның мақсатында лауазымдарға орналасу арасындағы күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асатын кезең өтілдің үзілісі болып есептеледі;

      8) кандидатта банк секторында, сақтандыру секторында, бағалы қағаздар нарығы және зейнетақы қызметтері секторында бұрын уәкілетті органмен келісілген 15 (он бес) жылдан астам жұмыс өтілінің болуы;

      9) кандидат бұрын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және (немесе) қадағалауды жүзеге асыратын (жүзеге асырған) мемлекеттік органның дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаменттің, басқарманың, филиалдың және өзге де дербес құрылымдық бөлімшенің) басқарма мүшесі, бірінші басшысының немесе бірінші басшысының орынбасары, басшысы (басшысының орынбасары), сондай-ақ қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын (жүзеге асырған) мемлекеттік органның бірінші басшысы (бірінші басшысының орынбасары) болды ма;

      10) кандидаттың қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне, ақпараттық технологиялар мәселелеріне ғана жетекшілік етуді көздейтін нарық субъектісінің атқарушы органының мүшесі лауазымына келісілгені-келісілмегені;

      11) кандидаттың бас бухгалтер, бас бухгалтердің орынбасары лауазымына келісілгені-келісілмегені;

      12) кандидаттың сақтандыру секторындағы басшы лауазымға кандидаттар үшін ғана актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензиясының болуы;

      13) оған қатысты өтінішхат берілген кандидаттың бұрын уәкілетті органның қаржы нарығының тиісті секторында (банк секторы, сақтандыру секторы, бағалы қағаздар нарығы немесе зейнетақы қызметтері секторы, өтінішхат берілген келісу туралы) басшы қызметкер лауазымына тестілеуден өте отырып келісілгені-келісілмегені.

      Тестілеудің оң нәтижелері осы тармақшаның мақсаттары үшін есептелетін мерзім кандидат уәкілетті органда тестілеуден өткен күннен бастап 12 (он екі) айдан аспайды.

      29. Тестілеуден өту үшін міндетті түрде шақырылуға тиіс:

      1) Қағидалардың 28-тармағының 3), 4), 9), 10) және 13) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының бас бухгалтері, банктің, банк холдингінің атқарушы органының басшысы мен мүшелері лауазымына уәкілетті органмен алғаш рет келісуден өтетін кандидаттар;

      2) уәкілетті орган нарық субъектісінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін алғаш рет келісімді алу үшін құжаттары уәкілетті органға ұсынылатын адамдар.

      30. Комиссия кандидатты тестілеуге шақыра отырып келісу туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыны көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылған хатты тестілеу өткізілетін күні, уақыты мен орны көрсетілген хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.

      Құжаттарды уәкілетті орган оларды қарау кезеңінде уәкілетті органға жібергеннен кейін нарық субъектісі кандидатты іссапарға жібермейді, ал кандидат уәкілетті органнан мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе осы тармақта көзделген хабарламаны алғанға дейін іссапарға немесе басқа сапарларға кетпейді.

      31. Көрсетілетін қызметті алушы (кандидат) уәкілетті орган белгілеген күні және уақытта тестілеуден өту үшін уәкілетті органға келуін қамтамасыз етеді.

      Егер кандидат уәкілетті органның орналасқан жерінен тыс жерде болса және оған байланысты емес мән-жайлар бойынша уәкілетті орган тағайындаған күні мен уақытында тестілеуден өту үшін уәкілетті органға келуін қамтамасыз ете алмаса, көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға осы мән-жайлардың болуын және оларды жоюдың мүмкін еместігін растайтын құжаттарды (мәліметтерді) ұсынады.

      Уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды (мәліметтерді) зерделейді және кандидаттың келмеуінің объективті себептері болған кезде кандидатты тестілеу қашықтан жүргізіледі.

      Тестілеуден қашықтан өту кезінде аудио, бейнебайланыс және құжаттармен бірлесіп жұмыс жүргізу құралдарымен конференциялар мен онлайн кеңестер өткізу үшін сервис пайдаланылады, уәкілетті орган трансляцияны жазуды жүзеге асырады. Көрсетілген талапты растау мақсатында тестіленуші адам тестілеу процесін аудио және бейне тіркеуді жүргізетін және тестілеу өткізілетін бүкіл үй-жайға шолуды қамтамасыз ететін кемінде үш құрылғыны пайдаланады.

      32. Тестілеуден өту үшін шақырумен келісу 30 сұрақ бойынша 45 минут ішінде мемлекеттік немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде компьютерлік тестілеу әдісімен жүргізіледі.

      33. Тестілеу кезінде тестіленуші адаммен бір үй-жайда тек уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуына рұқсат етіледі.

      Кандидаттар тестілеуден өтетін уәкілетті органның үй-жайында тестілеу процесінің аудио және бейнетіркеуі жүргізіледі.

      34. Тестілеуден өту кезінде тестіленуші қандай да бір жазбаша, электрондық немесе басқа ақпараттық материалдарды пайдаланбайды, бұл туралы тестіленуші тестілеуден өткенге дейін қол қойғызып танысуға тиіс. Осы тармақта жазылған шарттардың бұзылуы тестілеудің теріс нәтижесіне теңестіріледі.

      35. Тестіленуші тестілеу нәтижелерімен ол өткеннен кейін дереу қол қойғызып танысуға жатады.

      36. Тестілеудің оң нәтижесін алған кезде (кемінде жетпіс пайыз дұрыс жауаптар) кандидат мәлімделген немесе тағайындалған (сайланған) лауазымға (лауазымдарға) келісілді деп есептеледі.

      37. Тестілеу уәкілетті органның интернет-ресурсында онлайн режимде трансляциямен өткізіледі.

      38. Жауапты бөлімшенің қызметкері кандидат тестілеуден өткеннен кейін (тестілеу нәтижесі оң болған жағдайда) немесе Комиссия оны келісу мәселесі бойынша шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде тестілеуден өту үшін шақырусыз мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы мәліметтерді қамтитын хат жобасын дайындайды.

      39. Жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының атына мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінде көзделген негіздер бойынша келісу нәтижесі туралы мәліметтерді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қамтитын хатқа қол қойған күні мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      40. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      41. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды уәкілетті органның басшысы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік қызмет туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Әлеуметтік кодексте, Сақтандыру қызметі туралы заңда, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, Кепілдік беру қоры туралы заңда, Банктер туралы заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      42. Шағымда:

      1) көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы немесе қаржы ұйымының атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      3) жеке тұлғаның нақты тұратын мекенжайы және қаржы ұйымының орналасқан жері;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің атауы және (немесе) әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған (шағым жасалып отырған) лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      5) шағым беруші адам өз талаптары мен дәлелдемелерін негіздейтін мән-жайлар;

      6) шағымның шығыс нөмірі мен берілген күні;

      7) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетіледі.

      43. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.

      Уәкілетті орган басшысының шағымды қабылдағанын растау оны уәкілетті органның кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген Бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол уәкілетті орган шағымды өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

  Қағидаларға
1-қосымша

________________________________________________________

(қаржы нарығы секторының атауы)

басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) қолданыстағы келісімдердің тізілімі

р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

ЖСН*

Орналасу үшін кандидатқа келісім берілген лауазым (-дар)

Келісімнің берілген күні, хаттама №

1

2

3

4

5











      * Жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірінің алғашқы 2 цифры және соңғы екі цифры көрсетіледі

  Қағидаларға
2-қосымша

_____________________________________________________

(нарық субъектісінің атауы)

басшы қызметкерлерінің құрамында болған өзгерістер туралы мәліметтер

р/с №

Басшы қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)

Лауазымы

Өзгерістің күні және болған өзгеріс*

Тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру, жұмыстан босату (өкілеттіктерін тоқтату) туралы шешімнің (бұйрықтың) нөмірі, күні

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыстан босату (өкілеттіктерін тоқтату) негіздері

1

2

3

4

5

6







      * Өзгерістің күні және басшы қызметкерлер құрамында қандай өзгерістер болғаны көрсетіледі (лауазымға тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру, жұмыстан босату (өкілеттіктерін тоқтату).

      Тағайындалған (сайланған) басшы қызметкердің басшы қызметкерлерге қойылатын талаптарға сәйкестігін растаймыз.

      Атқарушы органының басшысы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшысы, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының бас бухгалтері жұмыстан босатылған (өкілеттіктері тоқтатылған) жағдайда олардың өкілеттіктері берілген адамдар көрсетіледі.

      Қосымша (парақтар санын көрсете отырып):

      _____________________________________________________________

      Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      ______________________

      (қолы)

      20 __ жылғы "____"_________________

  Қағидаларға
  3-қосымша
  Нысан

     


      Басшы қызметкер лауазымына (лауазымдарына) кандидат туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (басшы қызметкер лауазымына кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (лауазым (лауазымдар)

      __________________________________________________________________________

      (нарық субъектісінің атауы) (көрсетілетін қызметті алушы – нарық субъектісі

      толтырады)

      1. Жалпы мәліметтер:

Туған күні мен туған жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)


      2. Білімі:

р/с №

Оқу орнының атауы

Түскен жылы - аяқтаған жылы

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса, күні мен нөмірі)

1

2

3

4

5






      3. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) және жекжаты (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер:

р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны мен лауазымы

1

2

3

4

5






      Ескертпе: осы тармақта көрсетілген тұлғалар болмаған жағдайда, барлық бағандарда "жоқ" деп көрсетіледі.

      4. Кандидат оған қатысты ірі акционер болып табылатын не мүлікте тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғалар туралы мәліметтер:

р/с №

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері (заңды тұлғаның бар болса бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялары санының дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)*

1

2

3

4





      Ескертпе: * 4-бағанда сенімгерлік басқарудағы кандидаттың акцияларын (үлестерін) ескере отырып акцияларды (үлестерді), кандидат өзге адамдармен жиынтықта иелену нәтижесінде ірі қатысушы болып табылатын акциялар (үлестер) санын көрсету қажет.

      5. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.

р/с №

Жұмыс кезеңі*

Жұмыс орны**

Лауазымы

Тәртіптік жазалардың болуы

Жұмыстан шығару, лауазымнан босату себептері

Өзге де мәліметтер ***

1

2

3

4

5

6

7








      Ескертпе: осы тармақта кандидаттың еңбек қызметі (басқару органындағы мүшелігін қоса алғанда) туралы мәліметтер, оның ішінде жоғары оқу орнын аяқтаған сәттен бастап лауазымы және кандидат еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең, сондай-ақ уәкілетті органға келісу туралы өтінішхатты берген көрсетілетін қызметті алушыдағы лауазымы (лауазымға ие болған жағдайда), сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі.

      * қаржы ұйымдарында (оның ішінде шыққан елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру бойынша өкілеттіктері бар Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымдарында), банк немесе сақтандыру холдингтерінде, Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде, аудиторлық ұйымдарда, қаржылық қызметтерді реттеу саласындағы және (немесе) қаржы ұйымдарының аудиторлық қызметі саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау саласындағы мемлекеттік органдарда және өзге де мемлекеттік органдарда (мемлекеттік органның басқарма мүшесі, бірінші басшысы немесе бірінші басшысының орынбасары, жауапты хатшысы лауазымында), сондай-ақ қаржы ұйымдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктері бар Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымдарындағы) басқару органдарында, банк немесе сақтандыру холдингтерінде мүшелігі туралы мәліметтерде күні, айы, жылы көрсетіледі. Қалған жағдайларда жыл көрсетіледі;

      **егер ұйым Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылса оның тіркелген елі көрсетіледі;

      *** дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы (басшының орынбасары) қаржы, басқарушы және (немесе) атқарушы директорының лауазымын атқарған жағдайда жетекшілік ететін бөлімшелер, осы ұйымда қаржылық қызметтер көрсетуге байланысты мәселелер көрсетіледі.

      6. Кандидаттың салықтар бойынша аудитті қоса алғанда, қаржы ұйымдарына аудит жүргізуге қатысуы туралы мәліметтер:

      __________________________________________________________________________

      (қаржы ұйымының атауы, аудит жүргізу мерзімі, сондай-ақ кандидат аудитор-орындаушы ретінде қол қойған аудит жүргізілген қаржылық есепті жасау кезеңі (бар болса) көрсетіледі)

      7. Қаржы ұйымындағы (ұйымдарындағы) және (немесе) басқа ұйымдағы (ұйымдардағы) инвестициялық комитеттерде мүшелігі туралы мәліметтер:

р/с №

Кезеңі (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

1

2

3




      8. Басшы қызметкер лауазымына келісу туралы өтінішхат берілген күннің алдындағы он жыл ішінде адамның:

      банкке реттеу режимі қолданылғанға дейін;

      қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын, филиалды таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиясынан айырғанға дейін;

      қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін;

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының (бұдан әрі – филиал) қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басшы қызметкері, филиалдың басшысы, қаржы ұйымының басқару органының мүшесі, атқарушы органының басшысы, оның орынбасары немесе атқарушы органының мүшесі, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, филиалдың басшысы, басшысының орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының ірі қатысушысы – жеке тұлғасы, ірі қатысушысы (банк холдингі) – заңды тұлғасының басшысы болмағаны туралы мәліметтер.

      __________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету)

      9. басшы қызметкер лауазымына келісу туралы өтінішхат берілген күннің алдындағы бес жыл ішінде адамның мынадай мән-жайлардың бірі болған:

      шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлемеу төрт немесе одан көп қатар кезеңге созылған;

      дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан көп мөлшерін құраған;

      шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құраған кезде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген эмитент қаржы ұйымының басшы қызметкері, ірі қатысушы (ірі акционер) жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) эмитент заңды тұлғаның басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері (оның орынбасары) болмағаны туралы мәліметтердің болуы қажет.

      ________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету)

      __________________________________________________________________________

      10. Басшы қызметкер лауазымына келісу туралы өтінішхат берілген күннің алдындағы үш жыл ішінде кандидат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақшаларының немесе 36-бабының негізінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған

      __________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), қылмыстың қысқаша сипаттамасы,

      __________________________________________________________________________

      жауапқа тарту негіздерін көрсете отырып,

      __________________________________________________________________________

      жаза қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері)

      11. Басшы қызметкер лауазымына келісу туралы өтінішхат берілген күннің алдындағы үш жыл ішінде кандидат әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған

      __________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың қысқаша сипаттамасы

      __________________________________________________________________________

      жауапқа тарту негіздерін көрсете отырып,

      __________________________________________________________________________

      жаза қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері)

      12. Кандидатқа қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) немесе көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуына негіз болған сот шешімінің болуы

      __________________________________________________________________________

      13. Қаржы ұйымының, банк немесе сақтандыру холдингінің, филиалдың басшысы қаржы ұйымының, банк немесе сақтандыру холдингінің, филиалдың қызметі мәселелері бойынша сот талқылауларында жауапкер ретінде тартылды ма

      __________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), күнін, ұйымның атауын,

      __________________________________________________________________________

      сот талқылауындағы жауап берушінің атауын, қаралған мәселені және шешімін көрсету)

      14. Кандидат келісілетін лауазымда нарық субъектісінде жетекшілік етуге болжанатын құрылымдық бөлімшелер және кандидаттың құжаттарға қол қоюға өкілеттілігі туралы мәліметтер (заңды тұлға – көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде өзге басшы қызметкер лауазымына кандидат толтырады).

      _________________________________________________________________________

      15. Кандидат келісілетін лауазымда нарық субъектісінде жетекшілік етуге болжанатын құрылымдық бөлімшелер туралы мәліметтер (нарық субъектісінің тек қауіпсіздік және (немесе) ақпараттық технологиялар мәселелері және (немесе) әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ету болжанатын атқарушы органның мүшесі лауазымына кандидат толтырады). Заңды тұлға – көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде кандидат толтырады).

      __________________________________________________________________________

      Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті және толық екендігін растаймын, сондай-ақ басшы қызметкерлерге қойылатын талаптарға өзімнің сәйкес келетінімді және мінсіз іскерлік беделімнің болуын растаймын. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      __________________________________________________________________________

      (кандидат баспа қаріптерімен өз қолымен толтырады)

      Қолы _________________ Күні _____________________

      Қаржы ұйымының тәуелсіз директоры лауазымына кандидат толтырады:

      Мен,

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      тәуелсіз директор лауазымына тағайындау (сайлау) үшін "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында* және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында** белгіленген талаптарға сәйкес келетінімді растаймын.

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      қаржы ұйымының атауы

      * барлық тәуелсіз директор лауазымына кандидаттар үшін

      ** банк секторындағы тәуелсіз директор лауазымына кандидаттар үшін

      Қолы_________________ Күні_____________________

  Қағидаларға
4-қосымша

"Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы

- банк секторында басшы қызметкерлерді тағайындауға (сайлауға) келісім беру;
- сақтандыру секторында басшы қызметкерлерді тағайындауға (сайлауға) келісім беру;
- бағалы қағаздар нарығы секторында басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісім беру

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті алушы порталға толық құжаттар топтамасын берген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде.
Аталған мерзім кандидатты келісуге құжаттарды ұсынған адамға уәжді пайымдау жобасы жіберілген күннен бастап уәжді пайымдауды пайдалана отырып, уәкілетті органның шешім қабылданған күнге дейін "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-4-бабының 11-тармағында көзделген жағдайда тоқтатылады.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына басшы қызметкерді нақты лауазымға (нақты лауазымдарға) тағайындауға (сайлауға) берілген келісім туралы мәліметтерді қамтитын хат не осы Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері.

Қызмет тегін көрсетіледі.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпараттандыру объектілерінің жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күні аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2) уәкілетті орган – Кодекске және Мерекелер туралы заңға сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Қағидалардың 15 және 16-тармақтарына сәйкес ресімделген электрондық құжат нысанындағы өтінішхат;
2) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
3) азаматтығы елінің (азаматтығы жоқ адамдар үшін - олардың тұрақты тұратын елінің) мемлекеттік органы берген азаматтық елінде (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елінде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екені туралы құжаттың электрондық көшірмесі. Кандидат соңғы 10 (он) жыл ішінде азаматтық елінен тыс жерде тұрақты тұрған жағдайда, кандидат соңғы 10 (он) жыл бойы тұрақты тұрған елде қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екені туралы құжаттың электрондық көшірмесі де ұсынылады. Көрсетілген құжаттардың берілген күні өтінішхат берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжатта оның қолданылуының өзге мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екені туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға қатысты оларға растайтын құжаттарды беру көзделмеген болса, онда тиісті растау азаматтық елінің, кандидат соңғы 10 (он) жыл бойы тұрақты тұрған елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елінің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен уәкілетті органға жіберіледі;
4) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген кәсіби бухгалтер сертификатының электрондық көшірмесі (бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін);
5) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымына мүшелігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін);
6) Халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілікке ие кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы жөніндегі ерекшеліктерде көрсетілген тізбеге және осындай сертификаттардың тізбесіне және осы Қағидалардың 28-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тізбеге сәйкес халықаралық сертификаттардың электрондық көшірмелері (бар болса);
7) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі (шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар үшін);
8) акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған көрсетілетін қызметті алушының басқару органының кандидатқа өзге ұйымда жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінен үзінді көшірменің электрондық көшірмесі (егер көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органы мүшесінің лауазымына кандидат өзге ұйымда жұмыс істейтін жағдайда) – "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң) 9-5-бабына сәйкес заңды тұлға банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін алған кезде банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін адамдар үшін. Бұл құжат кандидатты келісу туралы өтінішхат берілгенге дейін ұсынылған Қағидалардың 11 және 12-тармақтарының талаптарына сәйкес басшы қызметкерлер құрамының өзгергені туралы уәкілетті органның хабарламасына қоса берілген жағдайда ұсынылылмайды;
9) акционерлік қоғамның басқару органының кандидатқа қаржы ұйымында, банк холдингінде, сақтандыру холдингінде жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінен үзінді көшірменің электрондық көшірмесі (егер кандидат акционерлік қоғамның атқарушы органының мүшесі болып табылатын жағдайда) - көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлға үшін.
10) кандидатты басшы лауазымға тағайындау (сайлау), ауыстыру туралы құжаттың электрондық көшірмесі (Қағидалардың 11-тармағының талаптарына сәйкес басшы қызметкерлер құрамының өзгергені туралы уәкілетті органды хабардар еткенге дейін кандидатты келісу туралы өтініш берілген жағдайда)
Уәкілетті орган мынадай:
Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасының жеке басын куәландыратын;
Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасында алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екенін растайтын құжаттарда көрсетілген мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Жаңадан құрылатын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің ашылатын филиалы үшін:
осы тармақта көрсетілген құжаттар көрсетілетін қызметті берушімен бұрын келісілмеген басшы қызметкерлер бойынша ұсынылады;
бұрын келісілген басшы қызметкерлер бойынша жаңартылған деректері бар осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген құжат ұсынылады.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

1) басшы қызметкер лауазымына кандидаттың Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-4-бабында, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында немесе Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) тестілеудің теріс нәтижесі;
Тестілеудің теріс нәтижелері:
басшы қызметкер лауазымына кандидатты тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптардың жетпіс пайызынан аз болады;
басшы қызметкер лауазымына кандидаттың уәкілетті орган айқындаған тестілеу тәртібін бұзуы;
уәкілетті органның басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісу мерзімі аяқталғанға дейін белгіленген уақытта тестілеуге келмеуі;
3) Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-4-бабының 6-тармағында және Қағидаларда белгіленген мерзім өткеннен кейін уәкілетті органның ескертулерін жоймау немесе уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған құжаттарды ұсыну;
4) кандидатты басшы қызметкер лауазымына тағайындаудың (сайлаудың) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің бұзылуы;
5) құжаттарды басшы қызметкер өз лауазымын уәкілетті органмен келіспей атқаратын, Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-4-бабының 6-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсыну;
6) уәкілетті органда басшы қызметкер лауазымына кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге әкеп соққан деп танылған іс-қимылдарды жасағаны туралы ақпараттың болуы.
Бұл талап аталған оқиғалардың қайсысының ерте басталуына қарай бір жыл бойы қолданылады:
уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына кандидаттың іс-қимылдарын бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тануы;
уәкілетті органның осындай іс-қимылдарды жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіру фактісін растайтын ақпарат алуы;
7) уәкілетті органда басшы қызметкер лауазымына кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған іс-әрекеттер жасағаны үшін уәкілетті орган қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабы бойынша әкімшілік жаза қолданылған қаржы ұйымының басшы қызметкері (оның міндеттерін атқарған тұлға) болғаны туралы ақпараттың болуы;
8) уәкілетті органда басшы қызметкер лауазымына кандидаттың қаржы ұйымының басшы қызметкері (оның міндетін атқарушы тұлға), іс-әрекеттері қаржы ұйымына және (немесе) мәмілеге қатысатын үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) залал келтіруге әкеп соққан қор биржасының трейдері болғаны туралы ақпараттың болуы;
9) уәкілетті органда басшы қызметкер лауазымына кандидаттың құзыретіне осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген бұзушылықтарға әкеп соққан мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кірген қор биржасының трейдері болғаны туралы ақпараттың болуы.
Осы тармақтың 7), 8) және 9) тармақшаларында белгіленген талаптар аталған оқиғалардың ішіндегі ең ерте орын алған оқиғаның басталған күнінен бастап бір жыл бойы қолданылады:
уәкілетті органның қаржы ұйымының іс-қимылдарын бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тануы;
уәкілетті органның басшы қызметкер лауазымына кандидаттың осындай іс-қимылдарды жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілуін растайтын ақпарат алуы.
Осы тармақтың 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген ақпаратқа уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан алған ақпарат та жатады.
10) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін (көрсетілетін қызметті алушылар – жеке тұлғалар үшін) талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
Порталда іркіліс не техникалық ақаулар анықталған жағдайда, Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет. Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.
Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, уәкілетті орган "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді. Мұндай жағдайда оператор көрсетілген мерзім ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған уәкілетті органмен бірге қол қояды.

  Қағидаларға
5-қосымша
  Нысан

Комиссияның кандидатты басшы қызметкер лауазымына (лауазымдарына) қарауы бойынша № ___ хаттама

      _______________________________________________________________

      (қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымына (лауазымдарына) кандидаттың тегі,

      аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      ______________________________________________________________

      (лауазымы (лауазымдары), қаржы нарығының секторы)

      ____ жылғы "___" _________

Комиссия Төрағасының тегі, аты әкесінің аты (ол бар болса)

Тестілеуге шақырмай келісу

Тестілеуге жіберу және тестілеу оң нәтижесі болған кезде келісу

Келісуден бас тарту







Комиссия мүшелерінің тегі, аты әкесінің аты (ол бар болса)









  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Басқармасының
2026 жылғы "___" ___________
№ ___ қаулысымен
бекітілген

Халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілігі бар кандидаттар үшін жұмыс өтілінің болуы бойынша ерекшеліктер және осындай сертификаттардың тізбесі

р/с №

Лауазымы

Халықаралық сертификаттардың тізбесі

"Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабының 3-тармағына сәйкес жұмыс өтілінің болуы бойынша ерекшеліктер*

1

Бас қаржы ұйымының атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) басшысы, басшысы үшін

(FRM (Financial Risk Manager) (ФРМ Файненшил риск менеджер) – Қаржы тәуекел-менеджері,
PRM (Professional Risk Manager) (ПРМ Профешинал риск-менеджер) – Кәсіби тәуекел-менеджер,
CFA (Chartered Financial Analyst) (СФА Чартеред файненшил аналист) – Сертификаты бар қаржы талдаушысы) және (немесе) ISO 31000
сериясының стандарты бойынша сертификат, ACCA - Дипломы бар сертификаты бар бухгалтер

Сертификаттардың бірі болған жағдайда кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде 1 (бір) жыл

2

Басқару органының басшысы үшін

Сертификаттардың бірі болған жағдайда кемінде 4 (төрт) жыл

3

Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының атқарушы органы басшысының орынбасары, мүшелері, басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалы басшысының орынбасары, сақтандыру брокерінің басшысы, оның орынбасары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшысы, оның орынбасары үшін

Сертификаттардың бірі болған жағдайда кемінде 2 (екі) жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде 1 (бір) жыл

4

Басқару органының мүшесі үшін

Сертификаттардың бірі болған жағдайда кемінде 1 (бір) жыл

5

Бас бухгалтер үшін

Сертификаттардың бірі болған жағдайда кемінде 2 (екі) жыл

6

Бас бухгалтердің орынбасары үшін

Сертификаттардың бірі болған жағдайда кемінде 1 (бір) жыл

      Ескертпе: *сертификат беру кезінде үміткерлердің кәсіби қызмет саласында жұмыс өтілінің болуы бойынша міндетті талаптар болған жағдайда.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Басқармасының
2026 жылғы 3 сәуірдегі
№ 42 қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 43 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20248 болып тіркелген).

      2. "Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын, Халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілікке ие кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы жөніндегі ерекшеліктерді және осындай сертификаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 28 қазандағы № 81 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30377 болып тіркелген).

      3. "Мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, өтініш берушінің (лицензиаттың), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 28 қазандағы № 79 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30383 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 43 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 28 қазандағы № 80 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30400 болып тіркелген).

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 23 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32495 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.

      6. "Мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, өтініш берушінің (лицензиаттың), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 28 қазандағы № 79 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 32 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32670 болып тіркелген).

      7. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету саласында банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 19 шілдедегі № 41 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34793 болып тіркелген) 2-тармағы.

      8. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 88 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35585 болып тіркелген) бекітілген Сақтандыру нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 2-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады