ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18639 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және фильмге прокаттау куәлігін беру тәртібін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) айқындайды.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкімет" веб-порталдары арқылы (бұдан әрі – Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда прокаттау куәлігін алу үшін өтінішпен (бұдан әрі – өтініш) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Фильмге прокаттау куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында (бұдан әрі – Тізбесі) көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде мазмұндалған.
Кинематография саласындағы уәкілетті орган Бірыңғай байланыс орталығына, "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілеріне көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы және осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты тиісті нормативтік құқықтық актінің әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.";
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың цифрлық ресурстар болып табылатын мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден – "цифрлық үкімет" шлюзы арқылы алады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес қамтамасыз етеді.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық:
1) 2026 жылғы 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын;
2) 2026 жылғы 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он алтыншы абзацын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы |
К. Искаков |
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Өтініш
Сізден__________________фильміне прокаттау куәлігін беруді сұраймын.
(фильмнің атауы)
БСН/ЖСН:(автоматты түрде)_______________________________________
Мекен жайы: Пошталық индексі:____________________________________
Ел/облыс/аудан/елді мекен:_________________________________________
Көше атауы:_____________________________________________________
Үй/ғимарат нөмірі:________________________________________________
Үй индексі:______________________________________________________
Пәтердің/кеңсенің нөмірі:__________________________________________
Телефон нөмірлері:________________________________________________
Электрондық мекен-жайы (e-maіl):__________________________________
Фильм туралы мәлімет
Фильмнің атауы: _________________________________________________
Өндіруші ел: _____________________________________________________
Өндіруші студия: ________________________________________________
Шығарылған жылы: ______________________________________________
Фильм пішімі: ___________________________________________________
Фильмнің хронометражы: _________________________________________
Сценарий авторы (лар): ___________________________________________
Қоюшы режиссер (лар): ___________________________________________
Қоюшы оператор(лар):____________________________________________
Қоюшы суретші (лар):
Музыкалық шығарманың авторы: ___________________________________
Продюсер(лар): __________________________________________________
Фильм серияларының саны: ________________________________________
Фильмнің жанры: _________________________________________________
Фильм тілі: ______________________________________________________
Дубляж немесе субтитр, не кадр сыртындағы аударманың болуы (прокатталуы шектеулі фильмдерді, прокатталуы және көрсетілуі телеарналарда жүзеге асырылатын фильмдерді қоспағанда): ______________________________
Фильмнің түрі: __________________________________________________
Фильмді пайдалану құқығы _____________ аумағында ___________тиесілі
Фильмді пайдалану құқығының санаты: ______________________________
Фильмді пайдалану құқықтарының қолданылу мерзімі: _______дейін:____
Жас санаты белгісі:_______________________________________________
________________________________________________________________
(заңды тұлға үшін - бизнес-сәйкестендіру нөмірі; жеке тұлға үшін-жеке сәйкестендіру нөмірі)
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 25 ақпандағы № 81-НҚ Бұйрығына 2-қосымша |
|
| Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларына 2–қосымша |