"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы түбіртек нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 373 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 10 наурыздағы № 166 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 12 наурызда № 38133 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы түбіртек нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 373 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9748 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы түбіртек нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 10 наурыздағы
№ 166 Бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 22 тамыздағы
№ 373 бұйрығымен бекітілген
  Нысан

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы түбіртек № _______

      _____________жылғы "____" _______ ____________________

      (берілген күні) (берілген орны)

      Оған қатысты іс қозғалған адам туралы мәліметтер:

      Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), (заңды тұлғаның атауы)

      _____________________________________________________________

      Тұрғылықты жері (заңды мекенжайы)_____________________________

      ЖСН*_________________________________БЖН*__________________

      Бенефициар (мемлекеттік кірістер органы):________________________

      Бенефициар БЖН*______________________________________________

      Бенефициар Банкі: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік

      қазынашылық комитеті

      ЖСК* KZ24070105KSN0000000 Бенефициар Банктің БСК* KKMFKZ2A

БСК*

ТМК*

Сома сандармен елу пайыз мөлшерінде (толық жазылуы тиіс)




      Төлем мақсаты:

      №____ериялы әкімшілік кұқық бұзушылық туралы хаттама бойынша әкімшілік

      айыппұл

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті орган

      _______________________________________________________________

      Хаттаманы толтырған және түбіртекті берген адамның лауазымы, тегі және аты-жөні

      ____________________________________________________________

      Айыппұлды төлеу мерзімі ______ жылғы "___" _______ дейін (қоса алғанда)

      Құқық бұзушының қолы (заңды тұлға өкілі)_______________________

      -------------------------------------------------------------------------------------------------------

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы түбіртектің түбірі №_______

      __________ жылғы "__" ______ ______________ (берілген күні) (берілген орны)

      Хаттаманы толтырған және түбіртекті берген адамның лауазымы, тегі және аты-жөні

      ________________________________________________________

      Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), (заңды тұлғаның атауы)__________

      Тұрғылықты жері (заңды мекенжайы)_____________________________

      Жеке басты куәландыратын құжат (мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні):_______

      (құжат атауы, сериясы, нөмірі, берілген күні, кім берген)

      ЖСН*____________________________БЖН*___________________________

      Бенефициар (мемлекеттік кірістер органы):_____________________________

      Бенефициар БЖН*__________________________________________________

      Бенефициар Банкі: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Казынашылық

      комитеті

      ЖСК* KZ24070105KSN0000000 Бенефициар Банкі БСК* KKMFKZ2А

БСК*

ТМК*

Сома сандармен елу пайыз мөлшерінде (толық жазылуы тиіс)




      Айыппұлды төлеу мерзімі _____ жылғы "_____"_______ дейін (қоса алғанда).

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 811-бабының (бұдан әрі – ӘҚБтК) 810 және 811-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізудің негіздемесі мен тәртібі маған түсіндірілді, түбіртекті алдым

      __________________________________________________________________

      (құқық бұзушының қолы)

      __________________________________________________________________

      (хаттаманы толтырған және түбіртекті берген адамның қолы)

Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы түбіртек №________

      _____________жылғы "____" _______ (берілген күні)

      Оған қатысты іс қозғалған адам туралы мәліметтер:

      Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), (заңды тұлғаның атауы)___________

      Тұрғылықты жері (заңды мекенжайы)____________________________

      ЖСН*_____________________________БЖН* __________________________

      Бенефициар (мемлекеттік кірістер органы):______________________________

      Бенефициар БЖН*__________________________________________________

      Бенефициар Банкі: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік

      қазынашылық комитеті

      ЖСК* KZ24070105KSN0000000 Бенефициар Банкі БСК* KKMFKZ2A

БСК*

ТМК*

Сома сандармен елу пайыз мөлшерінде (толық жазылуы тиіс)




      Төлем мақсаты:

      №_________айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама бойынша әкімшілік айыппұл

      Нұсқаманы ресімдеген органның атауы___________________________

      ӘҚБтК 811-бабының бірінші бөлігіне сәйкес егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс iстейтiн сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тiркелген жағдайда, тұлға белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы тиісінше жеткізген сәттен бастап көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшеріндегі айыппұлды жеті тәулік ішінде төлеу құқығы бар.

      ----------------------------------------------------------------------------------------------------

Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы түбіртектің түбірі №_______

      _____________жылғы "____" _______ (берілген күні)

      Нұсқаманы ресімдеген органның атауы____________________________

      Оған қатысты іс ресімделген адам туралы мәліметтер:

      Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), (заңды тұлғаның атауы)____________

      Тұрғылықты жері (заңды мекенжайы)_____________________________

      Жеке басты куәландыратын құжат (мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні):

      ______________________________________________________________

      (құжат атауы, сериясы, нөмірі, берілген күні, кім берген)

      ЖСН*______________________________ БЖН*_________________________

      Бенефициар (мемлекеттік кірістер органы)______________________________

      Бенефициар БЖН*__________________________________________________

      Бенефициар Банкі: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік

      қазынашылық комитеті

      ЖСК KZ24070105KSN0000000 Бенефициар Банкінің БСК* KKMFKZ2A

БСК*

ТМК*

Сома сандармен елу пайыз мөлшерінде (толық жазылуы тиіс)




      ӘҚБтК 811-бабының бірінші бөлігіне сәйкес егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс iстейтiн сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тiркелген жағдайда, тұлға белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы тиісінше жеткізген сәттен бастап көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшеріндегі айыппұлды жеті тәулік ішінде төлеу құқығы бар.

      ӘҚБтК 811-бабының екінші бөлігіне сәйкес айыппұлды көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде жеті тәулік ішінде төлеген жағдайда іс мәні бойынша қаралды, шешім заңды күшіне енді, ал адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды деп есептеледі.

      ӘҚБтК 47-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, 42-тараудың қағидалары бойынша қаралған іс қайта қаралуға жатпайды.

      Сондай-ақ, ӘҚБтК 811-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құқық пайдаланылмаған немесе тиісінше пайдаланылмаған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.

      Әкімшілік айыппұл төленбеген жағдайда, борышкерге қатысты "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәжбүрлеп орындау шаралары қолданылады.

      Әкімшілік айыппұлды төлемей Қазақстан Республикасынан шығып кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салу туралы шаралар қабылданады.

      *Ескертпе:

      ТМК – төлем мақсатының коды

      БСК – банктік сәйкестендіру коды

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды

      БСК – бюджет сыныптамасының коды

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі

      БСН – бизнес - сәйкестендiру нөмiрі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады