Ескерту. ҚР 1997.06.19 № 134 заңымен енгiзiлген толықтырулар мен өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне кiредi.
Ескерту. Актінің нысаны өзгерді, кiрiспе алып тасталды, бүкiл мәтiн бойынша "Жарлықтан", "Жарлықта", "Жарлық", "Жарлықтың", "жарлықтың" деген сөздер тиiсiнше "Заңнан", "Заңда" "Заң", "Заңның" деген сөздермен, "шетел азаматтарының", "шетел азаматтары", "Шетел азаматтарының", "шетелдiк азаматтың", "шетелдiк азаматтар", "шетел азаматтарына", "шетел азаматына", "Шетел азаматтары", "шетелдiк азаматтардың", "шетел азаматтарын", "Шетел азаматының", "Шетел азаматы" деген сөздер тиiсiнше "шетелдiктердiң", "шетелдiктер", "Шетелдiктердiң", "шетелдiктiң", "шетелдiктерге", "шетелдiкке", "Шетелдiктер", "шетелдiктердi" "Шетелдiктiң", "Шетелдiк" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2007.01.12 № 227 Заңымен.
Ескерту. Заңның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 24.06.2026 № 326-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "шетелдіктер", "шетелдіктердің", "шетелдіктерді", "шетелдіктерден", "Шетелдіктердің", "Шетелдіктің", "шетелдікке", "Шетелдік", "шетелдікті" деген сөздер тиісінше "шетел азаматтары", "шетел азаматтарының", "шетел азаматтарын", "шетел азаматтарынан", "Шетел азаматтарының", "Шетел азаматының", "шетел азаматына", "Шетел азаматы", "шетел азаматын" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 24.06.2026 № 326-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
I бөлiм. Жалпы ережелер
1-бап Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңдар
Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және соған сәйкес шетел азаматтарының негізгі құқықтары мен міндеттерін, олардың Қазақстан Республикасына келуінің, аумағында болуының, жүріп-тұруының және Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заңнама осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен де анықтала алады.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12 № 227; 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.2-бап Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар
Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзінің басқа мемлекеттік азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі бар адамдар Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары болып танылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзінің басқа мемлекеттің азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар болып танылады.
3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеті мен қағидаттары
1. Қазақстан Республикасында шетел азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
2. Қазақстан Республикасында шетел азаматтарының құқықтық мәртебесін айқындау осы Заңның негізгі міндеті болып табылады.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары:
1) егер Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында шетел азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады;
2) Қазақстан Республикасында шетел азаматтары өздерінің шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қарамастан немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша заң мен сот алдында тең болады;
3) шетел азаматтарының өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылысқа қол сұқпауға, қоғамдық тәртіпке, имандылыққа және халықтың денсаулығына нұқсан келтірмеуге тиіс.
Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.4-бап Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және уақытша жүрген шетелдiктер
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған шетел азаматтары Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушылар деп танылады.
Этникалық қазақтарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды , сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарды және олардың бірге немесе бөлек келген отбасы мүшелерін, тізбесін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сұранысқа ие кәсіптері бар шетел азаматтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудің міндетті шарты мұндай рұқсатты алуға үміткер адамның Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлерде өзінің төлем қабілеттілігін растауы болып табылады.
Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген шетел азаматтарынан басқа, Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша жәбірленуші, куә, қорғалуға құқығы бар куә, күдікті, айыпталушы немесе сотталушы деп танылған шетел азаматтары қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасында уақытша болатындар деп есептеледі.
Қандастардың оңайлатылған тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға және Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануға бір мезгілде құжаттар тапсыруға құқығы бар.
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.01.12 № 227; өзгерістер енгізілді - ҚР 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 13.05.2020 № 327-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 26.12.2022 № 168-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.4-1-бап. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды сәйкестендіру және (немесе) аутентификациялау
Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына сәйкес міндетті түрде сәйкестендірілуге және (немесе) аутентификациялануға тиіс.
Ескерту. 4-1-баппен толықтырылды – ҚР 24.06.2026 № 326-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.5-бап Баспана беру
Қазақстан Республикасы адам құқықтары бұзылуының құрбандары болған шетелдіктерге баспана құқығын береді.
Саяси баспана беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының Президенті шешеді.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.01.12 № 227 Заңымен.II бөлiм. Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң негiзгi құқықтары, бостандықтары және мiндеттерi
6-бап Еңбек қызметi және демалыс
Шетелдіктер Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттары белгілеген негіз бен тәртіпте Қазақстан Республикасында еңбек қызметімен шұғылдана алады. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек ету бостандығына конституциялық құқығын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында заң актілерімен шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы жөніндегі шектеулер белгіленуі мүмкін.
Шетелдіктер жекелеген қызмет орындарына тағайындала алмайды немесе еңбек қызметінің белгілі бір түрімен, егер бұл қызмет орындарына тағайындау немесе осындай қызмет түрімен шұғылдану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығына байланысты болса, шұғылдана алмайды.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары еңбек қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей құқықтарды пайдаланады және сол сияқты міндеткерлікте болады.
Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетел азаматтары жеке кәсіпкерлік субъектілері бола алады. Бұл ретте заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасында жүрген шетел азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтарымен ортақ негіздерде демалыс алуға құқылы.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.03.16 № 164, 2007.01.12 № 227; 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.7-бап Денсаулық сақтау
Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, ерікті медициналық сақтандыру полисі болған кезде көрсетіледі.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).8-бап. Әлеуметтік қамсыздандыру
Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетел азаматтарының әлеуметтік, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерінде Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты құқықтары болады және міндеттер алады.
Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.9-бап Тұрғын үй құқығы, өзге де мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар
Егер Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтарының тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты құқықтары болады және міндеттерге жауапты болады.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары жеке меншік құқығында тұрғын үйге (уақытша жүрген шетел азаматтарын қоспағанда) және басқа мүлікке, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларының, ашылған жаңалықтың, өнертабыстың, рационализаторлық ұсыныстың, өнеркәсіптік үлгінің авторлық құқығына, сондай-ақ Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзге де мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие бола алады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары өздерінің мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей пайдаланады.
Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында белгіленген негіздер мен тәртіпте мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды пайдалануға құқылы.
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.03.01 № 160; 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.10-бап Білім алу
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алуына, егер олар осындай деңгейдегі әрбір білімді бірінші рет алып тұрса, құқық беріледі.
Шетел азаматтарының мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуына құқық Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
Білім беру ұйымдарына қабылданған шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтарына ие болады және міндеттерін мойнына алады.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.11-бап Мәдениет жетiстiктерiн пайдалану
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей мәдениет жетістіктерін пайдалануға құқылы. Олар тарих және мәдениет ескерткіштеріне, басқа мәдени құндылықтарға ұқыпты қарауға міндетті.
12-бап Қоғамдық бiрлестiктерге қатысу
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары саяси мақсаттарды көздейтін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден басқа қоғамдық бірлестіктерге, егер бұл олардың жарғыларына (ережелеріне) қайшы келмейтін болса, кіруге құқылы.
13-бап Ар-ождан бостандығы
Қазақстан Республикасында жүрген шетелдіктерге Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей ар-ождан бостандығына кепілдік беріледі.
Діни нанымға байланысты дұшпандық пен өшпенділікті өршітуге тыйым салынады.
14-бап Некелiк және отбасылық қатынастар
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтарымен және басқа адамдармен некеге тұрып және оны бұза алады, Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей некелік және отбасылық қатынастардағы құқықтарды пайдаланады және міндеткерлікте болады.
15-бап Тұрғын үйге, жеке басының ары мен намысына тиiспеушiлiк
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктерге тұрғын үйіне, жеке басының ары мен намысына тиіспеуге кепілдік беріледі.
16-бап Қазақстан Республикасының аумағында жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау
Шетелдіктер Қазақстан Республикасының шетел азаматтарының болуына рұқсат етілген аумағында еркін жүріп-тұра алады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпке сәйкес тұрғылықты жер таңдай алады. Жүріп-тұрудағы және тұрғылықты жер таңдаудағы шектеулер, бұл мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, халықтың денсаулығы мен адамгершілігін сақтау, Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болғанда Қазақстан Республикасының бұған уәкілеттік берілген органдарының актілерімен белгіленеді.
17-бап Салықтар мен алымдар
Егер Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасындағы шетелдіктерге Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей негізде салықтар мен алымдар салынады.
18-бап Шетелдіктердің құқықтарын қорғау
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының өздеріне тиесілі мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды қорғау үшін сотқа, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге және өзге де мемлекеттік органдарға жүгінуге құқығы бар.
Шетелдіктер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделгеннен басқа жағдайларда, сотта Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей процессуалдық құқықтарды пайдаланады.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2021 № 91-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.19-бап Сайлау құқығындағы шектеулер
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары өкілді және басқа сайланбалы мемлекеттік органдарға және қызметке сайлай да, сайлана да алмайды, сондай-ақ республикалық референдумдарға қатыса алмайды.
20-бап Әскери мiндеттiлiкке қатыстылығы
Әскери міндеттілік Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге қолданылмайды.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.01.12 № 227 Заңымен. III бөлiм. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуi
және Қазақстан Республикасынан кетуi
21-бап Қазақстан Республикасына келудiң, Қазақстан Республикасынан кетудiң, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өтудiң ережелерiн белгiлеу
Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуінің, олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүріп өтуінің қағидалары осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).22-бап Қазақстан Республикасына келу
Егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен келісімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртіп белгілемесе, шетел азаматтары жарамды шетелдік паспорттар немесе оны алмастыратын құжаттар бойынша Қазақстан Республикасының келу визалары болған кезде Қазақстан Республикасына келе алады.
Шетел азаматының Қазақстан Республикасына келуіне:
1) ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіп пен халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мүддесі үшін;
2) егер оның іс-әрекеті конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталса;
3) егер ол Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы шықса, оның аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;
4) егер ол ұлтаралық, конфессияаралық және діни араздықты қоздырса;
5) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса;
6) егер Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында оның экстремистік немесе террористік әрекетке қатыстылығы немесе Қазақстан Республикасында экстремистік немесе террористік деп танылған ұйымға қатыстылығы туралы мәліметтер болса;
6-1) сот оның әрекеттерінде қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауіпті қайталануы бар деп таныған жағдайда;
7) егер ол Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін өзіне қолданылған әкімшілік жазаны атқармаған болса;
7-1) егер ол Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін өзіне тағайындалған жазаны атқармаған немесе өтемеген болса;
7-2) егер ол ұйымдасқан топта (қылмыстық ұйымда) топбастаушы жағдайына ие болса;
7-3) егер ол Қазақстан Республикасының аумағында ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған болса және Қазақстан Республикасы ратификациялаған, сотталған адамдарды беру туралы халықаралық шарттарға сәйкес не Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының шет мемлекеттің құзыретті органдарымен және лауазымды адамдарымен өзара келісім қағидаты негізінде қол жеткізген келісімге сәйкес өзінің азаматтығы тиесілі мемлекетке берілген болса;
8) егер жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде ол мұндай декларацияны табыс етпесе;
9) егер ол, этникалық қазақтарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында болу және одан кету үшін қажетті қаражатының бар екендігі туралы растауды ұсынбаса;
10) егер ол келу туралы өтінішхат жолдаған кезде өзі жөнінде жалған мәліметтер хабарлаған болса немесе қажетті құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде табыс етпесе;
11) онда Қазақстан Республикасына келу үшін қарсы айғақтар болып табылатын аурулары болған кезде;
12) егер ол бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса;
13) егер ол бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса;
14) егер ол кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаса, тыйым салынады.
Ұлттық қауіпсіздік органдары шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға олардың Қазақстан Республикасына және шетел азаматтары баруға болмайтын жекелеген жерлерге (аумақтарға) келуіне келісім беруден бас тартуға негіз болған себепті түсіндірмеуге құқылы.
Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілген, реадмиссия тәртібімен қайтарылған шетел азаматтарының шығарып жіберу туралы сот шешімі орындалған, реадмиссия тәртібімен кеткен күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салынады.
Қабылдаушы тұлғалардың шетел азаматтарын Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде қабылдаушы тұлғалар өздерінде болатын көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабарламағаны, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттар ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін екі және одан да көп рет жауаптылыққа тартылған болса, қаралмайды.
Келу визаларын немесе оларға сәйкес келетін басқа да құжаттарды Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері және консулдық мекемелері немесе жекелеген жағдайларда бұған арнайы уәкілдік берілген Қазақстан Республикасының өкілдері береді.
Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, қабылдаушы тұлғалардың шақырулары немесе Қазақстан Республикасының бұған уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарының рұқсаты виза беру үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 03.11.2014 № 244-V (02.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.23-бап Қазақстан Республикасынан кету
Шетелдіктер қолданыстағы шетелдік паспорттар немесе Қазақстан Республикасының бұған уәкілдік алған мемлекеттік органдары берген кету визалары болған жағдайда сол паспорттарды алмастыратын құжаттар бойынша, егер тиісті елмен жасалған келісімде өзгеше тәртіп белгіленбесе немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртіп белгілемесе, Қазақстан Республикасынан кетеді.
Қазақстан Республикасынан кету шетел азаматына мына жағдайларда:
а) егер оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін негіздер болса - істі жүргізу аяқталғанға дейін;
б) егер ол қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталған болса, оған пробациялық бақылау белгіленген немесе оған жазаны орындауды кейінге қалдыру қолданылған болса - оны сот шешімінің негізінде шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, жазаны өтеп болғанға немесе жазадан босатылғанға, пробациялық бақылаудың мерзімі аяқталғанға, жазаны орындауды кейінге қалдыру мерзімі аяқталғанға дейін;
в) егер ол өзіне сот жүктеген міндеттемелерді орындаудан жалтаратын болса - міндеттемелер орындалғанға дейін рұқсат етілмейді.
г) Алынып тасталды - ҚР 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
Шетел азаматының Қазақстан Республикасынан кетуі ол Қазақстан Республикасы азаматтарының, басқа жеке және заңды тұлғалардың елеулі мүдделерімен байланысты мүліктік міндеттемелерді орындағанға дейін кейінге қалдырылуы мүмкін.
Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.24-бап Транзиттiк жүрiп өту
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүріп өтуші шетел азаматтары белгіленген маршрут бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне транзиттік жүріп өту ережелерін сақтай отырып барады және Қазақстан Республикасының бұған уәкілдік алған мемлекеттік органдары берген рұқсат болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында тек Қазақстанның транзиттік визаларында көрсетілген мекендерде ғана аялдай алады.
Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.IV бөлiм. Шетелдіктердің жауаптылығы. Болу мерзiмiн қысқарту. Шығарып жіберу
Ескерту. IV-бөлімнің тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
25-бап Құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық негіздері
Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық, әкімшілік немесе өзге де құқық бұзушылықтар жасаған шетел азаматтары, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей негіздерде жауаптылыққа жатады.
Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).26-бап Қазақстан Республикасында болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өту ережелерiн бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған, жарамсыз құжаттар бойынша тұрып жатқан, өздеріне белгіленген болу мерзімі өткеннен соң кетуден жалтарған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүріп өту ережелерін орындамаған шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүріп өту ережелерін өрескел бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырады.
Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.27-бап Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн қысқарту
Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұзған шетел азаматына оның Қазақстан Республикасында болу жөнінде белгіленген мерзімі қысқартылуы мүмкін. Шетел азаматының Қазақстан Республикасында болу мерзімі одан әрі болуы үшін негіздері қалмаған жағдайларда да қысқартылуы мүмкін.
Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.01.12 № 227 Заңымен.28-бап Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге шығарып жiберу
Ескерту. 28-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Шетел азаматы мына жағдайларда:
а) егер оның іс-әрекеті мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету немесе қоғамдық тәртіпті қорғау мүдделеріне қайшы келетін болса;
б) егер бұл халықтың денсаулығы мен адамгершілік қасиетін сақтау, Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса;
в) егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзса;
г) егер Қазақстан Республикасының азаматымен некеге тұруы оны Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру үшін негіз болып табылып, заң актілерімен белгіленген тәртіппен неке заңсыз деп танылған жағдайда Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығарып жіберілуі мүмкін.
Шығарып жіберу туралы шешімді сот қабылдайды. Шетел азаматы осы шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы сот шешімін орындау шығарып жіберілетін адамның бақыланатын өз бетінше шығуы немесе адамды Қазақстан Республикасынан мәжбүрлеп шығарып жіберу арқылы жүргізіледі. Егер өзіне қатысты шығарып жіберу туралы шешім қабылданған адам шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпесе, ол соттың санкциясымен жүріп-тұру еркіндігі алдын ала шектелуге және мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жатады. Мұндай адамның жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу бұл ретте оны Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберуді ұйымдастыру үшін қажетті, бірақ отыз тәуліктен аспайтын мерзімге жол беріледі. Мұндай адамды ұстау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде жүргізіледі.
Мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу туралы сот шешімін орындауды жүзеге асыратын ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды аумағына аталған адам шығарып жіберілетін шет мемлекет билігінің өкіліне ресми түрде беру үшін шығарып жіберілетін шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне береді.
Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберілетін адам Қазақстан Республикасының шегінен бақылау жасала отырып, өз бетімен кеткенге немесе мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жібергенге дейін дактилоскопиялық тіркеуден өтуге міндетті.
Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.03.16 № 164, 2001.11.10 № 255, 2007.0112. № 227, 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.16 № 71-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 385-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.V бөлiм. Қорытынды ережелер
29-бап Осы Заңның азаматтығы жоқ адамдар жөнiнде қолданылуы
Осы Заңның ережелері, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгіленбеген болса, азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
30-бап Осы Заңның қолданылу аясын шектеу
Осы Заңның ережелері шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің басшылары мен қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген артықшылықтары мен иммунитеттерін қозғамайды.
31-бап Осы Заңның күшiне ену тәртiбi
Осы Заң жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Заңның 28-бабы төртінші бөлігінің қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2021 № 58-VII (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
|
Қазақстан Республикасының Президентi |
