"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 25.02.2026 № 81-НҚ (12.03.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Мұхамедиұлы |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, қорғаныс
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 3 мамырдағы №125 бұйрығымен бекітілген |
Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 08.06.2026 № 273-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және фильмге прокаттау куәлігін беру тәртібін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) айқындайды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
3. Фильмнің прокаттау куәлігі (бұдан әрі – прокаттау куәлігі) - фильм туралы техникалық мәліметтер, фильмнің жасаушылары, жас санаты мен жанры туралы ақпарат көрсетілетін жеке немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында фильмді тарату құқығын куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 08.06.2026 № 273-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталдары арқылы (бұдан әрі – Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда прокаттау куәлігін алу үшін өтінішпен (бұдан әрі – өтініш) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Фильмге прокаттау куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында (бұдан әрі – Тізбесі) көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде мазмұндалған.
Көрсетілетін қызметті беруші Бірыңғай байланыс орталығына, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілерге көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы және осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты тиісті нормативтік құқықтық актінің әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беруді келесі жұмыс күні жүзеге асырады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 08.06.2026 № 273-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінішті тіркеген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден – "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері құжаттарды тіркеген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кинематография саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жібереді.
Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-ның 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылықты береді немесе білдіреді.
Тыңдау хаттамасы ҚР ӘРПК-ның 74-бабына сәйкес рәсімделеді.
Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші фильмге прокаттау куәлігін не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер Тізбенің 10-тармағында көрсетілген.
8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды.
9. Егер Тізбенің 9-тармағының 3) тармақшасына сәйкес фильмнің ұсынылған аннотациясынан Тізбенің 10-тармағының 3) тармақшасында көзделген белгілерді анықтау, сондай-ақ фильмнің жас санатын айқындау мүмкін болмаса, уәкілетті орган прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу мақсатында фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасын ұсынылған құжаттар қаралған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні өткен соң сұратады.
Көрсетілетін қызметті берушіден фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасын ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама алғаннан кейін өтініш беруші хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге фильмнің прокаттау нұсқасын ұсынады.
Хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасы ұсынылмаған жағдайда өтініш беруші фильмге прокаттау куәлігін беруден уәжді бас тартады.
Көрсетілетін қызметті беруші прокатқа дейінгі сараптама жүргізу үшін фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасын уәкілетті орган айқындайтын ұйымның жанынан құрылатын, мемлекеттік органдар өкілдерінен, сарапшылар мен мамандардан тұратын сараптама комиссиясына (бұдан әрі – Сараптама комиссиясы) фильмнің прокаттау нұсқасын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жібереді.
Сараптама комиссиясы фильмге прокаттауға дейінгі сараптама жүргізеді және фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге хаттама жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші Сараптама комиссиясының хаттамасын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде фильмге прокаттау куәлігін беру жөнінде шешім қабылдайды.
10. Көрсетілетін қызметті беруші шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде www.elicense.kz порталында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастырады.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!12-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 08.06.2026 № 273-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес қамтамасыз етеді.
Телеарналарда фильмдердің прокатталуы және көрсетілуі Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
13. Фильм туралы, прокаттау куәлігін бұрын беруге негіз болған, оның ішінде фильмнің аннотациясы негізінде берілген ақпараттың анық болмау және (немесе) бұрмалану фактілері мониторинг барысында анықталған жағдайда уәкілетті орган прокаттау куәлігінің қолданысын тоқтата тұрады.
Прокаттау куәлігінің қолданылуы прокаттау куәлігінің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан себептерді жою үшін қажетті мерзімге, бірақ прокаттау куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы көрсетілетін қызметті берушіден хабарлама алғаннан кейін күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Прокаттау куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім оны берген тұлғаның не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен ресімделеді және уәкілетті орган мән-жайларды анықтаған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ресімделеді және қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Прокаттау куәлігінің қолданылуы прокаттау куәлігін алған жеке немесе заңды тұлға фильмнің түзетілген нұсқасын ұсына отырып, прокаттау куәлігінің қолданылуын бұрын тоқтата тұруға әкеп соққан мән-жайларды жою туралы жазбаша өтініші тіркелген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде прокаттау куәлігінің қолданылуын тоқтата тұрған тұлғаның не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен қайта жаңартылады.
Прокаттау куәлігін тоқтата тұру үшін бұрын негіз болған мән-жайлар жойылмаған жағдайда, дау туындаған кезде уәкілетті орган прокаттау куәлігін сот тәртібімен қайтарып алады.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әкімшілік органға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарастыратын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды Уәкілетті органға жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға ҚР ӘРПК-ның 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Өтініш
Сізден ______________________ фильміне прокаттау куәлігін беруді
сұраймын. (фильмнің атауы)
БСН/ЖСН: (автоматты түрде) __________________________________
Мекен жайы _________________________________________________
Пошталық индексі: ___________________________________________
Ел/облыс/аудан/елді мекен: ____________________________________
Көше атауы: _________________________________________________
Үй/ғимарат нөмірі: ___________________________________________
Үй индексі: _________________________________________________
Пәтердің/кеңсенің нөмірі: _____________________________________
Телефон нөмірлері: __________________________________________
Электрондық мекен-жайы (e-maіl): _____________________________
Фильм туралы мәлімет
Фильмнің атауы: _____________________________________________
Өндіруші ел: ________________________________________________
Өндіруші студия: ____________________________________________
Шығарылған жылы: __________________________________________
Фильм пішімі: _______________________________________________
Фильмнің хронометражы: _____________________________________
Сценарий авторы (лар): _______________________________________
Қоюшы режиссер (лар): _______________________________________
Қоюшы оператор(лар): ________________________________________
Қоюшы суретші (лар): _________________________________________
Музыкалық шығарманың авторы: _______________________________
Продюсер(лар): ______________________________________________
Фильм серияларының саны: ____________________________________
Фильмнің жанры: _________________________________________ ___
Фильм тілі: _________________________________________________
Дубляж немесе субтитр, не кадр сыртындағы аударманың болуы
(прокатталуы шектеулі фильмдерді, прокатталуы және көрсетілуі
телеарналарда жүзеге асырылатын фильмдерді қоспағанда): ___________
Фильмнің түрі: _______________________________________________
Фильмді пайдалану құқығы _____________ аумағында ______________ тиесілі
Фильмді пайдалану құқығының санаты: ___________________________
Фильмді пайдалану құқықтарының қолданылу мерзімі: ____ дейін: ____
Жас санаты белгісі: ____________________________________________
______________________________________________________________
(заңды тұлға үшін - бизнес-сәйкестендіру нөмірі; жеке тұлға үшін-жеке
сәйкестендіру нөмірі)
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер
көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
| Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларына 2-қосымша |
"Фильмге прокаттау куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | Жоқ |
ЗҚАИ-ның ескертпесі! | ||
3. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталдары www.egov.kz, www.elicense.kz |
4. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | 30 (отыз) жұмыс күні, ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда 2 (екі) жұмыс күні |
ЗҚАИ-ның ескертпесі! | ||
5. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесін ұсыну нысаны | Электронды (ішінара автоматтандырылған) |
6. | Мемлекеттiк қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесi | www.elicense.kz порталындағы фильмге прокаттау куәлігі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
7. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері | Тегін |
8. | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. |
ЗҚАИ-ның ескертпесі! | ||
9. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкіл) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі: |
10. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының анық емес (және) немесе бұрмаланған ақпарат беруі; |
11. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі жөніндегі ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. |
