"Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 8 маусымдағы № 273-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 10 маусымда № 38933 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18639 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қағидалардың 4, 6 және 12-тармақтары, Қағидаларға 2-қосымшаның 3, 5, 9-жолдары 2026 жылғы 12 шілдеден бастап мынадай редакцияда қолданылатындығы белгіленсін:

      "4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкімет" веб-порталдары арқылы (бұдан әрі – Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда прокаттау куәлігін алу үшін өтінішпен (бұдан әрі – өтініш) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Фильмге прокаттау куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында (бұдан әрі – Тізбесі) көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде мазмұндалған.

      Көрсетілетін қызметті беруші Бірыңғай байланыс орталығына, "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылым операторына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілерге көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы және осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты тиісті нормативтік құқықтық актінің әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.";

      "6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінішті тіркеген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мемлекеттік цифрлық ресурстар болып табылатын мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден – "цифрлық үкімет" шлюзы арқылы алады.";

      "12. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Телеарналарда фильмдердің прокатталуы және көрсетілуі Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      "

3.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) ұсыну тәсілдері

"Цифрлық үкіметтің" веб-порталдары www.egov.kz, www.elicense.kz

      ";

      "

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесін ұсыну нысаны

Электронды (ішінара цифрландырылған)

      ";

      "

9.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкіл) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (шет тіліндегі құжаттарға қазақ және (немесе) орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса беріледі);
3) жас санатын анықтау үшін бар барлық көріністерді сипаттай отырып, фильмнің мазмұны туралы ақпаратты қамтитын фильмнің аннотациясы.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мемлекеттік цифрлық ресурстар болып табылатын мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден – "цифрлық үкімет" шлюзы арқылы алады.

      ".

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
- Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      Келісілді
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Мәдениет
және ақпарат министрі
2026 жылғы 8 маусымдағы
№ 273-НҚ Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің 2019 жылғы
3 мамырдағы №125
бұйрығымен
бекітілген

Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және фильмге прокаттау куәлігін беру тәртібін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      3. Фильмнің прокаттау куәлігі (бұдан әрі – прокаттау куәлігі) - фильм туралы техникалық мәліметтер, фильмнің жасаушылары, жас санаты мен жанры туралы ақпарат көрсетілетін жеке немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында фильмді тарату құқығын куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталдары арқылы (бұдан әрі – Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда прокаттау куәлігін алу үшін өтінішпен (бұдан әрі – өтініш) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Фильмге прокаттау куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында (бұдан әрі – Тізбесі) көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде мазмұндалған.

      Көрсетілетін қызметті беруші Бірыңғай байланыс орталығына, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілерге көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы және осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты тиісті нормативтік құқықтық актінің әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беруді келесі жұмыс күні жүзеге асырады.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінішті тіркеген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден – "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері құжаттарды тіркеген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кинематография саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жібереді.

      Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-ның 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылықты береді немесе білдіреді.

      Тыңдау хаттамасы ҚР ӘРПК-ның 74-бабына сәйкес рәсімделеді.

      Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші фильмге прокаттау куәлігін не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер Тізбенің 10-тармағында көрсетілген.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды.

      9. Егер Тізбенің 9-тармағының 3) тармақшасына сәйкес фильмнің ұсынылған аннотациясынан Тізбенің 10-тармағының 3) тармақшасында көзделген белгілерді анықтау, сондай-ақ фильмнің жас санатын айқындау мүмкін болмаса, уәкілетті орган прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу мақсатында фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасын ұсынылған құжаттар қаралған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні өткен соң сұратады.

      Көрсетілетін қызметті берушіден фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасын ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама алғаннан кейін өтініш беруші хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге фильмнің прокаттау нұсқасын ұсынады.

      Хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасы ұсынылмаған жағдайда өтініш беруші фильмге прокаттау куәлігін беруден уәжді бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті беруші прокатқа дейінгі сараптама жүргізу үшін фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасын уәкілетті орган айқындайтын ұйымның жанынан құрылатын, мемлекеттік органдар өкілдерінен, сарапшылар мен мамандардан тұратын сараптама комиссиясына (бұдан әрі – Сараптама комиссиясы) фильмнің прокаттау нұсқасын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жібереді.

      Сараптама комиссиясы фильмге прокаттауға дейінгі сараптама жүргізеді және фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге хаттама жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші Сараптама комиссиясының хаттамасын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде фильмге прокаттау куәлігін беру жөнінде шешім қабылдайды.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде www.elicense.kz порталында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастырады.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес қамтамасыз етеді.

      Телеарналарда фильмдердің прокатталуы және көрсетілуі Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      13. Фильм туралы, прокаттау куәлігін бұрын беруге негіз болған, оның ішінде фильмнің аннотациясы негізінде берілген ақпараттың анық болмау және (немесе) бұрмалану фактілері мониторинг барысында анықталған жағдайда уәкілетті орган прокаттау куәлігінің қолданысын тоқтата тұрады.

      Прокаттау куәлігінің қолданылуы прокаттау куәлігінің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан себептерді жою үшін қажетті мерзімге, бірақ прокаттау куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы көрсетілетін қызметті берушіден хабарлама алғаннан кейін күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.

      Прокаттау куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім оны берген тұлғаның не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен ресімделеді және уәкілетті орган мән-жайларды анықтаған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ресімделеді және қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

      Прокаттау куәлігінің қолданылуы прокаттау куәлігін алған жеке немесе заңды тұлға фильмнің түзетілген нұсқасын ұсына отырып, прокаттау куәлігінің қолданылуын бұрын тоқтата тұруға әкеп соққан мән-жайларды жою туралы жазбаша өтініші тіркелген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде прокаттау куәлігінің қолданылуын тоқтата тұрған тұлғаның не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен қайта жаңартылады.

      Прокаттау куәлігін тоқтата тұру үшін бұрын негіз болған мән-жайлар жойылмаған жағдайда, дау туындаған кезде уәкілетті орган прокаттау куәлігін сот тәртібімен қайтарып алады.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әкімшілік органға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарастыратын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды Уәкілетті органға жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға ҚР ӘРПК-ның 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  Фильмге прокаттау куәлігін
беру қағидаларына
1-қосымша
нысан
__________________________
(фильмге прокаттау куәлігін
беретін органның толық атауы,
орган басшысының тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған
жағдайда) кімнен
_________________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
заңды тұлға басшысының тегі,
аты, жөні немесе жеке тұлғаның
тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)

Өтініш

      Сізден ______________________ фильміне прокаттау куәлігін беруді
сұраймын. (фильмнің атауы)
БСН/ЖСН: (автоматты түрде) __________________________________
Мекен жайы _________________________________________________
Пошталық индексі: ___________________________________________
Ел/облыс/аудан/елді мекен: ____________________________________
Көше атауы: _________________________________________________
Үй/ғимарат нөмірі: ___________________________________________
Үй индексі: _________________________________________________
Пәтердің/кеңсенің нөмірі: _____________________________________
Телефон нөмірлері: __________________________________________
Электрондық мекен-жайы (e-maіl): _____________________________
Фильм туралы мәлімет
Фильмнің атауы: _____________________________________________
Өндіруші ел: ________________________________________________
Өндіруші студия: ____________________________________________
Шығарылған жылы: __________________________________________
Фильм пішімі: _______________________________________________
Фильмнің хронометражы: _____________________________________
Сценарий авторы (лар): _______________________________________
Қоюшы режиссер (лар): _______________________________________
Қоюшы оператор(лар): ________________________________________
Қоюшы суретші (лар): _________________________________________
Музыкалық шығарманың авторы: _______________________________
Продюсер(лар): ______________________________________________
Фильм серияларының саны: ____________________________________
Фильмнің жанры: _________________________________________ ___
Фильм тілі: _________________________________________________
Дубляж немесе субтитр, не кадр сыртындағы аударманың болуы
(прокатталуы шектеулі фильмдерді, прокатталуы және көрсетілуі
телеарналарда жүзеге асырылатын фильмдерді қоспағанда): ___________
Фильмнің түрі: _______________________________________________
Фильмді пайдалану құқығы _____________ аумағында ______________ тиесілі
Фильмді пайдалану құқығының санаты: ___________________________
Фильмді пайдалану құқықтарының қолданылу мерзімі: ____ дейін: ____
Жас санаты белгісі: ____________________________________________
______________________________________________________________
(заңды тұлға үшін - бизнес-сәйкестендіру нөмірі; жеке тұлға үшін-жеке
сәйкестендіру нөмірі)
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер
көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

  Фильмге прокаттау куәлігін
беру қағидаларына
2-қосымша

"Фильмге прокаттау куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталдары www.egov.kz, www.elicense.kz

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

30 (отыз) жұмыс күні, ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда 2 (екі) жұмыс күні

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесін ұсыну нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)

6.

Мемлекеттiк қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесi

www.elicense.kz порталындағы фильмге прокаттау куәлігі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері

Тегін

8.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mam.gov.kz интернет-ресурсында, www.elicense.kz порталында орналастырылған.

9.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкіл) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (шет тіліндегі құжаттарға қазақ және (немесе) орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса беріледі);
3) жас санатын анықтау үшін барлық көріністерді сипаттай отырып, фильмнің мазмұны туралы ақпаратты қамтитын фильмнің аннотациясы.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден – "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

10.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының анық емес (және) немесе бұрмаланған ақпарат беруі;
2) көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көрсетілген құжаттар мен материалдарды ұсынбауы;
3) фильмнің мазмұны Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны, сондай-ақ порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталуы;
4) прокатталуы шектеулі фильмдерді қоспағанда, қазақ тілінде жасалмаған фильмге дубляж жасалмаған не субтитрленбеген не қазақ тіліне кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз етілмеуі;
5) Қазақстан Республикасында шығарылған фильмде қазақ тілімен қатар басқа да тілдер қолданылған жағдайда, оны прокаттауды және көрсетуді жүзеге асыру кезінде басқа тілдердегі мәтін қазақ тілінде субтитрмен не кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз етілмеуі;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
7) Көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасы ұсынылмаған жағдайда.

11.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі жөніндегі ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.mam.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген.
Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады